Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатта ден қоятын басымдылықтары

Cыртқы саясаттың жасалуы және жүзгізілуі ешқашан ішкі саясаттан бөлек жүзеге асырылмайды. Мемлекеттердің халықаралық майданда ортаға қойған саясаты негізінде ол мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мақсаттары, экономикалық жағдайларының әлеуметтік деңгейі және ішкі саясаттағы болып жатқандардың бір жиынтығы болып алдымызға шығады. Әртүрлі ықпалдардың жиынтығы ретіндегі осы саясаттар халықаралық конъюнктураға сәйкестігі мөлшерінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдық берілетін бағыттары бірінші кезекте біздің еліміздің географиялық орналасуы және оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаты бар факторлардың ықпалымен қалыптасты.

Азия мен Еуропаның қиылысындағы геосаяси орналасуы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі бар экономикалық әлеуеті Қазақстанды ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды, Қазақстан өзара қауіпсіздік, егемендікті құрмет тұту, аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы саяси күштердің орналасуымен және олардың аумақтық үйлесуімен, сондай-ақ осы факторлардың қоғамның саяси өмірінің кеңістікте орналасуының өзара байланысымен белгіленеді. Геосаясаттан дәстүрлі түрде географиялық детерменизм принципін негізге алып, мүмкіндікті айқындауға жағдай жасайтын сыртқы саясаттың құралын көреді [1].

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзінің экономикалық әлеуметін, өзінің геосаяси жағдайын барабар бағалай білу айрықша маңызды болды. Осы істегі қателік  Қазақстанның сыртқы саяси бағытына ықпал етуі мүмкін еді.

Осы заманғы технологияны игеруді және пайдалануды мұрат тұтқан «азиялық жолбарыстар» орта және жоғарғы деңгейдегі күрделі өнімдерді өндіруде жетекші индустриалды державалардың бәсекелестеріне айналды.

Кейбір елдердің (мәселен Жапония) немесе түрлі ұйымдардың (мәселен Еуропалық Одақ) экономикалық қуаты мен олардың саяси ықпалы арасындағы сәйкессіздік уақыт озған сайын елеулі бола түсті. Олардың осы сәйкессіздікті өзгертуге, халықаралық қауіпсіздік жүйесінде өз рөлін күшейтуге, сөйтіп БҰҰ құрылымдарында лайықты орын алуға ұмтылуы табиғи құбылысқа айналуда.

Қаржылық құйылыстардың ұлғаюы, тауарлар мен қызмет көрсетудің ауқымы мен орын ауыстыруының шапшаңдығы ретінде түсіндірілетін ғаламдану – мемлекеттік институттар  алдына  осы  үрдістерден  мейлінше  пайда  табу  және  екінші  жағынан олар ұлттық экономикаға әкелуі мүмкін қауіп-қатерге қарсы тиімді тікелей жария шараларды қабылдау міндетін қойды.

Осы міндетті шешу қажеттілігі халықаралық, ең әуелі аймақтық деңгейдегі экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа, қуатты дем берушісі  болды. Ғаламдану халықаралық экономикалық және қаржылық құрылымдардың (ХВҚ, Дүниежүзілік банк және басқалары) экономикалық дағдарыстарды болдырмау жөніндегі өзінің функцияларын орындауға қабілеттілігі туралы мәселе көтерді. Дағдарысты жағдайларға талдау жасаған кезде олардың ұлттық және аймақтық ерекшелікті ескеру қабілеттілігіне күмән туындай бастады.

Жалпыға бірдей тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретін аймақтық жанжалдар адамзаттың негізгі мәселесіне айналды. Кейбір саясаткерлердің пікірі бойынша барлық құрлықтарда дерлік көрініс берген аймақтық соғыстарды жиынтық түрде үшінші дүниежүзілік соғыстың басталуы деп қарастыруға болады. Бұл орайда қазіргі жанжалдардың түп тамырында көп жағдайда қандай да бір идеологиялық белгілер жоқ, олардың қозғаушы күші негізінен этникалық, діни және басқа да қарама-қайшылықтар болып табылады.

Географиялық орналасу ерекшелігі Қазақстанға белгілі бір геосаяси артықшылықтар береді, сонымен бірге геоэкономика көзқарасы тұрғысынан елеулі қиындықтар туғызуда [2].

Бір жағынан, географиялық жағдайдың өзгермейтіндігі экономикалық және саяси ахуалдың тұрақтылығын білдірмейді. Орталық Азия мемлекеттерінің аумағында діни экстремизмнің таралу үрдісінің белең алуы еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер  төндіреді, бұл қатер тіпті Қазақстанның өзінің көршілерімен тұрақты достық қатынастары жағдайында да сақталады.

Біріншіден, бұл - Орталық Азияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін үйлестіру саясаты.

Екіншіден, бұл - халықаралық қауіпсіздік пен қарусыздану саласында Қазақстанның ТМД-дағы белсенді интеграциялық саясаты.

Үшіншіден, бұл - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі, кеңесті шақыру жөніндегі Қазақстанның бастамасы, сондай-ақ біздің еліміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне қатысуы.

Төртіншіден, бұл - Қазақстанның ЕҚЫҰ жұмысына, ядролық қаруды таратпау  туралы шарттар шеңберінде «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасына, СНВ- 1-ге, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияға қатысуы [3].

Әлбетте, дипломатиялық қызметтің міндеттері мен мақсаттары тізбесі осы айтылғандармен шектелмейді. Президент Н. Назарбаев 1995 жылғы ақпанда Сыртқы саясаттың мәселелері бойынша алғашқы кеңесте, 1996 жылғы 11 қыркүйектегі және 1998 жылғы 15 қыркүйектегі СІМ Алқа мәжілістерінде сөйлеген сөздерінде дипломатия саласына тікелей тартылған қызметкерлердің алдына қойылатын талаптардың тұтас жиынтығын белгіледі. Бұл талаптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды сыртқы қолдауды қамтамасыз етудің саяси және экономикалық әдістерінің икемді үйлесімін қамтиды. Дипломатиялық қызметтің алдына мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мүдделері тұрғысынан әлемдегі қазіргі үрдістерді жан-жақты талдау міндеті қойылды.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді алғышартында Еуропалық Одақтың орны бөлек. Аталған одақ қазірдің өзінде өзге аймақтардың мемлекеттерімен қарым-қатынаста бүкіл құрлықтың атынан шығып жүр.

Еуропалық Одақпен әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім негіз ретінде алынатын құжат болып табылады, осы құжат Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қоғамдастыққа кірігуіне жәрдемдеседі.

Еуропалық жетекші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға алғышарттар жасайды. Бұл орйда отандық өнімдердің еуропалық рынокқа шығуын қамтамасыз етудегі, сондай-ақ Еуропалық Одақтың ғылым, білім және мәдениет жөніндегі бағдарламаларына байланысты Қазақстан үшін ашылатын нақты мүмкіндіктер ескеріледі. Еуропалық Одақтың саяси диалогті кеңейтуде дайын екендігі біздің  еліміз үшін практикалық мүдделілік туғызуда [4].

Еуропалық Одақ әлемдік саясаттың негізгі тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ.

Аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік операцияларын жүргізу мәселелерінде, шығыс блогының елдері есебінен Одақты кеңейту үрдісіндегі ЕО-ның өсе түсіп отырған рөлі ЕО-ға қатысты біздің сыртқы саясатымыздың белсенді болуын айқындайды, ондағы мақсат - өзара іс-қимылды тереңдету әрі оны стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру.

Еуропалық Одаққа қатысты Қазақстанның саясаты оның әлемдегі экономикадағы рөлімен және Еуропаның 27 дамыған елі кіретін осы бірлестіктің жемісті интеграциялық саясатымен айқындалады.

Сонымен қатар Қазақстан мен ЕО арасындағы техникалық ынтымақтастық бірқатар бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асуда, мәселен: ИНТАС (ТМД елдерінің ғалым- дарын қолдау жөніндегі халықаралық қауымдастық), КОПЕРНИКУС, Европартенариат және т. б.

1992 жылдың аяғында Алматыда Қазақстан Республикасына техникалық көмек көрсету жөніндегі ЕО Бюросы ашылды, ол ТАСИС (ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету бағдарламасы, 1991 жылдан бастап жұмыс істейді) сияқты Еуропалық Одақтың бағдарламалары шеңберінде құрылды.

1995 жылы басталған мұнай мен газды тасымалдаудың ИНОГЕЙТ мемлекетаралық бағдарламасы Энергетика саласындағы инфрақұрылымды қалыптастыруға көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарлама энергоресурстарды Каспий және Қара теңіз арқылы Еуропаға тиімді түрде шығаруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл бағдарламаны іске асыру – аймақ елдерінің тәуелсіздігін нығайтуға және энергоресурстарды тасымалдауға арналған экспорттық жолдарды дамытуға мүмкіндік береді. Көп жақты ынтымақтастық негізінде энергия көздерін тасымалдаудың мәселесін Қазақстанның шешуінің маңыздылығын ескеретін болсақ, бұл жобаның тиімділігі еселеп өсе түседі.

Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық басқа да бірқатар бағдарламалар аясында да жүзеге асырылады: КОПЕРНИКУС, Орталық Азиядағы есірткілер жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы (КАДАП), Орталық Азия елдеріне арналған шекараларды басқару жөніндегі ЕО бастамалары  (БОМКА) және т.б. [5].

ТАСИС бағдарламасы бойынша 1993-2006 жылдарда шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау, жекешелендіру мен құрылымдық қайта құру, адам ресурстарына инвестициялау жобаларын жүзеге асыру үшін Қазақстанға 200 млн еуроға жуық өтеусіз көмек көрсетілді (ҚР-ға барлық техникалық көмектің жартысынан астамы Батыс тарапынан).

Еуропалық Одақтың Қазақстанмен өзара қарым-қатынастары көбіне мұнай-газ секторындағы   өзара  мүдделермен  (ЕО  ИНОГЕЙТ  мемлекетаралық жобасы), сондай-ақ Еуропа мен Азияны байланыстыратын Орталық Азия өңіріндегі көлік-коммуникациялық қатынас жолдарының стратегиялық маңыздылығымен (ТРАСЕКА жобасы) айқындалады. Қазақстан  мен ЕО қарым-қатынастарында жақын  келешекте  Еуропалық Одақтың Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесін  беру мәселесі ерекше орын алмақ.

Еуропалық Одақ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздердің басты қатысушыларының бірі болып табылады.

Екіжақты сауда және еуропалық нарықта қазақстандық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында екіжақты қарым- қатынастарды дамытудың басым бағыты болып отыр.

Геосаяси өмір шындығын негізге ала отырып, сыртқы саясаттың басымдық беретін бағыттары тұжырымдалды. Оларды өмірге енгізу қазіргі кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады. «Қазақстан – 2030» Даму стратегиясында баяндалған Қазақстанның сыртқы саясатының бағдарлары болып табылады [6].

Үшінші мыңжылдықтың басы Қазақстанның сыртқы саясатында жаңа үрдістердің – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің негіздерін нығайтуға және дамытуға бағытталған саяси прагматизмнің пйда болуымен сипатталады. Саяси прагматизм ХХ ғасырдың аяғындағы – қазіргі жүзжылдықтың басындағы – ғаламдану негізіндегі халықаралық қатынастардың жаңа дипломатиясы тұрғысында еліміз үшін артықшылықтар мен тиімділіктерді мейлінше ала білуді білдіреді.

Соңғы уақытта Батыста және Кеңес Одағынан кейінгі кеңістікте уақыт озған сайын экономика мен әлеуметтік саладағы мемлекеттің рөлі мен маңызын кемітуге болмайды деген объективті пікір белең алуда. Шынында да, мемлекет ХХІ ғасырдың сынақтарын еңсеруге бағытталған елдің ұзақ мерзімді стратегиялық дамуын әзірлеуі және өмірге енгізуі керек. Бұл Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы елдің стратегиялық мүдделерін қорғаған кезде прагматикалық көзқарас ұстануға міндетті дегенді білдіреді.

Бірінші кезекте, бұл – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау, қазақстандық мұнайды тасымалдау бағыттарын көбейту, ҚР-дың мемлекеттік шекарасын делимитациялау, инвестициялар тарту және тағы басқалары сияқты Қазақстанның сыртқы саясатының функционалдық басымдықтарын іске асыруға қатысты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының функциясының бірі - ұлттық қауіпсіздікті сақтау. Мемлекеттік саясаттың негізі. Ұлттық қауіпіздік – белгілі бір мемлекеттің сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ол жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігінен құралады. Жеке адамның қауіпсіздігі – ұлттық қауіпсіздіктің негізгі өлшемі, себебі қауіпсіздіктің негізгі нысандарына, ең алдымен жеке адам, оның құқы мен бостандығы жатады. Қоғамның қауіпсіздігін сақтауға мыналарды жатқызуға болады: қоғамдағы адамдардың тұрмыс деңгейінің құлдырап кетуіне жол бермеу, қоғам өмірінің барлық саласында халықтың белсенді әрекетін қолдап отыру, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау. Мемлекеттің қауіпсіздігі ұлттық мүддеден туындайды. Ұлттық-мемлекеттік мүдде мемлекеттер саясатының және мемлекетаралық қатынастардың теориясы мен іс-дағдысындағы негізгі ұғымдардың бірі болып табылады [7]. Халықаралық қатынастардың биполярлық жүйесінің өткен кезеңде қалуы, көпполюстік нышандардың пайда болуы – қазіргі заман шындықтарына жауап бере  алатын және ұлттық-мемлекеттік мүдделерге сәйкес келетін сыртқы саясатты жүргізу қажеттігіне әкелді.

Қазақстан ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан дүниежүзіндегі бірінші мемлекетке айналып, өзінің тарихи міндетін орындады.

Оның бірнеше себептерін атауға болады: Бірінші, жас мемлекетке мұндай аса қауіпті ауруды ұстау экономикалық және техникалық жағына ғана емес, бақылау жасау мен оны қауіпсіз күйде ұстау тұрғысынан да аса қиын болды; екінші, ядролық қару сынақтарының азабын көрген аймақтың халықтарын денсаулыққа, өмір сүруге келтірген зиянын қайталамау қажеттігін түсінді; үшінші, ядролық қаруды сақтау Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа енуіне кедергі келтіруі мүмкін елі; төртінші, еліміздің бейбітшілік саясаты ядролық қарудан бас тартуды талап етті [8].

Президент Н. Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуы үшін үш шартты орындауды ұсынды, олар: ядролық қаруы бар мемлекеттер тарапынан Қазақстанға болашақта ядролық  қарумен  шабуыл  жасамау туралы  кепілдіктің берілуі; ракеталардағы уран құнының Қазақстанға қайтарылуы, Қазақстан экономикасына қаржы жұмсау жөніндегі келісімнің болуы.

2002 жылы маусымның 3-4 күндері Алматыда АЫСШК-ке мүше елдердің мемлекет басшыларының бірінші саммитіне 16 елден делегация келді. Сегіз мемлекет бақылаушы ретінде өз өкілдерін жіберді, олардың арасында АҚШ, Жапония, Корея, Индонезия, Украина, Вьетнам елдері болды [9].

Азия тарихында бұрын болып көрмеген осы кездесуде континенттің үйінді проблемалары талқыланып қана қоймай, олардың ушығуын бәсеңдетуге қол жетті.  Саммит кей тұстарда бір-бірімен күрделі қарым-қатынастарда болған үлкен және кіші мемлекеттер арасындағы тікелей диалог өтетін бірегей ортаға айналды.

Саммитте Алматы актісі және Өркениеттер арасындағы диалог туралы және халықаралық лаңкесшілдікпен күрес туралы декларация қабылданды. Ұйымның сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуға, трансшекаралық ланкесшілдік пен экстремизмге, есірткі тасымалына және заңсыз көші-қонға, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске бағытталған практикалық қызметін қамтамасыз ететін негізгі бағдарламалық және жарғылық құжаттар қабылданды.

Сонымен қатар ядролық қару-жарақтың, нақ сондай химиялық және биологиялық қару-жарақтың сақталып отырған көлемі және оның барлық жағынан таралуы күллі адамзатқа елеулі қатер төндіреді. Мүше мемлекеттер жаппай қырып-жоятын қару- жарақты (ЖҚҚ) толығымен жоюға бағытталған күш-жігерді қолдануға уағда береді.

Мүше мемлекеттер лаңкестіктің барлық нысандары мен көріністерін сөзсіз және қалтқысыз айыптайды.

Бүгінгі таңдағы лаңкестіктің қатері оның есірткінің заңсыз айналысымен, жеңіл атыс қаруын астыртын сатумен және оны кез келген нысанда лаңкестік топтарға беруімен, нәсілшілдік идеологиямен және сепаратистік ұйымдармен, лаңкестік қызметті қаржыландырудың және адам күшімен толықтырудың негізгі қайнары болып табылатын экстремизмнің барлық көріністерімен тығыз байланыста болуы салдарынан ұлғая түсуде.

Есірткінің заңсыз айналымы біздің мемлекеттеріміздің және тұтас біздің құрлығымыздың ішкі және халықаралық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ біздің халықтарымыздың игілігіне елеулі қатер төндіретіні мәлім.

Жалпы, осылайша сыртқы саясаттың жалғасуы маңызды болып табылатына күмән жоқ. Мемлекеттердің ұлттық пайдаларын қорғауда, аймақтарындағы жағдайларға болымды және болымсыз түрде үлес қосқанда тұрақтылық маңызды орын алады. Ауқымды бір көзқарас аясында және үздіксіз сұранысы бар саясаттардың мақсаттарына жетуі - тарихи бір шындық.

Сыртқы саясаттың ортаға шығу және жүргізілу кезеңі - бір мемлекеттегі саяси мәдениеттің, басқару жүйесінің, экономикалық құндылықтардың, халықаралық конъюнктура мен ішкі саясатының жиынтығы. Өмір сүретін бір мекеме ретінде Атазаңы да осы кезеңде маңызды орынға ие.

 

 Әдебиеттер

  1. Сирота Н.М. Геополитика. – СПб.: Питер, 2006. - С.
  2. Фу Чжен Кун. Геополитика Казахстана между прошлым и будущим. - Алматы,
  3. Материалы научно-практической конференции. Центральная Азия и Казахстан в фокусе современных международных отношений. – Алматы,
  4. Эрлер Г. Европа и Центральная Азия: совместно преодолевать вызовы. Выступление в Комитете по международным делам, обороне и безопасности казахстанского Мажилис//РИА «Новости». 06.2001
  5. Выступление комиссара по вопросам внешней политики ЕК Криса Паттена в Алматы 15.03.2004 / Центральная Азия во внешней политике Европейского Союза. — Алматы, 2004
  6. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы: Білім, 1997. - 171 с.
  7. Указ Президента РК от 26 марта 1999 года № 88 «О Совете безопасности РК».// Национальная безопасность: итоги десятилетия. Сборник документов. - Астана: Елорда, 2001. - 480 с.
  8. Токаев К.К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. – Алматы,
  9. mfa.rz

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.