Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: мүшеліктен төрағалыққа

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатының басымдылық бағыттарының бірі халықаралық ұйымдарға мүшелікті стратегиялық басымдылық ретінде анықтаған болатын. Соған сəйкес Қазақстан Республикасы халықаралық универсалды ұйымдармен бірге аймақтық беделді ұйымдарға мүше болуды мақсат етті. Оның ішінде БҰҰ, Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы жəне т.б. бар. Сонымен бірге Қазақстан өзі бірнеше аймақтық интеграциялық ұйымдарды құрудың бастамашысы болды. Мұндай ұйымдардың қатарында АӨЫСКШ, ЕврЭҚҰ-ны атап өтуге болады.

XX ғасырдың 90-ж. жаңа геосаяси жағдайда Орта Азия мемлекеттері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Түрікменстан) өздерінің геосаяси жəне геоэкономикалық ерекшелік- теріне қарай əлемнің ірі мемлекеттерінің назарын аударған стратегиялық маңызды аймаққа айналды. Бұл, ең алдымен, өңірдің Еуропа мен Азияны біріктіретін қолайлы да тиімді географиялық орналасуы мен жер қойнауының пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарға бай болуымен тығыз байланысты. Осы орайда Қазақстан үшін əлемнің жаңа геосаяси күштерімен қарым-қатынас орнату стратегиялық маңызды  мəселеге айналды [1].

Дегенмен де Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалыққа жету жолы оңай болған жоқ. 1996 жылдан бері, себебі осы жылы ҚР ТМД елдері тарапынан төрағалыққа ұсынылған болатын, əлемдік қауымдастық Қазақстандағы демократиялық реформаларға басты назар аудара бастады. Қазақстан деген қандай мемлекет, оның сыртқы саяси ұстанымдары қандай, мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев қандай тұлға?  деген сауалдар «нысанаға» алынды.

Əлемдік қауымдастық тарапынан Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болып ұсынғаннан кейінгі уақытта, елдегі саяси-экономикалық реформаларды сынауда бір мезгіл тоқтамады. Оның ішінде, əсіресе елдегі мемлекеттік қызмет, саяси сайлаулардың ашық жəне таза өтуі, сот жүйесін реформалау, БАҚ-қа байланысты жаңа заң жобаларын қабылдау сияқты мəселелер бар.

2008 жылғы ЕҚЫҰ-ның Қазақстан үшін тарихи Мадрид саммитінде Қазақстан Республикасы 2010 жылы аталмыш ұйымға төраға болып бекітілді. Осы уақыттан бастап Қазақстан үшін белгілі дəрежеде «жаңа тарих» басталды деп те айтуға болады. Өйткені осы кезеңнен бастап елдегі барлық жүргізіліп жатқан шаралар төрағалық деңгейінен бағаланатын болды.

Осы орайда назарларыңызға сала кетсек, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы тікелей эфирде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі жоспарларына қызығушылық танытылған сұраққа былай деп жауап берген болатын:

«ТМД елдерінің ішіндегі, Азия мемлекеттерінің ішіндегі, жалпы мұсылман əлеміндегі осы ұйымға жетекшілік ететін алғашқы ел атану - біз үшін үлкен абырой. Сондықтан да біз бұл мəселеге өте жауапты қараймыз. Біз Еуропамен, ТМД елдерімен, Орталық Азия мемлекеттерімен үнқатысуды белсенді ете түсуге септесетін боламыз. ЕҚЫҰ-ның үш «қоржыны» де тиімді жұмыс істеуі үшін біздің ұсынатын нəрсеміз баршылық», - деп атап айтты.

Елбасы өз жауабында 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның 1999 жылдан бері шақырылмаған саммитін шақыру жөніндегі Қазақстан бастамашылдығын айрықша айтты. Тікелей желіде мемлекет басшысы біздің ұлттық идеямыздың мəні неде? деген сұраққа айқын да нақты жауап берді. Ұлттық идея, мемлекет басшысының пікірінше, қоғамның дамуына қарай туындайды. Осыған орай “Қазақстан- 2030” Стратегиясы біздің осы заманғы ұлттық идеямыздың негізі бола алады. Президент ұлттық бірлікті, экономиканың бəсекеге қабілеттілігін, интеллектуалдық жасампаз қоғамды жəне бүкіл əлемде құрметтелетін мемлекет құруды атады. Осы төрт ұстын біздің ұлттық идеяның іргетасы,  біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының табысты дамуының негізі болады

Төрағалық елдің саяси жүйесін демократияландыруда бірнеше «батыл» реформаларға баруға жəне саяси жүйені реформалауда кезек күттірмейтін шараларды қолға алуды талап етті. Мəселен: Қазақстан президенттік республикадан президенттік – парламенттік республикаға өтуді, саяси партиялардың Парламенттік партияларға ұласуының алғышарттарын қалыптастыруды, тəуелсіз БАҚ қалыптастыруды шындап қолға алды. Бұл шараларда Қазақстан  Орталық Азия мемлекеттерінен көш ілгері кетті. Мұның бəрі əлемдік қауымдастық тарапынан дұрыс бағалануда.  Əрине,  демократия жолы оңай емес, бірақ қоғам демократияға дайын емес, қазақ халқына демократия жат деген жаңсақ пікірлер келмеске кетті. Қазақстан азаматтық қоғам құру жолында өзіндік жолды таңдауда.

Осы орайда Елбасы Қазақстандағы сот жүйесін жетілдіру туралы 2009 жылдың 18 қарашасын- дағы Қазақстан судьяларымен кездесуінде былай деген болатын: «Бүгін біз сіздермен Қазақстан судьяларының бесінші съезінде бас қосып отырмыз. Мұндай кездесулердің игі дəстүрге айналуы - құптарлық жайт. Еліміздің Конституциясында Қазақстан адам жəне оның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына өзінің ең қымбат қазынасы ретінде қарайтын мемлекет ретінде сипатталады. Соттарда мыңдаған адамдардың тағдыры, өзара даулары шешілетіні, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалатыны баршамызға мəлім. Соттар қызметінің тиімділігі, олардың шығаратын шешімдерінің əділеттілігі мен жедел жəне толық орындалуы - кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының негізгі көрсеткіші. Соттардың шешімдеріне қарап қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету жəне азаматтардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады. Бүгінгі съезде көптеген мəселелерді, сот жүйесінің жалпы дамуымен қатар, 2005 жылы өткен съезден бері қарай болған барлық өзгерістерді талқылау мақсаты тұр. Қазақстан - тəуелсіздікке жеткен алғашқы күндерінен бастап, өзінің құқықтық жүйесін белсенді қалыптастырып келе жатқан ел. Мемлекетіміз барлық озық əлемдік стандарттарға сай келетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ашық жəне бүкпесіз сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген шараларды қабылдап келеді».

Елбасы қазақстандық соттардың алдында тұрған міндеттерді қорыта келіп, бірнеше нақты міндеттер қойды:

  • Біріншіден, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыу керек;
  • Екіншіден, Сот ісінің қызметін жеңілдету;
  • Үшіншіден, соттар мен судьялардың мамандануын жетілдіру;
  • Төртіншіден, соттар өзіне тиісті ғана жұмыстармен айналысуы керек;
  • Бесіншіден, қазақстандық заңдарды жетілдіру керек.

Соттар – демократиялық мемлекеттің негізгі құқықтық институты. Əлеуметтік-экономикалық жəне саяси реформалардың табысты болуы көп жағдайда тікелей соған байланысты. Сондықтан сот жүйесінде туындаған өзекті мəселелер əрқашан мемлекеттің жəне бүкіл қоғамның назарында болуға тиіс. Біздің азаматтардың үмітінің ақталуы, олардың əділеттілікке деген сенімділігі судьялардың қызметтерімен тығыз байланысты екенін атап өтті Елбасы.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында көптеген саяси мəні бар шаралар өтті жəне ЕҚЫҰ шеңберіндегі орнынан қозғалмай келе жатқан мəселелер бойына «қан жүгірді» деп бағалануда.

Əрине, төрағалықтың ең басты жемісі ағымды жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның  мемлекет басшыларының бас қосуы болмақ.

Қазір бүкіл қазақстандықтар осы саммиттің тиімді өтуіне ниеттес десек артық айтпаған болар едік. Алғашқы рет елімізде 56 мемлекеттің басшылары бас қосады. Бұл дегеніміз – Қазақстан тағы бір жаңа асуды бағындырды деген сөз. Мұндай бас қосу тіпті КСРО кезінде де болмаған оқиға.

ҚР ЕҚЫҰ төрағасы ретінде бұл бас қосуға мүше мемлекеттердің барлығы дерлік қолдаған «күн тəртібін» ұсынуда. Оның ішінде Ауғанстан жəне аймақтық қауіпсіздік мəселелерін ерекше атап өтуге болады.

Бүгінгі таңда Ауғанстан елін екі түрге бөлуге болады. Оның бірі - əлемге қауіпті Ауғанстан болса, екіншісі - болашағынан зор үміт күттіретін дамып келе жатқан ел [2].

Қазір біздің қай-қайсымыз болсақ та оны лаңкестік əрекеттерден көз ашпайтын, сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан есірткі тасымалдаушы мемлекет ретінде елестетеміз. Бұл - бірінші Ауғанстан. Ал шын мəнінде, бұл елдің жаңа толысып келе жатқан жетістіктерін біле бермейміз. Бұл - екінші Ауғанстан.

Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің аға саяси кеңесшісі Давуд Морадиан ҚазАқпаратқа берген сұқбатында былай деді: «Мен екінші Ауғанстан жөнінде былай дер едім. 2001 жылдың соңындағы Талибан режимі жойылып, 5 миллионнан астам босқын еліне қайтты. Сонымен қатар елдегі бала өлімінің деңгейі күрт төмендеді. Бұл, əрине бізді ортақ əріптес, ниеттес елдер мен ұйымдардың қолдауының нəтижесі. НАТО мен осы сияқты өзге де халықаралық деңгейдегі ұйым- дардың қамқорлығының арқасында жылына 50 мың ауғандық бала өзінің туылған күнін атап өте алатын болды. Жақында доктор Шарвин Атаж Мемлекет басшысы Хамит Карзайға өзін толған- дырған сауал жолдады. Бұл осы елдің президенттігінен кандидат азаматша жəне ол ел Президентін өзімен пікір таластыруға шақырды. Президенттің оның ұсынысын қалай қабылдайтыны  белгісіз. Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын ғана əйелдер артық ауыз сөз айта алмайтын ел үшін бұл үлкен жетістік», - деді саяси кеңесші.

Оның сөзіне қарағанда, Ауғанстанды бағалай отырып, 2001 жылдың соңында ол қандай жағдайда еді, бүгінгі күні қандай деген сауалға жауап іздеген дұрыс. «Əрине, 2009 жылы Ауғанстан бұрынғысынан өзгерек болады. Бірақ бұл ел соңғы жылдары көптеген қиын жағдайларды бастан кешірді. Осыны ескерсек, біз бүгін өзіміздің жетістіктерімізбен мақтана аламыз», - деді Давуд Морадиан.

Ауғанстан ЕҚЫҰ-ға ықпал ету шеңберіне жатпайтын мемлекет екені белгілі. Бірақ  Қазақстан өз төрағалығын пайдалана отырып бұл мəселені аймақтық қауіпсіздік шеңберінде əлемдік қауымдас- тықтың назарына салып отыр. Шын мəнінде, қазір Ауғанстан мəселесі аймақтық мəселеден гөрі мүдделі мемлекеттердің барлығының назарында болып отырған жаһандық мəселеге айналуда. Ауғанстан мəселесі қауіпсіздік, есіртке саудасы, адам құқын қорғау, шекара мəселесі жəне гумани- тарлық апат деген мəселелерді қамтып отыр.

Қазақстан өз тарапыннан осы мəселелерді көтеру арқылы əлемдік қауымдастықты Орталық Азия аймағына, аймақтағы экологиялық, азақ-түлік пен тұрақты даму мəселелеріне аудармақшы.

Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының бірі - аймақтағы саяси қауіпсіздікті сақтау. Оның өзектілігін Қырғызстандағы соңғы кезеңдегі орын алған оқиғалар толық дəлелдеп отыр. Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ға төрағалық жылы Ұйыммен Орталық Азия мемлекеттерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы үлкен маңызға ие болады. Өйткені бүгінгі таңда халықаралық деңгейде ушығып отырған аймақтық, тіпті əлемдік қауіпсіздікке нұқсан келтіретін халықаралық лаңкестік,  діни  экстремизм,  ұлттық  сепаратизм  сияқты  келеңсіз  құбылыстармен  күресу  бір  ғана мемлекеттің қолынан келмейді.

ЕҚЫҰ тəжірибесі аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау мақсатында құрылғанын айту керек. Сондықтан да Ұжымдық дипломатия өз тарапынан бұл ұйымның белгілі деңгейде негізгі принципі болғандығы анық.

Ал Қазақстан үшін ЕҚЫҰ тəжірибесі осы ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты, қауіпсіздікті сақтаудың жəне экономикалық дамуға жетудің жолы ретінде қарастырсақ, еліміздің төрағалығын пайдалана отырып, Орталық Азия аймағын əлемдік саясаттың негізгі ықпал етуші күштерінің біріне айналдыруды мақсат тұтатыны сөзсіз.

 

Әдебиеттер

  1. www.mid.ru/.../30d93b83134c77aac3256886004d1ff5?...
  2. Султанов Б.К. Итоги первого полугодия и перспективы председательства Казахстана в ОБСЕ. Председательство РК в ОБСЕ: предварительные итоги и перспективы. Материалы 8 Ежегодной Алматинской конференции. - Алматы. КИСИ. 28.05.2010. – С. 6.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.