Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі Сирия мəселесі бойынша мүдделі геосаяси күштердің ұстанымдары

Күн  өткен  сайын  шиеленісе  түскен  Сирия мəселесі барлық мүдделі тараптардың ұстанымдарының нақтылана түсуіне жағдай жасауда. Ресей, Иран мен Қытай бір жақтан, АҚШ, Еуропа Одағы, Израиль, Түркия, Араб елдері лигасы екінші жақтан, Сириядағы шиеленісті жағдайдың келешегіне қатысты бір-біріне қарама-қайшы көзқарастарды ұстануда. Ресей мен Қытай Сириядағы биліктің «Ливиялық сценарий» бойынша ауыстырылуына қарсылық білдіріп, БҰҰ-да вето құқығын пайдаланғандығы мəлім. Оған Иран да қосылып, шиит ағымының өкілі Башар Асадтың билікте қалғанын қалайтынын білдірді. Бұл үштіктің ұстанымы бойынша, оппозиция мен билік ортақ бір келісімге келіп, барлық мүдделі тараптарды қанағаттандыратын нəтижеге қол жеткізулері тиіс. Олардың ойлары қос тарап та бірдей кінəлі дегенге саяды. АҚШ бастаған, Араб елдері лигасы қолдаған қарсылас тарапқа келсек, барлық қантөгістердің себебін Асадтың билігінен іздейді.

Түркияның Сириядағы оқиғаларға қатысты ұстанымы.

Таяу Шығыс аймағында лидерлік үшін таласта   сунниттік Түркия шииттік  Иранның басты саяси бəсекелесі болып табылады. Əрине, Сирияда шииттік биліктің құлатылып, оның орнына түріктерге жақын сунниттік топтардың билікке келуі Анкараға тиімді болары сөзсіз. Түркия бір жағынан, Сирия мəселесінің тезірек əскери жолмен шешілгенін қаласа, екінші жағынан, экономикалық-əскери шығындарды болдырмаудың жолдарын да қарастырып жатыр. Соғыстың болуы жағдайында, оның ауыр жүгі алдымен Түркияның халықаралық беделі мен экономикалық дамуына кері əсер етеді. Оның үстіне, Анкара Ресей мен Иран сияқты өзінің маңызды саяси-экономикалық серіктестерімен қарым-қатынастарын бұзып алғысы келмейді.

Түркия араб елдері үшін саяси-экономикалық дамудың үлгісі. Тарихи себептерге байланысты арабтардың көбісі бұл идеяны қолдамайды.

Түркияның  «Сирия ұлттық кеңесі» мен «Еркін Сирия əскерін» қолдауы жағдайды тым шиеленістіріп, Ресей мен Иранның наразылығын тудырды. «Turkey analyst» журналында Түркияның Батыс елдерінің қолдауымен Сирия аумағында «қауіпсіздік аймағын» орнататындығы жазылады. Бұл орайда, Түркия мен Иранның     қатынастары    қарама-қайшылыққа толы. Иран Түркияның энергетикалық қажеттіліктерінің үштен  бір  бөлігін  қамтамасыз  етіп отыр. Анкара НАТО-ның аясындағы өз міндеттемелері шеңберінде Иранның ұзақ қашықтыққа ұшатын ракеталарына қарсы АҚШ-тың алдын-ала ескертетін радар жүйесін Түркия аумағында орнатуға келісімін берді [1,   4 б.]. Түркияның қазіргі жағдайы күрделі жəне айтарлықтай ыңғайсыз. Түркия қалыптасқан халықаралық жəне аймақтық жағдаяттың шешуші субъектісінен гөрі, басты объектілерінің біріне айналған.

Батыс елдерінің Сириядағы оқиғаларға қатысты ұстанымы.

Франция мен Ұлыбритания Таяу Шығыс аймағында ерекше белсенділік танытып келеді. Қос алып елдің Ливан мен Ирақта арнайы жасақтары болғандықтан, Сириядағы жағдайға белгілі деңгейде ықпал ете алады. Бірақ, АҚШ тұрғанда Франция мен Ұлыбританияның бірінші рөлді ойнай алмайтыны, Вашингтонның қолдауы немесе нұсқауы бойынша ғана ісəрекетке баратыны белгілі. АҚШ дүниежүзіндегі ең қуатты экономикалық-əскери держава ретінде Дамаскдағы жағдайды қарудың күшімен толықтай өзгерте алатын бірден-бір алып мемлекет. Бірақ, оған Ресей кедергі болып тұр. АҚШ-тың əзірше Сирияға əскери күштерін енгізбеуінің келесісебептерібар. Дүниежүзілікэкономикалық жағдаяттың қолайсыздығы, Ресей мен Қытайдың БҰҰ-дағы ашық қарсылығы, Ирақ пен Ауғаныстаннан əскерін шығаруы себепті  АҚШ-тың Таяу Шығыстағы  ықпалының  төмендеуі, Обама əкімшілігінің соғысуға құлықсыздығы, Сириядағы жағдайдың Ирақ, Ауғаныстан жəне Ливиядағы оқиғалардан өзгешелігі, əскери шабуылдан  антиамериканизмнің  өрбу  «қаупі», «Батыс блогының» шабуылдың ғаламдық салдарларынан сескенуі, АҚШ-та президенттік сайлаудың өткізілуі соғыс жариялау үшін тым қолайсыз.

АҚШ БАҚ құралдары арқылы Сирия халқын өз билеушілері Асадқа қарсы тұруға ашық түрде үгіттеуде. АҚШ «Ливиялық сценарийдің» Сирияда да жүзеге асатындығына сенбейді. Бұл жағдайда, АҚШ Түркия сияқты аймақтық державаға сүйенеді. Вашингтондағы стратегтер соғыс жағдайындағы əскери-экономикалық шығынды азайту үшін Түркияға арқа сүйейді  [2, 9 б.].

Ресейдің Сириядағы оқиғаларға қатысты ұстанымы.

Сирия мен Ресейдің арасында əртүрлі салаларда ынтымақтастық қатынастары қалыптасқан. КСРО кезінде Мəскеу араб социалист елдерінің «қорғаушысы да қамқоршысы» болды. Қазір, араб əлемін зерттеудің ірі орталығы ретінде Ресей Сириядағы жағдайды жіті бақылап отыр. Сирия дағдарысында Мəскеудің беделі мен рөлі ерекше маңызға ие болып отыр. Ресей дипломаттары басында Сириядағы биліктің тұрақтылығын қаласа, қазір əскери шабуылды болдырмау, яғни, оқиғалардың «Ливиялық сценарий» бойынша дамуына жол бермеу туралы көп айтады. Ресейдің БҰҰ-да вето құқығын қолдануы, 2012 жылдың 7 ақпанында Ресейдің өкілдерінің Сирияға жасаған «тарихи» сапары,  Валдай  форумының ұйымдастырылуы,

10 наурызда С. Лавровтың араб елдеріне жасаған сапары Мəскеудің саяси белсенділігі мен мүдделілігін анық көрсетеді. Сирия мəселесі Ресей дипломатиясы үшін өз беделін  көтерудің  жəне  қабілет-қарымын  сынаудың  жаңа  бір мүмкіндігі. Ресей Сирияда терең саяси, əлеуметтік-экономикалық реформалардың жасалғанын дұрыс деп есептеп, өткен референдумға оң баға берді. Сирия мəселесінде Ресей əртүрлі сценарийлерге дайын.

Ресей СІМ-і Таяу Шығыста орын алған оқиғаларды сипаты мен мазмұны жағынан көтерілістер мен төңкерістерге бөледі. Бұл жерде Мəскеу «қос стандарт ойынын» ойнап отырған жоқ па? Мəскеудің ойынша, Сириядағы болып жатқан оқиғалар төңкеріске жатпайды. Сирияның ішкі жағдайына араласуды Ресей өз ісіне араласу деп біледі. Бұл ұстанымға сəйкес, əскери араласу саясаты Сириядағы жағдайды одан ары «асқындырып жіберуі» мүмкін. Мəселені оппозиция мен режим арасындағы диалог арқылы ғана шешуге болады. Сириядағы саяси режимнің қатаң ұстанымын жұмсарту үшін Мəскеу өз салмағын пайдаланып, Дамаскіге ықпал ете бастады [3, 2 б.].

Егер, Ресей Сирияны қауіпті  жағдайдан аман алып қалып, елдегі саяси элитаның қантөгіссіз ауысуын қамтамасыз ете алса, бүкіл араб əлеміндегі беделін қалпына келтіре алар еді. Мəскеудің халықаралық қауымдастықтағы ықпалы артып,  араб  əлеміндегі  оң  имиджі нық орнығып, аймақтағы ең басты ойыншыға айналар еді.

Десек те, сириялық оппозицияны қолдаған Батыс елдері  мен Араб елдері лигасының түпкілікті ұстанымы Ресейдікіне қарсы. Əзірше, Ресей мен Қытайдың Сирияға қатысты вето құқығын пайдалануы АҚШ-тың өкілінің өз сөзімен айтқанда «жиіркенішін» туғызады екен. Ресей  СІМ  басшысы  С.  Лавров наурыздың

9-10 күндері БҰҰ-ның жəне Араб елдері лигасының (АЕЛ) Сириядағы өкілі Кофи Аннанмен кездесіп, оған Мəскеудің ұстанымын тəптіштеп, жеткізіп берді. Нəтижеде, Мəскеу мен АЕЛ Сирия жөнінде ортақ түсіністікке келді. С. Лавров сондай-ақ, Мысыр қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы Тантавимен кездесті. Ресей жағы қантөгісті тоқтату, сыңаржақтылықтан арылып, елдің ішкі жағдайына қол сұқпау сияқты талаптарын қойды. Сауд Аравиясы сияқты АҚШ-ты қолдайтын елдер Ресейдің бұл əрекетін де сынға алды. Түптің түбінде, Асад билігінің құлатылуы жағдайында Мəскеу Вашингтонның алдында жеңілгенін мойындауға мəжбүр болады [4, 12 б.].

Қытайдың Сириядағы оқиғаларға қатысты ұстанымы.

Қытайдың БҰҰ-да Сирия мəселесі бойынша вето құқығын пайдалануы біріншіден, аталмыш алып мемлекеттің халықаралық саясаттағы жеке ұстанымын, екіншіден, идеологиялық тұрғыдан туыс ел Ресейге көрсеткен қолдауын, үшіншіден, Батысқа қыр көрсетуін, төртіншіден, кез келген елде билікті сырттан күшпен ауыстыруға жол берілмейтінін білдіреді. АҚШ-тың Бас хатшысы Қытайдың Сирияға қатысты ұстанымын сынап, оны өзгертуге күш салды. Вашингтонның ойынша, Қытайдың ұстанымы сириялықтардың мүддесіне сай емес.

Қытайдың халықаралық сахнадағы саясаты, атап айтсақ, Таяу Шығысқа қатысты саясаты өзінің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз  етуге  бағытталған.   Қытайдың Таяу Шығыс мəселелеріне қатысты мақсаты ынтымақтасу, келіссөз жүргізу жəне жанжалды шешуге келіп саяды [5, 4 б.].

Сонымен, Қытайдың вето қолдануын НАТОның Ливияғажасағаншабуылынареакцияретінде де, сондай-ақ, Қытайдың Таяу Шығыстағы энергетикалық  мүдделерінің   ескерілмеуімен де түсіндіруге болады. Ресей-Қытай ұстанымы Сирия дағдарысының оң шешілуін қамтамасыз етуі де ықтимал.

Иранның Сириядағы оқиғаларға қатысты ұстанымы.

Иран  өзінің  одақтасы  Сириядағы тұрақтылықты қалайтыны түсінікті. Сирияның Башар Асад бастаған саяси элитасы шиизмді ұстанатын алевилерден құралған. Сирия оппозициясы исламның сунниттік бағытын ұстанатын беделді «Мұсылман бауырлар» ұйымынан құралған. Парсы шығанағындағы сунниттік монархиялар Иранның ықпалынан қауіптенеді. Иран Сирияға мұнай тасымалдайтын бірден-бір серіктес мемлекет. Сирияға қарсы жасалған санкциялар Асадтың сыртқы күштерге қарсылық көрсету қабілетіне əсер етуі мүмкін. Жалпы, Иран Сириядағы биліктің құлатылуына барлық жағынан дайын.

Иранның алдында үш жол тұр. Бірінші жол: Иран Асадтың «батып бара жатқан кемесінен» кез келген уақытта «секіріп, түсіп қалуға» дайын. Екінші жол: Иранның консерватор саясаткерлері Сирияға қатысты екіге бөлінді. Үшінші жол: Ахмадинеджад пен Аятоллах Али Хаменей арасындағы дау-дамай кеңейіп, Сирия мəселесіне ойысып отыр. АҚШ пен Израиль қазір Иранға шабуыл жасау туралы жиі-жиі  айта бастағаны мəлім. Иранға қазір Ресей мен Қытаймен бірігіп, бір блок құрып, ортақ ісəрекет жоспарын дайындау қажет.

Израильдің Сириядағы оқиғаларға қатысты ұстанымы.

АҚШ-тың артында Израиль тұр. ТельАвивтің мақсаты Башар Асадтың билігін құлатып, Иранды бомбылау. Израильдің ойынша, Сирия халықаралық лаңкестікті, Хамас сияқты Израильге қарсы радикалдық топтарды, Хизбалла қозғалысын қолдайды.

Сириядағы оқиғалар Израиль үшін мүмкіндіктермен қатар қауіп-қатерлер де туғызып отыр. Израиль «Араб көктемінің келуімен бірге, кейбір одақтастарынан айырылып қалды. Израиль    аймақта  саяси исламның күшеюімен «тұрақсыздық» толқынының тарауынан сескенеді. Сириядағы биліктің құлауы Иранның да əлсіреуін білдіреді.

Израиль өзінің Таяу Шығыстағы саясатында толығымен АҚШ-қа арқа сүйейді. Əзірше, Израиль АҚШ-ты Сирияға қарсы соғыс жариялауға көндіруге тырысып бағуда [6, 5 б.].

Таяу Шығыстағы, əсіресе, Сириядағы оқиғалардың алда қалай өрбитіндігін кесіп айту қиын. Əзірше, бүкіл əлемнің назары Сирияға бағытталған. Сирияда жанжалдардың жалғасуы жағдайында саяси режимнің ауыстырылуын жөн санайтындардың қатары да арта бермекші.

Қорытынды. Сирияның келешегіне қатысты əртүрлі қарама-қайшы болжамдар бар. Оқиғалардың немен тəмамдалары əлі де анық емес. Сирия режимі мəселенің тек қақтығыс арқылы шешілетіндігіне сеніп, билікті сақтап қалу үшін соңына дейін қарсыласу саясатын ұстана береді. Сирияда болып жатқан оқиғалардың көмескі жəне жабық болуы ел ішінен сенімді ақпарат алуды қиындатып отыр. Сирияға əскермен басып кіру үшін себептер əлі жеткіліксіз. Келіссөзге Түркия мен Араб елдері лигасын тарту арқылы мəселені бейбіт шешкен абзал. Араб елдері лигасына мүше елдердің өздері Сирияда биліктің ауысуына қатысты əртүрлі қарама-қайшы ұстаным білдіруде. Сириядағы жағдай əлі де толық болжап болмайтындай деңгейде күрделі.

 

Əдебиет

 

  1. Orhan. Suriye için Libya Modeli Uygulanabilir mi? 14/02/2012. www.orsam.org.tr
  2. Fadi Hakura. Why Turkey is increasing pressure on Assad. 10/02/2012. cnn.com
  3. Виталий Билан. Россия переходит к политике маневрирования на Ближнем Востоке. Февраль 2012 // Журнал «Новое Восточное Обозрение».
  4. Yezid China’s Position on Syria. February 8, 2012. www.CarnegieEndowment. org
  5. The Syrian Conundrum. 7 February 2012. chathamhouse.org
  6. Salman Shaikh. Netanyahu and Syria. March 01, 2012. brookings.com

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.