Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иран ядролық бағдарламасының тарихи ретроспективасы

Иран ядролық бағдарламасы – соңғы он жылдан астам уақытта қазіргі қауіпсіздікке қатер туғызатын жəне бүкіл ядролық қару таратпау тəртібінің дағдарысына тікелей байланысы бар, халықаралық қауымдастықтың күн тəртібінен түспейтін өзекті де өткір мəселе. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 2003 жылы өткізген қосымша тексерістер барысында Иран Ислам Республикасы бейбіт атом энергетикасыменқатар, ядролыққарудыжасауғанегіз болаалатын толық ядролық жанармай циклін қарқынды құру үрдісін жүзеге асырып отырғанын анықтады. Осындай мəлімдеме, əрине, Тегеранға бейбіт ядролық бағдарламасымен өзінің шын ниеттерін бүркемелейтін мемлекет ретінде күдік түсірді. Ядролық қаруды құру – 2003 жылдан бері ұдайы халықаралық қауымдастықтың Тегеранға тағылатын жəне Иран мемлекетінің басты тұлғаларымен жоққа шығарылатын айып. Дегенмен Иранның осы мəселеге қатысты ұстанымы тұрақты əрі айқын жəне уақыт көрсеткендей, мемлекет үшін едəуір тиімді болып келеді. Бір жағынан, Тегеран Ядролық қаруды таратпау туралы Шарттың негізгі қағидаларына сəйкес саясатты жүзеге асырып отыр жəне  осыған  орай аталған құжаттың IV  бабына  сəйкес  өзінің бейбіт ядролық энергетиканы дамытуға құқығын пайдаланғысы келеді. Екінші жағынан, Иран  ядролық бағдарламасына қатысты көптеген нормативті-құқықтық айғақтары бар халықаралық қауымдастықпен диалог орнатуға сырттай дайын екеніне қарамастан, Иран Ислам Республикасы толық ядролық жанармай циклін құру жобасынан бірде-бір қадам кері шегінбеді.

Иранның қазіргі кездегі ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасының негізі Шах кезеңінде (1950 жылдар басы – 1970  жылдар аяғы) салынған еді. Иран Ислам Республикасының атом бағдарламасы 1957 жылы АҚШ-пен «Бейбітшілік үшін атом» атты бағдарлама  шеңберінде  атом  энергиясын бейбіт пайдалануда ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қоюдан бастау алады [1]. Бұл келісімге сəйкес, Вашингтон Иранға ядролық энергетика саласын дамытуға қажетті ядролық қондырғылар, құрал-жабдықтар жеткізу мен мамандарды дайындауға міндеттенді. Иран шахы Мохамед Реза Пехлеви экономикалық кешенді əртараптандыру бағдарламасының басты бағыты ретінде атом энергетикасын дамытуды мақсат етті. Бұл, əрине, сол кездері Кеңестік үкіметтен төнген сыртқы қауіптен қорғану жəне Парсы бұғазында аймақтық көшбасшы рөліне ие болу ниетіне тікелей байланысты. Иранның ядролық бағдарламасы толығымен шетел серіктестеріне сүйенген деп  айтсақ,  қателеспейміз.  1967 жылы АҚШ Тегеран ядролық ғылыми-зерттеу орталығына 5 МВт қуаты  бар реакторды жеткізіп, оның іске қосылуы 1968 жылы жүзеге асырылды. Ядролық жанармай ретінде 93 % деңгейінде байытылған уран, яғни іс жүзінде ядролық қару-жарақ материалы пайдаланды [2]. Осылайша, Ирандағы атом энергетикасын дамыту үшін ғылыми-техникалық база қалыптасу үдерісі басталды.

Осы жерде айта кететініміз – 1970 жылдардың ортасында АҚШ Иранядролық энергетикасын дамыту бағдарламасына еш қарсылық көрсетпеді, тіпті Иранның тұйық ядролық жанармай циклін құруына қарсы пікір айтпады. АҚШ ұлттық қауіпсіздік Кеңесінің құжаттарына сүйенсек, Иран жағына жоғарыда атап көрсетілген көмекке қоса ядролық жанармай циклін құруға қол ұшы ұсынылды [2].

Атом энергетикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 1974 жылы Иранның ядролық энергиясы жөніндегі Ұйымы құрылған. Ұйымның жарғысына сəйкес, оның негізгі функциялары:

  • елдің энергетикалық мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында ядролық энергияны пайдалану;
  • атом реакторларын салуға қажетті технологияларды игеру;
  • тұйық ядролық жанармай циклін құруға қажетті технологияларды игеру;
  • «ядролық» технологияларды өндірістік, ауылшаруашылық жəне медициналық мақсаттарда пайдалану;
  • адам мен қоршаған ортаны радиация əсерінен қорғау [3].

1974 жылғы ядролық энергетиканы дамыту жоспары бойынша Иранды ядролық технологиямен жабдықтаушы елдер болып АҚШ-пен қатар Франция, ГФР болу керек еді. Франция, ГФР, АҚШ елдерімен осыған байланысты келісімдер 1974-1977  жж.  жасалды  [4].  1974  жылы Иран «Eurodif» халықаралық консорциумнан 1 млрд. долларға Трикастанда (Франция) салынып жатқан уранды байытатын газодиффузиялық зауыттың 10%-дық акция пакетін сатып алып, нəтижесінде Иран 1000 МВт қуаты бар 8-10 дана ядролық реакторы үшін жыл сайын уранды байыту мүмкіндігіне ие болды. Келісім нəтижесінде Иран зауыт өнімін сатып алу мен консорциум дамытатын жаңа байыту технологиясына қол жеткізуге мүмкіндік алды [5]. АЭС-ті салу бойынша Иранның ядролық энергиясы жөніндегі Ұйымы мен «Крафтверк  Юнион» батысгермандық фирмасы арасындағы алғашқы келісім де 1974 жылы жасалды. Бұл құжатқа сəйкес, қуаты  1300МВт  екі  реакторы бар АЭС-ті Иранның оңтүстігінде, Бушер-  ге жақын жерде орналастыру жоспарланды [1,565-563 б.]. 1976 жылдың қазан айында Тегеран қаласында Франция президенті Жискар д’Эстен өндірістік жəне экономикалық даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі франко-иран келісіміне қол қойды [1, 562-б.]. Бұл келісім шеңберінде Иран территориясында жоспардағы АЭС құрылысында Францияның қатысуы қарастырылды. Иран мамандарының бірқатар Африка елдерімен (Нигер, Габон, Замбия) келіссөздер жүргізудің жемісі ретінде Иран 700 млн. долларға Намибияда уран кенішін дамытатын «Rossing Uranuim Ltd» компаниясының 15%-дық акция пакетін сатып алды [ 5, 37-б.].

Көптеген Ирандық мамандар ядролық физика саласы бойынша АҚШ пен  Батыс  Еу-  ропа – Бельгия, Ұлыбритания, Батыс Германия, Италия, Швейцария мен Францияда білім алып, дайындалды. 1974 жылы Исфаханда француз мамандарының қатысуымен Ядролық зерттеу Орталығын салу жұмыстары қолға алынды [6]. Ал америкалық жетекші техникалық университеттің бірі – Массачусетс технологиялық университетінде атом энергетикасы саласындағы иран мамандарын дайындайтын арнайы бағдарлама жүзеге асырылды [7].

Энергетикалық базаны əртараптандыруды 1994 жылға дейін жүзеге  асыру  жоспарлан-  ды. Алайда 1978-1979 жж. Иран Ислам Ресбупликасында орын алған революция салдарынан ядролық энергетика жөніндегі жоба мақсаттарының көбісі жүзеге аспай, жұмыс тоқтатылды.

Осыдан бастап елдің ядролық бағдарламасында   екінші   кезең   –   Ислам революциясы мен  «хомейнизация»  үдерісі  басталды. Елдің ядролық инфрақұрылымы əлі де болса бастапқы жағдайдан алысқа ұзап кетпеді. Тегеранда студенттердің америкалық елшіліктің  52 қызметкерін кепілге тұтқындау салдарынан Иран-АҚШ дипломатиялық қатынастардың үзілуі елдің атом энергетикасын дамытуын біраз уақытқа тоқтатты [8]. Иранға атомдық энергетиканы дамыту бағдарламасы туралы 1980 жылдардың соңынан – сегізжылдық иран-ирак соғысы  аяқталғанға  дейін  ұмытуға  тура келді.

Елдегі қаржы тапшылығы да атом энергетикасын дамыту бағдарламасын одан əрі жалғастыруға еш мүмкіншілік бермеді.

АҚШ-пен қарама-қайшылықтың, сонымен қатар иран-ирақ қақтығысы деңгейінің өсуі салдарынан Иран Ислам Республикасының бұрынғы президенті А.А. Хашеми-Рафсанджани қол қойған  құпия  директива  жүзеге   аса  бастады, ол бойынша ядролық қаруды иемдену – Тегеранда исламдық тəртіпті сақтап қалудың басты кепілі. Иранда атом кешенін қайта инвестициялау қажеттілігі келесі факторларлармен түсіндірілді:

  • Бағдадты екі алып державаның қолдауы, əсіресе озық технология мен қару-жарақпен жабдықтау мəселесі;
  • Ирак əскерлерінің  нəтижелі  жəне «жазықсыз» химиялық қаруды қолдануы;
  • Бушер АЭС құрылысына бірнеше миллиард доллардың салынуы (5,3 млрд неміс маркасы немесе 1,4 млрд. доллар) [9].
  • Экологиялық мəселелер немесе қауіпсіздік шараларына сəйкес көміртек отынын пайдалана алмау оған толық тəуелділіктегі елді энергетикалық дағдарысқа апарады;
  • 2010 жылға қарай Ирандағы электрэнергиясын тұтыну деңгейінің өсуі салдарынан мұнай өндірісі тек ұлттық мұқтаждықтарға бағытталып, экспорттауға жағдайы болмайды [10].

1982  жылы  Иран  Мəжілісінің   спикері А.А.  Хашеми-Рафсанджани  өз мəлімдеуінде «Иран «техникалық тəуелсіздікке қол жеткізу керек» деген болатын. 1983 жылы соғыс барысында ирак авиациясы шабуылдарының Бушердегі салдарларына баға беріп, құрылысты аяқтау мүмкіндіктерін зерттеу үшін неміс мамандары шақырылды. АЭС құрылысын аяқтау жолдарының бірі – Аргентина, Испания, ГФР компанияларынан тұратын халықаралық консорциумның көмегін сұрау. Алайда АҚШ-тың Еуропа елдеріне  деген  қысымы  салдарынан бұл жобаның іске аспайтындығы алдын ала белгілі болған. 1984 жылғы АҚШ Конгресінің технологияларға баға беру Басқармасының баяндамасында «Иранның жаңартылған ядролық бағдарламасы революцияға дейінгі негізі салынған техникалық базаға ғана сүйенетін болады» деп  белгіленді.  Осыған  орай,  Иран  өз бетінше ядролық қару-жарақты жасауға қабілетсіз деп танылды.

1980 жылдардың екінші жартысында Иран еуропалық елдермен  байланыстарды  толық деңгейде қайта орнатудың мүмкін еместігін түсініп, ядролық салада шамалы дамыған елдермен қарым-қатынас орнатуға бет бұрды. Сонымен қатар Иран ядролық технологияларға ие болу үшін қара нарық қызметіне арқа сүйгені туралы мəліметтер бар. 1987 жылы Иран мен Пəкістан уранды центрифугалық байыту саласында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды. Нəтижесінде Иран 1995 жылға қарай Р-1 центрифугаларының 500 данасын иеленді [5, 4244 б.].

1992 жылы қыркүйек айында Иран мен Қытай арасында атом энергетика саласында ынтымақтасу жөнінде хаттамаға қол қойылды. Оған сəйкес, Қытай Исфахандағы Ядролық зерттеу орталығына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған ядролық қондырғылар мен құрал-жабдықтарды жеткізді. Сонымен қатар Бушерде 300 МВт  қуаты  бар екі жеңіл су реакторларын салу жөніндегі келісім жасалды [1, 495-б]. Алайда кейін АҚШ Қытайды бұл келісімнен бас тартуға мəжбүрледі. Ядролық зерттеу саласындағы Иранның тағы  бір жаңа серіктесі болып Ресей табылды. 1992 жылы жасалған «ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда пайдалану туралы» келісімде Иранға зерттеу ядролық реакторларын жеткізу, бірлескен ғылыми зерттеулер жасау, техника мен медицина үшін изотоптар өндіру, сонымен қатар иран жағы үшін мамандар дайындау мəселелері қарастырылды.1995 жылы тамыз айында Иран иен Ресей арасында 2001-2011жж. Бушерде салынып жатқан реактор үшін Иранға жалпы сомасы 300 млн. долларға жететін ядролық отын жеткізу жөніндегі келісімге қол қойды [6, 8-11 б.]. Ядролық энергия саласындағы Ресей-Иран ынтымақтастығына сараптама жасай отырып, бүгінгі күнге дейін бұл екі ел арасында ядролық өнімдердің «қауіпті» санатына жатпайтын жобалар ғана жүзеге асырылған деген қорытынды жасауға  болады.  Əскери  мақсатта   пайдалана алатын басқа технологиялар иран жағына берілмейді. Яғни ынтымақтастық Ресейдің ұлттық заңнамасына, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Шартқа сай Ресейдің халықаралық міндеттеріне жəне ядролық жеткізушілер тобының (экспорттық бақылау бойынша) бақылау тізіміне қатаң негізделіп, жүзеге асырылады [11].

Шах кезеңіндегі Иранның ядролық қаруды таратпау  мəселесінде  жағымды бейнеге  ие болғанымен, 1970 жылдардың ортасына таман АҚШ пен Израиль тарапынан Иранның уранды лазерлік байыту мен плутонийды шығару жұмыстарына байланысты декларацияланбаған қызметін аңғарып қойған.

АҚШ пен Израиль тарапынан түскен айыптауларға  жауап  ретінде   Иран 1992-  1993 жылдары Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің мамандарын шақырып, олар қажет деп  шешкен  объектілерде,  тіпті  бұл объектілер ұйым мен Иран арасындағы келісімдерде кепілдіктер нысаны болмаса да, тексеріс жүргізуге рұқсат берді. 1992-1993 жылдары өткен Агенттіктің сапарлары нəтижесінде ұйым «Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы жөніндегі мəлімдемелерге қарсы еш іс-əрекет табылмады» деген ресми мəлімдеме жасаған болатын.

Иран ядролық қару шығарушылардың қытай мен пəкістандық əріптестермен ынтымақтастығы жөнінде 2002 жылдың тамызында ғана белгілі болды. Режим оппозициясы – Иранның қарсыласу Ұлттық Кеңесі Натанздегі уранды байыту зауыты, Аракта ауыр су өндірісі зауыты бойынша мəліметтерді халыққа естітіп, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кезекті сапарына себепші болды. 2006 жылдың ақпан  айында  келген  агенттік   сарапшылары  Иранның   атом  энергетика саласында «жетістіктерге» жеткенін айтып өтіп, алты қатаң бұзушылықты ашты:

  • 1991 жылы Қытайдан табиғи уранды эскпорттауы (түрлі формалар мен қоспаларда – 1800 кг);
  • Импортталған шикізаттың уранды конверсиялаумен байланысты технологиялық үдерістердің сынақтан өткізуі үшін пайдалануы;
  • 1999 жəне 2002 жылдары гексафторидті Р-1 центрифугаларын сынақтан өткізу мақсатында импортталған 1,9 кг уран  қолдану,  бұл тəжірибелер кезінде байытылған уранның өндірілуі;
  • 50 кг металл уранның экспортталуы мен бұл көлемнің 30 кг 1999-2000, сонымен қатар 2002-2003 жылдары уранды лазерлік байыту бойынша тəжірибелерде қолдану;
  • Импортталған табиғи уранды байыту үдерісінде қолданылатын уран фторидтерін өндіруде қолдану;
  • Тегеран зерттеу орталығында урандық нысаналардан плутонийді  бөліп  шығару, сонымен қоса бұл тəжірибелер нəтижесінде ядролық қалдықтарды өндіру.

Осыдан басқа Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікте жаңа ядролық объектілердің құрылуы туралы ақпаратты дер кезінде бермеді. Бұл мəселелер Иранның Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді сақтау мен агенттікпен кепілдіктер жөніндегі келісімді сақтауы туралы мəселені  көтерді. 2003 жылы маусым айындағы Агенттіктің баяндамасында   Иран   Агенттік    алдындағы өз міндеттемелерін жүзеге асырған жоқ деп көрсетілген. Алайда Агенттік АҚШ-тың қысымына қарамастан, БҰҰ ҚК Иранның ісін бермеуге шешім қабылдады. 2003 жылдың 19 маусымында Агенттік Иранды толыққанды ынтымақтастыққа шақыратын мəлімдеме қабылдады.

2003 жылы Иранның ядролық бағдарламасының нығаюын болдырмау мақсатында Ұлыбритания, Германия мен Франция Иранға бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаны дамытуда техникалық ынтымақтастықты ұсынды. Иран өз кезегінде Агенттікпен ымыраға келіп, қосымша хаттаманы іске асыруды ұсынды. Алайда бұл бағдарламадан еш нəтиже шықпады. 2005 жылы Иранның билік басына келген М. Ахмадинеджад уранды байыту жұмыстарын қайта жаңғыртты. Осылайша, Ұлыбритания, Франция жəне Германия Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы дағдарысты шешуге тырысу еш нəтиже бермеді.

Қажет құжаттаманың дер кезінде өткізілмеуі, халықаралық тексерушілерді кіру рұқсатына байланысты мəселелер, қатаң риторика басқа державаларды Иран мəселесін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қарауына берумен келісуге мəжбүрледі. 2005 жылы қыркүйекте Агенттік Иранның 1974 жылғы 15 мамырдан шыққан кепілдіктер жөніндегі келісім бойынша міндеттемелерін бұзғаны жөнінде мəлімдеме жасап, резолюцияны қабылдады. 2006 жылы шілде айында БҰҰ ҚК ұйым Жарғысының VII тарау 41-бабына сəйкес шараларды қолдануды қарастыратын №1696 Резолюцияны қабылдады. Сонда да Иран басшылығы келіспеушілігін танытып, соның салдарынан ҚК Тегераннан Агенттікпен мəселелерін шешуді жəне уранды байыту бойынша бағдарламаны тоқтатуды талап ететін тағы бірқатар резолюциялар 1696  (2006), 1737 (2006), 1747(2007), 1803(2008), 1835 (2008) жəне 1929(2010) қабылдауға тура келді. Иран бұл резолюциялардан бас тарта отырып, БҰҰ мүшесі ретінде өзінің міндеттерін бұзды. Осыдан бастап жыл сайын дерлік Иранға қатысты резолюциялар қабылданып, санкциялар жылданжылға қатаң болып келеді[5, 50-53 б.].

Иран ұлтшылдары ядролық қаруға ие болуды тəуелсіздіктің, абырой мен Иранның басқа алып державалар мен өркениеттермен тең құқыққа ие болу кепілдігі ретінде қарастырады [12].

Иранның қазіргі кезде ядролық саладағы ғылыми-техникалық базасы аймақтағы елдердің (Израильден басқа) арасында ең қуатты бо-  лып, үш негізгі ядролық орталықты құрайды: Тегеран университеті аясындағы Тегеран ядролық ғылыми-техникалық орталық; Исфахан ядролық зерттеу орталығы; Караджадағы ауыл шаруашылық пен медицина ядролық зерттеу орталығы. Сонымен қоса уран кен орны – Йезд провинциясы мен Бушердегі АЭС-та да зерттеу жұмыстары жүзеге асырылады [13] .

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік баяндамаларына сүйенсек, Иран ядролық бағдарламасының əскери сипатқа ие екендігінің дəлелі – Иранның агенттікпен ешқашан толыққанды ынтымақтастыққа түспегені [14].

Иран ядролық бағдарламасы айналасындағы дауды жаңа белеске көтерген – Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің қарашада жариялаған атышулы баяндамасы. 2011 жылы қарашаның 8-і күні Агенттік жариялаған 25 беттен тұратын ресми баяндамасында Иран 2003 жылдан бері ядролық қару жасауға бағытталған жұмыстар жүргізген деген қорытындыға келген еді [15]. Əсіресе 2008-2009 жылдары Иран ғалымдары ядролық оқтұмсық жасауға ден қойған. Қазір де сол жолдан тайынбай отыр. Тіпті компьютер арқылы жобаларын сызып, жерасты сынақ алаңдарын да даярлаған. Осыдан кейін Батыс елдері Иранға қарсы санкциялар күшейтетінін жариялаған. Жауап ретінде Иран шығанақтағы мұнай қоры сақталған, əлемнің мұнай жеткізуінің 40%-ына тиесілі Ормуз бұғазында онкүндік əскери теңіз жаттығуларын өткізіп, 2012 жылдың 1 қаңтарында Тегеран «Гадер» жəне «Наср» атты екі зымыранды сынақтан өткізген  болатын.  Сарапшылардың  айтуынша, «құрлық-теңіз» тобына жататын «Гадер» – 200 шақырымдық, ал кемеге қарсы оқ ататын зымырандар қатарындағы «Наср» 35 шақырымдық қашықтықты   бағындырады.   Батыс пен АҚШ сынақтан өткізілетін ирандық зымырандардың қуаты 200 шақырыммен шектелмеуі мүмкін деген қауіп айтады. Иран билігі егер Батыс елдері Иранды мұнай секторына қарсы санкцияларымен қорқыта беретін болса, Ормуз бұғазын жауып  тастайтындығын  бірнеше  рет  қайталады.

«Ормұз бұғазын жабу – бір стакан су ішкеннен оңай» [16]. Бұл – Иран Əскери теңіз күштерінің қолбасшысы, адмирал Хабиболла Сайяридің Вашингтонға жасаған ескертуі.

Үстіміздегі жылдың басынан бастап Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Иранға тексерістер өткізіп, ядролық жұмыстарының əскери мақсатқа бұрмалануы-бұрмаламауын   бақылап   отырады.   Иран   Бірік-   кен Ұлттар Ұйымының тексерушілеріне ел астанасының оңтүстігіндегі Парчин əскери нысанына баруға тыйым салды. Ислам Республикасына 2 рет барып, тексерушілер өткізуге талпынған келіссөздер ешқандай нəтиже берген жоқ. 29 ақпан күні Агенттік спутник арқылы жасалған суреттерден Парчиндегі ядролық объектіде «белсенді іс-əрекет» жүзеге асырылып жатыр деген мəлімдеме жасап, Иран билігінен тексерушілерді осы ядролық объектіге кіргізуді талап етеді. Бұл мəселе Вена қаласында 5-9 наурыз аралығында өткен АҚХА Басқарушы кеңесінің маусымдық отырысында талқыланған. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктегі Иранның өкілі Тегеранның Агенттікпен ынтымақтастықты жалғастыруға əзірлігін қуаттап, істің шеңбері мен тиісті шаралары туралы келісілгеннен кейін Агенттік инспекторларына Парчин нысанын аралауға рұқсат етіледі деді [17]. Сонымен қатар Иран ядролық бағдарламасын талқыға салу мақсатында сəуір күні Түркия астанасы Стамбулда, мамырдың 23-24 күні аралығында алтылық пен Иран арасында келіссөздер жүргізілді. Алайда бұл келіссөздер мəселені шешуде айтарлықтай ілгерілеуге əкелмеді.

Бүгінде Иран «ядролық табалдырыққа» тіреліп, одан аттап өту немесе шегінуіне жаһандық пен аймақтық сыртқы факторлар шешуші рөлге ие болып отыр. Иранның атом энергетикасы саласындағы мақсаты – болжам бойынша, «бесминуттық дайындыққа» қол жеткізу. Яғни Тегеран ресми түрде келісімді бұзбай,  уранды  байытуда  өз   мүмкіндіктерін ең жоғарғы  деңгейге  жеткізуге  тырысады.  Бұл Иранға Батысқа қарсы күштер балансын ұстап тұруға, сонымен бірге мəселенің  ушығуы жағдайында – қысқа мерзімде ядролық қаруды жасауға мүмкіндік береді. Қалай болғанда да, Иран ядролық бағдарламасының айналасындағы жағдай қайшылықтарды одан əрі тереңдетіп, бүгінгі жағдайда мəселелер ядролық қаруды таратпау тəртібі шеңберінде дипломатиялық жолмен шешілуі қиынға соғатыны айқын.

 

Əдебиеттер

 

  1. Iran Nuclear Chronology// Nuclear Threat Initiative – С. 570 http://www.nti.org/media/pdfs/pdf?_=1316542527
  2. NSSM 219 – S.-Iran Agreement on Cooperation in Civil Uses of Atomic Energy – National Security Study Memorandum (NSSM) 219 / National Security Council. – С. 569 http://www.ford. utexas.edu/library/document/0310/nssm219.pdf
  3. Mohamed Sadegh Iran Replies to the Risk Report; Denies It Wants the Bomb //Wisconsin Project on Nuclear Arms Control http://www. wisconsinproject.org/countries/iran/denies.html
  4. Iranian Nuclear Weapons? The Uncertain Nature of Iran’s Nuclear Programs// Center for Strategic and International Studies – С. 21-22 http://csis.org/files/media/csis/pubs/060412_iran_pdf
  5. Московский центр карнеги. Глава Ядерная программа Ирана – незаконченная исто-  рия – С. 36 http://www.carnegieendowment.org/ files/12398nuclear_threshold_russian.pdf
  6. Хлопков А. Иранская ядерная программа в российско-американских отношениях. – ПИРЦентр   Политических   исследований   в России
  7. С. 6 http://www.pircenter.org/data/publications/pdf Anthony H. Cordesman and Khalid R. AlRodhan. Iran’s weapons of mass destruction: the real and potential threat – Center for Strategic & Intl Studies – С. 100 http://books.google.kz/books?id=d Zy0nElLHJsC&pg=PA100&lpg=PA100&dq=iran+ nuclear+program%09Massachusetts+Institute+of+ Technology&source=bl&ots=XnESDRuN_I&sig= ueGTkc68RJXIIYIpZt9LMWZ06ME&hl=ru&sa= X&ei=1wkzT57EE4eR-waSr-3OBQ&ved=0CEQQ 6AEwBTgK#v=onepage&q=massa&f=false
  8. S. Department of State – http://www.state. gov/r/pa/ei/bgn/5314.htm.
  9. Хлопков А., Луткова А. Почему так долго строилась Бушерсакая АЭС?* – Центр энергетики и безопасности http://ceness-russia.org/data/ doc/10-0821%20Bushehr.pdf – С.2.
  10. Iran Replies to the Risk Report; Denies It Wants the  Bomb  January-February  1996  –  http://www.iranwatch.org/wmd/wmd-nucleariranresponse-1996.htm.
  11. Угрозы режиму нераспространения ядерного оружия на Ближнем и Среднем Востоке / Под ред. А. Арбатова, В. Наумкина. – Carnegie   Endowment    for    InternationalМ., 2005. – С. 18 http://carnegieendowment.org/files/9380arbatov4.pdf
  12. Тимербаев Р. Ближний восток и атомная проблема// Ядерный контроль. – № 3 (69). – Том Осень 2003. – С. 26.
  13. Яблоков А. В. Неизбежная связь ядерной энергетики с атомным оружием. Часть II. Исторические свидетельства оружейно-энергетической связи. II.1. Страны, имевшие или имеющие программы создания ядерного оружия – С. BellonaFoundation – http://www.bellona. ru/reports/1174944248.53.
  14. GOV/2011/69 Осуществление соглашения о гарантиях в связи с ДНЯО и соответствующих положений резолюций Совета Безопасности Организации Объединенных Наций в Исламской Республике Иран. Резолюция, принятая Советом управляющих 18 ноября 2011 года. – С. 2 http://www.iaea.org/Publications/Documents/ Board/2011/Russian/gov2011-69_rus.pdf
  15. GOV/2012/23 Осуществление соглашения о гарантиях в связи с ДНЯО и соответствующих положений резолюций Совета Безопасности в Исламской Республике Иран / Доклад Генерального директора от 9 ноября 2011 года.Выступление  председателя  Ирана  в ОПЕК
  16. http://hizb-russia.info/index.php/ru/vopros-otvet/ politicheskij-analiz/776-otvet-voprosИран не отклонял запрос МАГАТЭ о посещении Парчина – Солтание – http://atominfo.ru/ newsa/j0014.htm

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.