Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандану жағдайындағы мемлекетаралық ықпалдасудың тағлымдық негізі жəне жаһандану үрдісінің түркия мен орталық азия елдері үшін мəні

ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы əлемдік дамуда орын алған түбегейлі өзгерістер ғылыми зерттеушілер үшін де, сондай-ақ саясаткерлер алдына да халықаралық қатынастардың сипаттары мен заңдылықтары бойынша мəселелерді барлық қырынан қойды десе болады. Жаңа саяси даму қарқыны жаңа тəуелсіз мемлекеттердің құрылуымен қоса, ғаламдық өзаратəуелділіктің ұлғая түсу төңірегінде ұлтараздық қақтығыстар мен керағар ағымның күшеюін де, халықаралық лаңкестіктің қатерлі шегіне шығуын да, ең соңында бұрыннан қалыптасқан халықаралық қауіпсіздік құрылымында да жаңа қатерлер орын алды. Халықаралық қатынастардың қалыптасып қалған жүйесінің, сонымен  бірге соған негізделген əлемдік тəртіптің де ыдырай бастауы ғалымдарға, сарапшылар мен мемлекет қайраткерлеріне көптеген күрделі мəселелерді туғызды.

Бір-бірімен өзара тығыз байланысқан жəне өзаратəуелді дүние халықаралық қатынастардағы субъектілердің саяси, əлеуметтік-экономикалық жүйесінің даму деңгейіне қарамастан, бірінші  кезекте мемлекетаралық келісушілік пен өзара қарым-қатынас, ынтымақтастық мəселесін шешу қажеттігін ұсынуда. Өзаратəуелді дүниеде саяси, əлеуметтік-экономикалық, мəдени қатынастар тек осы саладағы үрдіс негізінде ғана маңызды емес, сондай-ақ оның бейбітшілік пен қауіпсіздік ісінде де мəні аса зор. Өйткені адамзаттың тұйықталған жəне оқшауланған саяси-экономикалық жəне мəдени күйден біртұтас адамзат қауымдастығына қарай бет бұруы тарихи дамудың жан-жақты қажетті үрдісі болып табылады.

Демек, қоғам ішінде кең етек алған саяси-экономикадағы, техникадағы, қарым-қатынас құралдарындағы, ғылым мен білім берудегі интеграциялық үрдістер оны тұтас бір үйлесімге айналдырып, нығайта түсуде. Өркениеттің өрлеуі, ғылыми-техникалық саланың дамуы адамзаттың тіршілік ету мүмкіндігін жеңілдете түсті. Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу үрдісінде адамзатқа деген ізгілікті қамқорлық басым мəнге ие болып, əлем  өзаралық жүйелі интеграция үрдісі шеңберінде дамуда. Əлемнің əр аймағында саяси, əскери, экономикалық саладағы интеграциялық бірлестіктерінің құрылуы да бүгінгі күннің заңды құбылысына айналды. Дегенмен бүгінгі күні жалпы шеңбері айқындала түскен жаһандық интеграция үрдісі оп-оңай қалыптаса қалған жоқ.  Алдымен  жаһандану ұғымын да нақтылы айқындап алған дұрыс.

Қазіргі əлемдік ғылым мен саясаттағы кең көлемдегі саяси əуестіктің  шашыраңқылығынан ортақ мойындалынған жаһандану анықтамасы жоқ, дегенмен бүгінгі күнге айқындалған тұжырымдамалық сипаттамасы бойынша жаһандану осы үрдістегі барлық елдер-қатысушылардың ұдайы өндірісінде сыртқы факторлар (экономика, əлеуметтік жəне мəдени) рөлінің ұлғая түсуі, ұлттық кедергілерсіз бірыңғай əлемдік нарықтың (нарықтардың) қалыптасуы жəне барлық елдер үшін бірыңғай заңнамалық жағдайдың құрылуы.

Демке, жаһандасу – бұл əртүрлі қоғамның əлемдік ауқымдағы өзара əрекеті мен өзара үйлесуінің объективті интеграциялық үрдісі. Адамзаттың барлық тарихи даму сатысында əртүрлі этностар, ұлттар, халықтардың интеграциялық үрдісі жүріп келді. Əлемде интеграция ағымы əрқашан да болды. Бұл ағым этникалық, ұлттық, мемлекеттік шеңберде көрініс тапты. Тарихи қозғалыстың тəжірибесінде əлем көпқырлы болғанымен біркелкі, бірлік күші мен əрекетіне ие деген ой қалыптасты. Интеграция саясатын ынтымақтастықтың дамуымен, мемлекеттің егеменділігінің сақталуымен, мемлекеттің ішкі ісіне араласпау қағидасын ұстанумен, ұлттық ерекшеліктері мен дəстүрлерін құрметтеумен, мəдени алмасумен, əлемдік құрылымның көпжақтылығымен байланыстырамыз.

Жаһанданудың əділ даму үрдісі жағдайында əлемдік экономика мен мəдениеттің біркелкілігіне апаратын ағымдар əрекет етеді. Субъектілердің қызметтерін ортақ қағидаларға бағындыратын ғаламдық экономикалық желісі ғана қалыптасып қоймай, сонымен бірге жалпы əлемдік мəдениетті кеңейте түсетін тиісті социомəдени бейімделуде жүзеге асады. Мұндай жағдайда мəдениет алмасуының жəне өркениетті бағыттар арасындағы өзара қатынастарды берік орнататын тетіктерін құрудың жағымды мүмкіндіктері мен болашағын айқындау мəселесі маңызды мəнге ие болады. Жаһанданудың объективті үрдісімен қатар ХХ ғасырдың 70-жылдары тек теорияда ғана емес, сонымен бірге идеологияда, саясатта, экономикалық тəжірибеде үстем бола бастаған неолибералды жаһандану теориясы да қызу даму үстінде болды.

Неолибералды жаһандану – мемлекеттің əлеуметтік, мəдениеттік, өркениеттілік пен табиғи ерекшеліктерін ескере қоймай, нарықтық тетіктер мен бəсекелестік еркіндіктерін, ғылыми-техникалық өрлеудің нəтижелерін толыққанды пайдаланудағы адамзаттың саяси, өндірістік жəне мəдени өмірінің жаһандық интеграциясының жеделдетілген нұсқасы. Жеке тұлғалық еркіндіктерді кеңейту, шаруашылық өмірге мемлекеттің араласуын шектеу жəне нарыққа бейімделу неолибералды жаһанданудың басты талаптары болып табылады. Жекешелендіруге, сауда мен бағаны еркіне қоюға, салықтық саясаттың қатаңдығына, кəсіпкерлік қызметті қайта реттеуге, мемлекеттің қаржылық қызметін барынша қысқартуға ерекше мəн беріледі.

Бүгінгі əлемдік, аймақтық деңгейде неолибералды жаһанданудың мемлекетаралық қатынастарға, жалпы мемлекеттердің даму үрдісіне қалай əсер ете алуы мүмкін деген мəселе туындайды. Өмірдің даму үрдісінде белгілі болғандай неолибералды жаһандануды негізгі жүзеге асырушылар дамыған Батыс елдері мен неолибералды жаһанданудың институциялық-құқықтық орталығына айналған олардың бақылауындағы Дүниежүзілік валюта қоры (ДВҚ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Бүкілəлемдік банк (ББ) сияқты жетекші халықаралық экономикалық ұйымдар. Бұл тұжырымды дəйектеуде белгілі экономист М. Кастельстің сөзімен айтқанда, үкіметтерге тікелей жасалынған саяси қысым арқылы немесе Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Бүкілəлемдік банк (ББ), яки Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) қызметінің негізінде ұлттық экономикаларға олардың өзіндік ерекшеліктерін ескерусіз   қалдырып,   «құрылымдық   бейімделудің»   қатаң   шарттарын   міндеттеді. М. Кастельс:

«Жаһандық экономиканың қалыптасуындағы басты орындаушылар үкіметтер, əсіресе үлкен жетілік үкіметтері жəне олардың халықаралық институттары...», деп жазды [1].

Əсіресе бұл үрдістер тəуелсіз ел ретінде халықаралық қатынастар жүйесіне жаңадан қосылған Орталық Азия елдерінің тəжірибесінде айқын көрініс тапты. Аймақ елдері аталған жетекші ұйымдарға мүше болу үшін ұлттық əлеуметтік-экономикалық шектеуліктерге негізделген бірқатар талапміндеттерді орындауға амалсыз көнген болатын. Соның нəтижесінде аймақ елдерінің қарапайым халқының əлеуметтік еркіндіктері біршама қысқартылғанын білеміз.

Дамыған елдердің басқа елдерге жасаған мұндай қысымының негізгі  мəні  жаһандануға жалпыға бірдей сипат беру, сонымен бірге оның серпілісін жеделдетуде қандай да бір елдің жағдайына байланысты болмайтындай, экономиканың даму қарқыны мен халықаралық еңбек бөлісінің əділ даму қарқынынан асып түсуі керек. Бұл өз бəсекелестерінен қуаты жағынан да, өндірісті ұйымдастырумен де, қаржылық қолдауға ие болуымен де басым түсетін дамыған елдердің ірі корпорацияларына жаңа нарықтарды игеруде еш қиындық туғызбады.

Яғни, неолибералды жаһандануды белсенді түрде жүзеге асырушылар қатарында трансұлттық корпорациялар алғы шепте болды. Трансұлттық корпорациялардың зор экономикалық əлеуеті мен ұтқырлығы ұлттық мемлекеттердің тиімділігіне нұқсан келтіре отырып, биліктің жаңа орталықтарын құру мүмкіндігіне, ғаламдық деңгейде нарықтық қатынас ережелерін қалыптастыруға  ие болуда.  Сонымен қоса жаһандану үрдісі ұлғайған сайын үкіметтердің сыртқы əлем талаптарына еру міндеттіліктері де арта түсуде, яғни ешкімге бағынышты болмаған жаһанданудың тарихи объективті үрдісі енді институцианалды ресімделінген жəне саналы бағытталған неолибералды жаһандану үрдісіне айналды.

Неолибералды жаһандану бүгінгі күштеу арқылы жүзеге асуында экономикалық интеграцияның табиғи даму үрдісін бұзды, дəстүрлі əлемдік тəртіптің барлық қағидатты негізіне нұқсан келтірді. Шын мəнінде жаһанданудың негізгі жемісін қуатты елдер көруде. Жаһандану игілігінің əділ үлестірілмеуі аймақтық, ұлттық жəне мемлекетаралық деңгейдегі қақтығыс қатерлерін туғызады.

Кезінде БҰҰ Бас хатшысы К. Аннан: «Жаһандану тағдырдың сыйы емес, қайта өздерінің тұрмыстық игілігін немесе үйреншікті өмір қалпынын шырқын бұзған күйзелту күші екендігін миллиондаған жəне миллиондаған азаматтар өз бастарынан өткізіп көздері жетуде», деген болатын [2].

Халықаралық қайта құру жəне даму банкі (ХҚДБ) жаһандануды «көпқырлы халықаралық тауар айналымының ұлғаюы жəне көлемінің өсуі, қызмет көрсету мен капиталдың халықаралық ағымы, сонымен бірге технологиялардың əлдеқайда жылдам жəне кең көлемде таралуының салдары ретінде əлем елдерінің экономикалық өзаратəуелділігінің күшейюі» деп сипаттайды [3].

Жаһандануды жақтаушылар оны адамзат қоғамы өмірінің барлық жақтарын қамтитын кең көлемдегі, көп жоспарлы үрдіс деп қарастырады. Біріншіден, олардың ойынша жаһандану экономиканың өзіндік дамуынан шығады. Екіншіден, тауардың, капитал мен ақпараттың еркін айналымына түрткі болып, жаһандану «адамзаттың тұрмыс халінің дамуы үшін ең жақсы жағдай» жасайды [4].

Үшіншіден, жаһандану бірыңғай əлемдік əлеуметтік-экономикалық құрылыстың қалыптасуына, іс жүзінде бірнұсқалы дамуға жетуге мүмкіндік туғызады.

Төртіншіден, «мəдениеттің халықаралық таралуы, маңыздылығы жағынан жоқ дегенде экономикалық үрдістен кем емес» [5].

Жаһандану үрдісі үш өзара байланысты құрамдас бөліктен тұрады: жаңа халықаралық еңбек бөлісі, халықаралық өндіріс жəне саяси қатынастар.

Жаһанданудың құрамдас бөлігі болып табылатын саяси факторларға, ең алдымен, социалистік жүйенің жəне Кеңестер Одағының күйреуін, соның нəтижесінде ондаған елдердегі социалистік бағыттағы саяси тəртіптерді өз-өздерінің жоюын жатқызуға болады. Социализмнің құлауы, біріншіден, бұл бағыттың «тұйыққа тірелетіндігін» айқындады, соған орай капитализм əлемдік дамудың бірден-бір нұсқасына айналды. Екіншіден, ол біртекті нарықтық қатынастар мен жеке меншіктің пайда болуы ықтимал экономикалық кеңістіктің кеңеюімен қатар жүрді. Басқаша айтқанда, бұрынғы социалистік жəне социалистік бағыттағы елдерге таралуы арқылы жаһанданудың экстенсивті (сандық жағынан ұлғаюы) түрде кеңеюі мүмкін болды.

Халықаралық саяси жүйенің батысшылдық үрдісі де байқалады: əлемдік жүйенің даму сипатын айқындаудың негізгі тұтқасы Батысқа қарасты. Неолибералды жаһандану саясаты бірбағытты əлемді құру тұжырымдамасымен, жүйелі өркениетті құру, «үлкен сегіздік» елдерін бір орталықтан басқарумен ұқсастырылады. Неолибералды жаһандану ХХІ ғасырдағы əлемдік геосаяси кеңістікті экономикалық жəне саяси тұрғыдан қайта бөлісу күресінің айнасы іспеттес болуда.

Жаһандану үрдісі барысында дамыған елдердің басқа əлемге жұмыла қарсы тұруы байқалуда. Іс жүзінде жаһанданудың жүзеге асуына бірқатар əрекеттер түрткі болды. Солардың бірі екі түрде жүзеге асқан либерализациялау. Бір жағынан, көптеген халықаралық шарттар негізінде кедендік тарифтерді төмендету, тарифсіз кедергіледі жою, экспорт пен импортты ресімдеу əрекеттерін қысқарту жөнінде келісімге келу. Екінші жағынан, сыртқы экономикалық байланыстарға қатысты ішкі заңнамада бірмезетте өзгерістер жүргізілді. Жаһанданудың келесі əрекеті мемлекеттік, кооперативтік, ұжымдық жəне басқа да нысанды меншіктерді жеке қолға беру ретіндегі жекешелендіру болды.

Жаһандану əлеуметтік салада да бірқатар мемлекеттерде көптеген мəселелер туғызуда. Сонымен бірге атап өтетін жағдай, ол жаһанданудың экономикаға қатысты емес салада да өзіндік салдарын байқауға болады. Сондай салалардың бірі – қауіпсіздік мəселесі, яғни жаһандану үрдісі қақтығыстардың шығуына себепші болуы мүмкін. Басқа сала – жергіліктіліктен ірі көлемге артуға қабілетті саяси дағдарыстар.  Үшінші  сала ретінде экология  мен  денсаулық мəселелерін  атап  өтуге болады. Жалпы жаһандану халықтың өмір сүру əлеміне, діліне, əлеуметтік мінез-құлқына өзіндік деңгейде орасан зор ықпал етері айқын. Жаһандану үрдісі жағдайында  адамдардың  құнды бағдарлары мен мəнділігі де өзгеріске түсері, хақ. Жеке тұлғаның əлеуметтік-құлықтық қасиетінің жəне оның қоғаммен қатынасының өзгеріске түсуі, əрине түбінде адамзаттың тарихи дамуында өзіндік із қалдырады. Ғылыми-техникалық өркениеттің өзекті құбылысы ретінде жаһандық ақпараттық қоғамның қарқынды қалыптасу үрдісі мəдениеттің жекелік құрамдас бөліктерінің ескерусіз қалуына əкелері айқын. Сонымен бірге жаһанданудың қазіргі сəтінде қоғамдық үрдістің басқарылуының күрт төмендеуі байқалады. Аз ғана топ мемлекеттердің мүдделеріне қарай пайдалануға қарсы тұру мақсатында жаһандану үрдісіне əлдеқайда нəтижелі түрде араласа алуына мүмкіндік беретін қоғамдық дамудың институттары мен басқару жүйесін жетілдіру қажет.

Неолибералды жаһандану қуатты ұстаным мен бəсекеге төзімді елдер мен халықаралық корпорациялар үшін өте жайлы. Тек тым дамыған елдер ғана оның жемісін көру мүмкіндігіне ие десе болады. Негізінен, америкалық экономика жаһандануда, соның негізінде басқа нарыққа ену нəтижесінде басым пайдаға кенелуде. Ал бəсекелестікте əлсіреген елдер мен өнеркəсіптер үшін қолайсыз болуда.

Қазіргі əлемдік нарық – бұл еркін бəсекелестік заңдарының недəуір өзгерістерге тап болған жүйесі. Трансұлттық корпорациялар, ең алдымен алдыңғы қатарлы жəне бəсекеге қабілетті қор мен күш-қуатты (жоғары технологиялар; білікті жұмысшы күші, «ноу-хау», жоғары технологиялар патенті) жеке-дара иемдену құқына ие болуда. Сонымен бірге мұның қатарына ғылыми-техникалық өрлеу мен білім беру саласы да кіреді. Неолибералды экономикалық жағдайда нарықты жалпыға бірдей жаһандандыру жергілікті жəне аймақтық нарықты, ұлттық үкімет тарапынан қорғаусыз  қалған, трансұлттық корпорациялармен бəсекелесуге ешқандай да мүмкіндігі жоқ ұсақ жəне орта кəсіпорындарды күйзеліске ұшыратуда. Нəтижесінде көптеген аймақта жыл сайын өсіп жатқан жаппай жұмыссыздық, еңбек ету жағдайының күрт төмендеуі, жұмыс істеу аптасының ұзаруы мен еңбек ақының төмендеуі байқалады.

Жаһандану жағдайында мемлекет аралық көші-қон кең етек алуда. Заңды жəне заңсыз көші-қон үрдісінің ұлғая түсуіне «аймақтық қақтығыстар» жəне ішкі саяси тұрақсыздық та əсер етуде. Сонымен бірге заңды-заңсыз көші-қон əлемнің көптеген мемлекеттерінің бұрынғы моноұлттық негізінің əлсіреуіне əкеледі. Осындай жағдайда қазіргі көпұлтты қоғамға ұлттық мемлекеттер құрылған қағидалардан бас тартпай үйлестіруші мемлекет пен қоғамның өзегін таба қою əлдеқайда қиынға соғады.

Этникалық араздық пен жікшілдік əлемнің көптеген елдері үшін ортақ мəселе болуы ықтимал. Дегенмен тарихи түптамырлығы бір Түркия мен Орталық Азия елдері үшін жаһанданудың мұндай жағымсыз жағы тым айқын бола қоймас. Өйткені əлемдегі осындай жаһандану үрдісінде бірлесе отырып даму Түркия Республикасы мен Орталық Азия елдері үшін де өте зор мəнге ие екендігі сөзсіз.

Түркі əлемінің ішінде Түркия мемлекеті жаһандану үрдісіне кең көлемде араласып кеткен мемлекеттердің бірі екендігі ақиқат. Бұл ел еуропалық интеграция басталғанда-ақ сол өзара үйлесудің ортасында болуға ұмтылған алғашқы мемлекеттер қатарында болды.

Тіпті ХХ ғасырдың 50-жылдарының басында-ақ Түркия батыстық НАТО сияқты əскери-саяси топқа мүше болып, жақын араласқан, бұл да үйлесу үрдісі жедел қарқынмен дамыған батыспен  жақын болғандығының айғағы. Жаһандану үрдісі көптеген дамыған елдерге жаңа аймақтарды  игеруге түрткі болды. Өйткені жаңа тыныс алу кеңістігі қажет еді. Сол жағынан алғанда да Түркия еліне түбі бір тарихи тамырлас орталықазиялық елдермен ынтымақтастықты нығайтуды тарихтың өзі белгілегендей.

Екінші жағынан, Орталық Азия елдері үшін де өзіне бауырлас елдің жаһандану үрдісіне бір қадам жақындығы болашақ əлемдік шеңбердегі дамуда зор тəжірибе алуға мүмкіндік берері айқын.

Қазіргі уақытта əлемді бөліске салу байқалады, ұзақ мерзімге бағытталған күштердің құрылымы мен орналасуы айқындалуда жəне əр мемлекет, елдердің аймақтық тобы, ірі корпорациялар мүмкіндігінше тиімді де ықпалды өңірге ие болуға талпынуда. Құрама Штаттар мен Батыстың дамыған елдері жаһандану үрдісі жағдайында геоэкономикалық əсер ету тəсілдерін белсенді түрде пайдалануда. Егеменді елдерге əскери əрекетсіз экономикалық тұрғыдан осылай ықпал ету жоғары геоэкономикалық технологияларды пайдаланудың нəтижесінде жүзеге асуда. Геоэкономикалық əсер ету əрекеттерін жүзеге асыру барысында көбінесе экономикамен үйлесіп кеткен əскери-саяси жайттарды қолдану байқалады. Мұндай тəсілдерді пайдалану жаһандану үрдісінің жағымсыз жақтарын үдете түсуде. Сондықтан да жаһандану үрдісінің жағымсыз жақтарына қарсы тұра алу үшін де өңір елдерінің үйлесімді əрекеті елдердің өмірлік қажеттілігінен туындайды. Сол ретте əлемдік жаһандану үрдісі Түркия мен Орталық Азия елдерін де тығыз ынтымақтастықты негізге алу қажеттілігіне итермелейді.

Аймақ аралық өзара қарым-қатынастар үйлесімді де тиімді болудағы басты қағидалар түркі əлемі елдерінің даму деңгейіне қарай жіктемей, теңқұқылық пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту басты геостратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады.

Түркі əлемінің қазіргі жəне болашақ ұрпағының мүддесіне сай қоршаған ортаны қорғауға, шынайы жəне жан-жақты ақпаратқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге жəне адамзат даму мүмкіндігін арттыруға негізделетін жаңа, əділетті өркениетті құруға бағытталған неолибералды жаһанданудың демократиялық баламасына бар назарды аудару қажет. Өзара қатынаста бақталастық пен жаулыққа жол бермей, аймақаралық ынтымақтастық пен өзаракөмек Түркия мен Орталық Азия елдерінің басым бағыттары болуға тиіс.

Яғни, Түркия мен Орталық Азия елдері əлемдік жаһандану үрдісіндегі қайшылықтарға тап болмауы үшін адамзаттың дамуына қызмет ететін өркениет жетістіктерін – техникалық өрлеуді, ғылымды, оның əлеуметтік жəне рухани ізгіліктілік құндылықтарымен тоғысатын тəсілдерін тауып сақтай алатын жоғары деңгейдегі ынтымақтастыққа ұмтылуы қажет.

Осыған орай экономиканы жаһандандыру тек қиыншылықтарды ғана тудырып қоймай, сонымен бірге жалпыəлемдік мəселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдаймен де қамтамасыз етеді. Бұл, ең алдымен, соңғы онжылдықтарда қалыптасқан əлемнің барлық елдерін бір тұтастыққа топтастырған байланыс жəне ақпараттық жүйе. Жаңа-жаңа мемлекеттерді халықаралық Интернет торабына қосып ғаламшардың əртүрлі бөлігіндегі ауа райын көптеген жыл бұрын алдын ала жорамалдай отырып қоршаған орта мен табиғи қорды қорғаудың болмаған мүмкіндіктерін ашуда. Жаһандану үрдісінің арқасында ғылыми ойлардың кең көлемдегі халықаралық алмасуы мен əртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандары өте күрделі де тəжірибе жүзінде аз зерттелген білім саласында, оның ішінде экология, Жердің биожəне ноосфера бойынша, демографияның экономикамен, этнографиямен, əлеуметтанумен, тарихпен, құқықпен, халықаралық қатынастармен өзара əрекеттестігін айқындау жөніндегі бірлескен зерттеулерді жүзеге асырудың теңдесі жоқ мүмкіндіктері туды. Барлығы үшін ортақ жетістіктерге жету бағытында мемлекеттердің ұлттық үкіметтік мекемелері мен бейүкіметтік жəне басқа да құрылымдар арасында байланыстарды дамыту мен интеграция үшін жаңа қолайлы жағдайлар пайда болды.

Қазіргі заманның жаһандық мəселелерін, жаһандану үрдісінің саясаты мен маңыздылығын, шығу себептері мен мəнін, əлеуметтік тұғырнамасын, негізгі бағыты мен даму болашағын, жаһандану үрдісінің Түркия мен Орталық Азия елдері үшін мəнін ғылыми тұрғыдан зерделеудің нəтижесінде бірқатар қорытындыға келуге болады:

  1. ХХ жəне ХХІ ғасырдың тоғысында заманның жаһандық мəселелері – негізгі əлеуметтік қауымдар арасындағы өзарақатынастар, қоғам мен табиғат арасындағы, əлеуметтік-мəдени жəне ізгіліктілік қатарындағы мəселелердің қарама-қайшылығын ұлғайтпау мақсатында мемлекет тарапынан алдын алу əрекеттерін қажет етеді.
  2. Əлем əртүрлі күштердің, саяси, экономикалық жəне мəдени тəртіп факторларының өзара əрекеттестігінен, əсіресе адамзаттың дүниетанымдық қондырғылары мен құндылық бағдарының күрт өзгеріске түсуі мен ығысуынан туындаған айқынсыздық пен тұрақсыздық кезеңіне аяқ басуда.
  3. Неолибералды жаһандану үрдісінің адамзат өмірінің барлық саласына іс жүзіндегі жағымды жəне жағымсыз əсері: саясатта «қырғи-қабақ» соғысы аяқталғанымен, екі бағытты жаулық күйі күйрегенімен бір бағытты əлем үстемдігінің қалыптасу мүмкіндігі; экономикада – нарықтық негізге бейімделінген неолиберализм; əлеуметтік салада – дəстүрлі қоғамдық қатынастарды əлеуметтікақпараттық технологиялардың ығыстыра бастауы; мəдениетте жалпы мəдениет пен батысшылдану етек алуда; адамның ішкі дүниесінде – қоғамдық жəне жеке тұлғалық сананың ақпараттық жүйеленуі, ақпараттық үстемділік белгілері.
  4. Əлем елдерінің даму деңгейіне қарай жіктемейтін, теңқұқылық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа, адамзаттың қазіргі жəне болашақ ұрпағының мүддесіне сай қоршаған ортаны қорғауға, шынайы жəне жан-жақты ақпаратқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге жəне адамзат даму мүмкіндігін арттыруға негізделетін жаңа, əділетті өркениетті құруға бағытталған неолибералды жаһанданудың демократиялық баламасын алға тарту, яғни бақталастық пен жаулыққа емес, жаһандық деңгейдегі ынтымақтастық пен өзаракөмек əлем елдерінің басым бағыттары болуға тиіс.

Сонымен, қазіргі əлем өте күрделі, қарама-қайшылықты, тұрақсыз десе болады. Адамзаттың өмір сүру жанталасымен бетпе-бет келді. Заманның ғаламдық мəселелері қандай болмасын əлеуметтік-саяси құрылымға немесе мəдени кеңістікке қарамастан барлық типтегі қоғамға тəн. Алға өрлеу мүддесі үшін бүгінгі өркениеттің барлық əлеуметтік түйіні əр тұлғаның құқы мен еркіндігі болатын сындарлы үйлесімге келуі қажет. Əлемдік өркениеттің қол жеткізген даму деңгейі бұған дейін болғаннан да жоғары басқару деңгейін талап етеді. Өйткені ол басқыншылық саясат пен үстемдікті тежеудің, халықаралық қатынастарды реттеудің қуатты құралы ретінде қарастырылады.

 

Әдебиеттер

  1. Кастельс М. Экономические стратегии. 2000. № 5. – C.55.
  2. Аннан К. «Известия», 22 августа
  3. World Economic Outlook, 1997, p.
  4. Human Development Report. 1997, New York, p. 82.
  5. World Commission on Culture and Development, Paris, 1995, p.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.