Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық қылмыстық юстиция жүйесі қалыптасуының кейбір тарихи-құқықтық қырлары

Халықаралық қылмыстық құқық бұл халықаралық және қылмыстық құқықтық элементтерін қамтитын құқықтық құрылым деген көзғарас заң әдебиетінде қалыптасып кеткен. Негізі халықаралық қылмыстық құқық жеке тұлғалар жасаған қылмыстық әрекеттерді қарастырғандықтан қылмыстық құқық сипаты бар болып келеді. Оның халықаралық сипатқа ие болу себебі, негізгі қайнар көздерінің – халықаралық құқықтық құжаттар екендігінде. Осы тұрғыдан, халықаралық қылмыстық құқықты – халықаралық қауымдастықтың қылмыстық құқығы деп есептеуге болатын шығар. Халықаралық қылмыстық құқықтың мазмұны мен көлемі халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына, халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың өзге де қайнар көздеріне байланысты анықталады [1, 12 б. ].

Халықаралық қылмыстық құқықтан жеке тұлға ретіндегі әрбір адамның қылмыстық жауапкершілігі бастау алады. Халықаралық соттарда (трибуналдарда) олардың мәртебесіне байланысты халықаралық қылмыстық құқықтың нормалары пайдаланылады. Ұлттық соттарда халықаралық қылмыстық құқықтың нормалары тікелей пайдаланылмайды. Халықаралық қылмыстық құқық – халықаралық құқық жүйесіндегі ең сонынан пайда болған, кенже саласы деуге болады. XIX ғасырдың соңына дейін оның нормалары халықаралық құқық ғылымында, халықаралық шартар мен халықаралық-құқықтық тәжірибесінде сирек кездесетін еді. Ең алдымен, бұл жағдай олар-  ды пайдалану мүмкіндіктерінің болмауымен түсіндірілді.Қарулықақтығыстараяқталысымен, бейбіт келісімдер немесе амнистия жасау туралы келісімдер негізінде жеке тұлғаны қылмыстық қудалау жүзеге асырылмай қалып жатты. Қалай болған жағдайда да, халықаралық қылмыстық құқық халықаралық шарттардың нормалары негізінде қызметін жүзеге асыра алмады. Соңғы кезге дейін халықаралық болып танылған қылмыстық әрекеттер бойынша сот юстициясы жеңіске жеткен елдің не болмаса жеңілген елдің аумағын оккупациялаған елдің әскери соттарымен жүзеге асырылып келген болатын.

Мемлекеттер қауымдастығына зиян келтірген әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесі 1815 ж. антифранцуздық коалицияның Наполеон  Бонапартты  жүздеген  мың адамның өлімі мен көптеген наполеондық соғыс жылдарындағы  өзге  де  қылмыстары  үшін   сот алдында жауапкершілікке тартқызуды талқылау кезінде алғаш айтылды. Алайда бұл талқылаудың артынан ешқандай әрекеттер жүзеге аспады [1, 55 б.].

Әлімдік деңгейде, 1870-1871 жж. франкопрусс соғысы аяқталған соң, халықаралық қылмыстық сотты орнату туралы ұсынысты 1872 ж. Қызыл Крест Халықаралық Комитетінің Президенті Г.Муанье дәлелмен негіздеп, мемлекеттер басшыларына ұсынды. Екі тарап та бір-бірін  әскери  құқық  нормаларын  бұзды  деп айыптайтындықтан, ол тек моральдық жазалардың жеткіліксіздігі туралы айтқан. 1864 ж. соғысып жатқан әскерлердегі аурулар мен жаралылар жағдайын жақсарту туралы  Женева конвенциясын бұзған қылмыстық әрекеттер бойынша халықаралық  сот  мекемесі  бейтарап сот инстанциялары көмегімен оны бұзуға кінәлі адамдарды соттау мен жазалау, айыптауды объективті тексеруді қамтамасыз етуі тиіс болатын. Г.Муанье 1864 ж. 22 тамыз күні соғысып жатқан әскерлердегі аурулар мен жаралылар жағдайын жақсарту туралы Женева конвенциясының бұзылуына кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін халықаралық сот ұйымын құру жайлы Конвенция жобасын ұсынды [2, 68 б.].

Конвенция жобасы жалпы сипаттарда келесіні қарастырған болатын: осындай сотты бейтарап мемлекеттер өкілдерінен құрастыру (1-2 баптар); соттарға оның қызметі мен  сот  ісін жүргізу тәртіптерін анықтауды жүктеу (3 бап); үдеріс бастамасының арыздық (мүдделі тараптардың шағымы бойынша) сипаты және мемлекеттердің дәлелдер ұсынуы бойынша міндеті (4 бап); осындай соттағы сот ісін жүргізу мақсаты – кінәлі адамдарды табу және оларды жазалау (5 бап); қолданылатын материалдық құқықтың көздері Конвенцияға қосымша ретінде қарастырылатын «халықаралық қылмыстық заң» (5 бап); сот ісін жүргізу мен сот шешімін хабарлаудың нақтылығы (6 және 8 баптар); материалды шығынның орнын толтыру жайлы жалпы ереже (7 бап); сот ісін қаржыландыру және оның қаржылық есептілігінің тәртібі (9 бап); мұрағаттарды сақтау жайлы ортақ ережелер (10 бап).

Г.Муаньенің ұсыныстары өз заманынан бұрын туған болып шықты. Ұлттық, басым түрде монархиялық келетін мемлекеттердің өмір сүру дәуірінде егемен елдің құзіретті тұлғаларының әрекеттері халықаралық деңгейдегі қылмыстық құқықта қудалануы мүмкін дегенді елестетудің өзі мүмкін емес еді. Алайда, осы сәтсіздікке қарамастан, Муанье ұсынысы мен оның жобасы   халықаралық   құқықтық   сотты   орнату жайлы идеяларды ғылыми негіздеудің бірінші тәжірибесі ретінде қарастыруға болады және оны орнатудың ұзақ және теке-тірес күресінің бастамасы ретінде атап өтеді. Сол замандағы халықаралық қауымдастық негізгі халықаралық-құқықтық актілерді заңды түрде қорғау үшін ерекше бір халықаралық ұйым қажет ететіндігімен келісетін, алайда бұл үшін халықаралық қылмыстық соттың құрылуы тиіс деген пікірмен келісе алмады.

Халықаралық сот, оның ішінде арнайы халықаралық қылмыстық сот идеясын жанжақты негіздеуге арналған өзінің негізділігі бойынша халықаралық құқықтық әдебиеттерде алғашқы және теңдессіз ғылыми шығарма болып ресей құқықтанушысы Л.А. Камаровскийдің 1881 ж. қорғаған, сол жылы жеке монография түрінде басылып шыққан, ал 1877 ж. Париж-   де  француз  тіліне  аударылып  жарық  көрген

«Халықаралық сот туралы» – атты докторлық диссертациясы саналады. Халықаралық сот жайлы идеяны Л.А.Камаровский «жалпыға ортақ» және «шексіз әлем» жобаларымен байланысты зерттеген еді. Оның пікірінше, бұл идея осындай жобаларды жүзеге асыруға қызмет етсе де, олардан бөлініп шығып, жеке идея болып қалыптасты. Өз бетінше әлемнің өзі емес, алайда заңды әлем – ұйымдасқан және құқықпен қамтамасыз етілген – оның идеалы – деп осы автор халықаралық соттың шексіз әлем жобаларымен қатынасы жайлы жазатын. Өз зерттеуін аяқтай отырып, Л.А.Камаровский халықаралық заң жайлы мәселе уақыттың еншісінде, тек теориялық ғана емес, одан әлдеқайда жоғары тәжірибелік   қажеттіліктер   мемлекеттерді  оны жүзеге асыруға мәжбүрлейді деген қорытындыға келген болатын. Г.Муанье мен Л.А. Камаровскийдің еңбектері халықаралық сот юстициясы идеясын дамытудағы маңызды кезең болып есептеледі [3, 198 б.].

ХХ ғ. басында мемлекеттерді басқаратын адамдардың әрекеттерімен халықаралық құқық нормаларын бұзу жүзеге асырылатыны және мемлекет     оларды     халықаралық құқықпен қорғалатын құндылықтарға қол сұғу құралы, өзге мемлекеттерге, оның заңды және жеке тұлғаларына, ең алдымен соғыс кезінде зиян келтіру құралы ретінде ғана пайдаланатыны жалпыға түсінікті болды. Осыны ескере отырып,  халықаралық-құқықтық  деңгейде  1899  ж. және 1907 ж. Гаага конвенциялары мен декларацияларындағы нормалар мен әдеттерді кодификациялауға, «әскери қылмыстар» секілді халықаралық-құқықтық ұғымның қалыптасуына әкеліп соқты. Алайда халықаралық-құқықтық құжаттарда нақты бір әскери қылмыстардың құрамы жайлы анық түсініктер болған жоқ. Қылмыс құрамдарын және оны жасау фактілерін анықтау мен жазаға тарту мәселелері ұлттық парламенттер мен өкілетті ішкі мемлекеттік органдардың қарауына қалдырылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың қайғықасіреті және жоғарыда аталған конвенцияларда бекітілген халықаралық құқық нормалары мен қағидаларының жаппай бұзулуы, соғыс әрекеттері аяқталған кезде халықаралық қылмыстық сотты орнату туралы Г.Муаньенің идеясыныңқайтажандануынаалыпкелді.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жеңімпаз мемлекеттер халықаралық трибунал соттары-  на жауапты адамдарды тарту жолымен әскери қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың тәртібін халықаралық-құқықтық деңгейде реттеу мәселелерін жүзеге асыруға талпынды. 1919 ж. қаңтар айында Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Франция, Жапонияныңүкіметтері басшылары мен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде соғысты ұйымдастырушылардың жауапкершілігі туралы мәселені қарастыруға арнайы Комиссия құрылды. Комиссияның шешімі бойынша, 4 мемлекет – Германия, Австрия, Түркия және Болгария – агрессиялық саясатты жүргізіп соғыс жариялағаны, ал соғыстың өзін Еуропадағы бейбітшілікке қарсы қастандық ретінде танылды.

Бұл комиссияның қорытынды есебінде агрессор-мемлекеттермен жасалған қылмыстардың барлығы екі категорияға бөлінді: 1) соғысты дайындау және бастау; 2) соғыс заңдары мен әдеттерін қасақана бұзу. Бұл жерде сонымен бірге бұл  қылмыстардың  ұзақ тізімі келтірілді: тұтқындарды өлтіру, зорлық көрсету, мемлекеттік және жеке мүлікті жою, улаушы газдарды пайдалану, бейбіт халық пен әскери   тұтқындарды   жою   және   т.б. Әскери қылмыскерлер әртүрлі мемлекеттердің азаматтары болатындықтан, ал сәйкес билікпен шығарылатын қылмыстық бұйрықтар көптеген елдердің әскери қызметкерлеріне қатысты болу себебінен Комиссияның пікірінше, сот үкімін шығаруды арнайы халықаралық трибуналға тапсыру жөн делінген [4, 29 б.].

Германия және 27 одақтық және ассоциацияланған державалардың арасындағы 28.06.1919 ж. Версальдік бейбіт келісімі Вильгельм ІІ Гогелцоллернді «халықаралық адамгершілік пен келісім билігінің қасиеттелігіне қарсы ең ауыр қылмыстар жасауына» қатысты оны айыптау ісін ашық түрде қарастыру үшін арнайы халықаралық трибуналды ұйымдастыру; Нидерланды басшылығына сотқа бұрынғы императорды беру жайлы өтініш жасау; қылмыстық тәртіпте қудалау және әскери қылмыскерлерді беруге; қажетті құжаттар мен мәліметтерді хабарлау жайлы тараптардың міндеттерін қамтыған  болатын.  Оған  қоса,  бұл Келісімнің

229 б. бірнеше мемлекеттерге қарсы қылмыс ұйымдастырылған жағдайда айыпталушыларды осы мемлекеттердің әскери соттарынан құрылған «аралас комиссиялар» қарастыратыны айтылған. Осындай нормалар мынадай құжаттарға қосылған болатын: 10.09.1919 ж. Австрия Республикасы мен 17 одақтық державалар арасындағы Сен-Жермен бейбіт келісімі, 04.06.1920 ж. Болгария және 16 одақтық және ассоциациялық державалардың арасындағы Трианон бейбіт келісімі (157-160 бб.); Болгария және 16 одақтық державалар арасындағы Нейль бейбіт келісімі (118-120 бб.).

Версаль бейбіт келісімінің 227-229 бб. ережелері бірқатар себептерге байланысты жүзеге асырылмады, олардың негізгілері болып келесілер танылады. Ең алдымен, Версаль бейбіт келісімінің 227 бабының ережелеріне сәйкес, Вильгельм  ІІ  Гогелцоллернді  айыптау боойынша  арнайы  халықаралық  трибунал халықаралық құқықты емес, халықаралық саясаттың ең басты принциптерін басшылыққа алған. Осыған байланысты, халықаралық трибунал заңды емес, ал – саяси құрал болып табылады. 1918 ж. қараша айынан бастап бұрынғы император жасырынып жатқан Нидерланды басшылығы осындай саяси сипаттамаға сілтеме жасап оны беруден бас тартты. Вильгельм ІІ голландтық заңдармен жаза бекітілмеген са-  яси  қылмыстар  үшін  айыпталып  отырған  еді.

Екіншіден, Версаль бейбіт келісімінің 227 бабымен қарастырылған Вильгельм ІІ қылмыстық жауапкершілікке тартудың материалдықұқықтық негіздері, оны жүзеге асырудың процессуалды механизмі бекітілмеген еді. Арнайы халықаралық трибуналды құру мен оның сот ісінің тәртібі жайлы нақты бір құжаттар басылып шығарылмаған болатын. Үшіншіден, Версаль Бейбіт келісімінің 228 бабымен қарастырылған Антанта мемлекеттерінің қылмыстық тәртіпте әскери қылмыскерлерді қудалау және онымен байланысты Германияның мұндай адамдарды беруі, тәжірибеде Германияның  барлық  сая си топтарында, қоғамдық топтарында жаппай қарсыластық тудырды [5].

Версаль   бейбіт   келісімінің   228    бабына негізделе отырып, одақтастар әскери қылмыстарды жасады деп айыпталатын Германияның 896 азаматтарын беруді талап етті. Бұл талаптарға теріс жауап қайтарылды, оның негізгі себебі ретінде Германия оларды тұтқындау мен беруді жүзеге асыруға дайын билік ұйымдарын табудың мүмкін еместігін көрсетті. Бұл расында шындыққа жанасымды еді. Германияның либералды күштері де герман әскерилерін шет елдік соттардың соттауына қарсы еді. Бұл Империялық қылмыстық кодекстің 9 тарауы (1871 ж. редакциясындағы) Германия азаматтарын қылмыстық қудалау мен жазалау үшін шет елдік соттарға беруге тый-  ым салғандығымен байланысты еді. Оған қоса, мұндай адамдарды халықаралық қылмыстық трибуналға беру Версаль бейбіт келісімімен қарастырылмаған еді, осыған байланысты одақтастар өзінің күштерімен герман әскери қылмыскерлерін қылмыстық қудалаудан бас тартуға мәжбүр болды. Төртіншіден, герман әскери қылмыскерлерін қылмыстық қудалаудан одақтастар бас  тартпай  тұрып-ақ  18.12.1919  ж. Рейхстаг заң қабылдады, оның бірінші тарауына сәйкес Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары жасалған әрекеттері үшін герман қылмыскерлерін соттау үшін германияның Империялық сотының алғашқы әрі нақты заңнамасын  қабылдаған  болатын.  Бұл  заңның 2 тарауының ережелеріне сәйкес, Лейпцигте алғашқы 45 сот процесстері басталды, олардың үлгісінде одақтастар герман заңнамасының әскери қылмыскерлерді қылмыстық қудалауына дайындығын тексермек еді. Процесстің бастамасына одақтастардың 896 адам жазылған тізімі де пайдаланылды, соның негізінде Империялық сот 837 қылмыстық іс қозғады. Алайда іс жүзінде тек 13 қылмыстық іс бойынша ғана сот отырыстары жүргізілді, ал қалғандары тоқтатылып қалды. Соттың істі қарау нәтижесінде 9 үкім шығарылды, оның ішінде 6 ақталса, тағы 6 Германияның Әскери қылмыстық  кодексі  және Империялық қылмыстық кодексімен қарастырылған қылмыстар үшін сотталды. Халықаралық құқықта қылмыстарды криминализациялау жайлы нормалар болмаған еді [6, 24-31 б.].

Осылайша, Версаль бейбіт келісімі халықаралық қылмыстық құқық бойынша мемлекет басшысын қылмыстық қудалаудың нормаларын қамтыған алғашқы халықаралық-құқықтық құжат болып саналды. Онда мемлекет басшысын арнайы халықаралық сотқа тапсыру, сонымен бірге халықаралық шарттардың нормаларын бұзумен байланысты қылмыстарға кінәлі адамдарды қылмыстық қудалау да қарастырылған. Бір жағынан Версаль бейбіт келісімін жүзеге асырудың  тәртібін  реттейтін,  екінші  жағынан халықаралық қылмыстардың нақты құрамын қалыптастыратын халықаралық құқық нормаларын реттейтін тиісті халықаралық-құқықтық құжаттардың жоқтығы сол кезде халықаралық сотты құруға мүмкіндік бермеді. Мұндай қателіктер 1934 ж. 9 қазанында Марсель қ. Югославия королі Александр мен Францияның сыртқы істер министрі  Л.Бартуды  өлтірген соң қабылданған жеке тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін халықаралық  сотты құру талпынысында ескерілді.  Ол  кезде Ұлттар Лигасымен 1937 ж. қараша айында құрастырылып, қол қоюға  Лаңкестіктің  алдын алу және оны жазалау Конвенциясы және Халықаралық қылмыстық сотты құру жайлы Конвенция мәтіні дайындалып қойылған еді [7, 158 б.].

Аталған конвенциялардың  алғашқысы «қасақана кісі өлтіру, ауыр дене жарақаттарын салу, мемлекет басшысын, олардың жұбайын, не өзге де мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін ұрлап әкету, сондай-ақ адамдардың өміріне қауіп төндіретін мемлекеттік не қоғамдық өмірге зиян келтіретін кез елген әрекеттерді» лаңкестік актісі ретінде белгілеген. Ол үшін қылмыстық жауапкершіліктің материалды халықаралыққұқықтық негізін қалыптастырды (2 б.). Конвенция қатысушылары  өздеріне лаңкестік жасаған адамдарды беру міндетін (8 б.), оларды қылмыстық қудалауды өздерінің ұлттық соттарында жүргізу не болмаса оларды осы мақсатпен халықаралық қылмыстық  сотқа  беру  (9-11  бб.) міндеттемелерін алады. Конвенцияның 30.11.1937 ж. Халықаралық қылмыстық  сот-  ты құру туралы екінші бабына сәйкес, айыпталушылар мемлекет тарапынан өз  соттарында қудалана алады, не болмаса оны талап ету құқығы бар мемлекетке беріле алады, немесе сұраным жіберуші де, сұранымды қабылдаушы мемлекет те осы Конвенцияның қатысушысы болған жағдайда олар Халықаралық қылмыстық сотқа беріле алады.

Халықаралық қылмыс ретіндегі лаңкестіктің құрамы 30.11.01937 ж. лаңкестіктің алдын алу және оны жазалау Конвенциясында заңды түрде қалыптасқан болса да, Халықаралық қылмыстық сотты құру жайлы Конвенция бұл істерді қарастырукезіндесотқайаумақтаосықылмысжасалса, сол мемлекеттің қылмыстық заңнамасын не болмаса, айыпталушыны сотқа ұстап берген мемлекеттің қылмыстық заңнамасына сәйкес жүзеге асуы тиіс деп қарастырды. Оған қоса, таңдау қолданылатын құқықты жазаның едәуір жеңіл түрлерін қарастыратын заңнаманың пайдасына қарай анықталатын. Сонымен бірге, Конвенция сот құрамын қалыптастыру, оның судьяларының мәртебесі, соттың өту орны, шешімдерді қабылдау тәртібі және т.б. нормаларды қамтыған болатын. Аталған Конвенция шектеулі юрисдикциясы бар Халықаралық қылмыстық сотты ұйымдастыру мен қызметінің халықаралық-құқықтық негізін құрды, алайда онда оның қызметінің жүзеге асырылуының процессуалды түрде реттейтін нормалар болмады, яғни осы сотпен процесстің жүзеге асырылуының халықаралық-құқықтық негіздері қалыптастырылмады. Жоғарыда аталған Конвенциялар өз күшіне енбеді, алайда оларды дайындау тәжірибесі мен  юрисдикциялық  жаңа мәртебесі еуропалық мемлекеттердің басты әскери қылмыскерлерін әділ және жыл-  дам соттауға арналған Халықаралық әскери трибунал және Шығыстағы мемлекеттердің басты әскери қылмыскерлерін әділ және жылдам соттауға бекітілген Халықаралық әскери трибунал қызметін, сондай-ақ өзге де кейіннен құрылған халықаралық қылмыстық соттардың (трибуналдардың) қызметінің құқықтық негіздерін   қалыптастыру   кезінде   ескерілді.  Оған қоса, екі дүниежүзілік соғыс арасында лаңкестік үшін жауапкершілікке тартудың халықаралыққұқықтық негіздері бірқатар өзге де қылмыстарды халықаралық деп тануда бірқатар шараларды қабылдады [1, 26 б.].

Осыған байланысты, агрессия қылмыстарын атап кеткен жөн. Тұңғыш рет халықаралық деңгейде агрессия заңсыз деп 1928 ж. 27 тамызындағы ұлттық саясатты (Бриан-Келлог пактісі) соғыс қаруы ретінде пайдаланудан бас тарту туралы Жалпы Келісімде жарияланған еді. Пактінің алғашқы бабында келісімге келуші тараптар өздерінің халықаралық дауларды шешу үшін соғыс жүргізбейтіндігін және осындай әрекеттерден өздерінің қатынастарында бас тартатынын мәлімдеді. Екінші бапқа сәйкес, тараптар арасында пайда болуы мүмкін барлық даулар мен қақтығыстарды реттеу немесе шешуде тек бейбіт амалдар қолданылуы тиіс. Және үшінші бабына сәйкес, пакті өзге барлық мемлекеттерді біріктіру үшін қабылданған болатын. Мұндай бірігу жайлы хабарламаны АҚШ басшылығы қабылдайды.  Бриан-Келлог  пактісі  едәуір  ерте кездегі бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттардың жалғасы болды, олардың ішінде төмендегілерді атауға болады:

а) Ұлттар Лигасы басшылығымен 1923 ж. өзара көмек жайлы келісім жобасының 1 бабы, онда «агрессивті соғыс халықаралық қылмыс деп саналады» делінген;

б)1924ж.халықаралықдаулардыбейбітшешу жайлы Ұлттар Лигасының хаттамасының преамбуласы (мемлекет тарапынан Ұлттар Лигасы Ассамблеясы мүшесіне бір ауыздан ұсынылғаны, алайда   сол   күйі   ратификацияланбаған), онда «агрессивті соғыс... халықаралық қылмыс болып табылады» делінген;

с) Ұлттар Лигасы Ассамблеясымен бір ауыздан 1927 ж. қабылданған декларациясы преамбуласы, онда «агрессивті соғыс халықаралық дауларды шешу амалы болып санала алмайды, сәйкесінше, ол халықаралық қылмыс болып табылады» делінген;

д)  1928  ж.  Панамерикалық конференцияда 21 мемлекетпен бір ауыздан қабылданған резолюция, онда «агрессивті соғыс – адамзатқа қарсы халықаралық қылмыс» делінген.

1932 ж. желтоқсан айында қарусыздануға арналған конференцияда кеңестік делегация Бриан-Келлог Пактісін ратификациялаған соң 1933 ж. қарусыздану бойынша конференцияның арнайы комиссиясымен агрессия анықтамасы жайлы Конвенция ұсынылды және қабылданды. Оған 1933 ж. 3-5 шілдесінде КСРО, Эстония, Латвия, Польша, Румыния, Түркия, Персия (Иран), Ауғанстан, Чехословакия, Югославия, Литва және кейін Финляндия қол қойды [8].

1927 ж. қылмыстың ерекше бір түрі ретінде халықаралық ресми құжаттарда «халықаралық қылмыстар» айтыла бастады. Варшавада сол уақытта қылмыстық заңнаманы унификациялау бойынша өтіп жатқан халықаралық конференцияда халықаралық қылмыстық деликтілердің тізімі құрастырылды. Алайда ол қылмыстың жеке түрлерімен күресудің халықаралық конвенцияларымен қарастырылған қылмыстарды қайта тізіп шыққан еді. Халықаралық қылмыстардың барлығы 8 категорияға жіктелді: 1) Теңіз қарақшылығы; 2) Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздарды жалған жасау; 3) Құл саудасы; 4) Әйелдер мен балалардың саудасы; 5) Қоғамдық қатер төндіруі мүмкін түрлі заттарды қасақана пайдалану; 6) Есірткінің заңсыз саудасы; 7) Порнографиялық әдебиеттің саудасы; 8) Мемлекет бекіткен халықаралық конвенциялармен қарастырылған өзге де қылмыстар.

Қылмыстық құқық бойынша 1929 ж. өткен Екінші Халықаралық конгресс халықаралық қылмыстық сот мекемесін халықаралық қылмыстарды жасаған үшін жеке тұлғаларға да, сонымен бірге мемлекеттерге де қатысты сот жүргізуге шақырды. Дәл сол уақытта ғылыми ортада халықаралық қылмыстық құқықты кодификациялаудың алғашқы талпыныстары жүзеге асырылды. Атап айтсақ, К.Саль-Данья мен Г.Донедье де Вабрдың Халықаралық қылмыстық кодексінің екі авторлық жобасы дайындалды. Итальяндық профессор К.Салданья  өз кітабында «интернационалды деликтінің философиялық түсінігін»  «халықтардың  табиғи құқығына қол сұғатын жалпы деликті» ретінде ұсынды. Сонымен бірге қандай да бір саяси құрылымға қарсы емес, мәдени қатынас пен заманауи мемлекеттің болу  фактісінің  өзіне қарсы бағытталған «халықаралық қол сұғушылықтардың» ерекше топтарын бөліп өтті [9, 4-40 б.].

Екінші бір итальяндық профессор В.Пелла, халықаралық деликтіні «мемлекеттер одағы атымен орнатылатын немесе қолданылатын жазаға тағайындалатын кез келген әрекет не әрекетсіздік»  деп  атады.  Ол,  сонымен  бірге, адамзатқа қарсы қылмыстар жүйесіне де бағытталып, қол сұғушылық субъектісіне қарай олардың екі тобын бөліп көрсетті:

  • мемлекеттер жасаған халықаралық қылмыстар;
  • жеке тұлғалармен (мемлекет азаматтарымен) жасалған халықаралық қылмыстар.

«Мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі және келешектің қылмыстық құқығы» атты кітабында ол деликтілердің 3 тобын бөліп көрсетті:    1)    жалпы    қылмыстық деликтілер ұлттық-саясаттық деликтілер 3) интернационалды деликтілер. Соңғы сөздің мағынасының астында ол «мемлекеттер одағы атымен бекітілген және қолданылатын жазамен қамтамасыз етілген» және «кез келген өркениетті қауымдастықтың өмір сүруінің негіздеріне» қол сұғатын әрекеттерді түсінетін. Жиырма жыл өткен соң В.Пелле «Дүниежүзілік қылмыстық кодексі» жоспарын ортақтандыра алды [1, 145 б. ]. Француздық профессор Г. Донедье де Вабр, кейіннен Халықаралық Әскери трибуналдың мүшесі болған, халықаралық қылмыстар Кодексінің екі деңгейлік құрылымын ұсынды. Бірінші бөлімі Нюрнберг трибуналының шешімінде бекітілген әлемге қарсы қылмыстарды, әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарды қамтыған. Екінші бөлімі екі тарапты және көптарапты конвенциялармен қарастырылған қылмыстар қамтыған. Осындай көзқарас ғылыми әдебиетте өте қатты сынға ұшырады. Осылайша, А.Н. Трайнин бұл тұжырымдаманы теориялық тұрғыдан алғанда осал және саяси тұрғыдан зиян деп мәлімдеді, себебі ол халықаралық-құқықтық қатынас үшін ерекше қатер төндіретін қылмыстардан әлемдік қауымдастықтың назарын алып кетеді – деп дәлелдеді. Мысал ретінде 1923 ж. әйелдер мен балаларды саудалау жайлы Конвенция, 1929 ж. ақша белгілерін жалған жасаумен күресу Конвенциясы және т.б. келтірілді [10, 97 б.].

Халықаралық қылмыстарды жасағаны үшін және арнайы сот органдары қылмыстық қудалау жайлы мәселелер Екінші Дүниежүзілік соғысты дайындаужәнежүргізубарысындаагрессор-мемлекеттер жасаған жан түршігерлік қылмыстарға байланысты қайта жанданды. Соғыс әрекеттері аяқталмай жатып-ақ заңгерлермен соғысты ашуға байланысты қылмысты жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту және оларды халықаралық сотқа беруге материалдықұқықтық негіздері талқылана бастады. Осылайша, Г.Лаутерпахт дүниежүзілік соғыстың трагедиялық тәжірибесін ескере отырып, халықаралық қылмысты оның аса ауыр зардабы, жауыздығы және адам мен адамзаттың негіздеріне қайшылығына қарай, халықаралық құқық нормаларын бұзатын, өркениетті елдердің заңдарымен белгіленгендей ауыр қылмыс ретінде қарастырылуы тиіс деп анықтама беруге талпынды. Тек 1945 ж. арнайы құрылған Соғыс кезіндегі халықаралық қылмыстарды зерттеу бойынша Лондон комиссиясы ғана мұндай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліктер туралы нормаларды жүйелендіру талпыныстарын жалғастыра отырып, әскери қылмыстардың 4 тобын бөле алды: 1) агрессивті соғысты не агресссияның өзге де актілерін дайындау және жүргізу; 2) соғыс заңдары мен әдеттерін бұзу; 3) ұлтты, нәсілді немес саяси партияны жоюға бағытталған мемлекеттің ішінде, сыртқы салада жасалған қылмыстардың барлығы; 4) бейбітшілікті қалпына келтіруге бөгет болу үшін соғыс әрекеттері тоқтаған соң жасалған қылмыстар (лаңкестік және т.б.).

Нәтижесінде, халықаралық қылмыстардың жеке категориялары ретінде ең алдымен әскери қылмыстар бөлініп шықты. Ұзақ уақыт бойы тек моральды қағидалар болып қала берген бейбітшілік пен адамзатқа қарсы  қылмыстар тек Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана халықаралық құқықтың қағидаларына айнала бастады. Алайда халықаралық қылмыстардың ерекше құрамы ретінде 1945 ж. Халықаралық әскери трибуналының Жарғысында ғана соңғы әрі нақты орнықты.

 

 

 

 

Әдебиет

 

  1. Волеводз А.Г., Волеводз В.А. Современная система международной уголовной юстиции. – М.: «Юрлитинформ»,– 536 с.
  2. Арцибасов И.Н., Егоров С.А. Вооруженный конфликт: право, политика, дипломатия. – М., – 485 с. 3 Камаровский Л.А. О международном суде / отв.ред. Л.Н. Шестаков. – М.: Зерцало, 2007. – 588 с.
  3. Кибальник А.Г. Современное международное уголовное право: понятие, задачи, принципы / Под науч.ред. А.В. Наумова. – СПб: «Юридический цент Пресс», 2003. – 221 с.
  4. Гайс Р., Бюлинкс Н. Международные и интернационализированные уголовные трибуналы: синопсис // Международный журнал Красного Креста. – 2006. – Март. – Т. 88, № 861. – С. 57-79.
  5. Рабцевич О.И. Интернационализированные уголовные трибуналы – органы международной уголовной юстиции // Право и политика. – 2007. – № 12. – С. 24-31.
  6. Марусин И.С. Международные уголовные судебные учреждения: судоустройство и судопроизводство. – СПб., 2004. – 263 с.
  7. Пакт Бриана-Келлога, заключенный 27 августа 1928 г. // Научно-образовательный форум по международным отношениям / <http:/www.obraforum.ru/lib/book2/64.htm/>
  8. Трикоз Е.Н. Преступления против мира и безопасности человечества: сравнительный и международно-правовой аспекты. – М., 2007. – С. 4-40.
  9. Трайнин А.Н Защита мира и борьба с преступлениями против человечества. – М., 1956. – 294 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.