Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азиядағы интеграция мәселелері

Әлемнің түкпір – түкпіріндегі аймақтарда интеграция тұрақты тенденцияға ие болған. Жаһандану экономикалар арасындағы бәсекелестікті күшейтті, ал ол өз кезегінде мемлекеттердің күштерін біріктіруге ұмтылыстарын да  дамыта түсті. Оған қалыптасқан әлемдік интеграция үлгілері – ЕО, НАФТА, МЕРКОСУР, АСЕАН, т.б. мысал бола алады.

Қазіргі жаһандану кезеңінде Орталық Азия өзінің бай табиғи ресурстары мен маңызды стратегиялық орналасуы арқылы әлемдік державалардың саяси және экономикалық мүдделерінің  шиеленісу  орталығына  айналып отыр. Мемлекеттердің әлемдік саясатқа  ену күрделілігі көптеген факторлармен түсіндіріледі, оның ішінде лайықты тәжірибенің болмауы мен ұлттық мүддеге сәйкес күш орталықтарын тұрақты теңестіріп отырудың қажеттілігін айта кетуге болады. Алайда Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциясына кедергі келтіруші көптеген факторлар: аймақтың   әлсіз   экономикалық    потенциалы, этникалық қақтығыстардың шығу қаупі, парақорлық мәселелері тікелей қауіпсіздікке өз әсерін тигізуде. Сонымен қатар Орталық Азия елдерініңсаясиқұрылымындағыәулеттікбөлініп басқарушылық ортақ орта-азиялық интеграцияға кедергі болуымен қатар, мемлекеттердің өз ішінде қақтығыстардың болуына  алып  келуде. Саяси келісімге келе алмаушылық өз кезегінде аймақ мемлекеттерінің өз ішінде одақтасумен қатар, басқа мемлекеттермен де, мысалы Ресей, АҚШ, Қытай қолдауын табуға итермелеуде. Себебі аймақ мемлекеттерінің көпшілігі АҚШ пен ЕО елдерінің қаржылық қолдауы мен Ресейдің әскери және техникалық көмегіне тәуелді. Сонымен бірге өзіндік бірегейлік мәселесінің өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси – құқықтық жүйелері жағдайының транзиттік сипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды.

Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы ұлттық шаруашылықтар мен құрылған аймақтық экономикалық топтардың жақындауы мен өзара қарым-қатынастарымен сипатталады. Оның негізінде өзара сауда және инвестициялық өзара қарым-қатынас жолында ұлттық кедергілерді жою мақсатында ұлттық шаруашылықтық жүйелердің   байланыстарын күшейту мен дамыту үрдістері жатыр. Бюджеттік, салықтық және валюталық саясаттарын келістіру, бірегейлендіру арқылы бірыңғай экономикалық  кеңістік құрылады. Осының негізінде жаңа геосаяси жағдайды қалыптастыру мен осы аймақтағы экономикалық мүдделерін жүзеге асыру және өз ықпалын нығайту керек. Сондықтан осы аймақта аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттердің алдына қойған өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процеске, аймақішілік өзара қарым-қатынас сипатындағы, сонымен қатар, өзінің жақын көршілестерімен   басқа  да  мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында мүдделі болып табылады. Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық формуласын іздеуін және танылуын талап етті. Қазіргі сәтте Орталық Азияның одан әрі дамуында екі жол бар. Бірінші жол – өзінің әлемдік экономикадағы шикізат көзі ретіндегі ролін бекіту. Оның үстіне – әлемдік геосаяси және геоэкономикалық бәсекелестіктегі қолжаулық ролі. Екінші жол – интеграция. Халықаралық нарық процестеріне тең деңгейде қатыса алатын аймақтық мықты бірлестік құру жолы. Бұл лық, экономикалық өрлеу, әскери және саяси қауіпсіздік жолы. Орталық Азиялық елдердің тәуелсіздік жылдары, бұл елдердің мүдделерімен ешқашанда сәйкес келмейтін, тек қарама-қарсы болатын, Батыс және Шығыс мемлекеттер қатарының назарының орталығында болды.Сонымен қатар, сыртқы күштер арасында Орталық Азиядағы геосаяси және геоэкономикалық ықпал сферасы және оның табиғи ресурстары үшін күрес айналысы пайда бола бастады. Орталық Азия аймағына тек мемлекеттер мен шетелдік компаниялар ғана көңіл аударған жоқ. Орталық Азиялық елдері және халықтары, тағы да ауқымды қарама-қайшы жоспарының жүзеге асыруы мақсатында, осы жерде өзінің стратегиялық плацдармдарын құруға үміттенген, түрлі экстремистік исламдық ұйымдардың шабуылына ұшыраған еді [1].

Осының негізінде жаңа геосаяси жағдайды қалыптастыру мен осы аймақтағы экономикалық мүдделерін жүзеге асыру және өз ықпалын нығайтукерек. Сондықтаносыаймақтааймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттердің алдына қойған өзекті және маңызды міндеттерінің бірі болып отыр. Аймақ елдері әлемдік интеграциялық процеске, аймақішілік өзара қарым-қатынас  сипатындағы,  сонымен қатар,өзінің жақын көршілестерімен басқа да мемлекеттермен қатысты мәселелерді шешуінде тығыз қатысуында мүдделі болып табылады. Жаңа шыңайылықтар жас мемлекеттердің саяси басшыларынан өзінің танылуын, ұлттың қауіпсіздік және даму стратегиясының барабарлық формуласын іздеуін және танылуын талап етті. Сонымен қатар, егерде бұрын КСРО құрылымында ортаазиялық кеңестік республикалардың ұлттық даму мен қауіпсіздік мәселесі күшті жоғарғы державалық одақтас мемлекеттері шеңберінде шешілсе, онда тәуелсіздік алғаннан кейін және қажетті ресурстардың жоқ болуында көрсетілген мәселелер ерекше өзектілігіне ие болады және өз бетінше жаһанданудың өзгешелік күштерінде жаңа қауіптің пайда болуына әкеледі. Орталық азиялық мемлекеттердің әлеуметтанушылары мен саясаттануышулары, аймақ мемлекеттерінің қазіргі сыртқы саясатын қалыптастырылуы әлемдік пен аймақтық ауқымды күштер орталығы арасында балансталған және дамудың сыртқы шаралары өте қиын жағдайда өтіп жатыр деп белгілеген. Өз кезегінде, бұл аймақтық ынтымақтастыққа себепші болады. Аналитиктер ең алдымен, қауіпсіздік үшін құрылымдық ынтымақтастыққа мемлекеттердің дайындығы мен қажетілігіне шартталған, аймақішілік диологтың дамуында бірқатар позитивті қозғалыстарды белгілейді. Қауіпсіздік идеясы Орталық Азияның жас мемлекеттерінің интеграциясына түрткі болған дәлел бола бастады [2].

Орталық Азия  аймағындағы  мемлекет халықтарының тарихи байланыстылығы олардың арасындағы интеграцияның негізгі алғышарттарының бар екендігін көрсетеді, аталған алғышарттар геосаяси, геостратегиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, өркениеттік, діни, мемлекеттік-саяси және этникалық негіздерге тығыз байланысты.

Орталық Азия мемлекеттерінің экономикасы бірыңғай кеңестік халықтық – шаруашылықтық кешеннің құрамдас бөлігі ретінде дамыды. КСРО ыдырауы мен шаруашылықтың шарттарының түбегейлі өзгеруі мемлекеттер тек өзара бірігуі арқылы ғана шешімін таба алатын мәселелердің туындауы мен оның күрделенуіне алып келді.

Аймақ мемлекеттері саяси және экономикалық құрылымдардың реформалануын көздейтін өтпелі кезеңнің ортақ міндеттерін құрастырған болатын. Осы  кезеңде ең негізгі мәселе ортақ экономикалық потенциалды тиімді пайдалану жолдарын іздеп табуда болған болатын. Орталық Азия елдері сыртқы саяси стратегияларын өзара үйлестіре отырып қана экономикалық интеграция мен ұлттық қауіпсіздік жүйелерін дамыта алады. Мемлекетаралық қатынастарды дамытуда аймақ мемлекеттері бірнеше кезеңді өтті. Осы даму әр республиканың ішкі саяси жағдайымен, саяси жетекшілерінің жеке тұлғалық қасиеттерімен және экономикалық ерекшеліктерімен анықталды, ал ол аймақтағы интеграциялық үрдістің даму динамикасына өз әсерін тигізді.

ТМД мемлекеттері КСРО-данинтеграциялық типтегі байланыстарды құруға деген тығыз қарым-қатынастарды қалдырды. Әсіресе энергетикалық және транспорттық жүйелері, радио және телекоммуникация кешендері, мұнай мен газ салалары ерекше көзге түсті. Алайда Орталық Азия елдері арасындағы интеграция толықтай орнады деп айту әлі ерте. Келісімдерді толыққанды жүзеге асыру механизмдерінің реттелмеген, кедендік, салықтық және бюджеттік саясаттардың байланысы әлі жүргізілмеген. Мемлекеттердің өздері аймақтық қатынастарды басым деп санамайды. Оның казіргі заманғы соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия мемлекеттері ортаазиялык интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық тұтастықпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен байланыстырады. Сондыктан тарихи қалыптасқан тығыз шаруашылық байланыстары мен аймақтың ұтымды геосаяси жағдайы Орталық Азия мемлекеттерін өзара ынтымактасуға жетелейді.

Сол сияқты аймактың газ, су-энергетика ресурстарын, экологиялық мәселелерін бірлесе отырып шешу, көлік-коммуникация жүйелерін бірлесе отырып пайдалану, соңғы жылдары күшейіп келе жатқан наркобизнес пен әр түрлі экстремистік, террористік топтар мен ағымдарға бірлесе отырып күрес жүргізу сияқты маңызды шараларды іске асыру үшін де аймақтық интеграция кажет. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһаңдану жағдайында орындалуы әлемдік тарихтағы бірінші оқиға деп бағалануда. Орталық Азия елдеріндегі интеграцияның әлсіз жақтарын анықтау үшін оны халықаралық  экономикалық интеграцияның шарттары мен алғышарттарына сәйкес зерттеу қажет. Жалпы аймақтағы интеграция үрдісі өте баяу жүргізілуде. Ол бірнеше себептермен түсіндіріледі, олардың қатарына экономика мен саяси жүйелерді реформалау модельдерінің әртүрлілігі жатады. Экономика мен саяси жүйелердің, ұлттық мүдделердің және халықаралық аренаға бағытталудың әртүрлі болуы әзірше интеграциялану үрдісінен жоғары орын алуда.

Орталық Азия мемлекеттерінің шеңберінде көпжақты өзара қатынас та баяу дамуда. Мемлекетаралық тауар алмасуы, инвестициялық ынтымақтастық төмендеуде, жеке капиталдың интеграциясы байқалмайды, кедендік және валюталық кедергілер жоғары, ұлттық шаруашылықтық заңнамаларда әртүрлілік бар. Сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттерінің шеңберінде қол қойылған құжаттардың тиімділігі де жоғары емес.

Орталық Азияда интеграцияны   дамыту үшін біріктіруші идея қажет. Бір шетінен Еуразиялық концепция ортақ стратегияның рөлін   атқаруы   мүмкін,   себебі   Орталық Азия мемлекеттері Еуразиялық өркениеттік құрылымға жатады және тарихи дамуы, ділі мен өмірлік құндылықтарда қабылдауы ұқсас болып келеді. Дегенмен де өзіндік идентификация проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси – құқықтық жүйелеріжағдайыныңтранзиттіксипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияныжүзегеасырудағықиындықтардыанықтайды. Өткен кездесуде Орталық Азия елдерінің басшылары Достастықты өтпелі кезеңде гана іске асыруга болатын ынтымақтастық үлгісі және әрбір мемлекет ішкі дамуының басыңқы жактары мен халықаралық міндеттерін есепке ала отырып, ынтымактастыққа қатынасу түрлерін өздері аныктайды деген қорытындыға келді. Дегенмен де,  қайта  құру  жылдарында  дәл  осы аймактық бірлестік, кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте Достастыққа қатысушы елдер арасындағы шаруашылықаралық байланыстарды қолдап, ара-тұра бой көтерген кейбір қайшылыктар мен әскери қактығыстардың кейде алдын алып, кейде өзара келістіріп, реттеуші қызмет атқарды. Президент Н. Назарбаев  «еуразияшылдық»  ұғымын  теориялық жол емес, тәжірибелік саясаттың бір бағыты деп қарастырды. Қазақстан үшін «еуразияшылдық» интеграциялану бағыты, көпжақты аймақтық одақтастықтың дамуы. «Еуразияшылдық» теориясы қазіргі әлемде ұлттық мәдениеттердің диалогы мен олардың жақындасуы қажеттілігінен туындаған. Орталық Азияда маңызды рөлді қауіпсіздікті сақтау мәселелері алады [3].

Есепке алатын жайт, Орталық Азия әлемдік державаларды экономикалық, саяси, тіпті әскери саладан қызықтыратын аймақ болып табылады. Аймақ елдерінің мемлекеттік шекараларды күшейту ұмтылыстарына қарамастан олар халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, этникалық сепаратизм, қару жарақ пен есірткінің заңсыз тасымалы, заңсыз миграция сияқты трансұлттық қауіптерге кедергі болмай отыр. Қандай да бір тарихи, геосаяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени факторлардың жиынтығы аймақ мемлекеттерінің лаңкестік қауіп алдында осалдығын көрсетеді. Осындай  жағдай өз қауіпсіздігін сақтау мақсатында орталық азиялық республикаларды халықаралық ынтымақтастыққа  енуге  міндеттейтін  ерекше жағдай туындатады. Орталық Азия геосаяси жағдайынан негізгі аймақтық ойыншыларды өкілеттік еетін құрылымды құрастыру қажеттілігі пайда болды, ал ол өз кезегінде көпжақты келісім мен кеңес беру қызметтерін де атқаратын еді. Осыған мысал ретінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын айта кетуге болады, себебі ұйым Орталық Азияда саяси тәртіпттердің тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар құрылымдық экономика мен әскери – саяси саладағы қауіпсіздіктің орнауына ықпал етеді.

Әлемдік интеграциялық тәжірибені  зерттей отырып, Орталық Азия елдеріне еуропалық интеграцияға сәйкес барлық кезеңдер мен формаларды өту қажеттілігі жоқ деп айтуға болады, себебі бірнеше ғасыр бұрын болған Еуропамен салыстырғанда Орталық Азия елдері біраз ғана жыл бұрын бірыңғай экономикалық, саяси және мәдени кеңістікте болды және оның бөлшектері әлі де сақталды. Жалпы еуропалық интеграция тәжірибесі аймақтық интеграцияның салдарлы, кезеңдік үрдіс екендігін көрсетеді, онда соңғы нәтиже тек іс әрекеттегі таңдаудың дұрыстығында ғана емес, сонымен қатар нақты тәжірибелік әрекеттердің бағдарламасын құрастыруда болып отыр. Интеграцияның маңызды мақсаты мемлекеттердің мүдделерін келістіру ғана емес, сонымен қоса бар қайшылықтарды кедергі ретінде емес, даму мен алға жылжуды баяулататын құбылыс ретінде түсіндіру болып табылады.

Қорытындылай келсек, Орталық Азия аймағының ерекшелігі басқа интеграциялық бірлестіктердің үлгісін механикалық тұрғыдан көшіруге келмейді, оны жіті зерттеу мен бейімдеуді  қажет  етеді.  Интеграцияның  негізі ретінде сауда – экономикалық және ұжымдық ынтымақтастықтың дамуы, толыққанды және қорғалған ортақ нарықтың болуы керек. Оған ұлттық тауар өндірушілерді қолдау, бірыңғай экономикалық кеңістікте өнеркәсіптік қызметке жағдайжасаусияқтықажеттіліктердіжүзегеасыру керектігі шығады. Орталық Азия аймағының негізгі бағыты интеграциялық доктриналардың әлемдік тәжірибесімен санаса отырып, мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының механизмін құрастыруы болуы қажет.

 

Әдебиеттер 

  1. Шумский Н. Интеграция постсоветских государств: возможности и перспективы развития.// Международное общественное объединение «Развитие». № 1 (33), 2012. С. 11-21.
  2. Ситарян С. Интеграция стран СНГ: трудности и перспективы взаимодействия.// Казахстан – Спектр. Научный журнал.№33,2011. С.15.
  3. Смагулова Д. К. Интеграционные процессы в Центральной Азии: проблемы и перспективы.//Евразийская Экономическая Интеграция. №4 (17), 2012. С 115. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.