Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орталық азиядағы қауіпсіздік мәселесі

Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі халықаралық қауіпсіздік және аймақтық қауіпсіздікпен өзара тығыз байланысты. Қазіргі жағдайда ұлттық қауіпсіздікті аймақтық деңгейде тиімді түрде қамтамасыз етуге болады. Ресей Федерациясы Сыртқы Істер министрі С. Лавровтың пайымдауынша: «Қауіпсіздік пен тұрақты дамуға қауіп төндіретін жаңа қатерлерге қарсы тұру үшін халықаралық қоғамдастық бірлесе не болмаса ұжымдық, аймақтық түрде бірігуі керек» [1].

Орталық Азияның қауіпсіздігі – халықаралық қауіпсіздіктің негізгі шарттарының бірі. Аймақтағы қауіпсіздік мәселесі күрделі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік сипатқа ие. Қазіргі таңда қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері көбейгені айқын. Бір жағынан  қарағанда, Орталық Азия мемлекеттеріне тікелей қауіп жоқ, дегенмен әлемнің саяси сахнасындағы ойыншылардың күштер балансының өзгеріске ұшырауы Орталық Азия мемлекеттерінің жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Көне Рим ғұламасы Цицерон: «Бейбітшілігің баянды болсын десең, соғысқа сақадай сай дайын бол», деп айтуы тегін емес. Қазіргі күндегі осы бір қағиданың өзектілігі әлі де болса жоғалмағанын мойындау қажет [2].

Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы субъектілермен қатынастары – аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсер етуші фактордың бірі. Орталық Азия мемлекеттерінің саясатында сыртқы күштерге қатысты тұрақты позициясы, яғни АҚШ, Қытай, Ресей секілді мемлекеттерге қатысты ұзақ уақытылы стратегиялары жоқ. Әсіресе экономикалық мәселелерге қатысты стратегиялар сыртқы саяси бағытының қалыптасып дамуына аса қажет. Орталық Азиядағы жаһандық қауіптермен қатар, аймаққа тән өзіндік факторлар да бар. Зерттеушілердің пікірінше оған: «Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы әкімшіліктерриториялық шекаралардың шешілмеуі; шекаралас аймақтағы әскери қақтығыстар (Ауғанстан); экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардың көптігі; аймақтың сыртқы шекараларының тиісті дәрежеде қорғалмауы; аймақ мемлекеттеріндегі әлеуметтікэкономикалық мәселелер; сыртқы фактордың ықпалынан туындайтын ішкі қарамақайшылықтардың болуы» [3] жатады.

Қазіргі таңда қауіпсіздік теориясын терең зерттеу үрдістерін байқауға болады және олар дәстүрлі түсінікті (әскери стратегия, мемлекетті басқару өнері және т.б.) ығыстырып, бір мезгілде басқа көптеген ғылым бағыттарының нысанына айналуда. Қауіпсіздік мәселелерін зерттеудегі осындай алуантүрлілік осы ұғымның жай-күйі мен сипаттамасына сәйкес келеді. Яғни, қазір қауіпсіздік ұғымы көзқарастар мен тұжырымдамалардың пәнаралық және парадигмааралық жиынтығына айналды. Дәстүрлі түрде көптеген зерттеушілер (ресейлік, сондай-ақ қазақстандық) 1996 жылғы РФ Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасында  көрсетілген көзқарастарды ұстанады [4]. Осы тұжырымдамада қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің сыртқы және ішкі қауіптіліктен сақтану жағдайы ретінде анықталады. Сондай-ақ  осы  тұжырымдама  1998  жылғы  26  маусымдағы  Қазақстан  Республикасының

«Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы» ресми қабылданған Заңында көрініс тапқан [5]. Қауіпсіздік мәселесіне назар аударудың күннен-күнге артуы «қауіпсіздік» ұғымының анықтамасы мәселесімен байланысты. Қауіпсіздіктің «жұмсақ» және «қатты» аспектілерін бөліп ажыратады. 1983 жылы өзінің «Халық, мемлекет және қорқыныш» [6, 89-б.] атты кітабын жариялаған британдық ғалым Б. Бузан – қауіпсіздікке қатысты осындай көзқарастың негізін қалаушы. Әрі қарай тұжырымдаманың «жұмсақ және қатты» аспектілер тұжырымдамасы  жалпыға  ортақ  сипатқа  ие  болды.  «Жұмсақ»  аспектілер  құрылымдық ауқымы бойынша «қатты» аспектіден де асып түседі. Ол – экономикалық қауіпсіздік пен рухани-мәдени қауіпсіздікті қамтитын жаңа қауіпсіздік аспектісі. Екіншілері қауіпсіздікті дәстүрлі түсінуге сәйкес келеді және әскери күш тәсілдерімен қамтамасыз  етілетін аспектілер болып табылады. Қауіпсіздікті құрылымдай отырып, әдетте оның тік  құрылымына – тұлға, қоғам, мемлекет, аймақ пен планетаны жатқызады, ал көлденең жағынан саяси, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ақпараттық, әскери және руханимәдени салаларды  бөліп ажыратады.

Қауіпсіздік, ең алдымен, (қауіп-қатердің) деструктивті элементтері жоқ жағдайдағы жайкүйді білдіреді. Қауіпсіздік жүйесінің қызмет етуіне кері әсер ете алатын құбылыстар, ісәрекеттер, үрдістер, факторлар, оқиғалар осы арқылы түсіндіріледі. Әдетте олардың қатарында, біріншіден, қатерді, қауіп пен тәуекелдікті бөліп ажыратсақ, екіншіден, қоқанлоққы көрсетуді айтуға болады. РҒА корреспондент-мүшесі В.Н. Кузнецовтың анықтамасы бойынша, «тәуекелдіктер әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарға әсер ете отырып, олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзатын, әлеуметтік жүйелерді құлдырау мен ыдырауға әкелетін әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, техногенді және экологиялық құбылыстар мен үрдістердің кешені (жүйесі)» [7].

Орталық Азиядағы жаңа қатерлер. Қауіпсіздік саласындағы кез келген мәселе белгілі бір сипатқа және деструктивті деңгейге ие. Сонымен, мемлекеттер олардың алдында пайда болған мәселелерді құрылымдап, реттей алады, олардың алдын алу, жою бойынша міндеттердің басымдылығын анықтай алады.

Экономикалық саладағы мәселелер. Аймақта деструктивті бола алатын экономикалық тәуекелдіктер мен қауіптілік ретінде төмендегілерді атауға болады:

  • өндірістің әрі қарай азаюы, оның көлемінің қысқаруы;
  • экономикалық байланыстардың     үзілуі     салдарынан     аймақ     мемлекеттерінің деиндустрализациялануы;
  • негізгі қорлардың жоғары дәрежедегі жарамсыздығы салдарынан өндірістік әлеуетті жоғалтуы;
  • аймақ мемлекеттерінің сыртқы қарыздарының артуы;
  • қаржы ағымы мен көлеңкелі экономиканың жоғарғы пайызы;
  • көптеген шетелдік инвесторлар үшін қажет емес инвестициялық ахуал;
  • өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі;
  • аймақ мемлекеттерінің азық-түлік және энергетикалық тәуелсіздігін жоғалтуы;
  • экономиканы басқару жүйесінің нарық экономикасының талаптарына сай болмауы, салық салу жүйесінің кемелсіздігі;
  • мемлекеттік бюджет тапшылығын және сыртқы сауда теңгерімін қолжетімдіден аса деңгейге көтеру;
  • аймақтағы мемлекеттер     облыстарының     әлеуметтік-экономикалық     дамуының әркелкілігі.

Әлеуметтік саладағы мәселелер. Қауіпсіздіктің әлеуметтік саласы экономикалық қауіпсіздіктің индикаторларының бірі болып табылады. ОАР-дағы әлеуметтік мәселелер көбінесе экономикалық кикілжіңдерге негізделуде. Әлеуметтік сипатқа ие аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне төмендегілер жатады:

  • ОА елдері халықтарының өмір сүру деңгейінің төмендеуі және жаппай азып-тозуы, қоғамның төменгі тапқа айналуы және поляризациялануы;
  • жас ұрпақ арасында нашақорлықтың көбею мәселесі;
  • қоғам мен жеке тұлғаның моральдық және рухани құлдырауы;
  • ішкі және сыртқы миграция (көші-қон), қалалардың ауылға айналуы (рурализация);
  • білім беру, мәдениет және халықтың сауаттылық деңгейінің төмендеуі;
  • халықтың көбеюінің өсуі және өмір сүру көрсеткішінің төмендеуі;
  • халықтың құқықтық білімінің жетіспеушілігі, құқықты елемеушілігі;
  • мемлекеттік билік органдарындағы сыбайлас жемқорлық;
  • жаңа технологияларға қол жеткізу саласында артта қалушылық.

Экологиялық саладағы мәселелер. Кеңес Одағы кезеңін жаңарту аймақтағы экологиялық жағдайда кеңінен көрініс тапты. Алайда экологиялық мәселелер – сол кезеңдегі жаңартудың қалдықтары ғана емес, сондай-ақ экономиканың қатты төмендеуінің нәтижесі. Аймақта түрлі сипаттағы экологиялық мәселелер бар. Орталық Азиядағы экологиялық мәселелер:

  • Арал теңізінің құрғауы (Қазақстан, Өзбекстан);
  • Сарез көліндегі бөгеттің бұзылу қаупі (Тәжікстан);
  • бұрынғы ядролық және атомдық сынақтарға, қайта өңдеулер мен қалдықтарға байланысты туындайтын мәселелер (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан);
  • су қорларын оңтайсыз қолдану және басқару;
  • жасанды су қоймалары мен бөгеттердің, су электр бекеттерінің қоршаған ортаға әсері (Қырғызстан, Тәжікстан).

Арал теңізі мәселесі. Экологтардың пікірінше, Арал теңізі Орталық Азия аймағындағы климатты түзуші элемент болып табылады. 90-жылдардың басында Арал теңізі 50% су қорын, ал 1995 жылы төрттен үш бөлігін жоғалтты, сондықтан да оның жағалауы 100-150 километрге дейін жылжыды. Бұл жаңа шөлейттің орнына айналған  құрғақ  топырақтың пайда болуына ықпал етті. Бір жағынан, шөлейт алаңының көбеюіне, жер қыртысының сорлануы мен батпақтануына, екінші жағынан, климаттың нашарлауына ұласқан үрдіс басталды. Сонымен қатар Арал теңізінің су айдынында орналасқан Возрождение аралына байланысты тағы да бір мәселе бар. КСРО кезінде осы аралда бактериалды қару жасалып, сынақтан өткізілді, ал Арал теңізі құрғағаннан кейін екі есе қауіп пайда болды: адам ағзасы үшін қауіпті вирустардың таралуы және олардың әсер ету радиусының көбеюі [8].

Өткен жылдардың ядролық қалдықтары мен ядролық сынақтары. Тәуелсіздік алған кезде Қазақстан аумағының стратегиялық бомбалаушылар бортында 1040 ядролық оқтық  пен 370 ядролық бомба болды [9]. КСРО таратылған соң, Қазақстан 1993 жылы стратегиялық ядролық күштерді бірлесе басқаруды ұсынды, бірақ та кейіннен 1994-1995 жж. Ресейдің ядролық оттықтары мен тасымалдаушыларын демонтаждау мен қайтару бағытын ұстанды [9]. Бүгінгі таңда Орталық Азия ядролық қару-жарақтан босатылған аумақ болып табылады. Кеңес Одағы кезеңінде Қазақстанның Семей облысында 500 ядролық сынақ, оның 116-сы жер үстінде, өткізілген болатын. Семейдегі ядролық сынақтардың нәтижесінде жергілікті халыққа уланған ауа мен радиацияда өмір сүруге тура келді. Сонымен қатар ауылшаруашылығы жерлерінің, судың ластануына, қауіпті рак ауруы, жүрек аурулары, асқорыту және тыныс алу органдарының ауруларына әкеліп соқтырды. Ал жаңа туылған нәрестелер арасында ауытқушылықтың көбеюі де алдыңғы қатарға шықты. 1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 52/159М резолюциясын қабылдап, халықаралық қауымдастықты Қазақстан үкіметіне полигондағы ядролық сынақ қалдықтарын жоюда көмек беруге шақырды. 80-90 жж. Қырғызстан территориясының Майлы Суу жерінде, яғни қазіргі кезде Қырғызстанның Джалал Абад облысында уран қалдықтары сақталған. Бұл мәселе аймақтық сипатқа ие болып отыр, себебі көктемдегі селдер мен су тасқындарына байланысты уран қалдықтарының Майлы Суу, Қарадария, Сырдария өзендеріне түсу ықтималдылығы жоғарылады. Аталған облыста 3 млн тонна кубометр көлемінде радиоактивті материалдар шоғырланған. Ол өз кезегінде 10 млн халқы бар Ферғана аймағына да қауіп төндіреді [10].

Сарез көлі. Тәжікстанның таулы Бадахшан автономды облысында теңіз деңгейінен 3252 м биіктікте орналасқан Сарез көлі суларының табиғи тау бөгеттерін бұзып өтуі қауіп туғызады. Көлдің жалпы көлемі – 86,5 шаршы км, ұзындығы – 70 км, максималды ені – 36,8 км, орташа тереңдігі – 190 м, максималды тереңдігі – 505 м. Тау бөгеттерін бұзып өту салдары Бартанга, Пянджа және Әмудария өзендерінің тасуына әкеледі. Бұл апат 69 мың шаршы км территорияны, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікмения мен Ауғанстандағы 6 млн адамды қамтуы ықтимал. Сарез көлінің үлкен жылдамдықпен тасуы өз жолындағы – көпірлер, автомобильдер жолдары, электр тасымалдау линиялары, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс объектілерін бұзу қаупі бар [8].

Орталық Азия аймағындағы су мәселесі де аса өзекті экологиялық мәселелердің қатарына  жатады.  Аймақтың  гидрогеографиясына  келетін  болсақ,  мұндағы су ресурстары жеткілікті, алайда тең емес мөлшерде таралған. Орталық Азия аймағының негізгі гидроресурстары оның оңтүстік-шығыс бөлігінде, яғни Тәжікстан мен Қырғызстанда орналасқан. Суды көп тұтынушылар қатарына Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан жатады. Осыған байланысты аймақтағы суы аз және сусыз кеңістіктер аймақ территориясының анағұрлым көп бөлігін қамтып отыр. Ол су мәселесінің аймақтағы мемлекеттер үшін шаруашылық қана емес, сонымен қатар әскери-стратегиялық маңызға ие екендігін көрсетеді [11].

Саяси саладағы мәселелер. Саяси саладағы деструктивті элементтердің түрлі сипаты мен бағыты бар. Оған ұлтаралық және этносаралық қатынастар, мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелері, шекаралық мәселелер, исламистік халықаралық терроризм және экстремизм жатады. Ұлтаралық және этносаралық қатынастар – мемлекетаралық ынтымақтастықтағы және ішкі мемлекеттік саясаттағы әлсіз буындардың бірі. Аймақтағы мемлекеттердің барлығы дерлік полиэтникалық болып табылады. Этносаралық қатынастар – аймақтық қауіпсіздіктің   саяси   саласындағы   басты   бағыттардың   бірі.   Қазақстан    зерттеушісі  Л.Г. Ерекешеваның пайымдауынша, Орталық Азияда этносаралық қарама-қайшылықтардың туындауына ең басты себеп, ресурстарды (территориялық, су, энергия көздері және т.б.) этникалық топтар арасында, көбінесе жер байлығы тапшы аудандарда өзара бөлісу болып табылады. Осы факторға байланысты 1989 ж. Тәжікстандағы тәжіктер мен түрік-месхеттер арасындағы; 1990 жж. Ош облысындағы өзбектер мен қырғыздар арасындағы; 1989 ж. Қырғызстанның Баткент ауданындағы қырғыздар мен Тәжікстанның Исфарин ауданындағы тәжіктер арасындағы оқиғалары болған [12]. Бұл мәселе аймақ мемлекеттеріндегі «титулдық ұлттардың» этникалық азшылықтарға қатысты ашық ұлтшылдық саясатын жүргізуі салдарынан шиеленісе түсті. Бұрынғы КСРО мемлекеттерінің өз тәуелсіздіктерін алуынан кейін ұлтшылдық пен шовинизм, ксенофобия мен этноөзімшілдік деңгейі арта бастады.

Саяси саладағы аса күрделі мәселелердің қатарына шекаралық аудандардағы даужанжалдар мен аймақтағы мемлекеттердің талас тудыратын территориялары жатады. Бұл мәселе Кеңес Одағынан бастап туындады. Осы факторға назар аудара отырып, Өзбекстан Президенті И. Каримов: «Этникалық негізде қалыптасқан шекараларды қайта бөлісуді елестетудің өзі қорқыныш туғызады. Біздің аймақтағы шекараларды қайта бөлісу халықаралық қауымдастыққа зор әсер ететіні соншалық, Босния мен Герцоговинадағы оқиғалар онымен салыстырғанда тіптен жеңіл болып көрінетін шығар», – дейді [13]. Шекаралық мәселелердің шешілмеуі әкімшілік-шаруашылық сипаттағы мәселелердің пайда болуына әкеледі. Мемлекеттердің шекараларында орналасқан кейбір аграрлық және өнеркәсіптік объектілер олардың қай жаққа тиістігі жөнінде дау туғызады. Оған мысал Өзбекстан мен Түрікменстан шекарасында орналасқан Кокдумалак мұнайгазконденсант кен орны болып табылады [14].

Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы нақты демаркацияның болмауы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың одан әрі шиеленісе түсуіне себепші болады. Бұл мәселе аймақтың барлық мемлекеттеріне қатысты, тек Түрікменстан ғана қазіргі таңда құрлықтағы мемлекеттік шекараларын анықтау үрдісін аяқтады [15].

Шекаралық мәселелерде бір жақты делимитация мен демаркацияны жүзеге асырып отырған Өзбекстан, бұл мәселе бойынша радикалдық көзқараста. Қазіргі таңда өзбекқырғыз шекарасында 140 даулы учаске, өзбек-тәжік шекарасында 700 даулы жер, қырғызтәжік шекарасында 70 даулы территория [15] бар. Қырғызстан ресми тұлғаларының пікірінше, Өзбекстанмен арадағы мәселелер Қырғызстанның «бір кезде өзбектерге пайдалануға берген» даулы территорияларына қатысты деп санайды. Өзбекстан Қырғызстан және Тәжікстанмен шекарада өзге қорғаныс бекіністерін салып, кедендік және шекаралық постыларды салуы жағдайды одан әрі қиындата түсті.

Кейбір мемлекеттерде анклавтардың болуы жағдайды едәуір шиеленістіреді. Мәселен, Қырғызстанның аумағында Сох (онда халықаралық құқыққа сәйкес заңсыз Өзбекстан Республикасының қарулы күштер бөлімдері бар) және Шахимардан екі өзбек анклавы бар, оларда Өзбекстанның ұлты бойынша шамамен 40-тан 50 мыңға жуық азаматтары тұрады,кейбір мәліметтер бойынша, тәжіктер басым, және 23-тен 29 мыңға дейін адам халқы бар Ворух тәжік анклавы бар. Бірінші кезекте, Өзбекстанда қырғыз анклавы – Ош облысының Ақ-Таш ауылдық басқармасына жататын 589 адам мекендейтін Барак ауылы бар. Жоғарыда аталғандар көрсетілгендей, осы мәселе өз ауқымында жалғасуда және әлі де Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық қатынастарына қауіп төндіруі мүмкін. Осындай  шекаралық жағдай мемлекетаралық қатынастарды ушықтырушы және аймақтағы жағдайды тұрақсыздандыруымен қауіпті   болып табылады.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік және әлемдік державалардың мүдделері. Орталық Азия өзінің геостратегиялық орналасуы мен едәуір қорлық әлеуеті арқасында әлемдік державалар үшін қызығушылық тудырады. Бүгінгі таңда әлемдік державалардың қызығушылығы қауіпсіздік аясында Орталық Азия мемлекеттерінің әлемнің жетекші елдерімен көпжақты ынтымақтастығын жеделдетуге байланысты туындайды. Осы ынтымақтастықтың негізгі мақсаты кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте және оның Орталық Азия бунағында тиімді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру болып табылады. Орталық Азия төңірегінде тұрақсыздық қаупі тұр. Ол аймақтағы мемлекеттердің ішкі тұрақсыздығында көрініс тапқан. Әрине, бұл Орталық Азия мемлекеттерімен қатар, әлемнің көптеген жетекші мемлекеттерін, соның ішінде Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропа елдерін алаңдатуда, олар аймақтағы қысымшылық пен тұрақсыздықтың әрі қарай ушығуын тоқтату үшін күш салуда.

Орталық Азия аймағында халықаралық қауіпсіздік режимдерінің түрлі үлгілері бар. Олардың көпшілігін аймақтан тыс қатысушылар бастап қалыптастырған, ал Орталық Азия мемлекеттері осы режимдердің қатар құрылтайшылары немесе қатысушылары болып табылады. Аймақ ірі державалардың арасындағы өзара байланыстың сипатын айқындаушылардың бірі. 2001 жылғы қыркүйектегі оқиғалар Ресей, АҚШ, ҚХР мемлекеттерінің жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке, атап айтқанда Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікке деген көзқарастарын өзгертті. Орталық Азиядағы қалыптасқан жағдайға  көз  жүгірту  арқылы   аймақтық   қауіпсіздіктегі екі  бәсекелестікті  – бәсекелес «менеджерлерді» анықтауға болады. Бәсекелестік аймақтағы қандай да бір дәстүрлі және жаңа арбитрлер коллизиясы ретінде көрініс табады, олардың рөлінде қайта құрылған Ресей мен АҚШ болып табылады [16].

Қазіргі таңда Ресей аймақта ҚХР-мен бірге немесе онсыз өзінің  қатысу  мүмкіндігін қайта тереңдетуді қалайды. Біржақты тәртіпте РФ ҚХР-дың кіші серіктесі бола алады, 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін АҚШ-тың болуы оны «бейтараптау» мүмкіндігіне ие етті. Ресей Федерациясының «АҚШ-пен бәсекелесуінің, З. Бжезинский жазғандай, пайдасы жоқ, ал Қытаймен одақ құру оған бағынуды білдіреді» [17, 137-б.].

АҚШ-тың ұсынған бағыты өз мазмұны бойынша ерекше және қауіпсіздіктің көпжақты аймақтары мен механизмдеріне қатысудан өзін-өзі тоқтатуға тіреледі. Тәжірибе көрсеткендей, АҚШ аймақ елдерімен өзара байланыстың екіжақты механизмдеріне сүйенеді. Олар тұрақтылықты   қалайды, Еуропа және  Еуразия   істері бойынша хатшы  көмекшісі Е. Джонстың пікірі бойынша, АҚШ-тың Орталық Азияда бірнеше стратегиялық мақсаты бар. Олар:

  • лаңкестікке қарсы күресті, есірткінің заңсыз айналымы мен көпшілікті жоюға арналған қару-жарақты таратпауға ықпал етуді қамтитын қауіпсіздік;
  • жаһандық рынокқа Каспийдің мұнайы мен газын тасымалдауға қатысты энергетикалық мәселе;
  • демократиялық және нарықтық-экономикалық және басқа да мәселелерді қозғайтын ішкі реформа [18].

Қазірше аймақтағы АҚШ-тың жалғыз стратегиялық серіктесі Өзбекстан, онымен стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойылды, осыдан бұрын 1994 жылы Қазақстанмен Демократиялық серіктестік туралы Хартияға қол қойылған еді. АҚШ-тың Орталық Азиядағы әскери-саяси мақсатының бірі Ауғанстан болып табылады, ол жерде АҚШ-тың ұстанымы баяу нығаюда. Бұл оның аймақта болуына себеп бола алады. Дегенмен, аймақтағы  іс-әрекеттердің  қос-қабаттығына  қарамастан,  мысалы   АҚШ  пен  РФ арасында халықаралық қауіпсіздік режимдерінің белгілі бір шеңбер аясы бар, ол В.В. Президент Путин мен Президент Дж. Буштың РФ пен АҚШ арасында жаңа стратегиялық қарым-қатынастар туралы Бірлескен декларациясында көрініс тапқан [19]. Онда «Ресей мен АҚШ Орталық Азиядағы ортақ мүддені осы аймақтың барлық мемлекеттердегі тұрақтылықта, егемендік пен аумақтық  тұтастықта  көреді  және  осы  аймақтағы  келіспеушілік  әлеуетті  күшейте алатын «ұлы державалар» бәсекелестігінің қауқарсыз үлгісінен бас тартады» [19, 460-б]. Осы аймақтағы АҚШ пен РФ-ның ынтымақтастығы туралы ресми тұлғалардың мәлімдемелері кезінде атап көрсетілді. Шын мәнінде, бұл әлі Орталық Азия аймағындағы РФ мен АҚШ ұстанымдарының толық сәйкес келетіндігін білдірмейді. Мәселен, З. Бжезинскийдің ойынша, Әлемдік Балканды (Орталық Азияны қосқанда) [17, 95-б.] жайластыру үрдісінде Америка Ресейге үміт артуының керегі жоқ, тек қана Еуропа серіктесіне жүгінуіне болады. Қазіргі Ресейдің стратегиясы мен АҚШ-тың стратегиясы бүгінде Ауғанстан мәселесі бойынша сәйкес келеді. Бірақ Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері (А.Д. Богатуров бойынша АҚШ-тың Еуразияны ұнтақтау стратегиясы) бір-біріне қарама-қарсы. РФ АҚШ-тың Ауғанстандағы лаңкестік пен экстремизмнің ошақтарын жою және онда лаңкестікке қарсы коалицияны әрі қарай тұрақтандыру бойынша іс-әрекеттерін ғана қолдайтындығын мәлімдеді. Ресей АҚШ-қа әскери және азаматтық аэродромдарын ұсыну үшін Орталық Азия республикаларымен келіссөз үрдісіне қосылды. Бұл мәжбүрлі шара еді, сондықтан да АҚШ-тың аймақтағы әскери-саяси қатысуы Ресей Федерациясының өз әрекеттерін жандандырып, аймақта берік орнығуға ынталандырды. Ресей 2003 жылы Кант қаласында (Қырғызстан) әскери аэродром құрды және 2004 жылы Тәжікстанмен екіжақты стратегиялық сипаттағы шарттар мен келісімдер кешеніне қол қойды.

АҚШ-тың бастауымен лаңкестікке қарсы коалиция құру жаһандық халықаралық қауіпсіздік (соның ішінде Орталық Азия) көріністерінің бірі болып табылады. Дж. Буштың

«кімде-кім бізбен болмаса, сол бізге қарсы» деген ұраны оның туындауына негіз болды.  Шын мәнінде, осы ұранның контексті АҚШ-тың кез келген басқа да қатар немесе қарамақарсы әрекеттерін қатаң басуды білдірді. 2001 жылдың қыркүйегінен кейінгі басталған лаңкестікке қарсы науқан өз формасы мен мазмұны бойынша қалыптасқан әлемдік тәртіпті көрсетеді және онда АҚШ-ты әлемдік гегемон ретіндегі болашағын анықтауға негіз бар. Сондықтан да АҚШ-тағылар былай деп есептейді: «Лаңкестік миссиясы өз маңызын жоғалтса, лаңкестік жоғалады, америкалықтар шаршап немесе өзіне ортақ Американың жаһандық рөлі аяқталады, мақсат сезімін жоғалтады деген ой бар» [17, 17-б].

2001 жылдың 16 маусымындағы РФ мен ҚХР арасындағы Бейбіт көршілестік, достастық пен ынтымақтастық туралы шартта, аймақта РФ мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтың екіжақты механизмі ескертіліп, былай деп атап өтіледі: «Келісуші жақтар олардың аумағына жататын аймақтарда өзара түсіністік, сенім мен ынтымақтастық атмосферасын бекітуге, тұрақтылықты нығайтуға және осы аймақтарда олардың болмысына сәйкес келетін қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері шеңберінде өзара байланыстың көпжақты механизмдерін құру әрекеттеріне ықпал етеді» [20]. ҚХР Орталық Азияға геоэкономикалық (әлемдік ірі мұнай тұтынушылардың бірі ретінде) және геосаяси көзқарастары бойынша (болашақта болуы мүмкін ұлы держава ретінде) қызығушылық танытады.

Сонымен, аймақтық қауіпсіздік – бұл аймақтық қауіпсіздік нысаны (Орталық Азия мемлекеттері) үшін қорғаныс пен қолайлы дамудың барлық жағдайы жасалған, қатерлерді азайту, кері әсер тудыратын құбылыстардың, үрдістер немесе элементтердің алдын алу немесе оларды болдырмау бойынша механизмдердің іске қосылған  жай-күйі. Мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздік салалары – бұл Орталық Азия аймақтық қауіпсіздігінің өзара тығыз байланысты құрамдастары. Осы жүйеде бір әлсіз буынның пайда болуы басқасының әлсіреуіне жол ашады. Орталық Азияның ішкі жай-күйі әлсіз буын болып табылады және қандай да бір дәрежеде аймақ мемлекеттері өмір сүретін және әрекет ететін халықаралық орта үшін белгілі бір ахуал жасайды. Қауіпсіздік жүйесін жүзеге асыру барысында қатерлердің, қауіптілік пен қоқан-лоққылардың барлық түрлерін толық түбегейлі жою мүмкін емес. Бұл, шындығында, орындалмайтын шара. Алайда деструктивті формаға айналуға жақын көптеген қатерлерді азайтуды жүзеге асырудың маңыздылығы зор. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету аймақтық қауіпсіздіктің көп деңгейлі жүйесін құруда іске аса алады, оған олардың тек тиімді көпжақты ынтымақтастығы арқылы ғана қол жеткізуге мүмкіндік бар.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. 1 Лавров С. 60-летие Фултона: уроки холодной войны и современность. // Политика, 2006, №4, С.4. 2 Жанғазы Р. Елбасының халыққа жолдауы туралы:// http://www.kisi.kz
  2. Омаров Н. Центральная Азия на пороге ХХІ век: новые измерения безопасности // Нур. – – № 3. –
  3.  Концепция национальной безопасности Российской Федерации 1996 г.:// Официальный сайт МИД РФ http://www.mid.ru
  4. 1998ж. 26-маусым Қазақстан Республикасының «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы:// http://www.akorda.kz
  5. Рыхтик М.И. Эволюция понятия «безопасность»: от «жестких угроз» до «мягких вызовов» // Современные проблемы мировой политики: Безопасность, конфликты и их анализ / Под ред. М.М. Лебедевой. – М.: Аспект Пресс, 2002, С. 89-118
  6. Кузнецов В.Н.    Социология    безопасности:   Формирование   культуры                      безопасности   в трансформирующемся обществе/ Приложение к журналу «Безопасность Евразии». – М.: Республика, 2002.С. 97.
  7. Арал и взаимоотношения государств Центральной Азии. Информационно-аналитическое агентство МиК. 16 января –      http://uzland.uz/2004/january/17/03.htm
  8. Петров Н.И., Гафарлы М.С. Казахстан. Курс на политическую стабильность  и сотрудничество с соседями / Постсоветская Центральная Азия. Потери и обретения. – М.: Изд. Фирма «Восточная литература» РАН, 1998, С.
  9. Калиниченко Л.Н., Семенова Н.Н. Экономика  Казахстана: крупные           проблемы  крупной страны / Постсоветская Центральная Азия. Потери и    обретения. – М.: Изд. Фирма «Восточная литература» РАН,    1998, С. 78-79.
  10. Журнал «Экспресс К.», 8 февраля 2001
  11. Ерекешева Л.Г. Конфликтный потенциал межэтнических отношений в центральноазиатском регионе / Центр внешней политики и анализа (Казахстан): http://www.cvi.kz/text/Safety/Konf_potencial.html
  12. Каримов И. Узбекистан на пороге ХХІ века: угрозы стабильности, условия и гарантия прогресса. – Ташкент: Узбекистан, 1997. С.55.
  13. Смирнов С.Л. Центральная Азия: проблемы безопасности. Лекции в Академии ОБСЕ (Бишкек, Кыргызстан): academy.net.kg/ru/publications/#3
  14. Кожихов А. Территориальный вопрос в Центральой Азии / Центр внешней политики и анализа (Казахстан): http://www.cvi.kz/text/Safety/Territor_region.html
  15. Малышева Д. в статье «Центральная Азия и Южный Кавказ: региональная безопасность в эпоху нового миропорядка» // Центральная Азия и Кавказ, №2(32), 2004. С. 56
  16. Бжезинский З. Выбор: мировое господство или мировое лидерство / Пер. с англ. – М.: Международные отношения, 2004. С.
  17. Elizabeth A. Jones Central Asia: developments and the administrations policy (http://state.gov/p/eur/rls/rm/ 2003/25798.htp)
  18. Совместная декларация Президента В.В. Путина и Президента Дж. Буша о новых стратегических отношениях между РФ и США от 24 мая 2002 г. // Внешняя политика и безопасность современной России. – М. 2003. Т. IV. С. 460-461]
  19. Договор о добрососедстве, дружбе и сотрудничестве между РФ и КНР // Внешняя политика и безопасность современной России. – М. 2003. Ст. 14. 2003.Т.IV. С.525.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.