Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интербелсенді әдістерді қолданудың маңыздылығы

«Жаңаша жаңғыртып оқыту жүйесінде» үйренуші бұрынғы дәстүрді ұғымдардағыдай әрекетсіз, енжар тұлға емес, олоқыту процесіне бастанаяқ қатыстырылатын,танымдық ісәрекетін толық іске қосқан белсенді тұлға. Студенттің жоғарғы белсенділігі тіл үйрену процесінде аса пәрменді болуы қажет. Тілді үйрену студенттің ісәрекеті арқылы жүзеге асқанда ғана нәтижеге жетеді [1] .

Жоғары белсенділік әдістемесі – шет тілі және өзге тіл тұрғысында оқыту жүйесінде соңғы жылдары кеңінен сөз бола бастаған әдіс. Бұған тән бірнеше тәсілдерді қарастырайық. Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен іске асырылады.

  1. Жұптық
  2. Топтық.
  3. Ұжымдық

Студенттің өз ойын анық, батыл жеткізе білуіне, ойпікір алмасып, сөз мәдениетіне жетік болудың тиімді әдістәсілдерін меңгеруді үйренуіне пікірсайыс сабақтарының орны ерекше деп білеміз. Осы арқылы ұжымдық, яғни көп болып ойласып, дұрыс шешім қабылдай білуге де тәрбиелейміз.

Кредиттік жүйеде студенттің өз бетінше дайындалуына көптеген жекеленген тапсырмалар беріледі. Сондықтан дәрісханада ұжымдық оқытуға көбірек көңіл бөлу керек деп ойлаймыз. Шағын мақаламызда осы тәсілді сабақта қолдану жолдарына тоқталуды мақсат тұттық. Бұл тәсіл былайша өрбиді. Алдымен жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі студенттің арасында жүреді. Ондағы негізгі мақсатекі студенттің өзара тілдесу ерекшеліктеріне, қабілетіне, тілді білу дәрежесіне т.б сүйене отырып, іске асырылады. Мұнда студенттер екі-екіден жұпқа әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бірбірімен ауысып отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі : ол диалог арқылы іске асады да, тілдік қарымқатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді.

Тілді топтық форма арқылы  оқыту  арнайы құрылған шағын топтар (4-5 студент)  және  оқытушының  алдына  қойған  мақсатына сай құрылады. Бұл тәсіл студенттер арасында қарымқатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды.

Оқытудың ұжымдық қалпы жұптық және топтық қатынастарды өзара біріктіреді. Өйткені оқыту, сөйлесу процесі бүкіл топтағы студенттермен де, жекедара екі студенттің арасында да жүреді.

Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегенімізстуденттің бүкіл топтағы студенттердің әрқайсысымен жеке сұхбаттасуы арқылы олардың екеуінің бірбірін үйретуі, оқытуы, студенттердің біріненекіншісінің үйренуі, пікір алмасуы, және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгер қамтылып, әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастің жүзеге асуы.

Ұжымдықоқытутәсілібойыншатопта 10 студент болса, әрқайсысының өз жұбы болуы тиіс. Топ өз ішінде екіге бөлінеді. Барлығы қосылған кезде ұжым болады. Алдымен студенттердің назарын сабаққа аудару мақсатында тілдік ортаға енгізу үшін сұрақжауап жаттығулары жүргізіледі [2].

Мысалы:

  1. Бүгін аптаның қай күні?
  2. Бүгінгі ауарайы саған ұнай ма?
  3. Бәрімізге ортақ қандай планетада өмір сүріп жатырмыз?
  4. Туған жеріңде өзенкөл бар ма?

– Шығыс Қазақстанда Марқакөл деп аталатын көл бар .

Осылайша сұрақтарға жауап алып болған соң жұптық оқытуға көшеміз.

Тапсырма: Көршіңізден ауыз су туралы, Қазақстанның өзенсулары туралы сұхбат алыңыз. Тапсырма жеке жұпқа карточкаларға жазылып беріледі.

  1. Алматыда ауыз су мәселесі қалай ?
  2. Арал теңізінің жағдайы қалай
  3. Қазақстандағы қандай көлдерді білесіз?
  4. Экология комитеті Балқаш мәселесін біле ме?
  5. Қазақстан жер асты суларына бай ма? Жұптық сұхбаттасудың    маңызы сөздерді қайталау,  еркін де дұрыс қолдануға,  грамматикалық материалды,  конструкцияны  орын-  ды қолдануға үйрету. Сөхбаттасу студенттерді дұрыс интонациямен сұрақ қоюға, сөйлесудің бір қалыптылығына дағдыландырады. Сұрақ қою арқылы сұхбат алып жаттығады. Сұхбаттың мақсатытыңдауды жақсы дамыту. Белсенділік танытқан 1-2 жұптың жауабы тыңдалады, әр жұптың жұмысын оқытушы жетік қадағалап, бағалап отырады.

Бұл тапсырма орындалып болған соң, топтық тапсырмалар беріледі. Екі топтың басшысы тағайындалуы міндетті. Топ басшыларына дайын сұрақтар ұсынылады [3].

1-топтың сұрағы: 1. Әлемнің қай елдерінде су тапшы?

  1. Қазақстанның қай облысында су тапшы?
  2. Қай елде суды сатып ішеді, тасып ішеді? 2топтың сұрағы: 1. Көршілес Қытай елінде су тапшы ма?
  1. Қазақстанның қай облыстары сулы өлке?
  2. Қай елдерде су өте қымбатқа бағаланады?

Осы сұрақтар бойынша әр топтың жауабын тыңдап, оқытушы бағалайды.

Лексикалық тақырыпқа көшпес бұрын таныс емес сөздермен жұмыс жүргіземіз. Сөздерді тізбектеп оқытып болған соң, әр алуан тапсырмалар орындаймыз. Мысалы:

а) сөздердің антонимін беріңіз. ә) сөздерді аударыңыз.

б) кейбір сөздерге жағдаят құраңыз: 1топқа: маңызды, табиғи, бүлдіру;

2-топқа: пайдалану, үнемдеу, қауіп сөздері беріледі.

Мысалы: пайдалану1.Халықаралық қатынастар факультетінде әр түрлі тілдер оқытылады. Әр сабақта әр түрлі тілде сөйлеп жаттығамыз, күніне өз қажетімізге қарай бірнеше тілді пайдаланамыз.

Пікірсайыс әдісіне көшпес бұрын, алғашқы қиындықтардан,алып шығуда жұптық, топтық жұмыс  тәсілдері   қолданылды.   Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін жақсы жағдаят пен тақырыптың дұрыс таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті болған уақытта студенттердің сабаққа деген қызығушылығын оятып, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.

Осындай мақсатта алынған сабақтың тақырыбы: «Суәлемдік маңызы бар мәселе».

Сабақтың мақсаты: 1. Студенттің өз пікірін ашып айтуға; 2. Өзгелердің пікірімен санаса білуге дағдыландыру,  кәсіби сөйлеу біліктілігін дамыту, сөздік қорын дипломатиялық терминдермен байыту.

Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс, пікірсайыс.

Сабақтың барысы: Мәтінмен төмендегідей жұмыстар жүргіземіз:

  1. Оқыту.
  2. Кейбір күрделі тұстарын аудару.
  3. Мәтіннің мазмұны бойынша толық түсінгендерін тексеру үшін топтарға бірбіріне сұрақтар қойғызу.
  4. Мәтін бойынша жоспар құру.
  5. Жоспар негізінде мазмұндату.

Мәтінді толық меңгертіп болған соң, үйге төмендегідей тапсырмалар беріледі:

  1. Су мәселесіне қатысты баспа материалдарын, теледидар, интернеттегі сайттардан мәліметтер жинау.
  2. «Сутіршілік көзі» атты шығарма жазып келу.
  3. «Қазақстанда су мәселесі толық шешілген бе?» атты пікірсайысқа дайындалып келу.

Келесі сабақ «Қазақстанда су мәселесі толық шешілген бе?» атты пікірсайыс түрінде өтеді. Пікірсайыс әдісінде көп мәселелер қаралуы керек. Мұнда дұрыс сөйлеу ерекшелігінің маңызы зор. Дұрыс сөйлеу үшін айтушы тыңдаушының назарын өзіне аудара білуі тиіс, сұхбаттасымен байланыс жасап, әңгімелесіп, одан шыға білуі тиіс, тыңдаушыны өзіне қаратып, сұхбаттасын қызықтыра отырып, тыңдаушы ықыласын тоқтата білуі керек. Оны сөзге тартып, пікірін біліп, пікір-таласқа, талқылауға шақырып, сұхбаттасынан соңғы мақсатқа байланысты қажетті жауап ала білуі тиіс. Ал осы міндеттерді орындау үшін айтушы білуге тиіс мәселелер оның тактикасы болып есептеледі. Ол ең бірінші, тыңдаушы назарын аударуға қажетті сөйлеу клишелері, байланыс жасауға қажетті сөйлеу клишелері және вербальды емес құралдар, жағдаятқа сәйкес келетін сөйлеу этикеттерінің формулалары, емеурін түрлерін білудің маңыздылығы, сұхбаттасын сөзге тартудың жолдарын маңгеруі керек. Сұхбаттасының пікірін білуі үшін сұрақты дұрыс орынды қоя білуі тиіс, басқа пікірлермен келісу, келіспеушілікті білдіру жолдарын игеріп, қарсы пікір айтудың ретін дұрыс меңгеруі керек.

Пікірсайыс барысында студентке төмендегідей клишелерді меңгерту шарт: мен сенің пікіріңмен келісемін, менің ойымша, мен сенімен мүлде келіспеймін, сен қалай ойлайсың? т.б.

Пікірсайыс сабағы барысында оқытушының ролі өте маңызды. Себебі, оқытушы бұл сабақта негізгі рөлді атқарады. Оқытушы мынандай ережелерді басшылыққа алады: сабақта жайлы, достық қарымқатынас орнату, студенттерді сынамау, сөзін бөлмеу, ауыстырмау, олардың белсенділігін ынталандыру, қызықтыру, сабақтың өн бойында олардың сөйлеу әрекеттерін қуаттап, жоғары бағалау.

Пікірсайыс барысында төмендегі сұрақтарға толық жауап алынады:

  1. Қазақстанда су «дертке» ұшыраған ба?
  2. Қазақстандағы шипалы     сулар    қай аймақтарда орналасқан?
  3. Қазақстанда су қоры қандай?
  4. Қазақстанда су тапшылығы бар ма?
  5. Экология комитетінде су мәселесі қалай қаралуда?
  6. Қазақстанда су мәселесі толық шешілген бе?

Қорытынды пікірді оқытушы жасайды.Студенттер оқытушыдан кез келген көзқарасты (позицияны,идеологияны)ұстамдылық,төзімділік және сыйластық тұрғысынанқалайша қабылдауға болатындығын үйрену керек. Олар пікірталастың демократиялық сипатта болуы тек сондай ұстаныммен байланысты екендігін ұғуы  қажет.  Ұстаз  пікірталаста   шәкірттерін өз позицияларын нақты айқындап, оларды тыңдаушыларға жеткізіп, дәлелдей білуіне үйренуге шақырады. Ол студенттерге ақиқатты дайын күйінде ұсынбай, оны қалайша іздеп тауып,   қорғауға   болатындығын   көрсетеді[4]

.Қорыта айтқанда, осындай сабақтардың нәтижесінде студент пікір айтуға дағдыланады. Олардың сөйлеу икемділігі мен дағдылары барынша дами түседі. Студенттер өз ойын ортаға салуға, сөйлеу шеберлігін дамытуға мүмкіндік алады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қадашева Қ.Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Мұрагер, 2005.-176 б.
  2. Күзекова З.С. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы: Ғылым, 2001.-218 б.
  3. Күзекова З., Жусанбаева С., Жарқынбекова Ш., Әлімбек Г. Қазақ тілі. – Алматы: Раритет,2008.216 б. 4 Әлімов А.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. – Алматы, -448б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.