Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иран ядролық бағдарламасына Қазақстан ұстанымының мәселені реттеудегі маңызы

Соңғы жиырма жылдан астам уақытта Азияның  оңтүстік-батысында  орналасқан  және әлемдегі ең көне мемлекеттердің бірі болып табылатын Иран Ислам Республикасы халықаралық саясаттың «өзекті мәселелерінің» біріне айналды. Оғаның басты себебі – Иранның өз атом-энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасы. Әлемде Иран ядролық әскери бағдарламасын дамыту үстінде деген күдік пайда болып, Иран тарапынан Ядролық қаруды таратпау ережелері бұзылуды деген айып тағылды. Яғни, Иран әлемдік саясаттағы жетекші елдердің мүдделеріне және қазіргі кездегі халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне, әсіресе, ядролық қаруды таратпау принциптеріне немқұрайлы қарайтын ел ретінде көрсетілуде. Осылайша Иран ядролық мәселесі әлде қашан мемлекет шеңберден шығып, халықаралық дәрежеде шешуге тиісті бірақ шешілуі қиын саяси күреске айналды.

Әлемдік ядролық қауіпсіздік мәселесінде өзіндік рөл атқаратын Қазақстанның бұл мәселеде ерекше пікір айтуға хақылы. Өйткені халықаралық қауымдастықта Қазақстан ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайтуда көшбасшысы әрі басқа мемлекеттерге үлгі болып танылды. Еліміз 2011 жылы ҚР Әскери доктринасын, 2012 жылы Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Заңды [1] қабылдап, осылайша қауіпсіздік саясатын мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен ішкі істеріне араласпау, қаруды бірінші болып қолданбау қағидаларына негізделе отырып жүзеге асырайды [2]. Бүгiнде Қазақстанның мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаппай қырып жою қаруын таратпау және одан төнуi мүмкiн қауiпқатерлердiң алдын алу жөнiндегi маңызды бастамалары мен идеялары әлемнің қолдауына ие болып отыр.

Ядролық қарудың жантүршігерлік салдарын Қазақстан өз басынан өткізген. Қазақстан аумағында 1949 жылы ашылған Семей ядролық сынақ  полигонында  40  жыл ішінде  шамамен 500 ядролық сынақ жасалды. Олардың саны әлемде жасалған барлық сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросимадағы жарылыстардан 2500 есе асып түскен. Сондықтан халықаралық сахнада ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан бейжай қарай алмайды. Бұл бағытта Қазақстан жаппай қырыпжою қаруын таратпау тәртібін нығайтуға  деген ниетін білдіріп бірқатар нақты қадамдар жасады. Қазақстан әлемде бірінші мемлекет болып ядролық қарудан бас тартты [3]. 1991 жылдың

29 тамызында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің арнайы Жарлығымен ядролық-зымырандық қуаты жағынан әлемдегі 4-ші ядролық әлеуеті бар Семей полигоны жабылды. 2009 жылы Елбасы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс БҰҰ тарапынан қолдау тапты [4].

Бұл Қазақстанның дұрыс стратегиялық таңдау жасағанын, ядролық қарудан бас тартқан ел мәртебесіне ие болғанын көрсетеді. Қазақстан адамзаттың бүгінгі және болашақ ұрпағы арасында үлкен жауапкершілік өнегесін көрсете білді. Нақты қауіпсіздіктің тірегі ядролық арсенал емес, сыртқы бейбітшілік сүйгіш саясат, ішкі тұрақтылық, елдің тұрақты экономикалық және саяси дамуы болып табылатындығын өз мысалымен дәлелдеді.«Біз әлемді ең жойқын ядролық қатерден құтқарып қана қойған жоқпыз, біз жаһандық қатерден жоғарыға көтерілдік. Өз еліміздің және бүкіл әлемнің ядролық қарусыз тарихы үшін  қағидатты  қадам  жасадық»  – деп, Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумында сөйлеген сөзінде Қазақстанның ядролық қаруға қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасында келе жатқанын атап көрсетті [5].

Бүгінгі күні Қазақстан барлық адамзатқа ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел ретінде белгілі және оны таратпауға, жасамауға шақыруға толық құқылы. Қазір Қазақстан ядросыз әлем жолында бүкіл адамзаттың бейбіт өмірі үшін белсенді қадамдар жасауда. 2011 жылдың 12-13 қазанында Астанада болған Семей полигонының жабылуына 20 жыл толуына арналған «Ядросыз әлем» атты халықаралық форумында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның 2010 жылғы Қазақстанға сапары туралы айтқаны еліміздің дұрыс бағытта екендігін тағы да растайды: «Мен өткен жылы Семейге жасаған сапарымды ешуақытта ұмытпаймын. Ол ондаған жылдар бойы «қырғи-қабақ» соғыстың эпицентрі болды. Қазақстан Президентінің бұдан 20 жыл бұрын қабылдаған батыл шешімінің арқасында, Семей сенімнің жарқын үлгісіне айналды. Ол – барлық ядролық сынақтардың біржолата тоқталуына деген сенім, ядролық қарудан азат әлемге деген сенім» [6]. Сонымен қатар бұл халықаралық форумда ядролық қарусыз әлем жөнінде Декларация қабылданды. Аталған іс-шара жаппай қырып-жою қаруын таратпау мен қысқарту жүйесін нығайту үдерісіндегі Қазақстанның қомақты үлесі мен тарихи рөлін тағы бір рет нақтылап берді.

Осылайша жыл сайын ядролық қауіпқатерді қысқарту мен таратпаудың жаһандық үрдерісіндегі  Қазақстанның  рөлi   артып келеді. Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі мәселеге қатысты біздің мемлекеттің ұстанымы ашық та, айқын. Қазақстан мәселенің дипломатиялық жолмен шешілуін жақтай отырып,   бейтарап  ұстанымды сақтайды  [7].

«Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы қалыптасқан дағдарыстық жағдайдың мүмкіндігінше тез арада Ядролық қаруды тараптпау келісім мен МАГАТЭ ережелерін  қатаң сақтау негізінде саяси-дипломатиялық реттелуін қолдаймыз. Халықаралық  делдал-  дар тобы мен Иран арасындағы диалогтың жалғасуын құптаймыз. Иранның өзінің ядролық бағдарламасының  ашықтығын   қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттері үшін санкциялардан бас тарту мәселенің реттелуіне мүмкіндік береді деп ойлаймыз» – деп, Елбасымыздың 2011 жылы Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ БА 66-ыншы сессиясында айтқан сөзі еліміздің Иран мәселесіне қатысты бейбіт әрі бейтарап ұстанымын тағы да растайды [8].

Қазақстан Республикасыөзініңтәуелсіздігіне қол жеткізген сәттен бастап өзінің сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде Иран Ислам Республикасы ынтымақтастығын дамытып нығайтуды мақсат тұтты. Қазақстан Республикасы мен Иран арасында 1992 жылы 29 қаңтарынан дипломатиялық қатынастар орнағалы бері екі ел арасында сауда-экономикалық және өзара саяси ықпалдастықты жүзеге асыратын бірқатар келісімдер мен шарттарға қол қойылды [9]. Мысалы, Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арсындағы қол қойылған өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Декларацияда «екі ел өздерінің қатынастарын достас және теңқұқылы мемлекеттер ретінде, сондай-ақ егемендік пен тұтастықты құрметтеу ұстанымдары негізінде, күш қолданбау,  дау-  лы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу, адам құқықтарын сақтау ұстанымдары негізінде жүзеге асырады» – деп  көрсетілген.  Сондай-  ақ  екі  ел  арасында  Сыртқы  істер министрлігі деңгейінде екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша тұрақты келісулер өткізуге уағдаласты. Орталық Азия аймағынан территориялық жақындығы бойынша маңызды және Орталық Азия аймағындағы геосаяси үдерістерге ең басты және тікелей ықпал етуші мемлекеттердің бірі – Иран Ислам Республикасы екендігі сөзсіз. Қазақстанның Иран ядролық бағдарламаға қатысты ұстанымы айқын. Оны 2005 Елордамыз Астанада Иран Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Манучехр Моттакимен кездесуінен кейін ҚР Cыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевтың жасаған мәлемдемесі растап отыр: Біріншіден – Қазақстан ядролық қаруды таратпауды қолдайды. Екіншіден тиісті әлеуеті бар кез-келген мемлекеттің бейбіт мақсатта өзінің ядролық бағдарламасын дамытуға құқығы бар. Үшіншіден – ядролық бағдарламалар Ядролық энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қатаң бақылауы негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан Иран мәселесінің әскери жолмен реттелу мүмкіндігі қандай салдарларға әкеле алатыны жақсы түсінеді. Осындай қақтығыс аймақтық экомикалық даму үдерісін тоқтатып, Иранның жауап ретіндегі шараларды жүзеге асыруына себеп болып, ислам экстремизмі мен лаңкестіктің күшеюіне жағдай туғызуы әбден мүмкін.

Осындай  болжамдарды  ескере отырып,Қазақстан  басшылары   батыс елдері мен Иранды қарама-қайшылықтарды бейбіт келіссөздер негізінде реттеуге шақырады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  2012  жылдың желтоқсанында Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы  мәселені  тек қана дипломатиялық әдістермен шешуге болатынын тағы да ерекше айтып өтті. 2007 жылғы қазақстандық және  ирандық  тараптары  бар бес Каспий маңындағы елдер үкіметтерінің бірлескен  Декларациясында  да   мемлекеттер «басқа мемлекеттерге өз территориларын агрессия мен басқа да әскери науқандарын жүзеге асыруға ешбір жағдайда рұқсат бермеуге» міндеттенді. Алайда Қазақстан Иранның ядролық қару жасауға өз қарсылығын білдіреді. 2006 жылы Назарбаевтің Иран Президенті Махмуд Ахмединежадқа жазған хатында еліміздің ядролық қаруды таратуға қарсылығын растап, Иранның ядролық дағдарысын реттеуге күллі халықаралық қауымдастық мүдделі болып отырғанын атап өтті.

Қазақстан уран өндірісі бойынша жетекші орынға ие болып отыр [10]. Бүгінгі таңда біздің мемлекет халықаралық қатынастар жүйесінде ерекше орын алады және де оның сенімді сыртқы саяси серіктес ретінде беделі жоғары. Халықаралық қауымдастық ҚР-дың ядролық қаруды таратпау тәртібін күшейтудегі және халықаралық лаңкестікпен күрестегі үлесін жоғары бағалайды. Ядролық қаруды таратпау саласында жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау тәртібінің көшбасшысы, басқамемлекеттерүшінүлгіболып танылды. Бүгiнде Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаппай қырып жою қаруын таратпау және одан төнуi мүмкiн қауiпқатерлердiң алдын алу жөнiндегi талай ауқымды тың бастамалар мен идеялардың авторы десек артық айтқандық емес. 2012 жылдың наурыз айында New York Times газетінде  Назарбаевтің «What Iran Can Learn From Kazakhstan» (Иран Қазақстаннан не үйрене алады?) мақаласы жарияланды. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау саласындағы жетістіктерін ескере отырып, Назарбаев Каспий теңізі жағалауындағы барлық көршілерімен дипломатиялық қарым-қатынас ұстанып келе жатқан Қазақстан Тегеранды да осы үлгімен жүруге шақырады [11].

Осы ретте егер Иран түпкілікті түрде тек бейбіт мақсатта азаматтық ядролық бағдарлама жүргізуге көніп, олар МАГАТЭ инспекциялары мен тексерулеріне құрылған режімге мойынсұнса, онда ол қазақстандық уранды сатып алатын маңызы бөлек сатып алушылардың қатарына қосылатындығын айтпай кетуге болмас. Өйткені, Қазақстан уран  экспортта-  уда жетекші елдердің қатарында және бұл саладағы отынды және басқадай қызметтерді, әсіресе, Азия елдері мен Таяу Шығысқа саудаға шығаруға мүдделі.

Қазақстан 2011 жылы Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы шиеленісті реттеп, Иранның ядролық қызметтерге қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін ресми түрде әлемде бірінші рет МАГАТЭ бақылауымен өзінде «ядролық отын банкін» орналастыруға өтініш бергені белгілі. Мұндай банк бейбіт түрде атом энергиясы бағдарламасын жүргізіп отырған елдерге ядролық отын және басқа да қызметтер ұсына алған болар  еді.  Мұның  да өз тиімділігі бар. Уранды байыту арқылы алынатын отын оны қажет етіп отырған мемлекеттерге экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да пайдалы. Мәселен, қолданыста болған ядролық отынды қайта өңдеу, яғни байыту технологиясын ядролық қару жасау үшін де пайдалануға болады. Осы түйткілді тарқату үшін Елбасы Қазақстанда уран банкін орналастыруға мүдделі екенін ашық мәлім етті.

Иран дағдарысына қатысты Қазақстан ұстанымы жағдайды реттеу бойынша халықаралық жобалардың негізінде жатқан императивтерге сай болып келуі, ҚазақстанИран қатынастарының белсенді түрде дамуы, Қазақстанның Иран ядролық бағдарламасы мәселесінде бейтарап ұстанымды сақтайтыны, республикамыздың атом қаруын таратпау жөніндегі жаһандық қозғалыстың мойындалған көшбасшысы болуы Алматының ирандық ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды өтетін орын ретінде таңдалуына ықпал еткені сөзсіз. Келіссөздер сегіз айлық үзілістен  кейін  2013  жылдың  қаңтар  айын-  да Ыстамбұлда өтуі керек еді. Сириядағы оқиғалардан кейін Түркия мен Иран арасына сызат түскенін байқаған халықаралық қоғамдастық атынан Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның келісетін жер үшін Қазақстанды ұсынуы барлық тарапты қанағаттандырды. Халықаралық қоғамдастықта  айтарлықтай бедел жинап үлгерген Қазақстанмен қарымқатынасын жақсарта түсу пайда әкелмесе, зиянын тигізбейтінін Иран да түсінеді.

Осылайша 2013 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласында Иранның ядролық бағдарламасына байланысты БҰҰҚауіпсіздік Кеңесінің 5 тұрақты мүшесі (АҚШ, Қытай, Ресей, Англия және Франция), сондай-ақ Германия мен Еуроодақ өкілдері Иран Ислам Республикасының өкілі арасындағы келіссөздердің кезекті раунды өткізілді. Келіссөздер барысында иран мәселесі өз шешімін толығымен таппаса да, жаңа ұсыныстар жасалудың өзі де үлкен жетістік болып саналады. Келіссөзге қатысушылардың наурыздың 17-18 күндері сарапшылар деңгейінде Ыстамбұлда, кейін 5-6 сәуірде Иран мен «алтылық» өкілдерінің қайтадан Алматыда кездесуге уағдаласты. Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша Жоғары өкілі Кэтрин Эштон Алматыдағы келіссөздер барысында ирандық ядролық бағдарлама бойынша «алтылық» пен Иран  арасында алғаш рет шынайы пікір алмасу орын алды деп көрсетті. Қалай десек те, келіссөздердегі нақты ұсыныстар жарияға салынбаса да, иран мәселесін дипломатиялық сипаттағы ілгерілеу бар. Қазақстанның осы жағымды ілгерілеуде алатын орны зор екенін іс жүзінде айқын көре аламыз.

2013 жылы Иран Ислам Республикасының билігіне Хасан Роухани тағайындалуымен Тегеран мен халықаралық қауымдастық арасында қарым-қатынастар түзеле басталғандай көрінді. Иран Президентінің ұстамды саясаты Республиканы халықаралық оқшауланудан еңсеруге бағытталған. Тамыз айында Президент лауазымына тағайындалған ол Тегеранның ядролық бағдарламасына  қатысты  мәселені  жарты  не бір жыл ішінде шешуге уәде берген болатын. Сөзінде тұрған Иран Президенті елдің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жаңғыртуға дайындығын білдіріп, белсенді келіссөздер жүргізу барысында 2013 жылдың қараша айында Женева қаласында өткен кездесу нәтижесінде тарихи маңызы бар Уақытша келісім жасасуға шешім қабылдады [12]. Аталмыш Келісімнің Иран ядролық бағдарламасын реттеудегі рөлі  зор – осы уақытқа дейін тараптардың ядролық мәселені бір нүктеден жылжыту талпыныстары еш нәтиже бермеген болатын.

Келісімге сәйкес, Иран уранды байытуды азайтуға, ядролық бағдарламасын МАГАТЭнің қатаң бақылауында дамытуға міндет алады. Оған қоса, Иран ядролық бағдарламасы 6 айға тоқтатылды, яғни Иран жаңа центрифугалар-  ды орнатудан және уранды байыту бойынша жаңа объектілерді салудан бас тартуға, уранды 5%-ғадейін ғана байытуға келісті.

Тараптардың жеткен тағы бір жетістігі – Иран Келісімге сәйкес теория жүзінде қаруға қажетті плутонийді жасап шығаруға болатын Арактағы уран байыту кешенінде құрылыс жұмыстарын тоқтатуға келісті. Женевалық жоспарға негізделген құжатта Иранның ядролық нысандарында мониторинг қалай жүргізілу керектігіне дейін  көрсетілген. Келісімге  сай, халықаралық қауымдастық өз кезегінде Тегеранға салынған экономикалық санкцияларды жұмсартуға, жаңа санкцияларды енгізбеуге және Иранның бейбіт атом өндіру құқығын мойындауға міндеттеме алған болатын.

Аталмыш келісім Иран Ислам Республикасының сындарлы саясатының жемісі деп айтсақ,қателеспейміз. Иранбасшылығыбағыталған жаңа стратегиясының арқасында өз мәртебесін ұлғайтып, әлем саясатының дегдарлы мүшесіне айналды. Хасан Роухани берген сұхбаттардың бірінде «Біздің басты мақсатымыз – өзіміздің бейбіт ядролық бағдарламасын халықаралық ережелерге сай үйлестіріп, халықаралық қауымдастық тарапынан алаңдаушылықты жою. Бүгінгі таңда біз келіссөздер нәтижелеріне қанағат болып, екі тарап арасындағы қайшылықтар көп ұзамай толығымен жойылады деп үміттенеміз»деп ашық жария еткен болатын [13[.

Қазіргі таңда Иран Уақытша келісімге сәйкес өз міндеттемелерін орындауда. Женева Келісімінің міндеттемелері бұлжытпай орындалу үдерісі тараптар арасында біршама сенім ахуалын туғызды. Ал сенім, өз кезегінде, өзара келісімге келу жолындағы бірден бір құралы. Иран Президенті ислам революциясының 35-жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойда «Алтылықпен келіссөз өткізу барысында Иран араздыққа еш ұмтылмайтынын көрсеткіміз келеді... Иран халықаралық уағдаластықтарды қолдайды... Еуропалық мемлекеттер ынтымақтасуға ниетін шын білдірсе, Иран тарапынан нәтижелі қадамдарды көре алады» деп Тегеранның ұстанымын қайталап жария етті [14].

Уақытша келісім 2014 жылдың20-қаңтарында күшіне еніп, алты айдан соң аяқталады. Бұл алты ай ішінде Иран мен алты ел бұдан да ірі келісім жасасу мақсатында келіссөздерді ай сайын өткізбек. Бұл келіссөздердің Қазақстан төрінде қайтадан өткізілуі әбден мүмкін. Дегенмен, тараптар арасындағы диалог оңай болмайтыны анық. Қазақстан да Иран ядролық мәселесінің бейбіт мәмілемен аяқталуын асыға күтеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Закон о национальной безопасности РК от 6 января 2012 года №527-IV – http://mod.gov.kz/mod-ru/index.php?option=com_ content&view=article&id=263:-26-1998-233-i-&catid=39:2009-06-24-09-58-27
  2. Военная доктрина РК от 11 октября 2011 года №161. – http://mod.gov.kz/mod-ru/index.php?option=com_content&view=ar ticle&id=63&Itemid=151
  3. Казыханов, Е.Х.. Деятельность Организации Объединенных Наций в области ядерного разоружения и нераспространения оружия массового уничтожения // Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. – Алматы, 2008. – Б. 3-7
  4. Қожахмет-ұлы К. Иран және ядролық қауіпсіздік // ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.– Алматы, 2009. – № 3 (41). – Б. 101-103.
  5. Елбасы: Семей полигонын жабу арқылы біз еліміздің және бүкіл әлемнің ядролық қарусыз тарихы үшін қағидатты қадам жасадық // Медиа-портал kz, 2012. – http://kaz.gazeta.kz/news/elbasy-semejj-poligonyn-zhabu-arqyly-biz-elimizdingzhane-bukil-alemning-yadrolyq-qarusyz-tarikhy-ushin-qaghidatty-qadam-zhasadyq-newsID109788.html
  6. Выступление Генерального Секретаря Пан Ги Муна на пресс-конференции в ходе официального визита в Республику Казахстан. 7.04.2010 г. – http://www.un.org/russian/news/story.asp?NewsID=13340
  7. Кошербаев Ж.Д. Сотрудничество Казахстана и России ватомной энергетике: значениедля нераспространения // Вестник КазНУ. Серия международные отношения и международное право. – Алматы, 2011. – №3. – Б. 67-70.
  8. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на 66-ой сессии Генеральной Ассамблеи ООН 22 сентября 2011 года. – http://www.akorda.kz/ru/page/page_the-president-of-kazakhstan-nursultan-nazarbayev-participates-at-the66th-sessio_1348722848
  9. Протокол об установлении дипломатических отношений между Республикой Казахстан и Исламской Республикой Иран от 29 января 1992года. – http://mfa.gov.kz/ru/#!/foreign-policy/dogovorno-pravovaya_ baza/spisok_stran_ustanovivshih_ diplomaticheskie_otnosheniya_s_rk/
  10. Жарқымбек Ш. Иран және уран // Жас Алаш. – № 02 (15460). – 7 қаңтар, 2010 ж.
  11. Nazarbayev A. What Iran Can Learn From Kazakhstan // The New York Times, 2012. – http://www.nytimes.com/2012/03/26/ opinion/what-iran-can-learn-from-kazakhstan.html?_r=0
  12. Иран в 2013 году сократил продажу нефти на 15% //Международное Информационное Агентство, 31 января 2014 года.
  13. http://www.inform.kz/rus/article/2626753
  14. Иран и страны-посредники спорят о судьбе ядерного реактора // Финансово-аналитический бизнес-портал, 20 марта 2014 года. – http://livda.ru/news/politics/world/iran-i-strany-posredniki-sporyat-o-sudbe-yadernogo-reaktora-0367
  15. Хасан Роухани: Иран выстоит против любого агрессора // Информационное телеграфное агентство России, 11 февраля 2014 года. – http://itar-tass.com/mezhdunarodnaya-panorama/955693

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.