Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік Шығыс Азия елдері ассоциациясының экономикалық интеграциясының дамуы

Қазіргі кезде Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) əлемдік саясаттың жəне экономиканың орталығының біріне айнала бастады. Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері экономикалық өсімінің жоғарғы қарқын деңгейі экономистер мен саясаттанушылардың қызығушылықтарын туғызуда. Азия-Тынықмұхит аймағы АСЕАН, АТЭС сияқты азия-тынықмұхиттық экономикалық қауымдастықты ұйымдастыру аймағына жəне жедел экономикалық дамудың, экономикалық потенциалды жетілдіру, жоғары технологияларды игеру жəне мəдени-техникалық өркендеу  аймағына   айналды. Қырғи-қабақ соғыс кезеңінде КСРО мен АҚШ қарамақайшылығына қарамастан – АТА елдерінің əлемдік үрдіске халықаралық қатынастардың объектісі емес, субъектісі ретінде кіру үрдісі жүріп жатты. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің геосаяси белсенділік нəтижесінің көрінісі 1967 ж. АСЕАН сияқты аймақтық ұйымның пайда болуы. Зерттеушілердің пайымдауынша шиеленіс жағдайлары субаймақтың жас мемлекеттерінде ішкі жағдайдың тұрақсыздануына алып келді, басқарушы режимге қауіп төндірді» [1]. АСЕАН құрылуында ұлттық аймақтық, халықаралық қатынастардағы мүдделер сияқты факторлар негіз болады. Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтағы экономикалық артта қалушылық, Жалпы өндірістік потенциалын көтеру, халықаралық капиталистік шаруашылық жүйесіндегі экономикалық тұрақтылыққа жету үшін нақты экономикалық кооперация мен интеграция ассосацияға бірігуінің объективті сұраныстары АСЕАН-тың  негізгі заңы болып табылады. Бонгкок декларациясында айтылғандай ассосацияның негізгі мақсаттары мыналар: экономикалық өсімді арттыру; əлеуметтік прогресс пен мəдени даму, Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының негіздеріне сүйене отырып халықаралық қатынастарда əділеттілік жəне аймақтағы ынтымақтастық пен тұрақтылықты дамыту, əлеуметтік мəдени, ғылыми, техникалық, əкімшілік жəне экономикалық (ауылшаруашылық өндіріс, сауда, транспорт) секторларда өзара көмек пен серіктестік; халқының салауатты өмір сүруіне жағдай жасау [2]. АСЕАН құрылып болғаннан кейін бəрі ойдағыдай болып кетті деп айтуға да болмайды. Олардың да өзара шиеленістері болды, кейбір мамандар сондай кері əсер АСЕАН-тың өмір сүруін тоқтатады деп ойлайды. Алайда, оны да шешуге тырысты.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы құрылу уақытына дейін оның болашақ құрылтайшылары мен мүшелерінің бір-бірімен ынтымақтастық тəжірибесі аз болатын. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Ассоциациясы құрылуының алдында 1961 жылы Тайланд, Малайзия, Филиппины қатысуымен ОңтүстікШығыс Азия Ассосациясы жəне 1963 жылдан бастап Мафилиндо (Малайзия, Филиппины, Индонезия) конференциясы өмір сүрген болатын [3]. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ұйымын құру туралы алғашқы ұсыныс 1958 жылы ақпанда Малайзия премьер-министрі Абдул Рахманның Коломбаға сапары кезінде айтылған еді, Абдул Рахман аймақта тұтастыққа қол жеткізу үшін Оңтүстік-Шығыс Азия елдері басшыларының кеңесіне шақырды [4]. АСЕАН-тың саяси ынтымақтастығының негіздерінің бірі Оңтүстік-Шығыс Азия бейтараптану концепциясы болып табылады. Алғаш рет Оңтүстік-Шығыс Азияны бейбіт зонаға айналдыру идеясы 1968 жылы қаңтарда Малайзия парламент мүшесі Тун Исмаилдың парламентте сөйлеген сөзінде айтылған болатын, ол өз сөзінде елден ағылшын қарулы күштерінің толық шығарылғанынан кейін, Оңтүстік-Шығыс Азия Ұлы державалар кепілдендіретін бейтараптандыру зонасына кіруі, шабуыл жасамау туралы келісімшарт жəне бейбіт қатар өмір сүру саясатын ұстанатыны жөніндегі декларацияға қол қоюы қажет деп жариялады [5]. АСЕАН-тың бүкіл халқының бəрін қосқандағы санынан территориясының, халқының саны жөнінен Индонезия басты рөлді ойнады. АСЕАН елдері жанжал, дағдарыс жағдай кезінде сыртқы араласудан жəне əскери күшті қолдануға қарсы тұрды. АСЕАН басқа елдерге түрткі болуы мүмкін деген негізде қорғаныс пактісін қабылдаудан алшақтап жүрді. АСЕАН-тың (Индонезиядан басқа барлық елдері қауіпсіздік жөнінде шетел мемлекеттерімен əскери келісім-шарттары болды. Филиппин жəне Тайландтың АҚШ-пен, Малайзия жəне Сингапур 5 мемлекеттің Лаос, Австралия, Жаңа Зеландия қорғаныс келісім-шартының мүшесі болды. Бірнеше факторлардың жиынтығының арқасында 1990 жылдардың алғашқы жартысына таман АСЕАН елдері өздерінің экономикалық өсімінің жоғары қарқынын көрсетті:

  • қолайлы географиялық жағдай (климат, сыртқы теңіз коммуникациясының ашықтығы, бай табиғи ресурстарының болуы);
  • саяси фактор, яғни аймақ мемлекеттерінің арасындағы ашық шиеленістердің болмауы;
  • шетелдік капиталды шақырудағы ОША мемлекеттері басшыларының экономикалық саясаты;
  • демографиялық-шетелдік инвесторлар үшін қолайлы «еңбек заңнамасының» арқасында арзан жұмыс күшінің болуы.

Сөзсіз, шетелдік инвестициялардың ОШАның геосаяси потенциалымен қоса осы аймақтың экономикалық өсіміне алып келді. АТА елдеріне американдық инвестициялардың қайтарылуы Европаның 12,1%-ның 9,4%-мен салыстырғанда жоғарырақ. Сондықтан да АТА-дағы АҚШ-тың капиталы 1990 жылдар мен 1994 жылдар аралығында Европаның 4,3% орташа салыстырғанда 6,6% жоғары. Мұндай беталыс келешекте де байқалмақ.

 Кесте: 1995-2002 жылдардағы АСЕАН елдерінің экономикалық өсімі(%)  

 Экономикалық көрсеткіштер Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің инвестициялық перспективасының жоғары мəнге ие болуын көрсетіп тұр. Оның себебі, аймаққа инвестиция салудағы төменгі  шығындар  емес,  жаңа   технологиялар мен нарыққа ену мүмкіншіліктер. Алдыңғы саптағы ТҰК инвестициялық жоспарлары 90-жылдардың екінші жартысындағы ОША  мен жалпы Азияның экономикасының жедел дамуына алып келетіндігіне жорамал жасады [6].

АТА елдеріне инвестиция ағымының (млн. долл.) кестесі.

Солайша, ОША елдерінің экономикалық өсуінің бірден-бір қайнар көзі ол шетелдік инвестициялар болып табылды.

«Қырғи-қабақ соғыстан соң» бейтараптану жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерін АСЕАН көшбасшылары ядролық емес аймақ мəртебесін берумен тығыз байланыстыра қарастырды. Мəселенің ауыртпалығына қарай тек 1995 жылы мүше-мемлекеттер Ядролық қарудан еркін Оңтүстік-Шығыс Азия аймағын (South-East Asia Nucler Free Zone) құру туралы Декларацияға қол қойды. Алайда оның іс жүзінде күшіне ену үшін Келісімшартқа қосымша бөлек барлық державалармен қол қойылған Хаттама болуы тиіс. Оған қол қоюдың басты тежегіштері, ол Үндістан жəне Пəкстанды ядролық қаруы  бар мемлекеттер қатарына жатқызу мəселелері. Келісімшарттың күшіне ену тағдыры АСЕАН мемлекеттері жəне басқа ядролық державалардың оларды ядролық державалар ретінде мойындау немесе мойындамауына байланысты болып отыр [7].

1994 жылы АСЕАН бастамасымен превентивті дипломатия шеңберінде АСЕАН-тың аймақтық форумы (ААФ) механизмі жұмыс істей бастады. Оның мақсаты диалог жəне кеңес беру арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия жəне де Азия-Тынықмұхиты аймағында шиеленіссіз даму жағдайын қамтамасыз ету. ААФ жыл сайынғы кездесуіне аймақтан тыс елдер, соның ішінде Ресей, АҚШ, Қытай, Жапония қатысады. ААФ шеңберінде екі «жол» бар. Біріншісімен, ресми үкіметаралық деңгеймен жүретін диалог, ал екіншісімен, бейүкіметтік ұйымдар мен зайырлы топ арасындағы диалог жүреді [8].

1992 жылы Оңтүстік-Қытай теңізі жағалауындағы 6 мемлекет  (Бруней,  Въетнам,  ҚХР, Малайзия, Тайвань, Филиппиндер) Манила декларациясына қол қойды. Ол осы мəселеге қатысы бар барлық мемлекеттерді даулы мəселелерді шешуде бейбіт құралдармен шектелуін, сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс теңізі (ОҚТ) акваториясында орналасқан аралдарда қару қолданбау əрекеттерін жəне олардың қорларын бірлесіп пайдалануға шақырды. 1996 жылы шілдеде АСЕАН-тың сыртқы істер министрлер конференциясында осы аймақтағы өзара түсіністікті нығайтудың негізі болатын ОҚТ-да «аймақтық жүріс-тұрыс кодексі» идеясы ұсынылған болатын. Алайда 2004 жылдың соңына таман мұндай кодексті қабылдау жағдайы мен шарттары АСЕАН пен Қытай арасындағы көпке созылған пікірталастың басты мəселесіне айналды.

Аймақтық серіктестер өкілдерімен (АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Индия, ЕО) «10 +  1» схемасы бойынша, яғни асеандық «ондық» жəне серіктестердің бірінің қосындысы, жыл сайынғы кездесудің жиілік кездесу сипатына айналды. Жыл сайынғы асеандық кездесулер келесі схема бойынша өтеді: АСЕАН сыртқы істер министрлерінің конференциясы, ААФ мəжілістері, сұхбаттасу үшін кездесетін постминистрлердің аймақтық емес серіктестерімен мəжілістері [8]. 1996 жылы Сингапур бастамасымен аймақ-аралық ықпалдасудың формасы ретінде Азиялық-еуропалық сұхбат шеңберінде (АСЕМ – The Asia Europe Meeting, ASEM) кездесулер болып тұрды. Асеан оған  көп көңіл бөледі, өйткені АСЕМ-ге біріккен 25 еуропалық жəне азиялық елдерге əлемдік ЖШӨ 54%  жəне  халықаралық  сауданың   57%  келеді екен (1995).

1997 жылдан бастап «ондық» басшыларының Қытай, Жапония жəне Оңтүстік Корея көшбасшыларымен кездесуі жиілік сипатқа ие болды. Олар Малайзияның Тынықмұхиттық Азия аймағында сауда-экономикалық блогын құру ұмтылысының бастамасымен ұсынылған болатын. Куала-Лумпурдың ойы бойынша оны құру ЕО жəне Солтүстікамерикандық сауда аймағы сияқты аймақтық құрылымдармен сұхбатта шығыс-азия елдерінің (НАФТА) мүдделерін теңестіретін еді.

АСЕАН кеңеюі деп құрамына жаңа-мүшелердің, бастапқыда соцлагерьдің құрамындағы   елдердің   ассоциация   құрамына  қабылдау үрдісі. Кеңею мақсаты – ОША біртұтас біріктіру. Жаңа елдер аймақтағы басқа елдерде бітіп жатқан табиғи шикізат көздері, яғни орман, көмірсу жəне су ресурстары, арзан жұмыс күшінің қайнар көзі болып табылады. Жаңа елдерді қабылдау АСЕАН мүше-елдерінің Батысқа қарсы тұруындағы геосаясаттық мүдделерінің ортақтығын көрсеткен болатын. Батыс елдерінің Мъянма үміткерлігі қатаң сынға алынып, артынша жанжалға ұласты. Мьянманы қабылдаудағы негізгі мақсат – Оңтүстік-Шығыс Азияның жүрегі Оңтүстік-Қытай теңізіндегі даулы аралдар үшін Қытайдың геосаяси жоспары жəне де Жапония мен Батыстың экономикалық, саяси қысымы еді.

Мьянма, Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс Азияның теке-тірескен аймағында орналасып, Қытаймен шекараласып жəне 90 ж. белсенді сыртқы саясатты жүргізе отырып, егер оны көршілері итеріп жіберсе, Қытайдың ықпал ету аймағына түсуі мүмкін еді [9]. АҚШ пен ЕО Мьянманы өз қатарына алғаны үшін АСЕАН қатты сынға алды. Мьянманы бір ғана жағдай алаңдатты, ол – Қытай мен Үндістаннан өзін алшақ ұстау мəселесі.

Въетнамның геосаяси орналасуы – Қытаймен көрші болуы жəне Оңтүстік-Қытай теңізіндегі аралдар жəне территориялар үшін болып тұратын жиі  қақтығыстар,  АСЕАН  ұйым  шекарасын  кеңейту   жоспарларымен  дөп келді. Сонымен қатар, Қытаймен жаңа қақтығыстардан    қорқып    Мьянма     АҚШпен тығыз қарым-қатынас орната бастады.  АҚШ ұстанымының өсуі АСЕАН геосаяси мүдделеріне сəйкес келмеді [10].

Кеңею олардың біртұтастыққа апарар өзінше бір сынақ ретінде болуы мүмкін сияқты. Кеңею АСЕАН ескі мүшелері алдында бірнеше ауыр   мəселелерді   қойды, соның ішіндегі ең маңыздысы – ескі жəне жаңа мүшелері арасындағы экономикалық жəне саяси дамуындағы əртүрлілік .

АСЕАН екі немесе үш сатылы ұйымға айналады жəне ұйымның кедей мүшелерінің саяси маргинализация мəселесі туындайды. Сондықтан да жаңа мүшелердің бейімделуі үшін АЕСА-ға кіруге уақыт беру туралы шешілді. Вьетнам 2006, Лаос жəне Мьянма 2008 жылға дейін мерзім алды. Кеңеюден кейінгі АСЕАН потенциалы қомақты болып көрінетін еді.

Кесте: Кеңеюден кейінгі АСЕАН

 1995 жылы 15 қарашада АСЕАН Бангкогтегі 5 саммиті кезінде 7 басшы біртұтас ОША құру жəне 2000 жылы ОША 10 елін біріктіретін топ туралы шешті. Камбоджа, Лаос жəне Мьянма шақырылды. Келесі күні 10 мемлекет ОңтүстікШығыс Азиядағы  ядролық  қарудан  еркін аймақ құру туралы құжатқа қол қойды. Олар Бангкок декларациясының астынан жəне ОША Достық жəне ынтымақтастық келісім-шартын жақтаушылары деп жариялады. АҚШ адам құқықтарының бұзылу себептеріне Мьянманы қабылдауға қарсы тұрды. Клинтон президенті АСЕАН елдерін не болмаса да Мьянманы қабылдаудан бас тартуға көндіру үшін аймаққа арнайы екі өкілдерді жіберді. Ол АСЕАН қатынасты үзетіндігі жөнінде жариялады. Малайзия Мьянма ұйымның 30 жылдық мерейтойына таман АСЕАН мүшесі болады деп жариялады [11].

1996 жылы қараша айында Джакартада өткен бейформальді саммитте бір мезетте Камбоджа, Лаос, Мьянманы қабылдау шешілді. Тайланд, Филиппин, Сингапур басшылары Мъянманы қабылдауды кішкене артқа қалдыруын сұрады. Филиппин  ұстанымдары елдегі продемократиялық топтардың жəне бұқаралық ақпарат құралдарының күшті қысымымен түсіндірілді.  Джакартадағы  саммитте үш мемлекетті қабылдауды нақты мерзімдері көрсетілмеді. Алайда ол 1997 жылы тамыз айы, шектеу мерзімі 1997 жылдың желтоқсан айында қабылдау күтілді. Малайзия басшысы елдерді қабылдауда табандылық танытты, өйткені ол АСЕАН кеңеюге қатысқан белсенді мүшесінің бірі ретінде тарихқа кіргісі келді. Басқа жағынан бұл мəселе жөнінен ол батыстан қалғысы келмеді.

Лаос жəне Камбоджа техникалық жəне бюрократиялық сипаттағы ел ішінде мəселелері болды. 1967 ж. ақырында олар АСЕАН мүшесі болды.

АСЕАН мүшелікте бірнеше критерийлері болды:

  • географиялық; 2) экономикалық (ДСА мүшесі болу), АЕСА шеңберінде еркін саудаға дайын болу; 3) жұмыс тілі ретінде ағылшынды қолдану; 4) АСЕАН 6 немесе 7 елдерінде өкілдіктерінің болуы; 5) АСЕАН сауда серіктесінің бірі болуы.

1993 жылы АСЕАН Оңтүстік-Шығыс Азия елдері жəне басқа мемлекеттер қатысуымен Аймақтық мінбер (АРФ) ұйымдастырды. АРФтың жыл сайынғы кездесулер нəтижесінде АСЕАН мүше-мемлекеттері  жəне диалог қатысушылары үшін Оңтүстік-Шығыс Азия жəне   Азия-Тынық              мұхит   аймағындағы қауіпсіздік, бейбітшілік жəне даму проблемалары бойынша өзекті мəселелерді талқылаудың маңызды жəне тиімді құралына айналды. 1995 жылы Вьетнам АСЕАН құрамына кірді, 1997 жылы Лаос, Мьянма, 1999 жылы Камбоджа Ассоциация мүшесіне айналды. Бұл АСЕАН-тың бұрынғы мүшелері үшін де, жаңа мүшелері үшін жаңа тарихи кезеңнің басталуымен тең болды.

Оңтүстік-Шығыс Азияаймағыныңбір-біріне қарсыласушы топтарға бөлінуінің аяқталуы Оңтүстік-Шығыс Азия барлық елдерінің бірігу үрдісін аяқтады, аймақ бір ұйымға бірікті.

АСЕАН құрамына жаңа мүшелердің кіруі саяси дивидендтер əкелуімен қатар, бірқатар жаңа жəне күрделі проблемаларды алға қойды.

Ассоциацияның жаңа мүшелерінің барлығы дерлік экономикалық дамуының төмен деңгейімен сипатталды. 1997 жылы адам басына шаққанда жалпы ішкі өнім (ВВП) көрсеткіші Вьетнам, Лаос, Камбоджада топтың бұрынғы мүшелері арасында аз дамыған Индонезия мен Филиппиннан  3,1-3,5  есе,  Мьянмада  11,2-11,6 есе кем болды [11].

Осындай жағдайда экономикалық даму деңгейлерініңайтарлықайырмашылықтарында қоғамдастық бұрынғы жəне жаңа мүшелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы абсолютті көлемі бойынша да, номенклатурасы бойынша да шектеулі болды. Ынтымақтастық мүмкіндіктерін Лаос, Камбоджа, Мьянма жəне азырақ деңгейде Вьетнам экономикасында коммерциялық қызмет қажетті шаруашылық көне тəсілдерінің үстем болуы, нарықтық инфрақұрылымның дамымағандығы, ұлттық экномиканың барлық секторларында мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі сияқты факторлар қысқарта түсті.

Осының барлығы Үндіқытайдың мемлекеттерінің ішкі аймақтық экономикалық байланыстар деңгейін төмендете түсті. Əсіресе бұл өзара саудада айқын байқалды. Сондықтан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің импортында Вьетнам, Лаос, Камбоджа, Мьянманың жалпы үлесі 1997 жылы 7,2%-ды, экспортта – 2,6% құрады, бұл АСЕАН-тың ішкі аймақтық саудасында олардың қатысуының мүлдем төмен екендігін байқатты [8].

Лаос, Камбоджа, Вьетнам жəне Мьянманың АСЕАН-қа кіруін Азиаттық дағдарыс та қиындата түсті. Ассоциация бұрынғы мүшелері көптеген қиындықтарға кездесті, дегенмен де, бұл елдердің экспорттық өнім бағасын арзандатты, ал бұл жағдай олардың əлемдік  нарықта  бəсекеге  қабілеттілігін арттыру арқылы олардың экономикасының экспорттық салалары потенциалын сақтап қалды. Ассоциация жаңа мүшелері əлемдік нарықтағы үлесі аз болғандықтан, дағдарыстан зардап шекпеді десе де  болады,  дағдарыс жылдарында Үндіқытай елдерінің экономикалық потенциалы керісінше өсе түсті. 2001 жылға қарай 1997 жылмен салыстырғанда, ЖІӨ өсуі Камбоджада 104%, Лаоста 108,4%, Вьетнамда 122,2%, Мьянмада 162%-ды құрады. Адам басына шаққанда да жалпы ішкі өнім көрсеткіші Сингапурмен салыстырғанда 19972001  жылдар  аралығында  Вьетнамда  0,6  есе,Лаоста 0,3 есе жоғарылады.

1995 жылы желтоқсанда Бангкокта АСЕАН-тың жоғарғы деңгейдегі бесінші кездесуі өтті. Кездесуде АСЕАН-тың экономикалық ынтымақтастық рөлінің артықшылығы туралы шешім қабылданды, соған байланысты Ассоциацияның негізгі күш-жігері оның мүшелерінің бəсекеге қабілеттілігін арттуға, АСЕАНты əлемдік ірі масштабты өндіріс аймағына айналдыруға, əлемдік аренада бір саяси бағытты жүргізуге бағытталу керек. Осы кездесуде АСЕАН мүше-мемлекеттері Оңтүстік-Шығыс Азияны ядролық қарусыз зонаға айналдыру туралы келісімге қол қойды, бұл бейбіт, тұрақты жəне қауіпсіз Оңтүстік-Шығыс Азия аймағын қалыптастыруда маңызды жеңіс болды.

АСЕАН жаңа мүшелердің кіруінен туындаған күрделі міндеттер мен проблемаларға, 1997-1998 жылдары қаржылық дағдарысқа қарамастан, өзінің халықаралық аренада аймақтық ұйым ретінде тұтастығын, үлкен потенциалын жəне Еуропалық одақ, НАФТА сияқты ірі аймақтық интеграциялық ұйымдармен бəсекелесе алатынын көрсетті.

Қаржылық дағдарыс схемасы былай болды: сыртқы капиталдың жаппай кетуі ұлттық валюта бағамының төмендеу қаупін туғызды, одан кейін ішкі нарықта қызмет етуші шетелдік институционалды инвесторлар капиталды сыртқа шығаруға жəне алынған пайданы бекітуге тырысты. Нəтижесінде, дағдарыс қаржылық нарықтың түрлі салаларына тарады.

Дағдарыстың пайда болу механизмінің макроэкономикалық түсіндірмелерініңарасында зерттеушілер, ең алдымен, 1995-1997 жылдары жүзбелі валюталық бағам шарттарындағы өсуші капитал келуін бөліп көрсетеді, бұл реалды валюталық бағамдарды асыра бағалауға əкелді, ол өз кезегінде сауда балансының, ағымдық есептерінің жетіспеушілігін күшейтті. Қаржылық белсенділік нарығында спекулятивті интенсивті топталуына əкелді.

XX ғасырдың соңғы онжылдығы АСЕАН үшін шешуші кезең болды. Онжылдық ішінде АСЕАН алғашқы жиырма жылда іске асырмаған жоспарларын орындады. Ең алдымен, экономикалық интеграцияны тереңдету барысында АСЕАН Еркін сауда зонасын құру туралы шешімнің қабылдануы, АСЕАН қосу үш формуласы шеңберінде ҚХР-мен қатынастарды дамыту үлкен жетістік болды. АСЕАН мүшемемлекеттері АФТА-ны қалыптастыруда да зор жетістіктерге жете алды. Ішкі аймақтық саудада кедендік кедергілерді төмендету, ұлттық экономиканы аша түсу, экономикалық потенциалды арттыру, халықаралық саудаға шығаратын тауарлар тізімін кеңейту бағытында көптеген істер жасалынды.

Ұйым құрамына Вьетнам, Лаос, Мьянма, Камбоджа  қосылуы  арқылы   Оңтүстік-Шығыс  Азия  аймағының  толық  бір  ұйымның,  бір мақсаттың, бір саясаттың жолында бірігуі Ассоциация елдерінің өзара мəселелерін шешу бағытындағы қадамдарының сəтті болғандығын көрсетеді. АСЕАН-тың кеңеюі жаңа саясат, жаңа аймақтық экономиканы танытқанымен, АСЕАН-тың интеграцияға, аймақтылыққа жету мақсатында бір саты алға жылжығандығын білдіреді.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында əлемдік саяси ландшафта болған позитивті өзгертулер Азиаттық-Тынықмұхиттік аймақтағы қауіпсіздік саласы бойынша көпжақты диалог пен ынтымақтастықты жақсартуға жағымды алғышарттар алып келді. Олардың өзегі ретінде қауіпсіздік бойынша Аймақтық форум орын алды (ААФ) – бүгінгі күнде АТА-дағы жалғыз үкіметаралық құрылым.

Жоғарыда айтылған аймақтағы қауіпсіздік құрылымының пайда болуы – халықаралық қатынастар тарихындағы абсолютті жаңа жəне бірегей кезең болып келеді. Соңғы уақытқа дейін АТА-да  көпжақты дипломатияның білгілі бір дəстүрлері мен тəжірибелері болмады. Сондықтан, АТА-дағы сондай Форумның пайда болуы үлкен мəнді білдіреді, өйткені саяси ойлау қабілетінің жаңа кезеңге көшуі, өзекті қауіпсіздік проблемаларға кең түрде назар аудару бүгінде қажеттілігін жойған жоқ.

Бір жағынан, Ассоциация АТА-дағы маңызды саяси полюстердің рөлін атқарды. Басқа жағынан, аймақтық саясатындағы АҚШ, Қытай, Жапония жəне Ресей сияқты ірі мемлекеттердің көпжақты қатынастарға қызығушылық білдіру жолымен, олар қауіпсіздік саласындағы көптеген проблемаларды шешуге арнайы «дəліз» құрды.

 

Əдебиет

 

  1. Шреплер Х.А. Международные экономические организации: Справочник. Перев. С.А. Тюпаева, И.Н. Фомичева. – М., 1999. – С. 321323.
  2. Колыхаловой Г.П., Петрова А.И. Внешняя политика стран Азии. – М., 1988. – С.54-59.
  3. Рогожин А.А.   Экономические   интересы в ЮBA – год 2000 и перспективы // ЮгоВосточная Азия в 2000 г. Актуальные проблемы. – М., 2001. – С. 261-263.prometa. Ru
  4. Устинова Т.Н. Политика США и Японии в АТР и проблемы безопасности // Проблемы безопасности в Азии. – М., 2001.
  5. Ашимбаева М.С., Шоманова А.Ж. Страны и регионы мира в современных международных отношениях. – А.,
  6. S. State department. www.stategov.
  7. Ефимова Л.М. Проблемы безопасности в Азиатско-тихоокеанском регионе. – М.,
  8. Gates R.M. Preventive Diplomacy: Concept and Reality. – PacNet Newsletter, 1996. N 39, Sept. 27.
  9. Бэттлер А. Национальные интересы, национальная и международная безопасность. – С. 156.
  10. Крупянко М.И. Япония в системе ВостокЗапад: политика, экономика. – М.,
  11. World Investment Report, 2004. Investment, Trade and International Policy

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.