Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Барак Обама əкімшілігі миссиясы: АҚШ-тың сыртқы саяси имиджі

2008 жылы Джордж Уокер Буш əкімшілігінен кейін АҚШ алдында əлемдік аренадағы беделі мен имиджін қайта қалпына келтіру мəселесі тұрды. Мамандардың пайымдауынша, бұл  жағдай «Буш доктринасы» салдары болып табылды. Соңғы 60 жылдың ішінде америкалық сыртқы саясатты түпкілікті жаңа бағытқа бұрған «Буш доктринасы» аталып кеткен концепция – бірнеше құжат жиынтығы. АҚШ ұлттық қауіпсіздігін жаңаша қамтамасыз етуге бағытталған Буш доктринасының негізгі ережелерін 2002 жылы қабылданған «Мемлекет ахуалы туралы баяндама», «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы», сонымен қатар президент Джордж Буштың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы сөзі құрады. Вашингтонның бұл концепциясының  негізгі  элементі  алдын  алу, қарсылас күшінен асып түсетін соққы  жасау болып табылды. Буш доктринасы АҚШ-қа америкалық үкімет керек деп тапқан жағдай осы сынды соққыларды жасауға мүмкіндік алып келді. 2002 жылы қыркүйекте қабылданған Ұлттық қауіпсіздік доктринасында (ҰҚС) алғаш рет құжат негізінде Буш əкімшілігі жаһандық терроризммен күрес түсінігін негіздеді. ҰҚС-да «Жаһандық масштабтағы терроризммен күрес біздің тарихымызда болған соғыстардан өзгеше. Ол – бірнеше майданда ұзақ уақыт бойы көзге көрінбейтін жаумен күрес. Бұл күресте жетістікке тек қана көрінетін жəне көрінбейтін жаңа нəтижелерге үздіксіз қол жеткізіп отырсақ жете аламыз» деп көрсетілген [1].

2008 жылғы президенттік кампания кезінде Джордж Буш сыртқы саясатының Демократиялық партияның қатаң сынына ұшырап, нəтижесінде билік басына келуге тікелей ықпал еткен фактор. Демократиялық партияның өкілі Барак Обаманың сайлауалды бағдарламасында сыртқы саясатта АҚШ-тың əлемдегі имиджін қалпына келтіру əрі дамыту негізгі идея болып табылды.

2008 жылы билік басына келген демократтардың сыртқы саясаты республикалықтар кезінде АҚШ өзінің əлемдік көшбасшы рөлін жоғалтқандығы туралы бастапқы позицияға негізделді. 2008 жылы өзінің сайлау алды кампаниясында Хилари Клинтон: «Буш əкімшілігі америкалық халыққа жалған альтернативалар ұсынды – дипломатия орнына күш қолдану, көпжақты саясат орнына біржақты саясат, soft power орнына hard power қолданды. Осы сынды альтернативаларға жүгінуі əлемді қабылдаудың тек қана идеологиялық тұрғыдан қарастыру арқылы дүниежүзілік көшбасшылықты қамтамасыз ететін құралдарынан айырды», – деп айтты.

Жаңа президент Барак Обамаға Джорж Буштан кейінгі ауыр жағдай мəселелерін шешу жұмыстары жүктелді.

  • Біріншіден, халықтың  жоғарғы билікке деген сенімінің, «жарқын болашаққа деген сенімінің» жоғалуы;
  • Екіншіден, 1930   жылдардан   бергі  ең терең əрі жан-жақты қаржылық-экономикалық дағдарыс орын алды. Америка Құрама Штаттарының    қаржылық    жүйесі    құлдырау деңгейі алдында тұрды, ІЖӨ деңгейі төмендеп, жұмыссыздық көлемі артып, экономикалық рецессия өршіген болатын.
  • Үшіншіден, жалғыз     держава   АҚШ басқаратын монополярлы жүйе стратегиясы консолидациясының қирауы. АҚШ-тың əлемдегі ықпалы мен престижі төмендеп, көпполярлы əлем қалыптастыру тенденциясы бой алды.
  • Төртіншіден, АҚШ күштерінің шамадан тыс жүктелуі, яғни Ирак пен Ауғанстандағы ұзаққа созылған соғыстар нəтижесінде америкалық армияның əлсіреуі.

Обама америкалық халықтың құрамындағы ақ америкалықтардың құрамдас бөлігінің азайғандығымен айқындалатын АҚШ саяси элитасының ауысуының символы болып табылды. Мысалы, 2008 жылғы сайлауда əйелдер – Хиллари Клинтон жəне Сара Пейлин, италяндық котолик Рудольф Джулиани, мормон Митч Ромни, жартылай мексикалық Билл Ричардсон жəне афроамерикалық Барак Обама қатысуы осы тенденцияның бір көрінісі болып табылады. Ол жастар, кəсіподақтар, этникалық азшылықтар, либералды интеллегенция жəне тəуелсіз сайлаушылардан тұратын кең ауқымды саяси коалиция құра алды. Ол президенттік сайлауға қаражат жинау рекордсмені болып табылды.Нəтижесінде Обама Сенатта болған аз уақыты ішінде өзін либералды қайраткер ретінде көрсетіп, сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 58% даусы мен таңдаушылардың (выборщики) басым даусына ие болды. Осылайша, жаңа президент өзгерістерге мандат алды [2].

Егер 2008 жылғы  жағдайды  30-жылдармен салыстыратын болсақ, Обама өзінің сол кездегі əріптесі Ф. Рузвельт сияқты «Жаңа курс» бағдарламалар жинағын жасау арқылы экономиканы мемлекеттің тікелей жəне жанама рөлін арттыру арқылы құтқару керек болды.

Кіші Джорж Буш əкімшілігі неолиберализм теориясына сəйкес  XXI  ғасырда  ешбір  ел тəжірибесінде кездеспеген федералды салықтарды қысқарту саясатын жүргізуінің нəтижесінде мемлекттік қарыз өскен болатын. Оған қоса мемлекеттік шығындар көлемі артып, 1 трлн.долларды құрады. Монетарлық басқару көздерінің манипуляциясы 2007 жылы жарылған үлкен қаржылық қуыстың пайда болуына алып келді. Деривативтердің ретсіз  өсуі  салдарынан қаржылық пирамиданың қирауы басталды. Джордж Буш жағдайға жауап беруге мəжбүр болды.   2008 жылы нарықты тұрақтандыруға бағытталған  бірқатар  антикризистік   шаралар қолға алынды, атап айтқанда, 160 млрд-  тық салықтық жеңілдіктер жəне банк жүйесін сақтауға арналған шараларды мемлекеттік қаржыландыру [3].

Осылайша, неолиберализм теориясы мен практикасы аяқталды. Неокейнсиандық əдіс заманы басталды. Бұл шаралардың көпшілігі конгрестегі демократтардың қолдауымен жүзеге асқаны белгілі, республикалықтардың басым бөлігі оларға қолдау көрсеткен жоқ.

Билікке өте күрделі жағдайда келген  Обама екіпартиялық қолдауды алу үшін республикалықтарға ұсыныстар жасады. Кіші Джордж Буш билік басынан кеткеннен кейін,  2008  жылы Маккейннің сайлаудағы ұтылысынан кейін республикалық партия басшысыз жəне айқын бағдарламасыз қалды. Обама конгресте республикалық фракцияның мүддесін алға тартты.

Кіші Джордж Буштың бірінші əкімшілігі кезінен бастап елдегі ішкі əлеуметтікэкономикалық жағдай күрт төмендей бастады. Егер Билл Клинтоннан кейін америкалық бюджет профицитте болған болса, 2004 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ бюджеті дефициті 415 млрд. долларға, ал сыртқы қарыз көлемі 2,3 трлн. долларға жетті [4].

2007 жылы америкалық конгрестің тапсырысымен АҚШ-тың əлемдегі беделі жағдайы туралы баяндама жасалынды. 47 беттен тұратын баяндамада АҚШ үкіметі мен бірқатар ірі компаниялардың жүргізген сауалнамасының қорытындысы бойынша əлемдегі америкалық сыртқы саясатқа деген оң көзқарастың төмендегенін көрсетті. ХХ ғасырдың  50-жылдарынан бері қалыптасқан оң көзқарас 2002 жылдан кейін негативті пайымға ауысты. Сонымен қатар баяндамада 2002 жылдан кейін Еуропада АҚШтың əлем саясатына араласуына деген көзқарас 26%-ға төмендегендігі айтылады. Осы сынды негативті көзқарас зерттеу нəтижелері бойынша араб мемлекеттерінде 82%-ға артса, Латын Америка елдерінде 86%-ға жетті. Баяндама авторларының пікірінше, Американың сыртқы саясаттағы басты мақсаты диктаторлық режимдер жəне альянстар арқылы Таяу Шығыстағы минералды ресурстарды иемдену, Азия мен Латын Америкасында олардың коммерциялық мүдделеріне нұқсан келтіретін үкіметтерге қарсы əскери күш қолдану болып табылады деген пікір 2006  жылдың  қорытындысы  бойынша əлемдік қоғамда қалыптасқан. Соған қоса баяндама авторлары Американың имиджіне демократиялық құндылықтар, адам құқықтары, шыдамдылық пен заңның үстемдігі сияқты идеялардың америкалық қауіпсіздік пен экономика  алдында əкімшіліктер тарапынан ескерілмейтіндігіне тікелей байланысты екендігін атап өтті [5].

Pew Research Center компаниясының жүргізген сауалнамасы қорытындысы əлем елдерінің халқы Буш əкімшілігінің биліктен кетіп сыртқы саяси бағыттың өзгергендігін қалайтындықтарын көрсетті. Осыған байланысты Pew Research Center зерттеулері бойынша əлем Джордж Буштың партияласы Джон Маккейн емес демократ Барак Обамаға үлкен үміт артатындықтарын көрсетті. Қоғамдық пікірді зерттеу жұмыстары əлемнің 23 мемлекетінде жүзеге асырылды. Қоғамдық сауалнама бойынша əлем елдері Буш əкімшілігінен кейін Америка сыртқы саясаты жағымды жаққа өзгеретіндігіне үміт артатындықтарын білдірді, бұл тізімді АҚШ-тың Ирактағы əскери операцияларына қарсы Испания, Франция жəне Германия сияқты ірі еуропалық мемлекеттер бастады. Сонымен қатар Pew Research Center мамандары Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея жəне Ресей халқының пайымдауынша, АҚШ-тың сыртқы саясаты билік ауысқаннан кейін түбегейлі өзгермейді жəне осы ұзақ уақытта қалыптасқан жағдай  өзгермейтін  болса, Йордания, Мысыр жəне Ливан халқы билік  ауыса  салып, Ақ  үй мен əлемнің қарым-қатынастары одан əрі нашарлайтындықтарын алға тартты.

Барак Обама президенттігінің алғашқы жылдарында Американың əлемдегі беделі біршама артты. Pew Research Center Германияда АҚШ-қа деген оң көзқарас 2000 жылы 78% құрап,  кейінірек  2007  жылы  ол  көрсеткіш  30 %-ға төмендесе, 2009 жылы аталмыш бағана  64 %-ға көтерілгендігін хабарлады. Ал 2007 жылы 39% құраған Францияда аталмыш көрсеткіш 2009 жылы бір мезетте 75%-ға көтерілді. АҚШтың əрқашан тұрақты одақтасы болып келген Ұлыбританияхалқыныңпікірі2007жылы51%-ды құраса 2009 жыл қорытындысына сəйкес 69%-ға жеткендігі мəлім болды. Екі жақты қатынастары əрқашан да көшбасшыларына тəуелді болған Ресейдегі АҚШ саясатына оң көзқарас 2000 жылы 37%-ды құраған болса, 2009 жылы 44%-ға дейін артты. Алайда бұл көрсеткіш 2002 жылы Ресейде 61%-ды құрады, бұл жағдайды жап-  пай қырып жою қаруына байланысты екі жақты келіссөздердің  интенсивті  түрде жүргізілуімен байланыстыруға болады. Осыған байланысты Ресей тарабы Барак Обама əкімшілігі саясатына оң көзқарасы жоғарылады деп пайымдау қиынға соғады. Сонымен қатар АҚШ-тың негізгі сауда жəне инвестициялық əріптесі болып табылатын Қытайдағы 2009 жылғы көрсеткіштер 2003 жылмен салыстырғанда 21%-ға аз болғанымен, 2007 жылмен салыстырғанда 13%-ға артты. Алайда 2009 жыл қорытындысы бойынша АҚШ-тың Таяу Шығыстағы басты əріптесі Израильдегі америкалық имидж деңгейі біршама төмендеді. 2003 жылы АҚШ-тың бұл елдегі имидж деңгейі 78%-ды құраса 2009 жылы бұл деңгей 71%-ға төмендеді. Сонымен қатар эксперт-мамандар жаңа администрацияның нақты шараларына байланысты əлем мемлекеттеріндегі көзқарас деңгейін зерттеді. Осылайша, Барак Обама əкімшілігінің Гуантанамодағы түрмені жабуы қолдауға ие болса, Ауғанстандағы əскер санын ұлғайту туралы бастамасы негативті көзқарасқа тап болды. Ауған мəселесіне қатысты жаңа əкімшіліктің бағытымен тек қана Ұлыбритания мен Канада ғана келісті. Өз президенттігінің басында Обаманың Мысырға жасаған сапары оның жекебасыныңсоныменқатарАҚШ-тыңимиджіне оң əсерін тигізді. Каирда ол мұсылман əлеміне жолдау жасады. Бұл мұсылман елдеріндегі беделін арттырғанымен, жоғарыда аталып өткендей, Израильмен қарым-қатынасына кері əсерін тигізді. Алайда сарапшы мамандардың пікірінше Барак Обаманың əкімшілігінің АҚШ имиджін көтеруге байланысты шаралары өте əлсіз болды, ал сенімнің артуын президенттің жеке бас абыройына байланысты болғандығын алға тартады. Сонымен қатар айта кететін жайт, 44-президенттің əкесі Кенияда туылғанына байланысты жəне қара нəсілді болуына байланысты АҚШ-тың Африка континентіндегі имиджі мен сенім деңгейі арта түсуіне түрткі болды. 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Обаманың жеке бас беделдік рейтингі Германияда 93%-ға жетті, Францияда бұл көрсеткіш 91%-ды құраса, Ұлыбританияда 86%-ға жетті [6].

Дегенмен барлық сарапшы мамандардың пікірінше, сонымен қатар  қоғамдық  сауалнама қорытындылары бойынша анти-америкалық пікір, ең алдымен, қаржылық дағдарыс салдарынан өрши түсті. Ол екі мəселе бойынша дамыды, бірі АҚШ-тың қаржылық дағдарыс салдарынан экономикасының əлсіреп супердержава статусынан айырылуы болса, екіншісі, əлемнің басқа  мемлекеттерінің  өз экономикаларындағы дағдарыс себептерінде америкалық үкіметтің айыптаудың орын алуы. Бұл тұрғыда америкалық ғалымдар Питер Катзенштейн (Peter Katzenstein) мен Роберт Кеохэйннің (Robert Keohane) анти-америкалық көңіл күйдің  пай-  да болуының басты алты себебін ескерген жөн. Аталмыш авторлар қаржылық дағдарыс анти америкалық көзқарасты келесідей алты топқа бөліп қарастырады:

  1. Ұлттық/ националистік (АҚШ-тың супер державалық статусына байланысты басқыншылық келбеті);
  2. Əлеуметтік-идеологиялық (америкалық капитализм мен америкалық қоғамға қатысты айыптаулар);
  3. Либералды (əлем мемлекеттерінің АҚШтың басты құндылықтары мен принциптеріне қол жеткізуіне күмəн келтіруі);
  4. Радикалды исламдық (мұсылман үкіметтері тарапынан АҚШ-ты батыстық жəне еврейлік басқыншылық символы ретінде көруі);
  5. Элитарлық (америкалық масс-медиа мəдениетінің бүкілəлемдік критикасы);
  6. Қарым-қатынас мұрасы (АҚШ-пен қарым-қатынастың тарихи жағымсыз тəжірибесіне негіздеу).

Атап өтетін жайт, ғалымдар алдыңғы үш себепті де АҚШ-тағы қаржылық дағдарыспен тікелей байланыстырады [7]. Барак Обама əкімшілігі АҚШ-тың халыаралық имиджін жедел жақсарту үшін, қаржылық дағдарыстан құтылу, экономиканы қалпына келтіру жəне ұлттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін билік басына келісімен бірқатар инновациялық саясат пен инициативалар жүргізді. Аталмыш шаралар, ең алдымен, «ақылды күш» стратегиясына негізделді. Буш əкімшілігі кезінен бастап Джозеф Най бастаған бірқатар америкалық зерттеушілер «ақылды күш» стратегиясын қолдану керектігін алға тартты. 2006 жылдың қаңтар айында Джозеф Най «Foreign Policy» журналында АҚШ «қатал күш» пен «жұмсақ күшті» қатар пайдалана отырып, «ақылды күшті» қолдану арқылы сыртқы саяси стратегияны өзгерту қажеттігін айтты. Джозеф Най мен мемлекеттік хатшының бұрынғы орынбасары Ричард  Армитридж  Стратегиялық  жəне халықаралық зерттеу орталығының тең төрағасы болып табылады. Сонымен қатар Rand Corporation, Жаңа америкалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету орталығы, «9-11» комитеті, жаһандық  байланыстың  америкалық орталығы, Cato Institute жəне т.б. зерттеу орталықтары баяндамаларын жарыққа шағарып, АҚШ үкіметін сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары ретінде   «ақылды   күшті»   қолдануды ұсынды.

«Ақылды күш» Обама əкімшілігі сыртқы саяси стратегиялық бағыттарының ортақ түсінігіне айналды. Найдың пайымдауынша, «ақылды  күш»«қатал күш» те «жұмсақ күш» те емес, ортақ стратегия, ресурстық база жəне инструменталды жəшік. «Ақылды күш» «қатал күш» пен «жұмсақ күшті» америкалық мақсаттарға жету үшін қатар қолданады. Ол мықты əскери күштің қажеттігі мен альянс, əріптестік пен барлық деңгейде координация механизмдерінің қажеттігіне аса ден қояды. Оның негізгі мақсаты АҚШ-тың беделін арттырумен қатар оның іс-əрекеттерінің заңға сəйкес болуын қамтамассыз ету [8].

«Ақылды күш» стратегиясын қабылдап, іс жүзінде қолдану АҚШ алдында тұрған бірқатар мəселелердің күрделілігімен сипатталады. Буш əкімшілігінің сегіз жыл қызметі кезінде Құрама Штаттар ұлттық қауіпсіздік мəселесінде «қатал күштің» негізгі рөлін бөліп қарастыра отырып, Ирак пен Ауғанстанда əскери операцияларын жүргізді. Америка Құрама Штаттарының сыртқы саясаты мен  ұлттық  қауіпсіздігі  саласындағы бұл мəселелердің күн тəртібінде сақталуы жаңа əкімшіліктің стратегиялық  орталығы  тарапынан америкалық күштің артықшылықтары  мен шектеулерін нақтылауға жəне эффективті сыртқы саяси бағдарлама жасақтауға мəжбүрледі. Сондықтан «ақылды күш» стратегиясы АҚШ-тың стратегиялық ортасының қалыптасқан жағдайды сараптау нəтижесінде қабылданған шешім болып табылады. Америка  стратегиялық  ортасының «ақылды күш» стратегиясын қолдану туралы шешімі Барак Обама əкімшілігінің сыртқы саяси стратегиясының қоғамдық жəне идеологиялық негізін  құрады.  2009  жылдың   қаңтар   айын-  да Барак Обама əкімшілігінде сыртқы саяси шешімдерді қабылдаушы əрі жүзеге асырушы мемлекеттік Хатшы Хилари Клинтон Сенат отырысында АҚШ үкіметі «ақылды күш» сыртқы саясатын жүргізетінін мəлімдеді [9].

Обама əкімшілігі «ақылды күш» стратегиясын сыртқы саясаттың бастаушы идеясы ретінде жариялап, дипломатиялық тəжірибеде қолданды. Нəтижесінде      Барак Обама əкімшілігінің «ақылды күш» дипломатиясы түсінігі пайда болды. Оның басты міндеті – АҚШ-тың беделін ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірусіз қайта қалпына   келтіру.   Жоғарыда  аталып өткендей, басты ерекшелігі «қатал» жəне «жұмсақ» күшті қатар қолдану практикасы. Барак Обама əлемге АҚШ-ты сыртқы саясатында толеранттылық пен ынтымақтастыққа дайын екендігін көрсетуге талпынды. Оған мысал ретінде оның алғаш сапарларының бірі араб мемлекеттеріне жасалып, Каирдегі сөзін келтіруге болады. Обама əкімшілігі əлемде бейбітшілікті біржақты жəне жалғыз орната алмайтындығын мəлімдеді [10].

Обама əкімшілігі қарулы күштермен салыстырғанда дипломатиялық құралдарға басымдық беретіндігі; Буш əкімшілігімен салыстырғанда əлемді «дос» жəне «жау» категориясына бөліп қарастырмай, оның күрделілігіне назар аударатындығы;  көп  жағдайда  дамушы мемлекеттерде «бостандық пен демократияландыру талаптарына» қарағанда экономикалық даму мүмкіндіктері туралы жиі сөз етеді. Алайда Обама əкімшілігі сыртқы саясатта «қатал күштен» де бас тартқан жоқ, тіпті, оның алдағы таңда арта түсетіндігін білдірді. Сонымен қатар Барак Обама:

  • Ауғанстанға қосымша əскер кіргізетіндігін мəлімдеді;
  • Корей жарты аралындағы дағдарысты тежеу үшін мүмкін болатын əскери күшті қолданатындығын жариялады.

«Ақылды күш» дипломатиясы Барак Обама əкімшілігінің Буш əкімшілігі кезінде нашарлаған қатынастарды қайта қалпына келтіру талпыныстарының көрінісі болып табылады.

Жалпы алғанда, Обама əкімшілігінің сыртқы саяси бағыты өзінің екі жақты қатынастардың дамытылуымен, мəселелерді шешудегі көп жақтылық принципінің орын алуымен сипатталады. Дегенмен, демократтар əкімшілігінің сыртқы саяси идеясы, ең алдымен, ұлттық мүдде сұраныстары мен талаптарына орай жүргізілгені түсінікті. Бұл жағдайда Обама Буш жүргізген сыртқы саясаттан түпкілікті жаңа идея ұсынды деп айту қиынға соғады. Пью ресерч сервистің берген мəліметтеріне сəйкес АҚШ-тың əлем алдындағы беделінің артуына бірден бір себеп  Обаманың жеке бас қасиеттеріне байланысты болды. Қандай жағдай болса да, Обама əкімшілігі «Буш доктринасынан» кейінгі Американың түпкілікті державалық беделінен айырылмауына ат салысты.

 

Əдебиеттер

 

  1. Стратегия Национальной безопасно-  сти США – сентябрь, 2002http://merln.ndu.edu/ whitepapers/USNSS-Russian.pdf
  2. Обама и его пастор //«Российская газета». –Федеральный выпуск. – №4653.
  3. Peter Katzenstein, Jeffrey Legro, The Apsa Task Force On U.S. Standing In World Affairs// http://www.foreignpolicy.com/articles/2009/10/05/ think_again_americas_image
  4. Чего хочет Америка после Буша //http:// www.barackobama.ru/politics/america/
  5. REPORT IN THE U.S. CONGRESS 2007 onthe U.S. image abroad// http://www.policyarchive. org/handle/10207/bitstreams/12161.pdf
  6. PewResearchCenter зерттеу орталығының статистикалық мəліметтері// http://pewresearch.org/ 7 ИсследованияПринстонскогоуниверситета. THE DOG THAT DID NOT BARK: ANTI-AMERICANISM AND THE FINANCIAL CRISIS// http://euce.org/eusa/2011/papers/9h_meunier.pdf
  7. JOSEPH NYE JR. Think Again: Soft Power// http://www.foreignpolicy.com/articles/2006/02/22/ think_again_soft_power
  8. Senate Confirmation Hearing: HillaryClinton// http://www.nytimes.com/2009/01/13/us/politics/ 13textclinton.html?pagewanted=all
  9. The Strategy of National Security// http:// whitehouse.gov/sites/default/files/rss_viewer/ national_security_strategy.pdf

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.