Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кезеңдегі қазақ-түрік ынтымақтастығы: өзекті мəселелері мен басым бағыттары

Қазақстанның көптармақты сыртқы саясатында түркі тілдес елдермен, əсіресе Түркиямен жақындасуының маңызы аса зор. Кезінде Қазақ елінің тəуелсіздігін ең алғашқылардың бірі болып мойындаған Түркия еліміздегі жүзеге асырылып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Еліміздің Түркиямен қарым-қатынасын жан-жақты нығайту басымдық маңызға ие. Қазақстан Республикасы Анкарамен екiжақты да, халықаралық ұйымдар шеңберiнде де саяси, экономикалық, əскери жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы қатынастардың əлеуетін барынша iске қосуы бүгінгі өзекті мəселелердің бірі болып табылады. Еліміз үшін Түркия Республикасының аумағы арқылы мұнайды тасымалдау жобаларын жүзеге асыру, балама көлік байланыстар арнасын жəне əлемдiк нарыққа шығу жолын қамтамасыз ету үлкен мүмкiндіктерді туғызары айқын. Сондайақ Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты елдерден Түркия мен Еуропа бағытында жүк тасымалын жетілдіруде Қазақстан аумағы өте қолайлы болып табылады. Мысалы, бүгінгі күні Қытайдан Түркияға теңіз жолымен жүк бір ай көлемінде жеткізілетін болса, Қазақстан аумағы арқылы бұл мерзімді екі есеге азайтуға болады. Сонымен бірге Түркия бағытында теміржолды пайдалану мүмкіндігі де өте өзекті. Ал 2012 жылдан бері Қазақстан өз астығын Ақтаудан теңіз жолымен Бакуге (Əзірбайжан), одан Грузия арқылы Түркияға жеткізу бағытын дамытуда. Түркияның еуропалық тығыз байланыстары, маңызды халықаралық жəне аймақтық ұйымдарға мүше болуы, Қазақстанның да еуропалық құрылыммен ықпалдасуына өзіндік септігін тигізері сөзсіз.

Екі елдің əртүрлі саладағы ынтымақтастығы қазіргі кезеңде өзінің тұрақтылығы мен екі ел басшыларының дəстүрлі түрде саяси, саудаэкономикалық жəне мəдени-гуманитарлы байланыстарды нығайтуымен ерекшеленеді. Аталған үдерістерге екі ел халықтарының бір-бірімен тарихи, мəдени жəне этно-діни жақындықтары да өзіндік жағымды əсерін қалдыруда.

Қазақ елі мен Түркияның стратегиялық серіктестер екендігі 2003 жылы мамыр айында Қазақ елі басшылығының Түркияға жасаған ресми сапары барысында мəлімделінген болатын. 2004 жылғы маусымдағы Ыстамбұл қаласында өткен НАТО саммиті барысында, сондай-ақ 2005 жылғы 25 мамырда «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбырының əзірбайжандық бөлігінің іске қосылу салтанаты кезіндегі екіжақты кездесулер барысында серіктестік жаңа серпінге ие болды.

Ал бүгінгі күні екі ел арасындағы саудаэкономикалық   қатынастар   жедел   қарқынмен даму үстінде. Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Сыртқы сауда жөніндегі агенттік мамандарының сараптамасына жүгінетін болсақ Қазақстан экономикасының даму  қарқы-  ны түркиялық  іскер  ортаның  біздің  елге  деген қызығушылығын арттыра  түсуде. Түріктік  өндірушілердің  экспорттық   тауарлар атауларының ұлғаюы елге қажетті шикізат көздерін шет елдерден əкелуге мəжбүрлеуде. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналым көлемі қатынастарының өзгеруіне ықпал етуде.

Егер 2001 жылы Түркияның Қазақстанға деген экспорты бізден Түркияға кететін тауарларымыздан басым болса, 2002 жылдан  бас-  тап бұл қатынас біздің пайдамызға қарай  ауыса бастады. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мəліметі бойынша екіжақты сауда айналым 2004 жылы – 489,5 млн доллар құраса (экспорт – 147,1 млн, импорт – 342,4 млн), 2005 жылы – 556,9 млн доллар (экспорт –157 млн, импорт – 399,9 млн) ал 2006 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы екі ел арасындағы сауда айналым 478,8 млн доллар (экспорт – 136,6 млн, импорт – 342,2 млн) болған еді [1]. Түріктік өнімдердің Қазақстанға əкелу көлемі 2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен болатын [2]. Əрине, экспортимпорттық іс-əрекеттер қазақстандық тарап пайдасына жағымды болғанымен, біздің Түркияға жіберілетін экспорттың басым бөлігі шикізаттық сипатта (астық, мұнай, газ, көмір, металл жəне т.б.). Ал Қазақстанға жіберілетін түріктік экспорт өнеркəсіптік тауарлардан тұрады (металл жəне пластик өнімдері, жиһаз, тоқыма, тұрмыстық химия жəне т.б.). Бұл да Қазақстан үшін өзекті мəселелер қатарында десе болады. Өйткені Қазақстан өзі өндіретін шикізат көзін енді өнімге айналдырып соны шетке шығаратын болса, бұл өз халқын жұмыс көзімен де қамтамасыз етеді, өз өнімі өзіне əлдеқайда арзанға түседі, сонымен бірге шетке шығарудан түсетін пайда көзі де елеулі болар еді. Сондықтан да Қазақстан Түркия сияқты серіктес елдердің қолдауымен елде шикізат көздерін өнімге айналдыратын зауыттар салуға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.

Түркия мұнай өндіру, қуат көздерін, мұнай, газ жəне т.б. тасымалдау саласындағы жобаларға ерекше көңіл бөлуде. Сол бағыттағы Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры жобасының белсенді қатысушысы болып табылады. Бұл  жобаға  2006 жылдың  мамырында  Қазақстан  жағы да қосылған болатын. Қазақстан мен Түркия Қара теңіз жағалауында мұнай өңдеу зауыттары құрылысы жөнінде келісімшартқа отырды. Яғни осы мұнай өңдеу зауыттары қазақстандық мұнаймен қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл шикі мұнайды Новороссийскіден Түркияға тасымалдап, сол жерде өңделген өнімді сатуға мүмкіндік береді.  Қазақстандықтардың  пікірі   бойын-  ша, мұнайды өңдеу зауыттарының құрылысы Босфор бұғазының өткізу қабілеттілігінің жеткіліксіздігіне байланысты мəселені шешуге мүмкіндік туғызады.

Осындай негізде қалыптасқан қазақ-түрік ынтымақтастығын екі ел басшылығы соңғы кезде одан да берік нығайта түсуге бағыт ұстады. Оған екі ел арасындағы қатынастар  деңгейі  куə. Қазақстан мен Түркия арасындағы қарымқатынастың өн бойына «аға-інілік» емес, тепетең əріптестік арқау болуда. Бұған Елбасының 2009 жылғы Түркияға сапары кезінде екі елдің Стратегиялық əріптестік туралы келісімге келуі айғақ [3].

Түркияның Қазақстанға байланысты бағдарламасы бойынша экспорт толығымен өндірістік аймақтарға, импорт Қазақстан экономикасын көтеруге бағытталған. Екіжақты қарым-қатынастар алғашқы сəтінен бастап тек ұлғая түсуге бет алған еді. Тіпті, түрiк фирмалары өзде-  рiнiң инвесторларының əртүрлi мəселелерге ұшырауына қарамастан жұмыс ресурстарын Қазақстанға тартқан болатын. Бұл – Түркия тарапынан Қазақстанға деген қызығушылығының арта түскендігінің айғағы. Түркияның кəсiпкерлер қоғамының мəлiметтерiне қарағанда 90-жылдардың аяғында-ақ Қазақстанда екіжаққа  ортақ  300-ге  жуық  мекеме,  100  пайыздық түркиялық қоры бар  2000  компания  жұмыс iстеген [4]. Ал 2012 жылдың аяғында Қазақстанның экономикалық дамуына 400-ден астам түріктік компания өз үлестерін қосты. Екі елдің экономикалық қарым-қатынастарының дамуында инвестиция мəселесі де алдыңғы қатарлы мəселелер тобында. Өйткені жоғарыда аталынған өзекті мəселелердің жүзеге асуы үшін, ең алдымен, тиімді жасалынған инвестиция қажет.

Жалпы түрiктік биліктің экономикалық саясатыныңмаңыздықағидаларыныңбiрi– шетел қорларын тарту жəне шетелдiк инвесторлардың əрекетiне жан-жақты қолдау көрсету. Сонымен қатар елдiң экономикалық дамуының стратегиясына сай келетiн инвестицияларға  үміттендіру жəне қолдау көрсету шаралары кеңінен пайдаланылады. Негiзiнен, түрiктермен бiрге шетел инвесторларының үлестiк қатысуына шек қойылмайды. Фирманың сатылуы немесе жойылуы жағдайында шетелге табыстың аударылуына жəне репатриациясына кепiлдiк берiледi. Инвестицияға қолдау көрсету шараларына өндiрiс дамуының айқын бiр сатысында салықтан жəне кеден алым салықтарынан толығымен немесе  жартылай  босату,  жеңiлдетiлген  несие беру жəне инвестициялық тауарларды импорттау жағдайында қосымша құн салығын төлеудi кейiнге қалдыру сияқты шаралар жатады. Сол себепті де əлемдік деңгейдегі осындай қағидалардың орындалуы елімізге келетін инвестициялар қатарының өсе түсуіне жағымды əсер етері сөзсіз.

Осы мəселеге қатысты Түркия премьерминистрі Ердоғанның айтуынша, Түркия Қазақстанға азық-түлік, құрылыс, денсаулық сақтау жəне басқа көптеген салаларда 7 млрд доллар көлемінде инвестиция салған. Ердоғанның ойынша, қос тарапты инвестициялардың құйылуы екі елді мықты бір экономи-калық деңгейге көтереді [5]. Сондықтан да екіжақты инвестиция салуды түрлендіру өте маңызды. Бұл ретте Қазақстанның Ресей, Беларусь арасындағы Кедендік одағы да түріктік бизнесмендер үшін жаңа нарық көзін аша түсуде. Кедендік тосқауылдардың алынуы тауар айналымының кеңістігін кеңейте түскен болатын. Яғни бүгінгі күнгі қалыптасып жатқан бірыңғай нарық 170 миллион адамды қамтиды деп айтуға болады. Елдегі саяси тұрақтылық та инвестиция үшін қолайлы жағдай туғызары хақ. 2012   жылғы күздегі кездесуде  Ердоған түрік  кəсіпкерлерінен   Қазақстандағы  логистика,  көпір   салу,   бөгеттер,   теміржолдарға қатты назар аударып,  кемежайлар мен  кемелер құрылысы саласына да көңіл аударуды сұраған еді. Өз кезегінде қазақстандық бизнес түріктік саяхат саласына инвестиция салуда. Бұл да екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. 2013 жылы Қазақстан Президенті Түркияның сауда палатасы мен тауарлар биржасы одағының президентімен кездесуінде де екі елдің сауда-экономикалық жəне инвестициялық ынтымақтастығын  тереңдету мен дамыту мəселесіне баса көңіл бөлді.

Түркия елі Қазақ елін өзіне қашан да жақын тартып, екі елдің ынтымақтастығын жетілдіре түсуге дайын екендіктерін жоғары  деңгейлер  де  дəлелдеп  келеді.  Қазақ  елі  жайлы  Түркия президенті Абдолла  Гүл:  «Қазақстан  –  тек қана Азияның жүрегі емес, ол сондай-ақ осы аймақтың маңдайындағы жарқыраған жұлдызы! Мұны  тек Қазақстан ғана мақтан тұтпайды,  біз Түркия да мақтан тұтамыз!» деген еді [6]. Осы ынтымақтастықты нығайта түсу мақсатында Қазақстан Президенті 2012 жылы 13 қазандағы Түркия Республикасына жасаған ресми сапары барысында қазақ-түріктік бизнес форумында қазіргі заманғы талаптарға жəне жаһандық экономикалық қатерлерге сəйкес екі мемлекеттің ынтымақтастығын тереңдету жəне экономикасын одан əрі дамыту қажеттілігін сезіне отырып, экономикалық ынтымақтастықта сауданың, инвестицияның жəне іскерлік байланыстардың қозғалыс күшін мойындай  отырып,  2015  жылға дейін екі ел арасында тауар айналымын 10 миллиард долларға жəне инвестицияның жылдық көлемін 500 миллион долларға дейін жеткізу мақсатын негізге ала отырып, екі мемлекеттің үкіметтері іске асыратын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла    Гүлдің    қамқорлығымен   əзірленген «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасын іске асырудың басталғаны туралы мəлімдейді [7]. Бұл бағдарлама шеңберінде нақтылы міндеттер айқындалған еді. Олар: сауда-экономикалық  жəне  ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуді; ынтымақтастықтың қазіргі жəне жаңа салаларын дамытуды;   тараптардың  мемлекеттік  жəне  жеке секторлары арасындағы өзара іс-қимылын нығайтуды; басым салаларда инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді. Түрік үкімет басшысы Реджеп Тайып Эрдоған Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымының көлемі 4 млрд доллар көлемінде болуы екі елдің өзара қатынасындағы əлеуетін толық қамти алмауда, сондықтан да бұл көлемді 2015 жылға дейін 10 млрд доллар көлеміне дейін өсіру бүгінгі күннің қажеттілігі деп мəлімдеген еді [8]. Сонымен бірге Қазақстан мен Түркия арасында құрылыс, дəрі-дəрмек жасау, ауылшаруашылығы, тау-кен істерінде ынтымақтастықты кеңейту мəселелері де мемлекет басшыларының талқысына түскен болатын.

Қазақстан  мен  Түркия  осы  кездесу кезінде 1 млрд доллардан (АҚШ) астам көлемдегі келісімдерге  қол  қойған  болатын.  Осы  са-  пар кезінде екіжақты қатынастардағы басым бағыттар  ретінде  «энергия  көздерін үнемдеу»,«жасыл экономика», улы заттардың таралуын шектеу, нанотехнология жəне т.б. мəселелерді зерделеу аталынған еді.

Түркі  халықтарының  рухани,  мəдени   жəне тілдік туыстығы болашақта да тиімді  де сенімді экономикалық тығыз ынтымақтастыққа алып келері айқын. Ең бастысы, екі елді жақындастыратын біртұтас мəдени жəне ақпараттық кеңістік қалыптастыру қажет болып тұр. Қазақстан жəне Түркия арасындағы тарихи тамырластық, ортақ мəдени жəне рухани құндылықтар екі ел қатынастарының негізі болып қала бермек.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Сотрудничество Республики Казахстан с Турецкой Республикой //http://mfa.gov.kz/ru/#!/foreign-policy/ sotrudnichestvo_kazahstana/Sotrudnichestvo_so_ stranami_ Evropy_Ameriki/sotrudnichestvo_respubliki_kazahstan_s_ turetskoy_respublikoy/
  2. Курятов Казахстан-Турция: «Шелковый путь» для бизнеса//http://i-news.kz/news/2012/10/13/6668727kazahstan turciya shelkovyi put dlya biznesa.html
  3. Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Стратегиялық əріптестік туралы шарт// http:// adilet.zan.kz/ kaz/docs /Z1100000471
  4. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. Астана: «Елорда», 2001. С.
  5. Эрдоган Р. Центральная Азия является стратегической осью турецкой внешней политики // http://www.azan.kz/ article/show/id/216.html
  6. Сенбай Е., Шəріп А. Қазақстан – Азияның жүрегі, аймақтың жарқыраған жұлдызы! //Http://thenews.kz
  7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің қамқорлығындағы «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасына қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 659 Қаулысы //http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000659
  8. Казахстан и Турция увеличат товарооборот до 10 млрд долларов http://kzinform.com/ru/news/20120523/12677. html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.