Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымын құрудың əскери-саяси аспектілері

ХХІ ғасыр əлемдік қауымдастықтағы барлық мемлекеттердің жаһандық өзара тəуелділігімен жəне дəстүрлі емес сынақтар мен қатерлердің пайда болуымен сипатталады. Жаһандану əлі зерттеліп  болмаған  жағымды  нəтижелердің  де, жағымсыз салдардың да туындауына  се-  беп болуда. Оның аса қауіпті салдарының бірі халықаралық жəне аймақтық қауіпсіздікке қатер төндіретін түрлі қақтығыс ошақтарының пайда болуы. Осы ретте өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Кеңестер Одағының ыдырауы бүкіл əлемдік тəртіп пен халықаралық қатынастар жүйесін, сондай-ақ жалпы əлемдегі геосаяси жағдайды күрт өзгерткен күрделі құбылыс болғаны ақиқат. Əлемдегі ең мықты əскери державаның ыдырауына байланысты жер бетіндегі екі полюсті жүйе қирап, халықаралық қатынастар саласында «посткеңестік кеңістік» деген ұғым пайда болды.

1991 жылдың 8 желтоқсанында əуелі Белоруссия астанасы Минск жанындағы Беловеж келісімі бойынша, кейіннен құқықтық негізі сол жылдың 21 желтоқсанында Алматыда қаланған Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрудағы 11 тəуелсіз мемлекеттің басты мақсаты посткеңестік кеңістікте экономикалық интеграцияны қалпына келтірумен қатар, əскери қорғаныс саясатын бірлесіп жүргізу болатын.

1991 жылы 21 желтоқсанында қабылданған Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Келісімнің 6-бабында «Достастыққа мүше мемлекеттер бірлескен басқару негізінде ядролық қару-жараққа бірыңғай бақылау жасаумен қатар, ортақ əскери-стратегиялық кеңістікті қорғайтын болады» – деп көрсетілген еді. Осылайша ТМД мемлекеттері біріккен қорғаныс кеңістігін сақтап қалатындығына өздерінің қарсы еместігін білдірді.

1990 жылдардың бірінші жартысында посткеңестік кеңістікке нақты қауіп-қатер төніп тұрды деп айтуға болмайды. Сол кезең ядролық қауіптің төмендеуімен, бұрынғы кеңестік республикалардың НАТО, ЕО, ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықтың дамуымен, Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастың жақсаруымен сипатталады. Сонымен қатар, Орталық Азия мемлекеттері азиаттық жəне мұсылман көршілестерімен ынтымақтастықты жыл сайын күшейтуге тырысты. Бірақ соған қарамастан бұрынғы КСРО-ның перифириясындағы жергілікті жəне аймақтық тартыстардың дамуы (Тəжікстан, Кавказ, Приднестровье), посткеңестік мемлекеттердегі экономикалық дағдарыс, ұлтаралық қатынастардың қиындау түсуі сол уақытта аз болған жоқ [1,20]. Осы жағдай посткеңес республикаларын қорғаныс мəселеге үлкен мəн аудару керек екендігін білдірді.

1992  жылдың 14  ақпанында Минскіде ТМД басшыларының кездесуінде қорғаныс мəселесін қозғайтын «Достастықтың біріккен Қарулы Күштерінің    Бас    Қолбасшысын тағайындау»,«ТМД Қорғаныс министрлерінің Кеңесін құру туралы», «ТМД мемлекеттерінің арасындағы Стратегиялық күштердің мəртебесі жəне ТМД мемлекеттерінің біріккен қорғаныс бюджетінің қалыптасуы туралы» бірқатар келісімдерге қол қойылды.

1992 жылдың 20 наурызында Киев қаласында Түрікменстаннан басқа, ТМД мемлекеттерінің басшылары біріккен қорғаныс туралы келісім мəселесін талқылап, ортақ құжат қабылдады. Бірақ осындай бірлескен əрекеттерге қарамастан, ТМД мемлекеттеріне ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нақты құжат керек екені түсінікті болды. Өйткені, біріккен қорғаныс мəселесіне байланысты əрбір ТМД мемлекетінің нақты функциялары белгіленбеген болатын.

1992 жылдың 15 мамырында Ташкент қаласында ТМД мемлекеттері жəне Үкімет Басшыларының кездесуінде қорғаныс мəселелеріне байланысты Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тəжікстан жəне Өзбекстан арасында Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты қабылданды. Сол келісім-шартта ТМД мемлекеттері бір-біріне қатысты мемлекетаралық қатынастарда бір-біріне қарсы күш қолданбауға, өзара туындаған дауларды мемлекеттік бейбіт құралдарымен шешуге келісті. Қатысушы мемлекеттер басқа қатысушы мемлекетке қарсы бағытталған əскери одаққа кірмеуге жəне қарсы əрекеттерді қолдауға болмайтындығын растады [2,260-261].

Қабылданған Ұжымдық қауіпсіздік келісімшартының 2-бабына сəйкес мынадай маңызды норма бекітілді: «Келісім-шартқа қатысушы мемлекеттер олардың мүдделерін қозғайтын халықаралық қауіпсіздіктің барлық маңызды мəселелері бойынша бір-бірімен кеңесетін жəне осы сұрақтар бойынша ұстанымдарына келісетін болады. Мүше-мемлекеттердің біріне немесе бірқатарының қауіпсіздігіне, аумақтық тұтастығына жəне егемендігіне қатер төнген немесе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келген жағдайда қатысушы мемлекеттер өз ұстанымдарын үйлестіру жəне туындаған қауіп-қатерді жою үшін шаралар қабылдау мақсатында бірлескен кеңес алу тетігін тез арада іске қосатын болады» [2,261].

Əрине, əлемнің саяси картасында жаңа тəуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы жəне бір ұйым болып бірігуі олардың қауіпсіздігінің толығымен шешілгендігін білдірмейді. Сондықтан ұжымдық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін құру туралы идеяның қалыптасуы заман талабы болатын. Өйткені, əскери жағынан мықты держава ыдырағаннан кейін пайда болған кеңістікті қалай да қорғау керек  еді.  Сол себепті де Ұжымдық қауіпсіздік келісімшартының 4-бабында: «Егер де келісім-шартқа мүше мемлекеттердің бірі қандай да бір мемлекет немесе мемлекеттер тобынан агрессияға ұшыраса, онда бұл осы Келісім-шартқа мүше барлық мемлекеттерге қарсы жасалған агрессия деп қабылданады» /2,261/ делінуі аталған бірлестіктің əскери тұрғыдағы əлеуеті мен геосаяси салмағын аңғартса керек. Сөйтіп, кейінгі ұзартуымен 5 жылға бекітілген ТМД-ға кіретін

6 мемлекет қабылдаған Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартын əскери қауіпсіздікті, өлкелік тұтастықты жəне мемлекеттердің тəуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі əскери стратегиялық құжат түсінуге болады. Бұл келісім-шарт тың мазмұны тек ғана бір-біріне əскери көмек көрсетумен ғана шектелмейді. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ТМД мемлекеттері үшін тығыз əскери  ықпалдасуды  дамытуға  жол ашты. Дəл сол жылы, яғни араға 2 ай салып, 1992 жылдың 6 шілдесінде ТМД Мемлекет Басшыларының Кеңесі шешімімен əскери саладағы кең өкілеттілік белгіленген ТМД Біріккен Қарулы Күштерінің Бас қолбасшылығы құрылды.

Дейтұрғанмен, негізі 1992 жылықабылданған Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартына қатысты сарапшылар арасында түрлі пікірлер қалыптасты. Мысалы, ресейлік кейбір əскери мамандардың айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшартынан күтілген нəтиже болған жоқ. Өйткені, біріншіден, Ресей Федерациясы осы көпжақты келісім-шарттың ратификациясын бекітілуін созып жіберді; екіншіден, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің моделі уақытында жасалған жоқ, оның кезеңдері мен оны құру жолдары белгіленбеді; үшіншіден, осы жүйені басқаратын жəне үйлестіретін құрылымдар жасалынбады [3, 4041]. Тіпті бұл құжатты өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың өзі сынға алып, ТМД мемлекеттерінің біріккен қорғаныс кеңістігін қалыптастыру қажеттігін былайша   дəйекті   түрде   дəлелдеген болатын:

«Бірыңғай қорғаныс кеңістігі ұғымы  не  ҰҚК, не Əскери қауіпсіздік тұжырымдамасында өз көрінісін тапқан жоқ. Осы орайда бірыңғай қорғаныс кеңістігін мойындамайынша, шын мəнінде əскери құрылымды жоспарлауды жəне Бірлескен Қарулы Күштерді дамытуды, əскеристратегиялық аудандарды құруды қолға алудың қажеті шамалы. Бірлескен шұғыл жоспарларды, стратегиялық резервтер құру мен тағы басқа көптеген істерді орындау мүмкін болмай отыр. Сондықтан да, бірыңғай қорғаныс кеңістігін құру идеясы Ұжымдық қауіпсіздік келісімшартына толықтыру болып табылады деуге болады....»[4,246].

ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс министрлер   Кеңесінің   хатшысы,   генерал-лейтенант Л. Ивашов бұл тұрғыда: «Кейбір біздің қарсыластарымыз Келісім-шартты жəне осы жоба авторларын сынға алып, онда ұжымдық қауіпсіздіктің мазмұны ашылмаған, сондықтан да оның тиімділігі болмайды-мыс дегенді айтады... Алайда бұл жобаның авторлары бұл құбылысты толықтай бағамдаған жоқ жəне өз алдына ұжымдық қауіпсіздіктің мазмұнын ашу мақсатын қойған жоқ» [5] – деген болатын.

Осы орайда айта кетер бір жайт, əскери-саяси ықпалдасудың басында кейбір кемшіліктердің орын алғаны уақыт өте келе анықталды. Мысалы, 1992 жылдың 26 шілдесінде Мəскеуде өткен  Мемлекет  Басшыларының  отырысын-  да Шекара əскерінің Біріккен басшылығының орнына оның Кеңесі құрылған еді. ҰҚК-нің тағы бір елеулі кемшілігіне оның құрамына көптеген посткеңестік мемлекеттердің, атап айтқанда, бұрынғы Кеңес Одағының əскерииндустриалдық орталығы саналатын жəне өзінің зымыран жəне авиациялық инфрақұрылымы бар Украина мемлекеті мен геосаяси маңыздылығы жоғары Əзірбайжан мен Грузияның енбеуі болып табылады.

Балтық жағалауы елдеріндегі əскеристратегиялық базалардың Ресейдің қолынан шығуы, сондай-ақ  осы  мемлекеттердің  Ба-  тыс Еуропаға қарай еліктеуі посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің геосаяси жағдайын қиындатты. Сондықтан Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шартына Беларусь жəне Қазақстан мемлекеттерінің қатысуы біріккен қорғаныс жүйесін    қалыптастыруға    тиімді    болды. Беларусь  өзінің  геосаяси  орналасуымен  мысалы Ресей үшін өте қажет болды. Қазақстан Республикасының ұжымдық қауіпсіздік келісімшартына белсенді қатысуы да қаншалықты керек екендігін дəлелдеудің қажеті жоқ. Қазақстан жерінде бұрынғы КСРО-ның əскеристратегиялық инфрақұрылымдары, полигондары мен ғарыш айлағының орналасуының өзі көп жайды аңғартса керек [6,20].

Батыс зерттеушілері посткеңес кеңістігіндегі ықпалдасу Ресей арқылы өтетініне сенеді. Өйткені, Ресей жағы өзінің айналасында ықпалдасуды күшейту үшін əртүрлі құралдарды пайдалануда. Нəтижесінде кейбір  мемлекеттер ыдырауға дейін барады, ыдыраған бөліктер аяғында Ресеймен инкорпорацияға түседі. Американдық зерттеушілер посткеңестік аймақтағы көпжақты ұйымдар (мысалы, сол ТМД) ықпалдасудың дамуына үлес қосса да, қоспаса да ықпалдастық ұйымдарда Ресей өзінің басшылығын жоғалтпайды деп пайымдайды [7].

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты қабылданғаннан кейін ТМД мемлекеттері қорғаныс жүйесін құруға əрекеттер жасай бастады. 1993 жылдың аяғында Түркіменстан астанасы Ашхабад қаласында ТМД Мемлекеттерінің Басшылары сыртқы шекараны қорғау бойынша ынтымақтастық            туралы   Меморандумға  қол қойды. ТМД сыртқы шекарасының кейбір аумақтарында қалыптасқан жағдай Достастық мемлекеттерін осындай құжатты қабылдауға мəжбүр етті. Осы мəселеге байланысты мемлекетаралық диалог 1990 жылдардың ортасында жалғасын тапты. Мысалы, 1996 жылы Алматыда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Тəжікстанның мемлекет жəне үкімет басшыларының өткен кездесуінде Ауғанстандағы саяси жағдайдың қиындауы талқыланды. Ауғанстандағы сол кездегі талибан қозғалысының билікке келуі Орталық Азияға жəнежалпы ТМД-ның оңтүстікшекарасынақауіп ретінде қарастырылды. Өйткені, Ауғанстандағы азаматтық соғыстың өршіп кетуі, əрине ТМД елдерін мазалады. Алматыдағы кездесудің нəтижесінде БҰҰ-ның ауған мəселесіне міндетті түрде араласуы туралы мəлімдемесі қабылданды. Уақыт өткен сайын шешілуі тиіс мəселелер қатары көбейді. 1993 жылдың 22 қаңтарында қабылданған ТМД мемлекеттерінің Жарғысына өзгерістер енгізілді. Жарғыда ТМД-ның бір немесе  бірнеше  мемлекеттерінің  егемендігі мен аумақтық тұтастығына жəне халықаралық əлемге қауіп төнген жағдайда ТМД мүшелері ұстанымдарын үйлестіру жəне қалыптасқан қауіпті жою мақсатында өзара келіссөздер өткізу қажет деп көрсетілді /8, 109/.

1995 жылдың 10 ақпанында ТМД-ның Мемлекет жəне Үкімет Басшыларының отырысында ҰҚК қатысушы мемлекеттерінің Декларациясы мен Ұжымдық қауіпсіздік Тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада ТМД-ның сыртқы шекарасының аумағында  əскери  топтардың күшейтілуі, басқа мемлекеттерде ТМД мемлекеттеріне қарсы əскери құрылымдарының қалыптасуы, басқа  мемлекеттердің  тарапынан шекара тартыстарының жəне əскери құрылымдардың шиеленісуі, сонымен қатар ТМД мемлекеттерімен шекаралас мемлекеттерге шетелдік əскерлердің кіруі əскери қауіп бар факторлар ретінде айтылған.

Ұжымдық қауіпсіздік Тұжырымдамасында əскери саясаттың негізі, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру негіздері, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізгі бағыттары мен қалыптасу кезеңдері көрсетілген. Жалпы бұл Тұжырымдама Достастық мемлекеттерінің өздерінің қорғаныс саясатын өткізу жəне тұтастықты сақтауға байланысты мəселелерді қарастырады.

1995 жылы ҰҚК қатысушы мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің осы келісімшарттың мемлекеттері арасындағы əскери ынтымақтастықты тереңдетудің негізгі бағыттары бекітілді. Кеңес мынадай басым мақсаттарды белгіледі:

  • қатысушы мемлекеттердің əскери күштерінің қалыптасуын аяқтау;
  • қару-жарақ пен əскери техниканы жетілдіру, өндіру жəне жөндеуден өткізу бойынша кооперацияны қалпына келтіру жəне дамыту;
  • ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруын жəне жұмыс істеуін қамтамасыздандыратын салаларда ынтымақтастық пен əрекеттесуді дамыту;
  • əскери салада ынтымақтастықтың құқық базасын кеңейту [9].

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шартын, оның тиімділігін арттыру мақсатын көздей келе, халықаралық ұйым (ҰҚШҰ) етіп өзгерту идеясын қолдады. Бұл ретте Ұйымның басты назары, біздің пікірімізше, мүше мемлекеттердің діни экстремизмге, есірткі бизнесіне жəне қарудың заңсыз саудасына қарсы күрестегі күш-жігерін үйлестіруге аударылуы қажет.

Мəселен, Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымына мүше болудың бір тиімділігі, біз Ресейден əскери техника, қару-жарақты арзан, Ресейдің өз армиясына беретін бағамен аламыз. Осы ұйымда Ресей жетекші рөл атқарады жəне бүкіл қаружарақ Ресей зауыттарында жасалатыны белгілі. Бұл тиімділіктің бір белгісі деп қойыңыз.

Екінші мəселе – ҰҚШҰ ТМД-ның осы ұйымға мүше елдерінің қауіпсіздігінің кепілі бола алады. Оның ішіне біріккен əуе-қорғаныс күштері де кіретіні айқын. Демек,  ТМД-ның  5-6 елі ҰҚШҰ құра отырып, өз тыныштығын, территориялық тұтастығын қамтамасыз етіп отыр.

Үшінші мəселе – біз өз əскери мамандарымызды Ресейде оқытып, тəжірибеден өткізіп отырмыз. Ресейде баяғыдан келе жатқан, əбден қалыптасқан оқу базалары бар.

2007 жылы қазан айында ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің саммиті аяқталысымен мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын жəне кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Онда Қазақстан  Президенті  Н. Назарбаев жиынға қатысушылар алдында қазіргі жаһандану дəуірінде ТМД-ға мүше елдердің қауіпсіздігі мен осыған байланысты аталмыш ұйымның атқаруы тиіс қызметі жөнінде əңгіме қозғады.

Бұл орайда Нұрсұлтан Əбішұлы қазіргі кезде халықаралық қауіпсіздікке төніп тұрған қауіпқатерлерді ескере отырып, ҰҚШҰ жұмысын жаңасатығакөтеретінөзгерістеренгізукеректігін атап өтті. Осыған орай, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жұмысына қосымша серпін бергіміз келсе, оның құрылымдық жұмысына өзгерістер енгізуіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда ҰҚШҰ-ның хатшылығы мен біріккен штабының жұмысын екіге бөліп, оның біріншісіне – əскери жəне əскери-техникалық ынтымақтастық мəселелерімен, ал екіншісіне ұйымның күнделікті атқаратын жұмысымен айналысуды тапсырғанымыз жөн деп білемін, деді Елбасы өзінің саммитке қатысушылар  алдында сөйлеген сөзінде. Сонымен бірге, Қазақстан Президенті соңғы кездері ТМД кеңістігіндегі барлық елдерді алаңдатып отырған заңсыз көші-қон мəселесіне тоқталып, оны тиісті деңгейде шешу үшін бар мүмкіндікті пайдалану керектігіне назар аударды. Сөйтіп, саммит барысында Елбасының осы сөздерінен кейін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жанынан екі орган құру туралы шешім қабылданды. Оның біріншісі заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі, екіншісі төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі деп аталатын болды.

 

Əдебиет

 

  1. Ашимбаев М., Лаумулин М. Трудный путь к региональной безопасности // КонтиненТ. – 2002. – №10. – С. 19-23.
  2. Договор о коллективной безопасности // Сборник документов по международному праву. – Т.1. – Алматы: САК, – С. 260-263.
  3. Ивашов Л. Коллективная безопасность Содружества: быть или не быть // Обозреватель. – 1994. – № 1. – С. 40-43.
  4. Президент Нурсултан  Назарбаев. Стратегиявечной дружбы. Казахстан-Россия. – Москва, 2000. – 408 с.
  5. Ивашов Л. Россия и Казахстан имеют тесные союзнические отношения в военной области // www. navigator. kz.
  6. Ашимбаев М., Лаумулин М. Трудный путь к региональной безопасности // КонтиненТ. – 2002. – №10. – С. 19-23.
  7. Fuller G. Central Asia. The New Geopolitics. – Santa Monica: RAND. –
  8. Устав Содружества  Независимых Государств // Сборник документов по международному праву. – Т. 1. – Алматы, 1998. – С.105-117.
  9. Основные направления углубления военного сотрудничества государств-участников ДКБ// Текущий архив Департамента многостороннего сотрудничества МИД РК. Документы по СКБ. 20-08/15.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.