Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

У. Дж. Буш тұсындағы АҚШ сыртқы саясатының басты ұстанымдары

ХХ ғасырдың 90-ж. осы күнге дейін АҚШ ықтималды бəсекелес бола алатын елдердің əскерисаяси үстемдігін басып-жаншитын бағыт ұстанып келеді. Əскери шығындарды ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы ширегінде айтарлықтай қысқартқаннан кейін, бұл шығындардың көлемі «қырғи-қабақ» соғыс кезіндегі шығынмен шамалас болды. Басқаша айтқанда, АҚШ-тан өзге алпауыт мемлекеттердің əскери шығындарының барлығын қоса алғанда АҚШ-тың əскери шығыны артып отыр. Əскер санын (1,5 млн адамға дейін) қысқарту олардың сапалық сипаттамасын – білім деңгейін жəне əскери дайындығын, техникалық жабдықталуы деңгейін көтерумен қоса жүргізілуде. Əдеттегі соғыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін потенциалын арттыра отырып, АҚШ өзінің ядролық потенциалының негізін сақтап жəне жетілдіріп келеді. Бұл бағытта АҚШ ядролық қаруды одан əрі қысқарту жолында сақтықпен əрекет жасай отырып жəне оны қолданудың стратегиясын қайта қарап, зымыранға қарсы қорғаныстың жаңа жүйелерін белсенді дамыту үстінде.

Бұл факторлардың бəрін қоса алғанда олар Америка Құрама Штаттарына ХХ ғасырдың 90-ж. аяқ шеніне қарай өзінің ықтималды бəсекелестерінен тарихта бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейде əскери-техникалық алға озып шығуды қамтамасыз етті. Бұл алға шығушылық, əсіресе əскери қуатты жаһандық деңгейде арттыру мен құрлықта əскери қимылдарды жүзеге асырудың қазіргі заманғы тəсілдерін қолдану деңгейінің жоғарылығымен сипатталады. АҚШ-тың əскери-саяси жетекшілігі болашақта да бұл арақашықтықты сақтап қалуға бар күшін салуға бел шешіп кірісіп отыр.

Америка Құрама Штаттарына төнетін тікелей əскери қауіп пен оның əскери үстемдігі негізінде қалыптасқан қазіргі жағдайдың бірегейлігіне тоқтала келе, У. Пэрри мен «Превентивті қорғаныс» кітабының бірлескен авторлары АҚШ үшін ең маңызды фактор осы екі жағдайдың ұзақ жылдар бойы сақталуын қамтамасыз ету деп көрсетеді.

Осы кезге дейін АҚШ-тың əскери-саяси белсенділігінің деңгейі өте жоғары күйінде қалып отыр. ХХ ғасырдың 90-ж. соңына таман АҚШ сыртқы саяси стратегиясында бір-бірімен өзара байланысты екі ағым айқын көзге көрінді. Біріншісі, БҰҰ шеңберіндегі көпжақты ұжымдық шараларды бірте-бірте проамерикалық əскери-саяси одақтардың, ең алдымен НАТО-ның қолдауымен біржақты түрдегі қимыл-əрекеттерге көшіру болды. Алғашында, халықаралық қақтығыстарды реттеу мақсатында АҚШ «шабуылдаушы көпжақты дипломатия» концепциясын ұсынды [1]. Бұл концепцияның  ең басты мақсаты БҰҰ-ның аясында бүкіл халықаралық қауымдастықтың ұжымды күш салуы  арқылы «қырғи-қабақ» соғыс кезінде екі алпауыт мемлекеттің арасында қалыптасқан бəсекелестіктің орнын басу болатын. 1993 жылдың мамырында президент Клинтон БҰҰ-ның бітімгерлік потенциалын күшейтуге қолғабыс етуді жəне АҚШ тұрақты негізде БҰҰ-ның бітімгерлік операциялары үшін оның (БҰҰ-ның) оперативті басқаруына өзінің əскери контингентін беруді көздейтін №13 дерективаға қол қойды. Сол жылдары АҚШ БҰҰ-ның аясында жүзеге асырылған Сомали, Гаити жəне Босниядағы бітімгерлік операцияларға белсенді қатысты. Бірақ Сомали операциясының сəтсіздікке ұшырауы, Босниядағы қақтығысты реттеу барысында АҚШ пен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты  мүшелері  (Ресей  мен  Қытай)  арасында  орын  алған  қайшылықтар  тез  арада АҚШ-ты «көптарапты шабуылдаушы дипломатия» принциптерінен бас тартуға жəне НАТО мен бұл құрылымдағы өзінің жеке күшіне арқа сүйеуге мəжбүр етті. 1994 жылдың жазына қарай аталмыш директива

№ 24 директивамен алмастырылды. Бұл жаңа директиваның ең басты мақсаты БҰҰ-ның əскери потенциалын күшейтетін идеяны шектейтін жəне БҰҰ-ның аясында іске асырылатын бітімгерлік операцияларға АҚШ-тың қатынасуы туралы қатаң талаптар қойды. Сонымен бірге АҚШ БҰҰ-ның бітімгерлік күштерін жəне «НАТО сияқты құзырлы аймақтық ұйым» күштерін АҚШ-тың оперативті басқаруына берілуін де талап етті [2]. АҚШ-тың бұл қадамдарының оңды нəтижесі Босниядағы дағдарысты реттеу барысында өз көрінісін берді. Атап айтқанда, босниялық дағдарыс тек НАТО-ның іс жүзінде əскери бақылауы арқылы жүзеге асырылды, ал мұндағы БҰҰ-ның қатынасуы тек формалды сипатта болды.

АҚШ-тың біржақты (немесе НАТО шеңберінде) іс-қимылдары бұл елдің сыртқы саяси құралдарының арсеналында күштеу шараларының артқандығын көрсетеді. АҚШ сыртқы саясаты теоретиктерінің бірі С. Хантингтон бұл жөнінде: «Соңғы жылдары АҚШ біржақты түрде келесідей мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылды: өзге елдерді америкалық нормаларды жəне адам құқықтарының америкалық  стандарттарын  қабылдауға  мəжбүрлеу;  қарапайым  қару  түрлері  бойынша  АҚШ-тың үстемдігіне нұқсан келтіретін жағайды, өзге ықтималды бəсекелес бола алатын елдердің əскери потенциалының артуына жол бере бермеу арқылы алдын алу; басқа елдерге қатысты америкалық заңнамаларды экстерриториалдық негізде қолдану; адам құқығы, есірткі саудасы мен терроризмге қарсы күрес, ядролық қару мен зымырандық технологиялардың таратпау, сондай-ақ діни бостандықтарды; аталмыш стандарттарды сақтамайтын елдерге қарсы санкцияларды қолдануда америкалық стандарттарға беріктігіне қарай өзге елдерді рангілеу... АҚШ-тың тікелей мүдделеріне қарсы келмейтін жергілікті қақтығыстарға араласу; басқа елдерді америкалық экономиканың  мүдделері үшін əлеуметтік жəне экономикалық шараларды қабылдауға мəжбүрлеу; басқа елдердің қару-жарақ сатудағы ұмтылыстарына тосқауыл қоя отырып, америкалық қару-жарақтың экспортын арттыру; БҰҰ-ның бас хатшысын шеттетіп, оның ізбасарының кандидатурасын күштеп мойындату; НАТОның құрамына Польша, Чехия жəне Венгрияны қабылдау арқылы альянсты ұлғайту; Иракқа қарсы əскери қимылдарды жүзеге асырып, бұл елдегі саяси режимге қарсы санкциялар қолдану; бірқатар елдерді «қылмыскер мемлекеттер» ретінде жариялау жəне оларды америкалық ерік-жігерге бағынбағандары үшін халықаралық ұйымдардан шығару», деп көрсетеді [3].

Қазіргі кезеңде АҚШ арсеналындағы күштеудің негізгі құралы – күн санап артып келе жатқан экономикалық санкциялар мен əскери араласулар. Мысалы, тек 1993-1996 жылдар аралығында АҚШ біржақты түрде 35 елге қатысты экономикалық санкцияларды алпыс рет қолданды немесе қолдануға əрекет жасады. Бірақ АҚШ-тың біржақты экономикалық санкцияларының пəрменділігі төмен немесе, кейде АҚШ экономикасына айтарлықтай зиян алып келді. ХХ ғасырдың 90-ж. АҚШ əскери күшті алты ірі əскери операцияда (яғни, ХХ ғ. 80-ж. салыстырғанда екі есе жиі), Ауғанстан, Судан жəне Ирактағы бомбалық соққыларда (Иракта Ұлыбританиямен бірлесе) пайдаланды. АҚШ тарапынан əскери күш қолдану қоқан-лоқылары, оның ішінде ең байсалдылары Солтүстік Корея (1994 ж.) мен Қытайға (1996 ж.) қатысты алаңдаушылықтар болды.

Аталмыш екі ағымның шырқау шегі АҚШ пен НАТО-ның Косоводағы іске, БҰҰ мен халықаралық құқықтың негізгі принциптерін айналып өтіп араласуы болды. Керек болса, «гуманитарлық қол сұғушылық» пен «келісілген қауіпсіздік» концепцияларының шын берілген жақтаушылары, АҚШ пен оның одақтастарының де-факто енгізуге ұмтылыс танытқан интервенциялық халықаралық-құқықтық режим, халықаралық қауымдастықтың ең болмағанда, оның батыстық бөлігі тарапынан заңдастыру мен санкциялауды қажет ететіндігін мойындап отыр.

ХХ ғасырдың 90-ж. АҚШ сыртқы саясатының маңызды басымдылықтарының бірі əлемдік экономиканың жаһандану жағдайында америкалық сауда-экономикалық мүдделерді алға бастыру болды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл ілгері жылжуға «қырғи-қабақ» соғыстың аяқталуы негіз қалап берді. Аталмыш кезеңде АҚШ əкімшілігі сауда-экономикалық мүдделерді ұлттық қауіпсіздік мəселелерімен тығыз байланыстырды. Сонымен бірге əлемдік экономиканың қарқынды жаһандануы, АҚШ-тың алдына əлемдік нарықта америкалық тауарлардың бəсекелестігін арттырып, сыртқы нарықтарға шығуды жеңілдету мен күн санап бір-бірінен өзара тəуелділігі артып келе жатқан жаһандық қаржы-экономикалық жүйенің тұрақтылығын нығайту арқылы осы үрдіске белсенді түрде бейімделу міндеті тұрды.

Қазіргі кезде бірқатар сарапшылардың пайымдаулары бойынша, АҚШ-тың əлемдік экономикадан тəуелділігі ұдайы артып келеді. АҚШ əлемдегі ең ірі экспортер (мысалы, 2007 жылы Америка экспорты 126,23 млрд долларды құрады) болып табылады [4]. АҚШ-тың сыртқы сауда айналымына ішкі жиынтық өнімнің үштен бірі келеді жəне бұл салада 15 млн жұмыс орны бар. АҚШ жетекшілігі əрдайым мақтанышпен атап өтетін экономикалық өркендеу тікелей əлемдік экономиканың ырықсыздану деңгейіне байланысты. Бірақ АҚШ үшін интеграциялық процестердің маңызы бұл елдің экономикалық мүдделері ауқымынан əлдеқайда шығып жатыр. ХХ ғасырдың 90-ж. тəжірибесі көрсеткендей, нарықтардың, жеке кəсіпкерліктің ашықтығы мен бұл саланы құқықтық реттеу бұл процеске тартылған елдердің экономикалық (содан соң саяси) тəртібінің гегемонизациясының ырықсыздануы принципі негізіндегі халықаралық интеграция, америкалық түсінік бойынша «еркіндік пен демократия аймақтарының» кеңеюіне алғышарттар қалыптастырады. АҚШ-тың «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» көрсетілгендей, «экономикалық тұрақтылық пен өсу еркін нарықтарды тарату мен оларды жаһандық экономикаға интеграциялау үшін қажет» [5]. Сонымен бірге бұл құжатта «Салауатты жаһандық экономика үшін қажетті шарттар, бірмезетте демократиялық бостандықтарды нығайтады. Бұл дегеніміз – идеялар жəне ақпараттармен емін-еркін алмасу, шекаралардың ашықтығы мен еркін жүріп-тұру заңының өктемділігі жəне оның тұтынушылардың құқықтарын қорғауда əділ қолданылуы, білікті жəне кəсіби жұмыс күші», деп атап өтілген. Басқаша айтқанда, экономиканың жаһандануы, аталмыш көзқарасқа сəйкес, Американың пайдасына қолдануға болатын демократизацияның үлкен потенциалын өз бойына жинақтаған.

Сонымен бірге іс жүзінде бұл процестің қауіпті жақтары бар екендігін естен шығармаған жөн. Атап айтқанда, өзара тəуелділік жағдайында əлемдік қаржы жүйесінің нашарлығының арта түсуі – бір-бірімен сауда соғысы жағдайында тұрған аймақтық деңгейде тұйықталған сауда-экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Сондықтан АҚШ ең қуатты экономикалық алпауыт мемлекет ретінде, басқа елдермен салыстырғанда сауданың еркіндігі мен əлемдік экономиканың  тұрақтылығына  мүдделі. Осы мақсатқа жету үшін АҚШ қазіргі кезеңде іс жүзінде, осы жаңадан қалыптасып келе жатқан жаһандық жүйені ұйымдастырушы ядро жəне осы жүйені қорғаушы рөлін өзіне міндет етіп қабылдады. АҚШ аталмыш жүйені өзінің ұлттық мүдделеріне толық жауап беретін принциптер негізінде құруға ұмтылыс танытып келеді. Əскери-саяси саладағы сияқты АҚШ “бірполярлы сəтті” өзіне тиімді экономикалық əлемдік тəртіптің негізін көп жылдарға алдын ала қалап алмақшы. Бұл орайда президент Б. Клинтон: «Біз əлемде үстемдік етіп отырмыз, бірақ бұл жағдай мəңгілік емес, демек АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі, жаһандық позициялары жəне экономикалық сəттілігі үшін біз Американы əлемде пайда болып жатқан барлық сауда тораптарының кіндігіне айналдыруымыз қажет», деген болатын.

Айтқандай-ақ, ХХ ғасырдың 90-ж. орта шеніне қарай, оның бастамасымен құрылып жатқан ірі аймақтық бірлестіктерде АҚШ өзінің шешуші рөлін иеленді. Əсіресе АҚШ-тың белсенділігі Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағында жəне осы іспеттес АТА (АТР) аймағында ерекше көзге түседі. АҚШ жоспары бойынша АТА 2020 жылға дейін АТЭЫ (АТЭС) елдерін түгелдей қамтуы тиіс. Экономикалық интеграция мейлінше дамып, қарқын алып отырған да, АҚШ өзі 1995 жылы мұрындық болған «Трансатланттық күн тəртібі» (1998 жылы «Трансатланттық экономикалық əріптестікке» ұласқан) бағдарламасының арналары арқылы белсенді араласуда. АҚШ бұл бағытта болашақта ұзақ мерзімге есептелген трансатланттық еркін сауда аймағын құруды көздейді. Осындай шаралардың арқасында АҚШ əлемдегі негізгі аймақтық сауда-экономикалық бірлестіктермен болашақта ынтымақтастық көпірін қалыптастырды деп айтуға толық негіз бар. Бұл орайда, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы М. Олбрайт кезінде: «Американың мүддесіне жұмыс істейтін жаһандық экономикалық жүйені қалыптастыру, АҚШ сыртқы саясатының таяудағы маңызды міндеттерінің біріне саналады», деген болатын [6].

Өзін əлемдік қаржы тұрақтылығының ең басты кепілі ретінде таныта отырып, АҚШ мексикалық песоны (1994-1995 ж.) құтқаруда шешуші рөл атқарды, сондай-ақ ХВҚ (МВФ)-мен бірлесе отырып, аймақ елдеріне көпмиллиардты несие беру арқылы АҚШ Азиядағы қаржы дағдарысының нəтижелеріне төтеп беруге атсалысты. Сонымен қатар 2002 жылы Аргентинада орын алған экономикалық коллапспен күресуге қол ұшын беріп, 1998 жылы АТЭЫ (АТЭС) елдерінің қаржы министрлері мен орталық банктері жетекшілерінің тұрақты əрекет жасаушы форумын ұйымдастыруда бастамашы болды.

Бұдан өзге АҚШ тарифтер мен сауда жөніндегі көптарапты келіссөздердің уругвайлық кезеңін жылдамдатып, əлемнің негізгі аймақтарының елдерін біріктіретін Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуына белсенді атсалысты. 1993-1998 ж. АҚШ əртүрлі елдермен өзі тауарларының сыртқы нарықтарға түсуін жеңілдететін жалпы саны 240 сауда келісімін жасады [7]. Осы мақсаттарда АҚШ өзінің ең басты сауда бəсекелестері болып табылатын – Жапония мен Қытайға айтарлықтай қысым жасауға дейін барып, бұл өз кезегінде соңғысының ДСҰ-ға кіруіне əкеліп, Америка бизнесі өткен ғасырда «ашық есік» доктринасын жариялаудан бері көксеп келген теңдесі жоқ нарықтың ашылуына əкеліп соқтырды. Американың ғылыми-техникалық артықшылығының негізін қалайтын жаңа ақпараттық технологиялар саласында авторлық құқықтарды қорғауда Вашингтон белсенді соғыс жүргізді. ЕО-мен жəне Жапониямен де сауда соғыстары орын алды.

Америка дипломатиясының «коммерциялануы» АҚШ-тың дипломатиялық аппаратының ұйымдастырушылық құрылымын қайта құрудан көрініс берді. АҚШ президентінің атқарушылық басқармасында «Ұлттық экономикалық кеңес пен экспорттық стратегияның ведомствоаралық орталығы құрылды, ал мемлекеттік департаментте керек болса, қорғаныс министрлігінде арнайы саудаэкономикалық бөлімшелер» пайда болды.

АҚШ-тың экспорттық стратегиясының маңызды бөлігі болашағынан үлкен үміт күтуге  болатын ондаған ұлттық – Қытайдың (Гонконг пен Тайваньды қоса), Үндістанның, Индонезияның, Оңтүстік Кореяның, Мексиканың, Бразилияның, Аргентинаның, Польшаның, Түркияның жəне Оңтүстік Африканың нарықтарын мақсатты түрде жаулап алу болып табылады.

АҚШ-тың қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси стратегиясының үшінші мақсатты жоспары (елдің гүлденуі  мен  қауіпсіздігін қамтамасыз етумен  қатар)  əлемде демократияны  алға  жылжыту болып табылады. Америкалық нұсқа бойынша əлемді демократиялық жағынан қайта құру баяғыдан бері АҚШ-тың сыртқы саясатының негізгі белгілерінің бірі болғандығына қарамастан, бұл міндеттерді ресми саясат деңгейіне дейін көтеру соңғы жылдардағы елдің халықаралық жүйе мен тəртіпке енгізуге ұмтылыс танытқан жаңалықтарының бірі болып саналады. Алғаш рет «əлемдік еркін нарықтық демократиялар қауымдастығын ұлғайту стратегиясын» Ақ үй 1993 жылы «тежеу» стратегиясының орнын басу мақсатында ұсынған болатын. Аталмыш стратегияда («Əлемдік еркін нарықтық демократиялар қауымдастығын ұлғайту стратегиясы») толысқан нарықтық демократиялар қауымдастығын нығайту, жас демократиялы елдерді өсіру, топтастыру жəне антидемократиялық режимдерге оларды бір мезгілде ырықсыздандыра отырып, қарсы тұру. Соңғы жылдары алға қойылған міндеттер біршама өзгерістерге ұшырағанымен, демократияны ілгері бастыру АҚШ сыртқы саясатының маңызды əрі басымды саласы болып отыр.

Америка үшін дəстүрлі болып табылатын демократияны тарату мейлінше қолайлы жəне  қауіпсіз ортаның ұлғаюын білдіреді деген сенім соңғы уақытта «демократиялық əлем» мектебі тарапынан қосымша қолдауға ие болды. Бұл сенімнің негізгі постулаты демократиялық құрылымды мемлекеттер бейбітшілік сүйгіш болып келеді деген көзқарасқа негізделген. ХХ ғасырдың басында президент В. Вильсон мен оның жақтастары «демократия үшін дүниені қауіпсіз ету» деген идеалистік ұранды ұсынса, қазіргі заманғы вильсоншылдар мейлінше прагматикалық мақсатты – демократияның көмегімен дүниені қауіпсіз етуді көксейді.

«Демократияны ілгерілетудің» екінші бір негіздемесі «қырғи-қабақ» соғыс пен коммунистік жүйенің күйреуінен соң əлемде батыстық демократияның серпінді дамудың бірден-бір жұмыс  істеуші моделі болып табылады деген ұстаным. Олар (батыстық демократиялық модельді жақтаушылар) барлық елдер бұл модельге өздерінің мəдени жəне əлеуметтік ерекшеліктеріне қарамастан ұмтылулары керек деген көзқарасты берік ұстанады. Міне осылай, АҚШ-тың ірі либералдыдемократиялық қуатты мемлекет ретіндегі миссиясы демократияның жаһандық үдерісін ынталандырып, оны бағыттаудан көрініс береді. Аталмыш рөлдің белсендірілуі айтарлықтай деңгейде ұланбайтақ посткеңестік кеңістіктің пайда болуына алып келді.

Бұл сөйлемді кеңінен талқылайтын болсақ, онда демократияны ілгерілету көптеген құрамды бөліктерден тұратын кешенді іс-қимыл бағдарламасы ретінде қарастырылады. Оның құрамына əскери-саяси жəне экономикалық шаралар жатады. Мысалы, НАТО-ның ұлғаюы осы бағыттағы маңызды реформа ретінде түсіндіріледі. Демократияландыру мен экономикадағы нарықтық реформаларға жəне экономикалық интеграцияларға қолдау көрсету жас демократиялық елдерді топтастырудың алғышарттарымен тығыз байланыстырылады.

Тар ауқымда алғанда, АҚШ-тың сыртқы саясатында «демократияны ілгерілету» дегеніміз –  бірқатар министрліктер мен ведомстволардың америкалық нормалар мен демократиялық институттарын басқа елдердің заңнамалары мен тəжірибесіне енгізу. Бұл жерде осы мақсаттарды жүзеге асыратын негізгі құрал адам құқықтарын, ашық əрі таза сайлаудардың өткізілуін, азаматтық қоғамды нығайту жəне режимдер мен мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беруін қамтамасыз ету бағытында техникалық жəне қаржылай көмек көрсететін «Халықаралық даму агенттігі» болып табылады.

«Демократиялық ноу-хауды» тарату жұмыстарына АҚШ-тың өзге де мемлекеттік идаралары (əділет жəне қорғаныс министрліктері мен мемлекеттік департамент), сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, соның ішінде кəсіподақтар қатысады. ХХ ғасырдың 90-ж. мемлекеттік аппаратттың əртүрлі деңгейлерінде бұл қызметтің институционализациясы іске асырылды: Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде демократия, адам құқықтары жəне гуманитарлық мəселелер бөлімдері, мемлекеттік департаментте – демократия, адам құқықтары жəне еңбек (мемлекеттік хатшының жаһандық мəселелер жөніндегі  жаңа орынбасарына бағындырылған) бюролары пайда болды. 1993-1994 ж. Клинтон əкімшілігі елдік принциптен функционалдық принциптерге көше отырып, шетелдерге көрсетілетін бүкіл көмектің барлық құрылымын өзгертуге əрекет жасады. Бұл көмектің бағыттарының бірі «демократияны құруға» тиісті болды. Бірақ реформа АҚШ конгресінде қолдау таппағандықтан, осы саладағы əртүрлі жоспардағы əрекеттерді үйлестіру мəселесінің көпшілігі осы күнге дейін өз шешімін таппай келеді.

Америкалық сарапшылардың пікірінше, «демократияны ілгерілетудің» ресми мəртебесінің жоғарылығы мен құлашының кеңдігіне қарамастан, бұл концепцияны АҚШ сыртқы саяси стратегиясындағы əскери-саяси жəне экономикалық шаралармен теңестіруге келмейді. Бұған аталмыш концепцияның жұмсақтығы, нақты белгілері мен анықталған мақсаттарының болмауы,  сондай-ақ оның «кеңестік қатерді тежеу» концепциясымен салыстырғанда жұмылдыру күшінің жеткіліксіздігі кедергі келтіруде. Не қоғамдық пікір, не АҚШ-тың элиталық топтары «демократияны ілгерілету» концепциясын елдің сыртқы саясатының басымды бағыты ретінде қабылдамайды.

Аталмыш концепцияны іс жүзінде жүзеге асыру шектеулі күйінде қалуда. Мұның басты себебі, АҚШ өзінің іс-əрекеттерінде дəстүрлі геосаяси немесе экономикалық себептерді жиі басшылыққа алады. Мұның жарқын мысалы ретінде – 1994 жылы Қытайға бұл елдегі адам құқықтарының жаппай аяққа тапталғандығына қарамастан, мейлінше қолайлы режимін беру, сондай-ақ АҚШ-тың стратегиялық одақтастары – Сауд Арабиясы, Кувейт, Түркия жəне бірқатар елдермен оларда авторитарлы режимдер билік басында отырғандығына қарамастан, тығыз қатынаста болуын келтіруге болады. Қорыта айтқанда, бұл бағытта шығындардың бөлінуіне қарап, “демократияны ілгерілету” Латын Америкасы мен посткеңестік кеңістіктегі жас мемлекеттерге таралып жатқандығына көз жеткізуге болады.

2000 жылы Жаңа америкалық жүз жылдық жобасының мүшелерінен тұрған топ «Американың қорғаныс қабілеттілігін қалпына келтіру: Жаңа ғасырдағы стратегия, қарулы күштер жəне ресурстар» атты қазіргі кезде америкалық экономикалық жəне əскери артықшылық, жауап қайтарудың орнына аймақтық жағдайларды «тудыру», «бейбітшілік аймағын» құру туралы жағдайларымен белгілі трактат шығарды. Сонымен бірге онда Буштың екінші əкімшілігінің саяси мақсаттарына айналған ұсыныстар да бар еді: қорғанысқа шығынды өсіру, қарулы күштерді қайта құру жəне оны əлемнің кез келген ауданына жеткізу мүмкіндігін кеңейту, тактикалық ядролық қару жұмысын дамыту, неоконсерваторлар үшін маңызы зор ғаламдық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін жасап шығару жəне Американың ұзын қолын Парсы шығанағына жеткізу. Бұл жұмыста алғаш рет тек халықаралық қауіпсіздікке ғана емес, АҚШ-тың өзіне де қауіп төндіріп отырған үш ел атап көрсетілді: «Біз Солтүстік Корея, Иран, Ирак жəне сондай сияқты мемлекеттерге америкалық жетекші рөлге нұқсан келтіруге, Америка одақтастарын үрейлендіруге жəне америкалық отанға қауіп төндіруге жол бере алмаймыз» [8].

2001 жылдың 11 қыркүйегі Вашингтон стратегияларының басымдылықтарын күрт өзгертіп, алдыңғы орынға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері шықты. Мемлекеттің өзін-өзі сақтау мақсатының оның даму мəселелерінен алда тұратындығы туралы концепция нақтыланды. Буш əкімшілігі үшін 11 қыркүйек «XXI ғасырдың Перл-Харборы» іспеттес еді. 11 қыркүйекке дейін кіші Буш əкімшілігінің сыртқы саясаты «АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне» сүйенсе, осы ұлттық қайғыдан кейін Вашингтон «бүкіл батыс өркениетіне тəн еркіндік пен демократия идеалдарына» мойын бұрды. Ендігі жерде басты мақсат Ресей мен Қытай сияқты стратегиялық бəсекелестердің күшеюіне жол бермеуден гөрі, халықаралық лаңкестікпен күреске ауысты [9]. Халықаралық лаңкестік əрекеттерін АҚШ жылдам, шешуші жəне аяусыз шараларды талап ететін соғыстың жариялануы қадамы ретінде қарастырды. «Жалғыз астам державаның» жауабы 5 негізден құралған «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуынан кейін алғаш пайда болған ғаламдық стратегиядан көрініс тапты.

  1. Бірполярлы əлемді ғана мойындау, онда АҚШ-қа тең келетін бəсекелестің жоқтығы. Америка ешбір елге не коалицияға өз деңгейіне жетуге мүмкіндік бермейді.
  2. Ешбір тежеу туралы сөз де болуы мүмкін емес. Ядролық зымырандар ешкімді тежемейді.

«Қайтарымды жауап» жөнінде сөз де болуы мүмкін емес, лаңкестердің эктерриториалдығы көптеген елдерге таралуын ескере отырып, белгілі бір нысананың жоқтығына көзіміз жетеді.

  1. Суверенитет түсінігін қайта қарастыру жөн. Лаңкестерді «тежеу» мүмкіндігі жоқтығынан, АҚШ бұрынғыдай мемлекеттік шекараларды сақтамай-ақ барлық жерде соққы беруге дайын болу керек. Мемлекеттік департаменттегі жоспарлаудың орынбасары Р. Хаас жария еткендей: «Егемендік жауапкершілікті талап етеді. Осы жауапкершіліктердің бірі өз халқының жойылуына жол бермеу. Ендігі біреуі – лаңкестіктің таралуына жол бермеу. Шекаралар шеңберінде болып жатқанға үкіметтер жауапты. Егер олар осы міндеткерліктерін орындай алмаса, егемендік артықшылығынан айырылады. Басқа үкіметтер, соның ішінде АҚШ үкіметі суверенитетті бұзу, негізінен, өзін-өзі қорғау мақсатында алдын алу соққысын беру құқығына ие болады». Осы концепцияны қолданудың мысалдарын біз соңғы жылдары кеңінен көріп отырмыз.

Кейде, осы орайда, АҚШ-ты екі түрлі стандарт саясаты үшін айыптайды: этникалық тазартулар жүргізілген Югославияға араласу мен өзінің күрд азаматтарын жойып отырған Түркия əрекеттеріне көз жұмбайлықпен қарауды атауға болады. Бұған жауап ретінде М. Олбрайттың: «Американың екі түрлі стандарты жоқ жəне болуы да мүмкін емес, себебі сыртқы саясат тек бір стандарт – елдің ұлттық мүдделеріне сүйенеді», деген сөздері келтіріледі.

  1. Одақтар шектеулі құндылыққа ие. Бұл жағдай 1999 жылы 90 пайыз əскери ауыртпалық АҚШ-қа түскен Косовода жəне шешім қабылдаудың консенсустық механизмі бар НАТО Вашингтон сұраған минималды көмектің өзін бере алмаған Иракта көрініс тапты. Осыған орай АҚШ қорғаныс министрі Д. Рамсфельд бір сұхбатында: «Миссия сипатын коалиция емес, керісінше коалиция сипатын миссия анықтап береді», деген болатын.
  2. Ирак дағдарысы көрсеткендей, АҚШ үшін енді ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету мен демократия мен адам құқықтарын тарату үшін БҰҰ-ның қолдауы қажет емес. Осы ұйымға деген қаржылық жарнасын пайдалан отырып, БҰҰ механизмін өзіне бағындырмақшы [10].

Алғашқы кезде Буш тек Иракқа қарсы əрекеттерді талқылауға түсірсе, ұлтқа деген жолдауындағы əйгілі «Зұлымдық осі» туралы сөзінде «Ұлттық қауіпсіздіктің президенттік проспектісін ұсынды». Иран, Солтүстік Корея мен Иракты бөліп көрсетіп, Президент Буш лаңкестікті демеп отыратын режимдер бұдан былай əкімшіліктің нысанасына тап болады деді. Ал химиялық, бактериологиялық жəне ядролық қару соғыс бастауға формалды себеп болады деп жария етілді.

2002 жылдың көктемінде əкімшілік көп ұзамай «Буш доктринасы» деген атқа ие болған жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жасап шығарды. Стратегияға екі ерекшелік тəн. Біріншісі түбірлі сипатта болып, Америка лаңкестік ұйымдар мен оларды қолдаушы елдер арасын бөлмейтінін түсіндірді. Үмітін ақтамаған елдер (Йемен, Судан), дұшпан режимдер («зұлымдық осі» елдері жəне Сирия, Ливия, Куба) БҰҰ-мен егеменді мемлекеттер ретінде танылғанымен, америкалық заң алдында жауапты болды. Екіншісі болса «америкалық отанды қорғаудағы» АҚШ-тың алдын алу əдістерін қолдануға деген құқығын бекітті. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық нормалар мен ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келген ұлттық қауіпсіздік саясатынан мүлдем өзгеше еді. Көп ұзамай мұның бəрі 2002 жылы 20 қыркүйекте жарық көрген «Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздік стратегиясында» сипат тапты. Бұл стратегия 1648 жылдан бері халықаралық қатынастарға жетекшілік етіп келген ағымдағы əлемдік тəртіпті тікелей сынға алған құжат болды. Республикалық партияның ұлттық партиялық платформасының өзінде келесідей жарияланған: «Республикалық əкімшілік америкалық гегемония кезеңін сапалы жаңа болашақты қамтамасыз ету үшін барынша қолданады» [11]. Осылайша, республикалықтардың ғаламдық жаңа стратегиясы милитаризацияланып, онда «гегемон саясаты» анық көзге көрінеді. «Буш доктринасы» бойынша, артықшылық шабуылдаушы жағында. Кең мағынада: инициативаны өз қолына алу шабуыл жасаушы жаққа потенциалды қарсыласқа өз ерігі мен əрекет əдістерін мəжбүрлеуге мүмкіндік береді.  Құжаттың басты сөздері – «қорғаныстың ең жақсы формасы жақсы шабуыл болып табылады».

Дж. Буш мемлекет басшысы ретінде өз миссиясы мен Америка миссиясын «Тəңірдің жоспары» деп атады [12]. «Буш доктринасын» сипаттай, түсіндіре жəне бағалай отырып, оны астам державаның халықаралық жағдайға қайтарған жауабы деп ескере кетсе болады. Демократия жəне либерализм сол қалпында АҚШ сыртқы саясатының басты құрамдас бөлігі ретінде қалды. Стратегияны жасап даярлағандардың пікірінше, Иракты азат ету Ирак қоғамын жақсартып қана қоймай, Таяу Шығыстың басқа елдеріне де оң əсерін тигізеді. Саддам режимін жою қажеттілігі Ирак қоғамындағы адам құқығын аяққа басуымен жəне көршілес елдерге тудырып отырған қаупімен түсіндіріледі. Америкалық идеологтар Ирак режимін демократиялық режиммен алмастыру аймақтың басқа елдеріне де домино эффектісін тудырады деген сенімде. Ирактағы əскери əрекеттердің басында президент Буш ашық түрде лаңкестікті сырттан қолдауға жол бермейтіндігін анық көрсетті. Соғыстан кейін Ақ үй əкімшілігі «еркін Ирак бүкіл Таяу Шығысқа прогрестің ілгерлеуінің мысалы болуы мүмкін» деп мəлімдеді [13]. Дж. Буш «ғаламдық демократиялық революцияға» ықпалдасуы тиіс «жаңа сыртқы саясатты» жариялай отырып, оның бастамасы Иракқа қарсы агрессия болды. Осы контекстіде У. Кристол мен Л.Ф. Капланның «Ирак үшін соғыс» кітабында келтірілген пайымдауларды тағы да бір рет ой елегінен өткізген жөн. Атап айтқанда,

«Миссия Бағдадта басталғанымен, онда аяқталмайды... Біз жаңа тарихи дəуір бастамасында тұрмыз... Бұл шешуші маңызы бар сəт... Бұл жерде сөз Ирак жөнінде ғана емес екендігі айқын... Сөз тіпті Таяу Шығыстың болашағы мен террормен күрес жөнінде емес. Сөз Америка Құрама Штаттары ХХІ ғасырда ойнауы тиіс рөл жөнінде» [14].

Жоғарыда аталып кеткен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жария етілгеннен бері, кіші Буш əкімшілігінің «жаңаша құжаты» ретінде аталып, танылып келеді. Бұл «жаңалық», негізінен, келесі төрт пунктіден айқын көрінеді:

а) ҰҚС жаппай қыру құралдарын жасап шығаруға талпынатын дұшпан мемлекеттер мен террористік топтарға қарсы алдын ала қорғаныс (превентивті) əскери əрекеттерін жүзеге асыруға шақырады;

ə) АҚШ бірде-бір шетел державасының өз ғаламдық əскери күшіне қарсы шығуына жол бермейтіндігі айтылады;

б) көпжақты халықаралық ынтымақтастық жөнінде айтыла отырып, «қажет болған» жағдайда АҚШ ұлттық қауіпсіздік пен ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында «іркілместен бір жақты əрекеттерге көшеді»;

в) демократия мен адам құқығын барлық жерде, ең алдымен мұсылман əлеміне тарату басты мақсат ретінде жарияланады [15].

 

Әдебиеттер

  1. Шаклеина Т. А. Что нужно миру: стратегия войны или стратегия мира?//США-Канада: экономика, политика, культура. – 2006. №1. С.4.
  2. Баталов Э. Я. Мировое развитие и мировой порядок. Анализ современных американских концепций. М.,
  3. Huntington The Lonely Superpower//Foreign Affairs. 1999. March-April. P.39.
  4. Гаджиев К. Демократическое и имперское начала во внешнеполитической стратегии США// Мировая экономика и международные отношения, 2007, №8. С.41.
  5. http: mnweekly.ru/article_06/7685_html
  6. Стратегия национальной безопасности США: новая эра//Внешняя политика США, электронная версия журнала госдепартамента США на рус.яз.Т.7№4;//htpp:www.usinfo.state.gov/journals/itps/1202/ijpr/ijprhtm.
  7. Торкунов А. В. Внешнеполитическая стратегия США после холодной войны. М., 2000. С.165.
  8. Американский глобальный пирог или что стоит за стратегией мирового лидерства США//htpp:www. net/smi/show.html?id=75795.
  9. Манто М. Г. Доктрина Буша: происхождение, развитие, альтернативы//htpp: www. ru/articles.php? list=78id=103&p
  10. Еще раз о внешней политике Президента Буша-младшего//htpp: www. ru/pic/article/25.doc.
  11. Американский глобальный пирог или что стоит за стратегией мирового лидерства США//htpp:www.liga. net/smi/show.html?id=75795.
  12. Терентьев А. «Новый мировой порядок» США или Европейское мироустройство?//Мировая экономика и международные отношения, 2003. №7. С.32.
  13. htpp: www. gov Major Speeches.
  14. Бэйлс К. Международная безопасность после Ирака// Мировая экономика и международные отношения, 2005,№ 10. С.71.
  15. Гаджиев К. Демократическое и имперское начала во внешнеполитической стратегии США// Мировая экономика и международные отношения, 2007. №8. С.41.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.