Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропалық одақтың энергетикалық саясатындағы жаңартылған энергия көздерінің орны мен рөлі

ХХ ғасырда адамзат өз тарихының алдыңғы 60 мың бұрынғы жыл ішінен он есе көп дəстүрлі энергия ресурстарын пайдаланып қойды. Жылдан-жылға энергияны көлемді пайдаланатын жаңа тұтынушылар өсуде, олардың үлесіне 2030 жылы мұнай сұранысының 80%-ы жəне оны тұтынудың 2/3 келіп отыр. Көмірсутек қорларын барлау оларды шығарудан қалып отыр, ал табиғат мұнай мен газды толығымен алмастыра алатын жаңа энергия көзіне ие емес. Энергия ресурстардың шектеулі факторын тегістеп отыратын техникалық прогресс қазірде өз рөлін жеткілікті деңгейде атқара алмай отыр.

Бұның нəтижесінде əлемде энергиялық дағдарыс орын алды. Бұл дағдарыс бұрынғыдай уақытша, жағдаятты сипатқа емес, ресурстардың сиректігіне, қазбалы отынның бағасының өсуіне байланысты  жүйелік,  құрылымдық  сипатқа   ие болды. Онымен қоса, дəстүрлі энергетика атмосфераға шығатын зиянды газдардың 80%ын құрап, «парниктік» эффект ғаламшардағы климаттың өзгеруіне септігін тигізуде.

Бұл құбылыстардың барлығы дамыған өндіріске ие, өмір сүру стандарттары жоғары тығыз халқы бар, қазба отындары сарқылып жатқан еуропалық одаққа тəн болып отыр. Еуропалық одақ жартылай энергия  импорты-  на тəуелді (2030 жылы көрсеткіштердің 70%-ға дейін өсуі болжамдалуда) [1].

Стратегиялық болашақта осы қалыптасқан жағдайдан шығудың бір жолы қазіргі дəстүрлі көмірсутек энергетикасын табиғаттың қалпына келмейтін ресурстарынан тəуелді емес əрі экологиялық болашақ сутектік емес энергетикаға алмастыру болып табылады. Тұтынушы елдерде жаңаратын энергия көздерін игеру белсендей бастады, бұл энергия көздері дəстүрлі энергетикаға балама болады немесе жойылып жатқан көмірсутектердің орнын шамалап болса да алмастырады, қазіргі энергетика дағдарысынан болашақ тұрақты энергетика кезеңіне баяу əрі басқарымды түрде өтуге мүмкіндік береді.

Осы орайда жаңаратын энергия көздерін игеру, оларды пайдалануды ұйымдастыру жəне болашақ үдерісіне ғылыми талдау жасау өзекті болып отыр.

Еуропалық одақтың энергия теңгеріміндегі жаңаратын энергия көздерінің үлесі. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында Еуропалық одақтың қатысушы-елдерін тұрақты энергиямен қамтамсыз ету мəселесі интеграциялық бірлестік саясатының басым мақсаттарының бірі  бол-  ды. Бұл бірнеше фактормен айқындалады. Бір жағынан, жыл сайын энергияны тұтыну ұлғая отырып, əлемнің ресурстық базасы азаюда, бұл өз кезегінде өндірістің балама əдістерін іздестіруге итермелейді. Екіншіден, бүгін əлемдік энергетика саласында тұрақсыздық орын алуда, сондықтан əлем елдері энергетикалық қауіптерді минимизациялауды ұлттық энергетикалық саясаттың басым міндеті ретінде қарастыруда. Еуропалық одақ та осы мəселелердің өзектілігін мойындай отырып, соңғы кездері энергияның жаңаратын көздерін игеруге өз күш-жігерін жұмсауда.

Еуропалық одақта «қайта қалпына келетін энергия көздері» деп көмірсутек қатарына жатпайтын энергия тасымалдаушылар жиынтығын айтады, олар энергиямен қамтамасыз ету кезінде өз кезегінде жеке, не дəстүрлі энергиямен араласа отырып пайдаланылады. Олардың қатарына алға шыққан техникалық шешімдер (ядролық энергия, сутек, изотоптар) жəне бұрыннан пайдаланылатын табиғат күштері (жел, күн, су энергиясы, су тасулары мен жылу көздері) жатады.

90-жылдардан  бастап  энергияның  бала-  ма көздерін игеру жəне дамыту Брюссельдің басқару саясатына жəне заңнамасына нық ене бастады. «Жасылдар» партиясы дамып, жаңаратын көздерден алынатын энергия «жасыл» энергия деп аталды.

1996 жылы ЕО комиссиясы «Жасыл кітап», ал 1997 жылы «Ақ кітап» басып шығарды, келесі 15 жылда (яғни 2010 жылға) Еуропалық Одақтың жалпы энергия тұтынуында жаңаратын энергия көздерінің көлемін 12 %-ға жеткізуді міндет етіп қойды. Осы жоспарланған белгілер еуропалық одақтың 2001\77 Директивасында көрінісін тапты, яғни ол бойынша 2010  жылға  дейін  жалпы энергияның 22%-ын балама көздерден алу көзделген.

Бұл   саладағы   қызметтің   қаржылық негізі «Альтенер» (1993-1997 жж.), «Джулии», «Терми», «Интелледжент энерджи»  (2003–2006 жж.), «Штер» жəне тағы басқа бағдарламалар болды. Сонымен қатар еуропалық одақта ғылыми-зерттеу жұмыстарына əрекеттесу бағдарламасының VII Рамалық бағдарламасында (2006–2016 жж.) энергетиканы қолдау бойынша бюджеттің барлығы осы қайта жаңаратын көздерге бағытталды (1 175 млн еуро теңдей ядролық зерттеулерге жəне жаңаратын энергия көздерін дамытуға бөлінді).

2007 жылы еуропалық комиссия «Еуропаға арналған энергетикалық саясат» атты құжат қабылданды, онда қысқа жəне ұзақ мерзімде интеграциялық бірлестіктің қатысушыларының бағыттары, еуропалық одақтың энергетикалық саясатының  мақсаты  анықталған  болатын.  Бұл құжатты құрастырушылардың пікірінше, энергетикалық қауіптердің алдын алу үшін кешенді əрекеттер қажет, соның ішінде климаттың өзгеруімен күрес, еуропалық одақтың импортталатын сутектерден сырттан тəуелділігін төмендету, экономикалық өсуге əрекеттесу жəне жаңа жұмыс орындарын құру. Энергетикалық саясат мақсаттары Лиссабон келісімшартының 194-бабында да айтылған:

  • энергетикалық нарықтың қызмет етуін қамтамасыз ету;
  • одаққа қауіпсіз энергия тасымалдауды кепілдеу;
  • энергия тиімділік пен энергияны сақтауды, сонымен қатар энергияның жаңа жəне қалпына келетін түрлерін дамытуды ынталандыру;
  • энергетикалық желілердің бірігуіне əрекеттесу [2].

Келісімшартта аталып кеткендей ЕО елдерінде балама энергия көздерін пайдалану ынталандырылады. Қайта жаңғыратын энергетика секторы еуропалық одақтағы жалпы электр энергиясын өндірудің 17,6%-ын құрайды, салыстырмалы алатын болсақ шикі мұнай 12,7 %, ал табиғи газ 20 %-ды құрайды [3].

Еуропа  елдерінде  жел энергиясы, күн, су, геотермалды энергия, биомасса жəне қалдықтар сияқты балама энергия көздері пайдаланылады.

Қазіргі таңда балама энергия көздері нарықта дəстүрлі (көмір, мұнай, газ) энергия көздерімен бəсекелесе алмайды. Сондықтан еуропалық елдерде дəстүрлі емес энергетикаға сан алуан жеңілдіктер ұсынылады: төмен пайыздық  мөлшерлемелер  жəне  субсидия-  лар; осы саланы инвестициялаудағы пайдадан фискалдық ауыртпалықты алу; «таза» энергияны тұтынушыларды экологиялық салықтардан босату, жасыл сертификаттар негізінде квотолау, инвестициялық гранттар, тендерлер жəне тағы басқалары.

Еуропа елдерінде энергияның дəстүрлі емес қайта қалпына келу көздерін пайдалану жəне ынталандыру саласында айтарлықтай тəжірибе жинақталған. ЕО-ның энергияның дəстүрлі  емес қайта қалпына келу көздерін ынталандыру бойынша директивасына (2001 жыл) сəйкес мұндай энергия көздеріне күн энергиясы, жел, кіші өзендер, тасқындар, толқындар, биомасса, геотермалық энергия көздері жатады. ЕО-ның көп елдерінде ынталандыру бағдарламаларынан қуаттылығы 10 МВт-тан асатын су электр станциялары алынып тасталынады, яғни кіші станцияларға басымдылық беріледі, Германияда қуаттылығы 5 МВт-тан аспайтын СЭС-тарға қолдау көрсетіледі, ал Нидерландыда ұлттық бағдарламаларға, тіпті, кіші жəне микро-СЭСтар қосылмайды. Кіші өзендерде жəне басқа да қоймаларда салынған, су ағысының кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратын мини су электр станциялары Еуропалық Одақта жаңаратын энергия көздері ішінен екінші орында тұр. Мұнда 17 мыңнан астам осындай су электр станциясы бар.

Мысал келтірер болсақ, Оңтүстік Еуропа елдері күн энергиясын пайдалануға қолайлы мүмкіндіктерге ие. Күн энергиясы Еуропалық Одақта 9 елде өндіріледі – Германияда – 47%, Австрияда – 12%, Грекияда – 11%, Францияда – 6%. Мұнда фотоэлементті батареялар жəне жылу күн панельдері пайдаланылады. Алайда қазірше күн энергиясы үлкен ауқымдағы жерлерді энергиямен қамтамасыз ете алмайды.

Белсенді түрде жел энергиясын игеру кең көлемде етек жаюда, мұнда ауа ағынының кинетикалық энергиясы жел турбиналары арқылы механикалық энергияға, ал ол генератор арқылы электр энергиясына айналады. Мұндай  жел  құрылғылары  Еуропаның табиғат көрнісінің үйреншікті бөлшегі болып отыр. Жел турбиналарының артықшылығы желдің көптігі жəне «ақысыздығы», экологиялық тұрғыдан тазалығы жəне пайдалануға аз шығын кетеді, алайда оларды құру жəне жөндеу қымбат болып табылады. Еуропада жел энергетикалық құрылғыларды пайдалануға қолайлы табиғи жағдайларға Франция, Ұлыбритания, Эстония жəне Ирландия ие. Қолайлы географиялық жəне табиғи жағдайлар нəтижесінде Ирландиядағы жел агрегаттары Германияда орнатылған сондай агрегаттардан екі есе көп электр энергиясын өндіре алады. Алайда Германияда орнатылған жел энергетикалық агрегаттар (2008 жылы 24

000 МВт) Ирландия, Ұлыбритания, Франция жəне Эстонияда орнатылған жел энергетикалық құрылғылардың барлығын қосқандағы қуаттылығынан 4 есе асып түседі. Жалпы, еуропалық одақ бойынша, 2008 жылы – 64935 МВт жел энергиясы өндірілді [4, р.317]. Сонымен əлемде жел құрылғыларынан алынатын энергияның 70%-ын ЕО мемлекеттері береді. Болашақта еуропалық одақтағы жел парктерінің қуаттылығын 2020 жылға қарай 180 ГВТ жəне 2030 жылға қарай 300 ГВТ-ға жеткізу көзделуде, ал бұл еуропалық одақта электр энергиясын пайдаланудың жалпы көлемінің 2020 жылы 12-14%-ын 2030 жылы 25%ын құрайтын болады.

Биомассаны (ауылшаруашылығы жəне орман шаруашылығының қалдықтары, отын, тұрмыстық қалдықтар, ауылшаруашылық өнімдерінің қорлары) өңдеу арқылы энергия алуға  да қатысты Еуропалық одақтың айтарлықтай жоспарлары бар. Биомассадан электр энергиясы мен жылу алу үшін биогаз алынады, сонымен қатар биоэтанол жəне биодизель алынады. Биомассадан энергия алудың қиыншылығы қажетті көлемде жинақтау болып отыр. Еуропалық одақта биомассаны пайдалану 2001 жылдан 2009 жыл аралығында 1/3 есе өсті.

Еуропалық одақта «жасыл энергетикада» мемлекеттік субсидиялау ережесі пайдаланылады. Осы салада құрылғылар мен технологиялар өндіретін кəсіпорындар іргелі зерттеулерге мемлекет тарапынан 100% қолдау алады, қолданбалы жобаларға 50-ден 70% аралығында компенсация төленеді.

Сонымен, Еуропалық одақтың тəуелділігінің артуы  жəне  нашарлап  бара  жатқан  эколо-   гия энергияны үнемдеуді белсендетті жəне де энергетикалық саясаттың өзіндік бөлігі ретінде барлық жергілікті энергия көздерін жұмылдыру, соның ішінде жаңартылған энергияны дамытуға итермеледі.

Балама энергия көздерін енгізу, энергия сақтаушы ресурстарды жəне экологиялық таза технологияларды дамыту тəжірибесін  үлгі ретінде алуға болады. Орталық Азия мемлекеттері күн жəне геотермалық, жел, күн су энергиясы түріндегі қайта қалпына келетін айтарлықтай энергия ресурстарына ие. Соның ішінде Қазақстан да мұндай энергияны дамыту потенциалына ие, гидроэнергия потенциалы жылына сағатына 170 млрд кВт, жел энергетикасы жылына сағатына 1 820 млрд кВт болып бағаланып отыр. Алайда елдің отын-энергетикалық балансында су энергиясы аз ғана бөлігін құрап отырса (шамамен жылына сағатына 8 млрд кВт немесе 13%), басқа ресурстар қазіргі күнге дейін жетікілікті деңгейде дамымай отыр.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтановтың пікірінше, «қандай да болсын идеяны жүзеге асыру үшін, ақылды бас, алтын қол, саяси ерік жəне қажетті элемент – қалпына келетін энергия көзі қажет. Ал Қазақстанда күн жəне жел  энергиясы жеткілікті. Мен атом электр стансыларын салуға қарсымын. Жапониядағы соңғы оқиғалар, мұның қаншалықты қауіпті екендігіне дəлел болды. Еуропалықтардың тəжірибесін пайдалана отырып, күн жəне жел энергиясын пайдалануды бастауымыз қажет» [5], – деп балама энергия көздерінің маңыздылығын ерекше атап өткен. Алайда қазіргі таңда Орталық Азия елдері бұл мəселелерді өздігімен шешуге мүмкіндіктері болмағандықтан, дамыған елдермен, əсіресе Еуропалық Одақпен өзара əрекеттесу жəне ынтымақтасуы қажет болып отыр.

Қазақстан  –  Орталық  Азияда  атмосфераға «парниктік»  газ  тастандыларын  шығарушы  ірі  мемлекеттің  бірі.  Бұл  газ  тастандыла-   рын шығарушы көздердің бірі жылу электр станциялары. Аталмыш сектордың тастандыларды шығарудағы  көлемі  43%  құрап  отыр. БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі Рамалық конвенцияның мүшесі бола отырып, Қазақстан атмосфераға кері əсерді төмендету бойынша шараларды жəне бағдарламаларды орындау   бойынша   міндеттерді   өз    мойнына алған. Сарапшылардың бағамынша көмір энергетикасының қоршаған ортаға сыртқы зиянының мөлшері əрбір кВт 7,7 теңгені құрайды. Көмір жылу электр станцияларында өндірілетін  энергия  көлемін  ескерсек,  сыртқы зиянның мөлшері жылына 4,3 млрд доллар болады. Сондықтан қазіргі таңда қайта жаңаратын энергетиканы дамыту мəселесін шешпесе, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төнеді.

Жаңаратын энергетика ресурстарын дамыту стратегиясы болашақта елдің əлеуметтік жəне экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етер еді.

 

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Energy, Transport and Environment Indicators, 2007.Luxembourg:Office of Official Publication, 2008. – p.21.
  2. Проблемы развития мировой энергетики: опыт для Казахстана. Коллективная монография / Под общ. ред. Б.К. Султанова. – Алматы: Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан, 2012. – С.104-110.
  3. Europe in figures — Eurostat Yearbook – Luxembourg: Publications Office of the European Union, 2011. – p.546.
  4. Europe in figures – Eurostat уearbook 2008. – Luxembourg: Publications Office of the European Union, 2008. – 657.
  5. Cможет ли Казахстан идею об альтернативных источниках энергии воплотить в реальность? //

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.