Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұсылман миграциясы мəселесі жəне Оңтүстік Еуропа мемлекеттерінің саясаты

Еуропа – иммигранттар үшін тартымды орталықтардың бірі. Еуропалық одақ елдерінде барлығы 23 млн мұсылман диаспорасы бар жəне олардың саны жылдан-жылға ұлғаюда. Миграция  əсерінен   Еуропаның  қазіргі   кезде күрделі жағдайды бастан кешіріп жатқаны анық байқалады.Мұсылмандар миграциясы мəселесіне тап болған Еуропада елеулі өзгерістер орын алды. Бұл Еуропа тарихындағы ең ауқымды өзгерістердің бірі деп айтса болады. Қазіргі замандағы миграциялық үдерістердің тарихи тамыры түп тереңнен бастау алады. Ислам діні Оңтүстік Еуропа елдеріне ерте келген. Еуропаның ислам дінімен жақын танысуы сонау ІХ ғасырда басталды. Мың жылдан астам уақыт бұрын исламдық Испаниядан басқа Сицилия аралында араб-ислам өркениеті орнады. Ерте кезде Италия территориясында Барий, Сицилия əмірліктері, Испания жерінде Кордоба халифаты өмір сүрген. Əрине, ол аймақтың мəдениетінде, ғылымында өзіндік  ізін  қалдырып,  дамуына өз үлесін қосты. Бұған Палермо жəне басқа да қалалардағы əсем архитектуралық ескерткіштер, Сицилия мұражайындағы монументтер, ірі кітпаханаларындағы кітаптар мен қолжазбалар дəлел бола алады. Сицилия əмірлігі Еуропадағы ең көркем экономикалық, мəдени дамыған аймақтардың бірі болды. Еуропада оның əсемдігі бойынша теңдесі ретінде тек Испанияны айтуға болады. Сицилия, Испания арабтардың басқару кезінде Англия жəне басқа да Солтүстік Еуропа елдерімен салыстырғанда əлдеқайда алда болды. Арабтар билігі қысқа мерзімді болғанымен, Оңтүстік Еуропа елдерінің  мəдениетіне едəуір əсер еткені, тіпті, бүгінгі күнде де анық байқалады. Араб-ислам өркениеті аймақтың дамуына қомақты үлес қосқаны сөзсіз. Экономика, ауылшаруашылығы,  медицина  саласына, архитектурада ислам мəдениетінің ықпалы болды.

Оңтүстік Еуропадағы мұсылман көшіқонының екінші кезеңі ХХ ғасырдың 70-жылдарынан  басталды.  Франция,   Германия  сынды Еуропаның алпауыт мемлекеттері иммигранттардың келуіне тыйым салғаннан кейін иммигранттар Оңтүстік Еуропаға бет алды. Көп жылдар бойы эмиграция елі болған Италия, Испанияның енді иммиграция еліне айналуы жаңа құбылыс болды. Оңтүстік Еуропаға мұсылман мигранттарының келуінің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, географиялық орналасуы бойынша Оңтүстік Еуропа мен Африка   көршілес  болып табылады. Екіншіден,мың жыл бұрын осы аймақта арабтар билік  етіп, мəдениетінде əлі күнге дейін сақталған өзіндік ізін қалдырды. Италия, Испания, Грекия көптеген ғасыр тарихын сақтап отырған, өнер мен ғылым орталығы болған ғажайып мемлекеттер. Тарихы бай, мол мұраға ие Италияда қазіргі таңда 1,5 млн, Испанияда 2 млн, Грекияда 1,2 млн мұсылман бар жəне олардың саны барған сайын көбеюде. Италиядағы мұсылмандарды көбіне Эритрея, Ливия, Сомали, Марокко, Албания, Тунис, Сенегал, Египеттен келген мигранттар құрайды. Ал Испанияға иммигранттар Марокко, Сирия, Ливан, Ирак, Бангладеш, Үндістан жəне Пəкістаннан қоныс аударады. Иммигранттар көбіне төменгі квалификациялы жұмыстарда істейді [1].

Оңтүстік Еуропадағы мұсылман миграциясы мəселесі араб əлеміндегі көтерілістерден кейін жаңа күшке ие болды. 2010 жылы Тунисте бастау алған бұл көтерілістер бүкіл араб əлемінде жағдайды өзгертіп қойған жоқ, сонымен қатар Еуропаға тікелей əсер етті. «Араб көктемі» миграция толқынына алып келді. Мыңдаған босқындар пана іздеп Еуропаға ағылды. Бұл онсыз да дағдарысты бастан кешіріп отырған Еуропа үшін ауыр соққы болды. Əрине, бірінші кезекте Италия, Грекия, Испания елдері Африкаға жақын орналасуына байланысты жапа шекті.

Италия мен Испанияға Магриб елдері халықтарының қоныстануы келесідей факторлармен байланысты: 1) географиялық орналасу; 2) мемлекеттердің саясаты 3) экономиканың көлеңкелі секторының дамуы 4) қара жұмыс күшіне сұраныстың жоғары болуы.

Мигранттарды қабылдау жəне олардың бейімделуі мемлекеттердің алдында бұл мəселені құқықтық реттеуге байланысты нақты міндеттер қояды. Иммиграциялық саясат бойынша Еуропалық мемлекеттер ішінде Францияның тəжірибесі мол. Иммиграциялық саясаты 1889 жылы алғашқы заңның  шығуынан  бастап қазіргі кезге дейін бірнеше кезеңдерден өтті. Иммигранттарды қабылдауға қатысты  француз заңнамасында он шақты акті бар. Ал Испания, Италияда 1980  жылдардың  аяғына  дейін иммиграциялық заңнамасында нақты жүйе болмады, өйткені үлкен иммиграциялық ағындардың жоқ болуынан аса қажеттілік те туындамады.

Иммиграция мəселесінде Италия өзінің географиялық орналасуының тұтқынына айналды. Африка  жағалауына, Балқан түбегі мен Шығыс Еуропа елдеріне жақын болуы көп жылдар бойы миграциялық үдерістердің сипатын жəне Италияға келушілердің этникалық құрамын айқындаған.

Миграциялық үдерістердің қарқынына Жерорта теңіз аймағындағы тұрақсыздық жағдайы əсер еткен болатын. Сол аймақ елдеріндегі саяси өзгерістер босқындар мен мигранттардың жаппай келуіне алып келеді. 2010-2011 жылы араб əлемінде орын алған түбегейлі өзгерістер осыған нақты дəлел бола алады. 1990 жылда-  ры Италия жаппай заңсыз миграцияға тап болуы жиі қайталанып тұрды. Бұл итальяндықтар мен иммигранттардың қарым-қатынасының өзгеруіне тікелей əсер етті. Мұнда мемлекеттің де, қоғамның да  жаппай  иммиграцияға  дай-  ын болмағанын атап өткен жөн. Мигранттарды жіберуші елдермен Италияның визалық келісімі болмаған. Оған қоса 1986 жылға дейін мемлекетте иммигранттардың келуін реттейтін заңдардың болмауынан бірқатар қиындықтар туындады. 1970-1980 жылдары Италиядағы заңсыз иммигранттар саны 1,5 миллионға жетті [2].

1980 жылдардың ортасына дейін Италия территориясындағы шетелдік азаматтардың жағдайы «нəсілі, тілі, діні, саяси көзқарасы, əлеуметтік жағдайына қарамастан азаматтық құқықтары мен еркіндіктерін» сақтауға кепілдік беретін Конституция (3-бап) негізінде анықталды. Ал шетелдік азаматтардың мəртебесі Конституцияның  10-бабы  бойынша,«халықаралық құқық нормалары мен халықаралық келісімдерге сəйкес реттеліп отырады».

Мемлекетке жұмыс күшінің ағылып келуіне байланысты үкімет миграцияны реттеу жүйесін қалыптастыруға ұмтылды. 1981 жылы Италия халықаралық еңбек ұйымының (МОТ) заңсыз миграция туралы конвенциясына қосылды. Еңбек министрлігі шетелдік жұмыс күшіне бақылауды қатаңдатуды қарастыратын заң жобасын жасады.

1986 жылы 30 желтоқсанда Италияда иммиграцияны реттейтін алғашқы заң пайда болды (№973 Заң) [3]. Заң жобасы социалист Б. Кракси бастамасымен жасалынды. Сол кездері Аппенин түбегінде иммиграциялық ағындар қарқынды жүріп жатқандықтан, нақты заңдардың қажеттігі ерекше байқалды.  Еңбек  мигранттары  Италия азаматтарымен бірдей құқыққа ие болуды қалады.

Сондықтан иммиграция бойынша арнайы ұлттық  жəне  облыстық  кеңестер  құрылды, отбасылармен бірігу, мемлекетке кіру, заңсыз келгендерді заңдастыру процедуралары жасалды.

Бірақ 1990 жылдан бастап, Шығыс Еуропадан жəне басқа да аймақтардан Италияға мигранттар көптеп келе бастағандықтан, Италияда №39 заң (Мартелли заңы) қабылданды. Иммиграцияны бақылау бойынша шаралар енгізу, мигранттардың бір бөлігін қайтару, виза тəртібін орнату, елге кіруге квота жасау заңның негізгі бағыттарына айналды. Бірақ оған қоса Италия елдегі заңсыз иммигранттардың санын азайту мақсатында миграциялық амнистия саясатын жалғастыра берді. Мигранттар ағымының ұлғаюына байланысты № 489 (1995 ж.) Дини декреті қабылданды [4].

1970-1980 жылдары Италияның саяси элитасы иммигранттардың келуіне жақсы көзқараспен қарады. Африкадан келген иммигранттарды қабылдау арқылы үшінші əлем елдеріне көмек көрсеткілері келді. Бірақ қазіргі кезде саясаткерлер мен сарапшылар Италияны иммигранттарға «ашу» арқылы олар Италия  болашағы  ту-  ралы ойланбағанын мойындайды. Л.Турко (1996-1998 жылдары Романо Проди үкіметінде əлеуметтік министрлікті басқарған, 1998 жылғы иммиграциялық заң авторларының бірі) «Corriere della Sera» газетіне берген сұхбатта 1990 жылдары иммигранттарды қабылдау қателік болғанын айта отырып, иммигранттар ағынын реттеуді заң жүзінде қатаңдату керектігі жөнінде мəлімдеді [5].

Италия қоғамы иммигранттарды қабылдауға қарсы болды. Итальяндықтар арасында ксенофобия байқала бастады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, ол  бірнеше  себептерге  байланысты туындауы мүмкін. Біріншіден, Италияның оқшаулануымен, оның Франция, Ұлыбритания, Испания мемлекеттеріне қарағанда отарларымен қарым-қатынас жасау тəжірибесінің болмағандығымен түсіндіреді. Екіншіден, 1980 жылдары Италия үкіметі иммигранттарды қабылдағанымен байланысты.

Қоғамдағы иммигранттарға қарсы көзқарас толқынында Италияның саяси аренасында антииммигранттық мəлімдемелермен шыққан партиялар мен қозғалыстардың позициясы нығая түсті. Соның  ішінде  Солтүстік  Лига-  сы мен Ұлттық альянстың кейбір өкілдері иммиграцияны қауіпсіздікке, əлеуметтік ұлттық, мəдени, діни біртектілігінің жойылуына ықпал ететін  қауіп   деп  қабылдады  жəне  мемлекетті иммигранттарға жауып тастауын талап етеді. Аз уақыт ішінде ғана бұл партиялардың өз электораты қалыптасты. 1987 жылғы сайлауда Солтүстік Лигасы дауыстың тек 0,5%-ын жинаса, 1992 ж.– 8,6%, 1994 ж. – 8,4% жəне 1996 ж. – 10,1% да-уысты иеленді.

Ұлттық альянс та 1990 жылдардағы парламенттік сайлауларда ірі жетістіктерге  жетті: 1992 жылы партияға сайлаушылардың 5,4%-ы, 1994 жылы 13,5%-ы, 1996 жылы 15,7%-ы дауыс берді [6]. 1994, 2001 жəне 2008 жылдары екі партия Сильвио Берлусконидің «Алға, Италия» қозғалысымен, кейіннен «Еркіндік халқы» партиясымен ынтымақтаса отырып, парламенттік сайлауда жеңіске жетті. Солтүстік Лигасының төрағасы У. Босси мен Ұлттық альянстың жетекшісі Дж.Фини Берлусконидің үкіметіне кіріп, 2001 жылы Парламент арқылы өте қатаң иммиграциялық Заң жобасын жасады.

Сөйтіп,Италияныңішкісаясижағдайларының өзгеруіне байланысты 2002 жылы «Босси-Фини заңы» қабылданды. Бұл еуропалық одақтағы ең қатаң заңдардың бірі деп танылды. Заңға сəйкес, Италияда иммиграциялық полиция енгізілді, депортациялау инфрақұрылымы құрылды, заңсыз иммигранттардың еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерге жауапкершілік қатаңдатылды. Осындай шараларды қолдану нəтижесінде иммигранттар саны күрт төмендеді.  Италияда 2012 жылы 16 шілдеде №109 заң ресми түрде күшіне енді. Заң бойынша, заңсыз иммигранттарды жұмысқа қабылдаушыларға қатаң шаралар қолдану көзделуде. Сонымен қатар жұмыс істеуге рұқсаты жоқ иммигранттарға да санкциялар қолданылады.

Италияда саяси баспана беру мəселесі Женева конвенциясы (1951 жыл), босқын мəртебесін беру жөніндегі Нью-Йорк хаттамасы (1967 жыл), Италия республикасының Конституциясы (1947 жыл 22 желтоқсан), Шенген келісімі, Дублин конвенциясына сай реттеліп отырады. Италияда діни, нəсілдік, ұлттық белгілері, саяси көзқарастары бойынша өз елінде қудаланған тұлғаларға баспана беріледі. Босқын мəртебесін беру туралы шешімді босқын мəртебесін беру мəселелері бойынша Орталық комиссия қабылдайды. Босқындардың жұмысқа орналасуға құқығы бар, оған қоса білім беру мен денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін еркін қолдана алады. Италияда бес жыл өмір сүріп, жұмыс істеген жағдайда босқын мəртебесіндегі тұлғалар азаматтық алуға өтініш бере алады.

2011 жылдың басында Солтүстік Африкадағы мемлекеттердегі халық толқуларының əсерінен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға заңсыз иммигранттар толқыны келді. Бірінші кезекте, бұл оқиға Италия жағдайына тікелей əсер етті. Атап айтқанда, босқындар Италияның Лампедуза аралына қаптап келді.

Италия үкіметінің жағдайды жақсарту мақсатында қолданған шараларының ішінде Тунис пен Италия арасындағы Солтүстік Африкадан келетін заңсыз мигранттармен күресу туралы келісімді атап өтуге болады. Бұл келісімде қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, заңсыз мигранттарды депортациялау механизмдерін жеңілдету, Тунис шекараларында бақылауды күшейту қарастырылған.

Сонымен қатар иммигранттарға байланысты туындаған жағдайды жақсарту үшін Италия Тунис эмигранттарына уақытша рұқсат қағазын беру туралы шешім қабылдаған. Ал Тунис азаматтары Еуропалық Одақтың Шенген аймағына кіретін мемлекеттеріне баратынын мəлімдеді. Тунистіктердің басым бөлігі бірінші кезекте Францияға баруды көздейді. Алайда Париж Италиядан келген иммигранттарды  қабылдаудан бас тартты. С. Берлускони босқындарды батыл іс-əрекеттерге көшу керектігін айта отырып, 4860 сағатта босқындарды депортациялау туралы ұсыныс жасады. Өкінішке орай, бұл əрекеттер толығымен орындалмады, алайда Берлускони Тунис пен Ливиядан келген мыңға жуық иммигранттарды қайтару арқылы аралдағы жағдайды сəл де болса тұрақтандырды.

Ал кейінгі жылдардағы Испания жəне Италияның иммиграциялық заңдары негізінен ұқсас болды. Жалпы, 1990 жылдардың алғашқы жартысы Испания, Италия, Португалияға мигранттардың жаппай келуімен ерекшеленеді. Сол кездегі заңды жəне заңсыз миграцияны реттеуге бағытталған щаралар осы мемлекеттер үкіметтерінің сол жағдайға жауабы болды.

Испанияда шетелдіктер мен иммигранттар мəселесіне арналған алғашқы заң 1985 жылы қабылданды. Сол кездердегі ережелерді ЕЭҚ нормаларымен сəйкестендіруді көздеген. Себебі осы кезде испан билігі еуропалық қауымдастыққа мүше болуға ұмтылған.

1994 жылы Испанияда иммигранттарды интеграциялаудың алғашқы жоспары жасалады. Бұл осы бағытта жасалған Испанияның алғашқы  қадамы  болды.  Кейіннен  1998 жылы қабылданған № 40 (Турко-Наполитанозаңы) заңның негізінде заңсыз миграциямен күресу шаралары, оларды депортациялау болғанымен, иммигранттардың құқықтары да қарастырылған. Иммигранттардың  дініне,  мəдени  болмысы-  на сыйластық көрсету қағидалары, заңсыз иммигранттарға амнистия сақталды.

Жаңа  азаматтарды  интеграциялау   идеясы бойынша Италия, Испания қоғамында енді ғана алғашқы қадамдар жасалса, Францияда  осы мəселеге қатысты саясат ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келген. Нəтижесінде «интеграцияның француз моделі» 1990 жылдардың басында нақты қалыптасқан. Сол кездегі министр М. Рокар Франция азаматтарына «интеграциялану міндеті» (француз мəдениетін, құндылықтарын, демократиясын қабылдау) туралы мəлімдеме жасаған. Иммиграциялық заңнамалардың кейінгі дамуымемлекеттегітүрліішкісаясижағдайларға, биліктің ауысып тұруына, қоғамдық пікірге байланысты өзгеріп тұрды.

2000 жылы «Испаниядағы шетелдіктердің құқықтары мен еркіндіктері жəне олардың əлеуметтік интеграциялануы туралы Заң» қабылданды. Бұл заң бойынша иммигранттардың кең мүмкіндіктерге ие болғаны соншалықты, тіпті, олардың жағдайы, құқықтары, мүмкіндіктері жергілікті халықпен бірдей болды. Иммигранттарға тегін заңдық жəне медициналық  көмек  көрсетіліп  отырды,  балала-  ры білім алды. Олардың саяси құқықтары да қарастырылған, яғни ереуілге шығуға, жиналыстар өткізуге, кəсіподақтар құруға құқықтары болды. Сонымен қатар заңсыз иммигранттарға да көңіл бөлінді: Мемлекетте бес жыл  тұрғандар автоматты түрде тіркеле алды. Бұл заң еуропалық одақта ең либералды деп танылды. Бірақ кейіннен барлық заңдар өзгеріске ұшырап, қатаңдатылды. Иммигранттардың саяси құқықтарын қысқартты, əлеуметтік қорғаудан тек медициналық көмек көрсету қалды жəне мемлекетке кіруге үміткерлерге қатаң талаптар қойылды [7].

Франция  мен  Испанияның    эмиграция елдерімен экономикалық жəне мəдени ынтымақтастыққа бағытталған саясаты ұқсас болып келеді. Екі мемлекет те Үшінші əлем елдеріндегі жағдайды жақсарту арқылы халықтың қоныс аударуын тоқтататуды көздеді. Испания үкіметі Африка елдерінде жұмыс орындарын көбейтіп, еңбек жағдайларын жақсартуға көңіл    бөледі.  Ал  Франция бұл мəселеге кеңінен қарайды: өз университеттеріне Африкадан келген жастарды қабылдайды жəне өз мемлекеттерінде кəсіпорындар ашуға ұмтылған жастардың ұсыныстарына қолдау көрсетеді. Саркози ұсынысымен африкалық кəсіпорындарды дамытуға бағытталған  инвестициялық қор (250 млн) ашылды. Тағы бір жоба бойынша Мароккодағы 1000 орта жəне кіші өнеркəсіптерге көмек көрсету жоспарланған [8].

Ал Португалия ұлттық иммиграциялық заңнамасын жасауға  кейінірек  кірісе  бастады. 1990 жылдың басына дейін иммигранттар негізінен өзінің бұрынғы отарларынан келетін. Бірақ 90-жылдардың басында Еуропадағы миграциялық жағдай өзгерді жəне бұл мемлекетке иммигранттар əртүрлі аймақтардан  келе бастады. 1992 жылдан бастап Португалияда заңсыз келгендерді заңдастыра бастады. 1992 жылдан бастап 2003 жылға дейін заңдық мəртебені 250 мың иммигрант алған. Мемлекетте шетелдіктерді интеграциялауға жəне бейімдеуге нақты іс-əрекеттер жасала бастады. Бұл мақсатта мəдениетаралық білім беру бағдарламаларының координациялық орталығы (1991 ж.) жəне Иммиграция жəне этникалық азшылық істері бойынша жоғарғы  комиссариат (1996 ж.) құрылды. Иммигранттардың үлкен ағымына тап болған Португалия үкіметі енді мемлекетке кірем деушілерді мемлекеттің экономикалық қажеттіліктерін ескере отырып таңдау туралы шешім қабылдады.

Грекияның Ішкі істер министрлігі азаматтық беруге байланысты мораторий жариялады. Алайда бұл шешімді қолдамағандар да болғандықтан,  мемлекетте  келіспеушіліктер   болды. Заң министрі Антоним Рупакьотис бұл  ойды жақтамайтынын айтса, солшыл партия жетекшілер бұл əрекетті «заңсыз деп» тапты. 2012 жылы тамызда Грекияның миграциялық саясаты инстиутының (IMEPO) президенті Александрос Завос еуропалық шекаралық агенттік Frontex көмек көрсетуіне қарамастан, Грекия Түркиямен шекарасынан келетін мигранттар ағынын тоқтата алмайды.

1980 жылдары уақытша құбылыс болған иммиграция Оңтүстік Еуропа елдерінің тұрақты факторына айналды. Иммиграция үдерісі экономикалық, əлеуметтік салаға ғана емес, сонымен қатар елдің саяси, қоғамдық, мəдени өміріне де ықпал ете бастады.

Араб əлеміндегі түбегейлі өзгерістер еуропалық   одаққа   нағыз   сын   болды. Еуропалық одақтың мүше-мемлекеттерінде босқындар ағынына қатысты біртұтас позицияның əлі де қалыптаспауы миграциялық мəселені толыққанды шешуге кедергі келтіреді. Бұл жағдайда еуропалық одаққа бірлік, ынтымақтастық аса қажет. Тек сонда ғана мыңдаған босқындардың келу қаупіне төтеп беруге болады. Иммиграция еуропалық одақтың əлеуметтік-экономикалық дамуына əсер етеді, соның негізінде қабылдаушы мемлекеттердің иммиграциялық саясатын анықтайды. Дұрыс иммиграциялық саясат жүргізу арқылы иммиграцияны қабылдаушы мемлекеттердің экономикалық дамуының тиімді факторына айналдыруға болады.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Галкина Е.В. «Особенности миграционных процессов в странах Южной Европы в 80-90-х годах XX века». http:// rspu.edu.ru /pageloader.php? pagename=/structure/publishing_centre/collections_of_works/conf4/galkina
  2. Muslims feel like The West feels guilty. Is the world going mad? // The Times.2006.1 September.
  3. Bidar , Manifest pour un Islam europeen// Le Monde. – 2005. – 14 février.
  4. Morici Espulsioni: la Bossi Fini  è cartastracciatahttp://blog.panorama.it/italia/ 2011/03/07/  espulsioni-la-bossi-fini-e-carta-straccia/
  5. Прожогина С.В. Литература франкоязычных магрибинцев о драме североафриканской диаспоры// Диаспоры. – 2005. – №4. – С. 100-137.
  6. Amendments to draft opinions Committees AFET_AM(2007)386329. Plocy priorities in the field against illegal immigration of third-country nationals//http://europe.eu/documents/parliament
  7. Животовская И. Г.Италия на пути к мультиэтническому обществу: Проблемы и поиск решений// Актуальные проблемы Европы. – 2011. – № 4. – C. 166-192
  8. Кожановский А.Н., Любарт М.К. Францияи Испания: иммиграционная политика на рубеже ХХ-ХХI вв. – М., 2009. – C. 19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.