Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бұқаралық ақпарат құралдары жəне құқықтық тəрбие

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында»: «Мемлекеттік құқықтық саясатының маңызды буыны қылмыстық саясат болып табылады, оны жетілдіру қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу жəне қылмыстық-атқару құқығын, сондай-ақ құқықты қолдануды кешенді, өзара байланыста түзету арқылы жүзеге асырылады деп көрсетілген [1, 2 б.].

Қылмыстылықтың алдын алу барысындағы құқықтық тəрбиедегі бұқаралық ақпарат құралдарының (əрі қарай – БАҚ) қызметі қоғамның барлық өміріне, оның əрбір мүшесінің əлеуметтік-психологиялық жəне ұнамдылық келбетіне ерекше əсер ететіндігі баршаға аян. Себебі БАҚ каналдары арқылы келетін əрбір жаңа ақпарат адамдардың санасында тиісінше стереотиптелген жəне өзінде бірнеше мəрте қайталанатын құқықтық бағдарлар мен құнды мəліметтер береді. Ал тарих дамуының тоқырау, дағдарыс кезеңдерінде Г. Блумердің айтуынша, «əлеуметтік дүрбелең кезінде адамдар əр нəрсеге сенуге, жаңа стимулдар мен идеяларға илануға дайын тұрады, сондай-ақ үгіт- насихатқа еруге бейім келеді» [2, 173 б.].

Құқықтық мəдениет пен қылмыстық мінез-құлықтың қалыптасуымен байланысты мəселелер БАҚ-та əрдайым көтеріліп келеді. Құқыққа қарама-қайшы іс-əрекеттердің себебі неде? Көптеген жағдайларда неге тəрбиелеушілік-ескертушілік шаралар «қауқарсыз»? Құқықбұзушының рухани əлемі қандай? Қылмыстылықты бақылау үшін қандай тиімді шаралар қолдану керек? Бұл  сұрақтардың барлығы қылмыстық құқық пен криминология ғылымында ертеден қойылып келеді, бірақ бізді қызықтыратын сұрақтың мəні мынада: БАҚ-тың өзі халықтың құқықтық тəрбиесіне, мəдениетіне қалай əсер етеді?

Ең алдымен атап өтетін нəрсе, қоғамның құқықтық тəрбиесі, мəдениеті басқа белгілермен қатар құқық қорғау қызметі саласындағы құқықтық ақпарат жүйесі мен жаппай коммуникациямен де сипатталады. Бұл жүйе каналдары арқылы қоғамға заңдық ақпараттар «жеткізілетін» БАҚ-тан тұрады.

Бұл кешенді жүйені келесілер құрайды: нормашығарушы мемлекеттік органдардың ресми басылымдары; жалпы басылымдар, оның ішінде газет-журналдар периодикасы, заңдық ақпараттар- дың теле-, радиокөздері, заң құжаттары туралы ақпараттарды, оларды пайдалану, қолдану тəжірибесі туралы мəліметтерді  сақтайтын  арнайы  компьютерлердің  мəліметтер  базасы  жəне  т.б.  ғалым  К.В.  Денисенконың  ойынша,  жан-жақты  жəне  халыққа  қол  жетімді  құқықтық  мəдениет  өнімін «жеткізу құралдарының» болуы, əсіресе ресми мемлекеттік инстанциялардан шығарылатын, бұл жүйені қолданудың ыңғайлылығы мен шапшаңдығы əрі азаматтарға бұл саланың «құпия тұстарының» болмауы, яғни ақпараттардың «ашықтығы», тұнықтығы мен мөлдірлігі қоғамның жоғарғы құқықтық мəдениетінің нышандары.

Қазіргі қалыптасқан шынайы криминалдық ахуалға төтеп бере алатын қылмыстылыққа əлеуметтік-құқықтық бақылаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мемлекеттік органдар мен құқық қорғау аппаратынан сыртқа шығатын ақпараттардың шынайылығы мен қол жетімділігінің деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз етуді, жұмыс жасаудың нысандары мен тəсілдерін, ұйымдастыруды жақсарту  мақсатында  бүкіл  ақпараттық  жүйені  қолдануды  талап  етеді. Олардың  қызметіндегі жариялылықты кезең-кезеңімен дамыту, азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен қоғамдастықтың БАҚ-пен іскерлік байланыстарын дамыту мен тереңдету ерекше маңызға ие болады.

Алайда қазіргі уақытта ішкі істер органдарында бұл жұмыс толығымен қолға алына қойған жоқ. Жекелеген жерлерде құқық қорғау органдары өзінің адам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға байланысты, құқықтық нигилизмді жоюдағы, заңға сый-құрметпен қараудағы көзқарасты, құқықтық мəдениетті қалыптастырудағы сан қилы, күрделі де қауіпті қызметін көрсетудегі баспасөз, радио, теледидар, Интернеттің мүмкіндіктерін кеңінен қолдана алмай отыр. Шығармашылық орталықтармен, мəдени орталықтар мен өзге де қоғамдық ұйымдармен қажетті жаңа нысандағы байланыс орнатылмаған, ал бұрынғы байланыстар үзілген. Тиісінше халыққа құқық қорғау органдарының қызметіне байланысты маңызды оқиғалар туралы, прокурорлық тексерулер жəне аса қауіпті қылмыстық істерді тергеу нəтижелері жөнінде дер кезінде хабарланбайды.

Керісінше, Қазақстандағы тек қана криминогендік ахуалдың қиындығы, онымен күресудің нашарлығы туралы жариялау нəтижесінде БАҚ-та полиция органдарының қызметін ерекше сынға алуға əкеп соқтырады: құқық қорғау қызметкерлерінің кəсіби деңгейінің төмендігі айыпталады, өздерінің тікелей міндеттерін орындауға құлықтарының болмауы, жүйелі түрдегі ведомствоаралық келіспеушіліктер мен сыбайлас жемқорлық жөнінде көп айтылады. Жекелеген зерттеушілердің айтуынша, көптеген себептерге байланысты БАҚ-та жарияланып жүрген жалпы қылмыстылықтың қазіргі жай-күйі туралы, онымен күресу шаралары туралы ақпараттары шындыққа жанаспайды. Ал бұл үдеріс өз кезегінде халықтың санасында жалған ой, тиісінше ішкі істер органдарына, сонымен қатар мемлекеттің бүкіл құқық қорғау органдарына деген сенімсіздік пен теріс көзқарас қалыптастырады.

Орталық жəне жергілікті БАҚ-тағы жарияланымдар көбіне фактологиялық, ақпараттық- сипаттаушылық мазмұнға ие: жасалған қылмыстар, ұсталған құқық бұзушылар жəне т.б. Мұндай жеңіл- желпі «құрғақ ақпарат» қоғамның ақпараттық жəне криминологиялық мүдделеріне жауап бере алмайды. Тек қана аналитикалық, публицистикалық, пікір-сайыстық сипаттағы ақпараттарда құқықтық кеңестер, сынға жауап, полемика, яғни құқықтық мəдениетті жоғарылататын нысандар болмайды.

Сонымен қатар БАҚ-та кей кездерде сенсациялық мақсаттарда қылмыстарды жасаудың про- цесі бүге-шігесіне дейін əспеттеліп, толық айтылып жатады, белгілі бір дəрежеде оқиғаны жарнамалап, сонымен қатар жол берілмеуі тиіс болатын, қылмыстарды жасаудың əдіс-тəсілдері де көрсетіледі.

Газеттер мен журналдар «тəтті» криминалдық өмір туралы бір-бірінен асып жариялап жатқанда, теледидардан тонау, зорлау мен адам өлтіру жағдайындағы байлыққа кенелу көрсетіліп жатқанда қандай құқықтық тəрбие, мəдениет туралы айтуға болады? Жастардың арасында «жарым жан» үрдістер мен криминалдық элементтерге еліктеуді дамытумен қатар, «қоғам қылмыс пен оның генезисін, одан кейін туындайтын құқық қолдану қызметінің сатыларын көрсететін объективтік картинадан алшақтап кетті» [3, 112 б.]. Мұндай қоғамда құқықтық мəдениеттің айнымас  белгісі болып табылатын заңдылық ұғымы екінші орынға қойылып, ол формальды түсінікке айналады. Бірінші орынға ешкім тоқтата алмайтын инстинкт, «қанға қан, жанға жан» тағылық қағидасы шығып, құқықтық мəдениет ұғымын «жерге таптайды». Оның салдарынан оқырман мен көрерменде ар-ұят пен заң қашан да бірін-бірі толықтырып тұратын, бірге жүретін құбылыстар болып табылмайды деген ой қалыптасады. Ар-ұят шыдамсыз, оған əділеттілікті қазір ғана əкелуі тиіс болып, ал заңдылық  үстем құрамын дегенше əлі тергеу жүргізу керек, содан соң бітпейтін сот процесі ...

Бұл орайда сот процесінің өзінің ұзаққа созылуы сот төрелігінің тиімділігін төмендететіндігін атап өткен жөн. Себебі үлкен қоғамдық резонансы бар қылмыстық істердің ұзаққа созылуы қоғамдық бақылауды төмендетіп, халық ол жайында «ұмытып» та кететін халге апарады. Олардың БАҚ бетінде жарияланбауы, құқық қорғау органдарының беделін толық айшықтай алмайды. Оның үстіне қылмыс жасауға бейім адамдардың қылмыс жасауға деген «құштарлығын» арттыруы да ғажап емес. Себебі жауаптылықтан құтылу - басқа қылмыстардың жасалуына себеп болатындығы заңдылық.

Өткен ғасырдың 90-жылдары нарықтық экономикаға өту салдарынан қазақстандық БАҚ көрермендер мен оқырмандар аудиториясын сақтау мақсатында ұлттық дəстүрлер мен тарихи заңды- лықтардан ауытқып, тиісті құндылықтардан бас тартып, жеңіл-желпі, адамдардың «əлсіздіктеріне», ұнамдылықты төмендетуге үдере көшті. Мұндай қоғамның ішінде азғындау, психикалық ауытқушы- лықтар, заң бұзушылықтар көбейетіндігі белгілі. Осындай насихаттың нəтижелерін қазіргі күнделікті өмірден көріп отырмыз. Қылмыстылықтың əлеуметтік портреті теріс жаққа күрт өзгерді. Қылмыстылық «жасарып» жас-жеткіншектерге жетіп, студенттік жастар мен интеллигенцияны өзіне баурай бастады. Кейбір  БАҚ-тар  тарапынан  теріс  пайдалану  қазіргі  қазақстандық  қоғамның  да құндылық-нормативтік жүйесін бұзуда. Жаппай санаға мұндай криминогендік əсер ету қылмыстылық деңгейі мен елдің криминогендік потенциалына əсер етпей қоймайды.

Дегенмен БАҚ-тың құқықтық мəдениет деңгейіне əсері бұрыннан айтылып келген. Егер Кеңестік дəуірде БАҚ-тың қылмыстылық деңгейіне əсері мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріліп, басшылыққа алынған идеологияға бағындырылып, мақсатты түрде жүргізілсе, қазір жағдай басқаша. Бүгінде БАҚ бүкіл Қазақстандағы құқық қорғау органдарының «жағымсыз» кейпін жəне криминалды «антимəдениетті» айыптайды. Бірақ мұндай айыптаулар үнемі негізді деп айтуға да əсте болмайды. Себебі қоғамның криминализациялануы мемлекеттік билікке де терең араласқандығын көрсететін БАҚ шынайы жағдайдың объективтілігін белгілі бір деңгейде ғана анықтайды.

Мəдениеттің аздығы мен қылмыстылықтың арақатынасына нақты мысалы болып Қазақстан халқына «беріліп» жатқан қылмыстылыққа келісушілікпен қарау, қылмыстық мүдделердің ыңғайына жүру, қылмыстық іс-əрекеттерді сынамау, есірткілер мен криминалдық романтиканы насихаттау жөніндегі ақпараттар легі табылады. Бұл байланыстың механизмі мен азаматтардың теріс қылығының арасындағы байланыс біздің ойымызша, анық байқала қоймағанымен мəселе мынада: мемлекеттің бекіткен құқықтық тыйымдарын ашықтан-ашық ескермеу, елемеу, қажетті құнды бағыттар, моралдық жəне ұнамдылық үлгілерді қалыптастыруды қиындататын, қоғамның жалпы мойындаған дəстүрлі мəдениетіне қайшы келетін субмəдениеттің пайда болатындығында. Осылардың салдарынан қылмыстық мінез-құлық қалыптасады, теріс əрекеттерді қоғам тарапынан айыптау əлсірейді. Нəтижесінде теріс қылықты жəне қылмыстық субмəдениеттің элементтері құқықтық мəдениетке ене отырып, қоғамда құқықтық жəне ұнамдылық деградациялау орын алады [4, 31 б.].

БАҚ аудиториясы мен əсер ету ерекшеліктерін ескере отырып, жаппай мəдениетке криминалды мəдениеттің элементтерін енгізу - қауіпті əрі қайта қалпына келтіру қиынға соғатын үдеріс. Кез келген деңгейлерде - индивидуалды, топтық жəне қоғамдық деңгейлерде қарапайым сана бойына қылмыстық субмəдениеттің əдет-ғұрыптары мен нормаларын қабылдап, сіңіре бастайды. Жаппай санаға өзінде көптеген субмəдениет бар, соның ішінде теріс қылықтық субмəдениет пен қылмыстық субмəдениет кіретін теріс қылық пен мəдениеттің өзара əсері дау тудырмайды. Мəдениеттердің осындай өзара құндылық даурығулары құқыққа қайшы əрекеттердің көбеюіне əкеп соқтырады.

Қылмыстылық пен қылмыстылыққа жақын дағдылар мен əдет-ғұрыптарды, əсіресе жастардың ортасына енгізу өте қауіпті. Ересектерге қарағанда жастар аудиториясы алынған мəліметтерді көп жағдайларда салыстырып, талдап жатпай, тікелей қабылдайды. Бүгінде жастар рухани өмірден алшақтап барады. Олай дейтініміз, арнайы прозалар мен повестерді, əңгімелерді, классикалық романдарды оқитын жастар бүгінде тіптен аз. Оның орнына қаптаған қорқынышты, қантөгіс фильмдер, эротикалық жанрдағы көріністер, бейнеклиптер, түнгі клубтар, есірткі мен алкоголь, интернеттегі анайы порносайттар, жауыздық ойындар: «WarCraft», «Counter Strike», «Left for Dead»,«Grand Theft Auto», «Mafia», «Godfather», «Playboy», «Manhunt (режь-убивай)», «Thrill Kill (адское месиво)», «Mortal Kombat (здравствуй детство)», «Postal» жəне т.б. Оған теріс əсер етіп отырғандар: жастардың санасына ұнамсыздықты, аяусыздықты, кəсіпке, еңбекке, жанұяға, некеге бей-жай қарауды енгізетін білім жүйесінің төмендеуі, БАҚ саясатының əлсіздігі.

Халықты өнерге баулудағы теледидардың рөлі құлдырады. Бұл үдеріс өз кезегінде халықты эстетикалық «мəңгүрттендіретін» сапасы, құндылығы төмен əдебиеттердің, кинолардың, музыканың қаптауына əкеп соқтырды.

Бұл аталған мəселелерді шешу үшін құқық шығармашылық, заң шығарушылық үдерістері, сондай-ақ БАҚ, əдебиеттер, кино мен өнер арқылы қоғамның құқықтық тəрбиесін, мəдениетін дамытатын мемлекеттің мақсатты салиқалы саясаты қажет. Бұл орайда Кеңестік дəуірдегі болған халықтың құқықтық сауаттылығын ашу орталықтарын қайта жаңғыртып, жаңарту қажет деп ойлаймыз. Құқықтық тəрбиелеу жұмысының нысандарына БАҚ арқылы құқықтық тақырыптарға əңгімелесу жүргізу, саяси-құқықтық қатынастардың өзекті мəселелерін пікір-сайыс нысанында талқылау, тақырыптық құқықтық телехабарлар, мамандардың заң шығармашылығындағы жаңа ұғымдарды түсіндірулер жасауы жəне т.б. атап өтуге болады.

Бұл салада бүгінгі таңның өзінде біршама ілгері басулар байқалады. Соңғы жылдары БАҚ белсенділігінің біршама артуы халықтық құқықтық құлақтандырылғандықтарын көрсетеді.

  1. Қазақстан телеарнасында «Қылмыс пен жаза» деректі бейнефильмі (жүргізушісі - Нартай Өтегенұлы) 17.01.2010 – 18:00, 4.07.2010 жылы сағат 16:50-17:15. 24.06.2010 сағат 8:30-да жаңалық- тар топтамасында қылмыстық тақырыптарда бірінші орынды жеңіп алған Сəуле Жиреншина осы бағдарлама арқылы қылмыстарды ескерту басты мақсатымыз деп көрсеткен болатын.
  2. «Евразия» бірінші   телеканалында   «Доброе  утро»  телебағдарламасының  өзінде  «Самооборона», «Криминальное чтиво» жəне т.б. өте пайдалы рубрикалар бар. Онда жеке адамдардың өздеріне жəне өзгелерге қатысты шабуыл жасалған жағдайда қалай қорғануына болатындығы туралы айтылады.
  1. НТВ каналында «Особо опасен» (редакторы - Юрий Краузе, жүргізушісі - Вахтанг Микеладзе).
  2. «КТК» «Қылмыс-ақпарат»; КТК «Черный квадрат» В. Тараканов, 17.01.2010, жексенбі, 20:30.
  3. «Алматы» телеарнасында «Куəгер», 1.02.2010 ж., сағат 20-30.
  4. «Таң» телеарнасында «Рейдер» деп аталатын телебағдарлама көптеген криминалдық тақырыптағы оқиғаларды баяндап, қылмыстардың жедел ашылуына, жоғалған адамдарды тез арада табуға жəрдемін тигізді.
  5. «RenTV» телеканалында «экстремальный вызов», «женщина-убийца» жəне т.б. телебағдар- ламалар көрсетіледі.

Алайда журналистер корпусының құқықтық мəдениетін жоғарылату да үлкен мəселе болып отыр. Сенсациялардың соңына түсу, криминалды жəне құқықтық оқиғаларды бірбеткей түсіріп, көрсету белгілі бір деңгейде халықтың ашу-ызасын тудырады.

Осы орайда, бірінші кезекте БАҚ қызметкерлерінің халықтың ақпараттанғандығы мен қоғамдық ой қалыптастыруының рөлі мен маңызын дұрыс бағалай алмайтындығын атап өту қажет деп ойлаймыз. Өкінішке орай, мұнда журналистердің не жазып, экранға не беріп, экранда не көрсетіп жатқандығына «ішкі» жауапкершілігін білмейтіндігі мен жетіспейтіндігін атап өтуге тура келеді.

Көптеген дау-дамайларды талдау барысында журналистердің өздерінің құқықтық мəдениетінің төмендігі, құқықтық санасының жетілмегендігі мен деформациялануы көзге бірден түседі. Жарияланымдар мен БАҚ-тан сөз сөйлеулер барысында жекелеген журналистердің мəдениетінің төмендігі анық байқалады. Мəселе журналистердің заңи білімінің деңгейі емес, қарапайым құқыққа деген көзқарасы, заң нормаларына, құқықтық қағидаларға қатынасынан-ақ «салғырттық» сезіледі. БАҚ көп жағдайларда құқықтық талаптарға «селсоқ» қарап, тіпті құқықтық тыйымдарды жоққа шығарады. Журналистер тəжірибесінде көптеген қатынастардың палитрасы көрініс тапқан: құқықтық нигилизм (құқыққа немқұрайдылық) арқылы құқықтық инфантилизмнен (заңи «бейқамдық») бастап құқықтық негативизмге (құқықты мойындамау) дейін қатынастар орын алған.

Азаматқа бағытталған құқықтық ақпарат мінез-құлыққа, жүріс-тұрысқа, өзге де көптеген əлеуметтік ақпараттар жиынтығында, жеке адамның өмірге көзқарасы мен мəдениеті, оның қажеттіліктері мен мүдделерінің, психикасы мен бекітілген бағдарларының жеке қасиеттері арқылы əсер ететіндігін əсте ұмытуға болмайды. Сонымен қатар, барлық жағдайда, құқықтың талаптары туралы бұрмаланған ақпарат құқықтың беделін, құқықтық ұстанымдардың біртіндеп бағасын төмендетуге, заңды жəне құқық қорғау органдарының қызметін жаппай сыйламаушылыққа əкеп соқтырып, сол арқылы халықтың құқықтық тəрбиесіне, мəдениетіне теріс əсер етеді.

Сондықтан, А.С. Макаренко атап кеткендей, «заңдық  ақпарат»  жасалған  құқық  бұзушы- лыққа жауаптылықтың тумай қоймайтындығы қағидасын  тəжірибелік  қолданыс  арқылы  көр- сетіліп, түсіндірілуі тиіс. Құқықтық ақпараттың негізгі мақсаты – тек қана заңмен таныстыру емес, заңның ескертушілік-тəрбиелік маңызын ашып қана қоймай, оны бұзған жағдайда оның салдары тумай қоймайтындығына сендіру [5, 356 б.]. Сонымен қатар адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы құқықтық нормалармен, ондағы  бекітілген  ережелермен  емес,  адамдардың  құқықтық,  ұнамды-  лық санасында қалыптасқан заңдық нормалар мен ережелер туралы көріністермен, ойлармен анықталады.

Өкінішке орай, халықты құқықтық сауаттандырудың барлық мүмкіндіктері бола тұрып, бүгінде БАҚ құқықтық мəдениетті оң емес, керісінше теріс қалыптастырып отырғандығы белгілі. Мұндай жағдайда теледидарда жауыздық, қантөгіс пен зорлықты насихаттаудың орнына, жастардың бойына жалпы адамгершілік құндылықтарды, ұлттық рухани дəстүрлерді; теледидарда балаларға салауатты өмір салтын насихаттайтын ғылыми-ақпараттық хабарлардың циклін негіздеп,  кəмелетке толмағандар мен жастарға арналған құқықтық білім беретін хабарларды; оқушылар мен студенттік жастардың есірткіге қарсы психологиялық жəне педагогикалық əсер етудің белсенділігін арттырып, енгізуге байланысты шаралар қолданылуы тиіс [6, 45 б.].

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, халықтың құқықтық тəрбиесін, мəдениетін қалыптас- тыруда БАҚ-ты белсенді құрал ретінде анықтайтын бірыңғай тұжырымдаманың, мемлекеттік деңгейде əлеуметтік жəне құқық қорғау қызметінің бұл бағыттағы нақты мақсатты бағдарламасын жасаудың қажеттігі жөнінде мəселенің бар екендігін көрсетеді.

 

Әдебиеттер

  1. «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырым- дамасы туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығы //Егемен Қазақстан 2009 жыл, 28 тамыз,№281-283 (25680).
  1. Блумер Г. Коллективное поведение: пер. с англ. // Американская социологическая мысль: тексты. – М., - С.173.
  2. Никитин А.Ф.. Что такое правовая культура? - М.: Просвещение, 1988. – С.112.
  3. Вицин С.Е. Правовая культура в системе предупреждения преступности // Кримимнологический журнал. - 2003. -№1. - С.31.
  1. Макаренко А.С. Цель воспитания: соч. – Т.5. – 1937. – С.356.
  2. Ахтырская Н.Н. Правовое воспитание как фактор профилактики преступности в Украине // Криминологический журнал. - 2003. - №1. – С.45.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.