Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Прокуратураға тән процессуалдық функциялардың ерекшеліктері

Функция ұғымының латын тілінен шыққан этимологиясының анықталуына байланысты прокуратураға тән оның анықтамасын былайша деп беруге болады: прокуратураның функциясы     деп     Қазақстан     Республикасының     Конституциясында     айқындалған әрі

«Прокуратура туралы» Заңда нақтыланған, оның әлеуметтік-тарихи мақсаттарымен алдын  ала белгіленген, жүргізу пәнінің нақтылығымен осы органның алдында тұрған мақсаттарын заңда көзделген құқықтық құралдармен және өкілеттіктермен шешуге арналған қызметінің ерекше бағыттарын айтуға болады.

Прокуратураға тән функциялардың сан алуандығы мен өзектілігі дәлелді нәрсе. Солардың ішіндегі процессуалдық функцияларына келетін болсақ, қызметінің осы бағытының да бірыңғай немесе біркелкі еместігін байқауға болады.

Жалпы қылмыстық-процессуалдық функциялары деп қылмыстық процесс тұлғаларының (субъектілерінің) қылмыстық іс жүргізу қызметтерінің басты бағыттарын айтады.

Қылмыстық іс жүргізу функциялары - деп Б.Х. Төлеубекованың айтуынша: іс жүргізу қызметінің негізгі түрлері мен бағыттарын түсіну керек [1]. Олар өз мүдделерін қорғайтын басқа да адамдар қатыстырылатын іс бойынша оны жүргізетін құзыретті органдардың қызметі нәтижесінде қол жететін арнайы және жеке мақсаттар мен міндеттерге қарай қылмыстық процесте саралануы мүмкін [2].

Мұндай функциялардың саны (яғни түрлері) жөнінде ортақ пікір жоқ. Сонда да олардың көпшілігінің басын қосатын жері мына функциялардың барлығын: айыптау функциясын (қылмыстық қудалау), қорғау және істі шешу функцияларын мойындауында. Құқық әдебиеттерінде қылмыстардың тергелуіне прокурорлық қадағалау функциясын да атайды. Ал Б.Х.Төлеубекова қылмыстық іс жүргізу функцияларын екі топқа: негізгі және демеуші функцияларға жіктеп, негізгілерінің қатарына: қылмыстық істі тергеу; қылмыстық ізге түсу (айыптау); заңдылыққа прокурорлық қадағалау; қорғау және қылмыстық істі сотта қарау мен шешуді жатқызса, демеушілерінің қатарына: ақтау; азаматтық талапты қолдау; азаматтық талаптан қорғану; процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қылмыстардың алдын алуды енгізеді.

Қылмыстық процессуалдық функциялардың түрлеріне қатысты ортақ пікірдің жоқтығын қайталай келе, құқық әдебиеттерінде келтірілетін олардың жіктемесіне тоқталсақ:

  • айыптау, қорғау мен істі шешуге бағытталған үш функцияны атайтындар (М.С. Строгович пен басқалар) [3].
  • төрт функцияны: айыптау, қорғау, істі шешу және алдын ала тергеуді атайтындар (А.С. Кобликов, С.В. Бородин, т.б.).
  • функциялардың кең санын, яғни процеске қатысушылардың санына қарай сонша функция болады деушілер (П.А. Лупинская, Л.М. Корнеева, И.В. Тыричев, т.б.);
  • ондайлардың алтауын: 1) істі тергеу; 2) айыптау; 3) қорғау; 4) азаматтық талапты қолдау; 5) азаматтық талаптан қорғау; 6) істі нақты шешуді атайтын (Р.Д. Рахунов) [4].

Құқықтағы қазіргі тенденцияға сай құқықтық қатынастарға қатысушылар және олардың мәртебелері туралы ұғымдар тұрғысынан қылмыстық ізге түсу функциялары мәселелерінің теориялық зерттеулерінің тереңдетілуі мен дамытылуы қажеттілігіне өз еңбектерінде В.Я. Чеканов, В.Г. Даев, М.Л. Якуб, В.П. Нажимов сілтейді.

Қылмыстық іс жүргізу функцияларының белгілері ретінде мыналар аталады:

  • сот төрелігінің міндеттерін жүзеге асыру функцияларының мақсаттылығы;
  • функцияларды заңда көзделген іс жүргізу нысандарында және іс жүргізудің белгіленген әдістерімен және құралдарымен жүзеге асыру;
  • функцияларды құзыретті органдар мен адамдардың орындауы;
  • бір функцияны бірнеше органдар мен адамдардың жүзеге асыруының мүмкіндігі (мысалы тергеуді тікелей органдары, сондай-ақ анықтау органдары жүргізе алады);
  • негізгі функциялардың қиылыспауы принципінің әсері (мәселен айыптау мен қорғау функцияларының бір қолда шоғырлануы олардың бірін-бірі жоққа шығаруына әкеліп соғады, бұл функцияларды түрлі органдар мен адамдардың жүзеге асыратыны сондықтан);
  • жекелеген негізгі функциялардың белгілі бір құқықтық қатынастар субъектілеріне ғана қатыстылығы (мәселен, сотта мемлекеттік айыптаушы болуға прокурор ғана құқылы; істі мәні бойынша қарау мен шешу - соттың ғана құзыреті).

Сонымен, қылмыстық процестегі функцияларды дұрыс түсіну процеске әрбір қатысушының мәртебесін белгілеу, сондай-ақ жекелеген функциялар арасындағы өзара байланыстарды анықтау арқылы түрлі қатысушылардың өзара іс-қимылдарының процедуралық нысандары мен шектерін ажырату үшін маңызды.

Қылмыстық ізге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды соңғының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі (ҚІЖК-нің 7- бабының 13-тармақшасы). Осы функцияны атқару қылмыстық ізге түсу органдарына, яғни прокурорға (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушыға тапсырылады.

Қорғау (қорғану) функциясын сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі іске асырады. Қорғау функциясының мәні - қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңілдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық ізге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметінде.

Істі мәні бойынша шешу сот арқылы іске асады. Айыптау мен қорғау тараптарының жасалынған қылмыс пен оған тұлғаның кінәлілігіне қатысты келтірілген дәлелдер мен дәйектері арқылы ұстанымдарын негіздеуіне байланысты дауларын шешуді іс бойынша шешім қабылдау функциясы арқылы соттың шешуін айтамыз.

Ал прокуратураға тән процессуалдық қызметтің ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:

  • Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу Кодексі де, «Прокуратура туралы» Заңы да прокуратураға бірімен-бірі сыйыса қоймайтын қылмыстық қудалау, сосын қылмыстардың тергеуіне прокурорлық қадағалау, одан кейін айыптау (мемлекеттік айыптаушы ретінде), соңында барып тағы да сот актісінің заңдылығын қадағалау сияқты алма-кезекті функцияларды жүктеп қойған.
  • Аталған функцияларды бірқатар атқаруына байланысты прокуратураның қылмыстық сот өндірісіндегі миссиясын айқындау белгілі бір қиындық туғызады. Себебі, ол әрі қылмыстық қудалауды жүргізіп, әрі заңдылықты қадағалап, әрі айыптап отырып, қылмыстық процестегі ала-құба тұлғаға айналып кететіні сөзсіз. Екіншіден, прокурордың мұндай «процессуалдық мәртебелері» қылмыстық процестің сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге асыру, сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру принциптерімен сыйыспайтыны анық. Әсіресе, тең құқылығына байланысты күмәннің тұрары хақ.
  • Прокурордың қылмыстық сот өндірісінде айыпты қолдап, яғни мемлекеттік айыптаушы ретінде іске қатысуы, оның сотта мемлекет мүддесін білдіру миссиясымен қиылыспайтынын білдіреді. Әсіресе, мемлекет өзін құқықтық, демократиялық деп жариялаған ретте, оның өз өкіліне белгілі бір процессуалдық мүддені жүктеуі және ол мүддені қайткен жағдайда жақтауды міндеттеуі (сот шешіміне наразылық білдіру арқылы) дұрыс емес.

Осы орайда, қылмыстық процестің тарихи қалыптасқан түрлеріне тоқталу сәті түсіп тұр.

Бүгінгі күнге мәлім болғандай, төрт түрі аталып келеді:

  • Айыптау процесі.
  • Қудалау процесі.
  • Сайыскерлік процесі.
  • Аралас процесі.

Қазақстанның қылмыстық процесі аяққа тұруы барысында әртүрлі кезеңдерден өтіп, өзінің ғана емес, шетелдік тәжірибені де бойына сіңіріп, көп жылдар бойы қалыптасып келеді. Әрине, әдет-ғұрып құқығына негізделген, билер сотының тәжірибесін қоспағанда, кеңестік дәуірден бері қарай, қылмыстық іс жүргізу құқығының өз алдына бөлінген, дербес құқық саласы ретінде қалыптасқанына тым ұзақ уақыт өткен де жоқ. Оның қалыптасуы мен дамуы әртүрлі тарихи кезеңдерде қоғамның, мемлекеттің, мәдениет пен экономиканың даму деңгейімен байланысты болып келді. Құқық әдебиетінде экономиканың қылмыстық процеспен қылмыстық сот өндірісінің қалыптасуына әсер етпейтінін жиі дәлелдеуге әрекет істеліп келгеніне қарамай, сот әділдігін қамтамасыз етуге тиіс мамандарды дайындау, ғимараттармен, замани жетістіктерге лайық жұмыс орындарымен, техникамен, байланыс құралдарымен, көлікпен, т.с.с. қамсыздандыру мәселелерінің бәрібір қаржыға, демек экономикаға келіп тірелетінін дәлелдеп отырудың аса қажеті жоқ. Әрине, бұл үшін материалдық және қаржы ресурстарының қажеті анық. Соттар және құқық қорғау органдары өздерінің жағдайымен (біліктілігімен, кадрлық қамтамасыз етілуімен, рухани жетілуімен) басқа билік құрылымдарының деңгейінде болуы тиіс. Ең жақсы реформаторлық идеялардың амалға асуы оған қажетті ресурстар болмаса қиын.

Қазақстандық қылмыстық процесстің тарихи дамуы жолында тиісінше дәстүрлер мен ұстанымдар жасалып, ғылым қалыптаса, ал заң шығару үдерісі жетіле түсті. Заң жобаларын жасауда  тарихи  алғышарттарды,мәдениетті, этникалық  және  географиялық факторларды ескере отырып, сондай-ақ өз тәжірибемізбен қоса, дамып жетілген,  өркениетті мемлекеттердің де алдыңғы қатардағы тәжірибелері есепке алынып келеді.

 

Әдебиеттер

 

  • Төлеубекова Б.Х. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан (Общая часть): Учебник. – Алматы: Жеті жарғы, 2005 . - С.
  • Ерешев Е.Е. Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. – Алматы: Өлке, 2006. – 18-б.
  • Строгович М.С. Уголовное преследование в советском уголовном процессе. - М., 1951. - С. 16. 4 Рахунов Р.Д. Участники уголовно-процессуальной деятельности. - М., 1961. - С. 51.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.