Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қытай Халық Республикасының Африкадағы сыртқы саясатының концептуалды негіздері

Қытай Халық Республикасының (ҚХР) басшысы Мао Цзедун кезінде Қытайдың əлемдік орны туралы «Қытай қашан да үшінші əлемге жатады, сондықтан бұл біздің сыртқы саясатымыздың негізі. Біз үшінші əлемге мəңгі тəн екенімізді айттық, себебі  қазір  Қытай  өзінің кедейлігімен үшінші əлем елдеріне тəн жəне олармен бірдей тағдыр кешеді.  Соны-  мен қатар Қытай дамып мықты  елге  айналса да, бұрынғыша үшінші əлем елдері болып қала береді. Қытай ешқашан гегемонияға бармайды, ешқашан ешкімді кемсітпейді жəне қашан да үшінші əлем елдері жағында болады» [1] деген сөзі – Қытайдың сыртқы саясат қағидасы болып белгіленген еді. Қазіргі таңда Қытайдың экономикалық  жағдайы   өзгеріп,   жаһандық ірі державалар қатарына қосылды. Бірақ олар өздерін «үшінші əлем» еліміз, дамушы елміз деген ұстанымынан өзгерген жоқ. Сондықтан болар, олар жаңа ғасырда Азия, Африка жəне Латын Америкасы елдерінің негізгі серіктес мемлекеттерінің біріне айналды.

ҚХР сыртқы саяси концепциясында Оңтүстік-Оңтүстік линиясы бойынша ынтымақтастық орнатуға үлкен назар аударады. Өйткені оның негізі – Цзян Цзэминь жариялаған концепцияда: «Қытай – бұл дамушы ел» – деп жазылған, Цзян Цзэминь өзінің «Цзян Цзэминь: қытайлық ерекшеліктегі социализм жөнінде» деген кітабында: «Үшінші əлем елдерімен ынтымақтастық пен топтасуды нығайту – бұл біздің еліміздің сыртқы саясатының іргетасы; Қытай əрқашан дамушы елдерге өз егемендіктері мен тəуелсіздіктерін игеруде көмек көрсетеді жəне экономика мен мəдениет саласында өзара алмасуларды дамытады» [2] деп көрсетеді.

Африка елдері ірі экологиялық, биогенетикалық əлеуетке ие. Африкалық экваторлық ормандар жер бетінде (ресейлік жəне латын америкалықтардан кейін) үштен бір бөлігін құрайды. Дүниежүзілік Банк сарапшыларының айтуынша, биогенетикалық ресурстардың 70%-ы Африкада орналасқан. Осының өзі Қытайдың қызығушылығын тудыруы сөзсіз.

Жаһандық үдерістердің дамуында, көптеген сарапшылардың    ойынша,    əлемдік    даму-   да да африкалық фактор ықпалы өсе бермек. Құрлықтағы экологиялық, су, биогенетикалық жəне шикізат ресурстарын бақылауға деген талас жүріп жатыр. Қытай да осы үдерісте өте белсенді күрес жүргізуде [3].

ҚХР-дың Африкадағы саясатының,  яғни екі жақты қатынастарының тарихы ертеден басталған. Бірақ ҚХР құрылғаннан кейінгі екі жақты қатынастар өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастау алады [4].

1949 жылы 1 қазанда ҚХР құрылғаннан кейін, ҚХР үкіметін алдымен таныған да жəне дипломатиялық қатынас орнатқан да КСРО бастаған социалистік мемлекеттер болды. Олардың дипломатиялық қатынастары достық сипаттағы ынтымақтастық, одақтастық негізде дамыды [5].

ХХ ғасырдың 50-70 жылдары қытай-африка қатынастарының орнауы мен даму кезеңі болды. Ол кезде қытай-африка елдерінің екі жақтылы қатынастары  өзара  мүдде,  серіктестік,  сауда, əсіресе энергетика жəне шикізат ресурстарына негізделген колониализм мен неоимпериализмнің араласқан идеологиялық сипатында болды [6]. 1955 жылғы Африка жəне Азия мемлекеттерінің Бандунг конференциясына дейін, империализм жəне колониализмге қарсы күресте, қытай-африка партия жетекшілері мен халықтардың арасында белгілі байланыстар болды. Бірақ олардың арасында ақпарат алмасу аз болғандықтан, екі жақты үкіметаралық байланыстар орнатылмады [5, 36-б].

Өткен ғасырдың 50-жылдарының соңынан 60-жылдардың соңында Қытай Гвинеямен, Ганамен, Малимен, Конгомен жəне Танзаниямен достық туралы шартқа, экономикалық жəне техникалық салада ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Қытай оңтүстік-африкалық халықтардың тəуелсіздік үшін қарулы күресіне қолдау көрсетті, сонымен қатар Ангола, Гвинея-Бисау, Мозамбик, Зимбабе жəне Намибия сияқты елдердегі расизммен күресті қолдады. Осы кезеңде Қытай үкіметі Бирма, Непал, Моңғолия, Ауғанстанмен ескі шекараларды анықтаған келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар Пəкістанмен де мемлекеттік шекара келісіміне қол қойылды, Индонезиядағы қытай эмигранттарының қос азаматтық мəселесін де шешті. Сонымен Қытайдың Азия жəне Африка елдері арасындағы халықаралық қатынастары біршама дами түсті.

Мао кезінде  африкалық  континент  Қытай үшін үлкен маңызға ие болды. Пекин халықаралық қатынастардағы дамушы елдердің өсіп келе жатқан рөлін түсіне отырып, алғашқы кездегі «бір жаққа бағытталған» сыртқы саясатын  өзгертті.  Мао  Цзэдун  Замбияның  бірінші президенті Кеннет Каундпен кездескенде «үш əлем» теориясын ортаға қойды. АҚШ пен Кеңес Одағын ол «бірінші əлем» елдеріне, Жапония мен Канаданы жəне Еуропа елдерін «екінші əлем» елдеріне жатқызды. Ал Қытайды жəне басқа да дамушы елдерді «үшінші əлем» деп санады. Міне, осы концепция арқылы Қытай Африканың көптеген елдерімен дипломатиялық қатынастарында «жылжу» жасады. Африка жəне Азияның деколонизациялануынан кейін Қытай дамушы əлемнің потенциалды көшбасшысы, досы болуға талпынды.  Өзінің  бір  сөзінде  Мао «Африка – империализммен күресуде маңызды актор» деген болатын жəне сонымен қатар Қытай континентке «ұзаққа созылған қақтығысқа» көмектесуге дайын екендігін білдірген еді. 1955 жылғы Бандунг конференциясы Азия жəне Африка елдерінің өзара түсіністік пен байланыстар орнатуына дəнекер болды. Сонымен, Қытай көптеген Азия жəне Африка елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Қытайдың дипломатиялық принциптері дамытылып Премьер Чжоу Эньлайдың көтерген дипломатиялық «Бес принципі» Үндістан үкіметінің қолдауымен қалыптасты. Қытайдың сыртқы саясатында Бандунгтік конференцияның «рухы» басшылыққа алынды [6, 2-б.].

1956 жылы Қытай алғаш рет солтүстік африкалық мемлекет Египетпен дипломатиялық қатынас  орнатты.  Осы  жылы  Қытай  əлемнің 25 елімен дипломатиялық қатынас орнатты. Одан кейін ондаған африка мемлекетімен, атап айтқанда, Марокко, Судан, Алжир, Гвинея, Гана, Мали, Сомали, Уганда, Танзания жəне Кениямен қатынас орнатты. 1960 жылдың қыркүйек айында Гвинея президенті Ахмед Секу Туре Қытайға сапар шеккен алғашқы африкалық басшы болды. Сонымен қатар 1961 жылы тамыз айында Гана президенті Кваме Нкрума ресми сапармен Пекинге барды.

Содан кейін қытай-африка қатынастары жаңа кезеңге  қадам  басты,  яғни  бұрынғы  жеке тұлғалар мен партиялар арасындағы қатынастан мемлекетаралық қатынасқа көшті. 60-жылдардың басында қытай-африка қатынастарын нығайтуда екі маңызды фактор себеп болды. Біріншіден, 1963 жылдың желтоқсанынан бастап, 1964 жылдың ақпанына дейін сол кездегі Қытай премьер-министрі Чжоу Эньлай қытайафрика қатынастарын нығайту мақсатында Африкаға үш рет  сапар  шегіп,11 африкалық мемлекетке барды [5, 37-б.]. Ол сапар барысында Қытай мен Араб жəне Африка елдері арасындағы дипломатиялық қатынастарды дамытудың «бес қағидасын» ұсынды:

  • ұлттық тəуелсіздікті алу мен сақтау үшін империалистер, колониалистер жəне неоколониалистерге қарсы күресте барлық Африка жəне Араб елдеріне қолдау көрсету;
  • Африка жəне Араб елдері үкіметтері жүргізіп отырған бейтараптық, ешкімге қосылмау, бейбітшілік саясатын қолдау;
  • Африка жəне Араб елдерінің өздері таңдаған бірыңғай əрекет пен ынтымақтастыққа ұмтылысына қолдау көрсету;
  • Африка жəне Араб елдеріне қарамақайшылықтарды бейбіт келіссөздер жолымен реттеулеріне қолдау көрсету;
  • Басқа мемлекеттерден Африка жəне Араб елдерінің егемендігін сақтауды талап ету жəне агрессия мен басқа да шетел араласуларына қарсы күресу [3, 279-б.].

1964 жылы қаңтарда Ганада Чжоу Эньлай Африка елдеріне қатысты, Қытайдың экономикалық жəне техникалық көмегінің 8 қағидасын ұсынды:

  • тең құқылық жəне өзара пайда жеткізу;
  • егемендікке құрмет көрсету мен ешқандай шартсыз жəне артықшылықсыз көмек көрсету;
  • пайызсыз несие немесе төмен пайыздық несие беру, қажет болған жағдайда несиені қайтару мерзімін ұзарту;
  • көмек берудегі мақсат ҚХР-ға тəуелді жағдайға жеткізу емес, біртіндеп тəуелсіз экономикалық даму жолына жүруге көмектесу болып табылады;
  • арзан бірақ тиімді объектілер құрылысы;
  • əлемдік нарық бағасына негізделген, келісілген баға бойынша сапалы қытайлық өндіріс жабдықтарын тасымалдау;
  • қабылдаушы ел персоналын техникамен қамтамасыз ету;
  • көмек қабылдаушы ел персоналы мен қытайлық мамандардың еңбек ақыларының теңдігі [7].

Осы қағидалар қытай-африка елдері арасындағы қатынастарының саяси жəне экономикалық тірегі болды.

Екінші маңызды фактор – 1964 жылы Қытай Халық Республикасын Францияның мойындауы, Африкада француз тілдес елдермен байланыс орнатуға   жол   ашты.  Осылайша, 60-жылдары ҚХР тағы да 14 африкалық елмен қатынас орнатты, жалпы саны 19 мемлекетті құрады.

Осы кезеңде Қытай үкіметі мен халқы Африка халқына деген үлкен қызығушылығын білдіріп, тəуелсіздіктеріне жету мен оны сақтаудағы күресіне мықты моральдық жəне материалдық қолдау көрсетіп тұрды.

Африка Теңдік Ұйымының азат ету комитетінің мəліметтеріне сүйенсек, 1971-1972 жылдары Оңтүстік Африка елдеріне (ОАЕ) көрсетілген əскери көмектің 75 пайызы  Кытай тарапынан болған екен. Сол  кезде  Аф-  рика елдері Қытайды сенімді досы ретінде қарап, халықаралық аренада бірлескен тығыз ынтымақтастық қатынаста болды.  Қытай «Мəдени революцияның» соңғы жылдарындағы қаржы тапшылығына ресурстардың қарамастан, ең амбициозды жобаларының бірі ТАЗАРА (Танзания-Замбия) теміржол құрылысын 500$ млн қаржы жұмсап, 1976 жылы  бітіруі  бол-  ды. Сонымен қатар Қытай Тропикалық Африка елдеріне медициналық көмек жəне несиелер беріп, аймақтағы түрлі азат ету қозғалыстарын қаржыландырып отырды. Қырғи-қабақ соғыс кезінде  Қытай  Африкадағы   партизандық  жəне азат ету қозғалыстарына, соның ішінде Алжир, Ангола, Конго, Мозамбик секілді мемлекеттердегі қарулы топтарға əскери көмек көрсетті.

1971 жылғы 25 қазанда БҰҰ №2758 резолюциясы қабылданған, ҚХР «БҰҰ-дағы заңды құқығын қалпына келтіру» оқиғасы –  ҚХР-  дың континенттегі жəне бүкіл əлемдегі беделін өсірді. Африка елдері  Қытайға  БҰҰ-дағы заңды орнының қалпына келуіне үлкен қолдау көрсетті. БҰҰ-да жиналған мүшелердің 76 дауысының 26 дауысы Африка елдерінен болды. Сондықтан Мао Цзедун: «...тек Африкалық достарымыз бізді БҰҰ-ға кіргізді» деп айтқан болатын. Өткен ғасырдың 70-жылдары ҚХРдың Африка мемлекеттерімен дипломатиялық қатынастар орнатқан елдерінің жалпы 44 мемлекетке жетті. Ал 80-жылдардың соңында ҚХР Африка елдерінің басым бөлігімен, яғни 51 тəуелсіз мемлекеттің 47 елімен қатынас орнатты. Осыған орай Эфиопия, Сомали, Ангола, Мозамбик жəне Мадагаскармен қатынастары жақсара түссе, Танзания, Замбия, Заир, Габон, Бенин, Мали, Гана жəне Гвинеямен ынтымақтастығы қарқындай түсті.

ХХ  ғасырдың  90-жылдары  ҚХР  Африкаға бағыттаған сыртқы саясатын белсенді жүргізе бастады. Африка елдеріне жоғары деңгейдегі сапарлары жиіледі. 1992 жылы шілде айындағы Қытай президенті Ян Шанкун сапарында Қытай мен Африка елдері қатынастарын анықтайтын 6 жаңа қағида қабылданды:

  1. Қытай Африка елдерін мемлекеттік егемендік жəне тəуелсіздікті сақтау, сыртқы қолсұғумен күрес жүргізу жəне экономиканы дамыту істеріне қолдау көрсетеді.
  2. Қытай Африка елдерінің таңдалған саяси жүйесін жəне олардың ұлттық жағдайына байланысты даму жолын құрметтейді.
  3. Қытай Африка елдерінің африкалық ынтымақтастықты жүргізу мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге деген талпыныстарына қолдау көрсетеді.
  4. Қытай АБҰ-да (Африка бірлік ұйымы, 2002 жылдан бастап Африкалық Ұйым) африка құрлығындағы тұрақтылықты сақтау жəне экономикалық интеграция табысына жетуге күш салуын жоғары бағалайды.
  5. Қытай африкалық елдердің халықаралық істерде халықаралық қауымдастық пен əлемдік экономикалық, саяси тəртіп орнатуға, толық қанды мүше ретінде қатысуға бағытталған күш салуын қолдайды.
  6. Қытай африкалық елдермен достық байланыстарды жəне экономикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын.

1995 жылы ҚХР-дың Африка елдерімен экономикалық ынтымақтастықтың басымдықтарын қайта қарау мақсатында Қытайдың Африка елдеріндегі елшілерінің арнайы мəжілісі өтті.

Осы кезеңде тəуелсіздіктерін жариялай салысымен Намибия мен Эритрея ҚХР-мен дипломатиялық қатынас орнатты. Сонымен қатар Оңтүстік Африка Республикасымен қатынас орнап, Орталық Африка Республикасымен жəне Гвинея-Биссаумен қатынастары қайта басталды. Алайда Тайванмен дипломатиялық қатынас орнатқан 6 мемлекетпен, яғни Буркино Фасо, Гамбия, Сенегал, Сан-Томе жəне Принсипи, Чад жəне Либериямен қатынастары үзілді. Сонымен, ҚХР 90-жылдардың соңында 53 африкалық мемлекеттің 45 мемлекетімен дипломатиялық қатынастарын жалғастырды [8].

1996 жылы Цзян Цзэминь африкалық мемлекеттермен достық қатынастарға қол жеткізу мəселесі   бойынша   бірнеше   ұсыныстар жасады. Біріншіден, шынайы болу, екіншіден, бірбіріне тең құқықты қатынаста болу, үшіншіден, бір-бірінің пайдалары мен мүдделерін өзара құрметтеу, төртіншіден, халықаралық істерде тығыз ынтымақтасып, консультацияларды дамыту, бесіншіден, болашақта да жақсырақ əлем қалыптастыру [2, 284-б.].

ҚХР-дың африкалық елдермен дипломатиялық қатынас орнатуы бүгінгі күнге дейін жүріп жатыр. Мысалы, ҚХР 2003 жылы 11 ақпанда Либериямен дипломатиялық қатынасын қайта қалпына келтірді. Сонымен, Қытай Африкадағы 53 мемлекеттің тек 7 елімен ғана дипломатиялық қатынас орнатпады [8, 41-б.].

Қытай басшылығының төртінші ұрпағының билікке  келуімен  Африкадағы  Қытай  саясаты негіздемесіне жаңа қадам жасалды. 2005 жылы Джакартада Азия жəне Африка елдерінің саммитінде жəне Бандунг конференциясының  50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста  ҚХР-дың  төрағасы  Ху   Цзиньтао  алғаш рет «гармониялық əлем» құру идеясын пайымдады. Ол: «Азия жəне Африка елдері түрлі өркениеттер бейбіт өмір сүретін, тең құқылы диалог, ортақ даму жəне жандану үдерісі іске асырылатын гармониялық əлемді бірлесіп  құру  идеясын алға жылжыту қажет» деген болатын [7, 91-б.]. Бұл идеяның қайнар көзі Конфуций, Мэнцзы жəне басқа да ежелгі Қытай ойшылдарының ілімдерінен бастау алады. 2006 жылы Ху Цзиньтао Сауд Арабиясына жасаған сапары кезінде гармониялық əлем құруға қатысты ойларын ұсынды:

  1. Бүкіл əлем елдерінің гармониялық өмір сүруін іске асыру үшін күштерді біріктіру қажет. Əлемнің барлық елдері жалпы мойындалған халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын, яғни егемендік пен территориялық тұтастықты өзара құрметтеу, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, барлық елдер өзінің жеке əлеуметтік құрылымы мен даму жолын таңдау құқықтарын қорғау мен құрметтеу.
  2. Жаһандық экономиканың гармониялық түрде дамуын іске асыру үшін ортақ ат салы-  су қажет. Əлемнің барлық елдері тепе-теңдікке бағытталған əлемдік экономиканың дамуына əрекет жасау үшін тиімді шаралар қабылдауға баса назар аударулары, əлемдік экономиканың дамуындағы дисбаланс мəселелерін жеңілдету мен кедейлікті жоюға күш салу  қажет.  Əлемнің барлық елдері аймақтық жəне жаһандық экономикалық ынтымақтастыққа белсенді жағдай жасау қажет, жаһандық экономиканың дамуындағы пайда болған мəселелерді ортақ күш жұмсай отырып шешіп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.
  1. Əртүрлі адамзат өркениеттерінің гармониялық үдерісін іске асыру үшін күш салысу қажет. Əлемнің барлық елдері əртүрлі өркениеттер жарысы мен салыстыру  барысында бір-бірінен жағымды жақтарын үйрену үшін, əлемнің көп алуандылығын жəне даму моделінің əртүрлілігіне қолдау көрсетіп, тең дəрежеде диалог пен консультацияларды сақтап, ашықтық пен толеранттылық концепциясын дəріптеу қажет [9]. Осы  концепция  арқылы Қытай    өзінің əлемдегі жағымды  бейнесін   қалыптастыру істерін жүргізуде. Соның бірі өздерін африкалық елдерге жақсы қабылдату үшін, өздерінің дамушы елдермен «міндеттері мен тағдырларының ортақтастығын»   уағыздауда. Қытай басшыларының ойынша, бұрынғы уақытта Қытай жəне Африка елдері Батыс державаларынан қысым көрді жəне солардың себебінен экономикалары дами алмай қалды. Сондықтан Қытай мен Африка елдері арасында ортақтастық көп, ендеше африкалық мемлекеттер Батыс елдерімен  емес,   Қытаймен  достық  қатынастарда болғаны абзал.

Қытай африкалық елдерден түрлі мəселелер бойынша қолдау табу үшін, өзінің серіктестеріне көмек көрсетіп отыруға тырысып  келеді.  Қазіргі кезеңде Қытайдың Африкада көздегені экономикалық мүдде болып табылады. Қытай зерттеушілерінің ойынша, Қытай көп полюсті əлем құру жəне əлемдік істерде инициативаны өзіне алуға жағдай жасайтын даму сатысында тұр [10]. Сондықтан да Қытай үшін əлемдік аренада африкалық елдердің белсенді қолдауы өте қажет. Дегенмен саяси мүдделер де орын алады. Қытай сыртқы ықпалы мен ішкі құрылымы үшін жағымды халықаралық ортаны қалыптастыру мақсатында, əлемдік аренадағы серіктестері  мен одақтастары ортасын кеңейтуге мүдделі. Қытай-африка ынтымақтастығы екіжақты байланыстар дəрежесінде де, сонымен қатар халықаралық жаһандық (БҰҰ) жəне аймақтық ұйымдар (Африкалық Одақ, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы жəне т.б.)  шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.

Бұл жолда Қытай «қара жұмыспен» айналысуға қорықпайды. Ол елдердің басым бөлігі біршама дамыған жəне ұлттық бюджеті ірі қытайлық компаниялар бюджетінен аз болуы мүмкін санатқа жататын елдер болып табылады [11]. Алайда серіктес, мүше мемлекеттер арасында Нигерия секілді экономикасы дамушы ірі елдер де бар.

Қазіргі  таңда   Қытайдың  Африка елдерімен  өзара  қарым-қатынастарды   дамыту  концепциясындағы   əрқандай   елдің  ішкі  жанжалдарына,   ішкі   істеріне   араласпау принципі  маңызды  рөл  атқаруда.  Афри-  ка елдеріне Батыс елдері мен халықаралық қаржы құрылымдарының көмегіне қарағанда, қытайлық несиелер қосымша шартсыз беріледі. Қытайлықтар ешқашан көмектерін  демократия жəне адам құқықтарына байланыстырмайды. Қытай ынтымақтастықтың экономикалық аспектісіне үміт арта отырып,  Зимбабведегі адам құқығының бұзылуы сияқты мəселелерге көңіл аудармайды. Сондықтан Батыс елдеріне қарағанда, Қытаймен ынтымақтастықтың артықшылығы африкалықтарға айқын білінеді. Мəселен, қытайлық зерттеуші – африкалық Лю Хун’у: «Батыспен басқарылған, əлемдік жүйеде маргинал ретінде саналған Африка қытайлық дипломатияда ортақ орынға ие. Қытай-африка қатынастары Қытайдың сыртқы əлеммен қатынас жүйесіне көмектескен тірек нүктесі болды, олар Қытайдың халықаралық мəртебесін көтеру мен дипломатиялық ортасын жақсартуда орны толмас рөл атқарады» [7, 111-б.], – деп санайды. Осындай саясат африкалық ортада жағымды пікірге ие. «Менде жақсы сезіну бар, себебі Қытай Батысқа қарағанда бізге əділетті қарайды» деп Судан Президенті Омар Башир журналистер алдында айтқаны соны көрсетеді [12]. Қытайда африкалық елдерге қатысты тек бір ғана шарт бар, яғни оның серіктестері «Бір Қытай» принципін қолдаса болғаны. Өйткені ол Қытайға Тайванның бірігуін жүзеге асыратын принцип болып табылады.

Қытай-африка қатынастарындағы бір ерекшелік – институализация (чжидухуа). Ол ынтымақтастықтың мақсаты мен бағыты бойынша Сыртқы істер министрлерінің жүйелі түрдегі консультация механизмі, оны қытай-африка ынтымақтастығы Форумының құрылуынан байқауға  болады  [7,  101-б.].   Қытай   Африка   елдерімен   қарым-қатынастарын нығайтып, аймақтағы ықпалын күшейтудің құралы  ретінде, «жұмсақ күш» (жуань шили) деп аталатын «материалдық емес, саяси идеалды» да қолдануда. Өйткені «жұмсақ күштің» өнімділігі зорлықты күштен əлде қайда басым болып келеді.

Қытайдың Африкаға бағыттаған саясатының жемісті болуы – қытай жəне африкалық мамандардың ғылыми зерттеулерінен бөле қарауға болмайды. Қытайда Африка мəселелерін зерттеумен айналысатын ғалымдардың саны соңғы уақытта қатты өсіп келеді. Цзян Цзэминь: «Соңғы жылдары мен Африканы зерттеуге зор маңыз берудің қажет екенін бірнеше рет қайталадым. ҚКП ОК мен Мемлекеттік Кеңес осы жұмысқа барынша қолдау көрсетуі керек» [7, 108-б.], – деген болатын. Содан болар, қазіргі кезеңде қытайлық африкалықтар Сыртқы істер министрлігіне консультация беріп отырады, Африка мəселелері бойынша халықаралық конференциялар ұйымдастырып, африкалық зерттеу институттарымен ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. Қытайдың түрлі университеттерінде, яғни  Нанкинь, Юньань, Шанхай педагогикалық жəне Сянтань университеттерінде Африканы зерттеу орталықтары құрылды. Осы орталықтардың зерттеушілері шетелдік басылымдарда Қытайдың сыртқы саясатын үгіттейтін мартериалдар жариялап, Қытайдың əлемдегі жағымды бейнесін қалыптастыруда белсенді жұмыс жасауда.

Осы арада, Африкадағы Қытай саясатын АҚШ жəне КСРО-ның Африкадағы саясатымен салыстырып қарайтын болcақ, олардың айырмашылығын айқын байқаймыз. Қытай КСРО ыдырағаннан кейін Африкада пайда болған бос кеңістікті толықтырды. АҚШ болса, XX ғасырдың 90-жылдарында өзінің басты назарын ТМД елдеріне аударды да, бұл аймаққа көп көңіл бөлмеді. Осы орайды Қытай дер кезінде пайдалана білді жəне зор табысқа қол жеткізді. Сонымен, Қытай Африка құрлығында АҚШ-пен де, Батыс елдерімен де бəсекелестік жағдайға жетті. Сондықтан Қытай қазіргі таңда Африка құрлығындағы бірер мемлекет емес, бірнеше мемлекеттермен стратегиялық серіктестік қатынасты дамытуға ұмтылуда. Осыдан-ақ болашақта Қытайдың  Африкадағы  ықпалының  арта түсетіні жəне оның стратегиялық мүддесінің көлемі кеңейе түсетінін болжауға болады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Дюшебаев А. «Побеждать, не сражаясь» –основа китайской внешней политики. 01.02.2010.// http://www.easttime.ru/analitic/2/8/750.html
  2. Галенович Ю. М. Наказы Цзян Цзэминя: принципы внешней и оборонной политики современного Китая. – М., 2003. – С.
  3. Ло Цзянбо. Интеграция Африки и китайско-африканские отношения (Фэйчжоу итихуа юй Чжун-Фэй  гуаньси).  –  Пекин.  –    – С. 278.
  4. Малевич Ю.И. Проблемы внешней политики Китайской Народной Республики. – Минск 2009. – С.
  5. Хе Венпин Китай Африка: полвека сотрудничества при «любой погоде» и его новые ориентиры как отклик на вызовы ХХ века// Азия и Африка сегодня. 2002. N12. –  С.32. 6 Пара слов о китайско-африканских отношениях   //http://magazeta.com/china/2010/07/03/ usa-china-afric/
  6. Соловьева Т.М. Исторический опыт международного сотрудничества Китайской Народной Республики и стран Африки во второй половине XX – начале XXI вв. Дисс. на соис. уч. ст. канд. ист. наук. – М., 2009. – С.
  7. Дегтерёв Д. – Китайская экпансия в Африку: «свято место пусто не бывает»? // Азия и Африка сегодня. – 2005. – N – С. 34.
  8. Выступление Ху Цзиньтао на Консультативном совете  Саудовской  Аравии. 23.2006.//        http://www.fmprc.gov.cn/rus/wjb/zzjg/xybfs/ gjlb/1409/1411/t248530.htm
  9. Свешников А. А. Концепции КНР в области внешней политики и национальной безопасности // Китай в мировой политике. – М., – С. 133-135.
  10. Пономаренко Л.В., Титов В.П. Китай – Африка – Россия: феномен мировой политики XXI века. – М., 2008. – С.
  11. Усубалиев Э.Е. Успехи  КНР  в  Африке. 03.2007 // http://www.easttime.ru/ analitic/3/8/116.html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.