Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара мүдделерінің тоғысуы хақында

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы геосаяси жəне геостратегиялық қарым-қатынастар тең құқықты, достық қатынастар негізінде қалыптасуда. Іс жүзінде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық елдерге, оның ішінде Қазақстанға да Ресей басты əріптестердің бірі болып қала береді. Ресей – бұрынғы кеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің ішіндегі аумақты жəне қуатты державаның бірі. Сондықтан да Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда Ресейдің де үлесі едəуір салмақты. Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін жариялаған жылдардан бастап өзінің сыртқы саяси стратегиясында Ресей Федерациясымен қарым- қатынастарды басымды бағыт деп жариялады.

Ресей Федерациясы Қазақстанмен барлық салаларда, атап айтқанда, саяси, экономикалық, əскери-техникалық жəне гуманитарлық салаларда өзара əрекеттестікті белсенді жүргізуге мүдделі болып отыр.

Екіжақты қарым-қатынастарда мəдениет саласындағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басым бағыттардың бірі. Екі ел де бірыңғай мəдени, білім беру жəне ақпараттық кеңістік қалыптастыруды мақсат етеді. Халықтар арасындағы көп ғасырлық рухани байланыстарын сақтауды, олардың жаңа демократиялық бастамада жан-жақты дамуын, ынтымақтастықтың өте икемді жəне нəтижелі жақтарын іздеуде Ресей өз кезегінде орыс тілінің тарихи қалыптасқан тұғырын сақтауды жəне нығайтуды көздеп отыр.

Əлемдік қауымдастықтың қазіргі кездегі дамуы білім беру саласы рөлінің өсуімен сипатталады, ол оның жағдайына едəуір ықпал етеді жəне барлық адамзаттық өркениет сияқты жекелеген мемлекеттер мен халықтардың экономикалық жəне əлеуметтік өрлеуінің негізін анықтайды. Қоғамның қауіпсіздігі, іс жүзінде оның барлық салалар мен бағыттарда дамуының жетістіктері мен нəтижелері көп жағдайда қоғам мүшелерінің білімділік деңгейіне байланысты тəуелді болады. Мұндай тəуелділік ғылыми-техникалық ілгерілеу барысында арта түседі.

Соңғы жылдары білім беру саласында интернационализация мен кірігуге қатысты тұрақты ойлар қалыптаса бастады, яғни ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктері мен ерекшеліктерін сақтай отырып, ортақ еуразиялық білім беру кеңістігін құру үшін алғышарттар қалыптасты. Ал дамыған мемлекеттер болса, осы əлемдік білім беру жүйесінде жетекшілік рөл үшін бəсекелестік күрестерді күшейтуде. Бұл дегеніміз қазіргі қоғамдағы болып жатқан халықаралық оқиғаларға олардың ықпал етуінің өте тиімді құралдарының бірі болмақ. Сондықтан да Ресей Федерациясы да əлемдегі білім беру қауымдастығында лайықты орын алу үшін өзінің білім беру саласындағы иеленіп отырған бар күш-құралдарын əлі де болса дамытуды көздеп отыр.

Шет мемлекеттер үшін, оның ішінде ТМД-ға мүше-мемлекеттер үшін ұлттық  мамандар  даярлау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты – Ресей Федерациясының геосаяси жəне əлеуметтік-экономикалық мүддесін жүзеге асыру жəне де білім беру саласын дамыту үрдісіне толық құқықты жəне толық жарамды, құнды ел рөлін атқаруды көздеуде, сонымен бірге жоғары деңгейдегі даярлықты қамтамасыз ете отырып əлемдік білім жəне еңбекпен қамтамасыз ету нарығында ресейлік білім беру мекемелері түлектерінің бəсекеге төтеп бере алу жақтарын ойластыруда.

Сонымен қатар Ресей білім беру, ғылым жəне технология салаларында Достастық мемлекет- терімен қатынастарды дамыту барысында осы жылы 2006-2010 жылдар аралығында білім беру саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығының дамуы бойынша мемлекетаралық бағдарламаның əзірленуіне ерекше көңіл бөлген болатын [1].

Сол себепті де Ресей бүгінгі күні ТМД елдеріндегі мəдениет саласына өзінің қатысуын күшейту мақсатында отандастармен қарым-қатынастарды жақсартуға жəне дамытуға мүдделі. Сондықтан да біздің елдер жəне халықтар бір-бірі үшін маңызды, олардың жоғары деңгейдегі серіктестігі жəне ынтымақтастығы қазақстандықтар мен ресейліктердің мүддесіне сəйкес келеді, өйткені ол бұрынғыдай демократиялық институттардың сəтті дамуының негізі, екі мемлекеттің реформалары мен нарықтық өзгерістерінің кепілі болып табылады. Қазақстан мен Ресей өркениет саласында бір- біріне жақын жəне халықаралық сахнада екі ел де ортақ мүдделерді көздейді.

Бірақ та қазіргі таңда жаһандану жағдайында қандай да бір мəдениеттің, атап айтқанда, батыс немесе ислам мəдениетінің басым болып кетуі мүмкін деген ойлар да жоқ емес. Əрине, бұл пікірлерге қосылуға болмайды, өйткені мəдениет саласындағы жаһандану бұл көпшіліктің бір ауыздан қолдауы мен бірлікте болуы нəтижесінде жүзеге асады. Бүкіл адамзат баласына ортақ құндылықтардың бар екендігін жəне олардың бүгінгі күнге дейін жетіп отырғандығын білеміз. Сондықтан да əр халық өз мəдениетінің ерекшеліктерін əрі қарай дамыта отырып, өз мəдениетінің маңызын сақтауы тиіс. Өркениеттер мен мəдениеттердің кіндігі болып отырған қазақ елі осының үлгісі деп басып айтуға болады.

Ресей Федерациясы Достастықтың білім беру орталығының көшбасшысы ретіндегі рөлін нығайтуға, Ресейдің білім беру мекемелерінде оқу үшін ТМД елдерінің студенттеріне мемлекеттік стипендия беру тəжірибесін дамытуға, Достастық мемлекеттерінде ресейлік - ұлттық (славяндық) университеттердің қызметіне көмек көрсету саласына ерекше көңіл бөлуге тырысуда.

ТМД елдерінде Ресейдің мəдениет өрісіндегі қатысуын нығайтудағы маңызды жұмыс - отандастардың өзара қарым-қатынастары. ТМД елдерінің мемлекеттік органдары жағынан Ресей азаматтары мен отандастарының құқықтарына қатысты осы елдерге байланысты Ресей саясатын қалыптастыру қазіргі кездегі Ресейдің ең маңызды мүдделерінің бірі болып табылады.

Ресей Федерациясының өзінде Қазақстандағы этникалық орыстардың құқықтарының қорғалуы қатаң бақылануда, өйткені ТМД елдерінде орыс халқының жағдайы мен құқықтарын қорғау РФ саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы бағыттағы саясаттың реттелуі мен оның заңмен бекітілуіне   тоқталатын   болсақ,   бұл   бағытта  Ресей   Федерациясы   бастапқыдан   бері келісімдік-құқықтық база құра бастады. Оның негізін 1994 жылы жасалған “ҚР мен РФ арасындағы мəдениет, ғылым жəне білім саласындағы ынтымақтастық” жөніндегі келісім салып отыр. Кейін шетелде тұратын этникалық орыстардың мүдделері мен құқықтарының қорғалуына бағытталған РФ мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы мен стратегиясы зерттеліп шығарылды. Қазақстандағы этникалық орыстардың мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз ету саласында Ресейдің мемлекеттік саясатының жоғары деңгейде жүзеге асырылып отырғандығына ерекше тоқталған жөн. Бұл мəселе мемлекет басшысы, үкімет  басшысы  деңгейлерінде  əртүрлі  құжаттармен  реттеледі.  Атап  айтсақ,  1991  жылы  31 тамыздағы “Шетелде тұратын отандастарға қатысты Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары” жөніндегі РФ Үкіметінің қаулысы, 1995 жылы 8 желтоқсандағы “Ресейлік диаспораны қолдау жəне ресейлік отандастарға қорғаушылық көрсету” туралы РФ Мемлекеттік Думасының Декларациясы жəне 2001 жылы РФ Президентімен бекітілген шетелдегі отандастарды қорғау туралы РФ саясатының мемлекеттік тұжырымдамасы.

Бұдан басқа да қазіргі таңда РФ Мемлекеттік Думасының күн тəртібіне ТМД елдерінен шыққандар үшін РФ көші-қон саясатын толық өзгертуге бағытталған бірқатар заң жобалары қарастырылуда.

Осы кезде кейбір шетел бұқаралық ақпарат құралдарында, əсіресе тоқсаныншы жылдардың басында ресейлік жəне шетел басылымдарында жиі-жиі Қазақстандағы этникалық орыстардың жағ- дайын ешбір негізсіз қаралаған мақалалар басылып шықты. Қазақстандық билікті біздің республика- мыздағы этникалық орыстарға қатысты жікшілдік саясат үшін сынайтын басылымдарды, əсіресе интернет желісіндегі сыни материалдарды бүгінде кездестіруге болады. Алайда, əдеттегідей, 90- жылдардың басында орын алған этникалық орыстардың көшуінің себептерін айтпай, Қазақстаннан көптеп кетуіне екпін жасалды. Кейбір ресейлік саясаткерлер өз мақсатына пайдалану үшін Қазақ- стандағы этникалық орыстардың жағдайы деген мəселені жиі-жиі көтеріп отырды. Қазақстандағы жəне ТМД елдеріндегі этникалық орыстардың жəне толығымен орыс тілді халықтың жағдайы жөніндегі пікірталастар В.Жириновский, К.Затулин, В.Лукин, Д.Рогозин жəне басқа да  бірқатар  Ресей саясаткерлерінің саяси мансапқа жетуінде шешуші рөл атқарып шықты. Олар РФ ресми өкілдерінің көзқарасына мəн бермей, қазір салыстырмалы түрде Латвия мен Эстониядағы орыстар- дың жағдайымен салыстыруға болмайтындығын мойындады.

Жалпы алғанда, этникалық орыстардың жағдайы республикада тұратын басқа ұлттық азшылыққа қарағанда едəуір жақсы жақпен ерекшеленеді. Этникалық орыстардың əлеуметтік жағдайының жақсаруына əсер ететін маңызды жайттардың бірі – бұл Қазақстанда орыс тілінің өзіндік берік ұстанымын сақтап қалуы, коммуникацияның басты құралы бола отырып, ұлтаралық жəне халықаралық қатынастың тілі ретінде қалуды жалғастыруда. Мемлекеттің бүкіл саяси жəне іскер элитасы бүгінгі күнге дейін əлі толығымен орыс тілінде сөйлеуде, БАҚ-тың едəуір бөлігі орыс тілінде шығады жəне іс- қағаздарының негізгі көлемі де орыс тілінде жүргізілуде. Орыс тілінде, яғни ұлтаралық қатынас тілінде, сонымен қатар республика халқының едəуір бөлігі сөйлейтін орыс тілінің ресми мəртебесін ескерсек, этникалық орыстар болашақта қазақстандық қоғамда азаматтық пара-парлықты құруда маңызды рөл атқара алады. Орыс ұйымдары мен қозғалыстарының басшылары орыс мəдени орталығының төрағасы В.Лукашев жəне “Светоч” қоғамдастығының директоры В.Лобанов Қазақстандағы  этникалық орыстардың азаматтық пара-парлығы туралы: “Біз орыспыз жəне болашақта өзімізді басқа болып бірлесуге себепті көріп тұрған жоқпыз. Ең біріншіден, біз өзіміздің Отанымыздың, яғни Қазақстанның азаматтарымыз. Иə, бүгінгі күнде əрбір адам өзінің ата-бабасының отанына кетуге бостандығы бар  (Ресей, Германия, Израиль, т.б.), дегенмен біз осында дүниеге келдік, осында тұрып, жұмыс істегіміз келеді, жəне біздің ойымыз қайда қалай кету емес, керісінше күшпен немесе өз бетімен осыдан ешкім кетпеуі үшін біздің Отанымыз қандай болу керек деген мəселе болып табылады”, - деді [2].

Жаһанданудың дамуы, ортақ экономикалық интеграция жəне тығыз саяси қарым-қатынастар, мəдениет пен өркениеттің қазіргі кезде жақындасуы барлық салалардағы əрі қарай қарым- қатынастардың үйлесуіне жəне динамикалық дамуына бағытталады. Бұл біздің мемлекеттеріміз елеулі түрде өзгеріске түсіп  жатқан дүниеде лайықты өз орнын табуға итермелеуде.

Жаһандану экономикалық үрдіспен бірге мəдени үрдіс те болып табылады. Бір жағынан, əр түрлі халықтар мəдениеттерінің танысуы мен жақындасуы болса, екінші жағынан, бір мəдениеттің басқа  мəдениеттерге билік жүргізуіне жол бермеу.

КСРО ыдырағаннан кейін жаңа ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан да əлемдік қауымдастыққа кіруде халықаралық құқықтың жеке субъектісі ретінде ұлттық мүдде бағытында өзін көрсетуге тырысуда. Қазақстан əлемдік қауымдастыққа кіріп, енді оның алдына сыртқы саясат, экономика, қоғамдық жəне əлеуметтік  қатынастар салаларындағы ұлттық мүдделерді анықтау мəселелері тұрды.

Мұның арасында аймақтық қауіпсіздікті қалыптастыру, аймақтық кірігудің болашағын нығайту, əлемдік ғылыми қауымдастыққа кіру үшін ортақ білім кеңістігін қалыптастыру мəселелері де бар.

Қазіргі кезеңдегі маңызды міндеттердің бірі – кірігудің басымдықтары мен қағидаларын қарастыру үшін өзгеріп тұрған саяси жағдайда тұрақтылық үрдісін қалыптастыру. Бұл жердегі маңызды мəселе ұлттық мүдделер мен кірігу үрдісінің сəйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады.

Аймақтық кірігу дамушы елдер үшін əлемдік жаһандану салдарының жағымсыз жақтарына қарсы шығуға бастайтын іс жүзіндегі бір мүмкіндік болып табылады.

Ғылым, білім, мəдениет салаларындағы күшті тартылыс та аймақтық кірігуге əсер етеді. Жалпы қауіпсіздік, шекараны қорғау, азаматтық соғысқа жол бермеу сияқты міндеттер Ресейді бұрынғы одақтас республикалармен ынтымақтастықта болуға мəжбүр етуде. Əрине, бұл этникалық топтар арасында қақтығыстар туғызбау үшін, өйткені оған қатысушылар орыс тілді тұрғындар болуы əбден мүмкін ғой, сондықтан бұл мəселе жан-жақты ынтымақтастыққа əкеледі.

Қазақстан мен Ресейдің бір-біріне стратегиялық тəуелділігі тікелей географиялық жақындыққа, тарихи тағдырдың ортақтығына, екі ірі бұрынғы кеңестік мемлекеттер тұрғындарының, мəдениетінің, тілінің, менталитетінің ұқсастығында болып отыр. Сондай-ақ үлкен аралықтағы ортақ шекара, экономика жəне сауда байланыстарының да қарқынды дамуынан байқауға болады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлікті сақтаудағы маңызды факторлардың бірі жалпы жəне ерекше мүдделерді өзара түсіністікпен шешуде Қазақстан мен  Ресей  көшбасшыларының  рухани жəне саяси жақындықтарындағы ерекшелікті ескерген дұрыс.

1990 жылдардың екінші жартысы Қазақстан мен Ресейдің əртүрлі ұйымдар шеңберіндегі белсенді түрдегі ынтымақтастығымен сипатталады. Ресей Қазақстанға қатысты негізгі сыртқы саяси əріптес ретінде өзінің ұстанымын сақтап қалды. Ресей мен Қазақстан Кедендік Одақпен, Еуразиялық экономикалық қауымдастық құруда серіктес болды. Қазіргі кезде ортақ экономикалық кеңістік құруда. Мемлекеттер Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жəне АӨСШК аясында да өзара ынтымақтастықты дамытуда. Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі туралы көп тараптық келіссөздерге қатысады.

ХХІ ғасырда еуразиялық идеясы жаңа мазмұнға толып, өзектілігі артып мықты интеграциялық бірлестік құрудағы негізгі жауапкершілік біздің көзқарасымызша Қазақстан мен Ресейге жатады, екі- жақты тығыз ынтымақтастық еуразиялық интеграцияның  бүкіл түп-тамыры болуы мүмкін.

Өз кезегінде ресейлік бағытта да өзара қарым-қатынастарда осындай бағыт байқалады. Ресей Федерациясының сыртқы саяси концепциясында «ТМД-ға қатысатын мемлекеттермен екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықпен қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық қауіпсіздікті сақтаудағы міндеттеріне сəйкес» басым бағыттар деп аталған [3].

Қазақстан Орталық Азия аймағындағы Ресейге жақын əрі стратегиялық одақтас мемлекет болғандықтан, Кремльдің ОА сыртқы саяси бағдарында  маңызды орындардың бірін алады.

Ресей Федерациясының тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин 1995 жылы 14 ақпанда «РФ ТМД қатысатын мемлекеттерге стратегиялық бағытын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл Қазақстан- Ресей қатынасын жаңа бір сатыға көтерді, құжатта «ТМД дамуы РФ өмірлік маңызы бар мүдделеріне жауап береді, ал ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастар – Ресейдің əлемдік саясат пен экономикалық құрылымдарға кіруіндегі маңызды фактор» деген тезис бекітілген.

Ресей Федерациясы саяси салада Қазақстанмен белсенді өзара əрекеттесуге мүдделі. Қазақстан Президенті 2005 жылғы 17-18 қаңтардағы Ресей Федерациясына сапары барысында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылды. Аталған шарт тəуелсіз Қазақстанның солтүстігіндегі көршісімен қарым-қатынасы тарихында аса маңызды құжат болып табылады.

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының құрлықтағы учаскесінің жалпы ұзындығы, 7591 км.

Бұл əлемдегі үздіксіз құрлықтық шекараның ең ұзағы деп айтуға болады.

Бес жарым жыл ішінде əлемдік тəжірибеде теңдесі жоқ, ұзақтығы ерекше мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыдан рəсімдеу жөнінде бірегей жұмыс жүргізілді. Мұндай жемісті жұмыс Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан сенім білдіру мен одақтастық қатынас нəтижесінде пайда болды [4].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевпен кездесуде Ресей Федерациясының экс-президенті, қазіргі премьер-министр В.В. Путин атап өткеніндей, орасан зор ұзақтығын ескеретін болсақ, шекараны белгілеу сияқты мұндай күрделі мəселені 30-40 жыл шешуге болатын еді. Алайда Қазақстанмен достық жəне айрықша бауырластық қатынасты ескере отырып, əрі бірлескен шекараны делимитациялау туралы Қазақстан Президентінің ұсынысына жауап ретінде Ресей аталған үрдісті жандандыруды қолға алды, мұның өзі осындай жақсы нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

В. Путин РФ мен ҚР арасындағы шекара туралы шарт Мəскеуге де, Астанаға да қолайлы мəміленің нəтижесі болды деп мəлімдеді. Шекара туралы уағдаластыққа қол жеткізу қайсыбір күрделіліктер жасау дегенді білдірмейді. Керісінше, шекара өңірі мəселесінің реттелуі оның екі жағында мекендейтін адамдардың өздерін жайлы сезінуі үшін қажет барлық мəселелердің шешілуін білдіретін болады.

В. Путин шекара туралы мəселені “Ресей-Қазақстан қатынастарының принципті мəселесі” деп атады. Ол Н. Назарбаевпен Алматыдағы соңғы кездесулерінің барысында “шекара жөніндегі бұры- нырақта сарапшылық деңгейде шешудің сəті түспеген барлық мəселелерді шеше алдық” деп атап айтты.

Бұл орайда В. Путин оның Қазақстан Президентімен Мəскеудегі келіссөздерінің қорытынды- лары “шекара туралы шартқа қол қою ғана емес, сонымен бірге көптеген маңызды бағыттар бойынша, атап айтқанда, ғарыштағы жəне басқа салалардағы бірлескен жұмыс бойынша екі елдің ынтымақ- тастығын дамытуда қосымша қадамдар жасалады” деп үміт білдірді.

Н. Назарбаев 2004 жылы аяқталған Қазақстандағы Ресей жылы жəне 2003 жылы өткізілген Ресейдегі Қазақстан жылы екі мемлекетті бұрынғыдан да жақындата түсті, біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы сенімді нығайтты деп мəлімдеді. Шекара туралы мəселенің шешілуі осындай жақындасудың нəтижесі болды да.

Шартқа қол қою арқылы Қазақстан өзінің құрлықтағы шекарасын халықаралық құқықтық тұрғыдан рəсімдеуді іс жүзінде аяқтады, ал бұл Қазақстанның тəуелсіз, егемен мемлекет ретіндегі өміршеңдігін толық қуаттайды. Мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі жұмыстың ең маңызды қорытындысы мынадан көрінеді: біз келешек ұрпақтарға халықаралық құқықтың нормаларымен қорғалған, бейбіт мызғымас шекараны қалдырамыз. Бұл – үлкен жетістік.

Ресей мен Қазақстан өзара қарым-қатынасында маңызды орынды əскери жəне əскери-техника- лық əріптестік алады. Бұл əріптестік 1994 жылы 28 наурызда қол қойылған əскери-техникалық ынтымақтастық келісіміне негізделеді. Бұл құжат екі мемлекеттің барлық сынақ полигоны мен қорғаныс кəсіпорны кешенінде бірлесіп жұмыс істеуді қамтиды.

Екі жақты əскери-техникалық саладағы қарым-қатынастарда маңызды орынды “Байқоңыр” ғарыш айлағының жұмыс істеу мəселесі алады. 1994 жылы 28 наурызда ҚР мен РФ арасында Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану жағдайлары мен негізгі қағидалары туралы базалық келісімге жəне оны 20 жылға Ресейге болашақта мерзімін ұзартуға болатын арендаға беру жөніндегі келісімге қол қойылды. Қол қойылған құжаттарда ғарыш айлағының мəртебесі анықталып, пайдалану қағидалары мен оның керек-жарағы туралы даулы мəселелер шешілген. Қаражат жағынан келісімде жалға төленетін ақы жыл сайын 115 млн доллар болып белгіленді [5].

Қазіргі кезде Ресей ғарыш бағдарламаларының көп бөлігі Байқоңыр ғарыш айлағының инфрақұрылымына негізделген, жақын болашақта оған балама табу мүмкін емес. Осыған орай Ресей басшыларының алдына маңызды, жақын арада шығуы мүмкін мəселе туады, ол сыртқы факторларға тəуелді емес əскери-ғарыштық бағдарлама жасау.

Екі ел арасындағы саяси-экономикалық, əлеуметтік, мəдени байланыстарды нығайтудағы басты мүдде – ол екі ел ынтымақтастығының нығая түсуін қамтамасыз ету. Соның ішінде мəдени фактор да басты орында екендігіне көз жеткізудеміз.

 

Әдебиеттер

  1. Выступление директора Департамента международного сотрудничества в образовании и науке В.В.Ничкова на заседании коллегии 13.04.2005. “О международной деятельности а области образования и науки в 2005 году” // http://www.mon.gov.ru/international/news/1172/.
  2. Лобанов А., Лукашев В. Как нам обустоить нашу общую Родину-Казахстан, оставив розы, тюльпаны и гвоздики на клумбах. Взгляд гражданина. Интернет газета “Новигатор-kz”.  http:// www.mizinov.net.
  3. Сыртқы істер министрлігінің мəліметтері // ҚР СІМ Дипломатиялық жаршысы. – 2000. - №8. - 12 б.
  4. Шекараны шегендеу оның өн бойын қадамдап өлшеп шығудан басталады. Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі М. Атановпен сұхбат // Егемен Қазақстан. – – 28 қаңтар.
  5. Соглашение между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об основных принципах и условиях использования космодрома «Байконур» // Казахстанско-Российские отношения 1991-2000 гг. Сборник документов и материалов. – Москва, 2001. – С.157-160.
Жыл: 2010
Қала: Алматы