Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Батысты игеру» саясаты және Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі

Қытай бүгінгі таңда XXI ғасыр үлгісіндегі жаңа мемлекеттің негізін қалауда, оның саясаты ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Осы бағыттағы ең маңызды мәселе – этникалық топтардың алатын орны. Шекара қорғанысының нығаюын тілге тиек еткенде біз бірден аз ұлттар қоныстанған аудандарды алға тартамыз. Қытай түсініктері бойынша аз қоныстанған аудандарға солтүстік-батыс, батыс аудандарды жатқызады, оларға ішкі Монғолия, ШҰАА, Тибет кіреді. Көріп отырғанымыздай, халықтың тығыз қоныстануына әртүрлі тарихи процестермен бірге климаттық жағдайлар да әсер еткен. Әдетте, теңіз жағалауының маңайында жылы климат болады, бұл тұрғындарға теңіз  байлықтарынан баюға, жыл бойы егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді. Атап айтатын болсақ, топырақтың ең құнарлы бөлігі теңіз жағалауының шығыс және оңтүстік бөліктерінде орналасқан [1].

Қытайды зерттеушілер Қытай халқының отырықшылыққа құштарлығын атап өтіп, олардың жаңа жерлерді игерудегі қарапайымдылықтарына көңіл бөледі. Бұл жөнінен 2000 жылдың басындағы ҚХР орталық органдарының шешімдеіне сәйкес Қытайдың батыс аудандарын игеру компаниясын атап көрсету қажет және болашаққа арналған, бұның бірінші кезеңі 2010 жылға таман аяқталуы тиіс. «Батысты игеру» идеясы жаңа болып табылмайды. Ол өткен ғасырларда Цин әулетінің билеушілерінің негізгі мәселесі еді. XX ғасырда да, әсіресе 50-60 жылдары Пекин билеушілері Батысты игеру туралы белсенді түрде айта бастады. Бірақ бұл ойлар сол уақытта жетілдірілген экономикалық негізге бағдарлана  алмауы және тек миграциялық компанияларға ғана алып келді.

Батысты игеру бойынша қазіргі заманғы мемлекеттік бағдарлама бұрынғы компаниялардан төмендегідей ерекшеленеді:

  • біріншіден, Батысты игеру XX ғасырда ҚХР-дың маңызды стратегиялық мақсаты ретінде танылған;
  • екіншіден, орталық саяси және мемлекеттік органдардың жұмысын бастамас бұрын, негізгі жалпы даярлау жұмысы жүргізіледі. Бұл бағытта алдыңғы жылдардың тәжірибесі жинақталған;
  • үшіншіден, жалпы мемлекеттік компаниялардың басталуына дейін барлық батыс аудандарына мамандар, технологиялар келе бастады, құрылыс жұмысы тарады [2];
  • төртіншіден, шынайы экономикалық база мен қаржы қайнар көздерінің негізінде көшіп-қону процестерінің өзектілігі орын алған 9-ыншы бесжылдық пен келесі онжылдыққа әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік жоспарының негізгі бөлігі болған кешенді жоспар даярланған.

Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудыратын ШҰАА-ның жағдайына тоқталып өткен жөн:

  • біріншіден, ШҰАА – Қытай мен Қазақстан үшін маңызды стратегиялық аудан;
  • екіншіден, ШҰАА-да біздің отандастарымыздың 1 миллионнан астамы, қазақ диаспорасының көбі тұрады;
  • үшіншіден, Батысты игеру бойынша ҚХР-дың мемлекеттік бағдарламасында ШҰАА негізгі орынды алады;
  • төртіншіден, барлық көшіп-қону компанияларындағы көшіп-қону ағынының көп бөлігі ШҰАА-ға бағытталады;
  • бесіншіден, ШҰАА табиғи ресурстарға, құнарлы жерге, мұнай-газ кен орындарына бай аудан болып табылады.

Қытай үшін ШҰАА халықтың көп ұлтты құрамымен ерекше назар аударатын аймақ болып табылады. 50-жылдардың басында бұл ұлттық ауданның территориясында, негізінен ұлттық азшылықтардың өкілдері тұрды. Бұлар: ұйғырлар, қазақтар, дұнғандар, қырғыздар еді. Ал ханьдықтар 15 пайыздан төмен бөлікті құраған. Негізгі этникалық масса ұйғырлар  еді, яғни барлық халықтың 70 пайызына жуығын құрады. Қазақтар тек 10 пайызға жуық болды. ШҰАА-ның ұлттық құрамына алдыңғы ғасырдың 50-70 жылдарында жүргізілген көшіп-қону шаралары шешуші ықпал етті, соның нәтижесінде ханьдықтардың үлес салмағының жоғарылауы жүзеге асты. Осы кезеңде 180 мыңнан астам қазақтар, ұйғырлар, басқа да ұлттар Қазақстан территориясына көшіп келді [3]. Осылайша түрік тілдес халықтардан хань ұлтының басымдылығы байқалды.

Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданы ҚХР-дың батыс қақпасы болып табылады және ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынас жолдары өтетін жалғыз аймақ. Екі мемлекет арасындағы барлық көлік магистральдары: әуе, теміржол, автомобиль жолдары ШҰАА арқылы өтеді, екіжақты сауда көлемінің 80 пайызы ШҰАА-ның еншісіне тиеді, бұған қоса бүкіл Қазақстан - Қытай шекарасы ШҰАА-ның территориясына жапсарлас жатыр. Шыңжаң ҚХР-дың батыс солтүстік шекара өңіріне орналасқан шекара линиясы ұзын, стратегиялық орны ерекше маңызды елдің орнықтылығы мен қауіпсіздігін қорғауда маңызды  рөл атқарады. Сондай-ақ шетелдермен экономика, мәдениет ауыстырудың терезесі, сондықтан хань ұлты мен этникалық топтардың өз ерекшеліктерін қайткенде толық дамыту және  оларды органикалық түрде бірлестіру - мемлекеттің экономикасы мен қоғам дамуының  кепілі [4]. Барлығымызға белгілі аз ұлт аудандарының басым бөлігі мемлекеттің шекара аудандары.  Мемлекет  қорғанысының  алдыңғы  шебі  ерекше  маңызды  осы  замандандыру құрылысын жүргізуде сөзсіз тыныш, ынтымақты, саяси жағдай әрі қауіпсіз, сенімді шекара қорғанысы болуы тиіс.

Ал бұлардың барлығы да аз ұлт халықтарының белсене құлшынуынан айыра алмайды. Берік, қауіпсіз шекара қорғанысын құрудағы бірден-бір тәсіл. Шекарадағы аз ұлт аудандарының экономикалық, мәдени жағдайын тездету тек экономика дамығанда, халық тұрмысы жақсарғанда, шекара орныққанда, мемлекет қорғанысы нығайғанда ғана берік негіз қаланады. Осы орайда Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мәселесінің шешілуін қарастырған жөн болар.

Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізді. Осыған орай мемлекеттің ерекшелігін айқындайтын аумақтық тұтастықтың белгісін танытатын мемлекеттік шекараны белгілеу басталды. Қазақстанның Қытаймен ортақ шекарасы  Синьцзян Ұйғыр Автономиялы ауданымен 1,718 км-ге жетті [5]. Қазақстанның Қытаймен шекара мәселесі Кеңес Одағынан қалған мәселе болып табылады. Сондықтан шекараға байланысты делимитация, демаркация жұмыстарын жүргізу сияқты мәселелерді шешу мемлекеттің еншісіне қалды. Қазақстан егемен ел болғаннан кейінгі Қытаймен шекара мәселесін шешу процесін сөз етер алдында, алдымен өткенге қысқаша шолу жасап өтсек.

Шекара сызығы кезінде Ресей патшалығы мен Цин өкіметі арасындағы төменде берілген келісім құжаттарына сәйкес орнатылды:

  • 1860 жылы 2 қарашада қабылданған Пекин келісімі (ол шекараның жалпы бағытын анықтайды);
  • 1864 жылдың 25 қазанындағы Шәуешек хаттамасы (шекараның өтуін географиялық тұспал бойынша белгілейді);
  • 1881 жылдың 12 ақпанындағы Петербург шарты (Зайсан көлі ауданындағы шекараның өтуін анықтайды және орталығы Құлжа қаласы болған Іле өңірі Қытайға қайтарылады) [6].

Соңғы қосымша хаттамаға 1915 жылы қол қойылды. Ол өзен сағасының өзгеруіне байланысты Хоргос шекара учаскесін анықтады [7].

Содан 1917 жылдан бастап баршамызға белгілі тарихи оқиғаларға байланысты шекара мәселесі екі жақтың да назарынан тыс қалды. Бірақ 50-жылдардың аяғында Қытай мен Кеңес Одағы қарым-қатынасының сууымен Қытай өзінің шекарадағы аумақтық талаптарын қоя отырып, келіссөздерді жалғастыруды ұсынды. Алайда 1964 жылы келіссөздер ешқандай нәтиже бермейді, содан екі ел арасындағы байланыс шиеленісе түсіп, нәтижесінде Даманский аралы мен Жалаңашкөл көлінің жанында қанды қақтығыс орын алды. 1969 жылдың  қыркүйек айында Кеңес Одағының сұрауы бойынша Пекин әуежайында Косыгин мен Чжоу Эньлай кездесті. Бұл кездесу қақтығыстарды тоқтатқанмен, аумақтық мәселені шеше қойған жоқ [8].

1992 жылы Қазақстан мен Қытай арасында шекара мәселесі туралы консультациялар басталады. Сол жылдың ақпан айындағы Қазақстан премьер-министрі С. Терещенконың Қытайға сапары кезінде ҚХР-дың ресми адамдары шекара сызығының белгіленуі туралы әртүрлі пікірлердің пайда болуына байланысты жан-жақты өркениетті консультациялар жүргізуді бастау туралы ұсыныс жасады [9].

Қазақстан - Қытай шекара мәселесін шешудегі алғашқы нақты қадам ретінде Қытай премьер-министрі Ли Пэннің 1994 жылдың сәуір айындағы Қазақстанға сапарында қол қойылған ҚР мен ҚХР арасындағы Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы  келісім–шартты атауға болады. Бұл келісім 1995 жылдың 11 қыркүйегінде күшіне енді. Аталмыш келісім бойынша «тараптар бүгінгі Қазақстан – Қытай шекарасы туралы келісім негізінде, халықаралық құқықтың жалпыға ортақ ережелеріне сәйкес, тең дәрежедегі консультациялар, өзара түсінік пен өзара ыңғайға көну рухында, сонымен бірге шекара мәселелері туралы келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтар негізінде Қазақстан мен Қытай арасындағы тарихтан қалған шекара мәселелерін одан әрі тиімді түрде шешуге және екі мемлекет арасындағы шекара сызығын анықтап, белгілеуге келісті». 1994 жылы шекара сызығының бірнеше учаскелері бойынша толық уағдаластыққа қол жеткізілмегендіктен келісімнің   3-інші   бабы   келіссөздерді   әрі   қарай   жалғастыру   қажеттігін   атап көрсетті:

«Уағдаласушы тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы он бесінші шекара нүктесінен он алтыншы шекара нүктесіне дейін, қырық сегізінші шекара нүктесінен қырық тоғызыншы шекара нүктесіне дейінгі мемлекеттік шекара сызығының өтуі туралы мәселелерді осы келісімнің 1-інші бабына сәйкес шешу үшін келіссөздерді жалғастыру керектігімен келісті» [10]. Бұл құжат Талдықорған облысындағы (қазіргі Алматы облысы) Сарышілде өзені  аймағы мен Семей облысындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шаған Оба деген жерден басқа бүкіл шекара сызығының өтуін белгілеген болатын [11]. Тараптар паритеттік бастама негізінде бірлескен демаркациялық комиссия құруды және сол комиссияға  шекараны демаркациялауды жүзеге асыруды шешті: шекаралық тау жоталарындағы суайрықтары мен шекаралық өзендердің ортасының немесе негізгі сағаларының нақты жағдайын анықтау, осы келісімнің 5-інші бабына сәйкес шекаралық өзендердегі аралдардың тиістілігін анықтау, шекара белгілерін орнату, шекараны демаркациялау туралы құжаттардың жобасын дайындау, нақты демаркациялық карталарды құру, сонымен қатар жоғарыда аталып өткен міндеттерді орындаумен байланысты әртүрлі нақты мәселелерді шешу [12].

1997 жылы Қазақстан мен Қытай арасында шекара мәселесінің шешілуіне тағы бір қадам              жасалды.    Еларалық   уағдаластықтар   нәтижесінде   тамыздың   24-інде    Қазақстан Республикасы тұңғыш мемлекеттік шекара белгісін орнатты. 1994 жылы қол жеткізген Қазақстан - Қытай шекарасы туралы келісімнің 4-інші бабы бойынша құрылған, бірлескен демаркациялық комиссияның жұмысы белгілі нәтиже берді. Келіссөздер жүргізу барысында демаркациялық комиссиялар 502 шекара белгісін орнатуы туралы келісілді. Қазақстан 254, ал Қытай 248 белгі орнатуды өз міндеттеріне алған. Практикалық шаруаларды атқару үшін жер-жерлерде 6 демаркациялық жұмысшы тобы құрылды. Олар геодезиялық, топографиялық және басқа да арнайы жұмыстарды жан-жақты зерттеп, шекара учаскелерін нақтылы айқындай түсті. Екі мемлекет те өздерінің мемлекеттік шекараларын айқындап, белгілер орната бастады. Ал екі республиканың теміржолдары түйіскен тұста күміс қада қадалды [13]. Сөйтіп, осы жылдың, яғни 1997 жылдың қыркүйек айында Қытай премьері Ли Пэннің Қазақстанға сапары барысында Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасы туралы бірінші қосымша келісімге қол қойылды.

1998 жылдың шілде айында Қытай төрағасы Цзян Цзэминьнің Қазақстанға сапарының негізгі қорытындысы Қазақстан – Қытай шекарасы бойынша екінші қосымша келісімге қол қойылуы болып табылады. Бұл келісім 1999 жылдың 7 сәуірінде күшіне енді.

1999 жылғы қараша айындағы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қытайға ресми сапары барысында ҚР мен ҚХР арасындағы шекара мәселесін толық реттеу туралы  Бірлескен Мазмұндама қабылданды. Демаркацияланған шекараның жалпы ұзындығы - 1660 км. 1999 жылы 5 мамырда Алматыда қабылданған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктесін анықтау туралы келісімін Қазақстан Республикасының Парламенті 1999 жылдың 30 желтоқсанында ратификациялап, 2000 жылдың 15 қаңтарында күшіне енді [14].

Қазақстан мен Қытай арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде шекараны делимитациялау туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Қазақстан баспасөздерінде әртүрлі пікірталас туындады. Біреулердің пікірінше Қазақстан Қытайға жерін беріп қойды деген болса, ресми көзқарас бойынша ешқандай да   жер берілмегендігі айтылды.

Жалпы, 1994 жылы Қазақстан мен Қытай шекара сызығын белгілеуде екі учаске бойынша уағдаластыққа қол жеткізілмегенін жоғарыда айтып кеттік.

КСРО-да өз кезінде Қытаймен бұл мәселені шеше алмады. Шекара мәселесін реттеу процесінде пайда болған «даулы учаскелер» ұғымына Қ. Тоқаев  мынадай түсініктеме берді:

«Шекара проблемаларын өркениетті түрде шешуге деген алға басу 1987 жылы басталды, осы уақытта тараптар ресми карталармен алмасты. Карталармен жұмыс істеу шекара сызықтары сәйкес келмейтін учаскелердің бар екендігін көрсетті. Міне, осындай учаскелер «даулы» деген атқа ие болды. КСРО мен ҚХР шекарасындағы «даулы» учаскелердің жалпы алаңы 34 мың шаршы километрді құрайды. Келіссөздер барысында Қазақстан мен Қытай орыс-қытай шарттарының ережелерін, халықаралық құқық нормаларын басшылыққа ала отырып, өзара түсіністік және өзара ыңғайға көну негізінде Сарышілде өзені ауданындағы учаскеде өткен ғасырдың шарттарына негізделген Қытай тарапының әлдеқайда салмақты  дәлелдерін ескеріп, Сарышілде өзенінің сол жағалауын оның шығыстағы бастауынан Черемхово өзеніне құйылатын тұсына дейінгі Черемхово өзенінің бүкіл аңғарын және Қазақстан аумағынан осы аңғарға шығуға бақылау жасайтын Шолақ (Содабань) асуының ауданын қамтитын, жалпы алаңы 95 шаршы километрге жуық аумақты Қазақстанға бекіту туралы уағдаласты. Сонымен бірге де шаруашылық қызметінің дәстүрлі аудандары, жайылымдар, шабындықтар және орман алаптарының бір бөлігі Қазақстан шегінде сақталады».

Сарышілде өзенінің оң жағалауын, сондай-ақ Құлағансай жылғасының сол жағалауы саласындағы ауданды қамтитын аумақ Қытайға бекітілді. Шаған Оба және  Баймырза асулары ауданындағы учаскеде, біздің тарапымыздың әлдеқайда салмақты дәлелдерін ескеріп, батыстан бастап Сауыр жотасының оңтүстік баурайын қамтитын Шаған Оба асуына және салаларымен бірге Керегентас өзеніне дейінгі жалпы алаңы 442 шаршы километрге жуық аумақ Қазақстанға бекітілді. Және де екі шекаралық застава мен орман шаруашылығы, бүкіл орман түгелімен және мал шаруашылығы жайылымының көптеген аудандары Қазақстан шегінде сақталады. Адырбай және Талдыайрық өзендерінің жоғарғы ағысындағы аңғарларды, сондай-ақ Баймырза асуы ауданындағы Тарбағатай жотасының оңтүстік баурайын қамтитын, жалпы алаңы 187 шаршы километрге жуық аумақ Қытайға бекітілді.

Сонымен, шамамен жалпы алаңы 944 шаршы километр екі келісілмеген учаскенің 537 шаршы километрі (56,9%) Қазақстанға, 407 шаршы километрі (43,1%)  Қытайға тиесілі [15].

Жалпы, кез келген мемлекет екінші бір мемлекетпен келіссөздер жүргізу барысында, ең алдымен өзінің ұлттық мүддесін қорғайтыны сөзсіз. Саясат ғылымында құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралық келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып табылатынын ойындар теориясы негізінде қарастырылып отырған мәселені талдайтын болсақ, ойындар теориясы бойынша ойынға қатысушылар (келіссөздерге қатысушы мемлекеттер) өздері қатысып отырған ойыннан  толық басымдықпен шықпаса да, барынша аз шығынмен шығуға тырысады. Келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекет ең алдымен өзінің мақсаты мен міндеттерін айқындап, тактикасын белгілеп, жемісті жұмысқа қажетті шарттарды қалыптастыруы керек. Ал Қазақстанның бұл орайдағы негізгі мақсаты бейбіт жолмен шекара мәселесін шешу, сол арқылы Қазақстан қауіпсіздігін нығайту болып табылады. Аталмыш шекара мәселесін дипломатиялық жолмен шешуде Қытайдың өзі де мүдделі. Өйткені кезіндегі шекара мәселесін шешуде ортақ мәмілеге келе алмау немесе ортақ мәмілеге келуге тырыспаудың нәтижесі қанды қақтығыстарға ұласып, байланыстардың шиеленісуіне әкелгені белгілі. Ал бүгінде орын алған жаңа халықаралық жағдайда еларалық бүліктің ешкімге де қажет емес екендігін бәрімізде түсінеміз. Егер аталмыш мәселе өз шешімін таппаған жағдайда, келіссөздер әрі қарай созылып, екіжақты байланыстардың дамуына ақау келтіретін жағдайдың тууы әбден мүмкін еді. Оған қоса Қазақстан мен Қытай арасында әлі де болса шешілмей келе жатқан саяси мәселелер бар. Мысалы, Іле, Ертіс шекаралық өзендер мәселесі, Қытайдағы қандастарымыздың отанына қоныс аударуы сияқты мәселелер.

Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекара сияқты өте күрделі мәселені дүниежүзіне бейбіт келіссөздер жолымен шешуге болатынын тағы да көрсеткендей. Бұл да бір Қазақстан мен Қытайдың өзара достық, тату көршілік қарым-қатынастарды тереңдете түсіп, одан әрі дамытуға деген үлкен ниеті екендігін аңғартатыны  анық.

 

 Әдебиеттер

  1. «Миньцзу туаньцзие». Чжунго шэхуй кэсюэ юань миньцзу   яньцзюсо чжубань. 2000. - №2 . - С. 3
  2. Султанов К.С Реформы в Казахстане и Китае. – Астана: Елорда, 2000. - С. 393-394.
  3. Сонда. 396-бет.
  4. Шыңжаң газеті. – 2001. - № 9. – 1-бет.
  5. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии. Казахстан – Спектр. № 1 (11). – Алматы: КИСИ 2000. - С.
  6. Скальковский К. Внешняя политика России и положение иностранных держав. - М., 1897. - С.
  7. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии. Казахстан – Спектр.№ 1 (11). – Алматы: КИСИ, 2000. - С. 81.
  8. К. Токаев. Под стягом независимости. – Алматы: Білім, 1997. - С. 205-206.
  9. Сыроежкин К.Л. Взаимоотношения Китая с государствами Центральной Азии. Казахстан – Спектр.№ 1 (11). – Алматы: КИСИ, 2000. - С. 83.
  10. Сонда. 84-бет.
  11. Егеменді Қазақстан. – 1999 ж. 2 ақпан.
  12. Сборник документов по международному праву. - Алматы: АО «САК», 1998. - С.
  13. Жас Алаш. – 1997 ж. 26 тамыз.
  14. ҚР CIM-нің материалдарынан.
  15. Егеменді Қазақстан. – 1999 ж. 2 ақпан.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.