Студенттік ұжымдағы жеке тұлғааралық қарым-қатынас пен олардың өзара коммуникативті іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы

Студенттік шақта адам өзінің өмірлік жолын іздестіруде болады. Студенттің жоғары оқу орнындағы білім алу барысында кәсіби өзін – өзі анықтау кезеңі басталады, ол маман иесі болған кезде қандай әрекеттермен айналысатыны туралы ойланып, өзіндік жоспарларын құрып, оны іске асыру жолдарын қарастыра бастайды.

Дегенмен де жас адам үшін болашак кәсіби мамандығы үшін ойланумен қатар, өзінің жалпы жеке өмірі туралы да ойлана бастайды.  Яғни, жоғары оқу орнында білім алу барысында оның тұлғалық қасиеттері тұрақтанып, өмірлік қағидалары нақтыланады, өзінің тәртібін қальптастырады. Бұл жерде студенттік ұжым маңызды роль атқарады.

Жоғары оқу орнында оқытушы әр түрлі студенттермен, әр түрлі студент топтарымен араласады, бірлесіп әрекет етеді. Сондықтан оқытушы үшін тұлғааралық қарым-қатынастың теориясын білу маңызды. Тұлғааралық қарымқатынастың заңдылықтары мен феноменін терең меңгерсе тұлғаны жан -жақты дамытуды іске асыра алады [1, 22-23б].

Философиялық әдебиеттерде тұлғааралық қарым-қатынас мәселесі әрекет, қарым-қатынас категорияларымен тығыз байланыста және маңызды орынға ие. Бұл түсініктерді бірлікте қарастырғанмен де олардың сипаты, мағынасы әр түрлі түсіндіріледі.

«Қатынас» ұғымын философтар субъект – объект, субъект – субъект арасындағы байланыс ретінде қарастырады. Бірақта бұл қатынастарға жалпы байланыс модальдық қатынас (жағымды, жағымсыз,  нейтральды)  және  тұрақтылық  тән. Ал, субьект – объект және субъект – субъект қатынасындағы негізгі айырмашылық бір бағыттылық. Субъект – субъект қатынасына екі жақтың белсенділігімен түсіндірілетін өзара тұрақтылық пен өзгермелілік тән. Тұлғааралық қарым-қатынастағы өзара түсіністік және өзгермелілік сияқты қасиеттер кездесетін болғандықтан оның негізгі қасиеттерін дамумен  қатар  қарастыру  қажет. «Қарым-қатынас»,«тұлғааралық   қарым-қатынас»   бүгінгі күннің ғана мәселесі емес, ол сонау ерте заманнан бастау алған.

Ғалымдардың  еңбектеріне  сүйенсек,  М.С. Коган адамдардың тәжірибелік әрекеті ұжыммен бірігіп орындауды қажет етеді, әр уақытта «материалдық, заттық, энергетикалық өзара әрекеті» талап етеді деп көрсетті; сонымен қатар, «тиімді әсер ету білігі ..., адамның алға қойылған міндетінің дұрыс тиімді шешімін таба білуді қажет етеді. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: «тек қана педагогика адамға ұжымда дұрыс және тиімді өзара әрекет етуді үйрете алады» [2, 26-27б].

Ғалымдар субъектаралық қатынасты қарымқатынастың бір түрі дей отырып, олардың арасында тікелей өзара байланыс барын айтады. Адам қарым-қатынасының әрекеттілігі субъектінің басқа субъектіге бағытталуынан көрінеді.

Л.П. Буева қатынас, қарым-қатынас, ісәрекет категорияларының арасындағы өзара байланысқа баска тұрғыда қарастырады. Ол қарым-қатынасты қатынас категориясынан басқаша қарастырады. Бұл категориялар өзара байланысты екенін айта келе, қарым-қатынас байланыстың ерекше формасы, бұл үдерісте қатынас көрінеді, нақтыланады деген анықтама береді. Сонымен қатар, адамдар арасындағы объективті қатынас әрекет үдерісінде қарым-қатынастың субъективтік сипатымен анықталады.

“Қарым-қатынас” ұғымының көп анықтамаларының арасында біз оны – “коммуникативті іс-әрекет” ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леоньтев, М.И.Лисина, Х.Т.Шерьязданова, Т.И.Суркова, Д.А.Исмайлова, Ж.А.Абишева және т.б.) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның анықтамасын арқау етеміз. Сонымен қарым-қатынас деп – екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім  мен  бірлестікке  бағытталған өзара әрекеттерін атаймыз. А.Н.Леоньтев іс-әрекеттің қай  түрін  болмасын  қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады. А.Н.Леоньтевтің қарымқатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің, А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері зерттеулеріміздің әдіснамалық негізі болды [3, 343б].

Ал қазақстандық ғалым – психолог С.М.Жақыпов бүтіндей оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін  анықтайтын  факторлардың  бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті тиімділік критериі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, қарымқатынас мәселесі шешілгенде танымдық ісәрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болатындығы дәлелденеді. Қарым-қатынас адам  өмірінде  өзара қатынастың формасы ретінде маңызды роль атқарады: «қарым-қатынаста индивидтің рационалды, эмоционалды және еріктік өзара әсерлері мен өзара әрекеттері іске асырылады, қауымның көңіл-күй, ойлары, көзқарастары қалыптасады, өзара түсіністік пайда болады, үлгі-өнегені меңгереді, өзін – өзі ұстау стилі қалыптасады, ауызбіршілік, ынтымақтастық болады». Сонымен қатар, автор, әр түрлі әрекет үдерісіндегі қарым-қатынаста   адамның    дамитындығын, оның ішінде еңбек әрекетінде даму үздіксіз жүретінін айтып өтті.  Дегенменде, Л.П.  Буева қарым-қатынастағы қарама – қайшылық кездесетінін                     атаған, себебі  қарым-қатынас үдерісінде жағымды және  жағымсыз  өзара әсер болады, әр уақытта қажетті бағытта бола бермейтіндігін көрсеткен. Осыған байланысты жастар ұжымы арасындағы өзара қатынас педагогикалық көмекті қажет ететін, өте күрделі, қажетті мәселелердің бірі. Зерттеушінің ойынша педагогтың мақсаты мынада: «адамдар арасында қатынастың эмоциональды – адамгершілік негізін түсінуге көмектесіп, адамгершілік қағидаларға сай өзіндік қарым-қатынас жасауға үйретуге негіз болады» [4, 178б.].

Л.П. Буева тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі жолы ретінде оқу ұжымын көрсеткен, «оқу және тәрбие әрекетіне, олардың ұжымдық формасының дамуына  мінез – құлық арқылы әсер етуге болады» – деп есептейді [5,382б.].

Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру ұжым  арқылы  іске  асырылады,  яғни,  қоршаған  шынайы  өмір   тура-  лы берілетін ақпаратты мақсатты бағдарлау арқылы. Бұл жағдайда ғалым өнердің тәрбиелік ролін қолдануды ұсынады: «шынайы өмірдегі адамдар туралы ақпаратты да, әдебиеттердегі кейіпкерлер секілді жеткізу».

Осылайша ұжымдағы тұлғааралық қарымқатынасты жалпы қағидаларға сай қалыптастыру қарым-қатынастың мазмұнын байытады, сондай ақ адамдар арасындағы рухани байланыстың пайда болуы ұжымның жан – жақтылығы және әртүрлілігі деуге болады.

Психология ғылымында тұлғааралық қарымқатынас мәселесі XX ғасырдың басында пайда болады. Осы бағыттағы зертеу жұмыстарының ішінде 1920 – 1930 жылдар аралығындағы В.М. Бехтеревтің рефлексологиялық тұжырымдамасы тұлғааралық қарым-қатынас мәселесіне үлкен әсерін тигізді.

Өзара қарым-қатынас мәселесін басқа тұрғыдан қарауды ұсынғандардың алғашқысы С.Л. Рубинштейн болды. Ол былай деп  жазды: «Басқа адамға деген қарым-қатынас адам өміріндегі негізгі ұлпалдардан (ткань) тұрады, оның жүрегі. Адам жүрегі басқа адамдарға адамдық  қасиеттерден  құралған;   яғни,  қандай адамдармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылатындығы, қандай қатынас жасағысы келетіндігіне байланысты өз қатынасын реттей алады. адам өміріне жасалған психологиялық талдаудан басқа адамдарға қатынасын ашуға бағытталғандығын көруге болады». Осылай-  ша ғалым айналасындағылармен қатынас тұлға құрылымында маңызды орынға ие, ал ғылымда тұлға мәселесін қоғам тұрғысынан шешу қалыптасқан деп тұжырымдайды [6,56б.].

Тұлғааралық қарым-қатынас мәселесіне Л.С. Выготскийдің қосқан үлесін атап өтуге болады.  Оның  жоғары  психикалық  функ-   ция (о высших психических функциях)  туралы ілімінде адам психикасының әлеуметтік шарттылығы туралы идея берілген. Ғалым зерттеу нәтижелерінде индивидтің жоғары прсихикалық функциясының мәнін түсіну үшін өмірдің қоғамдық жағдайларын меңгеруге көңіл бөлу қажет деген тұжырым жасады.

Адам тұлғасын қоғамда қалыптастыру туралы Л.С. Выготскийдің ілімін жалғастырған Л.И. Божович болды. Ол былай деген: «если процесс социализации происходит стихийно, неуправляемо, то нет никакой гарантии, что он будет направлен на усвоение лучших, а не худших образцов. Отсюда ясно, что социализация ребенка ... должна осуществляться под контролем воспитания» [7,46б.].

Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Л.И. Божович, В.Н. Мясищев және басқалардың зерттеулерінде басқа адамдарға деген қатынасының даму негізінде басқаларға деген де қарым-қатынасы да қалыптаса бастайды, мысалы, еңбекке, өзіне деген қатынасы.

Бізпедагогикалық-психологиялықеңбектерді зерделеу барысында Я.Л.Коломинскийдің еңбектерінен тұлғааралық қарым-қатынастың мәнін, қалыптасу жолдарын сипаттағанын көре аламыз. Ол тұлғааралық қарым -қатынасқа анықтама берерде В.Н. Мясищевтің теориялық тұжырымдарына сүйенгене отырып мынадай анықтама берген: «адамдардың бір – бірінің арасындағы қатынаста интеллектуалды, эмоционалды, көрнекі – бейнелі қасиеттерді көрсететін тұлғалық – маңызды ішкі күй [8,158б.].

Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынастың дамуы мен қалыптасуына негіз болатын адамның қарым-қатынасты қажетсінуі деп көрсетеді. адамның ұжымдағы қарым-қатынасының қажеттілігінің бірі адамның өзіне жақын дос іздеуіндегі белсенділігін атайды. Сонымен қатар тұлғаның жасы өскен сайын ұжыммен қарымқатынастағы тұрақтылық пен маңыздылығы арта түседі. Бұл алынған фактілерге сүйене отырып тұлғааралық қарым-қатынасты студенттік ұжымда зерттеу тиімді деген тұжырым жасауға болады.

Я.Л. Коломинский ұжым арасында іскерлік және даралық қатынастарды  бөліп  көрсетті. Ол  ұжымда  бір мезгілде туындағанменде бірдей дәржеде дамымайтынын атап айтты. Ғалым іскерлік қатынастың мәнін аша отырып, бірлескен әрекетте пайда болатынын, оның ішінде педагогтар арасында қалыптасатынын көрсетті. Іскерлік қатынаста адам эмоциясы көп көрінбегенмен де кейбір жағдайларда тұлғаның даралық ерекшеліктеріне сай байқалуы мүмкін. Зерттеушінің пікіріне сай тұлғалық қатынас қызығушылықтар, қажеттіліктер, талпыныс, ұмтылыс   негізінде қалыптасады. Тұлғалық қатынаста уақыт маңызды фактор болып табылады. Уақыт өткен сайын қатынас дамиды және өзгереді, оған өсу, өзгеру тән. Ғалымның айтуынша өзара қарым-қатынас белгілі бір уақыт кезеңінде адам өмірінде нақты орын алатын динамикалық жүйе. Тұлға бойында тұлғааралық қарым -қатынасты қалыптастыра отырып, оның ұжымда  жағымды  қарым-қатынас  орнатуы-  на негіз болады. Мысалы, ұжымда тұлғаның бойындағы маңызды қасиеттерді мадақтап көрсете отырып, оның мәртебесін көтеруге болатындығын атап өтті [9, 61-74б.].

Ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынасты қарастыра отырып, жолдастық қарым-қатынас бірлескен  іс-әрекет  барысында  пайда  болады және өзара көмек, өзара бірлесу негізінде көрінетіндігін атады. Бұндай қарым-қатынаста өзара симпатия болуы да мүмкін, бірақта оның пайда болуы міндетті емес.

Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты калыптастыруды   зерттеудегі   басқа   бағыт Г.М. Андреева. А.И.  Донцов,  А.В.  Петровский  және  х.б.  зерттеулерінде  көрініс  тапты. Бұл авторлардың пікірінше бірлескен ісәрекет ұжымда тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізі болып табылады.

Авторлар ұжымда тұлғааралық қарымқатынасты қалыптастырудағы педагогикалық жұмыстың маңыздылығын былайша түсіндіреді, кез – келген ұжым тұлға бойында тұлғалық қасиеттерді қалыптасуына негіз болып, тәрбиелік қызмет атқарады. Ұжым – тұлғаның әлеуметтік тәжірибесін жинақтайтын негізгі базасы деп санайды [10,112б.].

ЖОО-ғы оқу үдерісінде студент білім алумен  қатар  кәсіби  маңызды   қасиеттерге   де ие бола бастайды. Студенттік кезеңде айналасындағылармен, өндірістікұжымдағылармен өзін адекватты сезініп, кәсіби және жеке өмірінде өзін көрсетуде дұрыс қарым-қатынас жасауға дағдыланады.

Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына кедергі келтіретін төмендегідей объективті себептерді атап көрсетті: ұжымның дамуы: ұжым мүшелерінің өзін – өзі танытудағы жаңа негізі және  т.б.  ұжым  құрамының өзгеруі; педагогтың қатесі: ұжымдағы либералдык стильдің басым болуы немесе ұжымда авторитарлық.

Қорыта келгенде, қарым-қатынас  –  жал-  пы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін  жетілдіру  үшін,  сондай  –  ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарымқатынас арқасында ғана  адам  өзінің  кім  екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам  өмір  сүре  алмайды.  Адам психикасының дамуындағы  қарым-қатынастың  ролі   ерекше. Сондықтан адам өзгелермен  қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.  Сол себепті де студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру маңызды. Қарымқатынас мәдениеті жоғары деңгейде дамыған студент ертеңгі күнгі білікті, іскер маман.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. 1 Базарбаева К.К. Психологиялық тренинг және оны ұйымдастыру жолдары . Астана, 2010ж – 22 – 23 б. 2 Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения.Москва, Педагогика1986. -С.26 – 27
  2. 3 Әл – Фараби әлеуметтік – этикалық трактаттар – Алматы: ‘’Ғылым’’, 1974ж – 343 б. 4 Баласағұн Ж. Құтты білік – Алматы: ‘’Жазушы’’, 1986ж –178 б.
  3. 5 Бес ғасыр жырлайды – Алматы: ‘’Жазушы’’, 1989ж, 1,2 том. – 382 б. 6 Адамтану. Н.Күнұожаев – Алматы: “Ғылым” 2002ж, 56 б.
  4. 7 Ұстаздық еткен жалықпас. Психологиялық очерктері. Ұ.Жарықбаев Алматы: “Рауан”1995ж,46 б. 8 Психология здоровья . Под ред. Г.С. Никифорова. – СПб., 1998. -158 с.
  5. 9 Холмогорова А.Б., Гаранян Н.Г. Культура, эмоции и психическое здоровье . Вопросы психологии. – 1999. – №2. – С.61-74.
  6. 10  Қазақ психологиясының тарихы Қ.Жарықбаев – Алматы “Қазақстан” 1996ж – 112б. 
Жыл: 2014
Қала: Алматы