Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық мəселелерді ЕурАзЭҚ аясында шешудегі ынтымақтастық

Орталық Азия елдері экономикасын энергетика жəне сумен қамтамасыз ету мəселесі кеңестік дəуірден бастап Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан мұрагерлігіне қалды. Ортақ энергетикалық жəне ортақ су пайдаланудың жүйесі КСРО-мен бірге жойылды. Өзбекстан жəне Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы ирригация мəселелерін шеше отырып, кеңес басшылығы «су=энергия» дилеммасын шеше алмады. Аталмыш саясаттың құлдырау нəтижесін Арал теңізінің тартылуы мен аймақтық экологиялық апаттан көруге болады. Сібір өзендерінің суын Орталық Азия аймағына қарай бұру кеңестік басшылықтың жүзеге аспаған жоспары болды. Тəуелсіздік жылдары энергетика жəне су шаруашылық, ең алдымен, Тəжікстан мен Қырғызстанның, саяси тұрақсыздықтан (Тəжікстандағы азамат соғысы), мамандар тапшылығынан, ГЭС жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мүмкіндігінің болмауынан қатты зиян шекті. Рогун ГЭС-ін қоса алғандағы көптеген энергетикалық құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Аймақтық ортақ суэнергетикалық саясатын қалыптастыру қиынға соқты.

Қыс кезінде Памирдің су ресурстарын, биік таулы ГЭС-тердің электр энергиясы мен каскадтарын пайдалану жаз уақытында судың жетіспеушілігіне алып əкеледі. Жазда судың жетіспеушілігі Өзбекстан мен Қазақстандағы мақта жəне бидай өнімділігіне əсер  етеді.  Соңғы жылдары Орталық Азияның негізгі өзендері Əмудария мен Сырдарияның төменгі ағысындағы мақта жəне астық өнімділігі орташа есептегенде 20%-ға төмендеді. 2007-2008 жылдары энергодефицит мəселесі Тəжікстан мен Қырғызстан экономикасына кері əсер етті. Өнеркəсіп жəне азаматтық сектор тəулігіне 3-4 сағатқа ғана электр энергиясымен қамтылды. Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесінің қызметі (ОА БЭЖ) жүйеге қатысушыелдердің энергетикалық саясаты бір-бірімен сəйкес келмейтіндіктен үнемі қиындыққа тап болады [1].

Су-энергетикалық дағдарыс аймақтық мемлекетаралық қатынастардағы шиеленісті күшейтеді. Аталмыш мəселені аймақтық деңгейде шешуге деген талпыныс əзірге қауқарсыз болып отыр. Энергетикалық сепаратизм күшейе түсуде. Бұл мəселені талқылау əрекеттері, бір жағынан, Өзбекстан мен Қазақстанның, екінші жағынан, Қырғызстан мен Тəжікстанның қарамақайшылығына əкелуде. Нəтижесінде аймақтың бүкіл елдерінің экономикасы дағдарыстан жапа шегетін жағдай орын алмақ.

Орталық  Азияның  су-энергетикалық  мəселелерін шешу – ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ сынды аймақтық ұйымдардың басты міндеттерінің бірі. Орталық Азия елдері мен Оңтүстік Қазақстан үшін Сырдария жəне Əмудария трансшекаралық өзендер бассейнінің су жəне энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану мəселесі өзекті  болып табылады.

Кеңестік кезде аймақта өзара тығыз байланысты су шаруашылық, энергетикалық құрылым жəне байланыс жүйесі қалыптасқан болатын. Жоспарлы экономика жағдайында республикааралық суды бөлу, электр энергиясымен алмасу жəне  отын-энергетикалық  ресурстарды жеткізу жүйесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұрды.

Геосаяси өзгерістер жəне аймақ елдері экономикасының трансформациясы бұрынғы жүйені бұзды, ұлттық азық-түлік жəне энергетикалық қауіпсіздік, жалпы бүкіл Арал теңізі бассейнінің экологиялық тұрақтылығы үшін қауіп туды.

Транзиттік аймақ  мемлекеттері  тарапы-  нан Сырдария мен Əмудария трансшекаралық өзендер режиміне жəне өзендердің арнасын бөлуге қатысты ирригациялық талап қоюшылар (Қазақстан, Түркіменстан жəне Өзбекстан) мен арнаны қалыптастырушы аймақ мемлекеттерінің (Қырғызстан мен Тəжікстан) қыс кезіндегі энергетикалық қажеттіліктері арасында қарамақайшылық сақталуда.

Бұл қайшылық, əсіресе, су қоймаларының келісілген жұмыс режимдері қыс кезіндегі сыртқы тасымалдың болмауы немесе тұрақсыздығы жағдайында Қырғызстанның энергетикалық ресурстарға деген ішкі қажеттіліктеріне байланысты өзгеруге мəжбүр болған Сырдария өзені бассейнінде көрініс табады. Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан жіберілетін су вегетация кезеңінде 1985-1991 жылдар аралығында орташа есеппен 7,9 километр кубқа дейін жəне 1992-1999 жылдар аралығында 5,7 километр кубқа дейін азайды. Режимнің өзгеруі Қазақстан мен Өзбекстандағы суарылатын жерді сумен қамтамасыз етуде мəселе тудырды [2].

Жағдайдың ушыға түсуі нəтижесінде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі Сырдария мен Əмудария өзендерінің гидроэнергетикалық əлеуетін бірлесе игеру жəне су-энергетикалық ресурстарды    басқару  арқылы аймақ  мемлекеттерінің мүдделері тепе-теңдігіне қол жеткізуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады.

Дəл осындай мақсатты Орталық Азиялық Ынтымақтастық Ұйымы да көздеді. Аталмыш аймақтық құрылым аясында Дүниежүзілік Банктің қолдауымен Халықаралық су-энергетикалық консорциум құру идеясы қарастырылды. Алайда бірнеше себептерге орай бұл үрдіс аяқталмады.

Қазіргі таңда ОАЫҰ мен ЕурАзЭҚ интеграциясы аяқталды жəне Өзбекстанның Қауымдастық мүшелігіне ену бойынша қажетті шаралар жүргізілуде. ЕурАзЭҚ аймақтық ынтымақтастық ұйымының трансшекаралық өзендерді басқарудағы тəжірибесін ескере отырып, су-энергетикалық реттеу қызметі кезеңкезеңмен жүргізілуде.

Ең алдымен, Қауымдастық мемлекеттерінің су-энергетикалық сектордағы өзара əрекеттестік принциптері анықталды, «Орталық  Азиядағы  су жəне энергетикалық ресурстарды игерудегі интеграция болашағы» атты техникалықэкономикалық баяндама əзірленді.

Аймақтағы су-энергетикалық реттеу мəселелерін шешудің альтернативті нұсқаларын бағалау ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесі алға қойған мақсаттарға қол жеткізу төмендегідей стратегиялық тəсілдердің есебінсіз мүмкін еместігін көрсетті:

  1. Келісімді дайындау жұмысына барлық мүдделі елдердің (Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан, Өзбекстан) қатысуы.
  2. Су жəне энергетикалық мəселелерді реттеудің аймақтық механизмдерін құру жəне жаңа гидроэнергетикалық, су шаруашылық нысандарды салу үдерістерінің синхрондылық принципін сақтау.

Ол үшін:

  • инвестиция тартуды қамтамасыз ету;
  • трансшекаралық өзендердің суын бірлесе пайдаланудың құқықтық аспектілерін шешу жəне олардың əлеуетін халықаралық су құқығының жалпы мойындалған нормалары негізінде игеру керек.
  1. Су-энергетикалық мəселелерді реттеу жəне трансшекаралық ықпал етуші бірлескен жобаларды инвестициялау басты қызмет болып табылатын тұрақты қызмет етуші атқарушы орган құру.

Аталмыш принциптер СПЕКА-ның Орталық Азиядағы су жəне энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану бойынша ынтымақтастық стратегиясына сүйене отырып дайындалды.

Аймақтық ынтымақтастықтың алдыңғы тəжірибесі көрсеткендей, атамлыш мəселелер кешенін шешу жай ғана экономикалық ынымақтастықпен шектелмейді, оның астары саяси кеңістікте де жатыр. Себебі қуатты саяси ерік болмай, аймақ мемлекеттері арасында келісімге қол жеткізу мүмкін емес.

Сондай-ақ ЕурАзЭҚ шеңберінде суэнергетикалық сектордағы мемлекеттердің өзара əрекеттестігін ұйымдастыруда бірқатар нəтижеге қол жеткізілді:

Қауымдастық мемлекеттерінің бірлескен талпынысымен 2009 жылы Сангтудин ГЭС-1дің құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда Сангтудин ГЭС-2 жəне Рогун ГЭС-і салынуда. Бірақ Рогун ГЭС-інің құрылысы жөнінде Өзбекстан тарапынан дау-дамай туындады.

1974  жылы  КСРО  Мемлекеттік  құрылысы «Орталықгидрожоба» (Ташкент) институтымен бірге жоспарланған Рогун ГЭС-інің техникалық жобасын бекітті. Құрылыс 2007 жылы қыркүйекте қайта жанданды. Жоба бойынша бөгет биіктігі 335 метр болатын 6 агрегатты Рогун ГЭС-і сағатына 3,6 млн. кВт электр энергиясын  өндіре  алады.  Орташа  жылдық көрсеткіш сағатына 13,1 млрд. кВт. Рогун су қоймасын энергетикалық мақсатта, сондай-ақ 300 мың гектардан астам қуаң жерді суару мақсатында қолдану жоспарланған. Құрылысты аяқтау құны $2,2 млрд-қа, алғашқы кезеңі – $590 млн-ға бағаланады. ГЭС құрылысы бірнеше кезеңнен тұрады. Ал алғашқы кезең қуаты сағатына орташа 5 млрд. кВт. өндірген кезде 400 МВт болуы тиіс [3].

Құрамына жалпы қуаты 400 МВт болатын екі гидроагрегат кіретін алғашқы кезеңді 2012 жылдың аяғына қарай іске қосу жоспарлануда. 2010 жылдың желтоқсан айында станцияның бірінші туннеліндегі құрылыс аяқталды.

2010 жылы Тəжікстан мен Дүниежүзілік Банк арасында станция жобасына халықаралық сараптама жүргізу жөніндегі келісімге қол қойылды. 2011 жылы ақпанда сараптама жүргізуші мердігер ретінде швейцарлық фирма Poyry Energy Ltd. таңдалды. 2007 жылы басталған Рогун жұмысын қалпына келтіру барысында $350 млн-ға жуық қаржы игерілді, оның $310 млн-ы елдің мемлекеттік бюджетінен, сондай-ақ 2010 жылдың қаңтарында басталған Рогун ГЭС-і акцияларының эмиссиясы есебінен бөлінді.

Үстіміздегі жылы Тəжікстан Рогун ГЭС-і жұмыстарын қалпына келтіруге 850 млн. сомони бөлді. 2011-2013 жылдарға арналған Тəжікстан үкіметінің орта мерзімдік бағдарламасына сəйкес Рогун құрылысына $1,21 млрд. қаржы бөлу жоспарланған.

Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия елдері бойынша Аймақтық Директоры Мото  Кони-  ши 2010 жылы Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуінен кейін Рогун ГЭС-інің құрылысына жасалатын сараптама мəселесі бойынша «егер Рогун ГЭС-і жобасы өзінің қаржылық жəне экологиялық тұрақтылығын дəлелдейтін болса, онда Дүниежүзілік Банк Тəжікстан Республикасы үкіметіне аталмыш нысанның құрылысы бойынша консорциум құруға қаржылай жəрдемдесетіндігін жəне қолдау көрсететіндігін» атап өтті [4].

Дүниежүзілік Банктің Еуропа жəне Орталық Азия аймағы бойынша стратегия  мен  жоба-  лар Директоры Теодор Алерс БАҚ өкілдерімен бейресми кездесуінде Рогун  жобасы  бойын-  ша Алматыда өтетін консультация  отырысында азаматтық қоғам тарапынан қандай да бір ұсыныстар мен ескертпелер жасалатын болса, Дүниежүзілік Банк оны қарастыратындығын атап өткен болатын.

2011 жылы қыркүйекте Рогун ГЭС-іне қатысты консультанттар үш аспект бойынша ұсыныстар көрсетілген есеп ұсынды:

  • бұл –  Роун   ГЭС-і  ұсынатын  алғашқы кезең құрылысының автономды жоба ретіндегі бөгеттің аралық биіктігімен біртұтастығы;
  • Рогун ГЭС-інің  алғашқы  кезеңдік   жобасы ұсынатын экологиялық жəне əлеуметтік бағалау;
  • Рогун ГЭС-і  бөгеттің  толық биіктігінің құрылысы барысындағы техникалық-экономикалық, экологиялық жəне əлеуметтік біртұтастығының негізгі параметрлері.

Т. Алерс: «Бұл аталмыш жобалар бойынша консультациялар жүргізудің үлгісі болмақ. Рогун немесе Қамбарата немесе басқа да ГЭС-тер болсын, бұл гидроэнергетикалық жобалар бойынша тиімді шешімді қабылдауда консультациялар үшін үлгі болады», – деп атап өтті [5].

Тəжікстанның ресми өкілдерінің пайымдаулары  бойынша,  жобаны  жүзеге  асыру мемлекеттің энергетикалық мəселелерін ғана шешіп қоймай, сонымен қатар жалпы аймақтық мүддеге сай келеді.

Рогун ГЭС-інің техникалық мүмкіндігі, экономикалық тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі сан рет тексерілді жəне жоба жағымсыз бағаланбады», – дейді Тəжікстан үкіметі.

Республика үшін энергетикалық мəселенің күрделілігі мен өзектілігін ескере отырып, жобаны іске қосуға əлеуметтік жəне экономикалық инфрақұрылымдары Тəжікстанның су ресурстарына тəуелді Өзбекстан қарсы.

2010 жылдың қазан айында Өзбекстан тағы да Рогун ГЭС-інің құрылысына қарсылық танытты. Қарақалпақстан тұрғындарымен кездесуі барысында Өзбекстан Президенті Ислам Каримов:

«Рогун су қоймасының құрылысы аяқталғанша, Өзбекстан халқының сегіз жыл бойы сусыз  өмір сүруіне қалайша жол береміз? Осыншама жыл ішінде егіншілер немен айналыспақ? Арал маңындағы аймақ екі негізгі өзен – Əмудария мен Сырдария арналары есебінен қамтамасыз етілуде. Аталмыш өзендердің қалай да болса азаюы жалпы бүкіл аймақтағы əлсіз экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы», – деген болатын [6].

ЕуразЭҚ-тың қол жеткізген тағы бір нəтижесі он жыл бойы аталмыш Қауымдастық интеграциясы органдарының қолдауымен Қазақстан мен Өзбекстанның электр желілері арқылы Қырғызстан мен Тəжікстаннан жазда артылған электр энергиясын Ресейге жіберу жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар осы кезеңде Қазақстан мен Өзбекстанның ирригациялық қажеттіліктері қамтамасыз етіледі.

Осылайша ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің ортақ энергетикалық нарығын қалыптастырудың негізі қаланды. Бұл үдерістегі қиындықтар мен шығындар жағдайында дəл осындай кешенді шешімдер Сырдария мен Əмудария өзендері бассейндерінің су-энергетикалық режимдерін бірлесе реттеу (Ресейдің қатысуымен) сынды күрделі мемлекетаралық қарым-қатынас саласында интеграцияның дамуына алғышарттар жасайды.

2006 жылы ЕурАзЭҚ шеңберінде Сырдария мен Əмудария өзендері бассейндерінде су-энергетикалық мəселелерді реттеудің келіскен механизмін дайындау бойынша Жоғарғы деңгей тобы (ЖДТ) құрылды. Топ құрамы  су  шаруашылығы  мен  энергетиканы  басқарушы  мемлекеттік  органдардың  басшылары мен ірі ұлттық энергетикалық компания өкілдері кірді. Топтың үшінші отырысында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мəжілісінде үкімет басшыларының талқылайтын басты мəселесі болатын – Орталық Азия аймағының су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану концепциясының жобасы қарастырылды. Сондай-ақ қатысушылар Сырдария мен Əмудария өзендері бассейндерінде суэнергетикалық реттеудің келіскен механизмін дайындау мəселелері бойынша ЖДТ-ның Ережелері жобасын, «Гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігі жөніндегі» ұлттық Заң жобасын жəне Орталық Азиядағы гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Аймақтық келісім жобасын талқылады. ЖДТ төрағасы Анатолий Рябцевтің айтуы бойынша, концепция қарастыратын жоба Еуразиялық қауымдастықта су-энергетикалық консорциум  құруға  бағытталған.   «Концепция төрт мемлекеттің мəселелері тоғысатын трансшекаларық сарқырамаларды, əсіресе Сырдария мен Əмудария өзендеріндегі, бірлесе басқару үшін жақсы мүмкіндіктер тудырады», – деген болатын төраға.

ЖДТ-ның бірінші отырысы 2006 жылы шілдеде өтті. Отырыстың мақсаты – ЕурАзЭҚ органдары мен СПЕКА-ның өзара əрекеттестігі механизмі жөнінде келісу.

Отырыс барысында төмендегідей мəселелер талқыланды:

  • 2006 жылдың    23    маусымында мемлекет басшылары деңгейінде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің шешімімен анықталғандай, су-энергетикалық мəселелерді практикалық тұрғыда жүзеге асыру мақсатында ОАЫҰ-ға мүше-мемлекеттер қабылдаған ЕурАзЭҚ аясындағы халықаралық келісімдердің жəне ОАЫҰ органдары қабылдаған басқа құжаттардың Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шартты-құқықтық базасына бейімделуі;
  • Орталық Азиядағы   су-энергетикалық мəселелерді реттеудегі ЕурАзЭҚ-қа мүшемемлекеттердің өзара əрекеттестік механизмін қалыптастырудың Жол картасын құру [7].

Аймақ экономикасының маңызды мəселесі су-энергетикалық əлеуетті пайдалануда интеграциялық əдісті қамтамасыз ету болып табылады. Əр елдің мүддесін есепке ала отырып, оны тиімді игеруге мемлекетаралық ынтымақтастық негізінде қол жеткізілу керек.

Халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың бағалауы бойынша, су жəне энергетикалық қатынастарды реттеуде аймақ мемлекеттері арасындағы негізгі мəселелер жəне қайшылықтың негізі болып төмендегілер:

  • басқарудың аймақтық  құрылымдары шешімдерінің ұсыныс берушілік сипаты;
  • су шаруашылығы мен энергетикалық басқарма құрылымдары арасында аймақтық жəне ұлттық деңгейдегі əрекеттердің бытыраңқылығы;
  • өзендердің төменгі  жəне  жоғарғы ағысындағы мемлекеттер мүдделері арасындағы қарама-қайшылық;
  • су-энергетикалық ресурстарды  бірлесе басқаруда өкілеттілікке ие шынайы мемлекетаралық құрылымдардың жоқтығы;
  • Жанжалдасушы тараптар  арасында даулы мəселелерді шешуге нақты ықпал ете алу мүмкіндігіне ие мүдделі емес тараптың болмауы. Бұл қорытындылар ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті Хатшылығының сарапшылары дайындаған «Орталық Азиядағы   энергетикалық жəне су ресурстарын игерудегі интеграцияның болашағы» атты техникалық-экономикалық баяндамада дəлелденген.

Су-энергетикалық ресурстарды халықаралық нормалар негізінде əділетті жəне орынды иге-  ру мен қолдану саясатын қалыптастырмастан, бұл мəселелерді шешу мүмкін емес. Аймақтағы өзекті   мəселенің   шешілуіне   мүдделі  барлық мемлекеттер қабылданған шешімдерді жүзеге асыруда өкілеттікке ие, уағдаластықтың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етуші ынтымақтастықтың тиімді құқықтық жəне экономикалық механизмдері бар тұрақты қызмет етуші мемлекетаралық құрылымның қажет екендігін түсіну керек.

 

Əдебиеттер

 

  1. Суздальцев А. Водно-энергетическая проблема в Центральной Азии // http://www.wehse. ru/cgibin/wpg/wehse_wpg_show_text_print.pl? term1302078508
  2. Стариков Н. Проблемы режима эксплуации водохранилищ в водном хозяйстве Узбекистана и стран Центральной Азии // http://water-salt. ru/upr_vod.htm
  3. Рогунская ГЭС // http://ru.wikipedia.org/ wiki/
  4. Интервью регионального Директора Всемирного банка по странам ЦА // http://www. com/watch?v=Iel4DLqjPQM
  5. Теодор А. Чем на самом деле является Рогун: великий и интересный проект или наоборот
  6. ужасный проект?! // http://www.pressa.tj/news/ 6 Узбекистан  проигнорировал  алматинскиеконсультации по Рогунской ГЭС // http://i-news. kz/news/2011/05/19/5532014.html
  7. Кирсанов  И.,  Ким  Д.   Центральная Азия: битва за воду // http://www.fundeh.org/ publications/articles/68/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.