Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азия елдеріндегі ядролық таратпау саласындағы қазіргі кездегі мәселелері

Өз заманында КСРО-ның экспорттық бақылау жүйесі “сезімтал” өнімдер мен ядролық технологияға байланысты  ақпаратты  тарат-  пау тұрғысында өте берік еді, өйткені Батысты озып кету ниеті күшті ынталандыру факторы болды. Мұндай жүйенің бақылауынан шығып кету іс жүзінде мүмкін болмады. “Қырғи-қабақ соғыс”  уақытында  КСРО  мен  АҚШ  екеуінің ядролық қатерге төтеп беру үшін миллиардтаған доллар жұмсайтын, бірақ ол кезде қауіптің нақты техникалық және географиялық  белгілері болды (екі ел өздерінің құпия  бар-  лау қызметі арқасында бір бірінің ядролық инфрақұрылымдарымен жақсы таныс еді). Қазіргі уақытта ядролық материалдардың таралуы елдердің ұлттық қауіпсіздігіне алуан-түрлі қауіп тудыруы мүмкін. Бұрынғы КСРО-ның он бес республикасының әрқайсысында қандай-да бір ядролық қызмет немесе ядролық қарудың құрамдас бөліктері болды. Қырғызстанда 1950 жылдарға дейін елдің оңтүстігінде ядролық қаруды жасауға қажетті уран шикізатының негізгі үлесі қазып алынатын. Барлық кен орындары, шахталар және қайта өңдеу кәсіпорындары КСРО-ның әскери-өнеркәсіп кешенінің тікелей қарамағында болатын. Республиканың оңтүстік және орталық аудандарында уран өндірісі негізінен 1960 жылдардың соңында тоқтатылды. Олардан кейін жабылған шахталар, үйінділер мен қалдықтардың қоймалары ғана қалды.

Кеңес Одағы тараған сәтіне қарай, Қырғызстанда дамыған атомдық шикізат қазып шығаратын өнеркәсіп болды. Осы саладағы нысандар қатарына Ақ-Түйіз (уран, торий және жерде сирек кездесетін металлдарды шығару), Орловка (уран шығару), Гранитогорск (уран шығару және оны алғашқы  өңдеу),  Қара-  Балта (уран өңдеу), Қажы-Сай (уран шығару), Қызыл-Жар сияқты кен орындары кірді. Қара– Балтадағы кешенде центрифугалық технология негізінде уранды байыту бойынша кәсіпорын жұмыс істеді. Қырғызстан ЯҚТШ-қа 1995 жылы қараша айында қосылды.

Бұл республиканың  экспортты реттеу бойынша кейбір шаралар қабылдағанға қарамастан, ядролық материалдарды және қосарланған мақсаттағы материалдарды сыртқа шығару ісінде өз тәжірибесінің жетіспеушілігі айтарлықтай алаңдаушылық тудырып отыр. Ядролық материалдардың қозғалысын бақылаудың игерілген әдістемесі жоқ, олардың толық есебі жүргізілмейтін көрінеді. Оның үстіне, осы салада қызмет атқаратын мамандар жетіспейді. Экспорттық бақылаудың барлық мәселелерімен байланысты міндеттерді қазіргі таңда Қырғызстан өз күшімен орындап шығатын жағдайы жоқ, сондықтан бұл салада тығыз халықаралық ынтымақтастық, көмек қажет. Қырғызстан басшылығы бұл көмекті техникалық немесе қаржылай көмек алу мүмкіндігі ретінде ғана бағаламайтынын, сондай-ақ ол қосарланған мақсаттағы материалдар мен технологияның таралу қауіпін азайту жөніндегі келісілген ісәрекеттер ретінде қарастыратындығын білдірді. Қырғызстанда мұқият назар аударуды талап етіп отырған мәселелердің бірі – ядролық қару өндірісінде тікелей пайдаланылуы мүмкін уран қалдықтарының қоймасы және басқа да радиоактивті материалдар (байытылған уран мен қару жасайтын плутоний) мәселесі өз шешімін күтіп жатыр. Республикада  радиоактивті қалдықтардың зор көлемі қордаланған және олар ешқашан шығарылмаған, көбіне қауіпсіздік шаралары сақталмай өндіріс орындары маңында көміле берген.

Қырғызстан іс жүзінде өндіріс орны бойынша радиоактивті қоқыс тастайтын жер болып қалуда және мұның зардабы жуық уақытта көрінуі мүмкін. Мұның мысалы ретінде тасқын су, көшкін және жер сілкіну салдарынан шайылып, ашылып қалу қауіпі алдында тұрған Майлы-Суй жерлеу орындарын келтіруге болады. Жақын арада аталған қоймалар шайылып Орталық Азияның төрт мемлекетінің аумағын қамтитын ауқымды су бассейнінің радиоактивті ластану мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Орталық Азия  аймағының ортасында орналасқан Өзбекстан Республикасы аумағында Нұрабад, Үшқұдық, Зафарабад, Заравшан сияқты төрт ірі уран өндірісінен тұратын Навои тау-кен металлургиялық комбинаты орналасқан. Навои комбинаты сондай-ақ уранды байыту бойынша бүтін бір кешені бар еді, бірақ ол Одақ тараған уақытына қарай жұмыс істеген жоқ. Өзбекстан аумағында басқа-да уран кен орындары бар болатын. Сонымен қатар Ташкентте орналасқан ядролық физика институтындағы қуаттылығы 20 МВт ВВР-СМ типті ядролық реактор бар. Бұл реактор 1959 жылы іске қосылды және онда сегіз келіге дейін жететін 90% дейін байытылған уран-255 пайдаланылған. Өзбекстан ЯҚТШ бекіту жөніндегі грамотаны Ресейге 1992 жылы мамырда тапсырды.

Қазіргі уақытта үкіметтік емес халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып ядролық және радиоактивті материалдардың есебін жүргізу және бақылау орнату, оның экспорты мен импорты туралы мәселелер шешілу үстінде. Осыған байланысты 1994 жылы қазан айында Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен МАГАТЭ  арасында ЯҚТШ-қа қосылуына орай кепілдіктер  тура-  лы бірлескен келісімге қол қойылды. Ал 1997 жылы желтоқсанда елдегі ядролық саладағы қызметті бақылау жүйесін нығайтуға жол ашқан кепілдіктер туралы келісімнің қосымша хаттамасына қол қойылды. Өзбекстанда ядролық материалдармен жұмыс істеу  тәртібі  “Ерек-  ше жүктердің транзиті туралы” Заң және “Радиациялық қауіпсіздік туралы” Заңмен реттеледі. Бұл құжаттарда қауіпсіздіктің барлық аспектілері, мемлекеттік бақылау мен реттеу мәселелері, осы саладағы қызметті лицензиялау сияқты басқа да мәселелер қарастырылған. Өзбекстанның кеден қызметі радиациялық бақылауға арналған жылжымалы құралдармен жабдықталуда. Аталған құрал-жабдықтар АҚШ үкіметі бөлген қаржыға алынды.

Қазіргі уақытта республикада екі ядролық реактор жұмыс істеуде: бірі “Фотон” өндірістік бірлестіктегі техникалық қажеттіктер үшін пайдаланатынреактор(қуаттылығы15кВТ),екіншісі Ташкенттің ядролық физика институтындағы ВВР–СМ реакторы (қуаттылығы 10 МВт). Бұл қондырғылар, мамандардың пікірінше, ядролық қару таратпау тәртібіне қауіп төндірмейді [1]. Республикадағы барлық ядролық материалдар мен қондырғылар МАГАТЭ-нің кепілдіктерімен қамтылған.

Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты МАГАТЭ кепілдіктерімен қамтылған ядролық қондырғылардың физикалық қорғау, оның есебін жүргізу жүйесін нығайту мәселесі қойылды. Құрама Штаттар үкіметі Өзбекстан Ғылым Академиясының ядролық физика институтындағы ядролық реакторды физикалық қорғауды нығайтуда демеуші болып отыр. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыстар толық қарқында жүргізілуде.

Бүгінгі таңда өткір мәселелердің бірі – пайдаланған ядролық  отынды  жою  болып  тұр. МАГАТЭ, АҚШ және Ресей жағымен пікір-таластар мен келіссөздер өткізіліп, пайдаланылған отынды Ресейге жөнелту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзбекстанда  “Саноатконтехназорат” агенттігі “Радиациялық қауіпсіздік туралы” Заңның ережелерін орындалуын қадағалайды, ядролық   және   радиоактиві   материалдар-  мен жұмыс істеу қауіпсіздігіне бақылауды жүзеге асырады. Бұл агенттік ядролық және радиактивті   материалдардың   сақталуына  жауапты мекеме ретінде бекітілді. Бұдан басқа агенттікке ядролық материалдар мен иондандыру сәулелендіру көздерінің есебін жүргізу және бақылаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, осы сияқты қауіпті жүктерді темір жолда тасымалдауды қадағалау міндеті жүктелді. Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық тәжірибесіне және орнатылған байланысқа арқа сүйей отырып экспорттық бақылау саласындағы жетекші мамандармен бірге “Саноатконтехназорат” агенттігі ядролық және радиактивті материалдармен жұмыс жасауға бақылау орнату бойынша барлық халықаралық ұсыныстар мен талаптарды орындап отырған көрінеді.

Тәжікстанда бұл мәселе елдегі азаматтық соғыс салдарынан ушықты. Соғыс кезінде көптеген өнеркәсіп кәсіпорындарының жабдықтары қайта  қалпына  келтірілмейтіндей  болып бүлінді немесе жоғалып кетті. Бірқатар кәсіпорында пайдаланылатын иондық сәулелендіру ошақтары тиісті бақылаусыз қалды, жалпы ережелер орындалмай мүлдем жүйесіз сақталды. Қазіргі кезде республикада радиоактивті заттарды пайдаланумен байланысты қызметті реттейтін ұлттық заңнама жоқтың қасы. Бақылау өкілеттігі бар мемлекеттік мекемелер реттеуші заңнаманың жоқтығынан өзара әрекеттестігі өте нашар. Оның үстіне елде радиоактивті заттардың толық көлемін дәл анықтайтын және олардың орналасқан жерлерін нақты көрсетіп беретін ұйым да жоқ. Тәжікстан үшін радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін нығайту мен оның тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз ету, сонымен бірге оларды тыйым салынған мақсатта қолдану мүмкіндіктерінің алдын алу маңызды міндет болып отыр. Бұл мәселенің екі қыры бар. Бір жағынан, 1990 жылдардың басынан ядролық материалдардың берік сақталуын бақылау іс жүзінде жоғалтылды. Мұның дәлелі ретінде радиоактивті заттардың заңсыз айналымына байланысты бірқатар тергеу істерін жүргізген Тәжікстан қауіпсіздік министрлігінің хабарларын айтуға болады. Екінші жағынан, Интерпол қызметкерлері жүргізген сараптамалар көрсеткендей, радиоактивті заттардың заңсыз айналымы есірткінің заңсыз тасымалдау жолдарымен сәйкес келетін болып шықты.

Бұның себептері мынада деуге болады. Біріншіден, радиоактивті заттар тиісті деңгейде сақталмайды. Сірә, бұл жаңадан тәуелсіздік алған елдердің, соның ішінде  орталық-азиялық республикалардың радиоактивті материалдардың есебін жүргізу мен бақылаудың орталықтандырылған жүйесін құрып үлгермегендіктен болды. Екіншіден, осы мемлекеттердегі ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай халықтың хал-ауқатын нашарлатып жіберді. Осыдан барып, тұрғындар осындай заңсыз жолдармен пайда табуды кәсіп етуге әрекеттенді.

Тәжікстанда да едәуір дамыған ядролық шикізат қазып шығаратын базасы болды. Ядролық кешенге жататын кен орындарының қатарына ең ірілері болып мыналар есептеледі: Адрасман, Табошар (уран өндірісі), Ходжент маңындағы Востокредмет комбинаты, ТуяМуюн, Қызыл-Жар. Чкаловскіде (Атомобад) Востокредмет комбинатында уран байыту өндірісі жұмыс істеді. Яван және Калининабад қалаларында ауыр су өндірісі болды, бірақ ол КСРО тараған кезде тоқтап қалды. Тәжікстан аумағындағы ядролық инфрақұрылым нысандары елдегі азамат соғысы кезінде айтарлықтай бүлінген болатын. Соның себебінен ядролық материалдарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты алаңдаушылық туындады. Тәжікстаннан ядролық қару жасау ісінде “табалдырықта” тұрған мемлекеттерге ядролық материалдардың өтіп кеткендігі жөнінде сыбыстар да пайда болды. Бірақ олардың көбі негізсіз болған еді.

Тәжікстан 1996 жылы тамызда “Ядролық материалдарды физикалық қорғау туралы Конвенцияға” қосылды. 1996 жылы қазан айында ЯСЖТШқа қол қойып, оны 1998 жылы маусымда бекітті. Ал 1997 жылы қаңтарда ЯҚТШқа қосылды. ЯҚТШ бойынша кепілдіктерді қолдану туралы келісімге қол қою жөніндегі мәселеге дайындалу, Тәжікстанның МАГАТЭ мүшелігіне өту және Орталық Азиядағы ЯҚАА туралы шартқа қосылу үшін 1999 жылы тамыз айында республика үкіметінің қаулысымен МАГАТЭ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.

1997 жылы желтоқсан айында “Қаружарақты, әскери техниканы және қосарланған мақсаттағы өнімдердің экспортын мемлекеттік бақылау туралы” Заң қабылданған болатын.  Бұл заң республика қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрі жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау тәртібін нығайту және осы елдің халықаралық міндеттемелерін орындау үшін де қабылданған-тын.

Тәжікстан Республикасы Үкіметінің шақыруы бойынша елде қалыптасқан радиациялық жағдаймен танысу мақсатында 2000 және 2001жылдары  МАГАТЭ  миссиясы  келіп  кетті. Аталған ұйым мамандарының жұмысы нәтижесінде негізгі қорытындылар мен ұсыныстары бойынша келешекте атқарылуы тиіс міндеттердің жалпы жоспары жасалды. Ол жоспар бойынша, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ұлттық саясатты қалыптастыру; ЯҚТШ-қа және Орталық Азияда ЯҚАА туралы шартқа байланысты “Кепілдіктер туралы келісімге сәйкес” барлық ядролық материалдар мен жабдықтарды бақылау мен есепке алудың ұлттық жүйесін жолға қою қажет.

Ауғанстан Тәжікстанның ең жақын көршісі болғандықтан бұл республикаға экспорттық бақылау мәселесіне өте үлкен көңіл бөлу қажет. Ал Ауғанстандағы саяси жағдайдың әлі де болса толық тұрақталмағандығын  ескерсек,  бұл мәселенің өзектілігі мен  маңыздылығы арта түсетіні айтпаса да белгілі. Экспорттық бақылаудың негізгі  буындарының  бірі  бо-  лып табылатын кедендік бақылау қызметі екенін ескерсек, ол заңсыз айналымның жо-  лын кесуге арналған ең озық жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс. Өкінішке орай, әзірше Тәжікстанның кеден қызметі мұндай құралжабдықтарға қол жеткізе алмай отырғанын мойындауға тура келеді.

Тәжікстан экономикасының тірегі әрі басты салаларының бірі тау-кен өнеркәсібі болып табылады. Оның өткендегі қызметі Амудария мен Сырдария өзендерінің жоғарғы ағысында және тікелей адамдар қоныстанған өңірлерде радиоактивті қалдықтардың (РАҚ) жиналып қалуынаалыпкелді. Соңғылардың Тәжікстанмен көршілес елдерге де, яғни аймақтық сипаттағы экологиялық зиян әкелуі мүмкін екені түсінікті. Қазіргі уақытта РАҚ-дың көлемі жүздеген миллион тонналармен және шоғырлану ауқымы жүздеген гектарлармен есептеледі. Олардың арасында бірінші кезекте Исфара, Чкаловск, Табошар, Адрасман және Ходжент бар. Аталған РАҚ-тар екінші рет қайта өңдеуден өткізіліп ядролық қондырғыларға арналған матери-  алдар алу үшін көрші мемлекеттерге заңсыз шығарылуы мүмкін.

Халықаралық қауымдастық ядролық қару таратпау тәртібіне қауіп төндіру мүмкіндігіне байланысты ядролық немесе басқа радиоактивті материалдардың заңсыз айналымының  етек  алу фактілеріне алаңдаушылық білдіруде. Бұл тұрғыдан алғанда Еуропалық Одақ та сырт қалмады. Орталық Азия республикаларында ядролық қару жоқ болғандықтан, Еуропалық Одақ аймақтағы ядролық қауіпсіздік мәслесі негізінен атом электр станцияларды пайдалануға қатысты деп есептеп және бұл мәселе аймақтағы экологиялық қауіпсіздікпен тығыз байланысты, себебі ядролық электр станцияда орын алуы мүмкін апаттың салдары қоршаған ортаға әрі халық денсаулығына зиянды әсер береді деген дәлел келтірді.

Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдеріне арналған ядролық қауіпсіздік жобасын жүзеге асыру ТАСИС бағдарламасы шеңберінде жүзеге асты (ядролық реакторларға арналған материалдарды бақылау). Алғаш рет ТАСИС-тің ядролық қауіпсіздік бағдарламасы шеңберінде Ақтаудағы шапшаң нейтрондағы реактор қауіпсіздігін қамтамасыз ету  бағдарламасы  іске асырылды. Сондай-ақ ондағы отын элементтерін бақылау жүйесі сыннан өткізілді. Еуропалық Одақ тарапынан ядролық материалдарды тасымалдау жүйесін жетілдіру саласында көмек көрсетілген елдердің бірі – Қазақстан болды. ТАСИС бағдарламасы шеңберінде ядролық отын мен басқа да ядролық материалдарды тасымалдаудың барлық тұстары бойынша ақпарат алмасу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Жалпы аталған жобаны іске асыру үшін Қазақстанға Еуропалық Одақ тарапынан 9,5 млн. евро бөлінді [2].

Еуропалық Одақ тарапынан әр түрлі жобалар бойынша көрсетілген көмек негізінен еуропалық мамандар жағынан консультациялық қызмет, сараптамалық жобалар, аймақ бойынша әртүрлі салада мәліметтер жинау, техникалықэкономикалық негіздеме әзірлеу, үкіметтік құрылымдар мен әкімшілік өкілдерін, жергілікті мамандарды тиімді менеджментке үйрету арқылы іске асырылды. Сондықтан Еуропалық Одақтың жобаларды дамытуға тікелей қаржылай салымдары айтарлықтай көп емес.

Еуропалық Одақтың үлгісінде тасымалдау жобаларын, экологиялық бағдарламаларды, ядролық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және оларды жүзеге асыру, әртүрлі салада, соның ішінде ядролық қару таратпау саласында аймақ елдері арасында ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдесетін интеграциялық фактор бола алатындығына күмәндануға болмайды. Жаппай қырып-жоятын қарудың тарап кету ықтималдығына жаңа тәуелсіз мемлекеттер,  соның  ішінде  Орталық  Азия  елдері де әжептәуір жауапкершілікпен қарай бастады. Олар ядролық материалдарды физикалық қорғау, есебін жүргізу мен бақылау және экспорттық бақылау саласында екіжақты және көпжақты ынтымақтастыққа мүдделілік танытуда. Саяси тұрғыдан алғанда орталық-азиялық бес республиканың  үкіметтеріне  МАГАТЭнің сенімді мүшесі ретінде танылу төтенше маңызды, өйткені бұлардың барлығы өздерінің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламалары мен жобаларына өте қажетті халықаралық қолдауға зәру. Аталған елдердің үкіметтері берік экспорттық бақылау жүйесі оларға қолайлы сауда серіктесі беделіне ие болуға жәрдемдесетінін жақсы түсінеді. Бұл өз кезегінде батыстық нарыққа  және  технологияларға  қол  жеткізуге жол ашады.

Орталық Азия елдерінің экономикасы депрессиялық жағдайдан біртіндеп шыға бастады. Аймақ мемлекеттерінің кейбірінде экономикалық ілгерлеуді білдіретін белгілердің шеті көрінуде. Орталық  Азия  республикалары экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі – жоғары технологияны пайдалану негізінде өндіріс үрдісін жеделдету болып табылады. Осы қағиданың негізінде аталған елдер ғылыми–техникалық ақпарат алмасуға қолғабыс ететін халықаралық шаруашылық байланыстарды кеңейтіп жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда, орталық-азиялық республикаларда экспорттық бақылау жүйесін енгізу және оны жетілдіру шаралары, ядролық қаруды қоса есептегенде, жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қауіпін жете түсінуден туындап отыр. Ядролық материалдардың бақылаусыз таралуы, алаңдаушылық тудырып отырған “сенімсіз” мемлекеттерге немесе бұдан-да жаманы, лаңкестік топтардың қолына түсуін және оның қолдануына алып келуі мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Орталық Азия аумағында Қазақстандық “Казатомпром” ҰАК, Қырғызстанның “ҚараБалта тау-кен комбинаты” және Тәжікстанның “Востокредмет” өндірістік бірлестігімен тығыз серіктестік орнатқанын айтуға болады. Аталған республикалармен және комбинаттармен  тиісті үкіметаралық келісім-шарт жасасқаннан кейін “Казатомпром” солардың негізінде табиғи уран концентратын қайта өңдеу үшін жөнелте бастады [3]. Бірақ Өзбекстан жағы достастық рухына мүлде сай келмейтін әрекеттерді жиі-жиі жасайды.

2003 жылдан бастап атом электр станцияларына отын ретінде пайдаланатын уран концентратын шығаратын «Заречное» атты бірлескен (Қазақстан – Ресей – Қырғызстан) кәсіпорын жұмыс істей бастады. Кәсіпорын құрылтайшылары отандық «Казатомпром» ҰАК (45 % акциясы), Ресейлік «Атомредметзолото» (45 %) және Қырғызстандық Қара-Балта тау-кен комбинаты (10 %). Шикізат қазып алу жұмыстары қорының көлемі шамамен 19 мың тонна құрайтын Оңтүстік Қазақстандағы «Заречное» кен орнында жүргізіледі дағы, оны өңдеуге Қырғызстандағы Қара-Балта тау-кен комбинатына жөнелтіледі. КСРО кезінде бұл кәсіпорын уран концентраттарын өндіретін жетекші ұйым болған еді, ал қазіргі уақытта Ресейдегі АЭС-  на тұрақты қамтамасыз етуші болып табылады. Қазіргі кезде Ресейде АЭС-да 29 реакторлық қондырғылар жұмыс істеуде және олар жылына 4 мың тонна уран тұтынады. Сонымен қатар, аталған кәсіпорынның өнімі Польша, Венгрияға да жеткізіледі. Комбинат мамандарының пікірінше, алғашқы кезеңде (2003-2006 жылдары) «Заречное» бірлескен кәсіпорны жылына 500 тонна дайын өнім өндіретін болады. Кейін өндіріс көлемін жылына 700-800 тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр [4].

Қазақстан үкіметінің экспорттық бақылау мәселесіне жауапкершілікпен назар аударуды талап ететін мәселе ретінде қабылдайтындығының дәлелі бола алатын маңызды шара ретінде 1998 жылы қараша айында Астанада, Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда министрлігі мен АҚШ-ныңсаудаминистрлігіұйымдастырған “Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі экспорттық бақылау мен жаппай қырыпжоятын қаруды таратпау мәселелері бойынша халықаралық аймақтық форумның” өткізілуін атап өту керек. Бұл форумның басты мақсаты ядролық қарудың таралу қауіпімен байланысты аймақтық мәселелерді талқылау, Орталық Азия елдеріндегі экспорттық бақылау жүйесін құру, аталған мәселелер бойынша аймақтық ынтымақтастықты жолға қою міндеті жөнінде пікір алмасу. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан өкілдері қатысқан басқосуда экспорттық бақылау мен ядролық қару таратпау саласындағы саясаттың құқықтық негізі, лицензиялау, экспорттаушы мен мемлекеттік мекемелер арасындағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.

Қазақстандағы ядролық және басқа да радиоактивті материалдарды бақылау жүйесін қалыптастыру тәжірибесі Орталық Азия елдеріндегі кейбір мәселелерді шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Орталық Азия елдері қолға алған интеграциялық үрдістер тұрғысында өздерінің және ядролық қару таратпау тәртібін қолдаушы мемлекеттердің мүдделеріне бірдей жауап беретін ядролық және басқа да радиоактивті материалдарға бақылаудың бірлескен үлгісін жасау қажеттігі туындап отыр.

1998-2013 жылдары өткізілген Орталық Азия елдеріндегі экспорттық бақылау мен жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелері бойынша халықаралық, аймақтық форумдардың ұсыныстарын орындау шараларына талдау, аталған елдерде экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесін жасау жөніндегі жұмыстардың белгілі бір оң нәтиже бергеніне қарамастан, бұл шаруа тиянақсыз жүргізіліп келе жатқанын көрсетті. Мысалы, ядролық материалдарды физикалық қорғау және экпорттық бақылау мәселелері,  осы саладағы заңнаманы жетілдіру, унификациялау, Орталық-азиялық ынтымақтастық ұйымы шеңберінде экпорттық бақылаудың ұлттық тізімдерін әзірлеу сияқты мәселелер аталған құрылымға қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуінде талқыланбайды.

Орталық Азия өңіріне қатысты келеңсіз жағдайлардың қатарына  сыртқы  факторларды да ұмытпау  керек.  Осы  аймақтың  саяси  тұрақтылығына  қауіп  төндіретін  сыртқы қатерге бес мемлекеттің қолайлы географиялық  жағдайы  ядролық   материалдар мен “қосарланған мақсаттағы” өнімдерді тасымалдау үшін пайдалану ықтималдығын жатқызуға болады. Құрылған ядролық қарусыз аумағының көлемі айтарлықтай үлкен. Ол бес мемлекеттің аумақтарын қамтиды. Ауқымды кеңістікте халықтың тығыз орналаспауы (бұл әсіресе Қазақстанға қатысты) және ондағы инфрақұрылымның жетілмегендігі қадағалау қызметін өз деңгейінде атқаруға әсер етпей қоймайды. Оның   үстіне   жоғарыда  айтылған экпорттық бақылаудың ұлттық жүйелердің дамымағандығы, әлі де болса кеден және шекара қызметтерінің тиісті дәрежеде ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету мәселелері бар. Айталық, Орталық Азияның бес республика шекарасының ұзындығы (Каспий жағалауы шекарасын қоспағанда) ұзындығы 12 730 шақырымды құрайды. Әрине мұндай зор аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету оңай шаруа емес екендігі түсінікті, бірақ ол елеусіз қалмауға тиіс.

Қазіргі уақытта Орталық Азия республикаларында экспорттық бақылау міндеттерін шешу халықаралық және донорлық ұйымдардың қаржысына мұқтаж. Олар мемлекеттік құрылымдар мен ведомстволарға техникалық көмек көрсету арқылы экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі жұмыстарды қолдап, жандандырып отырады. Бұл көмектің өзі шексіз емес екендігін ескеру қажет. Сондықтан ядролық және басқа да радиоактивті материалдарды бақылаудың ұлттық тиімді жүйесін құру қажет және оны қалыптастыру үшін Орталық Азия елдерінің күш-жігері мен тәжірибесін біріктіру керек. Сонда ғана мемлекеттердің ядролық материалдарды бақылау жүйесін құруда әрі ядролық қару таратпау саласындағы саясаты шынында да нәтижелі болмақ.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Поттер У. Оценивая опасность ядерных хищений из государств бывшего Советского Союза//Ядерный контроль. –– №13. – С. 10-14.
  2. Центральная Азия во внешней политике Европейского Союза / Подред. Ж.У.Ибрашева. – Алматы, 2004. – С.175.
  3. Кабаев С. НАК “Казатомпром” в системе экспортного контроля Казахстана //Материалы международной конференции“Экспортный контроль ядерных передач в странах Центральной Азии”. – Алматы, – С. 20-21.
  4. Создано совместное предприятие по добыче урана // Электронный новостной бюллетень «Ядерная Россия сегодня». – 2002. – 12 ноября // http://www.pіrcenter.org/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.