Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі кезеңдегі мəселелері

Қауіпсіздік мəселесі мемлекеттің өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Ол халықаралық саясаттың кез келген мəселесімен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта əр елдің даму барысында халықаралық саясаттың қауіпсіздік саласындағы көптеген өзекті мəселелері алдыңғы орынға шығуда. Мəселен, лаңкестік, діни экстремизм, ымырасыз сепаратизм секілді қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Сонымен бірге заңсыз есірткі жəне қару-жарақ саудасы, заңсыз көші-қон, адам саудасы жəне ұйымдасқан қылмыс та ұлттық қауіпсіздіктің басты мəселелеріне айналды.

Соңғы кездердегі қауіп-қатерлер мен бой көрсетулер мемлекеттерді бірлесе қарсы тұруға итермелейді. Осыған орай, ортақ мəселелерді шешу жолындағы интеграциялық үдерістерді кеңейту жəне əлемдік қоғамдастықтың ісəрекетін үйлестіру мақсатында мемлекеттер өздеріне ерікті түрде міндеттемелер алып, өздерінің кейбір қызметтері мен өкілеттіктерін ұлттық биліктен жоғары деңгейде əрекет жасайтын халықаралық ұйымдарға беруі заман талабына сай келеді. Əр елдің өз дамуына негізделген ұлттық саясаты айқындалады. Ұлттық саясаттың басты ұстанымы – ұлттық құндылықтар негiзiнде əр ел өзiнiң экономикалық, саяси, рухани  тəуелсiздiгiн,  ел  қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жəне аумақтың бiртұтастығын мəңгi сақтауға, жер мен жер қойнауы байлығын тек халық игiлiгiне жұмсап, жұртының əлеуметтiк жағдайын үнемi жақсартып отыруға негіздейді. Сондай елдердің қатарына Қазақстан Республикасы да ұмтылуда.

Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық алаңда тұрақтылықтың  негізін  қалаушы  елдердің   бірі десе болады. Ол  халықаралық  қатынас-  тар жүйесінде өзекті əлемдік жəне аймақтық мəселелерді шешуге, жаңа əлемдік  тəртіпті  құру ісіне белсенді түрде араласуда. Өзімен іргелес жатқан елдермен шекара мəселелерін толыққанды айқындаудың негізінде оны халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес жəне əлемнің жетекші елдерімен достық жəне өзара пайдалы ынтымақтастық қатынастарын орнатты. Соңғы кездегі мəлімет бойынша Қазақстан Республикасы 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасын нығайтты [1].

Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нəтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық жəне ведомствоаралық деңгейде үш мыңнан астам əртүрлі салалардағы халықаралық шарт жасалынды [2].

Қазақстанның аймақтағы жəне əлемдегі жетекші елдермен стратегиялық əріптестігі нығая түсуде, халықаралық ұйымдардағы белсенді қызметі жəне Қазақстанның экономикалық қуатының  қарқынды өсуі, сыртқы əлеммен сауда-экономикалық, сондай-ақ инвестициялық байланыстардың үдемелі дамуына негіз болуда.

Солардың ішінде Қазақстанмен шекаралас жатқан Ресей Федерациясымен қол жеткізілген өзара ынтымақтастықтың басты жетістіктері аймақтық интеграцияда, сондай-ақ сауда-экономикалық əріптестікті кеңейту кеңістігінде жатыр. Екіжақты тығыз қарым-қатынастар Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен дамудың берік факторына айналып отыр.

Шығыстағы басты көршіміз –  Қытай Халық    Республикасымен    барлық    бағытты қамтитын стратегиялық ынтымақтастық қатынастарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлығының айғағы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық байланысты тереңдету арқылы еліміз əріптестік  əлеуетін  өз мүддесіне пайдалануға талпынуда. Сондайақ стратегиялық əріптестіктің қажеттіліктері Қазақстанды əлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі – Америка Құрама Штаттарымен байланыстыруда. Өзара əрекеттестіктің қол жеткізілген деңгейі аймақтық жəне жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды  таратпау  тəртібін  бекіту,   халықаралық лаңкестік пен   экстремизмге   қарсы тұру, энергетикалық тепе-теңдікті сақтау мəселелеріндегі өзара тиімді жəне тең құқылы ынтымақтастыққа негізделуде.

Қазақстанның сыртқы саясатында қол жеткізілген табыстар ел əлеуетінің дамуына аса зор үлес қосуда. Еліміздің саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік дамуы, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен тығыз жүзеге асатындығы айқын. Сол ретте Қазақстан 1992 жылы ерікті түрде ядролық қарудан бас тартып, қарусыздану үдерісінің жəне жаппай қырыпжою қаруын таратпаудың белсенді жақтаушысы болды. Соның негізінде Қазақстан əлемнің жетекші ядролық державаларынан халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін алды. Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық табыстары сыртқы экономикалық байланыстардың негіздерін – экономикалық дипломатияны бекітті, елдің индустриялық-инновациялық бағдарламасын іске асыру мақсатында тікелей шетел инвестицияларын жəне жаңа технологияларын тарту үшін жағымды сыртқы ортаны құру оның басты басымдықтарының бірі болды.

Тəуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Орталық Азиядағы өз ұстанымдарын да нығайтты. Аймақтық экономиканы белсенді инвестициялау мен қазіргі кездегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесінде еліміз жаңа сынақтар мен қатерлерге бірге қарсы тұруда Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру бойынша саясат жүргізуде. Қауіпсіздік, су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, еңбек көші-қон мəселелері мен аймақ өмірінің басқа да өзекті мəселелері назардан тыс қалмауда. Қазақстан қазіргі кезеңдегі аймақ шеңберіндегі өзекті мəселелерді шешу арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын белсенді түрде жүргізіп келеді.

2010 жылғы көктемде жəне жазда орын алған оқиғалардан кейін Қырғызстандағы əлеуметтікэкономикалық жағдайларға назар сала  отырып, Қазақстанның бауырлас қырғыз халқына гуманитарлық жəрдем беруі жəне жан-жақты көмек берудің мемлекетаралық бағдарламасын дайындап, қабылдауы жөнінде ұсыныс жасауы да аймақтағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуден туындаған болатын.

Аумағынан халықаралық лаңкестік, есірткі тасымалы, діни экстремизм қатерлері шығатын Ауғанстанның тұрақты жəне орнықты дамуына еліміз əрқашан да мүдделі. Сол ретте Қазақстан Ауғанстанға ізгілікті көмек көрсету туралы шешім қабылдап, жүзеге асыра бастады. Осындай қазақстандық бастамалардың ең түпкі астарында еліміздің қауіпсіздік мəселесі  жатыр. Осы бағыттағы бастамалардың бірқатарын əлемдік қоғамдастық қолдады, бұл еліміздің жағымды халықаралық беделінің қалыптасуына жəрдемдесті.

Қазақстан АӨСШК шеңберінде Азиядағы қауіпсіздік мəселелері бойынша пікір алмасулар мен кеңестер өткізу, мəмілеге келу үдерісін бір ретке келтіруге ұмтылуда. ЕҚЫҰ-дағы төрағалық жəне 2010 жылғы желтоқсандағы Астана саммиті қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мəселелерін алға тартқан XXI ғасырдың бірінші онжылдығындағы ең ірі халықаралық оқиғалардың бірі болды.

Қазақстаның 2010-2011 жылдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы, 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткен ШЫҰға мүше мемлекеттер басшыларының Саммит қорытындылары сыртқы саясаттың жаһандық жəне аймақтық мəселелерін шешуге өзіндік үлесін қосты. 2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-отырысы барысында қазақстандық тараптан ислам əлемі мен Батыс арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ұсынылған болатын.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт  ұйымы  шеңберіндегі   ынтымақтастық   Қазақ-  стан Республикасының сыртқы саяси басымдықтарының бірі ретінде қауіпсіздікті тиімді қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің еліміз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ҰҚШҰ шеңберіндегі өзара əрекеттестікті дамытуға өте мүдделі екендігін нақтылы білдіріп келеді.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Қазақстанның ынтымақтастығы ірі жетістіктермен сипатталуда. Негізгі күшжігер Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының жəне Ресей Федерациясының Кеден одағын құрумен айқындалды.

Өзінің ішкі тəжірибесін – ұлтаралық келісімді сақтаудың жəне нығайтудың үлгісін пайдаланып,  Қазақстан  Шығыс  пен  Батыс-  ты тығыз байланыстыруға атсалысуда. 2007 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 62-сессиясының қарарында  көрініс  тапқан  2010 жылды Мəдениеттерді жақындастырудың халықаралық жылы деп жариялау туралы бастамасы əлем мəдениеті мен діндер арасындағы үнқатысуды дамытуға Қазақстанның қосқан маңызды үлесі болды. Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайын шақыру туралы қазақстандық бастама халықаралық қақтығыстарды шешу жəне қазіргі кездегі қатерлерге қарсы тұру үшін əлемдік діндердің рухани жəне адамгершілік əлеуетін біріктірудегі Қазақстанның нақты үлесіне айналды.

Бүгінгі күні адамзатқа орасан зор қасірет əкеліп жатқан есірткі қатеріне қарсы тұруда БҰҰ-ға белсенді жəрдемдесуге шын ниеттілігін растай отырып, Қазақстан өз аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталықазиялық аймақтық ақпараттық жəне үйлестіру орталығын құру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауда. Сонымен бірге Қазақстан лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі барлық он үш халықаралық əмбебап конвенцияларға қосылды [3]. Мемлекетіміз БҰҰ-дағы Қауіпсіздік Кеңесінің  шешімдерін бұлжытпай орындауда жəне жыл сайын БҰҰ-ның Лаңкестікке қарсы комитетіне жасалған ұмыс туралы Ұлттық баяндаманы ұсынуда.

Соңғы кездері Қазақстанның геосаяси ортасы сапалы өзгерістерді  басынан  кешіруде.  Ел қауіпсіздігіне жаңа қатерлер пайда болуда. Атап айтқанда, экстремизмнің таралуы, əскери қақтығыстардың өршуі, біздің шекарамызға тікелей таяу жерде жаңа ядролық мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы тұрақсыздануға əсер ететін елеулі факторлардың бірі болып отыр.

Ел қауіпсіздігіне осынау жəне басқа да жаңа қатерлердің қауіпті болуы, онымен санасуды жəне тиісті шаралар қабылдауды талап етеді. Бұған қоса, бүгінгі таңда қарулы күрес құралдары жəне қазіргі заманғы əскери қақтығыстардың сипаты сапалы өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы өзінің Қарулы Күштерін өзгерген болмысқа бейімдеуге тиіс. Көпжақты əлемнің қалыптасу үдерісі дəйекті даму үстінде. Қару-жарақты бақылау, əлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту саласында айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілді. Сонымен  бірге  əлемде  өтіп  жатқан  орасан зор өзгерістерге кейбір күрделі жəне қарамақайшы үдерістер тəн: бір жағынан, – əлемдік қоғамдастық ынтымақтастықты кеңейту жəне даулы мəселелерді бейбіт жолмен шешу, жанталаса қарулану мен ядролық қарудың таралуын шектеужөнінденақтышараларқолдануда; екінші жағынан, қауіпсіздіктің жаңа қауіп-қатерлері пайда болуда, олардың ішінде əртүрлі əскери қақтығыстардың туындау  мүмкіндігінің  артуы, экстремизмнің, халықаралық лаңкестіктің, ұйымдасқан қылмыстың кең етек алуы, қару мен есірткінің заңсыз айналымы мейлінше қауіпті болып табылады. Осы орайда тəуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап мемлекет елдің ұлттық қауіпсіздігіне аса жоғары жауапкершілікпен қарап келеді. Мұндай аса маңызды қызметті елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті де өз тарапынан тиімді атқарып келеді.

Тəуелсіздік жылдарында елдің бұл қызметі де даму мен қалыптасудың, тұрақты түрде жетілу үдерісінен өтті. Комитет құрылымындағы барлық өзгерістер  əлемдегі  жəне  елдегі  ахуалмен тығыз байланысты болды. Оның басты мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелеріне қатысты туындаған міндеттерді тиімді шешу, егемен Қазақстанның мүддесін қорғау [4]. Кез келген қатер мен сынаққа шұғыл да барабар жауап бере алуға икемді болуды қажет етеді. Ең бастысы мəселені уақтылы шеше білу қажет.

Өйткені мемлекеттердің даму барысында кез келген өзекті мəселелердің шешілмей жинақтала беруі болашақта қайшылықтар мен тартыстарға əкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде ұлттық мемлекеттің саяси жүйесіне, тұтастығына қауіп-қатер төндірері анық. Осындай қауіп-қатердің алдын алу үшін мемлекет тарапынан ең алдымен ұлттық саясатты құқықтық, экономикалық, əлеуметтік, мəдени жəне білім беру, т.б. бағдарламаларымен тығыз байланыста кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Сол ретте демократиялық құндылықтар сақталған елдің ішкі саяси-əлеуметтік жағдайы да тұрақты болатыны сөзсіз. Яғни, демократиялық даму бағытын  таңдаған  елдерде  нəсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни наным-сеніміне, сондай-ақ əлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі ең маңызды мəселелердің бірі болып қала бермек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Қазыханов Е. «Қазақстанның сыртқы саясатына – 20 жыл» // «Егемен Қазақстан» газеті. – 2011. 16 қараша. – 1 б.
  2. Дипломатическая служба Республики Казахстан: учебное пособие / под общ. ред.  К.К. Токаева. – А.: Дом Печати «Эдельвейс», 2004. – С. 59.
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998. – 3 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.