Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы

«Каспий барлық әлемдік өркениеттер мен діндердің қиылысқан жері болып есептелінеді» мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  өзінің монографиясында атап өтеді [1]. Оның бұл мәртебесі артынан әлі де сақталып келеді. Бүгінгі күнде Каспий теңізінде түрлі елдердің компаниялары жұмыс жасайды. Бұл жайданжай емес. Сарапшылардың есептеуінше, дәлелденген мұнай қоры 4-6 млрд. тоннаны немесе әлемдік мұнай қорының 3%-ын құрайды. Қазіргі кезде каспий теңізі мұнайының өндіру көлемі бүкіл әлемдік мұнай қорының 1,5% немесе Таяу Шығыс елдерінің мұнай қорының 4%-ын құрайды. Жалпы, Каспий теңізінің өндірістік потенциалы 150-200 млн. тоннаға немесе көрсетілген уақыттқа қарай Таяу Шығыс елдерінің өндірістік қуаттылығының 12%-ға бағаланады [1, 156].

2001-2009 жылдары өз өкілеттілігін атқарған АҚШ вице-президенті Ричард Чейнидің сөзін айтып кеткен жөн, ол «қандай да бір аймақ кенеттен Каспий теңізі сияқты стратегиялық маңызды болып кеткен жағдайдың болғаны есінде жоқ» деп айтқан болатын [2]. Каспий аймағы теңдессіз. Бірінші  кезекте,  көптеген  ірі мемлекеттер аймаққа мүдделі және «үлкен ойынға» еліктеуде. Екіншіден, олардың көбі халықаралық қатынастардың қайтадан құрылған акторы болып келеді. Үшіншіден, аймақтың тағдырына қатысты мәселелердің барлығы дерлік анық емес. Дербес каспийлік аймақтың пайда болуымен Батыс және батыстық іскер топтар таңдаулы бір аспектте – мұнай-газ ресурстарында тоғыстырылды. Каспий теңізі бассейнінің мұнай және газ ресурстары әлемдік энергоресурстар саудасында күштер орналасуына әсер етеді. Каспий теңізі бассейнінің кен  орында-  ры белгілі бір деңгейде әлемдік экономиканың таяу шығыстық мұнайдан тәуелділігін әлсіретуі мүмкін. Ал қалғаны, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының  бұрынғы қызметкері, қазіргі Рэнд корпорациясының беделді ғылыми қызметкері Грэм Фуллердің сөзінше, ешкімді қызықтырмайды. Бұған дәлел  ретінде  Каспий теңізі құрама бөлігі болатын үлкен энергетикалық потенциалы жоқ Орталық Азия және Кавказ аймақтары бола алады. [2, 3]

Каспий теңізінің көмірсутек ресурстарымен байланысты мәселелер негізінде мұнай қоры мен мұнай өндірудің өнімдері үстінен физикалық бақылау жатыр, дегенменде, маңызды мәселе табыстың бөлінуі болып есептеледі. Мысалы, Америка Құрама Штаттары тек американдық компаниялары каспий мұнайын сатудан келетін табысты негізгі бөлігін алуға тырысады. Бұл жағдайда мұнайдың қайда – Қытайға ма, Чилига ме, Үндістанға ма, жеткізілетіні маңызды емес. Тек кімнің табысты бақылайтыны ғана маңызға ие. Сәйкесінше, Каспий теңізі аймағының мұнай секторына инвестиция салуға және құбыр желісіне қатысты кез келген мәселеде шешуші орынды геосаяси аспект алады. Көптеген қазақстандық сарапшылар, Вашингтонның әлемдік жаңа энергоресурстардың  ағымын және олардың бағаларын бақылау мүмкіндігін жоғалтып алу себебінен, АҚШ Батыс Қазақстаннан ҚХР-ға мұнай құбырының төселуіне мүдделі емес деген көзқарас ұстанып отыр [3]. 1998 жылдың қаңтарынан бастап, бұған дейін потенциалды тұтынушыға шығатын жол таппаған «американдық» БК «Тенгизшевройл» мұнайы темір жол арқылы СҰАР (Батыс Қытай)-на жіберілді, бұл факт, яғни сол пікірге қарсы келеді.

Сонымен қатар, сыртқы саясат мәселелері бойынша Американдық кеңестің бұрынғы қызметкері Уэйн Мерридің «құбырдың қытайлық бағытымен проблемасы оның Вашингтонның геосаяси таңдауларына сәйкес келмейтінінде» деген көзқарасымен келіспеу мүмкін емес [4].

Сонымен қоса, «жеңіл және ауыр мұнай өндірудің және оның Каспий теңізі бассейнінен экспорттаудың өсу көлемі маңызды фактор болып келеді, ол американдық және әлемдік экономикаға  мұнай  жеткізу  іркілістерінің   кері әсер етуін  төмендетуі  мүмкін»  [2,  5]. 1999 жылдың мәліметтері бойынша, каспий теңізі бассейнінің резервтері 200 млрд. баррель мұнайды (27,4 млрд. тонна) және табиғи газдың 279 триллион куб метрін құрайды. 30 млрд. баррель көлеміндегі дәлелденген мұнай қоры аймақтың  мұнай өндіруші елдеріне 70 млрд. АҚШ доллар сомасындағы шетел инвестициясының келуін қамтамасыз  етті, оның 4 млрд-ы салынып қойған [2, 6]. Аймақта жаңа іздестірулер жалғасуда және дәлелденген қорлардың көлемі одан көп болады деп күтіледі. Осылайша, қазақстандық Кашаған кен орнында бұрғылаудың алғашқы нәтижелері Аляскадағы (АҚШ) Прудо шығанағындағы кен орнының көлемімен салыстыруға келетін соңғы 30 жыл ішінде жаңа ашулардың бірі жасалынғанын көрсетті. Қазақстандық сарапшылардың бағалауынша, Қашаған кен орнының болжанатын  мұнай  қоры  7  млрд.  тоннаны құрайды,

13 млрд-қа бағаланатын жалпы мұнай қоры Қазақстандыірімұнайдержаваларыныңалғашқы ондығына шығара алады [5]. Н.Назарбаевтың өз монографиясына сәйкес: «Қазақстандық сектор қайраңдағы ең келешегі бар мұнай аймағы деп есептеледі... Салдар ретінде, бұның бәрі Каспий теңізі аймағының айналасында геосаяси күресті күшейтеді, бұл үрдіске, объективті жағдайлар негізінде, мемлекеттердің бірқатары тартылған болып шығады. Каспий    теңізінде  бірнеше «күш орталықтарының» – АҚШ, Ресей, Қытай, Иран және Парсы шығанағы елдерінің өмірлік маңызды мүдделері қатаң түрде қақтығысады [1, 160].

Каспийлік бағыт ҚХР сыртқы саяси стратегиясының басым бағыттарының бірі болып есептелінеді. Каспий теңізінің энергоресурстары энергошикізаттағы экономикалық өсудің жоғары динамикасымен  Қытайдың  және де өзге азиялық мемлекеттердің тез өсуші қажеттіліктерін қамтамасыз ете алады.

1990-шы жылдарының соңында қытай үкіметі елдің батыс ауданын «ашу» стратегиясын әзірледі. Бағдарламаның міндеттерінің бірі ҚХР-дың батысындағы ресурстарды өндіру және сол бөлігінің нарығын жандандыру болып табылады. Осылайша, Орталық азиялық аймақ Қытай  мен  Еуропаны  қосатын  орталық болып келеді. Қытайлық ғалымдар Орталық Азия – мұнай мен газдың әлеуеттік қайнар көзі болады, себебі, аймақтың құбыр желісі қысқа және қауіпсіз, жолдары баламалы, деп санайды.

Қазіргі кездегі Орталық Азиялық көршілерге қатысты қытайлық ресми саясат АҚШтың саясатына ұқсас келеді, тек аса ұстамды нұсқасында. Пекиндік көшбасшылар, бәрінен бұрын, экономикалық мүдделермен басқарады, мұнда олар үшін маңыздысы – каспий теңізі аймағындағы шикізат ресурстарына қол жеткізу, сонымен қоса, өзінің өнімдерінің өткізу  нарықтарын  кеңейту  болып  келеді.  Бұл үшін қазірдің өзінде Қытайдың батыс межелеріне әртүрлі көліктік инфрақұрылым тартылуда, кейін ол Каспий, Қара, Жерорта теңіздері бассейндеріне апаратын Ұлы Жібек жолының әр түрлі бағыттарында жалғасуы керек. Экономикалық мүдделер –  Каспий  теңізі маңындағы мемлекеттерімен өзара қатынастарда Қытайдың басты, бірақ жалғыз қозғау салушы түрткісі емес. Өзінің территориясында Синьцзян – Ұйғыр автономды ауданының (этникалық  жағынан  Орталық   Азияның   түркі тілдес тұрғындарына жақын) бұрынғы халықтарымен реттелмеген мәселелері бола тұра, Пекин батыстық көршілермен шекарада тұрақтылықты қолдауда мүдделі болып тұр, сол үшін де екі жақты қатынастар тәртібінде және «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы» шеңберінде тең құқылы жағдайға сәйкес уағдаластықты құра отырып, ортақ халықаралық терроризммен күрес мәселесін шешуге барлығымен тең дәрежеде қатысуға дайын. Алайда, аймақтағы Қытайдың нақты мүдделеріне қатысты өзге көзқарас бар. Мысалы, американ университетінің зерттеушісі В.Хлюпин «Қытай қазақстандық кеңістіктерін баяу, бірақ дұрыс, барлық қол жетушілік жолдармен, тәсілдермен «игереді». Батысқа жылжу, сөзсіз, қытайлық басшылықтың  жоспарына кіреді, саналы және мақсатты түрде жүзеге асуда. Қазақстан басшылық мәселелерді ескермей, Ұлы шығыстық көршісіне қауіпті геосаяси ойын жүргізуде. Бұрынғы империя Ресейдің құшағынан қашамын деп, одан да қауіптірек «одақтастың» қолына түседі [6]. Уэйн Мерри «Қытай бұған дейін Ресей империясы (немесе АҚШ) пайда болғанға дейін Орталық Азиядағы басым держава болған болатын. Қытайлық стратегтерде ұзақ есте сақтау қабілеті,  оған  қоса,  өздерінің  келешек энергетикалық тұтынуларын және де өздерінің ұлттық мүдделеріне потенциалды қауіпті өткір түсіну қабілеті бар» деп есептейді [4, 33]. Каспий теңізі маңы мемлекеттердің ішінде потенциалды түрде шикізат қатынаста өте бай мемлекет Қазақстанға басым көңіл бөледі. Бұл фактор елдер арасындағы шекаралық даудың тез шешілуіне жасырын себеп болды. Қытай тез және қырсықтықсыз мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойды (кеңестік дипломатияға қол жеткізе алмаған еді), және де өзінің әскерлерін 100 км тереңдікке тартуға келісімін берді [3, 51]. Соныменбірге, мұнайфакторыоның Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беруіне жәрдемдесті және түрлі деңгейдегі саяси байланыстардың дамуына жақсы әсер етті.

Сонымен қоса, бұл тұрғыда Ахмед Рашидтің көзқарасын келтіріп кеткен жөн, «Қытайдың Қазақстанға деген шынайы қызығушылығын тек бұл орта азиялық мемлекеттің қытайлық Синьцзян ауданымен, сол жерден тікелей Қытайға мұнай құбырын жүргізуге мүмкіндік беретін, шекаралас болуында ғана емес, сонымен қоса, Қазақстан Иран мен Иракқа, яғни қытайлықтар жақын арада өздерінің экспансиясын одан әрі күшейтуге бағытталған аймаққа, табиғи континенталды көпір қызметін атқаруында да қызығушылығын білдіріп отыр» [7].

Қытай мен Қазақстан арасындағы мұнай саласындағы ынтымақтастық 1997 жылы басталды. 1997 жылдың ақпанында Н.Назарбаев Пекинге бейресми сапармен барады. Онда «қазақ этникалық қоғам жағдайы мен этникалық сепаратизм мәселесі», сонымен қоса, «мұнай мен газ саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың келешегі мен  жаңа  көлік  коридорларын  ашуға қатысты үш мәселе» талқыланады. Н.Назарбаевтың Пекинге келуін түсіндіре отырып, ҚР сол кездегі сыртқы істер министрі Қ.Тоқаев ұйғыр сепаратизмі мәселесімен қатар, мүмкін болса – «егер Қытай тарапынан бұл мәселе қозғалса» – мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық жобасы да талқыланатын болады деп көрсетті. Сонымен қатар, министр қытайлық инвестициясының нақты саны шамамен 10 млрд. АҚШ доллар болатындығын атап өтті [6, 117]. Сапар барысында біздің Президент Өзен кен орны (өндірілетін қор – 140 млн. тонна мұнай) және «Ақтөбемұнайгаз» АҚ (алынатын қор – шамамен 100 млн. тонна мұнай) бойынша жарияланған «еркін»  тендерді  дәл Қытай ұлттық мұнай компаниясы жеңіп алатындығына қытайлық серіктестерге анық сендірді [6, 118].

Қытайлық компания Ақтөбелік кен орнын өңдеуде  тендерді, американдық  «EXXON», «Amoco» және «Texaco» сияқты компанияларының 180 млн. АҚШ доллар ұсынуларымен салыстырғанда, 320 млн. АҚШ долларын ұсыну арқылы жеңіп алды.

1997 жылдың 4 маусымында CNPC (Қытайдың ұлттық мұнай компаниясы)-ның вицепрезиденті У Яовэнь мен ҚР Жекешелендіру бойынша мемлекеттік комитеттің төрағасы Эдуард Өтепов келісімге келді, ол бойынша біріккен «Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорнының 60% акциясы қытай инвесторларына тиесілі болды.

Кәсіпкерлікті басқаруға құқық алумен қоса, CNPC 5 жыл ішінде кен орнының өндірісі мен өңделуіне 580 млн. АҚШ долларын инвестициялауды, ал кейінгі 20 жылда 4 млрд. АҚШ доллар салуды және мұнай өндіру көлемін жылына 2,8 ден 5,8 миллион тоннаға көтеруді міндетке алды.

1997 жылы 24 қыркүйекте ҚХР-дың Мемлекеттік кеңесінің премьер-министрі Ли Пэн Алматыға ресми сапарымен келді. Келіссөздер нәтижесінде келесі келісім-шарттарға қол қойылды:

  1. «Мұнай және газ саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге» – Вице-премьер Ө.Шүкеев және Мемлекеттік кеңестің бірінші премьері Ли қол қойды;
  2. «Мұнай құбырларының құрылысы және кен орындарды өңдеу жобалары жөніндегі бас келісімге» – Энергетика және табиғи ресурстар министрі Д. Дүйсенов және CNPC-тің бас директоры Чжоу Юнкан қол қойды.

Өзен (Батыс Қазақстан) кен орнындағы мұнайды өңдеу жөніндегі келісімге сай, мұнай табысының жылдық көлемі бұл жерде 6-7 млн. тоннаны құрау керек. Сол кезде Өзен кен орнынан ҚХР шекарасына дейін және одан әрі Батыс Қытай территориясы бойымен мұнай құбыры құрылысының мерзімі орнатылған еді. Бұл мерзім 5-7 жылға есептелінді. 1997 жылы қарашада «Өзенмұнайгаз» деп аталған жоба бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды. Жобаның құны 4 млрд. АҚШ долларды, ал мұнай құбырының құны 3,5 млрд. АҚШ долларды құрауы тиіс болды. Мамандардың бағалауы бойынша,    мұнай    құбыры    онымен  жылына 20 млн. тонна мұнайды тасымалдай алатын жағдайда ғана пайдалы болар еді.

Премьер Ли Пэн «келісім-шарттың жүзеге асырылуының басталуы жедел түрде, басты мұнай құбырының құрылыс мерзімі – 60 ай, құбырды пайдалануға енгізу – 2005 жылдың 30шы маусымына дейін болады» деп сенімді және директивті түрде мәлімдеді [6, 120].

Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар Министрлігі және Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы арасындағы басты келісіміне сай, қазақстан-қытай мұнай құбырының құрылысын техникалық-экономикалық негіздеуді (ТЭН) дайындау басталған болатын. Батыс Қазақстан – Қытай бағыты Атырау Кенкияк – Құмкөл – Атасу – Дружба бағыты бойынша мұнай құбырын құруды болжайды. СҰАР мұнай кен орындарынан қытайлық құбыр жүйесі Шаншань қаласына дейін жалғасады. Егер мұнай    құбырының жүктелуі жылына 20 млн. тонна мұнайдан кем болмаса, мұнай құбыры Ланьчжоуға дейін созылуы мүмкін, ал бұл жерден Шығыс Қытайға магистралды мұнай құбыры бар. Осылайша, мұнай құбырының жалпы ұзындығы 3000 км-ден асады, соның ішінде 2400 км Қытай шекарасына дейінгі аралықты алады. Жобаның құны кепілденген өткізу мүмкіндігі жылына 20 млн. тонна (максималдысы – жылына 40 млн. тонна) болған негізде 2,73 млрд. АҚШ доллар болады. Арақашықтығы және қажетті салымдар бойынша құрылыс үш сатыға бөлінеді:

  1. Кенкияк – Құмкөл – 785 км, 785 млн. АҚШ доллар.
  2. Атасу-Алашанькоу (ҚХР) – 1100  км,  1,3 млн. АҚШ доллар. 1 млрд. АҚШ доллар көлемінде пайда беретін, кепілденген өткізу мүмкіндігі жылына 20 млн. тонна (максималдысы – жылына 40 млн. тонна) негізінде оның құны 2,4-2,7 млрд. АҚШ долларды құрайды.
  3. Атырау-Кенкияк (410 км, 359 млн. АҚШ доллар) және Құмкөл -Каракоин (199 км, 131млн. АҚШ доллар).

Транзиттік елдерден қауіптің болмауын жобаның анық артықшылығына жатқызуға болады. Сонымен қоса, мамандар жобаның анық кемшіліктерін де атап көрсетеді: үлкен ұзақтық, СҰАР мен Қытайдың шығыс аудандарын қосатын дамыған ішкі желінің болмауын, жылына 20 млн. тоннадан кем болмайтын мұнай айдау негізінде құбыр пайдалы бола алатынын көрсетеді. Сонымен қоса, СҰАР-ның өзінде әзірше Тарим ойпаты кен орындарында мұнайдың есептелген қорлары расталмаған. Қазақстан мұнайы ешқашан таяу шығыстық мұнайданарзанболмайды,жәнедетеккөмірсутек шикізаты қайнар көздерін әртараптандырудың саяси қажеттілігі тұрғысынан ғана қарастырыла алады. Бақылаушылар қытайлық тарап жобаны толығымен тиімсіз деп есептейді, және Қазақстан бұнымен санасуға мәжбүр [7, 3]. 2000 жылы Қытай ұлттық мұнай корпорациясының президенті осындай құбыр желісінің «жақын арадағы келешексіз құрылысы жөнінде» айтты. Осындай ұзындықтағы мұнай құбыры өтелуі үшін жылына 20 млн. тонна тәртібінде мұнайдың   айтарлықтай   көлемі   қажет. CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының негізгі акционері, сонымен қоса, Қазақстандағы Кенқияқ және Жаңажол кен орындарының иесі болып келеді. Бірақ бұл кен орындардан алынатын қалдық қор – 42-91 млн. тонна, ол жобаның өтелуі үшін сәйкесінше жеткіліксіз.

Дегенмен құбыр желісі тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мазмұнға ие. Бұл кез-келген осы сияқты жобаның өтелу мерзімі ондаған жылдарға созылады. Сол себепті экономикалық тиімділікті таңдау саяси одақтастың шешімін білдіреді немесе сонымен бірігеді. Сондықтан Қытай мен Қазақстан сөз жүзінде құбыр желісі идеясынан қайдан бас тартсын.

Қытайда мұнай құбыры әлі болмаса да, Қазақстан – Синьцзян мұнай бағыты шын мәнінде қызмет ететіндігін айта кеткен жөн. 1997 жылы Қазақстан Қытайға мұнайды теміржол цистерналарда жеткізуді бастады. 1997 жылдың соңы мен 1998 жылдың басында Қытай 100 мың тонна мұнай алса, 2001 жылы ол 5 есе көбейді.

1999 жылы Қазақстан үкіметі «консорциумға» үшінші мүдделі тарапты – Ресей жағынан «Транснефть» компаниясын қосуды ұсынды. Қазақстан Ресейге, дәлірек айтқанда Оренбургтегі Орск Мұнай өндеу зауытына өзінің «батыстық» мұнайын, орнына теміржол арқылы Қытайға артынша сату – тасымалдау үшін Шығыс Сібірдің ресейлік бөлігінен (Қарағанды облысының орталық бөлігіндегі мұнай құюшы Атасу    станциясы    арқылы)    сондай көлемдегі «қара алтынды» ала отырып, жеткізу керек.

Көптеген мамандар бұл жобаны өте ұзақ және қымбат болғандықтан виртуалды  деп атады. 2002 жылға дейін құбыр желісі жобасы үкіметтердің назарынан тыс қалды және мүмкін емес деп артқа қалдырылды, ал ең батылдары геолог Марат Майлыбаевтың үлгісі бойынша оппозициялық баспада СҰАР-на құбыр желісі жобасын «ертегі» және «қиял» деп жазған еді [6, 211]. Тәуелсіз американ сарапшылары бұл негізде шыншыл, олар Майкл Леливельдтің айтуынша, «1997 жылғы жарияланған ұлы құбырдың жүзеге асуына көп сене бермейді» және «Қытай өзінің ықпалын күшейту мақсатында Қазақстанға орындалмас уәделер бергенін» ашып көрсетеді [7]. Келісім-шарттың мерзімі өткен соң Қазақстанға бағалы нәрсе тимейтіні ықтимал. Ол кезге қарай әлемдегі саяси және экономикалық жағдай танымастай болып өзгеріп  кетеді, жүзеге  аспаған жобаны «есептен шығаруға» түрлі себептер табылады. Келісім-шарт   мерзімі аяқталысымен Қазақстанға бағалы бір нәрсе тиесілі болатыны екі талай. Сол уақытта әлемде экононмикалық та, саяси жағдай да мүлдем өзгереді, дайындалмаған жобаларды «шығынға жазу» деген көптеген сылтаулар табылады. Инвестиция жоқ болған соң болмайды, керісінше, қытай шаруалары соңғы шегеге дейін барлығын және қарамаймен бірге соңғы бөшкені ұрлайтын болады. Алдағы «ынтымақтастықтың» тәжірибесі пессимистік мысалдарға толы [6, 211]. Ресей зерттеушілері әлі күнге дейін Батыс Қазақстан Қытай құбыр желісі жобасын миф ретінде санайды. Қалай және неге пайда болады, кім және не үшін осындай құбыр-мифті қолдайды? Бұл үлкен жұмбақ болып қалады. Бұл сұраққа жауапты саяси жазықтықтан іздеген жөн.

Қазақстан стратегиялық зерттеу институты сарапшыларының пікірінше, қазіргі кезде қытай басшылығы СҰАР кен орнын өңдеуді және Синьцзяннан Шанхайға газ құбырын құруды басты басымдығының бірі ретінде қойған Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбырының құрылысы қазір жүргізілмейді. Көп миллиардты шығынды талап ететін мұнай газ инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қажеттілік негізінде Қытайдың «Батыс Қазақстан – Қытай» жобасын қаржыландыруды жақын арадағы болашақта жүзеге асыра алмайтындығы жатыр. Бұдан басқа, Пекин Сібірден Қытайға  мұнай  және  газ құбырының құрылысы жөнінде Мәскеумен белсенді келіссөздер жүргізуде [5, 108].

2000 жылы Астанада, CNPC вице-президенті У Яовэнь ҚХР үкіметі де, CNPC де мұнай құбыры жобасынан бас тартпайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта Қазақстан мұнай құбырының экономикалық әсерін қамтамасыз ету үшін қажетті 20 млн. тоннадан кем емес жыл сайынғы мұнай жеткізулеріне кепілдік бере алмайтын болған соң, жоба уақытша тоқтатылған [9].

Алайда, 2002 жылдың соңында қытайлық және қазақстандық тарап та Қытайға мұнай құбыры құрылысының және «Батыс Қазақстан Қытай» жобасын қайта келтіру мүмкіндігі туралы қайта сөз қозғады.

2002 жылы желтоқсанда Н.Назарбаевтың Қытайға сапары барысында, біздің мемлекет басшысы ҚХР-на қазақстандық мұнай экспортталатын мұнай құбыры құрылысына Пекиннің келісіміне қол жеткізді. Қытайлық басшылық мұнай құбыры құрылысы жобасын жалғастыру ниетін растады. Сонымен бірге, сапар барысында қазақстандық және қытайлық компаниялар жүзеге асырушылары болатын 223,5 млн. АҚШ доллар сомасында шарттар жасалды және 443,15 млн. АҚШ долларға инвестициялық жобаларға қол қойылды. Бәрін қосқанда, Қазақстан экономикасына инвестициялық салу бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шығады.

2003 жылы қаңтарда қазақстандық және қытайлық компаниялар мұнай құбырының құрылысын аяқтады. Бұл арқылы қытайлық кен орындардын және өзге кен орындардан мұнай Ақтау портына жеткізілетін болды. Келесі мұнай құбырының Қазақстанның орталық бөлігінен Құмкөл қаласына дейін салынуы жоспарланады.   2003 жылы ақпанда ұлттық «Қазмұнайгаз» компаниясының президенті Қытайдың жылына 50 млн. тонна қазақстандық мұнайды импорттауға дайындығын білдіретінін мәлімдеді. Және де 2002 жылы Қазақстандағы жалпы мұнай өндіру 47 млн. тоннадан асқан болатын, сол себепті, Қытай бағытындағы мұнай құбыры құрылысы жобасының келешегі бар деп атап көрсетті [10].

Батыс сарапшылары, соның ішінде, ең ірі энергетикалық кеңес фирмасының, IHS Energy Group Женева кеңсесінің каспий мұнайы саласындағы эксперті Винсента Новал (Vincent Noual), Шотландиядағы Данди Университетінің жанындағы энергия, мұнай және саясат Орталығының директоры Филипп Андрю-Спид (Philip Andrews-Speed)  қайткенмен де, Қытайға құбыр салынады, және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қытай өз бетімен Каспийден Қытайдың жағалаудағы аймақтарына дейінгі барлық құбырдың ұзындығын қаржыландырады деп мәлімдеді. «Шығыс-Батыс» деген атпен белгілі болған, Синьцзянның оңтүстігінен бастау алатын газ құбырымен мұнай құбырын байланыстырса, жоба бағасы жоғары болмайды.

Қорытынды

Барлық жоғарыда көрсетілген сараптау келесілерді  қорытындылауға  мүмкіндік береді.

«Жобаның қайта өрлеуі» бәрінен бұрын бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясының жобасы әлі күнге дейін «ауада ілініп тұр». РФ үкіметі әлі күнге дейін сібір мұнайының қандай бағытпен кететінін шешкен жоқ. Келесі себеп авторлардың пікірінше, Қытай Қашаған жобасынан (Қазақстан Республикасы) белгілі бір үлес сатып алуды жоспарлаған.

2003 жылы наурызда Қытай ұлттық теңіз корпорациясы (CNOOC) және Қытай мұнай химиялық корпорациясы (Sinopec) әрқайсысы 8,33% болатын 615 млн. АҚШ долларға ауқымды Каспий теңізі кен орнындағы британ  мұнай  BG group (British Petroleum) компаниясының үлесін сатып алуға ниеттенгенін мәлімдеді. Осылайша, қытай компаниялары басқа ірі компаниялармен бірге Каспий қайраңын әзірлеуде бірлескен үлестің 16,66%-ын иемденді. Қайраң жобасын әзірлеудегі мұнай шоғырына оператор ретінде (16,67%) итальяндық Eni (Agip), Exxon Mobil   (16,67%),   TotalFinaElf   (16,67%), Royal

Dutch/Shell (16,67%), ConocoPhillips (8,33%), Inpex (8,33%) деген алпауыттар қатысатын Қашаған кен орны кіреді.  Қытай  қайткенмен  де британдықтардың үлесін  сатып  алатыны-  на көптеген сарапшылардың күдігі болмады. Американ сарапшысы Брадшер өз монографиясында «жалпы жоба қатысушылары қытай компаниясы уәде еткен BG-ға сол соманы төлеп, CNOOC-дан ерте 60 күн ішінде BG group-тан сатып алуға құқығы болды. Бірақ аталған компаниялар CNOOC-пен жұмыс бастап кеткен  еді, ал бұл компаниялардың кейбіреулері әлі күнге дейін қытай нарығында жұмыс жасайды. Егер олар CNOOC-ны Солтүстік-Каспий жобасына қатысуына жол бермесе, олардың қытай үкіметімен қатынасы нашарлайды» [11, 1].

Қазақстандықзерттеушілердіңбағалауынша, Қашаған кен орнының болжанған мұнай қоры шамамен 7 млрд. тоннаны құрайды. 13 млрд.-  қа бағаланатын мұнайдың жалпы қорлары Қазақстанды ірі мұнай державалары ондығына қоса алады [5, 108].

Бүгінгі таңда CNPC-тің Каспий теңізінен солтүстік-шығысқа қарай 250 миль қашықтықта орналасқан 2 кен орны бар. Бірақ та, бұл кен орындарындағы мұнайдың қоры әлемдегі ең ұзын және ұзақ тұратын мұнай құбырларының бірін салу үшін жеткіліксіз болды.

Солтүстік-Каспийлік жобаның жалпы 16 пайызынан көбін иемденуі Қытайға аймақта ұзаққа орнығуға жол ашады. Орнығып қана қоймай, Каспий теңізінде кейінгі жағдайларға белгілі бір ықпалын орнатуға мүмкіндік береді. Қазақстанның мұнай саласындағы қытайлық қатысудың кеңеюі күштер орналасуын түпкілікті өзгертуі және көліктік саясаттың жүйелеуіне ықпал етуі мүмкін.

Қазірде Қытайда жылына тек шамамен бір жарым миллион  тонна  мұнай  экспортталса, бұл сан болашақта еселеніп өсуі мүмкін. Бұған мүдделілігін қытайлық тарап жасырмайды. Қазірдің өзінде олар 20 млн. тонна мұнай сатып алуға дайындығын айтады, ал бірнеше жыл-  дан кейін 40-50 млн. тонна жөнінде айтылуы мүмкін. Яғни, бұл көлем – Батыс Қазақстаннан Қытайға мұнай құбыры өтелуі үшін қажетті. Каспийлік қайраң қоры жөніндегі болжамға сенетін болсақ, қытайлық екі компанияның осынша ірі үлесті сатып алуы Қытайға мұнай құбыры құрылысының мүмкіндігін көрсетеді. Қазақстанның, негізі, мұнай шикізатын экспорттауға бағдарлануын ескерсек, онымен мұнай өндірудегі ынтымақтастық қытайлар үшін ерекше нұсқа болып отыр. Бірін-бірі теңдестіріп отыратын Каспий теңізінде әлемдік ұлы державалардың геосаяси мүдделерінің тепетеңдігі қамтамасыз етіледі. 2003 жылы сәуірде мемлекеттік «Казтрансойл» компаниясының өкілі 2003 жылдың соңына қарай қытай шекарасына дейінгі мұнай құбырының ТЭН-ді әзірлеу аяқталатынын мәлімдеді.

Алайда сол жылдың мамырында батыс компаниялары британдық компанияның үлесін өзара бөлісіп алғандығы мәлім болды. Қытайлық компаниялар неліктен Қазақстанның ең болашағы зор жобаға қосылуына жол бермеді, тек жорамал ғана жасауға болады. Біздің пікірімізше, американдықтар жай ғана қытайлықтарды Қазақстанның ең болашағы зор кен орнына жолатпай қойды.

CNPC-ге келетін болсақ, бұл кытайлық компанияның қаржылық жағдайы жақсарды. Егер 1997 жылы «Ақтөбемұнайгаздың» залалы 2,7 млн. АҚШ долларын құраған болса, 1999 жылы болса, компания табысқа кенеле бастады (жалпы табыс 2,8 млн. АҚШ долларды құрады). 2000 жылы компания 100 млн. АҚШ доллар табыс тапты, 2001 жылы – 153 млн., 2002 жылдың соңына қарай 220 млн. табысқа жетті. Бұл сандарды компанияның вице-президенті У Яовэнь газеттерге берген сұхбатында атаған еді [11].

1997 жылы кәсіпорынның жалпы қарызы 70 млн. АҚШ долларды құрады, ал оның 50 миллионы біздің мемлекетке қарызы еді. Сол кезде әлемдік нарықта мұнай бағасы өте төмен болды. Ескірген жабдықтар қолданғандағы табыстың өзіндік құны өте жоғары болды. Мұнайдың өзіндік құны бір тоннаға 87 АҚШ доллар болған тұста, 1998 жылы Ресейде мұнай тоннасына 32 АҚШ доллар бағасымен сатылды, бұл артынша шығындар әкелді. Сонымен қоса, көбіне қажетті жабдықтар мен құралдар көтеріңкі бағамен алынған болатын. Оған қоса Кенқияқтағы 42 ұңғымалардың тек екеуі ғана көзделген қабатқа жетті. Қалған 40 ұңғыманың 20-сы жабылған. Осындай жағдайларда менеджерлер компания қызметін реформалау бойынша кейбір шараларды жүзеге асыруға кірісті, оның бірі бұрынғы болған 70 пайыз мұнай өнімінің құнын алдын-ала төлеу жүйесімен салыстырғанда, мұнай тасымалдауға 100 пайыз алдын-ала төлеу жүйесін енгізу болды. Кейін тендерлік комиссия құрылды, оның міндетіне жабдықтарды арзан бағамен сатып алу кірді. Одан кейін алдыңғы технологияларды және бұрғылаудың жылдамдығын көбейтуді енгізу болды. Нәтижесінде бір ұңғыманы 70 күнде бұрғылау мүмкін болды. Орташа негізде бұған 3 ай кететін. Жаңа технологияларды енгізудің өзге нәтижесі – жаңа ұңғымаларда мұнай өндірудің көлемін көтеру болды.  Әрбір  ұңғыма  күніне 20 тонна мұнай берсе, қазіргі кезде 60 тоннаға жетті. Жабылған ұңғымаларды қайта қалпына келтіру және өңдеуден кейін 2002 жыл мұнай өндіру көлемі 2,5-тен 4,3 млн.тоннаға өсті. 2003 жылдың соңына қарай 5,3 млн. тонна өндіру жоспарлануда. Ал бір жылдан кейін бұл көрсеткіш 7 млн-ға дейін барды [12].

Сөйтіп, Қытай үшін Қазақстанмен ынтымақтастық үлкен маңызға ие. Бұл тек геосаяси мүдделер есебінен ғана емес. Қазақстан Республикасының энергетикалық потенциалы шектеусіз және Қашаған кен орнының ашылуы өзге ұңғымаларда да болашағы зор мұнай кен орындарын табу мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Қазақстан үшін Қытай Ұлттық компаниясының қызметі анықталған жағымды жағдай жасауда: «Ақтөбемұнайгаз» АҚ біздің мемлекет алдындағы қарызын толықтай өтеді.

Біздің ойымызша, Қытайдың энергетикалық саясатындағы кемшілік – ол Қытайдың мұнай қайнар көздерін іздеуге әлемдік аренаға өте кеш шыққандығы. Бүгінгі таңда барлық болашағы үлкен және шамалы мұнайлы аудандар американдық және батыстық концерндер арасында өзара бөлініп қойылған.

Қытайдың әлі күнге дейін Парсы Шығанағы мұнай импортына тәуелді екендігін мойындаған жөн. Елдің бүкіл мұнай импортының шамамен 50%-ы Парсы Шығанағы зонасынан бастау алады. Соңғы оқиғалар тек бір ғана энергоресурстар жеткізушіге тәуелді болуы мемлекеттің  экономикалық   қауіпсіздігіне қауіп төндіретіндігін көрсетеді.  Егер  аймақтағы американдық және батыстық мұнай концерндерінің басым мүдделерін ескерсек, олармен бәсекелес болу өте қиын.

НәтижесіндеҚытайХалықРеспубликасының мұнай стратегиясында энергия қайнар көздерін әртараптандыру бағыты қарастырылуда. Бұл саладағы Қытайдың маңыздырақ серіктестері ретінде Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы шығады. Бұл мемлекеттердің басшылықтарымен құбыр желісі құрылысы жобалары дайындалуда, бірақ бұлардың ешбіреуі шынайы күшке ие емес. Авторлардың ойынша, Қытайдың құбыр желісі құрылысын баяулатуының бірнеше себебі бар.

Біріншіден, Қытайда оны басқа бір елдермен қосатын бірде-бір мұнай құбыры жоқтығын мойындаған жөн. Қытай әлі ортақ құбыр желісінің болуына жауапкершілік алуға дайын емес. Өйткені ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнудің зардаптарын санап шығу мүмкін емес.

Екіншіден, шарттардың жобаларын орындауға бірден кірісуге жобалар өте қымбат тұрады.

Үшіншіден, құбыр желісі қажетті мұнай көлемімен толтырылатынына ешқандай кепілдік жоқ.

Біздің ойымызша, Қытай үшін болашағы зор бағыт ресейлік бағыт болатынын айтуға болады. Бұл бірінші кезекте бағыттың елдің солтүстікшығысына дейін салынатына байланысты, өйткенібұлаймақтамұнайшикізатынқаттықажет ететін күшті өндірістік объекттер шоғырланған. Екіншіден, ресейлік мұнай нарығы, Қазақстан нарығындағы жағдай сияқты, американдық компаниялар тарапынан қысым көруде емес. Яғни, Қытай  өзінің  компанияларының  қызметі,   сол сияқты батыстық компаниялардың қызметімен шектелмейтініне сенімді бола алады.

Алайда, жоспарлы экономикалы мемлекетте Қытайда 10-шы бесжылдыққа арналған дерективалар бойынша (2001-2006 жж) ресейлік не қазақстандық бағытқа болмасын, мұнай құбыры құрылысы қарастырылмаған. Осылайша, бұл жобалар алдағы онжылдықта жүзеге асатын жобалар қатарына кірмейді деген шешімге келуге болады...

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. – Алматы: Атамура, 2003, стр.145
  2. Абишев А., «Некоторые аспекты каспийской геополитики». Выступление на международной казахстанско-индийской конференции. «Проблемы безопасности в Центральной Азии» Алматы, Казахстан, 29-30 октября 2001 г. //http://www.cvi.kz/ text/Caspian_oil/Geopolytic.html (23.11.2012).;
  3. Карин Е.Т., Тулегулов А.К. Обострение борьбы за каспийскую нефть и «китайский прорыв» в регион //Саясат.-1999.-№2.-С.48-51
  4. Уэйн Мерри Э. В Центральной Азии идет не такая уж большая игра //Analitic-Аналитическое обозрение. -2001. -№3.-С.31-33
  5. Ашимбаев М.С., Курганбаева Г.А. Нефтегазовые ресурсы Казахстана в системе мировых и региональных отношений.
  6. Алматы: КИСИ, 2002, стр.108
  7. Хлюпин В. Геополитический треугольник. Казахстан – Китай – Россия. Прошлое и настоящее. Пограничные проблемы. – М., Международный евразийский институт экономических и политических исследований (Вашингтон), 1999, стр.203
  8. Рашид А. Новый глобальный нефтяной концерн. Стратегическая роль Китая в Центральной Азии. //Internationale Politik. (на рус. яз.). 1998. – №3. – С.24-36.
  9. 8 Lelyveld M. Kazakhstan: Officials Issue Contradictory Declarations//http://www.rferl.org/nca/features/2001/02/19022001113852. asp (28.01.2013)
  10. Сыроежкин К.Л. Великий прожект //Континент, -2000, -№12, -С.25-28
  11. Панченко У. «Добыча и расходование нефтяных доходов» http://www.oilpress.ru (13.11.2011)
  12. У Яовэнь. За последние три года разработки актюбинских месторождений КННК получила прибыль более $300 млн.//http://news2.webdigest.ru/archive/1037019421.html (05.10.2011)
  13. Мао Цзэдун. Борьба за улучшение финансово-экономического положения страны. – М., Международные отношения, 1955, С. –

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.