Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азия аймағында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оңтайландыру жолдары

Көптеген егеменді мемлекеттерден тұратын халықаралық саяси жүйе бүгінгі таңда экологиялық проблематика көзқарасына байланысты халықтарды жəне ұлттарды бөліп тұратын, шекаралары бара-бара маңызсыз жəне елеусіз болып бара жатқан ғаламдық мемлекет үсті құрылым жүйесіне қарай өзгеруде. Экологиялық əл-ауқаттылықты бөлек бір мемлекетте, қандай да бір территорияда қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсіне отырып, ұлттық жəне аймақтық экологиялық мəселелерді шешу үшін, халықаралық жетілген экологиялық жүйені құру үшін интеграцияланған бағыт талап етіліп отыр. Осы жерде ғаламдық мүдделердің жалпы Жердің орта түзуші жəне ресурстарды өндіретін қасиеттерін сақтап қалу деген сияқты басымдылықтары алға шығады.

Экологиялық қауіп-қатерлердің ортақтығы Орталық Азия аймағында қауіпсіздік жүйесін құруда  күш-жігерді,  əдістерді  біріктіруді талап етеді. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, Орталық Азия елдерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, аймақта интеграциялық үдерістерді тереңдету қажеттілігі айқын көрініп тұр. Арал теңізінің құрғауы, су жəне отынэнергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалану жəне тиімсіз басқару, бұрынғы ядролық жəне атомдық сынақтармен, қайта өңдеулер жəне қалдықтармен байланысты мəселелерді шешуде мемлекетаралық шешімдер қажет. Аймақта интеграция мен оның қауіпсіздікке əсер етуі арасындағы байланыс айқын көрінуде. Осы орайда Орталық Азия аймағында экологиялық қауіпісіздікті қамтамасыз етудің жолдарын атап өту орынды.

Біріншіден, жалпы орталықазиялық интеграцияланған экологиялық қауіпсіздік аймақтық жүйесін құру қажет болып отыр. Бұл жүйе аймақтық өмірлік маңызды мүдделерді, табиғатты   пайдалану,   биоəртүрлілікті   сақтау,қоршаған ортаны қорғау жəне халық денсаулығы саласында интеграцияның басымдылықтары мен стратегияларын анықтау негізінде ғаламдық жəне аймақтық экологиялық қауіптерді шешу жəне алдын алуға бағытталған болады. Бұл үшін Орталық Азия елдерінің экологиялық қауіпсіздік саласында өзара əрекеттесу үдерісін нақтылау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық іс-əрекет шараларын үйлестіру, шекарааралық экологиялық қауіптер мен қатерлерді айқындайтын жəне  саралайтын, қоршаған ортаның үздіксіз мониторингін жүргізіп отыратын бірыңғай ақпараттық-сараптама желісін құру қажетті.

Екіншіден, Орталықазиялық экологиялық қауіпсіздік аймақтық жүйесі экологиялық мəселелерді кешенді шешу үшін аймақ мемлекеттерінің бірыңғай экологиялық тұжырымдамасына негізделуі керек. Мұндай тұжырымдамаға аймақтағы адам қызметінің барлық бағыттары мен түрлері бойынша қоршаған ортаға əсердің жанжақты зерттеуі жəне сараптауы кіретін еді.

Аймақта экологиялық тепе-теңдікке қол жеткізу үшін жəне жүзеге асырылып жатқан шаралардың тиімділігі үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық-заңнамалық негізін жетілдіру де маңызды мəселелердің бірі. Бұл жерде əлемдік, оның ішінде Еуропа елдерінің тəжірибесін пайдалануға болады.

Экологиялық саясаттың іргелі нормативтікқұқықтық құралдарын жетілдіру үшін, жақын болашақта тиімді қолдануға мүмкін болатын пайдалы идеялар, стандарттар жəне үдерістерге ие Еуропалық Одақтың экологиялық заңнамасының нақты құрамдас бөліктерін қарастыру  орынды. Егер Орталық Азия мемлекеттері өздерінің экологиялық заңнамаларын Еуропалық Одақтың заңнамаларына жақындастырса, Орталық Азияда аймақ деңгейінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ортақ экологиялық стандарттар мен экологиялық нормаларды бекіту, ортақ шешімдерге келу оңайға соғар еді.

Орталық Азиядағы аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселесі мықты институттарды қажет етіп отыр. Сондықтан аймақтағы қазіргі таңда қызмет атқаратын институттарды қайта құрылымдап, жетілдіру жəне жаңа институттар құру қажет. Бұл жерде институционалдық   тұрақтылық   талап етіледі,сонымен қатар институттардың  қызметтері жəне жауапкершілік салалары бір-бірін қайталамайтындай нақты айқындалуы керек.

Орталық Азия елдерінде қажетті өзіндік əлеуеттің жоқтығы ұлттық талпыныстарды халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау қажеттілігі əлі де өзекті болып қалуда. Аймақтағы тұрақты даму стратегиялық бағдарламаларын  əзірлеу  жəне  іске  асыруы  шетелдік донорлардың қолдауына тəуелді болып отырғандығын айта кеткен жөн [1]. Бұған донорлардың қызығушылығын арттыру үшін жігерлілік таныту керек, олардың қызметтерін үйлесімді жүргізе біліп, олар тарапынан берілген қаржы мен құралдарды тиімді пайдалана білу керек.

Сыртқы донорлардан көмек бастамалы жобаларды жүзеге асыруға; ең үздік тəжірибемен алмасуға; табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін рəсімдер мен тетіктерді жетілдіруге; институционалдық, техникалық жəне адами əлеуетті жоғарылатуға; халықаралық келісімдер бойынша міндеттерді жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда қол жеткізетін нəтижелерге қатысты айтар болсақ, экологиялық салада тез арада жетістіктерге жету мүмкін еместігін, экологиялық жақсару үшін ұзақ мерзімді күш-жігерді жəне түбегейлі өзгерістерді талап ететіндігін ұғынуымыз керек. Халықаралық ұйымдар тарапынан аймақтық бастамаларды қолдау үшін айтарлықтай жұмыс атқару керек, күш-жігер көп уақытты талап ететіндігін, Орталықазиялық мемлекеттер тарапынан бастамаларғақызығушылықтардыңбіресе артып, біресе төмендеуіне орай шыдамдылық пен жігерлілік таныту, сонымен қатар аймақтық сараптық ресурстарды нығайту мақсатында ұлттық институттар мен адами ресурстарды максималды түде тарту қажеттігін ескеру керек. Сондықтан халықаралық ұйымдардың қысқа мерзімді жəне фрагментарлық жобаларынан үйлестірудің тиімді тетіктерін құру арқылы ұзақ мерзімді жəне салааралық бағдарламаларға өту қажет. Саясат пен экономиканың қысқа мерзімді шектері экологиялық мəселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Барлығы да тез арадағы жəне көзге көрімді нəтижелерді көргілері келеді, алайда бұл өз тарапынан мəселені тереңдете отырып, оның шешілуін қиындатады.

Орталықазиялық мемлекеттердің мониторингтік, қадағалау жəне бақылау қызметтері негізінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар  негізінде  бірыңғай мониторингтік  жүйе құрылу қажет. Оның шеңберінде қоршаған ортаның жағдайын, табиғи ресурстарды пайдалануды болжауда жəне бағалауда кешенді жүйелік əдіс қолданылуы қажет. Осы экологиялық мониторинг жəне қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асуын қадағалауға ғылыми зерттеу институттарынан тəуелсіз сарапшы топтарды, халықаралық ұйымдар  мен  мамандарды, бейүкіметтік ұйым өкілдерін белсенді түрде тарту қажет. Мониторинг нəтижесінде алынған қорытындыларды қоғамдық тыңдауларда ұсыну, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау қажет.

Орталық Азияда əл-ауқаттылық пен қауіпсіздіктің басты факторының бірі – су ресурстары екендігі көптеп айтылады. Аймақтың болашағы, оның əлеуметтік жəне экологиялық  əл-ауқаты ең бастысы мемлекеттердің су ресурстар саласында ынтымақтасуға қабілеттіліктеріне жəне халықаралық қауымдастық тарапынан ынтымақты əрекеттеріне байланысты болып отыр. Шекарааралық өзендердің ресурстарын басқару өзара зиян келтірмейтін, əділетті жəне саналы түрде жүзеге асырылатын экожүйелік əдіске негізделуі керек. Экожүйелік басқарудың мəні:

  • экономикалық мақсаттар экологиялық мақсаттарды ескереді;
  • шаруашылық қызмет зиян келтіріп қана қоймай, экологиялық тұрғыдан бағдарланған тетіктер жəне заңнамада ынталандыру, экономикалық тетіктер арқылы табиғи үдерісті қайта қалпына келтіреді жəне қолдап отырады;
  • мемлекет үкіметтері мен халықаралық ұйымдар өздерінің тар əкімшілік жəне ведомстволық шектерінен шығып, көріністік міндеттері мен қысқа мерзімді мүдделерін бірлескен басқару құралдарын құру арқылы өзгертулері қажет.

Экожүйелік əдіс Орталық Азиядағы су экожүйесін жəне ресурстарының мəні мен рөлін басқаша бағалауға мүмкіндік береді. Осы экожүйелерді сақтап қалу үшін жаңа заңдар мен стандарттар, бұрынғы көзқараспен қалыптасқан санитарлық жəне көріністік нормалардың орнына экологиялық (экожүйелік) мақсаттарды (шектерді) қою керек.

Басқа  макроэкономикалық   саясат   қажет:   негізінен   жергілікті,   қосымша    немесе өтемақылық сипатқа ие табиғат қорғау бағдарламаларына қарағанда, экологиялық бағытталған макроэкономикалық шаралар үлкен экологиялық əсер береді. Мұндай шараларға  экономикада  жəне  экспорттық   саясатта құрылымдық өзгерістерді, салық жүйесін реформалау, субсидиялау жəне тағы басқалары жатады. Мысалы өндірістік саланы қысқартумен қатарлас өңдеу салаларын дамыту сияқты құрылымдық өзгерістер арқылы соңғы өнімнің көлемін ұлғайта отырып, өндіруден шығатын қалдықтарды қысқарту нəтижесінде 50 % табиғи ресурстарды сақтап қалуға болады екен.

Табиғи  ресурстарды  тиімді  жəне  ұтым-  ды пайдалануда жаңа технологиялар мен бағдарламаларды ендіру барысында экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық үдерістердің үндестігінсақтауымыздыңтиістілігіайқындалып отыр. Яғни экономика  мен  экология  арасында теңдікті қалыптастыру қажет. Себебі қазіргі күні қайтсек те экономикалық көрсеткіштерді арттырамыз деп, ертеңгі күні соның салдарынан келетін залалды жою үшін тапқан пайдамыздан жүздеген есе артық қаражат пен ресурс жұмсауымызға алып келуі мүмкін.

Экономикалық тетіктерді жетілдіру. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктері табиғат пайдаланудың ақылық жүйесін жетілдіру жəне міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуге жəне табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесін көздейтін табиғат пайдаланудың экономикалық тетігі көмегімен жүргізілуі тиіс [2].

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экономикалық тетіктерінің міндеттеріне:

  • табиғат қорғау шараларын жоспарлау жəне қаржыландыру;
  • табиғи ресурстарды пайдалануда, қоршаған ортаға ластаушы заттарды шығаруға жəне тастауға шектеулер белгілеу;
  • төлемдердің нормативтерін жəне көлемін белгілеу;
  • ресурстарды үнемдейтін, аз қалдық шығаратын технологияларды енгізгенде, энергияның дəстүрлі емес түрлерін пайдаланғанда, қоршаған ортаны қорғау бойынша басқа да тиімді шараларды жүзеге асырғанда салық, несиелік, басқа да жеңілдіктер ұсыну;
  • қоршаған табиғи ортаға жəне адам денсаулығына келтірілген зиянды белгіленген тəртіппен өтеу болып саналады [3].

Сонымен бірге экономикалық тетіктер табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды ынталандыруы керек. Қоршаған ортаны    ластағаны    үшін    ақылар  ресурстарды шамадан тыс пайдаланғанда немесе ластаушы заттарды шамадан тыс шығарғанда төлемдерді жоғарылату арқылы қоршаған ортаны ластауды төмендетуді экономикалық ынталандыруын қамтамасыз етеді. Сондықтан экономикалық шаралар арқылы заңнамамен, нормативтік құқықтық актілермен жəне басқа да құжаттармен белгіленген экологиялық саясаттың мақсаттарына қол жеткізу экономикалық тетіктердің элементтері оңтайлы реттелу жəне жүзеге асырылуы арқасында сəтті болады.

Экологиялық мəселелерді шешуде жəне аймақтың тұрақты дамуында жеке сектор рөлінің маңыздылығын да атап өткен жөн. Соңғы кездері халықаралық деңгейде қабылданған шешімдердің барлығы тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жеке сектордың  маңыздылығын атап өтуде. Бұл негізгі ресурстар жеке сектордың қолында екендігімен байланысты жəне солар негізі табиғат пайдаланушы жəне ластаушы болып табылады. Аймақ елдеріндегі экономикалық тетіктер жəне заңнамалар жеке секторға максималды пайда алуға мүмкіндік беріп, ал бұл өз кезегінді олардың мемлекеттерге экологиялық жəне əлеуметтік проблемалар қалдыруына алып келеді. Бұл «нарықтың сəтсіздігі» жəне «тиімсіз» басқару нəтижесі болып отыр. Суды үнемдеу жəне энерготиімділік, денсаулық жəне білім бойынша мақсаттар жарияланатын болса осы қызметтерді салықтан босатып, оларды басқа əдістермен ынталандыру қажеттілігінің қисыны бар еді.

Қоғамдық ұйымдардың рөлі жəне олардың экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларда қатысуы əлі де əлсіз болып отыр. Бұл бейүкіметтік ұйымдардың өздерінің жеткіліксіз əлеуеті, олардың қаржылық жəне техникалық негізінің тұрақсыздығымен жəне оларды ұлттық, аймақтық жəне жергілікті деңгейде теңқұқылы серіктес ретінде қатысуының қиындығына байланысты болып отыр. Ал экологиялық мəселелерді шешуде бейүкіметтік секторды жақсылап басқару да өз септігін тигізер еді.

Аймақта қоршаған орта саласында шешім қабылдау жүйесі де бірқатар пікірталастардың пəні болып отыр. Көпжақты келісімдер жəне аймақтық конвенциялар, оның ішінде Орхусс конвенциясы да осы жүйені жетілдіру үшін нақты тетіктер ұсынуда [4]. Кеңестік жүйеден қалған шешімдерді қабылдау тетіктері негізінен өндірістік əлеуетті өсіруге бағытталған жəне бұйрықтық экономикаға негізделгендіктен халықтың жəне қоршаған ортаның жағдайын жеткілікті деңгейде ескеруге мүмкіндік бермеді, болашақ дамуға кедергі болды.

Шаруашылық қызметті жоспарлауда, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруда интеграцияланған əдіс, экожүйелерді басқаруда қол жетімді жəне сенімді ақпаратқа, ғылыми зерттеулер мен талдауларға, болжау мен сараптамаға, мүдделі топтардың пікіріне, ведомствоаралық өзара əрекеттесуге негізделетін шешім қабылдаудың дəлме-дəл жүйесіне негізделуі керек.

Қоғамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізуі жəне олардың шешім қабылдауға қатысулары заң актілерінде нақты жазылып белгіленулері керек. «Экологиялық ақпарат» түсінігі нақтыланып, экологиялық ақпаратқа еркін қол жеткізіле беруі керек, егер ондай ақпарат бермесе қандай да болсын  санкция-  лар енгізілу қажет. Қоғам қатыса алатын шешімдердің тізімі жасалынып, жай жəне нақты қатысу процедуралары құрылуы қажет, егер олар орындалмаса санкциялар бекітілуі қажет.

Экологиялық мəселелерді шешу үдерісіне мүдделі қоғам өкілдерінің де қатысуының тиімділігін ескере отырып, экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік жасалынуы жəне де қоршаған ортаға кері əсері бар ірі шаруашылық жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, транспаренттілік жəне есептілік қажет.

Сонымен қатар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты бағыттардың бірі қоғамды экологизациялау болып отыр. Өмір сүру ортасына жауапты көзқарастың қалыптасуы ұзақ уақыт бойы тұтынушылық мінез-құлықтың кең етек таралу стереотипін бұзумен байланысты. Бұған қол жеткізу үшін үздіксіз экологиялық білім беру, экологиялық насихат жəне қоғам өкілдерінің қатысуын жоғарылату арқылы  барлық  жастағы  азаматтардың, əртүрлі əлеуметтік деңгейлерде жəне əртүрлі кəсіби топтардың экологиялық мəдениеті мен экологиялық білімінің деңгейін жоғарылату қажет. 2005-2014 жылдарды БҰҰ орнықты даму мақсатында білім онжылдығы деп бекіткен болатын, осының аясында міндетті түрде, əсіресе экологиялық білімді жетілдіру керек.

Халық арасында экологиялық ақпаратты тарату экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен ағартушылық-үгіт-насихаттық маңызға ие. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарына да үлкен міндет артылады. Сонымен  бірге  ұсынылатын  мəліметтердің  сапасы, жеделдігі жəне өзектілігі бойынша шаралар қолдану қажет. Қоғамның барлық деңгейлерінде экологиялық білімнің жетіспеушілігі көптеген табиғат қорғау заңнамаларының бұзылуының жəне билік өкілдерінің əрекетсіздігінің, сонымен қатар халық тарапынан қисынсыз əрекеттердің негізі болып отыр.

Жалпы алатын болсақ, Орталық Азиядағы қоршаған ортаның жағдайы жəне оның нашарлауының аймақтық қауіпсіздік үшін салдарын сараптай келе, аймақтың экологиялық əлауқатын қамтамасыз ету мəселесі бүгінгі таңда өзекті болып отырғандығын айта аламыз. Орталық Азия аймақ мемлекеттерінің өз табиғатын бұзған мемлекеттердің жолын қайталап қана қоймай, онымен қоса бұл жолды қазіргі заманғы техносфераның күшті энергетикалық қуаттарын пайдалану арқылы жəне экологиялық шараларды аз қаржыландыру аясында өтуде. Қоршаған ортаға антропогендік кері əсердің алдын алу жəне салдарын жою мəселелерінің шешілмеуі аймақ мемлекеттері арасында сол мəселелерді реттеуді қиындатып отыр. Жалпы алғанда Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясатына табиғи фактордың əсерін бағалай отырып, оның басым интеграциялық рөлге ие екендігін айта аламыз. Экологиялық мəселелерді шешуде кешенді бірлескен бағыттың қажеттілігі сыртқы саясат жүйесінде біріктіруші фактор болып табылады. Аймақ мемлекеттерін экологиялық апат қаупі біріктіре алады, алайда уақыт аздығына орай бұл экологиялық апаттан құтқару үшін тек бірігу аз. Кейбір қайшылықтардың сақталып қалуы болашақта аймақтың кейбір мемлекеттері арасында қатынастардың шиеленісуіне алып келуі мүмкін. Бұл өз кезегінде табиғи əлеуметтік дағдарысқа алып келіп, сөзсіз экологиялық апаттың орын алуына септігін тигізуі мүмкін.

Қазіргі таңда Орталық Азия аймағында ортақ экологиялық саясаттың жоқтығы орталықазиялық    аймақтық    қауіпсіздікке қауіп төндіріп тұрған осы мəселенің тұрақсыздандырушы  əлеуетінің  жинақталуына əрекет етіп отыр. Сонымен қатар аймақ үлкен аумаққа ие болғандықтан жəне үлкен геосаяси мəні болғандығынан аймақтағы экологиялық апат ғаламдық деңгейге дейін жетуі мүмкін екендігін ескере отырып, бұның алдын  алу  үшін мемлекетаралық болсын, аймақтық жəне халықаралық деңгейде ынтымақтастықты дамыту қажеттігін əрқашан ұмытпауымыз  керек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Есекин Б.К. Основные угрозы и лимитирующие факторы развития Центральной Азии // http://ec.europa.eu/environment/enlarg/pdf/astana/ pres_yessekin_ru.pdf
  2. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы. – Астана, 2003. – 30 б.
  3. Шеденов У.К., Утепкалиева К.М., Жунисов Б.А. Экономический механизм обеспечения экологической безопасности в Республике Казахстан // Безопасность и региональное сотрудничество: сборник материалов международной конференции. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2004. – С. 215-220.
  4. Конвенция о доступе к информации, участии общественности в процессе принятия решений и доступе к правосудию по вопросам, касающимся окружающей среды [Орхусская конвенция] // http://www.un.org/ru/documents/ decl_ conv/conventions/orhus.shtml

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.