Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі таңдағы Қазақстан мен НАТО-ның қарым-қатынастары

Варшава Шарты ұйымы тарағаннан кейін халықаралық қатынастарда НАТО-ның рөлі қырынан көріне бастады. Соңғы жылдар ішінде НАТО қызметінде түбегейлі өзгерістер жүрді, әскери күш-жігерді жан-жақты қайта құру жүзеге асырылды. Мұндай үрдістер бүгінде өз жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Блоктық әскери құрылыс стратегиясы елеулі өзгерістерге ұшырады, НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа арналған шығыстары азайды және Блоктың жеке құрамы мен құрылымдық әскери бөлімшелері қысқарды. НАТО-ны әскери ұйымнан саяси-әскери ұйымға айналдыру үрдісі күшейді. Бұрын КСРО-ға және Варшава Шартының басқа да қатысушыларына бағытталған кейбір әскери және саяси доктриналар қайта қаралды [1].

Осы НАТО-ның жаңа рөліне сәйкес КСРО ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттермен де қарым-қатынастар жаңа деңгейде орнатылды. Осы посткеңестік мемлекеттердің қатарында Қазақстан Республикасы өзіндік орынға ие.

Қазақстан мен  НАТО-ның  қарым-қатынастары  НАТО-ның  бұрынғы  Бас  хатшысы  М.  Вернердің  1992  жылғы  қарашадағы  Алматыға  сапары   кезінде   және   Президент  Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы ақпанындағы НАТО-ның штаб-пәтеріне ресми сапары кезінде басталды. Содан бері Альянстың саяси және әскери басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет келу барысында екіжақты қатынасты нығайтты.

1992 жылы Қазақстан Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағының тәуелсіз мемлекеттерімен ынтымақтастықты жолға қою үшін арнайы құрылған НАТО органының – Солтүстік Атлантика ынтымақтастығы кеңесінің (қазір – Еуроатлантикалық  әріптестік кеңесі) мүшесі болғаны белгілі. Қазақстан мен НАТО-ның Солтүстік Атлантика Ынтымақтастық Кеңесі желісі бойынша өзара іс-қимылы іскерлік пен өзара тиімді сипат алуда.

1994 жылғы 27 мамырда «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» атты негізгі құжатқа қол қойып, Қазақстан осы Бағдарламаға қатысушы 19-ыншы мемлекет болды. Екіжақты қатынастар 1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен НАТО-ның арасындағы өзара қарымқатынастарды орнатқан құжатқа қол қоюы нәтижесінде дамуда. Ол құжат ұлттық  қорғанысты жоспарлау мен қаржыландыруды, қарулы күштерге демократиялық бақылау жасауды қамтамасыз етуді, бейбітшілік пен гуманитарлық операцияларды қолдау жөніндегі миссияларды жүзеге асыруға жекелеген бөлімшелерді әзірлеу мақсатында бірлескен жаттығуларды жоспарлау мен өткізуді, қарулы күштер үшін кадрлар даярлауды қамтиды.

Әскери байланыстарды қатаң салыстырған шеңберде диверсификациялау, Еуропа қауіпсіздігі жүйесіне белсенді қосылу республика мүддесіне сай келеді. Хельсинки қорытынды актісінің он қағидасының арасында – шекаралардың мызғымастығы, мемлекеттердің территориялық тұтастығы мен күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау бар. Бір осының өзі Қазақстанның НАТО-мен байланысты кеңейту және Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің жұмысына қосылу ниетін ақтайды, ал біз бұрынғы одақтың құқықты мирасқорларының бірі ретінде кеңеске қатысушы болып отырмыз [2].

Әрқашан бейбітшілікті дәріптеген Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. Осы келісімге қол қоюда қауіпсіздігіміздің мүддесін ескере отырып, біздің түпкі ниетіміз ядролық әлеуетсіз аумақтық тұтастық пен қолсұқпаушылық кепілдігіне ие болып белгіленді.

Біздің еліміз Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып НАТОның «Жоспарлау және шолу үрдісі» бағдарламасына қосылған болатын.

НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын іс-шараларға Қазақстан Қауіпсіздігінің Кеңесінің қатысып келе жатқанына жеті жылдан асты.

Біздің еліміз аумағында өткізілетін халықаралық оқу-жаттығулардың барысында қазақстандық әскер сарбаздары мен сардарлары әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің әскери қызметшілерімен тең дәрежеде үзеңгі қағыстырып, шеберліктерін шыңдай түсуде.

Қазақстан «Жоспарлау және шолу үрдісі» бағдарламасына қосылысымен 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан мен НАТО-ның Техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі ұйымы материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастыққа қатысты түсіністік туралы меморандумға қол қоюы өзара байланыстың тағы бір қырын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі меморандумды іске асыруға бағытталған алғашқы кезектегі міндеттерді  жүзеге асыруда.

Осыған қатысты Қорғаныс министрлігінің желісі бойынша біз тұңғыш рет Альянс+1 форматының деңгейіне шықтық.

Қазақстан аймақта алғашқы болып бітімгершілік күштерін дамыту бағдарламасын әзірледі. НАТО елдерімен әскери-техникалық ынтымақтастық нәтижесінде «Қазбат» 2002 жылы толықтау НАТО стандарттары бойынша жасақталды. Сондай-ақ екі мемлекеттің меморандумына сәйкес «Қазбат» бітімгершілік батальоны БҰҰ «Көгілдір каскаларының» құрамына енді.

Америкалық әріптестерімен мейлінше ширақ та серпінді жүргізілген бірлескен келіссөздердің әріптестік қатынастар орнату үшін негіз болғанын атап айтуымыз керек. Өйткені ядролық қару, өз еркімен ядролық жарақтан бас тартып отырған мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жол ашу мәселелері талқыланды. Бұл мәселелердің ерекшелігінің өзі өзара сенім деңгейінің барынша биік болуын және екі жақтың да ой-ниетінің таза болуын көздейтін еді [3].

Егер тұтас Қазақстан-Америка қатынастары жайында сөз қозғайтын болсақ, онда біздің Қазақстан аумағындағы ядролық жарақтың тағдыры туралы мәселені талқылаудан бастап әр қадам сайын ұзақ мерзімді достық, өзара сенім мен құрмет қатынастарына негізделген кең ауқымды, өзара әрі жемісті ынтымақтастыққа қарай ілгерілей бердік деу керек. Қазірдің өзінде саясат, экономика, мәдениет, білім беру, экология, ғылым мен технология, денсаулық сақтау және басқа салалардағы байланысты күшейту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстанның қауіпсіздігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен демократиялық дамуын қамтамасыз ету мәселелерінің де маңызы мейлінше зор. Бұл салалардағы ынтымақтастық екіжақты негізде де, сондай-ақ жұмыс істеп жатқан халықаралық және аймақтық қауіпсіздік құрылымдарының: БҰҰ-ның, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі  кеңестің, Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің шеңберінде де жүзеге асырылатын болады. Біз «он алтының» НАТО-ны кеңейту жөніндегі бастамасына да Еуропадағы және оған іргелес аудандардағы қауіпсіздік жүйесін нығайтуға қызмет ететін уақтылы  әрі  келешегі  біршама  кемел  шара  ретінде  қараймыз. Біз   үшін  НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасының шеңберінде ашылатын аймақтық қауіпсіздік пен қатысушы елдердің қорғаныс әлеуетін нығайту мүмкіндігінің де айрықша маңызы бар.

Қазақстан мен НАТО арасындағы саяси байланыстар да нығаюда. 1998 жылы Қазақстанның сыртқы саяси қорғаныс ведомстволары басшыларының Альянс басшылығымен және оған қатысатын бірқатар мемлекеттердің жоғары лауазымды өкілдерімен кездесулері өткізілді. Бір мезгілде Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудегі (Семей, Арал) Альянстың мүмкіндіктерін пайдалану, «Ғылым бейбітшілік үшін» бағдарламасы әріптес елдердің НАТО елдері ғалымдарының осы заманғы ғылымитехникалық әзірлемелеріне қол жеткізуге, сондай-ақ ұлттық экономика мен ғылымның мүддесі жолындағы жобаларды жүзеге асыруда қаржылық көмек алуға мүмкіндік береді. Қазақстан қазірдің өзінде НАТО комитетінің бірқатар басымдық берілетін жобаларына, оның ішінде Каспий экологиясы жөніндегі жобаға қатысып келеді. Мәселен, қазақстандық ғалымдардың екі жобасы НАТО-ның Ғылыми комитеті сарапшыларының мақұлдауына ие болды (екеуі де ядролық және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты).

Біздің еліміздің басшылығы Қазақстанның Альянспен қатынасын дамытудың жаңа басымдықтарын белгіледі. Бірінші кезекте өзара іс-қимылдың әскери-саяси астарына назар аударылады. Еуразия аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың мәселелері бойынша ақпарат алмасу, сондай-ақ өзара мүдделік білдіретін және тікелей жария дипломатияның тетіктеріне қатысты мәселелер бойынша тұрақты консультациялар өткізу маңызды бағыт болып табылады. Терроризм, экстремизм, есірткілердің заңсыз айналымы сияқты жаңа қауіпқатерді ауыздау үшін НАТО әлеуетін пайдаланудың маңызы зор.

НАТО-ның әскери күші, жұрттың күткеніндей, Антитеррористік коалицияның жауынгерлік өзегі болды. Кезінде, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористер шабуылы тұтастай альянсқа әскери шабуыл ретінде бағаланған болатын.

Тарихта тұңғыш рет 1949 жылғы ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнің ережесіндегі 5 бапқа жүгінім жасалды, онда НАТО-ның бір мүшесіне шабуыл жасалса, басқыншы елдерге қарсы шара қолдану үшін альянсқа қатысушыларды міндеттеу көзделген болатын.

Альянсқа қатысушылардың нақтылы әрекеті НАТО әуе күштеріне қарсы қорғанысы бақылауының 7 жүйесін, Шығыс Жерорта теңізіндегі НАТО-ның әскери-теңіз топтарын жандандыру және НАТО одақтастары мен серіктестерін талибтерге қарсы жүргізілетін  әскери әрекеттерге жұмылдыру, сондай-ақ Ауғанстанның шаруашылығы мен қауіпсіздігін қалпына келтіру тұрғысында көрініс тапты.

«Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы – осы беделді ұйыммен ынтымақтасудың неғұрлым пайдалы түрі. Оған қазірде 46 мемлекет қатысып отыр, оның ішінде Қазақстан да бар. Президент Н.Ә. Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Бұл ынтымақтастықта Солтүстік Атлантика Одағының біздің қоғамды демократияландыру, экономиканы жаңғырту бағытымызды қолдауы, сондай-ақ республиканың жас армиясының аяғынан тік тұрып кетуіне көмек көрсетуі қызықтырады» [4].

2000 жылы 3 шілдеде Қазақстанға келген НАТО-ның бас хатшысы Лорд Джон Робертсон өз сөзінде ол лаңкестік пен және есірткі таратуға қарсы бірігіп күрес жүргізудің қажеттілігін баса айтты. НАТО және Қазақстан Төтенше азаматтық бағдарлама бойынша ынтымақтастық келісіміне қол қойды, оның мақсаты – НАТО Қазақстанға табиғи апат (жер сілкінісі, су тасқыны, т.б) бола қалған күнде көмек көрсетуге, Саржал ауданындағы радиологиялық жағдайдың өршуіне жол бермеу, т. б. үшін күресуге дайын екендігін атап көрсеткен еді. НАТО және Қазақстан әскери қызметкерлерінің қатысуымен бейбіт мақсаттағы бірлескен жаттығулар өткізу жүйелі негізге көшіп келеді. Осының айғағы ретінде жыл сайын «Центразбат» жаттығулары өткізілуде. 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі Құрама Штаттарындағы лаңкестік шабуылдар НАТО-ның алғаш рет 5 бапқа (Одақтың құрылтай шартының ұжымдық қорғаныс жөніндегі тармағына) жүгінуіне әкеп соқты. Келесі күні өткен өте қысқа мәжіліс барысында кездесе отырып, НАТО және Серіктес мемлекеттердің  елшілері шартсыз түрде шабуылдарды айыптап, лаңкестікке соққы беру күресінің барлық шараларын қабылдауды шешті. Ал, 2002 жылдың қарашасындағы Прагадағы  Самитте  НАТО мен Серіктес мемлекеттер арасындағы ынтымақтасуды тереңдету үшін бірнеше қосымша қадам жасалды. Онда ЕАСК және Бейбітшілік үшін Серіктестіктің жан-жақты шолуы Әріптестермен саяси диалогты күшейтіп, олардың өздері қатысатын қызметтерді жоспарлауға, басқаруға және бақылауға тартылуын кеңейте түсуді ұсынады. 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы ТМД Әуе шабуылына қарсы Біріккен жүйесін дамытуды қаржыландыру екі есеге артқанын қуанышпен атап өту керек. Бұл жерде, ұлттық бюджеттен бөлінген соманың барлығы дерлік біздің әскер үшін қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеуді және сатып алуды көздейді. Сондай-ақ ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттердің  өкілдерін біздің әскери оқу орындарында оқыту мен Сарышаған полигонында Әуе шабуылынан қорғаныс (ӘШҚ) әскерлерінің жауынгерлік бөлімшелерін даярлау мүмкіндігіне ие болдық. Үстіміздегі 2003 жылғы сәуірде аталған полигонда Қырғызстан мен  Тәжікстанның жауынгерлік бөлімшілері қатысқан ӘШҚ әскерлерінің оқу-жаттығулары ойдағыдай өткізілді. ТМД елдерінің оңтүстік шекарасында соңғы жылдары пайда болған қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін құрылған Орталық Азия аймағының Жылдам өрістетілетін ұжымдық күштерін қаржылай қамтамасыз етудің мәселелері оң шешілуде. Шартқа қатысушы-мемлекет басшылары ҰҚШҰ қатысушы-мемлекеттер темір  жолдарын техникалық қорғаудың бірыңғай жүйесін құру көзделген Келісімге қол қойды. Әскери-техникалық ынтымақтастықтың, әскери кадрларды даярлаудың, ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі қызметін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері 2003 жылы шілде айында оның кезекті отырысында Астана қаласында қарастырылды.

Қорғаныс министрлері аймақтық және әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің проблемаларына, террорлық актілерге жол бермеу жөніндегі одан әрі бірлескен шараларды пысықтауға баса назар аударды. Осы және басқа да ортақ мәселелер 2003 жылы 9-10 желтоқсанда Мәскеуде өткен ҰҚШҰ мүше мемлекеттер мен ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті кездесуінде де кеңінен талқыланды. Онда қазақстандық әскери делегацияның барлық ұсыныстары қабыл алынды. Қазақстанның халықаралық бағдарламалар аясындағы НАТОмен ынтымақтастығы «Қазақстан-2030» Стратегиясында айқындалған еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты міндеттерін шешуге бағытталған. Мысалы, біздің еліміз 2002 жылы НАТО-ның «Жоспарлау мен шолу процесі» (ЖШП) бағдарламасына қосылды. Қазақстан аталған бағдарламаға қосылған Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болып табылады.

1996 жылдан Қазақстанның Қарулы Күштері НАТО-ның «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасын іске асыру мақсатындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуда. Біздің мемлекетіміздің аумағында өткізілген «Жәрдем», «Баланс-каяк», «Баланс-Барс», т.б. оқу-жаттығуларының барысында қазақстандық әскердің сарбаздары мен офицерлері жетекші мемлекеттердің әскери қызметшілерімен бірге қоян-қолтық әрекет жасап, өз шеберліктерін шыңдай түсті. Олар үстіміздегі жылдың шілдесінде Аэроұтқыр әскерлерінің, Ұлыбритания және АҚШ бөлімшелерінің қатысуымен өткен «Дала қыраны-2003» арнаулы-тактикалық антитеррорлық оқу-жаттығуларда да айтарлықтай тәжірибелер жинақтады. Оқу-жаттығуға 600-ден астам адам тартылды. НАТО-ның сарапшылары мен лауазымды адамдары Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың 2002 жылдан бастап даму үрдісін бірнеше рет атап өтті. Қазақстан «Жоспарлау және шолу процесі» (ЖШП) бағдарламасына кіргеннен кейін Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы және НАТО ұйымы арасындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы техникалық қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жөніндегі (NAMSO) өзара түсіністік туралы меморандумға» бастамашы болды және оған 2003 жылғы шілдеде қол қойылды. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі меморандумды  іске          асыруға     бағытталған  бірінші  кезектегі  міндеттерді айқындады. Президент Н.Ә. Назарбаев пен НАТО бас хатшысы Дж. Робертсонның кездесуі НАТО-

мен арадағы қарым-қатынастың маңызды кезеңі болып табылады. Робертсон болса Қорғаныс министрлігі мен НАТО-ның ынтымақтастығы жағдайын жоғары бағалады. Қазақстанның ЖШП бағдарламасына қатысу рәсіміне сәйкес 2003 жылғы қарашаның 17-19 кезеңінде НАТО-ның штаб-пәтерінде (Брюссель қаласы, Бельгия) Қорғаныс министрлігінің делегациясы қатысқан 19+1 форматындағы мәжіліс болып өтті. Қазақстанның жұмыс тобы Әріптестіктің жеке бағдарламасының (ӘЖБ) жобасын талқылау бойынша өткізілген ұсынымдар мен консультациялар алу мақсатындағы мәжіліске де қатысып қайтты. Қорғаныс министрлігі Әріптестіктің жеке бағдарламасы аясында іс-шаралардың қарапайым жиынтығынан бас тартып, Әріптестіктің мақсаттарын тиімді іске асыруға қажетті, өзінің қаржылық мүмкіндіктері және ағылшын тілін білетін мамандарының барлығын ескере отырып, өз қызметін нақты бағыттар бойынша жоспарлауда. Қазақстандық әскери қызметшілердің әскери және командалық-штабтық оқу-жаттығуларға, оқу бағдарламалары мен семинарларға қатысу аясы кеңейді. Егер ӘЖБ 2001-2002 жылдары әскери тараптан 50 ісшараны қамтыса, 2002-2003 жылдары 60, 2003-2004 жылдары осындай 86 іс-шараны қамтиды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі аймақта алғашқы рет бітімгершілік күштерін дамытудың бағдарламасын әзірледі. Қазақстан мен НАТО елдерінің әскери-техникалық ынтымақтастығының арқасында «Қазбат» НАТО стандарты бойынша толық жарақталып бітті. НАТО әріптестікті үйлестіру орталығына біздің байланыс  офицерін тағайындау мемлекет  қаражатын  жұмсамай-ақ әртүрлі  курстар мен семинарларға 9 қазақстандық офицерді жіберуге мүмкіндік берді. Қорғаныс министрлігі  Әріптестіктің жеке бағдарламасын бұдан да кең көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін қаржы қорын қалыптастыру жөніндегі жұмысты өрістетті. НАТО елдері тарапынан Қазақстан Қарулы Күштеріне өтеусіз негізде көмек көрсету мәселелері  белсенді  түрде  пысықталуда.  Қорғаныс министрлігінің базасында ПИМ ақпараттық жүйесі (PIMS, ҚР мен АҚШ Қорғаныс министрліктерінің арасындағы Келісімге сәйкес) жұмыс істейді. Оған мүдделі министрліктер мен ведомстволар тұтынушы ретінде қосылған. Осылайша, НАТО-мен ынтымақтастық жоспарлы негізде дамуда және Қазақстан Республикасы мен НАТО арасындағы Қорғаныс министрлігі желісі бойынша өзара қарым-қатынастың 19+1 жаңа сапалық деңгейіне шығуын қамтамасыз етті. Бұл факт биыл 1-2 желтоқсанда Брюссель қаласында өткен Еуроатлантикалық Кеңестің қорғаныс министрлері деңгейіндегі мәжілісінде тағы да расталды. Екіжақты ынтымақтастыққа келсек, ең алдымен Ресей Федерациясымен қарымқатынас біздің әскери саладағы басымдықтарды растайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері жүргізіп келе жатқан көп векторлы  сыртқы саясаты Қазақстанның тәуелсіздігін қай қиырда да қамтамасыз етіп келеді. Еліміз Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі аясында НАТО-мен және әріптес елдермен жүйелі түрде консультациялар алмасады. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның төрағалығына сайлануы, осыған орай жақында “Еуропаға жол” бағдарламасының қабылдануы бұл жұмысты одан сайын жандандыра түсті.

Қазақстан басшысы Н.Ә. Назарбаевқа жолдауында НАТО-ның Бас хатшысы Я. де Х. Схеффер Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болатын кезеңде екіжақты ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенім білдірген. Қазақстан мен НАТО арасында 2006 жылғы қаңтарда қабылданған Әріптестік ісәрекеттерінің жеке жоспарында демократиялық реформаларды дамыту мақсатында саяси үнқатысу мен пікір алмасуды күшейту, өңірлік және халықаралық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты арттыру, қорғаныс және әскери саладағы мәселелерді ақылдасу, халықаралық лаңкестікпен күресу, төтенше жағдайлардың алдын алу, ғылымды дамыту ісінде бірлесе әрекет ету көзделген. Биылғы 5 мамырда Брюссельде НАТО және Қазақстан пішінінде өткен мәжіліс барысында біздің елімізге қорғаныс саласын реформалау жөніндегі міндеттерді шешуге жан-жақты көмек көрсетудің жолдары белгіленген болатын. НАТО тарапынан қаржылық және техникалық көмек тартудың мүмкіндігі Қазақстан мен НАТО ұйымы арасында техникалық қызмет көрсету мен қамтамасыз ету жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумды бекітуге байланысты молая түсті. НАТО мен Қазақстан Серіктестік әрекеттерінің жеке жоспары (ИПАП) арқылы бірқатар салаларда практикалық ынтымақтастық дамытады. Екіжылдық мерзімге бекітілетін ИПАП құжатында Қазақстан реформаларының жоспарларын және мерзімдік кестелерін ұсынады. Ағымдағы ИПАП 20062008 жылдар аралығын қамтиды. Саяси, әскери және қауіпсіздік саласындағы реформалар негізгі бағыттар болып табылады.

Сонымен қатар Қазақстан НАТО-мен және басқа серіктес мемлекеттермен «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы және Еуроатлантикалық серіктестік кеңесі аясында өзге бағыттардың кең ауқымы бойынша ынтымақтастық жүргізеді. Үстіміздегі жылдың шілде айында кезекті СЕАП қауіпсіздік форумын 2009 жылдың жазында өткізу туралы Қазақстанның ұсынысына НАТО оң баға берді. 2009 жылы Қазақстан Республикасында Парламентаралық Роуза-Рота семинарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақстан  Орталық Азия елдерінің ішінде ең белсенді әріптестердің бірі болып отыр. Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастықтың негізі 2006 жылдың қаңтарында қабылданған әріптестік әрекеттердің жеке жоспары болып табылады.

Осы фактілерді біздің әріптестеріміз барынша ескеріп отыр. Мәселен, Парламент ассамблеясының жаңа төрағасы Джон Тэннер Қанат Саудабаев мырзамен кездесу кезінде өзінің Қазақстанға келгісі келетіндігін, өйткені бұл ел Солтүстікатлантикалық Альянс үшін де, сондай-ақ АҚШ-тың жаңа әкімшілігі үшін де жаңа тірек алаңы болатындығын атап айтты. Тэннердің сөзіне қарағанда, президент сайлауында жеңіске жеткен демократтар біздің республикамызбен бұдан да тығыз қарым-қатынас жасағысы келетін сыңайлы. НАТО-ның Бас хатшысымен және өзге де дипломаттармен кездесу барысында әріптестер арасындағы ынтымақтастықтың қарқыны мен деңгейіне қанағаттанғандық білдірілді. Схеффер мырза Саудабаевқа Альянстың Қазақстанды өңірлік лидер ретінде мойындайтындығын айтты. Сондықтан да біздің елімізбен ынтымақтастық әскери-саяси ұйым үшін өте маңызды. Сонымен бірге ол НАТО және ШЫҰ, ҰҚШҰ арасында Орталық Азия және Қазақстан елдері арасындағы ынтымақтастық үшін бәсеке болмауы керектігін атап көрсетті. Оның сөзіне қарағанда, бұл ұйымдардың барлығы бір ғана мақсатқа өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға ұмтылады. Біздің  ынтымақтастығымыз  жалпы  мүдделер  мен  жалпы  құндылықтарға негізделген.

Сіздің еліңізде қауіпсіздік форумының өткізілуі және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы – республиканың халықаралық аренада елеулі рөл атқара алатындығының айқын белгісі болып табылады, – деді Яап де Хооп Схеффер.

НАТО-ның Парламенттік ассамблеясы жұмысын аяқтағаннан кейін Мемлекет хатшысы Қ. Саудабаев қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берді. Ол осы сұхбатта Парламент ассамблеясы сияқты елеулі ұйымның өткізген жиынына біздің еліміздің қатысуы Қазақстанға деген жоғары қызығушылықтың бар екенін көрсетеді. «Біздің еліміз Орталық Азия елдерінің  ішінде осындай үлкен әріптестік деңгейіне қол жеткізіп отырған бірден-бір ел»,деп атап көрсетті.

Қазақстанның өкілдері сыртқы істер мен қорғаныс министрлерінің кездесуі, елшілер деңгейіндегі ай сайынғы кеңес, Саяси, Әскери-саяси басшылық комитеттерінің, Экономикалық Директораттың, Ғылым мен Экология жөніндегі комитеттердің, Әріптестіктің жеке-дара бағдарламасын тереңдету жөніндегі НАТО комитетінің, Еуроазиялық әріптестік кеңесі елдерінің қарулы күштерінің бас штабының бастықтарының форумдары мен комитеттерінің жұмысына қатысып жүр.

Қазақстан мен НАТО арасындағы тығыз байланыстар соңғы кезде тек әскери саланы ғана қамтымай, қауіпсіздік саласында да көрініс табуда. НАТО мен Қазақстан ғылыми салада да өзара қарым-қатынастарды дамытуда «Бейбітшілікке бағытталған ғылым» атты бағдарламасы ерекше рөлге ие. Осындай екі тараптың жаңа ынтымақтастық бағыттарының кеңейе түсуі НАТО мен Қазақстанның арасындағы байланыстардың келешегінің жақсы болатындығының көрінісіндей.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Торкунов  Современные международные отношения и мировая политика. 2006. – С. 58 2 Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. – Алматы: Гаухар, 2002.
  2. 3 Қазақстан мен НАТО-ның қарым-қатынастары // www.mfa.kz 4 Назарбаев Н. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003.
  3. nato.int.
  4. vikepidia.ru

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.