Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде

Қазіргі қоғам өмірінің дамуымен қатар қылмыстылық құбылысы да қарқынды сипатқа ие болып отыр. Осы бір қылмыстылық дертінің бір бөлігі болып табылатын қылмыстың қайталануы және оның алдын алу мәселелері, онымен күресу жолында маңдай тер еңбегін төгіп жүрген адамдардың қай- қайсы болмасын алаңдатпай қоймайды. Осы ретте қылмыстың қайталануының алдын алу  мәселелерін жетілдіру бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе болып отыр.

Қылмыстылықтың алдын алуды тиімді ұйымдастыру, ең алдымен үлкен үш мәселені шешіп алуды қажет етеді, олар: 1) қылмыстылықты, ондағы өзгерістерді тану мен бағалау; 2) детермина- цияның ерекшеліктерін табу, себептер мен жағдайларды анықтау; 3) қылмыстылықпен күресудің жүйесін құру. Аталған жағдайлардың барлығы, әрине, тәжірибелік сипаттағы мәселелер, бірақ ол өз кезегінде оның теориялық базасын қалыптастыруды қажет етеді.

Қылмыстық атқару мекемелеріндегі зорлық қылмыстарына да барлық зорлық қылмыстарын сипаттайтын белгілер тән. Олардың басым бөлігін қарапайым өмірдегідей қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, азаптау, қарақшылық, зорлықпен ұштасқан тонау, бұзақылық қылмыстары құрайды. Олардың деңгейі мен динамикасы жалпы зорлық қылмыстарын сипаттайды. Қылмыстық атқару мекемелеріндегі құқыққа қарсы зорлық-зомбылық әрекеттері өзінің қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Және айта кететін жайт, қылмыстық атқару мекемелеріндегі пайда- күнемдік мақсатпен жасалатын қылмыстардың өзі күш қолдану, жәбір көрсету, яғни жәбірленушіге зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттер арқылы жасалады. Қылмыстық атқару мекемелерінде жасалатын зорлық-зомбылық қылмыстары қылмыстық рецидивтің ерекше бір түрі деуге болады,  яғни бұл жерде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын әрекет «алдыңғы» қылмыстық әрекет үшін жазаны өтеу мен атқару барысында туындайды.

Қылмыстық атқару мекемелеріндегі қылмыстылыққа жалпы сипаттама беретін болсақ, кейбір ғалымдар ол жерлердегі қылмыстылықты былай деп бөледі:

  • қамауға алынғандар мен сотталғандар жасайтын қылмыстар;
  • қылмыстық атқару мекемесі қызметкерлері жасайтын қылмыстар [1].

Жоғарыда келтірілген қылмыс түрінің алғашқысы, басым бөлігі зорлық-зомбылық сипатта болып келетін болса, екіншісі пайда табу мақсатында жасалады.

Қылмыстың қайталануы жалпы қылмыстылықтың «етек алған тамыры» десек, кем айтпаған  едік. Себебі, қылмысты қайталаушы (рецидивист) - қоғамдық өмірдің жақсы мінез-құлқына, бай құндылықтарға, құқықтық тәртіпке өзін-өзі қарсы қоюшы қылмысты қайталаушы тұлға, құқыққа қарсы әрекеттер, теріс қылықтар жасауға «жаңа» тұлғаларды тартады. Яғни, ұйымдасқан және кәсіби қылмыстылық «кадрларының» даярланып шығуына өз септігін тигізеді. Қылмысты қайталаушы тұлғалар - әлеуметтік ортаға қарсы адамдар, қылмыстық әлемнің мінез-құлықтарын тасымалдау- шылар, таратушылар. Кейбір деректерге сүйенсек, қылмысты қайталаушы әрбір тұлға орта есеппен алғанда 3-тен 8-ге дейін адам санына қылмыстық жолға «оңай» түсуіне өз әсерін тигізеді. Әсіресе,  бұл құбылыс жасы 18-ге енді толған және кәмелеттік жастағы тұлғалар арасында жиі байқалады [2]. Бұл жағдай өз кезегінде қылмыстардың «жасаруына» әкеп соқтырады.

Осы ретте қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде, әкімшілік қадағалауды жүргізуге ерекше тоқталып кеткенді жөн көріп отырмыз.

Әкімшілік қадағалау туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен (бұдан әрі - ҚК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен (бұдан әрі - ӘҚБтК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінен (бұдан әрі – ҚАК) және «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады.

Әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде заңдылық қағидаларын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылып шыққан тұлғалардың қайталап қылмыс жасау мүмкіндіктерін шектеу мақсатында және қылмыстық атқару мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталған тұлғалардың қылмыс жасау мүмкіндіктерін шектеу мақсатында әкімшілік қадағалау орнатылуы мүмкін [3].

Осы ретте қазақстандық ғалым С.М. Әпеновтің берген анықтамасына сүйенсек: сотталған адамдарға әкімшілік бақылау жүргізу дегеніміз – заңда белгіленген санаттарға жататын жаза өтеген адамдарға жергілікті ішкі істер бөлімі әкімшілігі тарапынан, заңда белгіленген мерзімдерге дейін орнатылған қадағалау шарасы болып табылады [4].

Мемлекеттің соттылығы бар адамдарға бақылау жүргізуі, жаза өтеген адамның келісімінсіз, міндетті шара ретінде және мәжбүрлі түрде жүргізіледі.

Осы тұрғыда әкімшілік бақылаудың жаза өтеген адамның келісімінсіз, міндетті және мәжбүрлі түрде орнатылуы қазіргі қоғам өмірінің талаптарына негізделген. Себебі, белгілі бір  кезең аралығында қоғамнан оқшауланған тұлғаны қоғам өмірімен қайта араластыру - оның қайтадан құқық бұзушылыққа бару жолына кедергі болатын мәселе. ҚР ҚК 38-бабының 2-бөлігінде көзделген [5] мақсаттарға жетуде де өз әсерін тигізеді деп ойлаймыз.

Әкімшілік қадағалау орнатылуы мүмкін мерзімді қатаң сақтаған жөн. Заңның 6–бабына сәйкес, әкімшілік қадағалау алғашқыда 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді, бұл мерзім әр жолы 6 айға ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 2 жылдан аспауы тиіс. Әкімшілік қадағалау мерзімі сот қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Әкімшілік қадағалау мерзімі оның қолданыстағы мерзімінің соңғы күнінен кешіктірілмей ұзартылуы тиіс.

Әкімшілік қадағалаудың басты мақсаты, қылмыс жасағаны үшін жаза өтеген адамдарды  қайтадан қылмыстар жасаудан сақтандыру және алдын алу болып табылады. Мемлекетіміз қылмыстылықпен күресу бағытының негізгі түріне оның алдын алу шараларын жатқызуының өзі, әкімшілік қадағалаудың қылмыстың қайталануының алдын алудың маңызды нысаны екендігін көрсетеді. Жалпы атап айтатын болсақ, алдын алу шараларын үш кезеңде жүргізуге болады.

Бірінші кезең – қылмыс жасауға бейімделе бастаған және алдын алу шараларын жүргізбесе қылмыс жасауы әбден ықтимал адамдарға мемлекет, қоғам тарапынан бақылау орнату.

Екінші кезең – қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жазаны қолдану арқылы қылмыстылықпен күресу.

Үшінші кезең – жаза өтеген, бірақ әлі де қылмыс жасауы мүмкін деп танылған адамдарға мемлекет және қоғам тарапынан бақылау орнату.

Жаза өтеген адамдарды қайтадан қылмыстылықпен айналысудан сақтандыру үшін әкімшілік бақылау жүргізгенде, ол адамның қадір-қасиетіне, ар-намысына, отбасы мен жұмысындағы қадір- қасиетіне нұқсан келетіндей түрде жүргізбеу керек.

Әкімшілік бақылау тәрбиелік мақсатта да қолданылады. Қылмыстық атқару заңында белгіленген адамдарға әкімшілік қадағалау екі негіздің біреуі болғанда жүргізіле алады.

Егер жаза өтеу кезінде түзелу жолына түскісі келмейтіндігін және қоғам үшін қауіпті болып қала беретіндігін көрсетсе немесе жазаны өтегеннен кейін ішкі істер органдарының ескертуіне қарамастан, қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұза берсе, онда мұндай адамдарға әкімшілік қадағалау міндетті  түрде жүргізілуі қажет.

Заң Қазақстан Республикасының аумағында бас бостандығынан айыру жазасын өтеген  адамдарға ғана қолданылады. Заңның 2-бабында әкімшілік қадағалау орнатылатын адамдардың тізбесі  берілген және ол түпкілікті болып табылады.

Әкімшілік қадағалау, атап айтқанда:

  • абайсызда немесе кәмелеттік жасқа толмай жасаған қылмыстары үшін;
  • жаңа қабылданған қылмыстық заң бойынша қылмыс деп танылмаған қылмыстар үшін соттылығы бар адамдарға;
  • ауыр және аса ауыр санатқа жатқызылатын қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемеген адамдарға белгілеу тиісті емес.

Сондай-ақ, қылмыстарды қасақана жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға екі рет сотталған және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтемеген және заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынған немесе жойылған адамдар әкімшілік қадағалауға алынбайды.

Егер әкімшілік қадағалау белгіленген әрекет жаңадан қабылданған заң бойынша қылмыс деп танылмаған жағдайда, сот қадағалауға алынған адамның өзінің немесе оның қорғаушысының өтініші, ішкі істер органдарының немесе прокурордың ұсынысы бойынша әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулының күшін жояды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен ерте босатылған адамдарға әкімшілік қадағалау орнатуға болмайды. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен ерте босатылған адамға әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынымды ішкі істер органы осы адам әкімшілік шараның өтелмеген бөлігінің мерзімі өткеннен кейін және бас бостандығынан айыру орнынан босатылған сәттен бастап үш жыл өткенге дейін қоғамдық тәртіпті ұдайы бұзған жағдайда ғана енгізілуі мүмкін.

Әкімшілік қадағалау ережелерінің бұзылғаны туралы әкімшілік істерді қарау кезінде, сот адамның әрекетіндегі ҚР ӘҚБтК-нің 366-бабында [6] көзделген құқық бұзушылық құрамын ғана емес, сонымен бірге әкімшілік қадағалау орнатудың және оның мерзімін ұзартудың заңдылығын тексерулері қажет.

Соттар ішкі істер органдары қызметкерлерінің ұсынысымен қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында әкімшілік қадағалау орнату кезінде ауыр және аса ауыр қасақана жасалған  қылмыстар үшін соттылықтың болуын немесе адамның қасақана жасаған қылмыстары үшін екі рет және одан да көп бас бостандығынан айыруға сотталу фактілерін, қоғамдық тәртіпті және басқа да азаматтардың құқықтарын ұдайы бұзуын немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың өзге де құқық бұзушылықтар жасағанын тексерулері қажет.

Бұл жерде айта кететін бір жайт, егер адам бір жыл ішінде екі реттен артық әкімшілік жауаптылыққа тартылса, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды ұдайы бұзушылықтар [7] деп түсінеміз.

Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, 2008 жылдың 9 айында Республика аумағында орналасқан түзеу мекемелері мен бас бостандығынан айыру орындарынан бір ғана Қызылорда облысының 185 тұрғыны босатылған. Бұл сандық көрсеткіш былтырғы жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 5,1 пайызға өскен [8]. Жоғарыда айтылып өткен қылмыстық атқару мекемелерінен босатылған тұлғалардың дұрыс жолға түсуіне, олардың қайталап қылмыс жасамауына мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан ықпал ету шараларын жүргізбесек, ол тұлғалардың қайтадан қылмыстық атқару мекемелеріне жазасын өтеуге бармауына кім кепілдік береді?

Қазақстан Республикасы «Әділет органдары туралы» заңының талабы бойынша, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бағытында жергілікті атқарушы органдар консультативтік-кеңесші орган құруы міндетті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметімен «Қылмыстық жазаны және қылмыстық- құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы үлгі ережені бекіту туралы» арнайы қаулы қабылданды.

Жоғарыда аталып кеткендей, егер Қазақстан Республикасы аумағының барлық әкімдіктерінде осындай комиссия құрылса, қылмыстылықтың алдын алу шарасына зор ықпалын тигізері сөзсіз.

Жасалған қылмыстардың ауырлық дәрежесі мен қоғамға қауіптілік сипатына және адамның соттылығының санына, қылмыстардың санаттарына қарай қайталану жай, қауіпті және аса қауіпті қайталану болып бөлінеді.

Жай қайталану – бұл қауіпті және аса қауіпті қайталану түрлеріне жатпайтын түрі, яғни бұрын кез келген қасақана қылмысы үшін соттылығы бар адамның қайтадан қасақана қылмысты жасауы.

Қауіпті және аса қауіпті қылмыстың қайталануы тұлғаның жоғары деңгейде ауыр қылмыс жасауы және құқықтық тұрғыдан алғанда келтірілген зардаптың маңыздылығы, қаншалықты зиянды болуында. Жоғарыда келтірілген тұжырым [9] өзінің айғақтылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 13-бабының 2-бөлігінде былайша көрсетеді, қылмыстың қайталануы:

а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп танылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 13-бабының 3-бөлігінде қылмыстардың қайталануы:

а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшін кемінде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;

б) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.

Профессор Д.С. Чукмаитов өз еңбегінде қылмыстың қайталануы - ол өз алдына ерекше құбылыс, оны қылмыстың көптігінің түрлері мен қылмыстық «қызметтің» басқа да түрлерімен шатастыруға болмайды, ол қылмыстың жалғаспалылығы емес, керісінше құқыққа қарсы іс-әрекет жасаған тұлғаны мемлекет атынан кінәлі деп тапқан жағдайда да, қылмыстық «қызметке» қайтадан оралуы [10] деп көрсетеді.

Сонымен қорыта келгенде, әкімшілік қадағалау қылмыстың қайталануының алдын алу нысаны ретінде заңдылық қағидаларын, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін сақтау негізінде Ата Заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Сондай-ақ, әкімшілік қадағалау орнату арқылы мемлекеттің қылмыстық саясатының басым бағыттарының бірі саналатын қылмыстылықтың алдын алу шарасын тиімді жүзеге асыруға өз септігін тигізеді.

 

 

Әдебиеттер

  1. Криминология/Под ред. акад. В.Н. Кудрявцева и д.ю.н., проф. В.Е. Эминова. - М.: Юристъ, 2007. - С.
  2. Криминология: Учебник / Под ред. проф. Н.Ф. Кузнецовой, проф. В.В. Лунеева. – М.: Волтерс Клувер, - С. 468.
  3. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңы (15.07.1996 жыл).
  4. Қылмыстық атқару құқығы: Оқу құралы. – Алматы: ҚазМЗА, 2001. - 204 б.
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ,
  6. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі, 30.01.2001 жыл. – А.: ЮРИСТ,
  7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 20 маусым 2005 жыл. - Астана, 16 б.
  8. Президент және халық газеті. - №1 (174). - 9 қаңтар 2009 жыл. - Алматы, 7-б.
  9. Чукмаитов Д.С. Влияние первого преступления на последующую противоправную деятельность рецидивистов. – М., 1994. - С.
  10. Чукмаитов Д.С. Предупреждение преступлений. – Алматы. Баспа, 1997. - С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.