Қытайдың əлемдік тəртіпке көзқарасы мен дəріптемесі

Жалпы адамзат əлемі көптеген мемлекеттерден құралып, белгілі бір байланыс тəртібі бойынша өзара қатынаста болып келеді. Бірақ əлемдегі мемлекеттердің алуан түрлілігі, яғни үлкенкіші, күшті-əлсіз болуына байланысты олардың арасындағы қатынастардың сипаты да əртүрлі формада бейнеленеді. Əлемдегі мемлекеттер мен халықтардың бəрінде бірдей өмір сүру жəне даму құқығы бар. Алайда тарихтан қалыптасып қалған əлемдік тəртіп дүниежүзіндегі мемлекеттер мен халықтардың бəріне бірдей өмір сүруі мен дамуына тиімді болып отырған жоқ, бұл – қазіргі қоғамдық тəжірибеден анық байқалып отыр-  ған құбылыс. Сондықтан əлемдік жаңа тəртіп орнату жөнінде көптеген ұсыныстар айтылып, дəріптемелер (концепциялар) көтерілуде. Бұл жөнінде əлемдегі алып мемлекет ретінде Қытайдың əлемдік тəртіп туралы көзқарасы мен жаңа тəртіп орнату туралы дəріптемесін білудің маңызы зор. Өйткені қазіргі таңда Қытайдың халықаралық саяси-экономикалық процестерге ықпалы артып келеді.

Қытай ғалымдарының қазіргі халықаралық саяси-экономикалық тəртібі – ұзақ тарихи эволюцияның туындысы, онда рационалды факторлар да, əділетсіз, үйлесімсіз жəне тең емес факторлар да бар. Таяу замандағы халықаралық саяси тəртіп ХVІІ ғасырда қол қойылған “the Treaties of Westphalia” шартынан басталған. Бұл бітім Еуропаның халықаралық заңын қалыптастырды, ұлттық мемлекеттердің егемендік теңдігіне қол сұқпау принципін анықтады. Бірақ Еуропа мемлекеттерінің егемендік теңдік жəне қол сұқпау принципі тек Еуропадағы «христиан өркениетіндегі мемлекеттерге» қолданумен шектелді. Ал еуропалық емес мемлекеттерде ондай құқық бар деп қарамады да, оларды күшпен бөліске салды. Сөйтіп, осы бір халықаралық саяси тəртіпті басталысымен-ақ əділетсіздікке, рационалсыздыққа айналдырып жіберді.1945 жылы өмірге келген «БҰҰ-ның Хартиясында» белгіленген суберенді мемлекеттердің 9 принципі, 40 жылдан аса жалғасқан Қырғиқабақ соғысының салдарынан атқарылған жоқ деп санайды [1].

Халықаралық саяси-экономикалық жаңа тəртіп орнату мəселесін Қытай өзінің мемлекеттік қуатының өсуіне байланысты ортаға қойып келеді. 1985 жылы наурыз айында Қытай басшысы Дэн Сяопин халықаралық жаңа тəртіп  орнату  мəселесіне  тоқталғанда  ол  былай деген: «жершарының стратегиялық мəселесі екеу,  оның бірі – бейбітшілік мəселесі, енді  бірі – экономика мəселесі немесе даму  мəселесі»  [2]. Қытайдың  түсінігінше,  бейбітшілікті сақтау мен экономиканы дамыту өзара ықпал жасайды жəне бір-біріне рөл ойнайды. Бейбіт халықаралық ортаны  дамытамын  деген елдерде міндетті түрде  алғышарт  болуға  тиісті. Халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюі, əрбір мемлекеттің экономикасының гүлденуі мен дамуын кеңейте түседі, сондай-ақ ол əлем бейбітшілігі мен орнықтылығын қорғайтын күштерді нығайтады» [3]. Дамыған мемлекеттердің дамушы мемлекеттермен ынтымақтасуды қажет етуі, дамушы мемлекеттердің дамыған мемлекеттерді қажет етуінен титтейде кем емес. Оңтүстік пен Солтүстіктің қатынасының сипаты дамушы мемлекеттер мен дамыған мемлекеттер арасындағы алшақтықтың үздіксіз ұлғаюынан көрініс табады. Оның себептері – көп жақтылы, дегенмен соның шінде əділетсіз, рационалды емес көне халықаралық экономикалық əрі саяси мəселе деп санайды.

Қытай əлеуметтік экономиканың дамуындағы кедергілер тек халықаралық экономикалық тəртіпте ғана емес, социалистік мемлекеттердегі экономикалық модельдегі ақаулар  мен  жетекші теориялық идеядағы қателіктерде екендігін реформа тəжірибесінен  түсінді.  Сондықтан олар ел ішінде экономикалық реформаны жоспарлы түрде, біртіндеп байыпты жүргізумен қатар, халықаралық экономикалық жаңа тəртіп орнату жөнінде өз ұстанымдарын дəріптеп келеді. Қытай  тарихи  тəжірибелерді  негізге ала отырып, халықаралық өзара экономикалық ынтымақтастықты ескі халықаралық тəртіптің негізінде құруға болмайды, өйткені ол үлкен күшті мемлекеттер кіші əлсіз мемлекеттерді талан-таражға салатын, дағдарыстарды соларға бұрып жіберетін тəртіп, оның салдары кіші  əлсіз мемлекеттерді ұзақ уақыт кедейлікте қалдырса, үлкен күші мемлекеттердің жалғасты дамуына да кедергі келтірді деп есептейді. Соған байланысты Қытай халықаралық қатынастардағы мемлекеттер тиімді немесе тиімсіздікті анықтайтын критерийлерін жариялады. 1986 жылы наурызда өткен Бүкіл қытай халық құрылтайында жасаған саяси баяндамасында Қытай премьер-министрі: «Қытай өз мемлекеті мен əлем халықтарының ұзақ мүддесі жəне түбірлі мүддесін шығар түйін ете отырып, гегемонияға қарсы тұру, əлем бейбітшілігін қорғау, əрбір елмен достық өзара ынтымақтастықты дамытып экономикалық ортақ гүлденуді ілгерілету – қытай сыртқы саясатының басты мақсаты», деп мəлімдеген болатын. Мұнда Қытай үкіметі өзінің сыртқы саясатына «ортақ гүлденуді ілгерілету» деген жаңа мазмұн қосып отыр. Бұл Қытайды əлем елдеріне қабылдатудың ең тартымды тəсілі болып табылады.

Қытай басшылары халықаралық жаңа тəртіп орнату жөнінде өздерінің концепцияларын уағыздайды. Олардың пікірінше, бұл мəселеде үш байланысты мəселені шешу керек: бірінші, ағымдағы өзекті мəселелерді шешу мен жаңа халықаралық экономикалық тəртіп орнатудың ұзақ мерзімдік мақсатын анықтау қажет; екінші, дамушы мемлекеттердің экономикалық дамуы мен əлем экономикасын өрлетудің қатынасын шешу керек; үшінші, Оңтүстік пен Солтүстіктің жəне Оңтүстік пен Оңтүстік арасындағы ынтымақтастық қатынасын шешу» деп санайды. Қытай «Оңтүстік пен Оңтүстік қатынасы» мəселесін бұдан бұрында халықаралық мінберде пайымдаған болатын. Мысалы, Қытайдың Сыртқы істер министрі У Сюэциянь 1983 жылы қыркүйек айында өткен БҰҰ-ның 38 кезекті сессиясында   сөйлеген   сөзінде: «Оңтүстік пен Оңтүстіктің ынтымақтастығы жаңа тип-  тегі халықаралық  экономикалық  қатынас болып табылады. Оңтүстік пен Оңтүстіктің ынтымақтастығын нығайту, ұжым бойынша өзкүшіне сүйеніп өмір сүру, тəуелсіз өз-өзіне қожа болу, ұлттық экономиканы дамыту, дамыған мемлекеттерге иек артуды азайту, дамушы мемлекеттердің экономиканы гүлдендіру, өздерінің экономикалық қуатын күшейтудің сенімді жолы болып табылады», – деді.

Қытай халықаралық саяси-экономикалық жаңа тəртіпті диалог арқылы орнатуды қуаттайды. Бұл жөнінде Дэн Сяопин: «Біз дəріптеп отырған Оңтүстік пен Солтүстік диалогі, тек диалогке сүйеніп қалуға болмайды, үшінші əлем елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту керек, атап айтқанда, Оңтүстік пен Оңтүстіктің ынтымақтастығы,  үшінші  əлем  елдерінің өзара алмасуы, бірі-бірінен үйреніп, өзара ынтымақтасатын болса, көптеген мəселелерді шешуге болады, мұның перспективі өте жақсы болады» [4], – деп тұжырымдағаны бар. Қытай басшыларының  бұл  сөздерінің  астарын аңғару қиын емес. Қытай өздерін дамушы мемлекеттер қатарына қою арқылы, аталмыш «дамушы мемлекеттермен» немесе «үшінші əлем елдерімен» не болмаса «Оңтүстік» мемлекеттермен жан-жақтылы ынтымақтастық орнатуды көздейді. Өйткені олар бұл типтегі елдермен əрқандай салада ынтымақтастық орнатса да өздерінің басымдылыққа ие болатындығына сенеді. Сондықтан олар дамушы мемлекеттердің немесе үшінші əлем елдерінде бұрыннан келе жатқан  дамыған  мемлекеттермен  байланысын босаңсытып, өздерімен қарым-қатынастарын дамытуға үндейді. Бұл мəселені қытай, өздерінің дамушы немесе үшінші əлем мемлекеттермен тарихта тағдырлас болғанын жəне қазіргі таңда армандас екендігін алға тартады. Қазіргі таңда Қытайдың дамушы елдермен өздерінің ортақтықтарын насихаттай отырып, мол қаржылық, техникалық жəне еңбек ресурстарына сүйену арқылы Араб елдері, Африка құрлығы мен Латын Америкасы мемлекеттеріне ендеп кіріп кетті, тіпті, ол елдердің жылы қабылдауына ие болып отырғанын көреміз.

Қытай экономикасының қарқынды дамуы олардың əскери-саяси əлеуетін де күшейтіп келеді. Осылай Қытай бұрыннан бері өздерінің ұстанып келген гегемонияға қарсы тұру ұстанымын өзгерткен жоқ. Қытай билігі əлемдегі əскери бəсекелестік тек АҚШ пен КСРО арасында жүріп жатыр деп санайды. 1985 жылы қараша айында АҚШ пен КСРО басшыларының шабуылдаушы қаруды 50 пайызға дейін қысқарту принципіне келісіп, əлемдік əскери шиеленіс жағдайын біршама бəсеңдеткен болатын. Осыған байланысты Қытай өзінің  халықаралық əскерді қысқарту жөніндегі негізгі ұстанымдарын анықтаған-ды. Оларды атап айтар болсақ:

1. Əскери бəсекелестікке қарсы тұру, əскерді қысқатру процесін ілгерілету. Қытай ядролық қаруды, химиялық қаруды жəне биологиялық қаруды толығымен жою жəне оған тыйым салу, ғарышта əрқандай формада қаружарақ орналастыруға жəне эксперимент жасауға тыйым салу, көп мөлшерде əскери қысқаруды қуаттау.

2. Əлемде ең көп ядролық қаруы бар жəне шабуылдаушы қаруларды қоймада сақтап отырған екі мемлекеттің əскери дайындықты бақылауға жəне əскерді қысқартуға ерекше жауапкершілігібар, олар, алдымен, көпмөлшерде əскерді қысқартатын нақтылы қимылын жасауы керек. Олар қарудың санын азайтып қана қоймай, сонымен берге қарудың сапасын жақсартуын тоқтатсын. Олар шетелдегі əскери базаларын шығарып əкетсін. Олардың арасындағы əскерді қысқарту келісімшарттары халықаралық бейбітшілік пен орнықтылықты сақтауға пайдалы болуы керек, үшінші мемлекеттің мүддесіне зиян  келтірмеуі  қажет. 

  3. Əскерді  қысқарту əлемдегі барлық елдің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қатысты, сондықтан оны аздаған мемлекеттердің монополиялауына болмайды, барлық мемлекеттің тең дəрежеде талқылауға қатысып əскер қысқарту мəселесін шешуге құқығы бар. 4. Қаруды басқаларға таратпау – мемлекеттердің тəуелсіздігін, суберендігін жəне территориялық тұтастығын қорғауға пайдалы, сондай-ақ үйлесімді түрде қажетті қорғану күшін сақтауға тиімді, сонымен бірге ол отар елдердің, шетел аккупациясындағы халықтардың əділетті күрес жүргізуіне де тиімді болмақ. Халықаралық есірткі саудасы жəне халықаралық терорризм сияқты заңсыз əрекеттермен байланысатын халықаралық қаруды басқаларға тасымалдауға тыйым салынуы керек. 5. Əскерді қысқартумен бірге агрессияға тыйым салынуы керек, «Біріккен Ұлттар Ұйымының Хартиясы» мен халықаралық қатынастардың критерийлері бойынша əділ үйлесімді түрде аймақтық қақтығыстарды шешу қажет. Барлық мемлекеттер мейлі ол үлкен немесе кіші ел болсын, қауіпсіздік мəселесінде барлығының құқығы бірдей [5].

Жоғарыда келтірілген Қытайдың халықаралық əскер қысқарту мəселесі жөніндегі ұстанымдарында белгілі əділдік болғанымен, олардың өздерінің ұлттық мүдделерін қорғауды басты назарда қойып отырғаны анық байқалады. Өйткені дамыған елдер соңғы үлгідегі əскери технологияны қытайға экспорттауға тыйым салған болатын. Соған қарамастан қытай əскери техника саласын дамытуға жылдан жылға жұмсалатын қаржысын көбейтіп отырғаны жасырын емес. Қытайдың қарқынды дамуына байланысты, əсіресе қытайдың əскери қаражатының жыл сайын артуына байланысты қытайдың болашағы жөнінде түрлі болжамдар жасалып, «Қытай қаупі» деген мəселе  көтеріліп, көптеген мемлекеттер қытайға күдікпен қарайтын   болды.   Сондықтан    əлемнің Қытайға күдігін жою жəне өзара сенімділік қатынас орнату үшін, Ху Цэинтао «гармониялы əлем» құру концепциясын Қытайдың сыртқы саясатының стратегиялық бағыты ретінде алға қойды.

2005 жылы сəуір айында Ху Цзинтао Азия жəне Африка елдерінің Джакартадағы жоғары дəрежелі кездесуіндегі  сөйлеген сөзінде:

«Азия жəне Африка мемлекеттері əртүрлі өркениеттердің тату тұруын, тепе-тең диалог жүргізуін, дамып гүлденуін ілгерілетіп, ортақ бір гармониялды əлем құруы керек», – деді.  Сол жылы шілде айында Ху Цзинтао Ресейге барған сапарында екі жақ қол қойған «ҚытайРесей ХХІ ғасыр халықаралық тəртіп туралы бірлескен мəлімдемесіне» «Гармониялы əлем» концепциясы енгізілді. 2005 жылы 15 қыркүйекте Біріккен ұлттар ұйымының құрылуына 60 жыл толуына орай өткен мемлекет басшылары конференциясында Ху Цзинтао «Ұзақ бейбітшілік, ортақ гүлденген гармониялы əлем құруға тырысайық» деген тақырыпта сөз  сөйлеп,  өзінің «гармониялы əлем» ұғымының мəні мен мағынасын пайымдады.

Қытай төрағасының «гармониялы əлем» идеясын əлемдік əрбір маңызды конференцияларда дəріптеуі жайдан-жай емес. Өйткені ҚКП ХVІ съезінде «гармониялы əлем құру, бейбіт даму жолында жүру, өзара тиімділік  жасау ортақ жеңіске жетуде табанды болуды – жаңа дəуірдегі Қытайдың  сыртқы  стратегиясының үш тағаны деп белгілеген. Бұл, əрине, қытайдың өзінің түбірлі мүддесі негізіндегі стратегия болып табылады. 2005 жылы желтоқсан айында жарияланған «Қытайдың бейбіт даму жолы» деп аталатын ақ тысты кітапта: «Қытайдың дамуы əрқандай адамға  қатер  (угроз)  төндірмейді,  тек əлемге даму  мен  кең  рынок  əкеледі.  Қытай  бастан-аяқ  өзара  тиімділік  жасау   ортақ жеңіске жету сынды ашық стратегияны ұстанып, экономикалық жаһандану жағдайына үйлесетін жағдайда өзара ынтымақтасуды қарастырып, ортақ гүлдену сынды дұрыс концепцияны жүзеге асырады», – деп жазылған. Демек, Қытай халықаралық тəртіп пен халықаралық жүйені реттеуді қуаттайды.  Əлемнің  көп полярлы бағытта дамуын ілгерілетуді қуаттайды. Қытай əлемдік саяси-экономикалық жаңа тəртіп пен жүйе «гармониялы əлем» құруға бағытталуға тиісті деп санайды. Сондықтан болар қазіргі таңдағы дамушы елдерде Қытай АҚШ-қа «сүйкімді бейне» танытып отырғанын ақштық ғалымдардың өзі мойындайды. АҚШтың қытайды зерттеуші белгілі ғалымы Joshua Cooper Ramo өзінің «Beijing Consensus» деген еңбегінде: «Қыруар қару-жарағы бар, басқадай дүниетанымды кешіре алмайтын АҚШ сияқты супер державаға ұқсамайды, дәл қазір көтеріліп келе жатқан Қытай  өзінің  моделімен  үлгілі  рөл атқарып отырған экономикалық орны мен ықпалы арқылы мемлекет суберендігі жүйесін батыл қорғауды негіз еткен. Қазіргі таңда әлемнің кейбір жерлерінде Қытай АҚШ-тан да құрметке ие болған моральдық үлгісін көрсетіп отыр [6], – деп санайды. Демек, әлемдік саясиэкономикалық жаңа тәртіп орнатуда Қытай мен АҚШ-тың бейбіт бейнеде бәсекелестігі жүріп жатқанын анық аңғарамыз.

Қытайдың әлемдік жаңа тәртіп орнату жөнінде мынадай принциптерді дәріптейді: саяси жақта, әрбір мемлекет өзара құрмет ету, ортақ кеңесуі керек, өздерінің ерігін  басқаларға  зорлап  таңуға болмайды; экономикалық  жақта, бірін-бірі ілгерілету, өзара ынтымақтасу, ортақ даму, кедейлер мен байлардың арасын алшақтатып жібермеу.  Халықаралық  жаңа  тәртіп  орнатудың кіл-  тіәділетсіз, үйлесімсіз халықаралық қатынастарды өзгерту; мәдениет те, бір-бірінен тәжірибе қабылдау, ортақ гүлдену, басқа ұлттық мәдениеттерді сыртқа қақпау; қауіпсіздік саласында, бір-біріне сенім орнату, ортақ қорғану, өзара пайда жеткізу, тең дәрежеде себестік орнату сынды жаңа қауіпсіздік концепциясын қалыптастыру керек деп санайды. Сондай-ақ олар Бейбіт қатар өмір сүрудің бес принципі мен басқа дүниежүзінде ортақ танылған халықаралық прициптерді бейбітшілікті қорғаудың негізі етіп қабылдау  керек деп санайды[7]. Бұл теория жүзінде керемет-ақ, бірақ оны іске асырудың механизмі қандай болмақ. Бұл ортақ ойланатын күрделі мәселе.

 

 

 

Әдебиеттер

  1. Xia Liping. Contemporary International System and Strategic Relationship Amony Major Powers. – Beijing. – 501-502.
  2. Renmin ribao (人民日报). – 06.1985.
  3. Renmin ribao (人民日报). – 06.1985.
  4. Deng Xiaoping wenxuan (邓小平文选). – Beijing. – 3 т., 56 б.
  5. Renmin ribao (人民日报). 24.1989.
  6. Joshua Cooper Ramo. Nhe Beijing Consensus. London: The Foreign Policy Centr, 2004. Хуан Пин. Қытай және жаһандасу. Бейжің: Қоғамдық ғылымдар баспасы. 2005, 25 б.
  7. Contemporary International System and Strategic Relationship Amony Major Powers. 505.
Жыл: 2013
Қала: Алматы