Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дауларды шешу бойынша ДСҰ органының ерекшеліктері

Қазіргі əлемдік экономиканың жаһандануы мен халықаралық экономикалық қатынастардың белсенді даму кезінде халықаралық экономикалық даулар мəселесі ерекше мəнді иеленуде. Мемлекет экономикаларының терең интеграциялануы, халықаралық экономикалық байланыстардың кеңеюі жағдайында, кез келген экономикалық дау бүкіл əлемдік экономикалық жүйе тұрақсыздығына алып келуі мүмкін. Əлем мемлекеттерінің көбісі аталмыш даулардың бейбіт шешілуіне жəне экономикалық  саясаттың «экономикалық соғыс» сияқты құралын қолданудан бас тартуға мүдделі. Соңғы он жылдықтарда экономикалық даулар саны артып, бұл үнемі əрекет ететін, сондай-ақ ad hoc құрылатын халықаралық сот мекемелер санының күрт өсуіне алып келді.

Кейбір халықаралық келісімшарттар дауларды шешудің ерекше рəсімдерін бекітеді. Мəселен, 1947  жылы  қабылданған  Тарифтер  мен  сауда жөніндегі бас келісімі (General Agreement on Tariffs and Trade, GATT) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық саудада жиналып қалған көптеген мəселелерді, соның ішінде даудамайларды шешудің уақытша жəне ымыралы жолы болды [1].

Статистикалық мəліметтерге сəйкес, 1948-1990 жылдар аралығында ГАТТ шеңберінде 207 саудаэкономикалық даулар шешімін тауып, олардың 88,4 % сəтті аяқталған. Бұл ГАТТ-ң дауларды шешу тетігінің  жоғарғы  тиімділігін  көрсетті.   Осыған қарамастан, 80-жылдар басынан дауларды шешу саласында ГАТТ қызметі мүше-мемлекеттер тарапынан қатаң сынға түсе бастады [2, 94-б.]. Осылайша, ГАТТ-қа мүше-мемлекеттер сегіз жылға созылған Уругвай раундының нəтижесінде, 1994 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуын бекіткен келісімге қол қойды. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда-экономикалық  дауларды шешу аясындағы қызметін бастап, қазіргі кезде ДСҰ осы салада орталық мəнге ие.

Қазіргі кездегі ДСҰ-ның қызметіне, соның ішінде сауда-экономикалық дауларды шешу бойынша əрекеттерінің негізгі аспектілеріне тереңірек тоқталайық. ДСҰ шеңберінде дауларды реттеу 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХІІ жəне ХХІІІ баптарын талдау жəне түзету болып табылатын Дауларды шешу туралы келісімімен анықталады. ДСҰ шеңберінде дауларды реттеу тетігінің негізгі мақсаты – ДСҰ ережелерінесай ұйым мүшелерінің арасында орын алатын даулардың оң шешілуі жəне мəселені шешуде дауласушы тараптардың екеуіне де қолайлы жолдарын табуға ынталандыру [3]. Бұл тұрғыда, халықаралық құқық нормаларын бұлжытпай орындау осы мақсатқа жетудің бірден бір амалы болып табылатыны сөзсіз.

Тетікті қолдану тиімділігінің негізгі белгісі – ДСҰ-ға мүше-мемлекеттерінің міндеттемелері. ДСҰ келісіміне сəйкес, мемлекеттер орын алуы мүмкін сауда ережелерінің бұзылуына қарсы біржақты əрекеттерге бармауға міндеттенеді. Сонымен қатар мүше-мемлекеттер даулы сұрақтарды дауларды реттеудің көпжақты жүйесі шеңберінде шешуге жəне оның ережелері мен шешімдеріне бағынуға міндеттенеді.

ДСҰ-ға мүше-мемлекеттерінің міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында көпжақты келісімдермен халықаралық даулар-  ды шешу жүйесі құрылды. Ол ДСҰ құқығы бойынша міндеттемелерді бұзушы  мемлекет-  тен зардап шеккен ДСҰ-ға мүше-мемлекетіне квазисоттық сипаттағы істің қарауына кірісіп, status quo орнатуға құқық береді. ДСҰ құру туралы келісімге №2 қосымша «Дауларды шешу ережелері мен процедуралар туралы келісімі» (ДШК) болып табылады. Ол ДСҰ құру туралы келісімнің 2-бабының 2-тармағына сəйкес, осы келісімнің ажырамас бөлігі болып есептеледі. ДШК-ның 3-бабында «ДСҰ дауларды шешу бойынша жүйесі бүкіл көпжақты сауда жүйесінің сенімділігі мен айқындылығын қамтамасыз етудің орталық элементі» деп нақты айтылған [4].

ДШК-ға негізделе отырып, Дауларды шешу бойынша орган (ДШО) əрекет етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының мүше-мемлекеттері арасындағы өзара сауда мəселелері осы органда қарастырылады. ДШО ДСҰ-ның басты органдар жүйесіне кіреді. Бұл органның функцияларын дауларды талқылау үшін жиналатын ДСҰ Бас кеңесі жүзеге асырады, яғни ДСҰ Бас кеңесі қандай да бір дауды шешу керек болған жағдайда, ол Дауларды шешуші орган ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар ДШО-ның өз төрағасы бар жəне ол рəсімнің өз ережелерін орната алады. ДШО шешімдері ұйымның мүше-мемлекеттерінің ішкі заңнамаларының  алдында  басымдылыққа  ие,  ал бұл өз кезегінде «ДСҰ құқығының» мүшемемлекеттердің ішкі құқығынан жоғары болуын көрсетеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымында барлық маңызды шешімдер ұйымның бүкіл мүшелерімен немесе министрлерімен (олар кем дегенде екі жылда бір рет кездеседі), елшілер жəне делегаттармен бірауыздан қабылданады. Осы тұрғыда ДСҰ Əлемдік банк, Халықаралық валюталық фонд сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардан ерекшеленеді. ДСҰ-да өкілеттік құқығы директорлар кеңесіне, не  болмаса  ұйым  басшысына берілмейді. ДСҰ мүшелерінің арасындағы келіссөздер нəтижесінде ДСҰ ережелері мүше-мемлекеттер саясаттарын өз нормалары-  на   бағындырады. Аталмыш  ережелер мүшемемлекеттердің өздері келіскен рəсімдерге (демократизм қағидасы) сəйкес қолданылады. Оның ішінде, сауда санкцияларын қолдану мүмкіндігі де бар. Алайда ДСҰ мүшелері ол санкцияларды салады жəне барлық қатысушылар бекітеді.

ДСҰ-ның осындай жүйесі бюрократиялық рəсімдері мемлекет саясатына əсер ете алатын (мысалы, несие бермеумен қорқыту) бірқатар басқа агенттіктерден өзгешелендіреді. 153 елден ымыраға қол жеткізу – өте ауыр міндет. Мəселеге осы жағынан келудің негізгі  артықшылығы  бұлай қабылданатын шешімдер барлық мүшелерге тиімді болуында. Шешім қабылдау рəсімінің күрделілігіне қарамастан, бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл үрдісте ДСҰ келіспеушіліктерін реттеу жүйесі мен сүйенетін нормативті жəне саяси-технологиялық негізі үлкен рөл ойнайды [5].

ДСҰ аясында дауларды шешу үрдісін сараптайтын болсақ, ол келесідей  4  кезең  барысында жүзеге асырылады: кеңесу, топ шеңберінде талқылау, апелляциялық үрдіс пен орындалуды қадағалау. Дауларды шешуді  реттейтін  Дауларды шешу ережелері мен процедуралар туралы келісімі сауда-экономикалық дауларды шешудің ең қолайлы құралы ретінде, ең алдымен, келіссөздер мен кеңесулер өткізу, делдалдық, ымыраластық жəне келісушілікті қолдану деп белгілейді. Осы келісім бойынша, бірінші кезеңде дауларды реттеуде өткізілуі міндетті шара  болып  табыла-  тын кеңесудің басымдылығы ерекше. Кеңесу кезеңінің мақсаты – дауласушы тараптарға орын алып отырған жағдайлар мен заңды талаптарды дұрыс түсініп, басқа процедураларға жүгінбей дауды шешу. Дауларды шешу бойынша келісімде дауларды шешу тетігінің мақсаты даудың оңтайлы шешілуін қамтамасыз ету деп белгіленеді. Бұл кезеңде жəне бұдан кейінгі кезеңдерде кеңесулер нəтижесіз болған жағдайда, екі тарап қарсылық көрсетпесе, дау Бас директордың қарастырылуына өтуі мүмкін. Ол ресми құзыретімен (ex officio) тараптарға өзінің қызметтері мен олардың ымыраласуы мақсатындағы делдалдықты ұсынады.

Кеңесулер 1994 жылғы ГАТТ-тың ХХІІ бабына немесе ДСҰ-ның соған ұқсас келісімдер ережелеріне сəйкес, едəуір коммерциялық мүдделері бар ДСҰ мүшелері үшінші тарап ретінде қосымша қатысушыларды тағайындауды талап ете алады. Кеңесу сұралған мүше-мемлекет коммерциялық мүдделері бар қатысушы талаптарымен келіссе, оған үшінші тарап ретінде кеңесуге қатысуға мүмкіндік беріледі.

Кеңесу өткізу тəсілі үшінші тараптармен анықталады. Дауларды шешу бойынша келісімде сауал қойылған күннен бастап, 30 күн ішінде жəне адал түрде болуы тиіс дегеннен басқа кеңесу өткізудің ешқандай ережелері көрсетілмеген [6]. Əдетте олар ресми тұлғалардың қатысуымен Женевада өткізіледі. Кеңесу барысында, екі тарап бір-бірінің  ұсынып  отырған  ақиқаттары  мен дəйекті наразылықтарын білуге тырысады. Кеңесу құрылымын өткізудің нақты рəсімдері мен ережелерінің жоқтығына қарамастан, кеңесулер көптеген даулардың шешімін табуына (немесе шағымнан бас тартуына)  ықпал етеді.

Келесі кезеңде дауларды дербес қарастыру үшін ДСҰ арнайы комитеттерді (топтар) құрады жəне қызметтерін кең пайдаланады. Дауларды шешу бойынша ДСҰ органы нақты дауларды қарастыру, арнайы топтар дайындаған мəлімдемелерді бекіту, шешімдер мен ұсыныстардың орындалуын қадағалау, сондай-ақ ұсыныстарды орындамаған жағдайда жауап шараларды қолдануды санкциялау сияқты ерекше құзыреттерге ие. Орган əр дауды қарастырудың қатаң соңғы мерзімдерін бекітіп, апелляциялық инстанция (саты) құрады.

Арнайы комитет құру рəсімі айтарлықтай қарапайым. Егер кеңесулер 60 күн ішінде қажетті нəтижелер бермесе, арызданушы мемлекет ДШОға істі қарастыру үшін арнайы комитет құру туралы өтініш білдіреді.  Əрекеттегі  рəсімдерге сай, Дауларды шешу бойынша орган арызданушы мемлекеттің талабы алғаш қарастырылған уақыттан, яғни бірінші отырыстан кейінгі өтетін отырыста арнайы комитетті құруға міндетті.

Комитет бекітілген соң оған қатысушылар ретінде 3 адамды таңдау қажет. Ол үшін ДСҰ Хатшылығы дауласушы тараптарға мүмкін болатын топ мүшелерін ұсынады. Дауларды шешу бойынша  келісім  тараптарға  Хатшылық ұсынысын «бұлтартпайтын дəлел» болса ғана қабылдамауға рұқсат береді [7]. Алайда тəжірибеде тараптар комитет қатысушыларына қарсылық білдіруге қатысты жеткілікті еркіндікке ие, себебі комитетті тағайындау жөніндегі сұраулар ДСҰ Бас директорына жіберілмеген жағдайларда, топ құрамын бекіткенде олардың  келісімі керек [8].

Тараптар комитет бекітілгеннен кейінгі 20  күн ішінде топ құрамы  мен  кандидатуралармен келіспеген жағдайда, дауласушылардың кез келгені топты тағайындау туралы ДСҰ Бас директорына өтініш білдіреді. Бас директор 10 күн ішінде топ құрамын бекітуге міндетті.

Комитет келіп түскен шағымды талдау бойынша стандартты өкілеттікке ие. Сонымен қатар комитет Дауларды шешу бойынша органға ұсыныстар жасауға жəне өз ұйғарымдарын шығаруға көмектесетін қорытындылар жасауы тиіс. Тараптар өзара келісетін жағдайда, комитет басқа да өкілеттіктерге ие болуы мүмкін.

Дауларды шешу бойынша ДСҰ тетігінде апелляцияны қарастыратын тұрақты орган да бар. Апелляциялық орган 4 жылға өкілдік ететін 7 тəуелсіз сарапшыдан құралады. Бұндай органның қызмет етуі дауларды шешу үрдісін айтарлықтай өзгертеді. Ол заңды сараптама жасап, арнайы комитеттердің мəлімдемелерін талдаумен шектеледі [9]. Дегенмен аппеляциялық орган топ шешімдерін қайта қарау жөнінде кең өкілеттікке ие. Ол комитет шешімдерін болдырмауға, өзгертуге, бекітуге  толықтай  құқылы.  Дауларды шешу туралы келісімде шешімдердің комитетке қайтарылу мүмкіндігі қарастырылмаған [10].

ДСҰ шеңберінде дауларды қарастыру кезінде арнайы комитеттердің мəлімдемелері бекітіледі. Арнайы комитет мəлімдемелері тараптардың біреуі ресми түрде апелляцияға беретіні туралы жариялаған жағдайда жəне Дауларды шешу бойынша орган мəлімдемені қабыл алынбаған кезде қабылданбайды. Осындай рəсімді өткізу жеңіліс тапқан тарап арнайы комитет ұсыныстарын тəжірибеде орындамау мүмкіндігін азайту қажеттілігінен туындады.

Дауларды  реттеу  үрдісінің  қорытынды кезеңі орындалуды қадағалау болып табылады. Егер Апелляциялық орган жəне комитеттің шешімдері мен ұысныстары белгілі бір мерзім ішінде орындалмаса, зардап шеккен тарап құқық бұзушы мемлекетке репрессалия (шет мемлекеттің өкімет орындарының, азаматтарының заңсыз ісіне қарсы жауап есебінде жасалатын халықаралық қысым шаралары) түрінде қарсы айып тағуға құқықты. Бұл үшін ол Дауларды шешу бойынша органынан оң «вето» алуы тиіс. Бастапқыда репрессалиялар даудың туындап отырған экономикалық қатынастар саласы шеңберінде қолданылуы тиіс.

/195/. Егер өткізіліп отырған əрекеттер нəтижесіз болса, репрессалиялар сол саладағы сабақтас қызмет түрлеріне қолдануы да мүмкін. Егер бұл іс-шаралар да тиімді нəтиже бермесе, зардап шеккен тарапқа ДСҰ келісімдерімен реттелетін басқа салаларда əрекет етуге құқық беріледі.

Осы сараптама барысында, 1997  жылы пайда болған  ГАТТ-тың  дауларды   шешу  тетігіне Уругвай раундымен енгізілген өзгерістер, яғни алдыңғы жүйе «soft law» ережелеріне сүйенсе, енді қарама-қайшылықтарды реттеу жүйесі «hard law» ережелеріне негізделетіні айқындалды.

Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу тетігін толық түсіну үшін, ұйым тəжірибесінде орын алған Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ арасындағы америкалық компаниялармен ЕО-ға банан импортына қатысты ұзақ уақытқа созылған, кейін «банан соғысы» деп аталып кеткен дауды талдайық.

Аталмыш шиеленіс бірнеше америкалық компаниялардың Еуропа мемлекеттеріне Эквадор, Гватемала, Гондурастан, яғни бұрынғы ағылшын жəне француздық отарларынан банан жеткізіп отыру ұмтылысынан басталды. Бірақ ЕО банан жеткізіліміне қатысты өзінің жəне еуропалық компаниялар мүдделерін қорғау мақсатында америкалық компаниялардың еуропалық нарыққа өтуіне белсенді түрде бөгет жасады. ЕО мен АҚШ арасындағы сауда соғысына АҚШ əкімдігінің Еуропалық Одақ Латын Америкасы елдерінен банан импортына еуропалық шекараларды ашатын болса, ЕО-дан алып келінетін  кейбір өнім түрлеріне салық салынбайтыны жөніндегі мəлімдемесі түрткі болды [11].

Бұл дау ДСҰ Шағымдар мен наразылықтарды талдау бойынша Комиссиясында қарастырылғаннан кейін, 1998 жылы іс Дауларды шешу бойынша орган қарауына берілді. Комиссия шешіміне сəйкес, ДСҰ еуропалық одақты 1999 жылдың 11 қаңтарына дейін өзінің банан импорты режимін өзгертуге міндеттеді. Нəтижесінде ЕО АҚШ қысымымен баж салығын 100 пайызға көтере отырып, экпорттық өнімге тарифтік шектеулер енгізді. Бұл шығын сомасынан үш есеге асып кетуіне алып келді.

1999 жылдың сəуір айында ДСҰ Дауларды қарастыру органы АҚШ  ұстанымын  қолдады. Ол бойынша, ЕО  банан  импорты кезінде «халықаралық сауда қағидаларын бұзды». Осылайша, америкалық өнім жеткізушілердің шығындарын өтеу үшін ЕО-дан импортталатын бірқатар тауарларынан қосымша салық жинау жайында 1999 жылы 3 наурызда АҚШ жариялаған мəлімдемесінің жүзеге асуына жол ашты. Орган банан импортын реттейтін ЕО бекіткен ережелер АҚШ-тың сауда фирмаларын кемсітеді, банан импорттау саласында ЕО саясаты Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылдаған ережелерге сəйкес келмейді деп мойындады [12].

2001 жылдың сəуірінде ЕО мен АҚШ арасындағы дау шешімін тапты. Вашингтон мен Брюссель арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін, тараптар келісімге келді. Америкалық компания еуропалық нарыққа рұқсат алып, ал Вашингтон еуропалық тауарларға салынған, сомасы жылына 190 млн доллар құрайтын санкцияны алып тастады.

Қазіргі кездегі Бас кеңес төрағасы Йонов Фредерик Аганың (Нигерия) 2010 жылдың 19 наурызынан 2011 жылдың 24 ақпанына дейін Дауларды шешу бойынша органның төрағасы  болды. Ол 2011 жылы ДСҰ дауларды шешу жүйесінің жетістіктері туралы айтқанда, құрылғанынан бері 400 дауды қарастырып, халықаралық дауларды шешу жүйелерінің ең жемістісі деп белгіледі. Шын мəнінде, Халықаралық сот 65 жыл қызмет етуі кезінде барлығы 150 дауды қарастырды. Теңіз құқығы бойынша, Халықаралық трибунал 1996 жылы құрылып, 15 іс қарады. Экологиялық мəселелер бойынша палата 1993 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеп, бірде-бір іс қарастырмаған. Осындай мысалдарды талқылай отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымының Дауларды шешу бойынша жүйесінің қаншалықты тиімді жəне нəтижелі екендігін айқын аңғаруға болатыны сөзсіз.

Ойымызды түйіндейтін болсақ, жалпы алғанда, ДСҰ-ның дауларды шешу тетігі тиімді болып табылады. Сондай-ақ Дауларды шешу органымен мəселелерді қарастырудың нақты мерзімдері бекітілгендігін аңғардық. Бұл дауларды қарастырғанда оның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен И.Т. Бдоян пікірінше, шектеулі уақыт мерзімі еленбеуі мүмкін. Себебі мерзімге сай əрекет етілмеген жағдайда, ешқандай санкциялар енгізілбегендігін белгілейді [13]. Əрине, бұл пікірге де қосылуға болады. Кез келген дауды шешіп, оның шешімдері нақты орындалуы үшін белгілі бір міндеттемелердің қажеттілігі зор. Қарапайым қоғамдық қатынастар да құқық пен тəртіп қағидалары арқылы реттелуде. Ал жүздеген мемлекеттер мүдделерін жүйелендіру үшін, даулардың оңтайлы шешілуі үшін құқық бұзушы мүше-мемлекеттерге санкциялар қолданылуы керек.

Сонымен қатар ДСҰ аясында институционалды мүдделерді келісімге келтірудің кең қолданылған жүйесінің болуына қарамастан, мүше-мемлекеттердің саяси жəне экономикалық мүдделерінің əртүрлілігімен байланысты  белгілі  бір  «проблемалық  зоналардың»  бар  екендігін белгілеген жөн. Мəселен, ДСҰ мағұлматтарына сүйенетін болсақ, 2009 жылдың басында антидемпингтік тергеулер 2008 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. ДСҰ Бас директоры Паскаль Ламидің баяндамасы бойынша, 2009 жылы əлемдік сауда көлемі 2,1 пайызға қысқарды. ДСҰ шеңберінде дауларды шешудегі күрделі аспектісі – Аппеляциялық орган мен арнайы комитеттердің шешімдеріне заңдылық күшін беріп, мүше-мемлекеттер мен оның азаматтарының ол шешімдерге көнетінін кепілдік беру болып табылады [14]. Бұл елеулі ресурстарды, кəсіби деңгейдің жоғарылауын  жəне  жалпы əлемдік қауымдастықтың ашықтығын қажет ететіні айқын деп есептейміз.

Қорыта келе, ДСҰ дауларды шешу жүйесінің əлемнің 153 мемлекетінің сауда-экономикалық қатынастарын реттеп қана қоймай, Дауларды шешу бойынша органы арқылы сол мемлекеттер арасында туындап отыратын əртүрлі даулардың оңтайлы шешілуін қамтамасыз етіп отырғанын аңғардық. Мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жəне барлық істерді тең дəрежеде қарастыратыны бұл тетіктің əділдігіне əрі тиімділігіне дəлел.

 

Əдебиет

 

  1. Demaret the Metamorphoses of the FATT: From the Havana Charter to the World Trade Organization // Columbia Journal of Transnational law. –– Vol. 34. №1. – P. 123–171.
  2. Бдоян И.Т. О механизме разрешения международных торговых споров в Рамках ВТО // Вест. моск. ун-та. Сер.: Право. – 1998. – №6. – С93-103.
  3. Договоренность по правилам и процедурам урегулирования споров // Информационноправовая база «Юрист».
  4. Understanding on rules and procedures governing the settlement of disputes, art. 3 // Law and Practice of the World Trade Organization, Joseph
  5. Dennin // Booklet 2, March 1995, Oceana Publications, N.Y., L., Rome.
  6. Understanding on Rules and Procedures Governing the Settlement of disputes (DSU), Article 4.
  7. DSU, Article 3.
  8. DSU, Article 6.
  9. Based on the 45 panels selected to The range was from 12 to 140 days.
  10. DSU, Article 6.
  11. DSU, Article 13.
  12. Weinstain M.M. The banana war between The United States and Europe is more than trivial trade spat // New York – 1998. – 24Dec. – P.12.
  13. Между ЕС и США разгорается банановая война // Евроновости. – 1999. – №5. – Р.1.
  14. Бдоян И.Т. О механизме разрешения международных торговых споров в рамках ВТО // Вестник Московского университета. Серия 11«Право». 1998.
  15. ДСҰ ресми сайты, http://wto.org

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.