Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Араб көктемі» және оның Еуропалық Одақтың аймақтық стратегиясына ықпалы

2010 жылдың аяғында және 2011 жылдың басында Тунистегі революциядан бастау алған «араб көктемі» Еуропалық Одақ үшін күтпеген жерденболды.2010жылыжелтоқсанныңаяғында болған революциялық төңкерістің нәтижесінде Тунистегі Бен Али режимінің  құлауына  себеп болған елдегі, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық, жемқорлықтың жоғары деңгейде болуы, үкімет тарапынан оппозицияның басылып тасталуы сияқты мәселелер шамамен 350 миллион халықты құрайтын бүкіл аймақтағы араб елдеріндегі көтерілістердің өршуіне ықпалын тигізді. Бұл революциялық толқындар Египет, Йемен, Ливия, Сирияға жайылды. ЕО өз тарапынан бұл оқиғаларға уақтылы жауап бере алмауы оның бастапқы кезде-ақ нақты ұстаным қабылдай алмағандығынан көрінеді: көтеріліске шыққан халыққа қолдау көрсету ме әлде ресми билік өкілдерімен байланысты сақтап қалу ма? Осыған байланысты ЕО-тың әрекетсіздігіне өз ішінен сын айтылды. Алайда, бұндай жағдайда тез арада бір жақты ұстанымды қабылдау мүмкін еместігін, біріншіден, жағдайдың белгісіздігімен, екіншіден, консенсустық шешімге келудің қиындығымен сипаттауға болады.

2011 жылы бірқатар үкіметтік емес ұйымдар, олардың ішінде Адам құқықтары бойынша еуро-жерорталық желі, адам құқықтары бойынша халықаралық федерация, шекарасыз репортерлар Тунистегі оқиғалардың дамуына байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Олардың мәлімдемесінде ЕО бұл жағдайға қатысты өзінің тиісті жауабын қайтармады делінген және бұл ұйымды азаматтық тұрғындарға жасалған зорлық-зомбылықты әшкерелеуге шақырды. ЕО-тың ұстанымдылығы сынға алынды.

Еуропарламентте тунистік билік өкілдерінің әрекетін социалистер және «жасылдар» тобы қатаң сынға алды. Мысалы, Даниэль КонБендит ЕО-тың тунистік реакцияға жауап қайтаруға дайын еместігі жайлы өкінішін білдіріп, өзінің әріптестеріне қатысты біртұтас, жүйелі және нәтижелі сыртқы саясат жүргізе алмай отырғандығын көрсетті деп атап кеткен болатын [1].

2011 жылдың 31-ші қаңтарында ЕО-тың сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы өтті. Оңтүстік Жерортатеңізіндегі жағдайдың ушығуы мен қақтығыстардың күшеюін ескере отырып, күн тәртібінде басты назар аймақтық мәселеге аударылды. Билік ауысқаннан кейінгі Тунистегі жағдайды қарастыра келе, министрлер тунистік революцияның көрші елдерге, әсіресе Египетке тигизетін ықпалына көңіл  бөлді.  Сонымен  бірге,  олар  Тунис  және Египет бойынша қабылданып жатқан шешімдер болашақ аймақтық саясаттың координаттарын қалыптастыратындығын және бұл шешімдер еуропалық тәсілдің моделі ретінде қабылданатындығын түсінді. Египет бойынша министрлік талқылаулар барысында ЕО-тың аймақтағы саясаты және оның қатысуын, соның ішінде Еуропалық көршілестік саясатты (ЕКС) қайта қарастыру жөніндегі талқылаулар жүре бастады. Кэтрин Эштон Кеңестің күн тәртібіне ЕКС-ты талқылауды кіргізетінін тұжырымдады [2]. Брюссельдің Тунистегі ресми билікке қарсы халық көтерілісіне деген түсініксіз ұстанымы Тунис халқының өз құқықтары мен демократиялық ұмтылыстары үшін бейбіт күресуін мойындаумен өзгерді.

Кеңес өз қорытындыларында Тунистің демократиялық ұмтылыстарына ниеттес екендігін және оған тұрақты демократияны, заңның үстемдігін және демократиялық плюрализмді орнатуда қолдау көрсететіндігін растады. ЕО ауыспалы үкіметтің сәйкес шешімдеріне және оның өзіне алған міндеттеріне қолдау көрсететіндігін және олардың орындалуы керектігін білдірді.

Еуропарламенттегі сыни көңіл-күйлер ЕО-тың ішінде белсенді саяси лагердің күшеюіне алып келді. ЕО-тың жетекші бес елінің    көшбасшылары    (Германия,  Франция,Ұлыбритания, Италия және Испания) 4-ақпанда ЕО-тың саммиті қарсаңында Египетте жаңа үкіметті тез арада құруды бастау қажеттілігі айтылған бірлескен декларацияны жариялады. Нәтижесінде Еуропалық Кеңес(ЕК) осыбестіктің ізінше Египетті өтпелі үрдісті дереу бастауға шақырды, бірақ бұл сол кездегі басшылықтың кету керектігімен тікелей байланыстырылмады. Биліктің ауысу қажеттілігі жөніндегі жалпы түсінікке қарамастан, ГФР канцлері Ангела Меркельдің берген түсініктемесі бойынша ЕО Египеттің ішкі істеріне жататын мәселені шешуге ресми түрде араласа алмайды.

Ресейлік сарапшы Д. Даниловтың пікірінше Тунис және Египеттегі оқиғалар ЕО-тың үш қағидатты қорытындыға келуіне алып келді [3]. Біріншіден, еуропалық реакция оқиға барысынан қалып бара жатқандығы белгілі болды. Ал ОСҚС-ның жаңа механизмдері мен құралдары тиімсіз екендігін көрсетті. Екіншіден, бұл революциялық толқын Тунис және Египет территорияларында тоқтап қалмайтындығы анық болды. Ол аймақтың басқа мемлекеттерінде де орын алуы әбден мүмкін еді. Үшіншіден, ЕО-тың көршілестік және жерортатеңіздік саясатының сәтсіздікке ұшырағандығы түсінікті болды.

Бұл қорытындылардың қиылысуы ЕО-ты жаңа аймақтық стратегияны және тиісті тәсілдер мен құралдарды жасап шығару қажеттілігіне алып келді. Бұған түрткі болған негізгі себептерге аймақтағы қауіптің көлемділігін, оқиғалар динамикасыныңжәнеөзгерістердіңүдемелілігін, тұрақсыздықтың күшеюін  жатқызуға  бола-  ды. Бұған қоса тиімсіз тәсілдер мен ескірген құралдарды қолданудың мүмкін еместігі өз септігін тигізді. Жаңа аймақтық стратегияны жасап шығару тек қана саяси емес, сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қажеттіліктен шықты. Өйткені, ЕО мемлекеттерінің сәтсіздікке ұшыраған саясаттың мақсаттары мен құралдарына қаржы бөлуді жалғастыруға келісім берулері күмән тудырушы еді.

2011 жылдың ақпан айының басында ЕК жаңа аймақтық стратегияны жасап шығаруға бастама жасады. Араб-жерортатеңіздік аймағындағы өтпелі және трансформациялық үрдістерге қолдау жасауға бағытталған шаралар пакетін жасау К. Эштонға тапсырылды. Саммитте ЕО тарапынан көрсетілетін көмектің басымды бағыттары анықталды. Оларға демократиялық институттардың нығаюы, демократиялық басқаруды және әлеуметтік әділеттілікпен қамтамасыз ету, еркін және әділетті сайлауларды дайындау кірді.  ЕО-тың  жетекші елдері осы мақсаттарға сәйкес ЕКС-ты және гуманитарлық көмек көрсету үшін құралдарды бейімдеу керектігін мойындады. Қорытынды құжатта еуропалық елдер алғаш рет шарттылық қағидатын белгіледі. Бұл қағидат ЕО-тың әріптес-елдерге көрсететін көмек пен олар тарапынан жасалатын саяси және экономикалық реформалар өзара байланысты екендігін білдіреді. Бұл   қағидат   құжатта   былай   көрініс  тапқан:

«Еуропалық кеңес саяси және экономикалық реформалар бағытын  ұстанатын  елдерге  тиімді көмек көрсетуді өз ішіне қосатын жаңа әріптестікті құру жолын ұстанады» [4].

8-наурызда Еуропалық Комиссия және ЕО-тың сыртқы істер және қауіпсіздік  сая-  саты бойынша жоғары өкілінің аппараты тарапынан дайындалған араб мемлекеттерімен ынтымақтастықтың жетілдірілген концепциясы көрсетілген ЕО-тың алғашқы ресми құжаты жарық көрді. Ол «Демократия және бірлесіп өркендеу үшін Оңтүстік Жерортатеңізімен әріптестік» деп аталды [5]. Бұл құжатты журналисттерге таныстыру барысында Баррозу былай мәлімдеді: «ЕО біздің көршілерімізбен қатынастарда алға сапалы серпіліс жасау керек. Олар саяси және экономикалық реформалар жолымен жүруді қалап отыр және қабілетті» [6]. Ұсынылған концепцияны толығымен  жаңа  деуге  болмайды,   өйткені   ол өзгермейтін негізгі құндылықтарға және еуропалық басымдылықтарға негізделген ЕО саясатының бірізділігін  көрсетеді.  Құжатта  ЕО аймақтағы өзгерістерді және осыған байланысты жаңа мүмкіндіктерді ескеретін өзінің бағытының жаңартылғандығын мәлімдейді. Оған жедел және ортамерзімді сипаттағы  нақты шаралар кірген. Басымды мақсаттардың бірі ретінде аймақтағы  демократияны  дамы-  ту болғандықтан, жаңа стратегияның бірінші элементі демократиялық трансформацияға және демократиялық институттардың қалыптасуына қолдау көрсету болып табылады. Бұл қолдау бостандық, конституциялық және құқықтық реформалар және жемқорлықпен күресуге басты назар аударады.  Екінші  негізгі  эле-  мент әріптестікті халықтар арасындағы өзара әрекеттестікті, әсіресе азаматтық қоғамға қолдау көрсету түрінде мемлекеттік шеңберден шығару болып табылады. Концепцияда бірқатар араб мемлекеттеріндегі толқулар экономикалық мәселелермен, ұлттық байлықты бөлістірудегі үйлеспеушіліктермен, жұмыс орындарының жетіспеушілігімен, оқу жүйесінің және кәсіби дайындықтың әлсіздігімен байланыстырылады. Осыдан шыға келе үшінші негізгі элемент экономикалық даму және жұмыс орындарын құруболыптабылады. Бұлмәселегеқатыстыконцепцияда ЕО-тың әріптес-мемлекеттермен өзара әрекеттесудіңкеңсаласықамтылған, оныңішінде шағын және орта бизнеске, оқу және денсаулық сақтау жүйесін реформалауға қолдау көрсету, кедей аймақтарды дамыту қарастырылған. Сонымен қатар, Оңтүстік Жерортатеңізі мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамытуға бөлінетін қаржылық құралдардың біршама ұлғайтылатындығы айтылған.

11-наурызда ЕО-тың кезектен тыс өткен саммитінде Оңтүстік Жерортатеңізі мемлекеттерімен ынтымақтастықтың жаңа концепциясын қолдайтын декларацияны қабылдады. ЕКтің шешіміне түсінік бере келе, оның төрағасы Херман Ван Ромпей ЕО-тың жаңа бағытын анықтайтын ескертпе жасады. Ол Тунис, Египет және Ливиядағы көтерілістер фундаментализмге ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді [7].

Саммиттің қорытынды құжатында әріптестік әлдеқайда терең экономикалық интеграция, нарықтарға шығу мүмкіндігінің кеңдігі және саяси ынтымақтастық негізінде қалыптасу керектігі айтылған [8]. Сондықтан, ЕО-тың сараланған тәсілі көмек көрсету бағдарламасының көлемін шектеуді емес, керісінше, әріптес-мемлекеттермен ынтымақтастық көлемін жоспарлы түрде ұлғайтуды білдіреді. Жаңа стратегияда Еуропарламенттің Еуропалық инвестициялық банктің несие сомасын 1 млрд. еуроға көтеру ұсынысына қолдау көрсетілген. Бір мезгілде Комиссия Еуропалық қайта құру және даму банкінің қызметін Оңтүстік Жерортатеңізіне тарату бастамасына қолдау көрсетті. Бұл банктың қосымша 1 млрд. еуро көлемінде қаржы бөле алатындығы көрсетілді [9].

ЕО-тың жерортатеңіздік саясаты ЕКС-тың негізінде құрылған еді. Сондықтан, ЕО-тың Оңтүстік аймақтағы мемлекеттермен ынтымақтастығы көршілестік саясаттың қағидалары негізінде құрылған. Оңтүстік ынтымақтастық жүйесіне өзгерістер енгізу ЕКС-ты түгелдей қайта кұруды қажет етті. Жерорта теңізі үшін одақ моделінің күйреуі ЕКС мақсаттары мен құралдарының сәйкестік мәселесі туындады. Еуропарламенттің 2011 жылғы көктемгі сессиясында ЕКС жайлы тиянақты пікірсайыс өтті. Онда оңтүстік өлшем бойынша қабылданған резолюция көршілестік саясаттың тиімсіз екендігін қорытты. Еуропарламент Еуропалық Комиссияға ЕКС-ты реформалауды, соның ішінде ЕО-тың көмегін демократияны  да-  мыту, адам құқықтарын қорғау,  әріптестікті  тек қана  мемлекеттермен  емес,  сонымен  қатар азаматтық қоғамдармен де дамытумен ұштастыруды ұсынды [10]. Яғни көршілестік саясат құндылыққа бағытталған болуы керектігі меңзелген.

Бұндайұсыныстыескеретінқұжат 27-мамырда ОСҚС бойынша жоғары өкіл және Еуропалық Комиссия тарапынан жасалып Кеңеске ұсынылды. Ол «Жаңа амбициялық Еуропалық көршілестік саясат» деп аталды [11]. Прессконференцияда Кэтрин Эштон және еурокомиссар Штефан Фюле құжатты таныстыра келе, жаңа бастаманың мәні ЕО тәсілін реформалауға бағытталған көбірек қаржыландыру арқылы ЕКС-қа өзгеріс енгізуде екендігін айтып өтті [10]. 2011-2013 жылдарға арналған ЕКС үшін бөлінген 5,7 млрд. еуроға қосымша 1,24 млрд. еуро қаржы бөлу қарастырылды. Бұған қоса бұл кезеңге Еуропалық инвестициялық банк ЕКС мақсаттарына 1 млрд. еуро көлемінде несиелер бөлуді шешті. Ал Еуропалық қайтақұру және даму банкі ЕКС-тың әріптес-мемлекеттеріне аталған кезеңде жылдық несиелерді 2,5 млрд. еуроға дейін жоғарылатуға дайын екендігін білдірді.

Жаңа ЕКС-тың мазмұнына келетін болсақ, бірінші басымдылық үзілді-кесілді түрде жазылған – қоғамдармен ынтымақтастықтың маңыздылығының артуымен терең және берік демократияны құруға қолдау жасау. Екінші басымдылық «тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуға» қолдау көрсету болып қала берді. Бірақ бұл саладағы ЕО-тың әрекет ету бағыттарыбіршамакеңейтілдіжәненақтыланды. Осыған байланысты ЕО жеке қажеттіліктер мен басымдылықтарды қажетті есепке алу үшін әрбір елді саралап отырады. Сонымен бірге, ЕО өзінің көмегін үш М-ге бағыттайды – money, mobility and markets – яғни ақша, мобильділік және нарықтар [12].

2011 жылдың 26-қыркүйегінде Комиссия Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдеріне арналған демократия, экономикалық өсім, жұмыспен қамтылу, микроқаржы, білім салаларын қолдауға бағытталған қосымша төрт бағдарламаны бекітті.

ЕО тәсілінің маңызды айырмашылығы шарттылық   қағидаты   болды. «Демократия және бірлесіп өркендеу үшін әріптестік»  тек қана «ортақ құндылықтардың бірлескен бейілділігіне» емес, сонымен қатар, «демократия, адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік, тиісті басқару мен заңның үстемдік құруы» салаларында «нақты ілгерілеуге сүйене отырып құрылу керек». Мәселенің осылай қойылуына байланысты әріптестік сараланған тәсілге негізделетіндігі атап өтілген. «ЕО осындай бірлескен күн тәртібі бойынша жұмыс істеуге дайын елдерге үлкен қолдау көрсетуге, сонымен қатар, бұл бағыттан шыққан жағдайда қолдауды қайта қарастыруға дайын болуы керек» [13]. Бұндай екпін ЕО-тың әріптес мемлекеттерге қатысты саяси тәжірибесін өзгерту керек деп танылды. ЕО-тың аймақтағы елдермен әріптестігінің негізгі өлшемі сол елдерде салыстырмалы тұрақтылықты қамтамасыз ету және қауіпсіздікті нығайту болды. Оның ішіне екіжақты саяси-дипломатиялық қатынастар кешенінің болжамдылығы мен басқарушылығы кірді.

2008 жылы шілде айында Жерорта теңізі үшін одақты бекіткен Париж саммитінің декларациясында 43 қатысушы мемлекет Жерорта теңізін бейбітшілік, демократия, ынтымақтастық және өркендеу кеңістігіне айналдыруға талпынатындықтарын мәлімдеген еді. Одақтың стратегиялық мақсатына арналған бөлімде 8 бөлімнің алтыншысында ғана демократиялық бағдарлар жайында айтылған. Онда былай жазылған: «қатысушылар демократия және саяси плюрализмді нығайтуда, демократиялық қағидалар, адам құқықтары және негізгі еркіндіктерді толық сақтауға негізделген ортақ болашаққа күресуде өздерінің батылдықтарын білдіреді» [14]. Алайда бұл мәлімдеме ЕО-тың іс жүзінде әріптес-мемлекеттердің демократиялық трансформациясы мәселесін басымдылыққа шығаратындығын білдірді деп айтуға болмайды. ЕО-тың араб елдерімен демократиялық құндылықтарға қатысты өзара әрекеттесуді өлшемге   сала   алмағандығына декларацияның 2-ші пункті дәлел бола алады. Онда әріптес елдер үшін маңызды нақтылау көрсетілген – саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалар және жаңғырту теңдік және дербестікті өзара қадірлеу негізінде жүзеге асуы тиіс.

Араб елдерінің ЕКС-на қатысуына байланысты құжаттарда Брюссельдің бенефициар мемлекеттерде демократияның жетіспеушілігіне қатысты сабырлы ұстанымда болғандығын байқауға болады, бірақ мәселелердің бар екендігі айтылмай қалмады. Мысалы, 2010 жылы ЕКС шеңберінде президент Бен Алидің кезекті қайта сайлануына байланысты Тунистің ілгерілеуі жөніндегі есепте плюрализм және сайлау құқықтарына бөгеттер  бар  екендігі  атап өтілген. Алайда бұл ЕО үшін Туниспен ынтымақтастықты сыни түзетуге негіз бола алмады. Брюссель, керісінше, мәселелік салаларда және жалпылай ынтымақтастықты нығайту керек деп шешті. Бұған 2011-2013 жылдарға Туниске арналған Ұлттық индикативті бағдарлама дәлел бола алады. Бағдарлама бұл елмен күшейтілген әріптестікті қалыптастыруды бастауды қарастырды [15].

Алайда бұл бағдарлама жүзеге аспай қалды. Президент Бен Али елден қашпастан бір апта бұрын Еуропарламентте өткен пікірталас кезінде француз сыртқы істер министрі  тунистік үкіметке тәртіпсіздікпен күресу үшін полицейлік құрамалар түрінде көмек ұсынған болатын, алайда Еурокомиссия бұл ұсынысқа еш мән бермеді.

Сонымен, Брюссельдің бағдарламалары қаржылық-экономикалық және моральдықсаяси тұрғыдан да ауыртпалықты арттырды, ал қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу күрделене берді. Бұл тұрғыда араб көктемі ЕО-тың аймақтағы елдермен қатынастардың қалыптасқан механизмдерін күйретіп қана қоймай, бұрынғы тәжірибеден бас тартуға мүмкіндік туғызды. Сонымен бірге, ЕО терең трансформациялық үрдістердің бейнесі болып табылатын оқиғалардың таралу көлемінен және олар тек қана сол аймақ елдеріне емес, сонымен қатар, басқа әлем елдеріне, соның ішінде ЕО-қа ұзақмерзімді сипатта ықпал ететіндігінен әрекет етеді.

Оңтүстік Жерортатеңізімен әріптестік ЕОтың аймақтағы өзінің дәстүрлі саясатының тиімсіздігін    еңсеру    болып    табылды.   Одан шығудың бірден-бір жолы – белсенді тәсілді қалыптастыру.ЕОаймақтағытрансформациялық үрдістерге қатысты барлық қауіп-қатерлерді, белгісіздіктерді, қиындықтарды түсіне отырып,өзі ұстанатын қағидалар мен құндылықтарға ұмтылуды қолдайтын айқын стратегиялық таңдау жасау керек. Осы себептерге байланысты ЕО селқос бақылаушы болмауы керек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Cohn-Bendit Daniel. Tunisie: Trop, c'est trop! // Communique depresse. – 2011, 12 января. – URL: <http://www.cohn-bendit. eu/fr/ct/77>Accessed: 10/02/2014
  2. Written Ministerial Column 47 WS. Brussels. – 2011, 3 February. URL:<http://www.publications.parliament.uk/pa/ cm201011/cmhansrd/cm110203/wmstext/110203m0001.htm#11020324000155> Accessed: 10/02/2014
  3. D. Evropeiski Soiuz v poiske otvetov na vyzovy arabskoi vesny // Indeks bezopasnosti. – 2011. – № 3–4 (102–103),– P. 112
  4. European Council. 4 February 2011. Conclusions. Brussels. 2011. 8 March // Official Journal of the European Council (Nr: EUCO 2/1/11). -2011, 8 URL: <https://www.consilium.europa.eu/uedocs/cms_data/docs/pressdata/en/ec/119175.pdf>
  5. A Partnership for Democracy and Shared Prosperity with the Southern Mediterranean. Joint communication to the European Council, the European Parliament, the Council, the European Economic and Social Committee and the Committee of the Regions// Official Journal of the European Communities, Brussels, COM (2011) 200 final. – 2011, 8 March. URL: < http://eeas.europa.eu/ euromed/docs/com2011_200_en.pdf >
  6. EU Commission launches ambitious Partnership for Democracy and Shared Prosperity with the Southern Mediterranean. Official Journal of the European Commission, Brussels, (IP/11/268. 2011) 8 March. URL: <http://europa.eu/rapid/press-release_IP11-268_en.htm >
  7. Remarks by President Herman VAN ROMPUY at the press conference following the extraordinary European Council on EU Southern Neighborhood and Libya // Official Journal of the European Council, Brussels (PCE 065/11) 2 – 2011, 11 March. URL: < http://www.consilium.europa.eu/uedocs/cms_data/docs/pressdata/en/ec/119805.pdf >
  8. Extraordinary European Council. 11 March 2011. Declaration // Official Journal of the European Council, Brussels (EUCO 7/1/11), REV 1. CO EUR 5, CONCL 2, 5. – 2011, 20 April. URL: < https://www.consilium.europa.eu/uedocs/cms_data/docs/ pressdata/en/ec/119780.pdf>
  9. A Partnership for Democracy and Shared Prosperity. 8 // Joint communication to the European Council, the European Parliament, the Council, the European Economic and Social Committee and the Committee of the Regions // Official Journal of the European Communities, Brussels, COM (2011) 200 final. – 2011, 8 March. URL: <http://eeas.europa.eu/euromed/docs/com2011_200_ en.pdf>
  10. A new response to a changing Neighborhood. Joint communication to the European Council, the European Parliament, the Council, the European Economic and Social Committee and the Committee of the Regions. Official Journal of the European Communities, Brussels COM (2011) 303 – 2011, 25 May. URL: <http://www.ub.edu/searchproject/wp-content/uploads/2013/01/ WP-2.1.pdf>
  11. Evropeiski Soiuz: Fakty i Kommentari // Assotsiatsia evropeiskih issledovani. – 63–64: yanvar’–iun’ 2011 y. – Моskva: 2011. – P. 49
  12. The EU's response to the «Arab Spring» // Official Journal of the EU COM (2011)303. MEMO/11/918. – 2011, 12December. 13 A Partnership for Democracy and Shared P. 5 // Official Journal of the EU, Brussels, COM (2011) 200 final. – 2011,8 March. URL: < http://eeas.europa.eu/euromed/docs/com2011_200_en.pdf >
  13. Declaration commune du sommet de Paris pour la Mediterrane. Paris. 13 juillet 2008. 9. // Official Journal of the EU, Brussels, URL: < http://www.euromedrights.org/files/documents/Recom_presidence_su  doise_FR_193621893.pdf>
  14. Programme Indicatif National. 2011–2013. URL: < http://ec.europa.eu/world/enp/pdf/country/2011_enpi_nip_tunisia_ fr.pdf

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.