Мемлекеттер заңнамаларын жақындастырудың құралдары (əдістері): Еуропалық одақ тəжірибесі

Еуропалық мемлекеттердің заңнамаларын жақындастыру процесінің, яғни экономикалық жəне саяси интеграцияның дамуының алғы шарты ретінде 1957 жылғы Рим шартының қабылдануын атап өткен жөн. Аталған Шарттың негізгі талабы – «ортақ нарықтың» тиімді əрекет етуі үшін Шарт қатысушылары өз заңнамаларын унификациялау мен гармонизациялау арқылы еуропалық  экономикалық   қауымдастықты құру жəне оның қызметін тиімді түрде жүзеге асыру болды. Еуропалық мемлекеттердің интеграциялануының нəтижесі ретінде 1992 жылғы Маастрихт шартына сəйкес құрылған, интеграциялану аясында нақты реттелген ережелері бар Еуропа Одағын атап өткен жөн.

Еуропалық Одаққа (ЕО) мүше-мемлекеттердің ұстанымдарын, мүдделерін жақындастыруда  еуропалық  одақ  кеңесі  (ЕО  кеңесі) мен еуропалық одақ сотының (ЕО соты) орны ерекше. Сондықтан Еуропалық одаққа мүшемемлекеттердің заңнамаларын  унификация-  лау мен гармонизациялау мəселелерін жеке қарастырған жөн. Оның басты себебі – еуропалық одақ аясындағы заңнамаларды  унификация-  лау мен гармонизациялаудағы жетістіктердің нəтижелі болуында.

ЕО құқығын қалыптастыру, мүше-мемлекеттердің құқықтық жүйелерін жақындастыру унификация жəне гармонизация əдістері арқылы жүзеге асырылады.

Унификация əдісі – ЕО аумағында қоғамдық қатынастарды реттейтін бірыңғай тəртіп ережелерін бекіту. ЕО шеңберінде унификация құралдары ретінде «регламенттер» қолданылады.

Гармонизация əдісі – ЕО-ға мүше-мемлекеттерінің ішкі заңдары мен заңға тəуелді актілерін сəйкестендіретін заңнама негіздерін жасап шығару процесі. Гармонизация құралының көмегімен ЕО-ға мүше-мемлекеттердің заңнамалары жақындастырылады, бірақ толықтай бірыңғайлық енгізілмейді. Гармонизация   құралы ретінде  «директивалар» мен «шеңберлік шешімдер» (қылмыстық іс жүргізу аясында) əрекет етеді.

Мұндай сипаттағы актілер ЕО-ға мүше мемлекеттер құқығының қайнар көздерінің бірі болып табылады. ЕО туралы шартқа сəйкес, еуропалық қоғамдастықтардың қүқықтық актілері келесілер бола алады:

  • регламенттер – ЕО-ның «заңы» ретінде əрекет ететін нормативтік актілер;
  • директивалар – «заңнамалар негізі» ретінде əрекет ететін нормативтік актілер;
  • шешімдер – қоғамдастық аясында жеке акт қызметін атқарады жəне өзі бағытталып тұрған мемлекет пен тұлға үшін барлық элементтері бойынша міндетті болып табылады;
  • ұсыныстар – міндетті күші жоқ актілер. Олар мүше-мемлекеттерге, жеке жəне заңды тұлғаларға ұсыныстар жасау, кеңес беру нысанында шығарылады;
  • қорытындылар – нақты сұраққа байланысты, ЕО институтының немесе органының қызығушылығы туралы ресми ұстанымын білдіретін акт болып табылады [1, С.7-8].

Мұндай актілердің ішінде регламенттер мен директивалардың орны ерекше екенін атап өту керек.

Сонымен қатар ЕО шеңберінде мүшемемлекеттердің заңнамаларын унификациялау жəне гармонизациялау кезінде келесідей əдістер де қолданылады.

«Аяқталған» түрдегі əдіс. Атап айтқанда, оның тəжірибедегі көрінісі əртүрлі болады [2, С.132-146]:

  1. Ортақ құқықтық ұғымдарды орнату. Мысал ретінде еуропалық қауымдастық кеңесінің (ЕҚ кеңесі) 1986 жылғы 22 желтоқсандағы №87/102 Директивасын келтіруге болады. Бұл директива ЕО еуропалық парламенті мен ЕО кеңесінің №2008/48 директивасымен ауыстырылды [3]. Бұл директивада бірқатар ұғымдардың, оның ішінде несие шарты, несие беруші, тұтынушы ұғымдарының бірыңғай түсініктері берілген. Мəселен, несие шартының анықтамасы былайша келтірілген: «несие шарты бойынша несие беруші тұтынушыға төлемді шегеру, ссуда немесе өзге де осындай қаржыландыру нысанында несие береді немесе беруге міндеттеледі».
  1. Нысаны бойынша аяқталған болып табылатын жекелеген нормаларды орнату. Мұның мысалы ЕҚ кеңесінің 1988 жылғы 22 маусымдағы №88/357 (2-ші) директивасы. Бұл директива бойынша барлық елдерге ортақ байлау формуласы белгіленген: «Сақтандыру шарттарына қолданылатын құқық келесі тəртіп бойынша анықталады:

а) егер сақтандырушы сақтандыру жағдайы орын алған мемлекетте тұрса немесе оның орталық басқаруы осы жерде орналасса, сақтандыру шартына тиісті мүше-мемлекеттің құқығы қолданылады. Егер тиісті мемлекеттің құқығы жол  берсе, тараптар басқа  мемлекеттің құқығын таңдай алады» (7-баптың 1-тармағы) [4].

  1. Мазмұны бойынша аяқталған болып табылған нормалар кешенін орнату. ЕҚ кеңесінің 1985 жылғы 25 шілдедегі №85/374 директивасы келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаларды анықтау, тауардың кемшілігін айқындау, зиян орнын толтырудың тəсілдері мен мерзімдерін жəне т.б. қоса алғанда, барлық негізгі мəселелерді реттейді.
  2. Техникалық стандарттар мен өзге де көрсеткіштерді нақтылаудың жоғары деңгейі, мысалы, азық-түлік немесе фармацевтикалық тауарлар үшін.

Жалпы алғанда, ЕҚ-ның құқықтық актілерін «аяқталған» деп дəрежелеу олардың таңдалған нақтылық дəрежесіне байланысты болады.

«Аяқталған» құқықтық унификациялау мен гармонизациялау мəселесі күтілетін нəтижесінің міндеттілігімен сипатталатын директиваларға қатысты ерекше көрініс табады. ЕО сотымен қалыптастырылған «тікелей əрекет» тұжырымдамасы да құқықтық  нормалардың «аяқталған» сипатына қатысы бар, өйткені ЕО соты белгілі бір ереженің тікелей əрекет етуін мойындау оның табиғаты мен мазмұнына байланысты деп санайды. Мұндай жағдайда норманың мазмұны «нақты, анық жəне қайшылықсыз» болуы тиіс. Демек, ЕО соты «аяқталған» түрдегі құқықтық нормаларды жоққа шығармайды [2, С.201].

ЕҚ комиссиясының 1985 жылғы 14 маусымында бекітілген гармонизацияның «жаңа тұжырымдамасы» «аяқталған» түрдегі құқықтық жақындасу əдісінен бас тартты. Еуропалық қауымдастықтың аталған əдіске деген көзқарасы Маастрихт шартында тепе-теңдік қағидасы бекітілгеннен кейін өзгерді. Яғни, егер белгіленген мақсатқа терең емес реттеу арқылы қол жеткізуге болса, «аяқталған» түрдегі құқықтық актілер енді бұл қағидаға қайшылық тудырды. Нəтижесінде 1992 жылға дейін ұсынылған ЕҚ құқықтық актілерінің көптеген жобалары не  кері қайтарылды, не қараусыз қалдырылды, не «шеңберлі» ережелерге өзгертілді.

Əрине, кейбір жағдайларда «аяқталған» əдісті қолданудан бас тарту мүмкін емес. Мысал ретінде, 2002 жылы 6 маусымда еуропалық парламентпен жəне ЕО кеңесімен бірігіп қабылданған жəне бірыңғай ортақ коллизиялық ережелерді орнататын  «Міндеттемелердің  орындалуын  қаржылық   қамтамасыз   ету туралы»  №2002/47  директиваны келтіруге болады.

«Шеңберлі» құқықтық унификацияу мен гармонизациялау əдісін ЕҚ комиссиясының «жаңа тұжырымдамасы» тұсында  қарастыру  қажет  [5, С.287-309]. Тұжырымдамаға сəйкес, ЕҚ комиссиясы мүше-мемлекеттердің денсаулықты сақтау, қауіпсіздік жəне қоршаған ортаны қорғау салаларындағы құқықтық реттеумен белгіленген мақсаттар өздерінің негізі бойынша құндылығы теңболыптабылды.Комиссияныңпікірібойынша ұлттық реттеудің теңдігі мойындалса жеткілікті болады. Іс жүзінде «жаңа тұжырымдама» Еуропалық қауымдастық туралы шарттың 30бабы мағынасындағы негізгі «бостандықтарды» немесе ЕҚ сотымен тұжырымдалған «міндетті талаптарды» заңды түрде шектеу болып табылатын ұлттық реттеу жағдайларымен құқықтық жақындасуды шектейді. Бұл жағдайда құқықтық унификация мен гармонизация бойынша шаралар негізгі (шеңберлі) белгілерден тыс шықпауы керек. Мұндай белгілер, өз кезегінде, құқықтық унификация мен гармонизацияның ең төменгі жəне ең жоғарғы деңгейін де бекітуі мүмкін.

Ең төменгі деңгей талабы құрылтай шарттардыңережелеріндебелгіленуімүмкін. Мысалы, Еуропалық қауымдастық туралы шарттың 137бабы (2 тармақ) əлеуметтік саясат саласындағы гармонизация бойынша директивалар ең төменгі талаптарды орнатуы тиіс деп бекіткен. Содан кейін белгілі бір ереженің ең төменгі стандарты деп танылуы құқықтық актіден немесе оны түсіндіруден туындауы мүмкін. Сондай-ақ ЕҚ кеңесінің 1976 жылғы 13 желтоқсандағы №77/91 директивасының 2-бабына сəйкес «Қоғамды құру туралы актіде немесе Жарғыда кем дегенде келесі мəліметтер болуы тиіс...» [6].

Сонымен қатар «шеңберлі» белгілер ең жоғары талаптарды да қоюы мүмкін. Ең жоғары деңгейді белгілейтін «шеңберлі» унификациялау мен гармонизациялау тауарлар қозғалысының бостандығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған (ЕҚ кеңесінің 1989 жылғы 14 маусымдағы №89/392 директивасы) немесе экономика салаларына қаржылық ауыртпалық салу шегін белгілейтін кезінде (ЕҚ кеңесінің 1992 жылғы 19 қазандағы №92/77 директивасы) директиваларда орын алды.

Еуропалық заңнамалардың гармонизациясы негізінде жатқан процесс еуропалық комиссияның əрекет етуіне тəуелді.  Комиссия өз  кезегінде  заңнамалардың,  еуропалық парламент пен кеңестің шешімдерінің орындалуына жауапты  болады. Нақтырақ айтқанда,  комиссия «бастамашылық құқығын» иеленеді. Өйткені ол жаңа еуропалық заңнамалардың қабылдануына жауапты.

Егер «субсидиарлық қағидасы» қанағатандырылса, онда комиссия ұсыныстар дайындайды. Мұндай ұсыныстар кең көлемде талқылауға түседі. Сонымен қатар Комиссия еуропалық заңдардың қолданылуына бақылауды жүзеге асырады. Комисссия соттағы «құқықбұзушылықтар» қатарына жататын айыптау шараларын да қолдана алады [7, p.208-209].

Бұл мəселенің шешілуі интеграциялық құқық шығармашылыққа қойылатын талаптарды белгілеу арқылы шешімін таппақ, өйткені денсаулық сақтау, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау жəне тұтынушылар құқықтарын қорғау салаларында Еуропалық комиссия «қорғаудың жоғары деңгейіне» сүйенуі тиіс.

«Шеңберлі» унификациялау мен гармонизациялау директивалардың құқықтық табиғатына тəн екендігі  дау  туғызбайды  жəне  осыған  орай кейбір заңгерлер директиваны құқықтық табиғаты жағынан шеңберлі ұлттық заңнамаға жақындатады [8, С. 174].

Бұл көзқарасты ЕО Конституциясының жобасы да қабылдаған болатын, өйткені оның мəтінінде «еуропалық шеңберлі заң» ұғымы бар еді (1-32 баптар).

Сонымен қатар «шеңберлі» құқықтық унификациялау мен гармонизациялаудың басқа да кемшілігі бар. Мəселен, тепе-теңдік қағидасы жағынан Еуропалық комиссия кейде көзделген нəтижесінің өзі анық емес тұжырымдалған директиваларды қабылдайды. Мұндайдың салдарынан имплементация мен əртүрлі мүшеелдердегі гармонизацияланған ережелерді қолданудың сəйкессіздігі пайда болады. Бұдан кез келген имплементацияны сəйкес деп тануға мүмкіндік   беретін құқықтық жақындастыруға «фикциялық сипат» беріледі деген күдіктің туындауына алып келді.

Жалпы алғанда, қазіргі интеграция сатысында мүше-мемлекеттердің саяси ұмтылыстарына бұл əдістің сəйкес келетінін байқауға болады.

«Сілтемелі» түрдегі құқықтық унификациялау мен гармонизациялау əдісі. Ғылымитехникалық прогрестің тез өзгеріп отыратын жайттарына интеграциялық реттеуді жақындастырудың ең тиімді əдісі осы екендігі Еуропалық  қауымдастықта  бірден қалыптасқан жоқ. Еуропалық стандартқа сілтеме жасау ЕҚ кеңесі   1983  жылы  28 наурызда  қабылдаған №83/189 директивасы арқылы жалғастырды. Бұл директива бойынша еуропалық стандарттарды дайындау жұмысы мүшелері стандартизация бойынша ұлттық ұйымдар болып табылатын стандартизация бойынша Еуропалық комитетке жəне электртехникадағы стандартизация жөніндегі еуропалық комитетке жүктелді. Бұл органдар өз  қызметін  ЕҚ  комиссиясымен жасалған екі бөліктен тұратын келісімдер негізінде атқарады:

  • ынтымақтастықтың жалпы  қағидалары (тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттері);
  • еуропалық стандарттарды дайындаудың шеңберлі шарттары (мерзімдер, қаржыландыру тəртібі жəне т.б.).

ЕҚ   кеңесінің  1985 жылғы  7 мамырдағы «Техникалық гармонизация мен стандартизация саласындағы жаңа  тұжырымдама  туралы» қарарында (резолюциясында) бұл мəселе нақтырақ реттеуін тапты. Бұл қарарға сəйкес өнеркəсіп өнімдерінің шығарылуы мен айналымын ретейтін ұлттық ережелерді жақындастыру «негізгі» белгілерді орнату арқылы жасалуы тиіс еді.

Сол сияқты осы қарар техникалық гармонизация саласындағы директивалардың үлгілі құрылымын бекітті (стандарттарды дайындалуы тапсырылған еуропалық ұйымның көрсетілуі; сертификаттың түрі мен оны беру тəртібі; ұлттық ведомстволардың бақылау мақсатындағы тексерулерін жүргізу негіздері; ЕҚ-ға мүшемемлекетінің өзінің мемлекеттік аумағында белгілі бір өнімнің айналымына  тыйым  немесе шектеу салу жөніндегі қорғау ескертпесін қолдану тəртібі жəне т.б.) [9, С.20-22].

Кейінгі  жылдары  еуропалық   парламент пен  ЕО  кеңесінің 1998   жылы 22  маусымда қабылданған №98/34 директивасы жəне еуропалық парламент пен ЕО кеңесінің 1998 жылы 20 шілдеде қабылданған «№98/34 директиваға өзгерістер енгізу туралы» директивасы шықты.

Бірінші директива он бес жыл ішінде қабылданған ЕО-ның құқықтық актілерін кодифициялап, бірқатар жаңалықтар енгізді, оның ішінде «de facto техникалық қаулы» ұғымы анықталды, мүше-мемлекеттердің ұлттық техникалық нормалары мен ережелерін дайындау, енгізу жəне өзгерту туралы хабарламаларды Еуропалық комиссияға жеткізу мерзімдерін өзгертті, сондай-ақ техникалық гармонизация мəселелері жөніндегі тұрақты комитет құрылды.

Екінші директива «жаңа тұжырымдаманы» қызметтердің жекелеген түрлеріне таратты, атап айтқанда, электронды режимде қашықтықтан ұсынылатын жəне алушының жеке сұранысы негізіндегі қызметтерге қатысты.

Қазіргі кезде техникалық гармонизация саласында келесі мəселелерді көрсетуге болады.

Біріншіден, соңғы жылдары қабылданған шараларға қарамастан техникалық нормалар мен ережелерді дайындау процесіне əртүрлі мүдделі  топтарды  тартуға  қатысты  белгілі  бір қиындықтар орын алуда, ал бұл болса техникалық гармонизацияның тəжірибелік тиімділігіне тікелей нұқсан келтіруде.

Екіншіден, «жаңа тұжырымдама» шегіндегі ЕҚ-ның құқықтық актілері кемшіліксіз емес. Мəселен, əртүрлі директиваларда ұғымдар мен терминдер арасында, сертификациялау тəртібі жəне т.с.с. жағынан қайшылықтар бар.

Үшіншіден, стандартизация бойынша еуропалық ұйымдардың қызметі білдірілген сенімді ақтай бермейді; олардың арасындағы кооперация деңгейі де жеткіліксіз.

Төртіншіден, күн тəртібінде ЕО мен мүшемемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың жаңа механизмдерін дайындау мəселесі тұр.

Ең қиын мəселе, бұрынғыша, тиісті органдардың қызметін сертификациялау жəне унификациялауға дейін бірыңғай аккредитациялау тəртібін орнату, сондай-ақ ұлттық деңгейдегі қадағалауды гармонизациялау жəне құзыретті ұлттық ведомстволар арасында жүйелі ақпарат алмасуды енгізу болып отыр.

Соңында, «ex ante» жəне «ex post» унификацияу мен гармонизациялауды да атап өту керек. Бірінші əдіс бойынша құқықтық жақындасу ұлттық ережелердің болмауы жағдайында жүзеге асырылады.

Мысалы, ЕҚ кеңесінің 1986 жылғы 18 желтоқсанындағы №86/653 директивасы коммерциялық өкілдің тапсырылған тапсырманы орындау барысында шыққан шығындар орнын толтырылуын талап ету құқығын қарастырады. Бұдан бұрын мұндай мүмкіндік ағылшын, бельгиялық, даниялық, испандық жəне гректік ұлттық құқықта қарастырылмаған.

«Еx post» унификациялауы мен гармонизациялауы ұлттық реттеуде орын алып отырған қайшылықтарды жоюға бағытталады.

Сонымен, бүгінгі күні еуропалық қауымдастықтың құқықтық саясатының басты міндеттерінің бірі құқықтық жақындасудың ең тиімді үлгісін іздестіріп табу болып отыр. Бұл болса, өз кезегінде ортақ бірыңғай ережелердің қажеттілігі мен ұлттық реттеу «плюрализмі» арасындағы дилеммамен түсіндіріледі [10].

Зерттеу нəтижелерін қорытындылайтын болсақ, қазіргі құқықтық жақындасу тұжырымдамасының келесі жайларын атап өтуге болар еді деп ойлаймыз:

  • таңдау мүмкіндігі берілген жағдайда ұсыныстық сипаты бар директивалар мен шаралар қабылдануы тиіс;
  • белгілі бір қарым-қатынастарға қатысты ЕО-ның құқықтық актілері мүше-мемлекеттердің тиісті шараларымен бірге қолданылатын болса, басымдық «шеңберлі» шараларға берілуі тиіс;
  • бірінші орынға ең төменгі талаптардың орнатылуы шығып отыр;
  • құқықтықунификацияменгармонизацияның басты мақсаты «заңдастырылған» ұлттық протекционизмді жою болып табылады;
  • жалпы тəртіп бойынша құқықтық унификациялау мен гармонизациялау трансшекаралық қарым-қатынастармен ғана шектеледі.

 

Əдебиеттер

 

  1. Кудачкин А. Сближение и гармонизация законодательств: понятие и международно-правовая характеристика //Право и жизнь. – М., 2006. – № 99 (9). – С. 1-10.
  2. Дейвис Г. Право внутреннего рынка Европейского Союза: учебное пособие: пер. с англ. – Киев: Знання-Прес, 2004. – 422 с.
  3. Директива Европейского Парламента и Совета 2008/48/EC от 23 апреля 2008 о кредитных договорах для потребителей и отмен директивы Совета 87/102/EEC. Материалы для адвокатов, 2009-04-20 //Электронный ресурс: http:// www.selat.ru/story.php?story=610
  4. Вторая Директива Совета Европы от 22 июня 1988 г. о координации законодательных, нормативных и административных актов в отношении прямого страхования, иного, чем страхование жизни, о положениях, направленных на упрощение фактического осуществления свободы оказания услуг, и об изменении Директивы 73/239/EEC (88/357/EEC)// Электронный ресурс: http://www.znay.ru/law/eec/eec88-357.shtml
  5. Хартли Т.К. Основы права Европейского сообщества: Пер. с англ. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, – 703 с.
  6. Вторая Директива 77/91/ЕЭС Совета от 13 декабря 1976 г. о координации гарантий, которые требуются в государствах-членах от хозяйственных обществ в значении второго абзаца статьи 58 Договора[1] для защиты интересов их участников и третьих лиц, с целью сделать эти гарантии эквивалентными применительно к учреждению акционерных обществ, а также поддержанию и изменениям их капитала // Электронный ресурс: http://eulaw.edu.ru/documents/ legislation/corporate/second.htm
  7. Bertrand Crettez, Regis Deloche. Оn the unification of legal rules in the European Union // Eeuropean journal of law and economics, may 2006, volume 21, issue 3, 203-214 р.
  8. Топорнин Б.Н. Европейские сообщества: право и институты. Динамика развития. – М.: Изд-во ИГиП РАН, – 183 c.
  9. Европейское право: Учеб. для вузов / Рук. авт. кол. и отв. ред. Л. М. Энтин. – М.: НОРМА-ИНФРА, – 705 с.
  10. Кейбір еуропалық ғалымдардың пікірі бойынша, 10 жылдан кейін экономикалық өмірдің реттелуінің 80%-ы,тіпті, салық салу мен əлеуметтік саладағы реттеудің де, еуропалық қайнар көздер арқылы жүзеге асырылатын болады. 
Жыл: 2014
Қала: Алматы