Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жапонияның жаһандану əлеміндегі сыртқы мəдени саясаты

Қазіргі экономика мен саясаттағы, мəдениет пен əлеуметтік саладағы жаһандық трансұлттық үрдістер жайлаған, халықаралық туризмнің қарқынды дамып жатқан жəне Ғаламтордың таралуы мен жаһанданудың басқа да бейнелері іске асып жатқан əлемде, мəдениет пен саясаттың өзара байланысы күшеюде жəне мəдени саясат пен əлеуметтік жекелік мəселелері өзекті бола бастады. Қазіргі əлемнің көшбасшы мемлекеттерінің бірі болып табылатын Жапонияның сыртқы мəдени саясатына ерекше көңіл бөлген жөн.

Сыртқы мəдени саясатты кең мағынада, мəдениетті түрлі мемлекеттік жəне қоғамдық институттар арқылы сақтау, қайта жандандыру, дамыту мен тарату жөніндегі қағидалар мен нормалар, сонымен қатар шаралар жүйесі ретінде қарастырылады. Тар мағынада, сыртқы мəдени саясат – мемлекеттің мəдениет саласындағы қызметі [1].

Жапонияда мемлекеттің сыртқы мəдени саясатын екі ұйым: Білім, мəдениет, спорт, ғылым мен техника министрлігінің шеңберіндегі мəдениет Агенттігі (MEXT) мен Жапонияның сыртқы істер Министрлігі   эгидасы   астындағы Жапон  қоры атқарады. Мəдениет жөніндегі Агенттік негізінен ішкі мəдени саясатқа жауап береді, бірақ оның кейбір бағдарламалары, мысалы, жапон тілін шетелдіктердің арасында тарату сыртқы мəдени саясаттың  маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Ал бүкіл əлемде 19 бөлімшесі бар Жапон қоры сыртқы мəдени саясатты іске асырады.

Кез келген басқа мемлекет сияқты, Жапонияның сыртқы мəдени саясаты, шетелде елдің жағымды имиджін қалыптастыруға, сонымен қатар əлемде өзінің ұлттық мүдделерін ендіруге бағытталған.

Ақпараттық революция жағдайында экономикалық жəне əскери күш нəтижелі бола алмайды, оның орнына одан да əсерлі мəдени күш, яғни «жұмсақ күш» (soft power) келеді. «Жұмсақ күш» ұғымында, əскери, «қатаң» күшпен байланысы жоқ барлық ресурстар қарастырылады [2]. Ресейлік тарихшы К.С. Гаджиевтің айтуы бойынша, егер «қатаң күштің» мақсаты – қару арқылы қарсыласты қорқыту немесе жазалау болса, «жұмсақ күш» қарсыласты өзінің жағына шығаруға немесе бейтараптандыруға мақсат қояды. «Жұмсақ күштің» негізінде мəдениет  пен құндылықтар, идеялар, символдар, аңыздар жəне тағы басқалар жатыр [3]. MEXT пен Жапонияның Сыртқы істер министрлігі «жұмсақ күш» саясатының шеңберінде мемлекеттік деңгейде жүргізілетін, жапон тілін тарату туралы жəне Жапония территориясында жəне сыртында тұратын шетелдіктер арасында ұлттық поп-мəдениетін уағыздау туралы бағдарламалар атқарады.

Қазіргі кезде, Жапонияның мəдени əсеріне тиімді жағдай туғызу үшін, жапон тілінің таралуы ең маңызды фактор ретінде қарастырылады. Жапон тілі саласындағы ең танымал мамандардың бірі, Кэйо университетінің профессоры Т. Судзукидің айтуынша, «жапон тілін халықаралық дейгейге жеткізу – елдің ұлы державаға айналуының бір жолы» [4]. Сондықтан жапон тілінің шетелде таралуы, жапон мемлекетінің сыртқы мəдени саясатының артықшылыққа ие маңызды міндеті болып табылады.

Қызметі шетелдіктерге жапон тілін үйрету болатын Мəдениет жөніндегі Агенттік маңызды 5 бағдарлама жасады, ол MEXT-тің ресми сайтында көрсетілген:

  1. Жапонияда тұрақты өмір сүретін шетелдіктерге жапон тілін үйрету жөніндегі бағдарлама.
  2. Жапон тілін жергілікті үйретуді қолдау жөніндегі бағдарлама.
  3. Босқындарға жапон тілін үйретуді қолдау жөніндегі қорды ұйымдастыру;
  4. Қытайдан келген репатрианттарға жапон тілін үйрету.
  5. Жапон тілін үйретудің жағдайы мен үйрету шараларын жақсарту.

Бірінші бағдарлама бойынша, жапон қоғамының бір бөлшегі болып табылатын шетелдіктерге жапон тілін үйрету үшін тиімді жағдайлар жасалады, жапон тілі сыныптары ұйымдастырылады жəне Жапонияда тұрғылықты өмір сүретін шетелдіктерге оқу курстары ұсынылады, сонымен қатар зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Екінші бағдарлама өз еркімен жүргізілетіндіктен жəне жеке топтардажапонтілінүйренугежағымды жағдай тұғызу үшін керек болғандықтан, Агенттік шетелдіктерді төрт жобаға қатысуға шақырады жəне оның бəріне бақылау жасайды. Ол жобалар мынадай: оқу курсын жасау, жапон тілі сыныптарын ұйымдастыру жəне басқару, оқытушылар материалдарын дайындау, семинарлар жүргізу.

Үшінші бағдарлама бойынша Агенттік, жоғарғы оқу орындарында, Жапонияда тұрақты өмір   сүруге   дайын   босқындарға   білім  алуды ұсынады. Агенттік, сонымен қатар жапон тілін Үндіқытайдан келген жəне мəртебесі келісіммен анықталған босқындарға жəне жоғарғы оқу орнын бітірген босқындарға үйрету туралы өз еркімен жасалған шараларды ұйымдастыру мен кеңес беруді  қолдайды.

Төртінші бағдарламаның мəні – Агенттік Қытайдан келген репатрианттардың жапон тілін оқуына оқу материалдары мен анықтамаларын жасаумен жəне таратумен қолдау көрсетеді.

Бесінші бағдарлама бойынша, өсіп жатқан жапон тіліне деген сұранысқа жауап ретінде Агенттік жапон тілін үйренудегі қиындықтарды жою туралы шаралар орындауымен қатар, зерттеулер мен конференциялар өткізеді.

Мəдениет жөніндегі Агенттіктің жапон тілін тарату туралы қызметі негізінде Жапония территориясында уақытша немесе тұрақты өмір сүретін шетелдіктерге қатысты болып отыр, яғни бұл саясат елдің сыртқы саясатымен қатар ішкі саясатына қатысты мəселе болып табылады. Бұл, əрине, Жапонияда өмір сүріп жатқан жəне қай жерде болмасын өз Отанымен байланысты шетелдіктердің көз алдында Жапонияның имиджін жақсы жағдайда сақтауына əсерін тигізеді.

Шетелде жапон тілін тарату жөніндегі сыртқы мəдени саясатын Жапон қоры жүзеге асырады. Бұл қор Жапонияның Сыртқы Істер Министрлігінің эгидасы астында арнайы ұйым ретінде құрылған жəне де Жапонияның əлемдік қауымдастық елдерімен атқаратын мəдени алмасудың маңызды тірегі болып табылады. Жапон Қоры өзінің пайда болуынан бастап, жаһандық халықаралық мəдени алмасудың нəтижелілігін арттыру үшін қызмет атқарған. Қордың түпкі мақсаты – түрлі халықтар мен ұлттар арасындағы түсіністікті дамыту болып табылады. Оның қызметінің стратегиялық бағытын Жапонияның СІМ-і анықтайды [5].

Жапон Қорының басты бағыттарының бірі – жапон тілін үйренетін адамдардың санын арттыру. Дəл осы аспект нағыз жауапкершілікті жəне өнімді талап етеді, себебі тілді білу халықтар арасында өзара түсінушілік пен байланыс үшін көмек болатын көпір болып табылады. Жапон Қоры бірталай мемлекеттерде өзінің басты мақсатын іске асыру үшін қызмет атқаруда. Мысалы, Ресейде Қор жапон тілін үйрету жөніндегі қызметі кең жайды, бірақ Ресейде Қордың ресми өкілдігі болмағандықтан белгілі бір қиындықтар туады. 2006 жылы 13 ақпандағы «Ресейлік жапонтанудың қазіргі жағдайы мен болашағы» деген Симпозиумде Ресейдің Мемлекеттік Думасының көмекшісі бұл мəселе туралы былай деді: «Ресейдегі Жапон Қорының қызметінің нəтижелілігі үшін келесі шараларды ұсынамын:

Біріншіден, Ресейде Жапон Қорының өкілдігі жоқ. Біз «Үлкен Жетіліктің» арасындағы осы өкілдік жоқ жалғыз мемлекет болып табыламыз.

Екіншіден, Ресейде Қордың қызметі нəтижелі болып өтуі үшін, Жапон Қорының орыс тіліндегі бір бөлімін ашу керек. Осындай ашықтық ресейлік билікпен байланыс үшін көмегін тигізуі мүмкін болар еді.

Үшіншіден,  ресейлік  телеарналардың  бірінде «Жапон тілі сабақтары» бағдарламасын бастау» [6]. Осы кезге дейін Жапон билігіндегі тұлғалар ұлттық поп-мəдениетке дұрыс көңіл бөлмеді, себебі мəдениеттің  бөлек  түрлерімен  айналысу ойға қонымсыз болған. Бірақ «жұмсақ күш» саясатының шеңберінде поп-мəдениет шетелдегі Жапонияның имиджін нақтылаудағы, ұлттық элитарлық жəне халықтық мəдениетке қарағанда ең нəтижелі құрал болып шықты. Бірақ, басқа жағынан,  елдің  имиджін  поп-мəдениеті арқылы көрсету əрқашан дұрыс қабылданбауы мүмкін.

Жапон үкіметі поп-мəдениетін реттеу жолында, «Мəдениет пен өнерді тарату туралы негізі заң» (2001 ж.) арқылы бірінші қадамдар жасай бастады. Бұл заңда манга, анимэ мен видео ойындар сияқты өнердің жаңа ағымдары туралы айтылған.

«Japan Times» газетінің штаттық қызметкері Идэн Коркилл, бұл заңның шеңберінде поп-мəдениетті тарату жолында айтарлықтай əрекеттер жасалмағанын айтады: «Теория бойынша бұл заң жаңа саяси шаралар мен нақты бұйрықтар қабылдауға негіз жасау үшін жасалған».

Мəдени саясаттағы жаһандық өзгерістерге, оның ішінде поп-мəдениетті мемлекеттік имиджінің маңызды бөлшегі ретінде көңіл бөлінуіне байланысты, жапон үкіметі оны реттеуге арналған заңдарды қарастыра түсті. Осыған байланысты 2007 жылы, «Мəдениет пен өнерді тарату туралы екінші негізгі заңы» жария етілді. Бұл шаралар поп-мəдениетке жағымды əсер етті, оның ішінде, Мəдениет жөніндегі Агенттік медиаəртістерді дайындауды қолға алып, Жапония мен шетелдерінде ұлттық медиа-өнер фестивальдерін өткізуді əдетке айналдырды.

Яғни жапон тілін таратуда жапон билігі белгілі бір сəттіліктерге жетсе, ал «жұмсақ күштің» басқа аспектісі – поп-мəдениеттің трансляциясы əлі де қалыптасу сатысында.

Жапониядағы жаһандану гомогенизацияға əкелмей, үлкен əртүрлілікке жəне көпполярлылыққа жол ашып, динамикалық түрде дамыды, осыдан Жапонияның қазіргі жағдайдағы мəдени саясатын көруге болады [6].

Ұлттық ерекшелікті сақтап қалу Жапонияның алдында тұрған маңызды міндет болып қалған, себебі ол өзінің бүкіл тарихында шетелдік мəдениетті өзіне тартып, ыңғайлаған. Орта ғасырларда Жапония Қытайға қарап өзі мəдениетін қалыптастырды, ал Мэйдзи реставрациясынан кейін, батысқа бет бұрды. Ресей əлеуметтанушысы С.В. Чугровтың көзқарасы бойынша: «Жапон мəдениетіне дəстүр мен инновациялық сипаттар тиесілі. Осылай, Жапонияда екі түрлі сипат пайда болды: сыртқы (институционалдық) – батыстық жəне ішкі (рухани) – қиыршығыстық.

Мəдениеттер мен мемлекеттер арасындағы шекаралардың жойылатын жаһандану əлемінде, жапондықтар қайтадан өзінің мəдени ерекшелігі туралы ойлануда.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттің мəдени саясаты, жаһандану жағдайындағы ұлттық сипатты сақтау мен қолдау үшін қызмет атқарады. Жапонияның мəдени саясаты келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • мəдени мұраларды  сақтау (ЮНЕСКО-ның «Əлемдік мұралар» атты бағдарламасы шеңберіндегі Жапонияның қызметі);
  • аймақтарды мəдени жандандыру (дағдарыстық аймақтарда «мəдени индустрияның» дамуы);
  • сыртқы мəдени саясат (Əлемдік сахнада Жапонияның жағымды имиджін қалыптастыру, оны шетелде корпоративті жапон мəдениетін тарату арқылы жүзеге асыру).

Жапонияның мəдени мұраларды сақтау жөніндегі қызметі – елдің мəдениет саясатының маңызды саласы болып табылады. ЮНЕСКОның «Əлемдік мұралар» тізімі мен «Қауіп төніп тұрған əлемдік мұра» тізіміне түрлі нысанда-  рын енгізу үшін Жапония елдегі мəдени жəне табиғи құндылықтарды сақтау мен оларды əлемге таныту жұмыстарын атқаруда. Қазіргі кезде Жапонияда 1950 жылы қабылданған «Мəдени құндылықтарды қорғау туралы заң» жұмыс жасайды. Осы заңның бірінші бөлімінде былай айтылған: «Бұлзаңның мақсаты – жапон халқының бүкіл əлем мəдениеттерінің арасындағы өзара түсінушілікті тереңдетуге үлес қосу жолында, жапон мəдениетін сақтау мен мəдени құнылықтарын қолдану [7]. Осы заңға сəйкес барлық мəдени құндылықтардың классификациясы жасалған. Басты талабы «мəдени мұра нысандарын ұлттық, аймақтық жəне муниципалдық деңгейде заңды жəне    материалды  қорғау» болып табылатын «Əлемдік мəдени жəне табиғи мұраларды қорғау туралы Конвенциясына» Жапонияның ұлттық заңы толығымен сəйкес келеді.

Белгілі бір нысан əлемдік мəдени жəне табиғи мұра ретінде тіркелуі үшін, ол басты талап – бүкіл əлем үшін аса құнды нысан болуы керек.

2006 жылғы деректер бойынша Жапонияда əлемдік мұраның 14 нысаны бар, оның ішінде 10 мəдени, 4 табиғи нысан болып келеді. Бұл Италиямен (41), Қытаймен (35) жəне Ресеймен (23) салыстырғанда əлдеқайда аз, бірақ Жапонияның Конвенцияға 1992 жылы қосылғанын жəне ЮНЕСКО-ның тізіміне жылына бір нысан қосатынын ескерсек, үлкен нəтиже күтуге болады.

1996 жылы  мəдени  мұра  ретінде  Хироси-  ма мемориалды саябағының ішінде орналасқан Атомдық Үйдің (Гэмбаку) ескерткіш қирандылары тіркелген. Бұл ғимарат 1945 жылы 6 тамыздағы атом бомбасының жарылысының эпицентрінен жақын жерде орналасқан жəне оның барлық күшін сезінген. Гэмбаку Үйі «адамзаттың негативті мұралары» жəне осындай соғыстың қорқыныштары ешқашан қайталанбайтын үміт символы болып табылады.

Соңғы жылдары Жапония бүкіл əлемде орналасқан мəдени мұра нысандарын сақтау мен қайта құру жөніндегі түрлі жобаларда белсенді  ат салысады. Жеке айтып кетсек, жапон үкіметі ЮНЕСКО/Жапония деген бірлескен қор құрып, Камбоджадағы  Ангкар  ескерткішін   сақтауда көп қызмет атқарған. Жапон мамандары басқа елдердегі əріптестерімен бірге үлкен жұмыс жасап, 2003 жылы ол ескерткіш қауіп төніп тұрған мұралардың тізімінен шығарылды.

Осылай, Жапония ЮНЕСКО-ның «əлемдік мұра» бағдарламасы шеңберінде мəдени мұраларды қорғау жөніндегі қызметті нəтижелі атқару үшін, өзінің барлық қаржылық, материалдық, техникалық жəне ұйымдастырушылық құралдарын ортаға салуда.

Жапонияның мəдени саясатының келесі маңызды бағыты – аймақтарды мəдени жандандыру. Əдетте өндіретін жəне өңдейтін кəсіпорындары немесе ірі ғылыми-зерттеу орталықтары бар аймақтар əлдеқайда сəтті жəне өмір сүру деңгейі жоғары болып табылады.

Бірақ осындай кəсіпорындар жабылған жағдайда, елдің немесе сол аймақтың экономикасы, елдің бюджеті үшін болашағы зор мəдениет пен туризм бағытына қарай қайта құрылады.

1980 жылдан бері Жапонияда кіші  қалалар  мен ауылдардың жандануына үлкен көңіл бөлініп келеді. Көбінесе өндірістің қайта құрылымдануына байланысты зауыттар мен фабрикалар басқа қалаға көшкен немесе тіпті жұмысын тоқтатқан. Осының себебінен, халық арасында жұмыссыздық өсіп кетті. Танымал жапонтанушы Н.В. Стапранның сөзі бойынша: «Жапониядағы қалыптасқан осындай жағдайда, экономиканы «мəдени бағытқа» немесе «мəдени индустрияны» дамытуға – «бунка сангё-ге» ауыстыру сəтті болып отыр. Осының арқасында жаңа жұмыс орындарын ашуға ғана емес, аймақтардың бюджеті үшін жаңа табыс көздерін табуға қол жеткізілді»  [8].

Мəдени индустрияның құрылуы жаһандық үрдістердің бейнесі болып табылады. Ол, бір жағынан, аймақтардың экономикасын қолдап, əлемде Жапонияның тартымды имиджін қалыптастырады. Басқа жағынан, мəдениеттің коммерциялануы, яғни мəдениетті сатуға арналған тауарға айналдырады.

С.Э. Зуев мəдени индустрияны «бір кеңістікте түрлі мəдениеттердің, стильдер мен өмір салттарының бірге «өмір сүруі», оларды «өмір салттары» атты жаһандық нарықтарда тауарға айналдырады жəне олардың өзіндік классикалық негізінен айырады», – деп сипаттайды. Оның ойынша, «соңғы 10-15 жылда аймақтық мəдени саясатқа, білім берудің жаңа формалары мен əдістеріне, өзіндік мəдениетке бөлінген көңіл кенеттен болған жағдай емес. Оның бəрі – жаһандық мəдени нарық жағдайындағы өзіндік ерекшелікті сақтауға жəне қайта жандануға мүмкіндік беретін институттар болып табылады [9].

Жапонияның мəдени индустриясы, ең алдымен, ескі өндірістік алаңдарды мəдениетке арнап қайта құрылғылаудан көрінеді. Мысалы, Канадзава префектурасында, бұрынғы кірпіш зауытының бос қалған алаңдары халықтық қолөнершілерге арзан бағамен сатылған. Дəл осы жерде, көптеген дəстүрлі жапон қолөнері қайта жанданды, осының нəтижесінде, Канадзава қаласы жапон дəстүрлерінің орталығы жəне көптеген жапон жəне шетел туристерінің ағымын тартатын қала болды.

Халықтық қолөнер идеяларының қайта жандануы мəселесі шеңберінде «мингэй  теориясын» (халықтық өнер теориясы) айта кетуге болады. Оның авторы мен таратушысы – философ Янаги Соэцу болып табылады.

Бұл теорияның мəні – жаңа модернистік идеяларға, буддизмдегі жаңа бағыттарға, батыстық мистицизм мен ориентализмге негізделген жапон эстетизациясы.

Янаги Соэцу əдеміліктің негізгі 12 критерийін бөліп көрсетеді:

  1. Қолөнер əдемілігі.
  2. Жекелік əдемілігі.
  3. Қолдану/функциялану əдемілігі.
  4. Денсаулық əдемілігі.
  5. Табиғилық əдемілігі.
  6. Қарапайымдылық əдемілігі.
  7. Дəстүр əдемілігі.
  8. Түзу емес əдемілік.
  9. Қымбат емес əдемілік.
  10. Жиынтық əдемілігі.
  11. Шынайылық жəне адал еңбек əдемілігі.
  12. Батырлық жəне құпиялылық əдемілігі [10].

«Мингэй» қозғалысы модернизм кезеңінде пайда болған, ал кейбір зерттеушілер оның аяқталуын 1970 жылдардың соңына шақтайды, яғни бұл модернизмнің аяқталуы мен постмодернизмнің басталуы кезі болып табылады. Бірақ аймақтарда соңғы жылдары жүргізіліп жатқан мəдени саясаттың көрсетуі бойынша, «мингэй» мəдени индустрияның маңызды бөлігі болып табылады. Атақты жапон ғалымы Юко Кикути «мингэй» құбылысын былай бағалайды: «Мингэй өліп қалған, бірақ қазір мəні, тым техникалы емес, тым декаративті емес дизайнді бейнелейтін «мингэйге» айналған бұл ұғым қазір де қолөнер саласында көптеп кездеседі» [10, 67-б].

Айта кетерлік жайт, «мингэй теориясы» сияқты, оған негізделген мəдени артефактарды жапондықтар нағыз жапон мəдениетінің белгісі ретінде көрсетті. Сол арқылы, «мингэйді» өзінің ұлттық жəне мəдени ерекшелігін сақтау мен нақтылау үшін маңыздылығының зор екені анық. Бірақ бұл жерде модернизация, кейін жаһандану үрдістері арқасында түрленуге шалдыққан ұлттық ерекшелік туралы айтылуда. Осылай, Юки Кикутидің тұжырымы бойынша: «Мингэй теориясы жəне онымен бірге елестейтін стиль – «шығыс философиясы» немесе «жапон стилі» деп аталса да,  басқа  жағынан,  олар мультикультурализмнің «аутентикалық» дəстүрі мен постмодернистік символы ретінде көрінеді. Ал олар өз кезегінде, Батыс дизайнінің жаңа замандық теориясы мен стилі болып табылады».

«Мингэй» стиліндегі өнімдер мəдени индустрияның бір бөлігі бола отырып, елдің бюджетіне ірі табыс əкелуде. Жаһанданудың қазіргі жағдайында халық қолөнері мен дəстүрі өзінің ішінде аймақтық қана емес, жаһандық та сипаттарын шоғырландырып, нарық заңдарына еріксіз бейімделуде. Яғни, «глокализация» қағидасы қызметін бастайды.

«Глокализация» (Glocalization) – ағылшын тіліндегі «globalization»    (глобализация)   жəне «localization» (локализация) сөздерінің бірігуінен пайда болған термин. Бұл ұғым, əдетте жаһандық түрде жасалатын жəне тарайтын, кейде аймақтық нарыққа арналатын өнім немесе қызметке қатысты қолданылады. Яғни өнім немесе қызмет түрі сол аймақтағы жергілікті заңдарға,  салт-  тар  мен  тұтынушылардың   қажеттіліктеріне  сай болу негізінде дайындалады. Сəтті түрде глокализацияланған өнім немесе қызмет түрі тұтынушының аса үлкен қызығушылығын тудырады [11].

Осылай, Жапонияда мəдени индустрия арқылы белгілі бір аймақтың ерекшелігін таныстыру мен уағыздау жұмыстары жүргізілуде. Ал осының арқасында, елдің имиджіне лайықты жағдай туғызады [10, 243-б].

Сыртқы мəдени саясат – мəдениет саласындағы Жапонияның мемлекеттік саясатының  үшінші бағыты болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, Жапония өте ұзақ уақыт бойы өзінің қажеттіліктеріне батыс қоғамының стандарттарын  ыңғайлады. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жапон жəне батыс мəдениеттері арасындағы тікелей байланысты жойып, батыс мəдениетіне сүйенбей, өзінің ұлттық мəдениетін əлемге белсенді түрде таратуға шешім қабылдады. Бұл жағдайлар Жапонияның сыртқы мəдени саясатының стратегиясына соңғы онжылдықтарда белгілі бір өзгерістер енгізді. Бір жағынан, жапон мəдениетінің халықаралық сахнаға толығымен шығуы, басқа жағынан, мəдениет саласындағы қызметке биліктің бақылауы күшейді. Осы қызмет жүзеге асуы үшін маманданған жаңа мекемелер құрылды, сонымен қатар халықаралық мəдени қызметке бюджеттен бөлінетін қаржы да көбейді. 1980 жылы Жапонияда «Мəдениет кезеңі» атты саяси  доктринасы  жарияланды,  оның мазмұны келесі жағдайларға келіп тіреледі:

  1. Халықаралық істерде басшылық рөлін Еуропа мен АҚШ атқарған тарихи «модернизация» кезеңі аяқталды;
  1. Еуропацентристік «модернизация» кезеңі аяқталып, оның орнына «мəдени кезең» келді. Бұл кезеңде жапон ұлттық əлеуметтік қатынастарының идеалы негіз болатын, батыстан ерекшеленетін жаңа қоғам пайда болды [12].

Бұл доктринада, Жапония билігінің халықаралық сахнада жапондықтардың мəдени ерекшелік идеясын жəне бүкіл əлемде жапон стандартарының əмбебаптылығын нақтылау жолындағы тырысулары көрінеді.

Жапонияның сырттағы мəдени саясатының кейбір жағдайларын ресейлік тарихшы Е.Л. Катасонова былай тұжырымдайды: «Мемлекеттің халықаралық мəдени байланыстарды  реттеу-  мен тым белсенді айналысуы, байланыстардың негізінен тұлғалар арасында емес, үкіметаралық деңгейде өтуі жəне тек ресми мəдени шаралар мен жапон тілінің таратуына демеушілік жасау арқылы ғана өтеді. Елде тек соңғы жылдарда ғана жапон мəдениетін шетелде таратуды нəтижелі өткізу мақсатында үкіметтік  жəне  үкіметтік  емес ұйымдардың арақатынас «жүйесін» құру қажеттілігі түсінікті болды» [12, 184-б].

Шетелдегі жапон мəдениеті оның экономикалық бөлшегімен ұсынылған жəне өзінің стратегиялары бар жапон компанияларымен қаржыландырылады. Жапондық тұтынатын тауарлар,  кəсіпорындарды  басқару  модельдері мен жолдары, конструкторлық жаңалықтар, еңбек  мотивациясын  ынталандыру  жолдары мен шаруашылықты  мемлекеттік  реттеу,  тағы  да басқалары шетелдіктер арасында барынша сұранысқа ие жəне Жапонияның мəдени экспорты үшін маңызды факторлар болып табылады.

Жапонияның корпоративті мəдениет моделіне келетін болсақ, жапон компанияларында тұлға үстінде толық бақылау орнату, жеке тұлғаның ортақ іске толық адалдығы, тұлға алдындағы, оның денсаулығы мен жанұясы алдындағы компанияның толық міндеттілігі қағидасы («маргакаэ») үстемдікке ие.

Ұжымдық бірлік – жапондық қана емес, батыс компанияларына да тəн сипат. Жапон тобын батыс командасынан корпоративті мəдениет анализі шеңберінде ерекшелеуге болады. Жапонтанушы И.Л. Тимонинаның айтуынша: «Топтың командадан ерекшелігі – жеке мүдделердің топ мүдделеріне абсолютті бағынуы. Оның нəтижесінде топтың кейбір мүшелері өзіндік ерекшелігін, жекелігін жоғалтып алады. Бұл тұрғыдан жапон корпорациялары....батыстан ғана емес,  батыстық басқару тұжырымын игерген көптеген азиялық компаниялардан да ерекшеленеді» [13].

Жапон əлеуметтанушыларының «Жапон жүйелері. Альтернативті өркениет нұсқаларының бірі» атты ұжымдық еңбегінде мынадай көзқарас айтылады: «Жапон қоғамдық жүйесінің ұжымдық интерпретациясына сəйкес, оның мүшелері ұйымның, компанияның барлық талаптарына көнеді жəне өзін толығымен компанияға арнайды, тіпті құрбандыққа өзінің жəне өз жанұясының мүделері түссе де, бұл өзгермейтін қағида.  Себебі олар жұмыс орнында барынша түрде гармониялық қатынастарды сақтап қалуға тырысады». С.В. Чугров көзқарасқа кері тұжырым жасап, қазіргі жағдайдағы жапондықтардың еңбегін ұйымдастыру бонустар жүйесі мен басқа да материалдық ынталандыру түрлеріне сүйенуді бастап келе жатыр. Бірақ сонда да патерналистік əлеуметтік құрылым ұлттық санада мызғымас болып қалатынын айтады  [14].  Жапония  дəл осы корпоративті жəне іскер мəдениетінің қағидаларын шетелге таныстыруда.

Жапонияда қалыптасқан күшті корпоративті мəдениет, жаһандық өзгерістерге жақсы бейімделе алмайтындықтан өзінің жетіспеушілік жақтарына ие. Оған байланысты  И.Л.  Тимонина былай дейді: «Қазір даму сатысының қуыпжету сатысының аяқталуы мен жылдам өзгеретін жаһандық нарықтар жағдайына тез ыңғайлану қажеттілігімен байланысты өзгерістер кезеңінде жапон корпорациялары өзінің корпоративті мəдениетін де түзетуге мəжбүр. Ал бұл корпоративті басқаруды реформалау үрдісіндегі ең қиын міндет болып отыр» [13, 128-б].

Сонымен, Жапонияның жаһандану кезеңіндегі мəдени саясатының басты үш бағытына анализ жасап, келесі қорытындыларға келуге болады.

Өзінің мəдени мұрасын қорғау жөнінде белсенді қызмет атқара отырып, Жапония əлемдік қауымдастықты «көзге көрінбес мəдени рухтың» маңыздылығына көңіл бөлуге шақырады. Себебі бизнестің мəдениетті жұтып  қоятын  заманын-  да жаһанданудың осындай бір кері əсері үшін оны жоғалтып алу оңай. Жапон билігі елдің аймақтарын дəстүрлі мəдениетті нарық ережелері мен бизнес заңдарына бейімдеу арқылы дамытып жатыр. Осылай, жаһандану үрдістерінің мəдени саласы үшін барынша төмен деструктивті жағы болып табылатын мəдени индустрия саласы пайда болды. Жапонияның қазір шетелге таныстырып, таратып  жатқан  корпоративті  мəдениет  моделі, Жапонияның өзінде қуып жету сияқты даму сатысында қолданған. Ал индивидуалды бастауларға негізделген Батыс елдерінде бұл модель тіпті өмір сүре алмайды.

 

Әдебиеттер

  1. Декларация Мехико о политике в области культурной политики. http://portal.unesco. org/culture/en/ev.php-URL_ID=12762&URL_ DO=DO_TOPIC&URL_SECTION=201.html.
  2. Lennon A. The Battle of Hearts and Minds: Using Soft Power to Undermine Terrorist Networks. – Washington, 2003., 3-б.
  3. Гаджиев К.С. Имидж как инструмент культурной гегемонии // Мировая экономика и международные отношения, 2007, № 12, 4-б.
  4. Катасонова Е.Л. Япония: вызов западной цивилизации? // Япония: мифы и реальность. – М., 1999. 186-б.
  5. Официальный сайт Агентства по культуре Японии. Политика по распространению японского языка. http://www.bunka.go.jp/ urope/pdf/chapter_06.pdf.
  6. Современное состояние и перспективы российской японистики: симпозиум 2006. – М., 2007.
  7. Молодякова, Э. В. Деятельность Японии в рамках программы ЮНЕСКО «Всемирное наследие» // Ассоциация японоведов России. Японский опыт для российских реформ.
  8. Стапран, «Бунка сангё» или как культура возрождает регионы // Ассоциация японоведов России. Японский опыт для российских реформ.
  9. Зуев А, Журнал «Отечественные записки». №4 (24). 2005. URL: .
  10. Kikuchi, Japanese Modernisation and Mingei Cultural nationalism and Oriental Orientalism. London, New York. 2004. 53-б.
  11. Мир словарей. http://allfi.biz/glossary/eng/G/php
  12. Катасонова Е.Л. Япония: вызов западной цивилизации? // Япония: мифы и реальность. – М., 1999. 182-183 б.б
  13. Тимонина, И. Л., Корпоративная культура Японии: общее и особенное // Портрет современного японского общества. 120-б.
  14. Чугров, С. В. К вопросу о сочетании традиционализма и модернизма в современном японском мышлении // Политические институты на рубеже тысячелетий. Дубна. 2001. 363-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.