Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ядролық қарусызданудың өзекті мəселелері

Екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң қарулану процесі тоқтатылмады, көптеген саясаткерлер үшінші дүниежүзілік соғыс болатынын болжаған жəне бұл текке емес. Кейбір ғалымдар мен саясаткерлердің айтуы бойынша Үшінші дүниежүзілік соғысы – мемлекеттер арасында жариялық соғыс ретінде болмай, керісінше жабық, саясат пен экономикаға бағытталған соғыс. Осы жағдайды алдын алу үшін БҰҰ-ның Бас Ассамблея жəне  Қауіпсіздік  Кеңеспен  қоса басқа да көптеген қарусыздану мəселесімен айналысатын ұйымдар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шараларды жəне де қаружарақтарды бақылау операцияларын жүргізе бастады [1].

Егер мемлекеттер  осы  мақсатты  алдына қоя отырып, жиналып, ортақ күшке айналса, онда халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік орнатуға болады. БҰҰ халықаралық бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті орнатуда өзі жалғыз күресе алмайды, əр мемлекеттің  қолдауы ұйымға үлкен күш беретіні анық. Сондықтан, халықаралық қауіпсіздік орнату үшін мемлекеттер бірігу керек екенін ұйым бүкіл əлемге көз жеткізуі керек.

Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы беделді болса да жəне оны көп мемлекеттер жақтаса да, ядролық қарусыздану саласына əсер ететін көптеген факторлар бар:

  • ядролық статусқа ие емес мемлекет ядролық қару-жарақты өндіруі, сатып алуы;
  • мемлекеттер арасында ядролық қарулану сайысы болуы;
  • ядролық қаруларға қатысты ыдырайтын, жарықшақтанатын материалдарды өндіруді;
  • электроэнергия мен ғылыми зерттеулерде қолданылатын объектілер мен материалдарды қолданылған кезде қауіпсіздік ережелерін дұрыс орындап сақтамауы;
  • террористер жəне экстремистердің ядролық қаруларды пайдалануы;
  • мемлекеттер немесе террористер ядролық материалдарды заңсыз экспортқа шығару, ұрлау, құпия сатып алуы (экспорттық бақылаудың тиімді болмауы).

Халықаралық қауіпсіздікке жəне бейбітшілікке қауіп-қатер төндіретін келесі мемлекеттер тобын жатқызуға болады:

  • Ресми танылған ядролық мемлекеттер (АҚШ, Ресей, Франция, Ұлыбритания жəне Қытай);
  • ядролық мемлекет ретінде танылмаған, бірақ ядролық қару-жарақ бар екенін ашық жариялаған (Үндістан жəне Пəкстан);
  • ядролық қару-жараққа ие мемлекеттер бірақ ресми танылмайды (Израиль);
  • ядролық статусқа ие емес мемлекеттер, бірақ ядролық қарулардың мативациясы жəне қажетті ғылыми-техникалық потенциалы бар мемлекеттер (КНДР, Иран);
  • ядролық мемлекет статусына ие емес, ядролық қаруды құруға қабілеті бар,  бірақ саяси жəне əскери мақсаттарына сəйкес болмауына қатысты өзін-өзі тоқтатқан, ядролық мемлекеттер дəрежесінен «жасырын» ядролық мемлекеттеріне ауысты (Аргентина, Бразилия, Республика Корея жəне т.б.);
  • «мемлекеттік емес актерлер» (халықаралық жəне ұлттық террористік ұйымдар мен топтар, экстремисттер жəне т.б.) [2].

Ядролық статусқа ие емес мемлекеттер (Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ирақ, Ливия, Бразилия, Аргентина) халықаралық бақылау жүйесiндегi кемшiлiктердi қолдана отырып, əскери сипаттағы ядролық қаружарақтарды құпия жалғастырып өңдейді. Бразилия, Аргентина жəне Ливия бұл жұмыстардың тоқтатылуы туралы жариялады. Бірақ, Бразилия келешек өңдеулерге арналған мүмкiндiктерді сақтауға ұмтылғаны анық. Жер бетінде халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті орнатуға тағы бір қауіп-қатер төндіреді, бұл фактор ең қауіпті əрі қаһарлы. Бұл – ядролық терроризм. Ядролық терроризмнің қаупінің ерекшелiгi – осы ядролық (немесе радиологиялық) қарулар мемлекеттiк емес актормен қолданылуы мүмкін. Терроршылар заңды нормалармен шектелмеген, тіпті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялары жарамсыз болады, олар «ережелерсiз ойнайды», сондықтан ядролық терроризмға қарсы əрекет мемлекетаралық қатынастарда қолданылатын əскери-стратегиялық құралдармен iске аса алмайды. Ядролық терроризм үш жолмен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • ядролық объектілерiне (реакторлар) қарсы ядролық жарылысты шақыру мақсатымен террорлық акттерiнiң өткiзуі;
  • өнеркəсiпке тағайындалған радиоактивтi материалдарды радиологиялық қару ретiнде қолданумен;

Сонымен қатар, терроршылар ядролық оқдəрiлерге   жəне   жеткiзу   құралдарына  рұқсат жеңiлдететiн мəлiметтерге ие болуы орынсыз, барлық ақпараттарды құпия түрінде сақтау керек. Осыған сəйкес, əр мемлекет өз ядролық саясатын жаңартқан кезде немесе қандайда өзгеріс енгізген кезде өзге мемлекеттерге хабарлауы тиіс. АҚШ жəне Ресей ғана емес, барлық басқа ядролық қаруы бар мемлекеттер ракета iске қосу жүйесінiң жұмыстары туралы ақпар алмасуы қажет. Халықаралық қауіпсіздікке, бейбітшілікке қауіп-қатер   төндіретін тағы бір факторы ол электроэнергия мен ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни əскери емес атомды, радиациялық объектілер мен материалдарды қолданылған кезде қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамауы. Оған мысал: Чернобль АЭС апаты. Бұл авария 1986 жылдың 26 сəуiрiнде Чернобыль атом электр станциясында төртiншi энергия блоктiң қиратуы Украинаның (сол кезде Украина ССР құрамында болған) аумағында болған. Бұл қирау жарылғыш сипатқа  ие  болды, реактор толық қиратқан жəне қоршаған ортаға радиоактивтi заттардың үлкен саны шығарылған. Ядролық энергетика тарихында бұл апат Экономикалық залал бойынша жəне жəбiрленушi адамдардың зардаптарынан ең  iрiсі ретінде пайымдалады. Чернобыль АЭС-ы КСРО-да ең қуатты болып саналған. Чернобыль АЭС-ы Украинаға жақын салынған, Припять қаласында. Чернобыль қаласынан 18 километр, Белоруссияға жақын 16 километр жəне Киевтен 110 километр қашықтықта орналастырылған. ЧАЭС апат кезінде РбМ-1000 төртреакторлары қолданылды(үлкенқуатыныңреакторыжыралық типті) – əрбiрі 1000 мвт электр қуатымен (3200 мвт жылулық қуаты болған) қызмет атқарған. Апаттың нəтижесінде радиоактивтi заттар қоршаған орталарға таралған болатын, соның iшiнде уран, плутоний, йод-131, цезий – 134, цезий – 137, стронций – 90 [3].

Осы жоғарыда айқындалған барлық мəліметтерді қорыта келетін болсақ, осы қауіп-қатерді ликвидациялау үшін келесі шараларды ұйымдастыру қажет:

  • Ресей мен АҚШ мемлекеттер арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы жаңа қарымқатынас үлгісін құру қажет;
  • ядролық қаруландыруда Ұлыбритания, Франция жəне ҚХР (КНР) мемлекеттерін реттеушілік, бақылаушылық режиміне қатыстыру қажет;
  • Үндістан, Пəкстан жəне Израиль мемлекеттерін ядролық қаруландыруда реттеушілік, бақылаушылық режиміне де-факто қатысушы ретінде орнату;
  • КХДР (КНДР) жəне Иран мемлекеттері ядролық қару-жарақтарды иелену мүмкіндігін алдын алу шараларын ұйымдастыру;
  • ядролық емес мемлекеттердің ядролық қаруды иеленуге мотивациясын азайту;
  • террористер жəне экстремисттердің ядролық қаруларды пайдалануға жол бермеу.

Қазірде стратегиялық тұрақтылықты бірнеше бағытта дамыту керек.

Бірінші басымдылық, бұл ядролық жəне радиологиялық қару-жарақтардың глобалды сұраныстарын азайту жəне таралудың тиімді стратегиялық алдын алу операцияларын жүргізу керек.

Екінші басымдылық, бұл əскери ядролық технологияларға бақылаушылық ұсыныстарды əзірлеу. Мемлекеттер жəне мемлекеттер емес субъектілер ядролық қару-жарақтарды иеленуді, сонымен қатар осы қаруды құрастыруға қатысты материалдар мен білімді максималды азайту керек. Осы халықаралық режим мəжбүрлеуші шараларға сүйенуі керек, бұл шараларды бір жағынан, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, ал екінші жағынан, егеменді мемлекеттер жүзеге асыруы қажет [4].

Ядролық бақылау мен ядролық қару-жарақтарды таратпау режимінің негізгі құрамдас элементі, XXI ғасырдың қауіп-қатер мен тəуекелге қатысты келесі элементтерді жатқызуға болады:

  • көпжақты бақыланбайтын ядролық қарулану сайысын болдырмау, алдын алу;
  • «жасырын» мемлекеттер ядролық қаружарақты иеленуді алдын алу, болдырмау, сонымен қатар осы мемлекеттерге ядролық державалар қарсы қолданбауға толық кепілдік беруі қажет;
  • ядролық қаруларға қатысты ыдырайтын, жарықшақтанатын материалдарды өндіруді тоқтату;
  • ресми жəне ресми емес ядролық державалар ядролық қару-жарақтар арсеналдардың санын арттырудан бас тарту;
  • ядролық қарулардың жиналған қорлар санын азайту;
  • ядролық мемлекеттер арасында ядролық қару-жарақты пайдалану тəуекелін төмендететін сенімділік жəне өзге де шараларын жүзеге асыру керек;
  • ядролық қарулар мен материалдарды сақтауда, транспортировканы жүзеге асырғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • электроэнергия мен ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни əскери емес объектілер мен материалдарды қолданылған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • экспорттық бақылаудың тиімділігін жəне ұлттық  жүйені  түгендеуді  арттыру,  қару-  лы материалдардың бақылаушылық жəне физикалық қорғау;
  • ядролық материалдардың заңсыз айналымын, ұрлық, құпия сатып алуды алдын алу, яғни тоқтату;
  • «ми ағымын» болдырмау, тоқтату (əскери ядролық технологиялар жөнінде білімі  бар жəне құпия ақпараттарға ие бақылауға алынбаған тұлға), сонымен қатар «ет сезімсіз технологиялардың» жəне электронды түрдегі технологияларды бақылаусыз таралуын тоқтату;
  • террористер мен экстремистер арасында ядролық объектілерді жəне қаруларды иелену мүмкіндігін, сонымен қатар күші бар превентивті шараларды («контрраспространение») алдын алу, яғни тоқтату [5].

 

Əдебиет

 

  1. http://www.azattyq.org/content/Article/1164391. html,http://www.azattyq.org/content/ Article/1149881.html
  2. Басил Хаж Жасим, «Əл Арабия» (Біріккен Араб Əмірліктері) телеарнасының тілшісі (арнайы «Жас қазақ» үшін) 2009 жылы 2 қазан.
  3. http://en.wikipedia.org/wiki/Chernobyl«Иранға шабуыл  жасайтын  кез  келдi».  Жас Алаш №04 (15462) 14 қаңтар 2010 ж.
  4. http://mnenia.zahav.ru/ArticlePage. aspx?articleID=1077

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.