Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Хэйан дəуіріндегі Жапониядағы аристократтық мəдениеттің гүлденуі

Көне заман келбеті қазіргі кезеңде өзінің таңбасын қалдыруы тек тарих арқылы түсіндірілмек. Хэйан дəуірі – жапон мəдениетінің гүлденген тұсы, қазірдің өзінде ұрпақ назарын аудартып келетін келелі мəселе. Сол кезең – аристократтар қалыптастырған жапон халқының ұлттық негіздегі мəдениеті əлемге əйгілі бола бастаған уақыт. Бұл жұмыста Хэйан кезеңінде дүниеге келген тамаша туындылар, олардың жапон мəдениетіне қосқан үлесі мен мəні туралы айтылады. Бұл жұмыс өз алдына Хэйан кезеңіндегі жалпы мəдениет дамуын зерттеу арқылы сол мəдениеттегі ақсүйектердің алатын орны, мəдениет дамуына əсерін айқындауды мақсат тұтып жəне Хэйан кезеңіндегі рухани, материалдық мəдениет үлгілерін қарастырып, оларға құрылымдық талдау жүргізуді міндет етеді.

Хэйан кезеңі 794 жылдан басталады. Бұл уақыт Ямасиро провинциясында жаңа астананың құрылысы аяқталған кез болатын. Бұл астана – Хэйан «Бейбітшілік пен тыныштық астанасы» деген атауға ие болды [1,73 б.]. Жаңа астана – сол кездегі мəдениеттің дамыған ордасы, барлық өнер түрінің  қанат  жайған  мекеніне  айналды. Бұл туралы Сей-Сёнагон өз жазбаларында таңғажайып суреттеген [2, 86 б.]. Ақсүйектердің көңіл көтеріп, мерекелерде кездесіп, əртүрлі ойын-сауық ұйымдастырылатын мекеніне айналды.

IX – XII ғасырлар ұлы мəдени мұра туындыларын қалдырды. Бұл туындылар тек жапон зерттеушілерінің ғана емес, шетелдік ғалымдардың да назарын аудартып, сол кездегі тамаша туындылар көптеген шет тілдеріне аударылған. Орта ғасырдағы жапон тарихы зерттеуіндегі ерекше жағдай сарай əйелдерімен байланысты болмақ.

Мінездемесі, мазмұны жағынан хэйандық мəдениет аристократ өкілдерінің құндылығына негізделген [3,117 б.]. Сол кездегі билеуші сарайына жақын ақсүйектік отбасылар саны жиырмаға жуық болды. Ақсүйектер қоғамы санының аздығына қарамастан, осындай кішкене топ өмір сүру деңгейлерін жаңа сатыға көтере алды. Өзіндік театрлардың болуы, шіркеулердің салынуы, табиғатқа деген ынтығу сезімі орын алды. Ақсүйектер салтанатты киімдерін киіп, шеру ретінде тау бөктеріндегі шіркеулерге көтеріліп, сол жерден ай, күзгі жапырақтар, гүлдеп жатқан шие ағаштарын тамашалаған. Мұндай ақсүйектердің көңіл көтеруі табиғатты тамашалаудың кезеңдік үлгісімен көрінді: ағаштың гүлдеуі, қардың жаууы, т.б. Табиғатты тамашалау əуен, би, өлеңмен бірге сүйемелденді. Ақсүйек өкілдері əн айтып, би билеп, өлеңнен жарыс ұйымдастырған. IX ғасырдың I жартысында қытай тілінде өлеңдерден жарысса, кейін жапон тілінен өлең айтып жарыса бастады.

Рухани  мəдениет:  білім  саласы.   хэйандық мəдениет сол кездің өкілдерінің рухани жан дүниесінің мол қорымен ерекшеленеді. Себебі бұл кезде білімді, тарихты, əдебиетті, мəдениетті меңгеру маңызды болды. Сол кезде Хэйдзэй, Нагаокадағы ақсүйек балаларын шенеунік жұмыстарына дайындайтын жоғары мектептер, Хэйан қаласында гуманитарлық университеттер ашылды. Бесінші рангтен жоғары лауазым иелерінің балалары білім алуға міндетті болды жəне олар жатақханамен қамтамасыз етілді. IX ғасырдың басына дейін негізгі оқу пəні ретінде конфуцийлік ілім оқытылды. Олар: Сыма Цзянның «Шицзи» («Тарихи жазбалар»), «Хань Шу» (Хань əулетінің жазбасы), «Вэньсюань» (Əдеби жинақ), т.б. Нəтижесінде конфуцийлік ілім ресми идеологияның бір бөлігіне айналды.

Студенттердің емтихан тапсыру жүйесі өте қатал болғандығы туралы мына деректер растайды. «Екі емтихан тапсырылуға тиіс болатын. Көп студенттер екіншісін тапсыра алмай, 5-6 жыл, тіпті 10 жыл дайындалып жүрген» деседі. Сол кездегі императордың білім саласындағы шарасы стипендияның, «кангакудэн»-нің өсуі болды. Əдебиет. Хэйандық рухани мəдениет үлгісі əдеби поэтикалық шығармалардың дамуынан басталады. Мəдени өмірдегі үлкен жағдай – жапондық төл жазудың осы кезде пайда болуы. Бұрын жазу тілі қытай тілі болса, енді өзіндік төл жазу қытай иероглифтерінің қысқаруынан, бір бөлігінен буынды əліпби негізделді. Ол годзюон (50 белгі) деп аталып, 48 əріпті кананы құрады. Оның жасаушысы болып Кухан саналады. Төл жазудың пайда болуы Жапон əдебиетінің дамуына септігін тигізді. Тіпті əдеби шығармалар жазуға барынша жағдайлар жасалды. Мысалы, қағаздардың сапасының жақсаруы: түрлі түсті, айналасы суретпен көркемделген, алтын немесе күміс шашырандылары бар бағалы қағаздар, т.б. Əдеби прозаның   бастауы IX  ғасырда белгісіз автордың «Такэтори-моногатари» деген повесінен басталады. Повест негізінде ертегідегідей мақсат жатыр, сюжет ертегінің құрылымымен жасалған. Жəне де бұл повестте терең философиялық ой жатыр: еңбек, батырлық арқылы келген зат нағыз күшке ие делінеді. Автор сатиралық сарында қарапайым халық пен аристократтық қоғам өкілдерін салыстыра сипаттайды. «Отикубо-моногатаридің» авторы Минамото-но Ситагау «Такэтори-моногатари» авторынан өзгешелігі, шығарманың ертегі үлгісін фантастикадан   бөлек,   қарапайым   тұрмыспен көрсетеді. Бұл шығармада конфуцийлік ілімнің қоғамдағы қатал тəртіп, күнделікті өмірдегі шыдамдылық секілді қағидалары көрінеді.

Мурасаки Сикибу жазған «Гэндзи-моногатари» – Хэйан кезеңіндегі əдебиеттің шыңы іспетті. Адамдардың жеке өмірі туралы, оның эстетикалық мəнін ашып көрсетеді. «Гендзи жыры», ең алдымен, өмір мəселесі, сезім, махаббат, отбасыға бағытталады. Мурасаки жан  жағдайы  мен  табиғат жағдайына шебер түрде психологиялық параллельизмді қолданды. Мурасаки бейнелеген қоғамдағы адамдарға тəн қасиет эмоционалды сезім мен əдеміліктен рахаттану болды.

Сол кездегі əйелдердің қадірі ретінде поэтикалық талабын айтса болады (өлең жолдары бес жолдан тұратын вака). Əйелдер мен ерлер арасындағы махаббат сезімдерін жеткізу құралы болды. Хэйан дəуірінің əйелдер қауымы қоғамдық  іске  қатынаспады,  сол   себепті   олар  өлең  жазумен,  поэзиямен  айналысқан  [3, 82 б.]. Тарихшылар ерлер мен əйелдердің əдеби суреттеулерін талдай отырып, жапон поэзиясындағы ерекше эстетикалық талғамның орын алғанын атап өтеді [4, 42 б.]. X ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы – Жапон прозасының даму уақыты. Мұндағы ерекшелік əйелдердің бастамасымен жазылып, таралып отырды.  Тіпті «Тоса никкидің» авторы Ки-но Цураюки əйел есімімен өлең жазуына тура келді [5, 184 б.].

Осы дəуірде Хэйандық прозаны біріктіруші ұғым   –  «моноготарилер»   жазыла   бастады (естелік,  əңгіме,  əртүрлі  оқиғаны  талдау).   Алғашқылары   ретінде   Сей Сёнагонның «Макура-но соси» еңбегі, «Гэндзи туралы жыр» белгілі [6, 54 б.].

XI ғасырда тарихи жазбалар (рэкиси моногатари) қалыптасты. Олардың қатарына «Даму туралы повесть» (Эйга-моногатари) жəне Фудзивара тұқымы, император үйі туралы сипатталған «Ұлы айна туралы повесть» (Окагами) жатады [6, 576 б.].

Поэзияның дамуы Жапон тіліндегі антологиялық  жинақтың  құрастырылуына əкелді. X ғасырдың басында «Ескі жəне жаңа жапон өлеңдер жинағы» жарық көрді. Мұнда Арихирино Нарихира, Ки но Цураюки, т.б. сол ғасырдағы атақты ақындардың жыр жолдары жинаққа енді. Мəдениеттің «алтын ғасырында» əдебиетте жаңа  жанрлар  –  повесть,  роман,  күнделіктер сияқты түрлері дамыды.

Музыка.   Xғасырдың ортасында музыка «гагаку» дами бастады. Жапониядағы оқшауландыру саясаты өзіндік музыкалық шығармалардың қалыптасуына əсер етті. Сол кезде ұлттық дəстүрлі музыкаға қызығушылық танытылды. Синтоистік үлгідегі қытай, корей музыкалары да болды жəне де ескі халық əндері сəнге айналды [7, 54 б.].

Жапондық «əдемілік» түсінігі. Жапондықтар табиғаттан, оның əдемілігінен рахаттана білді. Егер жапон суретшісі заттың тұғырына үңілсе, оның салған керемет туындысы тым шынайы болып шығатын: Фудзи тауы, аспан, көл, толқын, ағаштар – бəрі суретшінің қылқаламы арқылы сол жердің керемет сырын шертеді.

Жапон түсінігінде əлем – біртұтас, жарық қараңғылыққа, тыныштық  қозғалысқа,  фор-  ма мазмұнға ұласады. Жапондық эстетика құпиялыққа толы. Əр нəрсе əдемілікке толы. Танидзаки Дзюньитиро былай дейді: «Біз, жапондықтар, еуропалықтар сияқты  ашық  түсті қолдана бермейміз. Қою күңгірт түстер тазалыққа кереғар болса да, қараңғылықтың өзіндік əдемілігін көрсеткіміз келеді» дейді. Бұл арқылы эстетикалық талғамының ерекшелігін көрсетіп, Шығыс елінің табиғаттың барымен қанағаттанып, соны тиімді пайдаланатынын мойындайды. Əдемілік сезімі өзгеріссіз тұра берген жоқ, адам сезіміне сай өзгеріп отырды. Түстер өзгергенімен, оның түбірі сақталды. Сол кездегі Жапон ақыны Кавабата Хэйан кезеңіндегі əйелдерстилінжоғарыбағалап, оныгүлгетеңейді.

«Гүл – жазды күні жапырақтардың арасынан нəзік бастарын көтеріп, айналасындағыларды өзінің əдемілігімен баураса (моно но аварэ), Хэйан дəуіріндегі əйелдер де сондай сезім сыйлады» дейді.

Хэйан кезеңінде Х ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басында, мəдениет гүлденген тұста сезімталдық – жапондықтарға тəн мінездемеге айналды. Сонымен қатар моно-но аварэ, яғни заттардың баурауы, мəдениеттің ерекшелігі болды.

Материалдық  мəдениет:  мүсін  өнері. Бұл  кезеңде  мүсін  өнерінде  бірқатар  дамулар байқалды. Мысалы, синтоистік мүсін бейнелері, оның ішінде Хатиман құдайы, Накацухимэ,император Дзингё т.б. бейнелері. Кюсю жəне Хонсю аралдарында алғаш жартасты рельефтер пайда болды. Олар: будда құдайлары, сол жердің қорғаушылары. Шіркеу композициясы да өзгерді: енді орталық бөлігіне көпбасты, көпқолды құдай бейнелері тұрғызылды. Мүсін өнерінің тамаша үлгісі ретінде Кансиндэн шіркеуіндегі Нёирин Каннон мүсінін айтса болады. Осы кезеңдегі ең  маңызды  болып  буд-  да өнерінің дамуында мандалдар есептелді. Мұның композициясы бойынша ортада негізгі құдай Дайнити Нёрай орналасса, оны айнала көптеген басқа құдайлар қоршады. Сонымен қатар жібекке жазылған жыр жолдары, шіркеу қабырғаларына жазылған графикалық бейнелер шіркеу құрылымын жабдықтап тұрды.

Сəулет өнері. Хэйан кезеңіндегі жаңа астананың құрылысы бай сəулет өнерінің дамуына септігін тигізді. Сол уақытта аристократтардың бай өмірін танытқан синдэн дзукури стилі қалыптасты. Осындай стильдің классикалық үлгісіне Хэйанкедегі Дайри император сарайын жатқызуға болады. Мұндай зəулім сарайлардың ауласында тоғанды, аралды бақша орналасты.

Діни синкретизмнің дамуы будда шіркеулерінің құрлықтық сəулетінің бұзылуына əкелді. Нара кезеңіндегі ашық кеңістікте салынған құрылыстың орнына құрылыс арнайы орны белгіленген жерлерде салына бастады. Мысалы, тау бөктерінде салынған Тэндай мектебінің басты шіркеуі Энрякудзиді айтса болады. Сəулет өнері жергілікті рельефке сай  дамы-  ды. Сəулет құрылыстарын салуда əдемі жерлер таңдалды. Оның көрінісі көбінесе шіркеулердің құрылысынан көрінді. Бақша  мен  шіркеудің төр жағы біртұтасып, сол жердің əдемілігін айқындап тұрды.

Бейнелеу өнері. Хэйан кезеңіндегі бейнелеу өнерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі орын алды. Оған Будда шіркеулеріндегі аспан тұрғындарының бейнесінің артына табиғатты бейнелеуі дəлел бола алады. Мысалы: ағаш, тау, гүл, т.б. Бұрынғы монотонды Құдай бейнелері емес, жаңа ұлттық бейнелеу стилі қалыптасты.

Соныменқатарəдебиеттегіпрозалар мазмұны бейнелеу өнерімен де сабақтасып жатты. Мысалы, «Гендзи жыры» пайда болғаннан 100 жылдан соң суретші Фудзивара Такаеси осы туындыны картина ретінде салған болатын. Ол сол романның кейбір эпизодтарынан үзінді ретінде келтірілген шығарма болатын. Суретшінің туындысынан шығарманың мазмұнын, оның сызық бейнелерінен образдарды ұғынуға болады.

Мəдениеттің «алтын ғасырында» «ямато э» (жапондық сурет) деген термин пайда  болды. Ол «Кара э» (қытай суреті) терминіне кереғар еді. Бейнелеу түрі іс-əрекетке емес, сезімге негізделген, тыныштықта əуен сазымен бейнеленгендей əсер қалдырады. «Ямато е»-нің стилистикалық ерекшелігі діни өнерде көрінді. Оның символикалық түстері, графикалық берілуі XI ғасырдағы Феникс павильонындағы діни жəне ақсүйектік бейнелердің ұштасуынан көрінеді. XII ғасырда ұлы шедевр туындысы ретінде мойындалған пілдің үстінде бейнеленген Фугэн құдайы бейнесі – əдеміліктің, нəзіктілік пен сыршылдықтың кейпі болды.

Ұлттық киімдер. Хэйан кезеңінде  (IX  –  XI ғғ.) ұлттық киім  ретінде  кимонолар  жасала бастады. Осыған дейін 2000 жылдай уақыт бойы жапондықтар Қытайдың Сун мен Тан сарайларының киім үлгілерін  көшірген  бол-  са, енді өзіндік нақышқа бейімделді. Хэйан кезеңіндегі əйелдер өмірінде киім маңызды əрі басты рөлді атқарды. Киім, оның түсі, матасы арқылы адамның қоғамдағы орны, оның қадірқасиеті көрінді.Тіпті əдебиетте де сол кездегі ақсүйектердің киімдерін сипаттап көрсету арқылы бай мазмұнын ұғынуға болатын. Хэйандық ақсүйектер үшін киім қоғаммен қарым-қатынас негізінде жоғары бағаланды. Əйелдер киімнің түстерін сəйкестендіре білді. Əртүрлі түстерден бір комбинация жасау сол кездің адамдарына тəн қасиет болатын. Кейін мұндай комбинацияны құрау 300 жылдай уақытқа созылды. Сонымен қатар кейбір түстерге шектеу қойылды (Кинджики). Тек жоғары шендегі адамдарға арналған түстерді басқаларына қолдануға тыйым салынатын. Хэйандық ер адамдардың негізгі киімдері сокутай, икан, ноши жəне карагину.  Сокутай ең жоғары шендегі императорлар ғана кие алатын салтанатты киім болды. Икан – мерекелік шараларда киілетін жоғары шендегілер киетін киім. Ноши – күнделікті тұрмыста ақсүйектер киетін киім. Карагину ақсүйектер кезінде аңға шыққанда киген [8, 265 б.].

Хэйандық аристократтық мəдениет үлгілері рухани жағынан болсын, материалдық жағынан болсын ұлттық ерекшелікке толы болды. Мінездемесі, мазмұны жағынан Хэйандық мəдениет аристократ өкілдерінің құндылығына негізделген. Білім деңгейінің көтерілуі, осы салада қыруар шаралар жүргізуі, сол кездегі білімге дегенқұштарлықтың, оқуға дегенынтаныңолуы сол заманның зиялы адамдарын қалыптастырды. Сол кездегі императордың білім саласындағы шарасы – стипендияның, «кангакудэн»-нің өсуі. Осы дəуірдің ең үлкен жаңалығы – төл жазудың пайда болуы, жапондық əліпбиде жазылған шығармалардың  жарық  көруі  еді. Мəдениеттің алтын   ғасырында»   əдебиетте   жаңа жанрлар повесть, роман, күнделіктер сияқты түрлері дамыды. Жəне де бұл жағдай əдебиетте озық туындылардың жазылуына əкелді. Əлемдік шедеврлердің қатарына қосылған туындылар осы Хэйан кезеңінде жазылған еді. Күні бүгінге дейін ондай озық шығармалар жазылмаған деседі. Музыканың дамуы да қатар жүрді. Жапониядағы оқшауландыру саясаты өзіндік музыкалық шығармалардың  қалыптасуына əсер етті. Сол кезде ұлттық дəстүрлі музыкаға қызығушылық танытылды. Синтоистік үлгідегі қытай, корей музыкалары да болды.

Осы заманда жапондық дəстүрлі эстетикалық талғамның қалыптасуы мəдениетте өз ізін қалдырды. Хэйан кезеңінде Х ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басында, мəдениет гүлденген тұста сезімталдық – жапондықтарға тəн мінездемеге айналды. Сонымен қатар моно-но аварэ, яғни заттардың баурауы, мəдениеттің ерекшелігі болды.

Материалдық мəдениет ескерткіштері: мүсін, бейнелеу, сəулет өнеріндегі ескерткіштер ерекше құндылық жүйесімен жасалып, өз заманының бейнесін айғақтағанына көз жеткізуге болады. Хэйан кезеңіндегі бейнелеу өнерінде табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі орын алды. Сонымен қатар əдебиеттегі прозалар мазмұны бейнелеу өнерімен де сабақтасып жатты. Хэйан кезеңіндегі жаңа астананың құрылысы бай сəулет өнерінің дамуына септігін тигізді. Сол уақытта аристократтардың бай өмірін танытқан синдэн дзукури стилі қалыптасты. Бұл кезеңде мүсін өнерінде бірқатар дамулар байқалды. Олар: будда құдайлары, сол жердің қорғаушылары. Шіркеу композициясы да өзгерді: енді орталық бөлігіне көпбасты, көпқолды құдай бейнелері тұрғызылды. Осы кезеңдегі ең маңызды болып будда өнерінің дамуында мандалдар есептелді. Сонымен қатар жібекке жазылған жыр жолдары, шіркеу қабырғаларына жазылған графикалық бейнелер шіркеу құрылымын жабдықтап тұрды. Хэйан кезеңінде (IX–XI ғғ.) ұлттық киім ретінде кимонолар жасала бастады. Олардың өзіндік нақышпен əрленуі түстері мен сапасынан көрінді.

Жалпы қай жағынан болмасын, Хэйан дəуірінде мəдениет гүлдену, жаңа сатыға көшуді бастан өткерді. Хэйан дəуіріндегі астана – Хэйан қаласы(қазіргі Киото) бүгінгі күннің өзінде сол тарихи ескерткіштерге толы бай мəдени қала.

Хэйан кезеңіндегі мəдениет тарихта аристократтық мəдениеттің «алтын ғасыры» деген атпен қалды. Себебі Хэйанға дейінгі кезеңдерде Қытай үлгісіндегі мемлекет ретінде өмір сүрсе, Хэйан кезеңінде өзіндік ұлттық стиль пайда болды. Оны мəдениеттің əрбір қырынан байқауға болады. Жапондық ұлттық құндылықтың негізіндегі, білімнің жоғары деңгейіндегі мəдени мұралар əлемге танымал бола бастады. Эстетикалық талғаммен, бай мазмұнмен жазылған шығармалар сол кезеңнің келбетін танытқан мəңгілік ескерткішке айналды. Хэйан дəуірінде жазылған керемет туындыларға мынадай сапалық қасиеттер тəн: Хэйан кезеңінің философиясы мен əдебиеті көркем əдеби стилі жағынан классикалық сарынымен, формасының өңделуімен, мазмұнының құндылығымен ерекшеленеді. Осындай мəртебеге ие болған бұл мəдениет қазіргі кезеңде де, болашақта да өз нақышын жоғалтпайды деп айтуға болады.

 

Əдебиеттер

 

  1. Конрад Н.И. Древняя история Японии. Избранные труды. История. – М., 1974. – С.73.
  2. Сей-Сёнагон. Записки у изголовья / пер с древнеяп. В.Н. Марковой // Классическая японская проза XI-XIV веков. – М., 1988. – С.
  3. Жуков Е.М. История Японии. Краткий очерк. – М., 1974. – С.117.
  4. Джоан Скотт Гендер. Полезная категория исторического анализа // Введение в гендерное исследование. – Харьков, СПб., 2000. – С.
  5. Мещеряков А.Н. Лирические дневники // Тысяча журавлей: Антология японской классической литературы VIII – XIX вв. – СПб.,– С.184.
  6. Григорьева Т.П. Следуя кисти // Классическая японская проза XI-XIV веков. – М., 1988. –
  7. Иофан Н.А. Из истории японской музыки VII-IX вв. – Искусство Японии. – М., 1965. – С. 54.
  8. Дж.Б. Сэнсом. Япония: краткая история культуры / пер. с англ. Е.В. Кириллов. – М.: Евразия, 1999. – 576 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.