Халықаралық саясаттанудың ғылыми пәні, атқаратын қызметі, құрылымы, әдістері және негізгі ұғымдары хақында

Қоғамтану ғылымының түрлі-түрлі білім бөлінуіне байланысты саясаттану да өзіндік бір жүйелі, пәндік сипаты, категориялық құрылымдары мен өз заңдылықтары бар ғылым болып қалыптасқан. Оның өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына қоғам өміріне, қоғамдық қарым-қатынастарға саясаттың өктемдік жасап қоғамдық болмыстың (формасына) түр-бейнесіне тигізетін ықпалы күшті, сол арқылы қоғамның саяси өміріне тигізетін әсері себеп болды.

Қоғамның формасын, түрін, түр бейнесін зерттеумен ғылымның философия, тарих, социология, заң ғылымы салалары да айналысады. Алайда олардың әрқайсысы саясатқа өз тұрғысынан, өз мүддесі шеңберінде сай қарайды да, оны осы мүдде тұрғысынан өзіне тән әдіспен зерттейді. Олардың әрқайсысы саясат өзінің ішкі, өзіне тән мәнімен емес, тек сол ғылым саласына қажетті ғылым ретінде сол саланың мақсат-мүддесі лайық кеңінен қамтылған мәселенің бір бөлігі болып қана қамтылған. Ал саясаттану болса өзі алған проблеманың мәселенің ерекше қасиеттерін бір-бірімен ұштастырып, біртұтас етіп, оларды белгілі  бір  жағдайда ғана  бөліп  алып қарайды.

Саясаттану пәні социология ғылымы мен заң ғылымдарының әртүрлі салаларға бөлінуі барысында қалыптасты. Күні бүгінге дейін саясаттануда қоғам билігін зерттейтін социология мен заң ғылымдарына (юридизированное) тән бағыттар байқалады. Тіпті саясаттану мен социологияның бір-біріне ұқсап, бірін-бірі қайталайтын кездері де жие кездеседі. Саяси социология – саяси билік пен саясатты оларда әлеуметтік топтардың мақсаттарының қаншалықты басым екендігі тұрғысынан қарайды, яғни өкімет билігінің әлеуметтік түп- тамыры және сол билікті бөлісу жайындағы мәселені зерттейді. Олар қоғамның әлеуметтік құрылымын саясатпен қаншалықты байланысты деген сұраққа жауап береді. Саяси социология саясаттануда  саясатты  түрлі  институттардың көмегімен бір топқа жүйелейтін заң ғылымынан туған позитивизмнің тууынан пайда болған сала деп саналады. Сол саяси институттардың өзін саяси социология белгілі бір әлеуметтік құрама, мақсаттар қосындысы деп қарайды. Бұл институттар дәлірек айтқанда саяси социологияның  заң  ғылымынан бөлініп шыққан саяси бағыт «институт» деген ұғымды қалыптастырады да, саясатшылық мемлекет қызметі шеңберіндегі саясат ұғымы шеңберінен шығарып, түрлі саяси ұйымдардың, құрылымдардың – мемлекеттің, партиялардың, қоғамдық-саяси ұйымдардың, нормалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси идеологияның неғұрлым кең ауқымды тағы тағыларының қызметінің саясатты дәрежесіне көтерілуіне көмектеседі. Екінші жағынан, саяси социология саясатқа және оның өз шеңберінде әрекет ететін әлеуметтік мүдделердің қақтығыс (конфликт) институттарына баратын жолды белгілеп береді. Мұның екеуі де басты міндеті саналатын саясат пен билікті мүдделермен институттардың біртұтасты қарым- қатынасы ретінде зерттеуді қалыптастырады. Бұл біртұтастық «Қоғамның саяси жүйесі» (системасы) дейтін арнаулы  категорияда  көрініс  табады. Саясаттану – саяси жүйе (система) туралы және халықаралық сахна деңгейіндегі (арена) саяси жүйелердің өзара қарым- қатынастардың  байланыстары  туралы ғылым.

Саясаттардың құрылымына (структура) мыналар кіреді: 1) әлеуметтік-саяси және саясаттану білімдерінің тарихы; 2) билік пен саяси жүйелердің (системаның) жалпы теориясы; 3) саяси мүдделердің, олардың өзара байланыстарының түрлерінің (конфликт) қақтығыс, (кон-сенсус – келісімге келу) және саясаттың өз бағытын білдіру теориясы; 4) саяси институттар мен құбылыстардың (процесс) теориясы; 5) идеологиялық процестердің теориясы; 6) саяси мәдениет теориясы; 7) жеке адамның саяси қызметі және саяси әлеуметтендіру теориясы; 8) қоғамды саяси басқару теориясы; 9) халықаралық қарым- қатынастар мен жүйелердің теориясы [1].

Ғылым ретінде саясаттану саясатты, яғни әлеуметтік мүдделер мен институттардың қоғамдағы билікті жеңіп алу, ұйымдастыру және іске қосу жөніндегі қарым-қатынастарды зерттейді. Ол саясаттағы барлық жеке зерттеулерге байланысты әдістемелік (методологиялық) рөл атқарады. Саясаттану – дүниетанымдық ғылым. Өйткені ол өз пәні арқылы қоғамның дамуына, оны іске асыратын механизмдерге, саяси түрленген қоғамның және  дүниенің  ісінде ұйымдастырылған өзара қарым-қатынастарға, саяси жағынан қалыптасқан дүниедегі адамның алатын орнына белгілі бір көзқарасты қалыптастырады. Жоғары оқу орындарында оқылатын пән ретінде ол саяси жұмысты өркениетті саяси мәдениетке баулу, жеке адамды саяси әлеуметті  жағдайға  баулудың  теориялар мен практикасын үйретеді.

Саясаттану саяси-практикалық маңызы бар қызмет атқарады, саяси бағдарлама жасауға және қалыптастыруға, саяси процестердің ағымымен саяси институттардың арасындағы өзара қатынастардың мәнін табу арқылы саяси институттардың мейлінше ұтымды қызмет атқаруына көмектеседі. Саясаттану алда болатын саяси процестерді утопиялық жолмен емес, ғылым  жолымен алдын ала болжайды (ирогиостикалық).

Саясаттанудың саясатты зерттейтін әдістері бар және ол басқа ғылымдардан ең алдымен олардың мазмұн – генетикалық бөлімі (заң, категория, принциптер) арқылы  олардан өзгеше болады.

Саясаттанудың әдістері үйренуге кірісерде оның философиямен және басқа ғылымдармен органикалық байланыста екенін және өзінің пәндік саласын зерттеу үшін осы ғылымдар жасаған әдістердің  бәрін  пайдаланатынын  есте сақтау  керек.  «Метод»  грек  сөзі, оның мәні – таным жолы, әдісі деген сөз болып шығады. Нақтылап айтқанда, әдіс түрлі  тәсілдердің жүйесі. Олардың көмегімен белгілі бір затты зерттеу жүзеге асырылады. Әдістерді теориялық және эмпириялық деп бөлуге болады. Өз кезінде теориялық әдістер философиялық және жалпы ғылымдық болып бөлінді. Таным тарихы философиялық тиімді әдіс диалектика мен  материализм  екенін көрсетті.

Саясаттануда қолданылатын жалпы ғылымдық әдістерге теңестірмелі (сравнительный), жүйелі (системный), құрылымды-функциялық (структурно-функциональный) әдістерді жатқызуға болады. Теңестірмелі әдіс саяси өмірдің белгілі бір кеңістік пен уақыт шеңберінде байқалған құбылыстардың сипатын салыстырып, олардың әрқайсысындағы сәйкес (сходство) қайталанатынын және ол қайталанудың заңдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелі (системный) әдіс болса саяси өмірдегі кез келген құбылысты бүкіл бір нәрсенің бір бөлігі, неғұрлым күрделі жасалған заттық элемент деп қарауға көмектеседі, зерттейтін көріністің әлеуметтік шындықтың құбылыстарының жалпы байланысында алатын орнын анықтауға мүмкіндік береді. Құрылымды-функционалды әдіс жүйелі әдісті нақтылауға қызмет етеді.  Ол зерттелетін құбылыстың өзін бір бүтіннің бөлігі деп қарап қана қоймай, сонымен бірге әрқайсысы белгілі бір рөл атқаратын элементтерден құралатын іштей  бөлшектенген құрылым  деп қарауға мүмкіндік жасайды [2].

Эмпириялық әдістер де жинақтау әдістері және мәліметтерді  талдау  әдістері болып  екі топқа бөлінеді. Басқа ғылымдағыдай саясаттануда да нақты мәліметтер жинағында бақылау сұрақнама (опрос), жауап жинау, құжаттарды талдау, тәжірибе (эксперимент) жасау тәсілдерін қолданады. Бақылау (наблюдение) саяси өмірдегі оқиғаларды, мәселелерді дұрыс байқауға,  саяси  күрделі  мәселелерді  дұрыс  жолға  қоюға  көмектеседі.  Сұрақнама  (опрос) жауап алу оқиғаларға қатысушылар басшылыққа алатын себептерді, олардың саяси өмірдің түрлі жақтарына көзқарасын, тағы тағыларын айтуға мүмкіндік береді. Санақ құжаттарын және басқа құжаттарды талдау адамдың саяси іс-әрекеттерінен туатын нақты нәтижелерді зерттеуге көмектеседі. Тәжірибе жасау (эксперимент) адамдардың саяси мінез-құлқындағы басқа әдістердің көмегімен байқалған сипаттарға әсер еткен факторлар жайлы алдын ала болжамымызды тексеруімізге қызмет етеді. Түрлі әдістердің көмегімен алынған эмпериялық мәліметтердің дәлдігі, ықпалдылығы зерттеудің қажетті жерлерін іріктеп алуға көп байланысты. Ол тар көлемді болып, бірақ халықтың өзіміз зерттеп жүрген бөлігінің әлеуметтік сипатын тең етіп көрсетуге тиіс. Зерттеу нәтижелері бойынша іс жүзінде жасалған саяси қорытындылардың негізі мықты болуы да едәуір жағдайда осыған байланысты.

Жинақталған мәліметтерді талдау әдістерінің ішінен саясаттанулық зерттеулердің қазіргі кезеңде неғұрлым жиі қолданылып жүргендерін бөліп алу керек. Бұл дисперсиялық, корреляциялық және факторлық талдау. Дисперсиялық талдау орташа көлемнен туатын өзгерістердің алшақтылығын анықтауға және бұған немесе бірінші ауытқушылықтың ықпалын ашуға негізделген. Корреляциялық талдау ерекше коэффициенттердің көмегімен ауыспалы құбылыстардың арасындағы санақтық байланыстарды зерттеуде. Бұл коэффициенттердің маңызы неғұрлым жоғары болса, байланыс соғұрлым мықты болады. Фактор талдау корреляциялық талдау барысында пайда болған топтардың көмегімен  жаңа, ірі ауытқу туғызады. Оларды факторлар немесе белсенді ауыспалы құбылыс деп атайды. Олар басқаларына ықпал етеді. Сондай-ақ әр фактордың өзіндік салмағы болады. Олар - І- ден  + І-ге дейін ауытқып  тұрады. Бұл  әдістердің  бәрі  бірін-бірі толықтырады.

Саясаттану ғылымның дербес саласы болып 40-50 жылдары бөлініп шықты. Ол әр елде өзіндік өзгеше оқытылады. Әсіресе, АҚШ, Франция, Англия, Италия, Германияда едәуір дамыған. 1949 жылы саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы құрылды. ТМД-да саяси ғылым, заң ғылымдары, философия, социология, тарих ғылымдары  шеңберінде  дамыды. 1955 жылы саяси (Мемлекеттану) ғылымдарының Кеңестік ассоциациясы құрылды. Қазір ол саясаттану ғылымдар ассоциациясы деп аталады. Жоғары оқу орындарында ерекше ғылым ретінде 1989 жылдан оқытыла бастады. Осы уақыттан бастап саясаттану бағытын- дағы кафедралар мен саясаттану институттары көптеп  ашыла бастады.

Саясаттанудағы басты ұғым  билік  туралы  ұғым  болып  саналады.  Саясат  адамдардың қоғамның таптарға өкіметті иемденген, осының негізінде бүкіл қоғамға сол қоғамнан бөлініп шығып мемлекет деп аталатын арнаулы аппараттың көмегімен билігін жүргізетін адамдар тобына бөлінуі жағдайында пайда болатын өзара әрекеттердің түрі деп есептеледі. Өкіметке саясаттану тұрғысынан қарай отырып, бұл ғылымның психологиядан өзгеше өкіметті адамдардың қоғамдық өмірде өз еркін білдіруге қабілетті емес, шеңберінде бір адамдар басқаларына ықпал жүргізетін қоғамдық қатынас деп түсінуіміз керек. Саяси өкімет бұл бір қоғамдық топтың мемлекет арқылы басқаларға үстемдік, айқындалған ықпал ету, билік етуі өкіметтің бір түрі ретінде мемлекеттік өкімет арнаулы аппараттың адамдарға жасайтын белгілі бір ықпалы деп түсінеміз. Аппараттың бұйрығы белгілі бір территорияда тұратын адамдар үшін міндетті. Бұл аппарат кәсіптік негізде құрылады да негізгі жұмысы өкімет билігін жүзеге асыру деп саналатын адамдардан құралады. Мемлекет ісіне араласу үшін түрлі институттар: саяси партиялар, одақтар, ұйымдар, қозғалыстар, тағы басқалар құрады. Олардың көмегімен өкіметтің маманданған кәсіби аппаратын өз мүддесіне бағындыруға тырысады. Олардың мемлекеттік өкімет жүйесінде өзара бірлескен іс- әрекеттерінің барысында белгілі бір қатынаста саяси сипаты бар. Қоғамдық қатынастардың, институттардың, қызметте өзін-өзі көрсету мен сананың өкімет билігін бөлісумен  және жүзеге асырумен байланысты бөлігі саяси жүйе деп аталады. Олар өкімет билігінің жүзеге асырудың тарихи шартты механизмі болып саналады.

Саяси қатынастар үш түрлі болады:

1) қоғамдық топтардың өкімет жүйесінде бір-  біріне қатынасы;

2) қоғамдық топтардың өкімет құрылымдарына қатынасы;

3) өкімет құрылымдарының бір-біріне құрылысы, (бұл қатынастарды біріншілеріне қарағанда екінші екінші   қатынастар   деп   атау әдіске   айналған).

Саяси институттар  (немесе құрылымдар  – структуры) мемлекеттік-өкілдік, (өкіметтік, властвующие) орындаушы, сот және мемлекеттік емес (өкімет билігін жүзеге асыруға қатысушылар) партиялар, одақтар, ассоциациялар тағы басқалар болып бөлінеді. Саяси қызметтің түрлері (форма): 1. Кәсіптік (проффессиональной основе) негіз – өкімет үкіметтілігін жүзеге асыру жөніндегі әкімшілік жұмыс: өкіметтің құрылымдарын қалыптастыру, шешім қабылдау және оны орындау, басшыларды іріктеу  және оларға басшылық ету; 2. Кәсіптік емес (непрофессиональной основе) негізде – жетекшілік (лидерство): ұйымдар мен қозғалыстарда қоғамдық жұмыс: органдар мен лауазымды адамдар сайлау: шешімдердің жобаларын талқылау: органдарға қатынас жасау, жиналыстарда сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жазу, тағы тағылар: бұқаралық шараларға: митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, ереуілдерге, тағы басқаларға қатысу.

Саяси саналылық саласында мыналарды айтып көрсету керек:

1) саяси психология-саяси тұтыным мүдделер, тәртіптер, бағдарлар, дәстүрлер, әдістер, сезімдер, стереотиптер, пікірлер;

2) саяси идеология-теориялық көрсетілімдер, білім, концепциялар, бағдарламалар, платформалар, нормалар, құндылықтар [3].

Саяси жүйе әр мезгіл белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын көрсетіп, әлеуметтік топтардың (топтар, ұлттар, таптар, тағы басқалар) өкімет жүйесіндегі өзара әрекеттерінің өзіне тән тәртібі болып саналады. Бұл өзара әрекеттік сипаты саяси тәртіп деп аталады. Тәртіп екі түрлі болады: 1) өкімет билігін жүзеге асыруға барлық топтар мен азаматтардың қатысуы негізінде – демократиялық; 2) өкімет билігін жүзеге асырудан топтар мен азаматтардың  көпшілігін шеттету негізінде – авторитарлық және тоталитарлық тәртіп.

Саяси өмір – бұл саяси жүйелердің тууының, қалыптасуының, дамуының барлық адамдардың қоғамдық өмірін ұйымдастыру түрлерінің қозғалысына тарихи сай барысы. Техника мен технологияда, экономика мен қоғамның әлеуметтік құрылымындағы прогресті өзгерістер саяси жүйенің белгілі бір жағдайда өзгеруіне әсер етеді. «Саяси өмір» ұғымының бұл анықтамасы жеке адамнан жоғары тұрған өкіметтік құрылымдар тұрғысынан оның мазмұнын да ашып береді. Адамдардың жеке топтарының көзқарасы тұрғысынан қарағанда саяси өмір олардың саяси жүйе жасауға, оны пайдалануға, өзгертуге және басқаруға қатысы, яғни өкімет билігі деген сөз. Саяси өмірдің мазмұны өкімет құрылымдарын құру мен өркендету, шешім қабылдап, оны орындау және құрылымдардың қызметін бақылау сияқты саяси жұмыстармен шектеледі. Ол адамдардың саясатқа араласу, бірінің жұмыс істеу мен күрес, талас, дағдарыс, революция, реформа, соғыс, келісім сияқты саяси қызметтің сан  алуан түрлерін қамтыды. Саяси өмір ағымын нақтылы қоғамда тарихи қалыптасқан әлеуметтік күштердің өзара іс-әрекеттеріне ортақ әлеуметтік-саяси жағдайға байланысты, бірақ оған едәуір ықпал ететін адамдардың саяси мәдениеті  – с а я с и  м ә д е н и е т  адамдар қоғамының саяси өміріне  қатысу, олардың  нақты  саяси  ахуал жағдайында өзін-  өзі көрсетуінің тәсілі деген сөз. Жанжалдарды (конфликт) реттеудің барысы мен жолдары, саяси күрестің нәтижесі – төңкерістер сипаты мен реформалардың уақтылы  өткізілуі  де соған байланысты.

Адамның  өзін-өзі көрсете  білуінің түпкі   қорытындысы – оның   тұтыну   қажеттілігі. М ә д е н и е т – адамның бір нәрсе істесем деген талабы мен әдеті, біздің жағдайда саяси өмірге, қалыптасқан әдетке деген қызығушылық өріс алады. Бұл әдетті  бойына  сіңірген  адам өзі қалап істеген істі саналы орындауға машықтанады. Бір істі жақсы  атқарған  адамның бойында қанағаттанғандық сезім пайда болады. Адамның өзін-өзі көрсетуі де осы жерде бітеді. Дегенмен, бұл нәтижелерді адамның беделін, біліктілігін, ықпалын көтеретін саяси  институттары жақсы бағаламайынша, жақсы деуге болмайтынын ескеру керек.

Саяси өмір құбылыстарын теориялық және эмпериялық талдау бірлігі принциптеріне сүйене отырып, неғұрлым нақты ұғымдар мен көрсеткіштерді саясаттанудың жоғарыда айтылған жалпы ұғымдарына айналдыру керек. Саяси өмір көрсеткіштері бәрін қамтымайды, тек сол саяси ұғымдағы қажетті сипаттамаларды ғана қамтиды. Ұғымдарды көрсеткішке толық көтеру мүмкін емес, оның керегі де жоқ. Өйткені ұғымдарды көрсеткіштерге (показатели) айналдырғанда оның эмпериялық «жазғышына» айналады, ал адамдардың  нақты   қызмет атқару   әдісі ұғымға айналады. Саяси өмірдің не екенін біз   оның  ұғымынан білеміз, ал оған басқа әлеуметтік топтардың қайсыбірінің қатысатынын көрсеткіштердің көмегімен анықтаймыз. Көрсеткіштер фактінің өзін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен бірге адамдардың саяси өмірге қаншалықты қатысты екенін сипаттайды. Осының нәтижесінде тиісті әдістердің көмегімен олардың сол жағынан қатыстығы анықталады. Саяси өмірдің барлық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: 1) саяси өмірге қатысу түрлері; 2) қатысу факторлары; 3) қатысу жолы (саяси мәдениет).

Қатысу түрлеріне мыналар жатады: ұйымдар мен органдарда қызмет атқару; органдар мен лауазымды қызметкерлерді сайлау; қарарларды дайындау, талқылау, қабылдау; түрлі органдар мен қатынас жасау жиналыстарда, мәжілістерде сөз сөйлеу, саяси өмір проблемаларын талқылау, бұқаралық-саяси шаралар: митингілер, демонстрациялар, тағы басқалар.

Қатысудың сипатын және дәрежесін анықтайтын факторлар: еңбектің сипаты: әкімшілік мәдениеті: саяси білімі, икемділігі, бұқаралық ақпарат құралдары: саяси іске қатысу тәжірибесі.

Саяси іске қатысудың жолдары мынадай көрсеткіштер тобымен сипатталады:

1-топ. Мотивациялық-дәйектілік – саяси өмірге қатысуға  құштарлық.  Саяси оқиғаларға білім мен іс-әрекетке құштарлық.

2-топ. Танымдық (познавательный) – негізгі саяси біліктерді игеру, ағымдық саяси жағдайдың  ерекшеліктері  мен  оның  өзгеруінің  қалпын түсіну.

3-топ. Мінез-құлықтық (поведенческий) – саяси өмірге араластығы, саяси қызметтердің тәсілін игеру.

4-топ. Бағалау (оценочный) – саяси институттарға қатысты, саяси өмірге өз жеке басының  қатысуынан алған  ләззаты [4].

Жоғарыда көрсетілген тізім мейлінше жалпылама көрсеткіштерді қамтиды. Олардың әрқайсысын сан алуан жеке көрсеткіштерге (Индикаторға) бөлуге болады. Осы индикаторлар арқылы түрлі эмпириялық әдістердің көмегімен ақпарат жинау жүзеге асырылады. Жиналған мәліметтерді сан жағынан талдау және теориялық интерпретациялау белгілі бір елдердің халқының тарихи дамуының жеке кезеңдеріндегі саяси өмірінің көрінісін  шығаруға  және осы  арқылы іс жүзінде қорытынды  жасауға көмектеседі.

 

Әдебиеттер

1.[Қараңыз] Политология – Ленинград. Издат-во ЛГУ, 1991. 2.[Қараңыз] Основы  политологии. – Киев, 1991.

3.Қараңыз] Пономарев В.А. Общественные организации в Казахстане и Кыргызстане /1987-1991/. – Алматы, 1991.

4.[Қараңыз] Некоторые  проблемы преподавания  социально-политических наук. – Алматы, 1991.

Жыл: 2009
Қала: Алматы
loading...