Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық интеграцияға геофилософиялық талдау

«Еуразия» ұғымы халықаралық саясаттағы маңызды геосаяси терминге айналды. Еуразиялық одақтың құрылуы жаһандағы маңызды геосаяси, экономикалық жəне геомəдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Еуразияны əрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан түсінеді. Ресей Еуразияны қалай түсінеді? Еуразия туралы Ресейде қалыптасқан түсініктер Қазақстанның саясатына  қаншалықты  əсер етті? Қазақстанның мүдделері тұрғысынан Еуразия одағының қандай геосаяси пайдалары мен қауіп-қатерлерін айтуға болады? Еуразиялық бірлесу жобасының философиялық мəні неде? Мақалада осындай күрделі сұрақтарға жауаптар іздеуге тырыстық.

Еуразияның геосаяси маңыздылығын түсіну үшін геосаясат теоретиктерінің бірі Хəлфорд Макиндердің heartland, яғни «жердің жүрегі» теориясына назар аудару қажет. Ол теория бойынша, кез келген мемлекеттің ең стратегиялық маңызды аймағы оның орталығында орналасады. Макиндердің пікірінше, дүниежүзінде ықпал жүргізу үшін Еуразия құрлығында, ал Еуразияда ықпалды болу үшін сол құрлықтың ортасында басымдыққа ие болу шарт. Расында, бұл теория Ресейге де, Орталық Азияға да қатысты. Орталық Азия кіндік аймақта орналасқандықтан шынайы геосаясаттың нысанасына айналып отыр.  Бұл  атлантистік  теорияның   баламасы түрінде еуразияшылдық қалыптасты. Бұл геосаяси текетірес Ресей мен Ұлыбритания арасындағы «Үлкен ойын» кезінде де, КСРО мен АҚШ арасындағы «Қырғи-қабақ соғысы» кезінде де көзге көрінді.

1920 жылы Ресейде пайда болған еуразияшылдық ағымы еуропацентризмге, атлантизмге қарсы реакция түрінде славяншылдықтан бөлініп, орыстар мен азиялықтардың тарихигеографиялық жақындығына негізделген бөлек теорияға айналды. Бұл теория Ресейдің Еуропаға жатпайтынын, Еуропа мен Азияның көп бөлігін қамтитын бөлек геомəдени кеңістік екенін меңзеді. Бұл теория «орыс идеясының» геосаяси қалыбы еді. Яғни Еуразия түсінігі Ресей үшін «құрлық-мемлекет» дегенге саяды. Еуразияшылдық – Ресейдің мол табиғи ресурстарын, құрлықтағы геосаяси ұстанымын қорғау рефлексінен туындаған теория. Еуразияшылдар орыс мəдениетінің универсалдығына, оның еуроазиялық сипатына сенді. Еуразияшылдар орыс жəне тұран халықтарына құрлықты сезіну сияқты ортақ дүниесезім тəн дегенді алға тартты.

Еуразияшылдықты орыс тарихының негіздері құрайды.

Л. Гумилев еуразияшылдықты жаңғыртып, əрі қарай дамыта түсті. Егер еуразияшылдық Ресей патшалығының күйреуіне деген реакция болса, жаңа еуразияшылдық КСРО-ның ыдырауына, күрделі геосаяси-экономикалық жағдайға жауап ретінде пайда болды. Еуразиялық одақ пост-кеңестік елдердің жаңа қауіп-қатерлерге бірлесе жауап беруге деген ұмтылысы.

Л.   Гумилевтің  еуразияшыл ойлары  Н.Ə. Назарбаевтың тарихи-саяси көзқарастарына едəуір əсер етіп, Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағытына айналды. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымы мен жағдайын жақсы білгендіктен 1990 жылдарда-ақ шашыраған пост-кеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын іздеді. Өйткені Қазақстанның экономикасы Ресей сияқты кеңестік елдермен ажырамастай тығыз байланыста əрі өзара кіріккен еді. Республикалар арасындағы өндірістік байланыстардың үзіліп қалуы үлкен экономикалық, əлеуметтік-саяси күйзелістерге алып келді.

Бір кездері жаһандық мемлекет болған КСРО-дағы аймақаралық байланыстардың бірден жойылуы мүмкін емес еді. КСРО сияқты күрделі құбылыс өз инерциясын, энергиясын қалдырды. Бұл – табиғи физикалық үрдіс. Яғни теориялық тұрғыдан пост-кеңестік елдер ортақ тарихи-мəдени, қоғами-саяси құндылықтарға сүйене отырып, экономикалық мақсатта бірлесе алады.

Еуразиялық   одақтың   құрылуы   КСРОның саяси ыдырауынан кейін пайда болған идеологиялық бостықтың орнын толтыруға, мемлекетаралық индустриалды-экономикалық қатынастардың үзілуінің келеңсіз салдарларын жұмсартуға жəне ұлтаралық-еларалық қатынастарды нығайтуға бағытталды.

Кез келген интеграциялық одақ белгілі саяси-экономикалық құндылықтарға сүйенеді. Теориялық тұрғыда еуразиялық экономикалық интеграция нарық, теңдік жəне  тиімділік  сияқты экономикалық құндылықтар негізінде қалыптасады. Сонда ғана ықшамды, жаңашыл жəне динамикалық одақ құрылуы мүмкін. Яғни интеграцияның принциптері мен  ережелері  əділ негіздерге сүйенуі тиіс. Еуразиялық одақ еуропалық одақтың интеграциялық үлгісін негізге алып отыр. Не десек те, интеграцияның баяндылығы бірінші  кезекте  Мəскеудің стратегиялық ниетіне, одақты саясиландырмай экономикаға көңіл бөлуіне, мүшеелдердіңұлттық мүдделерін сақтауына, теңдік пен əділдікті қамтамасыз етуіне байланысты болмақ. Итальян саясаттанушысы Фабрицио Вьелминидің ойынша, еуразиялық одақтың келешегі Ресейге байланысты болмақ [1, 5 б.].

Еуразиялық интеграцияның ядросы – Ресей. Қазақстан Ресеймен экономикалық түрде тығыз ынтымақтасып, бəсекелестікке үйренуде. Ресей мен Қазақстанның энергетикалық бəсекелестігін жұмсартуға күш салынуда. Ресей екінші санаттағы держава ретінде өзгеру, қайта бағалау, даму үстінде. Мəскеу жаңа жағдайға бейімделіп, теңдік пен өзара тиімділік принциптеріне сəйкес жұмыс істеуді үйренуде. Қазақстан кеңестік комплекстерінен құтылуы керек.

Интеграция шеңберінде Ресей, ең алдымен, өз мүдделерін қорғап жатқаны белгілі. Интеграцияда Ресеймен əділ де ашық қатынас орнату ғана өз жемісін береді. Қазақстан экономикалық интеграцияны стратегиялық мүдделері мен геосаясат тұрғысынан бағалауы тиіс. Егер еуразиялық одақтан Қазақстан шығып кетсе, одақ еуразиялық сипатынан айырылып қалады. Қазақстан одақтың ерекше компоненті ретінде жаңа идея ұсынуы қажет. Егер бұл одақ расында «инновациялық жоба» болса, онда Қазақстанмен бірге Ресей де өзгеруге мəжбүр. Одақ аясында Қазақстан Ресейдің өзгеруіне себепкер болуы ықтимал. Еуразиялық одақтың экономикалық құндылықтарының қалыптаспағаны оның келешегінің жоқтығын білдірмейді. Əрине, бұл интеграцияны идеалдандырмаған жөн. Бұл интеграция уақытша жоба болуы да мүмкін.

Интеграцияның қауіпсіздік аспектілеріне келсек, Қытайдың Орталық Азияға экономикалықсаяси ықпалын арттыруы, сырттан халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмнің қысым көрсетуі, кейбір пост-кеңестік елдерде саяси дағдарыстар мен тұрақсыздықтардың белең алуы сияқты себептер Астананың Ресеймен тығыз саяси-əскери-экономикалық ынтымақтасуына түрткі болды. Сарапшы Жемил Ертемнің пікірінше, 2008 жылғы Гүржістандағы соғыс Қазақстанның еуразиялық одаққа кіруін жылдамдатқан. Саясаттанушы Пиер Руссленнің ойынша, Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалының артуына байланысты Ресей одақты құруды жеделдетті. Оның ойынша, интеграция аймақтағы елдердің дамуына жаңа серпін, жаңа сипат береді. Тағы бір шетелдік сарапшы еуразиялық интеграция Қытайдың батысқа, Еуропаның шығысқа қарай ілгерілеуін тоқтату үшін Ресей үшін тиімді делінген. Десек те Қытай Қазақстан мен Орталық Азияның институционалды дамуына өз үлесін қосуда. Геосаяси еуразияшылдық Ресейдің маңайына топтасқан стратегиялық блоктың континенталды конфигурациясы деуге болады.

Əзірше еуразиялық интеграцияның мүше елдерге нақты не беретінін Мəскеудің өзі білмейді. Ресей интеграцияның ядросы ретінде кейбір пост-кеңестік елдердің сенімсіздігін туғызды. Одақтың келешегіне келгенде мүше  елдерде  де, мүшеліктен үміткер елдерде де белгісіздік, тіпті, мазасыздық байқалады. Ұлтүсті органдарды құрудың əзірше мүмкін еместігі, күрделі қайшылықтардың болуы, одақтастар əлеуетінің теңсіздігі, ең бастысы, Ресейдің өзі ешкіммен тең қатынас жасап көрмегені интеграцияның келешегін белгілеп тұр. Мəскеу үшін ұлтүсті өкілетті орган құрумен қатар мүше елдердің теңқұқылығын қамтамасыз ету сияқты екіұшты мəселе тұр. Өйткені əрбір мемлекет үшін саяси тəуелсіздік – өте сезімтал мəселе. Еуропалық одақтың негізін теңдік, демократия мен əділет идеалдарының құрағанын ескерсек, еуразиялық интеграция соларға қаншалықты ұқсас деген сұрақты тікесінен қою керек [2, 4-5 бб.].

Қазақстанның еуразиялық одаққа қосылуының келесі тиімді жақтары мен себептері бар. Қазақстанның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығы, ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі, ортақ əуе қорғаныс жүйесі, Ресей нарқына кіріп, экономикалық бəсекелестікке бейімделудің мүмкіндіктері, Ресеймен бірге болып, əлемдегі ықпалы мен атағын арттырудың  мүмкіндігі,  т.б. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс та интеграциялық үдерісті жеделдетті. Қазақстан маңайындағы геосаяси, əлеуметтік-саяси жəне экономикалық ахуалды жалғыз өзі жақсарта алмайтындықтан Ресейдің қолдауына мұқтаж.

Қазақстан үшін еуразиялық одақтың мүмкін қауіп-қатерлеріне келсек, экономикалық интеграцияның саяси жəне ұлтүсті өлшемдерге өту қаупі, одақтың саясилануы, Ресейдің өндірісі мен компанияларының Қазақстан нарығына  салмақ  түсіруі,  бағалардың Ресейдегі бағалармен теңескендігі, Ресей дипломаттарының келіссөздердегі кəсіби басымдылығы, ұлтшылдықтың күшейіп, анти-интеграциялық  көңіл-күйді  қамшылауы,  Ресейдің мəдени-ақпараттық ықпалының күшейе түсуі, Батыстың назарында Қазақстанның ресейшіл болып көрінуі, кəсіпкерлерге жасанды кедендік кедергілер жасалып, елдің өндірісінің тұншықтырылуы қаупі жатады.

Ресей ірі экономикасы, өндірісі, салыстырмалы түрде дамыған технологиясы, державалық өткені, дипломатиясы, ақпараттық жəне барлау саясатының арқасында одақты  басқару, ұйымдастыру, шешім қабылдау, стратегиялар əзірлеу, институционализация сияқты мəселелерде басты рөл атқарады [3, 8-9 бб.].

Еуразиялық одақтың Қазақстан үшін  саяси тиімді жəне зиянды жақтарын салыстырсақ, əзірше артықшылықтары басым. Өйткені саяси элита мен ішкі тұрақтылық үшін интеграция тиімді. Қазақстанның геосаяси тұрақтылық жағдайында күшеюі үшін Ресеймен бірге болған жөн. Елдің болашағына келсек, Ресеймен ынтымақтаса отырып, онымен экономикалық бəсекелесіп, ысылып, дүниежүзілік бəсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру қажет. Ал бұл мақсатты орындау үшін Ресеймен жақсы болу бірінші шарт. Қазақстан өзінің геосаяси айналасына дұрыс баға беріп отыр. Ресеймен бірлесудің өзі геосаяси жетістік. Үлкен саясатта дөрекі қадамдар жасаудың орнына байыпты саясат жүргізген жөн. Əрине, Қазақстанның Еуразиялық одаққа енуі үлкен саясат пен үлкен экономика [4, 18 б.]. Саясат экономикадан құралады. «Алдымен, экономика, саясат кейін» принципі бойынша еуразиялық интеграция, алдымен, экономикалық, кейін саяси одақ болып кетіп жүрмесе болды.

Қазақстанның интеграциялық таңдауына еліміздегі славян халықтарының демографиялық үлесі де септігін тигізді. Бұл одақ халықтық сипаттан гөрі, саяси элиталардың келісіміне негізделген. Əрине, одақты идеалдандырудың, оны қасиетті санаудың қажеті жоқ. Одақты экономикалық мағынада ғана түсіну керек. Одақ пост-тоталитарлық аймаққа жаңа серпін беріп, денесіне қан жүгіртуі ықтимал. Еуразиялық одақ КСРО-ның ыдырауына деген реакция.

Интеграцияның мəңгі еместігі, уақытша екендігі даусыз. Кез келген жағдайда Қазақстан одақтан шығуға құқылы. Интеграция ұлттық дамуымыздың сапасы мен бағытын белгілеуде маңызды рөл ойнамақ. Интеграция бізді Ресеймен ауыз жаласып», табақтас болуға емес, керісінше, оны жатсынып, одан итеріліп барып өзімізді, өз ұлттық жолымызды табуымызға көмектеспек.

Еуразиялық интеграцияның философиялық мəні, идеологиялық негіздері, экономикалық пайдасы жөнінде ақпарат аз. Еуразия одағы кеңестік өткенімізді пайымдауымыз үшін, одақ ішінде ысылып, күресу, нығаюымыз үшін керек. Ресей бұл одаққа  халықаралық  экономикадағы өз əлсіздігін түсінгеннен соң барып отыр. Өйткені Ресей үшін өз экономикасын күшейтудің бірден-бір тəсілі өз нарығын кеңейту. «Жаңа еуразияшылдық» Ресейдің ұлттық идеологемасы ма, əлде Мəскеудің ұлтшылдықтан бастартуының көрінісі ме деген сұрақтың жауабы əлі жоқ. Қазақстанның интеграция барысын сынауы, даусының қаттырақ шыға бастауы интеграция келешегінің дамып  жатқанын  да,  белгісіздігін де көрсетеді. Қалай десек те, интеграцияның қайшылықтар мен сəйкессіздіктер негізінде құрыла алмайтынын есте сақтау керек. Интеграция теорияларында діні, менталитеті, нəсілі бөлек елдер тең одақ құрмағанын ескерсек, аталмыш одақтың фундаменталды мəселелерінің болғанын да ұмытпаған жөн [5, 14 б.].

Одақтың жылдам қарқын алуы, саясилануы, қазақстандық тауарларға жасанды бюрократиялық кедергілердің жасалуы көп сыналды. Қазақстан үшін интеграцияның саяси пайдасынан бөлек экономикалық маңызы басым болуы тиіс. Қазақстан үшін пост-кеңестік елдер кейбір шикізаттық емес тауарларын сата алатын жақын,танысжəнетүсініктінарық.Қазақстанның экономикалық интеграцияда өз есесін жіберуінің себебі келіссөз жүргізетін мəмілегерлеріміздің ұлттық мүдделерімізді соңына дейін қорғаудағы кəсіби принципсіздігі. Мұндай жайт Қазақстан үшін үлкен шығын əкеледі. Бұл интеграциялық одақ небары 10-20 жыл өмір сүруі де ықтимал. Өйткені, еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына кірген соң халықаралық экономикалық нарықта еркін бəсеке түсетіндіктен еуразиялық интеграцияның шектеулі экономикалық маңызы едəуір төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның еуразиялық экономикалық одаққа кіруі Ресейден бір нəрсе  үйрену  үшін бе, əлде Ресеймен бəсекелесу үшін қажет пе? Интеграциялық одақта экономикалық жағынан ұту үшін қазақ экономикасы Ресейдікін тиімділігі жəне инновациялығы жөнінен басып озуы шарт. Бұл – тым кешенді инновациялық міндет. Қазақстан мен Ресейдің  экономикалары бір-бірін толықтырудан гөрі, бір-бірімен бəсекелес болып табылады.

Интеграцияға қатысты  сынның айтылуы экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанын білдіреді. Саудада күрделі теңсіздіктер, кедендік сəйкессіздіктер мен техникалық түйткілдер бар. Мысалы, солардың кесірінен Қазақстанның экспорты 4 %-ға (7 млрд  АҚШ  долл.)  азай-  ып, импорт көлемі 17 млрд долларға өскен. Бірқатар техникалық, санитарлық, лицензиялық ережелердің қайшылығынан қазақстандық кəсіпкерлер зардап шекті. Яғни қазақ тарапы интеграцияның сапасына көңіл бөлуді талап етеді. Еліміздің ет, сүт, арақ, машина сияқты тауарлары Ресейдің нарықтарында кедергілерге тап болуда. Қазақстанның интеграцияға қатысуы оның басқа халықаралық ұйымдар мен блоктарға кіруіне кедергі болмайды. Сондай-ақ шекара, миграциялық саясат, қорғаныс пен қауіпсіздік, денсаулық, білім мен ғылым, мəдениет сияқты салаларға еуразиялық экономикалық комиссия араласа алмайды. Десек те еуразиялық одақты үлкен саясат пен геосаясаттан бөлу мүмкін бе? Мысалы,  Н. Назарбаев  Арменияның  кедендік одаққа кіруі жөнінде Таулы Қарабақ мəселесін қозғап, өзінің халықаралық саясаттағы беделін тағы бір көтеріп қойды.

Одақтың  философиялық  астарына  келсек, «Мəңгілік ел» сияқты тарихи идеологияны орнықтырып отырған Қазақстан мəңгі одақтың болмайтынын, мəңгі ұлттық мүдденің ғана болатынын ұмытпауы керек. Еуразиялық одақтың философиялық негізін орыс  жəне  түркі халықтарының тарихи, географиялық, мəдени жақындығы құрайды. Еуразиялық теория үстіртін көзқарас немесе жүйесіз ұғымдар жүйесі емес, керісінше, саясатта жүзеге асып жатқан күрделі геосаяси-интеграциялық жоба. Қазақстанның Еуразиялық одақтағы алатын орны еліміздің экономикалық дамуына тікелей байланысты болмақ. Олай болмаса, еліміз Ресейдің ықпалындағы, жартылай тəуелді елге айналуы ықтимал. Біздіңше, Қазақстан геосаяси ақкөңілділікке берілмей тек өзінің ұлттық саясиэкономикалық, мəдени мүддесін ойлауы тиіс.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Fabrizio Vielmini. The Challenges of Eurasian Union for Kazakhstan. ISPI Analysis – Instituto per Gli Studi Politica Internazionale, Italia. No 151, January
  2. Nargis Kazakhstan and Eurasian Economic Integration: Quick Start, Mixed Results and Uncertain Future. IFRI – Institut Français des Relations Internationales. Reports no14. – P. 31.
  3. Тамoженный союз и Единое экономическое пространство: проблемы экономической интеграции. Сборник научных трудов. КИСИ при Президенте РК. – Алматы, 2012. – 176 с.
  4. Towards a Eurasian Union: Opportunities and Threats in the CIS IEMS Emerging Maket brief. SKOLKOVO
  5. Ernst & Young, 12-05. October, 2012. – P. 32.
  6. Canat Momınkulov. Avrasya Birliği ve Kazakistan. EkoAvrasya International Journal for Economic and Strategic Researches, April 2012. – No 18. – P.14-15.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.