Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандану дүниежүзілік дамудың шынайы үрдісі ретінде

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір  салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың қай жолымен жүруі керектігі – дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жүргендерінің бірі. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын көп тұстарында шеттетті. 1980 жылдардың соңында «жаһандану» сөзі ғылыми лексикада əлі кездеспеген. Мəселен, америкалық социолог П. Робертсон (Р. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) жұмысының атауында қолданады. Дегенмен экология мен технологиялық пəндер аясында жаһандану жөнінде 1960 жылдары басқа терминдермен ертерек айтыла бастаған [1].

Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар қолда- нылады: постиндустриалды дəуір, ақпараттық революция ғасыры, техножаһандану жəне т.б. Олардың бəрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.

Жаһандану мəніне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бір зерттеулерде оның экономикалық аспектілеріне көңіл бөлінсе, басқаларында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, үшінші- лерінде жалпы стандарттарды дамытуға назар аударылады. Соңғы айтылған, ең алдымен, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік өмір жəне т.б. ұйымдастыруға қатысты.

«Жаһандану» сөзі жалпыəлемдік мағынасында ұғылмаған. Семантикалық тұрғыдан, ол «жерді қамтуды» немесе, дəлірек айтқанда, «жерді бағындыруды» білдіреді. Əрине, бұл үйлесімді тіркесім емес, бұл жаңа тіркестің авторы оған агрессивті реңк берген. Ал сөз қандай да басқа болмыстық ақиқаттан бөлек нəрсе болғандықтан, ол жалғандықты қабылдамай, қалай болғанда да, шындықты білдіреді. Сондықтан «Тіл адамға өз ойларын жасыру үшін беріледі» деген Талейран формуласы əділетсіз əрі лас болып табылады, ол өзінің пайда болуы кезінде-ақ беделден жұрдай болған, себебі автор өз анасынан басқаның бəрін сатып жіберген адам болады, оның анасын сатпағандығының себебі де оған сатып алушы табылмағандықтан болған [2].

Бəрі де кəдімгі қалпында, яғни қалыпты, ұғынылған түрде болуы тиіс. Дүниежүзілік қауымдас- тық үйлесімділікке жетудің жолдарын, жаһанданумен тудырылған мəселелердің дұрыс шешімдерін табуы тиіс. Негізі, ол табиғи жолмен жүрген жағдайда мəселе тудырмаған болар еді. Үрдіс қалыпты түрде дамып келді. Ақпарат аясындағы жаһандану толықтай аяқталды, жер бетінде телефон, радио, тіпті интернет орнатылмаған нүкте  жоқ десе де болады. Ақпараттың жаһандануы əкелген игілік еш құпия, əсіресе саяси құпия қалмады, ал бұл адамзаттың бір-біріне үлкен сеніммен қарай бастағанды- ғын, сенімсіздіктің азайғандығын білдіреді. Бұл жəне жаһандану - қоса алғанда, ұлы жетістік [3].

Жаһандану дүниежүзілік дамудың заманауи сатысының орталық бағыты бола отыра, интегра- циялық үрдістермен немесе интеграциямен ілесе жүреді.

Жаһандануға қатысты қарастыру тəсілдерінің бірі оны адамдардың қарқынды өзара əрекеттесуі жүзеге асырылып жатқан кеңістікті тарихи тұрғыдан үздіксіз кеңейтуді болжайтыны кездейсоқ емес. Дегенмен интеграция жаһандану үрдісінің неғұрлым маңызды бөлігі бола тұра, əйтсе де тек бөлігі болып табылады. Интеграция жөнінде айта келе, ең алдымен, оның мемлекеттік қатысушылардың жақындасуын меңзейтіндігін есте сақтау қажет. Мемлекеттік емес акторлар, əдетте интеграциялық үрдістерді зерттеу барысында қарастырылмайды немесе зерттеушілер назарының артқы шебінде қалып жатады. Бұл  тұрғыда қандай да бір елдің жаһанданулық емес, интеграциялық үрдістерге енуі жөніндегі ойлар неғұрлым дəл болады, себебі шартты түрде алғанда, мемлекет толықтай мемлекетаралық келісімдерге қол қою негізінде интеграцияланады. Ал жаһандану, біріншіден, мұндай келісімдерді тұспалдамайды, екіншіден, бір мемлекеттің түрлі аймақтары үшін əрқилы өтуі мүмкін [4].

Мемлекетаралық ықпалдасу тəжірибесі баяғыдан бері қалыптасқан. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана кең ауқымда ықпалдасу тұрақты нысанға ие бола бастады. Бұл, ең алдымен, ықпалдасуды қарқындатумен, оның аяларының кеңеюімен жəне нағыз интеграциялық үрдістердің дамуымен байланысты, аталған үрдістер мемлекетаралық құрылымдар мен институттарды құруды талап етті. Сондықтан интеграцияны сипаттайтын тағы бір маңызды сəт ретінде жай ықпалдасу емес, мемлекетаралық өзара əрекеттесу механизмдерін құру, басқаша айтқанда ықпалдасуды институт- тандыруды атауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда интеграция, біріншіден, шешім қабылдаудың мемлекетаралық механизмдерін қалыптастыруды болжайтын үкіметаралық ұйымдардың дамуымен өте тығыз байланысты болады. Бірлескен институттар арқылы интеграциялық үрдістер жүзеге асырылады. Екіншіден, интеграция екі көзқарас тұрғысынан: мемлекеттердің өзара əрекеттесуінің үрдісі жəне нəтижесі ретінде  қарастырылады [5].

Мемлекеттерді интеграцияға ынталандыратын не нəрсе? Ең алдымен – ортақ мəселелердің болуы, оларды бірлесе күш салып шешу оңайға соғады, ал кей жағдайларда тек осындай жолмен шешу мүмкін болады. ХХ ғасырдың аяғы - ХХІ ғасырдың басында əлемнің дамуы халықаралық байланыстардың, əлемнің, əсіресе экономикалық салада өзара байланыстылығының күшеюіне əкелді, бұл интеграциялық үрдістерге жəне түрлі үкіметаралық ұйымдарды құруға септігін тигізеді. Осы өзара тəуелділікпен жаһандық мəселелердің өсуі тығыз байланысты болады, оларды шешу үшін де түрлі мемлекеттердің өзара келісілген əрекеттері қажет.

Интеграциялық үрдістерге ынталандыратын тағы бір себеп ретінде «орташа» жəне «шағын» мемлекеттердің өзінің халықаралық ықпалын арттырудағы мүдделілігі болып табылады. Бұл мемле- кеттер үшін халықаралық үрдістерге бірлесе ықпал ету - жалғыз болып ықпал етуден анағұрлым жеңілдеу [6].

Ал интеграциялық үрдістердің өздері оңайдан-оңай өтпейді. Бір мемлекеттердің ұлттық мүдделері басқа елдердің, бірлестіктердің, аймақтардың мүдделеріне қайшы келіп жатады. Бұған қоса интеграцияға қатысушылар, əдетте экономикалық жəне əлеуметтік дамудың əртүрлі сатыларында болады. Сондықтан интеграциядан түсетін екіжақты пайдасына қарамастан, біреулердің қандай да  бір салаға қосқан үлесі басқалардікіне қарағанда үлкенірек болып жатады. Интеграциялаушы елдердің ішіндегі түрлі топтардың мүдделерінің біркелкі еместігінің де мəні зор. Біреулер интегра- циядан көбірек дəрежеде пайда табады, сол себепті оған мүдделі болады, ал халықтың немесе топтардың басқа бір қабаттары ұтылып қалып жатады. Соңғылары интеграциялық үрдістерге қарсы шығып, үкіметтік құрылымдарға қысым көрсетеді [7].

Аймақтық интеграциялық үрдістерді дамыту үшін келесі жағдайлар қажет: географиялық жақындық, тұрақты экономикалық даму, саяси жүйелердің ұқсастығы, қоғамдық пікірмен интегра- цияны қолдау, мəдениет аясындағы салыстырмалы біртектілік, тарихи жəне əлеуметтік дамудың ұқсастығы, басқару мен экономикалық жүйелердің салыстырмалы нысандары, əскери дамуы мен экономикалық қорлардың жақын деңгейі, ортақ сыртқы қауіптерді бірдей қабылдау, мемлекеттік аппараттың салыстырмалы құрылымы, ықпалдасу тəжірибесінің болуы.

Дүниежүзілік қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы болып жатқан терең өзгерістер мен əлеуметтік-саяси жүйелердің трансформациялар бір тарихи кезеңнің аяқталуы мен бүгінгі əлемнің өз дамуының сапалы жаңа фазасына яақ басуы жөнінде айтуға негіз береді. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі өзгерістер үрдісі экономика саласымен қатар, саяси, əлеуметтік жəне рухани аяларды да терең қозғағандығында қамтылған. Аталған үрдістің неғұрлым көрнекі көрінісі əрі көрсеткіші болып жаһандану табылады. Ресейлік саясатшы К.С. Гаджиевтің пікірі бойынша, неғұрлым жалпы түріндегі жаһандану деп əлеуметтік байланыстар мен институттардың кеңістік пен уақыт аралығында, бір жағынан, адамдардың күнделікті əрекеттеріне жер шарының басқа бөліктерінде болып жатқан оқиғалардың күннен-күнге артатындай етіп, ал екінші жағынан, жергілікті қауымдар əрекеттерінің маңызды жаһандық салдары болатындай етіп кеңеюі мен тереңдеуі ұғылады [8].

Жаһандану көптеген экономикалық, саяси, əлеуметтік, мəдени жəне басқа да қатынастар мен байланыстардың дүниежүзілік сипатқа ие болуын алдын ала қарастырады. Сонымен бірге ол өзара əрекеттесу деңгейлерінің жеке мемлекеттер шегінде де, мемлекеттер арасында да өсуін болжайды.

ХХ ғасырдың қарсаңында дүниежүзілік дамудың ажырамас сипаты ретінде экономиканың жаһандануы орын алды [9].

Қазіргі дүниежүзілік даму құбылысы ретіндегі экономиканың жаһандану феномені тегіс қамти алатын сипатқа ие. Бүгінде экономикалық ғылым өзінің басты назарын бес бағытқа шоғырландырған: қаржылық жаһандану, көпұлтты корпорациялардың (КҰК) қалыптасуы, экономиканың аймақтан- дырылуы, дүниежүзілік сауданың интенсификациялануы, конвергенцияға бағыт ұстау. Гоеграфтар жаһанданудың екі феноменін бөліп көрсетеді: біріншіден, «глокализацияны», ол орталықтандыруды жергілікті экономикалық мүдделермен үйлестіре алатын бақылау мен басқару жүйелерін құру  ретінде ұғылады; екіншіден, «экономикалық архипелагтарды», атап айтқанда, аса ірі қала-мегаполис- терді құру. Социологтар түрлі елдер мен аймақтардағы тұратын адамдардың өмір салтының жақындасуының, əмбебаптануының жəне мəдениеттің гибридтануының фактілерін зерттеуді артық санайды. Сонымен қатар тарихи, техникалық, философиялық ғылымдардың өкілдері өздеріне жақын жаһандану мəселелерін талқылайды [10].

Жаһандану – бір мезгілде мемлекетаралық жəне трансұлтшылдық нысандарда дами алатын екіжақты үрдіс. Оны иеленушілердің көптілігі де осы тұстан: мемлекеттер, олардың коалициялары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар. Актерлердің көп болғандығына қарамастан, олардың арасындағы өзара əрекеттесу еркін бəсекелестік ережелері бойынша өту үшін қажетті санындай болмайды. Ол одан гөрі олигополистік сипатқа ие болады.

Халықаралық қатынастар жөніндегі ғылым басты назарын əлемнің Шығыс-Батыс немесе Солтүстік-Оңтүстік биополярлы құрылымы ретінде қабылданған кездегі қырғи қабақ соғыс кезеңінің аяқталуына, транснационализацияландыруды жеделдетуге жəне елдердің өзара тəуелділігін арттыруға, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың көмегімен халықаралық тəртіпті орнатуға аударады. Социологтар мəдениеттің əмбебаптануының ықпалымен түрлі елдер мен аймақтарда тұратын адамдардың жақындасуы жөнінде дəлел келтіретін фактілерді мұқият бақылайды [11].

Технологиялық ғылымдардың өкілдері техножаһандануды немесе кейбір елдерде пайда болып келе жатқан технологиялар мен жаңа технологияларды техникалық білімдердің бірыңғай кешеніне біріктіруді, байланыс, көлік, өндіріс салаларындағы «технологиялық макрожүйелердің» пайда болуын, телекоммуникация революциясының салдарын, Ғаламторды ойлап табу мен барлық адамдарды бірыңғай «ғаламшарлық деревня» (ағылш. global villege) елдер мен халықтар арасындағы өзара қатынастардың барлық кешенін реттейтін «дүниежүзілік үкіметтің» (ағылш. global government) немесе Жер бетінде тұратын барлық адамдардың əмбебап қауымдастығының тұрғындарына айнал- дыруды талқылайды, соңғы аталған термин 1962 жылы канадалық М.Мак-Луанмен ұсынылған. Басқаша айтқанда, қандай да бір дүниежүзілік конфедерацияны қалыптастыру болжамданған [12].

Париж саяси зерттеулер институтының профессоры Б.Бадидің көрсетуі бойынша, жаһандану феноменіне бірыңғай анықтама берілмейтіндігіне байланысты, ол бұл ұғымның, халықаралық қатынастар жөніндегі ғылымның көзқарасы тұрғысынан маңызды болып саналатын үш  өлшемін бөліп көрсеткісі келген: 1) жаһандану – бұл көптеген жүзжылдықтар аралығында дамып келе жатқан тарихи үрдіс; 2) жаһандану дүниежүзінің гомогенденуін, ортақ ұстанымдар бойынша өмір сүруді, ортақ құндылықтарға берілгендікті, тəлім-тəрбиенің ортақ дəстүрлері мен нормаларына жүгінуді, барлығын əмбебаптандыруға ұмтылысты білдіреді; 3) жаһандану – бұл өсіп келе жатқан өзара тəуелділікті мойындау, оның басты салдары ретінде жалпығаламшарлық оқиғалардың жаңа қатысушылары бірдей негізде тек өзара ғана емес, сондай-ақ халықаралық қатынастардың дəстүрлі түрде əрекет етуші тұлғалары болып табылатын мемлекеттердің өздерімен өзара əрекеттесуші жаһандық фирмалар, діни топтар, трансұлтшылдық басқарушы құрылымдар (желілер) əрекеттерінің ықпалымен ұлттық мемлекеттік егемендікті бұзу, жою болып табылады [13].

Қаржылық жаһандану маңызды, жаһандану жөніндегі пікірталастардағы тіпті орталық орынды алады. Жаһандық қаржылық нарықтарды дұрыс бағалаудың пайдасына келесі аргументтер дауыс береді: əрбір кəсіпкер үшін өзін валюта курстары мен пайыздық мөлшерлемелердің күтпеген жəне күрт өзгерулерінің тəуекелінен қорғай алу мүмкіндігі, мұнай қаржылық шок немесе екі Германияның бірігуі тəрізді күтпеген жерден пайда болған оқиғаларға жылдам бейімделу, сондай-ақ экономикалық тəлім-тəрбиенің қандай да бір тəртібін кепілдеу. Жаһандық өлшемдегі нарық қатынастарының басымдылығы жағдайында мемлекеттер неғұрлым тиімді экономикалық стратегияны жүзеге асыруға мəжбүр [14].

Қытайдың дүниежүзілік нарықтардағы атқаратын рөлінің шапшаң артуы жөніндегі ақпараттарды келтіретін (1980 жылдан 1996 жылдар аралығында Қытай экспорты сегіз есе – 18 миллиардтан 151 млрд долларға дейін артқан) француз зерттеушісі Ф. Лемуанның басты ойы елдің «дүниежүзілік сауданы жылжытушылардың» біріне айналуы тек ішкі себептерден ғана болып қоймай, сондай-ақ шетел капиталдары мен Қытай саудасының «бөліп таратқыш платформасы» болып табылатын Гонконгтың арқасында жүзеге асқандығында қамтылған. Гонконг арқылы шетел салымдары мен Қытайдың сыртқы саудалық айналымы өтеді. Əлемдегі жаһанданушылық бағыттардың болмауы жағдайында, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да жаңа индустриалды елдері сияқты экономикалық дамудағы алға бағытталған соншалықты күшті талпыныстарының орын алуы екіталай болар еді [15].

Жаһандану жалпы дүниежүзілік сахнаға халықаралық қатынастардың, кем дегенде, жеті жаңа субъектісін шығарды, олардың шешімдері мен əрекеттері бүгінде дүниежүзілік үрдістерге  ықпал етеді. Бұл халықаралық ұйымдар (МВФ, Дүниежүзілік банк, ЮНЕСКО, ФАО, МОТ, ВТО, «Үлкен жетілік», оның қатарына Ресей қосылғаннан кейін ол «сегіздікке» айналған), аймақтық ұйымдар (олардың саны, жалпы алғанда, шамамен 60), көпұлтты корпорациялар (шамамен 60 мың), институ- ционалдық инвесторлар (зейнетақы жəне инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары), үкіметтік емес ұйымдар («жасылдар», «дəрігерлер еш шектеусіз» қозғалысы жəне т.б.), ірі қалалар (Лондон, Нью-Йорк, Токио, Франкфурт, Париж), индивидтер (ғылыми қызметкерлер, университет профессорлары, əртістер, Дж.Сорос, Б.Гейтс сияқты жеке тұлғалар). Олардың ішінде осындай қарастыруға жататын төрт субъектіні атауға болады: АҚШ басты жаһандық «актер» ретінде, МНК, қалалар мен индивидтер.

Сарапшылардың пікірі бойынша, ХХІ ғасыр жаңа орасан зор трансұлттық институттар мен ұйымдар құру айдарымен өтеді. Жаһандану дүниежүзілік экономика дамуының негізгі бағытына айналады, себебі еңбекті бөлу өзінің тиімділігін дəлелдеп отыр.

Дүниежүзілік экономиканы жаһандандыру бойынша 1998 жылы өткізілген жыл сайынғы Монреал конференциясының бірінде Канаданың Жаңа демократиялық партиясының басшысы  Алекса Макдонау, өзінің пікірі бойынша, əлемге төнген қауіптің қайта қалыптасуы жөнінде былай деп көрсетеді: «Бүгінде коммунизмнің құлдырауынан кейін он жыл өткен кезде, индустриалды экономикалардың нақты жетістігі ретінде қауіпсіздікті тек капиталға арнап қамтамасыз ету болып табылды. Біздің алдымызда миллиондаған адамдарды біле тұра еңбек ету мүмкіндігінен айыратын саясаты бар жүгенделмеген капитализм ғасырымыздың басым экономикалық парадигмасына айналып отырған жағдай қалыптасып отыр. Жаһанданудың тек табыс табуға ғана мақсатталғандығы өзін-өзі бұзу факторы болып табылады. Оның бүгінгі үлгісі айқын сорақы əділетсіздікпен сипатталады, ол саяси құндылықтарды да, қоғамдағы əлеуметтік тепе-теңдікті де бұзады» [16].

Бавар  институтының  профессоры  Норман  Бертольд  жаһандану  үрдісіне неғұрлым тереңірек «Азияның қарқынды дамып келе жатқан елдері» мен «Шығыс Еуропаның бұрынғы коммунистік мемлекеттері» тартылып келе жатқандығын көрсетеді. Ол дүниежүзілік экономиканың жаңа қатысушылары «біліктілігі онша жоғары емес жұмыс күшін қолдану арқылы өндірілетін көпшілік тұтынатын өндірістік тауарларды өндірудегі салыстырмалы артықшылықтарға ие болып отырғандығын айтады. Бұдан басқа, Батыс жарты шарының дəстүрлі өндірістік мемлекеттерінің күшті жақтары ең жаңа өнімді ұсына алу қабілетінде қамтылады, мұндай өнімді өндіру үшін, жоғарыбілікті жұмыс қолдары қажет. Сəйкесінше, осы аталған екі фактордың болуы – мына жақта жай еңбек, ана жақта – аса жоғары біліктіліктің адами капиталы – дүниежүзілік нарықтағы бұрынғы жəне жаңа ойыншылары арасындағы сауда ағындарының қозғалысын белгілейді» [17].

БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннанның пікірі бойынша, көптеген дүниежүзілік көшбасшылар мен қаржы мамандары түрлі елдердің экономикалық өзара тəуелділіктерінің өсуінің саяси салдарын жеткілікті дəрежеде бағалай алмаған. Енді соның ақысын қайтару қажет. «Жаһандану шынайы болмысты бейнелейтін құбылыс ретінде емес, жыртқыш капитализмнің идеологиясы ретінде көрініс табады: миллиондаған адамдар жапа шегуде, жиналған ақшалай қорлар жойылған, ондаған жылдар бойына қымбат бағаның құнымен қол жеткізілген кедейлікпен күресудегі ілгерілеуге үлкен қауіп төніуде», - деп көрсетеді ол [18].

Өзінің пікірлерінің қаталдығымен танымал болған Малайзияның премьер-министрі М. Мохамад жаһандануды жарты ғасыр бұрын бостандық алған аймақтардың реколонизациялану нысаны деп те көрсетеді. Оның айтуынша, кедей халықтарда бұл зұлымдықпен күресудің тіс пен тырнақтан басқа құралдары жоқ. Дегенмен жаһанданудың олар үшін нені білдіретіндігін түсінген кезде, олар өзіндік «партизандық соғысты» бастайды. Сөйтіп, əлемнің поляризациясы жөнінде əбден байсалды авторлар да айтып жататыны байқалады [19].

Қазақстан Республикасының Басшылығы жаһандануды «тежеп немесе тоқтатып қоюға мүмкін емес уақыт талабы» ретінде қарастыра келе, халықаралық қауымдастықтың назарын қалыптасқан жаһандық мəселелерді тек түгелдей дүниежүзілік қауымдастықтың күшімен ғана шешуге болатындығына үнемі аудартып отырады [20].

2000 жылдың қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-ші сессиясы шеңберінде өткі- зілген бүгінгі тарихтағы 188 мемлекет пен дүние жүзінің үкіметтері басшыларының ең ірі форумы болып табылатын Мыңжылдық саммитінде сөз сөйлеу барысында, Президент Н.Ə. Назарбаев жаңа əлемдік тəртіптің пішінін жасайтын жаһанданудың көбіне дүниежүзілік қауымдастықтың айқын байқалатын теңсіздігімен шартталған көптеген жағымсыз салдарға ие болуы мүмкіндігіне назар аударды. Сол себепті қазақстандық көшбасшы БҰҰ-ны «шартты айтқанда, барлық жағдайы нашар елдердің мүдделерін барынша ескеретін жаһандану үлгісін» жасауға шақырды.

Президент Н.Ə.Назарбаевтың пікірі бойынша, жаһанданудың мүмкін болатын жағымсыз салдарын алдын ала болжап, дер кезінде жою үшін, жаһанданудың дүниежүзінің барлық – бай, дамып келе жатқан, кедей мемлекеттері үшін мүмкін болатын салдарын зерттеу қажет. Сонымен бірге қазақстандық басшы егер жаһанданудың жетістіктері мен жемістерімен бұрынғыдай жоғары дамыған мемлекеттердің шағын ғана тобы – адамзаттың 20%-ы пайдалана алатын болса, онда бұл жағдай міндетті түрде наразылық танытуға, қайшылықтар мен əлеуметтік катаклизмдердің пайда болуына алып келеді [21].

Саясаттың жаһандануы халықаралық қатынастардағы ұлттық мемлекеттердің орны мен рөлінің өзгеруіне əкелді. Орталықтан таралатын аймақтану жəне жаһандану үрдістері мен бағыттары бөлек мемлекеттердің де, сондай-ақ түгел халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функцияларына əсер етеді. Бірнеше онжылдық бұрын ғана саясат (ішкі жəне сыртқы) ұлттық мемлекеттің функциясы ретінде қарастырылып келді. Халықаралық қатынастар аясында бөлек қарастырылатын мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін жүзеге асыру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп отырды. Əрбір мемлекет (оның əрекет етуінің жалғыз немесе біреулермен коалицияда болғанына қарамастан) өзінің қорғанысы мен қауіпсіздігі мəселелерін өз бетімен шешіп отырды. Осыған орай мысал ретінде Ұлыбританияны алуға болады, ол ХІХ ғасыр бойына өзінің «керемет оқшаулану» саясатын мақтан тұтып  келді  жəне  АҚШ  ол  екінші  дүниежүзілік  соғысқа  тақағанға  дейін   басқа  мемлекеттермен «міндеттелетін одақтарды» мойындамай келген [22].

Ал жалпы алғанда, жаһандану үрдістерін басқару мəселесі неғұрлым кең ауқымда заманауи халықаралық қатынастар мен дүниежүзілік саяси үрдістерді реттеу деп қарастырылады. Бұл жерде, бір жағынан, түрлі акторлардың бағыт-бағдары жөнінде сұрақ, ал басқа жағынан, жұмыс жасайтын ұлтүсті институттар мен басқару механизмдерін құру жөнінде сұрақ туындайды.

Жаһандану үрдісі жөнінде айта келе, көптеген зерттеулер мен жоғарыда аталған реалияларға, сондай-ақ дүние жүзіндегі нақты қалыптасқан жағдайға қарап жасайтын бір нəтиже – жаһандану үрдісінің орын алуы шарасыз нəрсе. Бұл жердегі мəселе тек кіші елдердің, халықтардың; біздің ғаламшарымыздың ұлттық, діни, мəдени азшылықтары Шығыс елдеріне бағытталған аса күшті батыс экспансиясы жағдайында, жаһандану үрдісіне қаншалықты тартыла алатындығында болып отыр. Бұл жерде баса айтып кететін бір жайт, кіші халықтар үшін жаһандану үрдісі тым үлкен қауіп төндіреді.

«Кіші елдер» деп аталатын жағдайларда олардың жаһандану үрдістерінің ықпалына тым бағынышты болып, дүниежүзілік дамуда енжарлық танытуы барысында толықтай жаһандану үрдісінің жағымсыз салдарын басынан кешуі мүмкін.

Батыс құндылықтарының күшті экспансиясы «үшінші əлем» деп аталатын елдердің халықтары- ның, мəдениеттерінің, тілдерінің жəне сол сияқты құндылықтардың құлдырауына əкелуі мүмкін. Осындай ауқымды үрдіске қарсы тұру үшін «үшінші əлем» елдеріне өздерінің барлық «саяси амбицияларын» алып тастап, ең алдымен, экономикалық мақсаттарда интеграциялануы қажет. Себебі тек халықтың ахуалы жақсарған жағдайда ғана, қандай да бір халық-ұлт мемлекеттің бірлігі жөнінде, оның соңғы ғасырлар аралығында нақты себептерге байланысты қоршаған үрдістерге қарсы тұруы жөнінде айтуға болады.

Жалпы бір тұжырымға келсек, ғаламшардың əрбір тұрғынының ахуалын арттыру үшін халықаралық қатынастардың акторлары осындай жағдайда əлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері жасағандай, өздерінің ұлттық мүдделерін қорғай отыра, жаһандану үрдісіне неғұрлым белсенді құралдармен интеграциялануы тиіс.

 

Әдебиеттер

  1. Лебедева М.М. Мировая политика. - М., 2003. – С.99.
  2. Рахматуллаев Н.  Глобализация эгоизма  и гнева:  интеллектуальный взгляд // da, diyalog avrasya. – 2003. -   №4.  –С.11-13.
  3. Рахматуллаев Н. Глобализация эгоизма и гнева: интеллектуальный взгляд // da, diyalog avrasya. – - №4. –С.15.
  4. Цит. Лебедева М.М. Мировая политика. – 2003. –С.
  5. Сол жерде.
  6. Сол жерде. – 123 б.
  7. Сол жерде. – 127 б.
  8. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. – М., 2002. – С.89.
  9. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы, – С.8.
  10. Кузнецов В.И. Что такое глобализация? // Мировая экономика и международные отношения. – - №2. –С.13-14.
  11. Кузнецов В.И. Что такое глобализация? // Мировая экономика и международные отношения. – - №2. – С.15.
  12. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы, – С.9.
  13. Сол жерде. – 10 б.
  14. Сол жерде.
  15. Сол жерде.
  16. 1998 жылдың 15 қыркүйегінде өткізілген Дүниежүзілік экономиканы жаһандандыру жөніндегі жыл сайынғы Монреал конференциясында жасалған мəлімдемеден // Сол жерде. – 16 б.
  17. Сол жерде. – 17 б. 18 . Сол жерде. – 19 б.
  18. Сол жерде.
  19. Политика и интересы мировых держав в Казахстане. – Алматы: Международный фонд им. Ф.Эберта, –С.141.
  20. Президент Н.Назарбаевтың   2000   жылдың   24   қыркүйегінде   БҰҰ   Бас   Ассамблеясының   55-ші сессиясы Мыңжылдық саммитінде сөйлеген сөзінен // Сол жерде.
  21. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы, – С.30. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.