Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытайдың еркін экономикалық аудандарының дамуы

Қазіргі таңдағы Қытай экспортында еркін экономикалық аудандарының өнімдері өтімді екені белгілі. Бірақ осы «еркін» немесе «арнайы экономикалық аудан» деп аталатын өндіріс базаларының дамуы көпшілікке бірдей таныс емес. Алайда Қытайдың еркін экономикалық аудандарының тəжірибесі елімізге пайдасыз емес. Сондықтан сыр мəселеге тарихи тұрғыдан талдау жасауды жөн көріп отырмыз.

Тарихтан алып қарағанда, еркін экономикалық аудандар Қытайдан да бұрын көптеген мемлекеттерде құрылған, бірақ олар экономикалық модернизацияда   Қытай  секілді маңызды  рөл атқара алған жоқ. Тек Қытайдың еркін экономикалық аудандары ел экономикасының дамуында локомативті рөл атқарып отыр.

Қытайдың еркін экономикалық аудандар құрудағы басты мақсаты ұлттық өндірістің халықаралық бəсекелестік қуатын көтеру, елге инвестиция тартудың тиімді жолдарын ашу, экспортты жаңа жоғары техниканы өндіріске қосу арқылы жаңа өнімдердің саны мен сапасын арттыру, коммуналды-шаруашылық, құқықтық жəне қаржылық инфрақұрылмды дамыту болып табылады. Алайда Еркін экономикалық аудандардың өндірістік құрылымы əлемдік экономикалық жəне халықаралық рынок ахуалының өзгерісіне байланысты өзгеріп отырады.

Қытай экономикалық реформаны бастағанда, шетелдік капиталды тарту, сыртқы экономикалық саясаттың басым бағыты болды. Өйткені ол ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында валюта құны  импортталған  қажетті  техника мен технологиялар, шикізат пен материалдар үшін өскен жағдайда, импорттық  қажеттілік  пен экспорттық мүмкіншілік арасындағы қайшылықтарды шешу үшін тиімді жол болды. Сондықтан Қытай, алдымен, шетел инвестициясын тартуға қолайлы жағдайлар жасады. Еркін экономикалық аудандарға енетін порттарға салықтық жəне кедендік жеңілдіктер берді, сол арқылы елге жеңілдетілген жолмен инвестицияларды теңіз жағалауындағы аймақтарға əкеліп, онда бірлескен кəсіпорындар құруға үлкен мүмкіндіктер жасады. Бұл бірлескен кəсіпорындар алғашқы кезеңде көбіне өнеркəсіп, қызмет көрсету, туризм, қонақжай салаларында дамыды.

Қытайдың еркін экономикалық аудандары, алдымен, теңіз жағасына жайласқан Гуандун, Фуцзянь провинцияларда ашылғандықтан, шетелдермен бірлескен кəсіпорындар осы провинцияларда шоғырланды. Қытайға, алдымен, инвестиция салушылар шетелдерде өмір сүріп жатқан Хуацияо – қытай диаспорасы болды. Олардың ішінде Гонконг, Макао, Тайваньда тұратын  қытайлықтар  белсенділік  танытты.

Бірақ шаруашылық жүргізудегі экономикалық өнімділіктің төмен болуы (экспорттың аз болуы, валюта табысының дефициті, тар шеңбердегі өндірістік емес саланың көбейіп кетуі, шетелдермен ынтымақтастықтардың қысқа мерзімге жасалуы, т.б.) үкімет тарабынан реттеуді қажет етті.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының ортасында мемлекетте шетелдік инвестицияларды реттеу күшейді, салалық, технологиялық жəне территориялды құрылымдарына қарай таңдамалы шектеулер орнатуға немесе жеңілдетуге қадамдар жасалды. Ұлттық заңнаманы əлемдік тəжірибеге бейімдеу үдерісін бастады. Нəтижесінде 80-жылдардың екінші жартысынан бастап ҚХРда инвестициялық климаттың либеризациясы қалыптасып, мемлекеттің сыртқы ресурстарын өсірудің сапалық сипатына қарай шетелдік капитал құюды көтермелеудің көпжақты жүйесіне көшу жүзеге асты. Осы кездегі салынған еркін порттардың екіден үші өндіріс саласына келді (автомобиль шығару, мұнайды өндіру, көмір өндіру, тұрмыс техникасын жасау), бірлескен өндірістер жеке кəсіпорындар түріне өзгерді, олардың экспорттық бағыты күшейді, тайвандық капитал мемлекетке қарқынды ене бастады. 1989 жылғы жазғы Тяньаньмэнь оқиғасы жəне батыс мемлекеттерінің санкциясы бірлескен жəне кооперациялық кəсіпорындардың ашылуын азайтты, бірақ шетелдік кəсіпорындар саны көбейді, мұны валюталық тапшылық көріп жатқан мемлекет қолдады.

Еркін экономикалық аудандарға өз дамуында негізгі мынадай кезеңдерден өту қажет болды: [1] 1-ші кезең (10 жылға дейін). Оны құру жылдары     алғашқы инфрақұрылым салынады, шетелдік капиталды енгізу басталады (əсіресе бірлескен кəсіпорындарқұрумеханизміарқылы), шетелдік компаниялармен ынтымақтастық үшін құқықтық негіз жасалады;

2-ші кезең (8 жылға дейін). Еркін экономикалық аудандар негізінде шетелдік инвестицияларға сенетін өзінің өнімін шетелдік нарықтаөткізугетырысты. Экономикақұрылымы трансформацияға ұшырайды: жергілікті сауда үлесі, шағын ауыл шаруашылық жəне өнеркəсіптік өндіріс үлесі азаяды,  сыртқы  сауда  мен ірі өндірістің үлесі өседі. Соның ішінде, инвестицияның 50-60%-ын шетелдік капитал есебінде алу жəне экспортқа өндірген көлемінің кем дегенде 70%-ын жеткізу.

3-ші кезең. Еңбекті көп қажет ететін өндірістеналдыңғықатарлытехнологиянегізінде техникалық өндіріске өту. Қытайлық жəне батыстық экономистер есебімен Шеньчжень ауданы 90-жылға қарай дамудың бірінші кезеңінде қойған тапсырмаларын шешті.

ҚХР Мемлекеттік Кеңесінде еркін экономикалық аудандар бойынша арнайы канцелярия құрылды. Сонымен қатар осы уақыттарда 1980 жылы Бүкілқытайлық халық өкілдері кеңесінің XV сессиясында қабылдаған «Гуандунь провинциясындағы арнайы экономикалық аудандардағы ережеге» сəйкес жергілікті атқарушы органдарға өз аудандарындағы шетелдік кəсіпорындардағы шаруашылық қызметін бақылау құқығы берілді.

Еркін экономикалық аудандардың құқықтық базасын құруда үлкен жұмыс жүргізілді.  Ер-  кін аудандардың қызметтеріндегі көптеген аспектілерді жалпықытайлық заңдарға сəйкес реттеу қабылданды: 1979  жəне  1986  жылдары БХӨК қабылдаған ҚХР территориясындағы бірлескен кəсіпорындарға жəне шетелдік кəсіпорындарға байланысты заңдар.

Өз аймағының спецификасын жақсы білетін жергілікті атқарушы органдарға мына мəселелерді талқылау мен бекітудің құқығы берілді: еңбек жəне еңбекақы туралы ережеге, кəсіпорындарды тіркеу тəртібі, жер учаскелерін қолдану жəне олар үшін төлеу құны, контрактілер жасау шарты; кіру, шығу ережелері.

Қытайдағы еркін экономикалық заңның қабылданған ресми мерзімін 1980 жылдың тамыз айы деп санайды. Қытайдың еркін экономикалық аймақтарының дамуын тарихи жағынан бірнеше кезеңге бөлуге болады.

1980 жылдың тамызына дейін мемлекет еркін экономикалық аудандар құруға жəне оның құрылымының ерекшелігіне қарай бірінші кезең белгісіздікпен сипатталады.

1980 жылдың 26 тамызында Бүкілхалықтық кеңес  Гуандунь  провинциясындағы   еркін сауда аудандарына байланысты ережелер шығарғаннан кейін екінші кезең басталды. Бұл кезең нақты еркін экономикалық аудандардың территорияларын белгілеумен  сипатталды.  Осы ережеге сəйкес Қытайдың Гуаньдунь провинциясындағы үш қаласында арнайы аудан-  дар   бекітілді:   Шеньчжень,   Чжухай, Шаньтоу.

«Шеньчжень» еркін экономикалық ауданы Шеньчжень қаласының оңтүстік аймағында жəне Гонконгқа жақын жерде орналасты. «Чжухай» еркін экономикалық ауданы Чжухай қаласында Аомын (Макао) қасында орналасты. «Шаньтоу» еркін экономикалық ауданы Шаньтоу қаласының өнеркəсіп өндіретін Лунху ауданында орналасты.   Осы  уақытта  Фунзянь   провинциясында «Сямынь» еркін экономикалық ауданы Сямынь қаласының Лунху өнеркəсіп өндіретін ауданында құрылып жатты. Кейінірек еркін экономикалық аудандар саны жəне территориясы əлдеқайда ұлғайды.

Сонымен қатар 1988 жылдың сəуір айында 14 теңіз жағалауындағы қалаларды «ашық» деп жариялады, олар техника-экономикалық даму аудандары деп аталды. Бұл қалалардың ішіне Қытайдың барлық ірі қалалары кірді: Далянь, Циньхуандао, Тяньцзынь, Янтай,  Цинтдао  жəне т.б. Бұл жерлерде мыңдаған бірлескен кəсіпорындар бар, ал тартылған капитал көлемі бірнеше ондаған миллион АҚШ долларына жетеді.

1988  жылы  ресми  түрде  Хайнань  ара-  лын провинцияға өзгертуін жəне бұл жерде мемлекеттегі ең үлкен еркін экономикалық ауданын құру туралы жариялады. Мемлекет басшыларының айтуынша, бұл ауданда басқа аудандарға қарағанда шетелдік бизнеске кеңірек саясат ұстанады.

Қытайдың еркін экономикалық аудандарының құру кезеңдерін қарап отырсақ, біртебірте еркін экономикалық аудандар үшін берілген территория көлемі жəне  шетелдік  капитал үшін «ашықтығы» арта береді. Алғашында, соғылған еркін экономикалық аудандар енді арнайы экономикалық аудандарға көшеді, олар мемлекеттің оңтүстік шығыс жағалауында саны жағынан бесеуге жеткен: Гуандунь провинциясында Шеньчжень, көлемі  –  327,5  шар-  шы шақырым, Гуандунь провинциясындағы Чжухай, көлемі – 52,6 шаршы шақырым, Фуцзянь провинциясындағы Шаньтоу 121 шаршы шақырым, Хайнань провинциясындағы Хайнань – 3400 шаршы шақырым, көлемімен анықталады. 1985 жылдан бастап атап айтып кеткен аудандармен қатар Янцзы жəне Чжуцзян өзендерінің жағалауларында басқа да еркін аудандар салына бастады.

1990 жылдан бастап шетел капиталын игеруге Қытайдың жаңа территориялары ашыла бастады: Пудун ауданы, Шанхай жəне басқа Янцзы жағалауындағы қалалар. Бұл үдеріс Шанхайдың əлемдегі бизнес, қаржы жəне сауда орталықтарының біріне айналуына жол ашты, өйткені Шанхайда шетелдік инвесторларға қаржылық компаниялар, əмбебап дүкендерін, фондтық биржалар ашуға жəне акциялар жариялауға құқықтық негіз жасалған.

Сонымен қатар 1990 жылдан бастап Қытайда бажсыз аудандар құрыла бастады. Мұндай аудандарда ерекше жеңілдетілген кедендік саясат жүргізіледі жəне кедендік бақылау мен басқарудың еркеше түрі қолданылды. Жалпы мұндай бажсыз 13 аудан құрылды.

1992 жылдан бастап 13 шекаралық қала əлемдік «ашық» статусқа ие болды, яғни олар  өз территориясында шекаралық экономикалық ынтымастыққа арнайы  аудандар  құра  алады,  ол жерлерде теңіз жағалауындағы аудандарда құрылған  жеңілдетілген саясат қолданылады.

Шекаралық қалалардың географиялық орналасуы көршілес мемлекеттермен ынтымақтасуға жол ашады. Қазіргі кезде  Қытай  үкіметі  шекаралық  сауданы  қатты  қолдайды, жəне шекаралық қалаларда инфрақұрылым шекаралық сауданы жүргізуге қолайлы дамытылған.

Қытайда шетелдік капиталды тартудың барлық формалары қолданылады: 100% шетелдік капиталы бар бірлескен кəсіпорындар құруға, кооперация, шикізатты қайта өңдеу, сауда, жартылай дайын өнімнен дайын өнім шығару, қарыздар беру, оның ішінде облигация жəне акция арқылы алынады. Мысалы, «Сямынь» еркін экономикалық ауданға (1987 жыл) шет елдің азаматтарына қытайлық кəсіпорындарды сатып алуға рұқсат етілді, бірақ шетелдік инвестордың акция үлесі 25%-дан кем болмау керек, ал максималды үлесі шексіз бола береді [2].

Əдетте инвестицияларды тіркеу еркін экономикалық аудандардың əкімшілігі арқылы немесе осы əкімшіліктердегі салалық компаниялар арқылы жүреді. Шетелдік инвестор инвестиция мақсаты, көлемі, сипаты, инфрақұрылымдық талапатарға жəне басқа да мəліметтер береді. Еркін экономикалық ауданның əкімшілігі  аса ірі объектілерден басқа объектілер бойынша шешімді өзі қабылдайды. Егер жоба қабылданса, онда инвестормен контракт жасалады жəне инвесторға лицензия мен сертификат беріледі.

Еркін экономикалық аудандардағы шетелдік инвесторларға берілген жеңілдіктер жүйесі айтарлықтай тиімді жасалған. Кіріс салығы кəсіпкерлер үшін 15%, ал республика ішінде 55% құрады. Егер кəсіпкер келісімшартты 10 жылдан көп мерзімге жасаса, оған пайда түскеннен кейінгі бірінші екі жыл салықсыз, үшінші жыл 50% жеңілдікпен кіріс салығын төлейді. Үш жылдық кезең өткеннен кейін егер кəсіпкер өнімнің 70%-ын экспортқа жіберетін болса, онда 10% кіріс салығынан жеңілдік береді (немесе алдыңғы қатарлы технологияны қолданса 50% үш жылға жеңілдік береді). Еркін экономикалық аудандарда жоғарғы технологиялық жəне импортты алмастыратын өнімді қолданылатын бірлескен кəсіпорындарда салық көлемі 10%дан  15%-ға  дейін құрайды.

Еркін экономикалық аудандардағы өнеркəсіптер үшін импорттайтын мынадай өнімдер салықтан босатылады: өндіретін, кеңсе жабдықтары, шетелдік қызметкерлер үшін транспорт, электроқұралдар, шетел қызметкерлер қолданылатын күнделікті тауарлар. Бірыңғай экспорттық сауда-өнеркəсіптік салықтан мемлекет территориясында қолданылатын экспорттық өнім босатылады (бұның ішіне мұнай, бензин жəне т.б мемлекет бекітілген тауарлар кірмейді). Сонымен қатар шетелдік салымшылар еркін экономикалық аудандарда өз табысынан қайта инвестиция құюға мүмкіншілік бар. Жергілікті əкімшілік шешімімен оларға қайта инвестиция құю үшін төлеген кіріс салығының бір бөлігін қайтару құқы бар.

Еңбек төлемін реттеу еркін экономикалық аудандардың əкімшілігімен реттеледі, бұл аудандарда жалданған жұмысшылардың еңбекақысы Гонконгтен басқа Қытай территориясындағы жалақы көлемінен жоғары болу керек. Қытайлық жұмысшы еңбекақысын кытайлық юаньмен немесе шетелдік валютамен алу құқығы бар.

Шетелдік  инвестицияны  қорғау  Қытай заңнамасымен бекітілген. Сонымен қатар сақтандыру компаниялары шетелдік инвестицияны сақтандыруда «саяси рискілерден» де қорғайды. Қытайдағы еркін экономикалық аудандарды құру үдерісі 13 бажсыз аудан, 32 техникалық даму ауданы, 52 жаңа жəне жоғары технологиялық аудандарын құруға əкелді  жəне бұл үдеріс жалғасуда.

Еркін экономикалық аудандар дамуындағы қолайлы жағдайлардың бірі болып хуацяолардың ірі бос капиталдарына Гонконгте, Макаода,Тайваньдағы жəне тағы басқа Оңтүстік Азия мемлекеттеріне бағыт ұстанғанын айтып кеткен жөн.

Еркін экономикалық аудандарды дамытатын күші ретінде шаруашылық жүргізуде нарықтық реттеу принциптері қолданылды, экономикалық мəселелерді шешуде жергілікті əкімшіліктерінің тəуелсіздігін,  басқарудың  икемді  жүйесін  атап айтуға болады. Шетелдік капиталды тар-  ту курсы жеңілдетілген салық жəне кеден саясатын ұстанумен ұштасты. Сонымен қатар еркін экономикалық аудандарды құрудың алғашқы кезеңінде мемлекет қолдауын, əсіресе инфрақұрылымды салу үшін жақсы жұмыс жасалды.

Еркін экономикалық аудандарда өзінше даму механизмі жасалды. Еркін экономикалық аудандар жөніндегі əкімшілік ҚХР Мемлекеттік кеңесінің аудандарды əкімшілік басқаруды жүргізді жəне аудандарға байланысты саясатты қадағалап, реттеп отырды.

Қытайдың сыртқы экономикалық саяса-  тын жүзеге асыруға арналған маңызды қадам 1988 жылы жарияланған теңіз жағалауындағы қалалардың экономикасын жедел даму стратегиясы болып табылады. Бұл аудандарда сыртқа бағытталған экономиканы құру жобасы əлемдегі өнеркəсіп дамыған елдерден жұмыс күшін дамушы жəне арзан жұмыс күші бар мемлекеттерге өту тенденциясымен ұштас келген [3].

1984 жылы 14-ші қалаға ашық теңіз жағалауындағы қала статусы берілді, ол жерлерде техника-экономикалық даму ауданы құрылды (қазіргі кезде саны 32-ге жетті). 1980 жылдардың екінші жартысында Янцзы өзенінің жағалауында ашық экономикалық аудандар құрылды, Фудзянь, Шаньдунь жəне Ляодун жерлерінде де мұндай аудандар құрылып, «теңіз жағалаулық ашық белдеуін» құрды. Еркін экономикалық аудандардың потенциалды əржақты жəне максималды түрде қолдану бағытталды.

Шаруашылық кешенін реттеудегі макроэкономикалық шаралар екінші орынға жылжытылды. Дегенмен, мемлекет саясатында еркін экономикалық аудандарды дамыту саясатынан бас тартылған жоқ, тек оның қарқын ала беруін бəсеңдетті.

Қытай басшыларының ашық экономикалық аудандарды   дамытуға   байланысты   жаңа тəсілі шетелдік инвестиция үшін қолайлы жағдайларды   сақтап,   өзін-өзі қаржыландыру жəне мемлекет табысына да үлес қосу болды. Аудандардың кейінгі инфрақұрылымдарын дамытуы, тек өздерінің ішкі ресурстарына, банктік несиелерге, шетелдік инвестицияға сүйеніп жүргізілді. Инвестициялық саясаттануды реттеуде басымдылық тиімді техника жəне ғылыми жобаларға бағытталу қажеттілігі туындады.

Еркін экономикалық аудандарға байланысты  Қытай  мемлекет  басшылары,  енді жаңа жеңілдіктер алмайды, бірақ экономика дамуының жəне реформалардың локомативі болып қалады деп шешті.

Еркін экономикалық аудандардағы мəселелер Қытайдың барлық аймағына шетелдік капиталды қолдануымен туындайтын мəселелермен ұқсас болды. Капиталды тарту принципі мынадай: алғашында, шетелдік инвесторлар капиталдары тез ақталатын салаларға жұмсайды (туризм, қызмет көрсету саласы, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі). Содан қолайлы жағдайлар орнақталғаннан кейін (шаруашылық меха-  низм, инфрақұрылым, құқықтық база, саяси жəне əлеуметтік жағдай) шетелдік əріптестер технологиялық қиын өндіріске ақша құюға дайын. Сондықтан еркін экономикалық аудандардың шығын мен табыс балансын реттеу үшін онжылдық қажет етті.

Арнайы экономикалық аудандар барлық сипаты жағынан капитализмге тəн болғанымен, ҚХР-дың экс-төрайымының айтуындай «Капитализм» емес «социализм» деп аталады. 1992 жылы қытайлық реформалардың «архитекторы» Дэн Сяопин нарықтық механизмді социализмде де, капитализмде де табысты жүргізуге болады. Социализмнің негізгі белгісі жоспар емес, өндірістік күшті дамыту, егер нарық оған ашық болса, ол социализмге қарсы келмейді.  Жоспар да, нарық та экономикалық реттеудің тəсілі, нарықтық экономика социализмге де тəн екенін тəжірибе көрсетті.

Арнайы экономикалық аудандарға қатаң жоспар қойылмайды, қаржыны олар дербес жұмсайды, жергілікті деңгейде көптеген салық түрі таралмайды. Еркін экономикалық аудандарды құру жаңа жұмыс орындары құрылу арқылы жұмыссыздықты азайтты. Сонымен қатар  қытай мамандарының жəне жұмысшыларының біліктілігін арттыруға мүмкіндік туды, олар тек жаңа мамандықтарды игеріп қоймай, нарықтық экономика жағдайында тəжірибелік жұмысқа машықтануға мүмкіндік жасады.

Еркін экономикалық аудандар жаңа жоғары технологиялық өндірісін игеру жəне дамыту арқылы салалық құрылымдарды дамытуға жол ашты. Еркін экономикалық аудандар жəне басқа аймақтар арасындағы бəсеке жалпы ҚХР экономикасын тиімді дамытты, еңбек өнімділігін артырып, тауар сапасын жақсартуды қамтамасыз етті. Еркін экономикалық аудандар нарықтық шаруашылық принциптері ұштасып, бүкіл қытай экономикасының қарқынды дамуына локамативтік рөл атқарып келеді.

 

Əдебиеттер

 

  1. Ли Цзи Шен, Казаринова О.В. Экономические реформы в Китае. –  М.,    –  С. 98-105.
  2. Каргабаева С. Особенности и специфика развития специальных экономических зон // Финансы Казахстана. – 2010. – №4. – С.15-17.
  3. Экономическая теория национальной экономики и мирового хозяйства. Изд. 2-е, перераб. и доп. – М., 2000. – С.245-248.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.