Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі халықаралық қатынастардағы Иран еліне қатысты саясаттың кейбір астарлары

Бүгінгі әлемдік саясатта Иран елінің ядролық бағдарламасына қатысты саяси ұстанымы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. АҚШ-тың президенті болған Дж.Буш-кіші өзінің билік басындағы соңғы сәтіне дейін Иранның ядролық бағдарламасының дамуына және ирандық ішкі саяси тәртібіне қарсы бағытталған қатаң саясатын еш өзгертпеді. Оның түсінігі бойынша «Иран әлемдік лаңкестіктің ең басты демеушісі. Оның іс-әрекеттері барлық ұлттардың қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Сондықтан да, әлі де кеш болмай тұрғанда АҚШ осы қатерге қарсы тұру мақсатында Парсы шығанағы аймағындағы серіктестерімен бірге және бүкіл әлемдегі шынайы достарымен қосылып, қауіпсіздік саласындағы өзінің бұрынғы жасаған іс-әрекеттерін күшейтуде», осыған орай 2008 жылы өзінің таяу шығыстық сапары барысында ол бірден осы ойын жариялай отырып, Иранға қарсы қатаң сынға көшкен болатын. Осындай сынға түскен Иран елінің өзіндік қауіпсіздік тұжырымдамасының қалыптасу үрдісі де бірқатар кезеңнен өткен болатын.

Азияның оңтүстік-батысында орналасқан және әлемдегі ең көне мемлекеттердің бірі болып саналатын Иранда 1979 жылғы ел ішіндегі көтеріліс нәтижесінде монархиялық Иранның орнына ресми түрде Иран Ислам Республикасы жарияланды. Соңғы жылдары осы Иран Ислам Республикасы халықаралық саясаттың «өзекті мәселелерінің» біріне айналуда. Оған басты себеп – Иранның өз сыртқы саяси іс-әрекеттерін жүзеге асыру әдістері мен оның өз ядролық бағдарламасынан бас тартпауы. Бұл Иранда ядролық әскери бағдарлама даму үстінде деген күдікті ұлғайта түсіп, Иран тарапынан Ядролық Қаруды Таратпау туралы Келісім ережелері бұзылуда деген  айыппен негізделуде. Яғни, Иран әлемдік саясаттағы жетекші елдердің мүдделеріне және қазіргі кездегі халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне, әсіресе ядролық қаруды таратпау саласына немқұрайды қарайтын ел ретінде көрінуде.

Дегенмен, кез келген мемлекеттің қауіпсіздік пен әскери құрылыс саласындағы саясаты мемлекеттің геосаяси жағдайына, оның әлеуметтік және экономикалық жағдайына, тарихи тәжірибесі мен оның елбасымен айқындалған даму болашағына байланысты болады. Соның негізінде Иран Ислам Республикасы басшылығы да әскери салаға ерекше көңіл бөлуде. Иранның әскери саясатының басты бағыты – саяси және қорғаныс мәселелерін шешу үшін «тиімді қаруға-жараққа» ие болу сияқты. Өйткені елдің аса достық ықылас білдірмейтін мемлекеттердің қоршауында орналасуы Иранды өз әскери әлеуетін күшейтуге итермелейді.

Иранның қазіргі кездегі ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасын көпшілік ядролық энергетика саласындағы тек қана Иран-Ресей келісімдердің нәтижесі деп қарастырады, алайда, іс жүзінде оның негізі әлдеқайда әріректе, сонау шах кезінде салынған еді. Иранның ядролық саладағы зерттеулері шамамен ХХ  ғасырдың  елуінші  жылдарының  аяғында,  нақтырақ  айтатын  болсақ, 1957 жылы  «Атомдар  бейбітшілік  үшін»  атты  америкалық  бағдарлама  шеңберінде  АҚШ-пен атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану  туралы  келісімге  қол  қойғаннан  басталған  болатын. Бұл бағдарлама бойынша АҚШ Иранға ядролық энергетиканы дамытуға қолдау көрсету керек еді.   Яғни, АҚШ  Иранға  ядролық құрал-жабдықтарды жеткізуде, осы салада мамандарды дайындауда көмектесуі тиіс. Оған жауап ретінде  Иран АҚШ-қа өз нысандарында бақылау жасау  және қадағалау  құқығын   беруі   қажет еді.

1967 жылы жоғарыда айтылған келісім бойынша, Халықаралық Атом Энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) қаржылық және техникалық қолдауымен, АҚШ Тегерандық ядролық ғылыми-зерттеу орталығына 5МВт қуаттылығымен, жанармайдың орнына 5,5 кг астам жоғары деңгейде байытылған уран пайдаланылатын зерттеу реакторын жеткізген болатын. Оның жіберілуі 1968 жылы жүзеге асырылды, ядролық жанармай ретінде 93%-дық байыту деңгейіндегі уран пайдаланылды, ол дегеніміз, іс жүзінде ядролық қару материалы болып табылды. Кейінірек, АҚШ осы орталыққа жылына 600 кг-ға дейін плутоний бөліп шығара алатын арнайы «ыстық камераларды» жіберді. Осылайша, Иранда атомдық энергетиканы дамыту үшін ғылыми-техникалық базаның құрылу  негізі  қаланды [1].

АҚШ-пен қатар шах кезіндегі жүйе Иранның ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасына басқа да батыстық мемлекеттерді белсенді түрде араластырды, бірінші кезекте Германия Федеративті Республикасы мен Франция болды. 1974 жылғы ядролық энергетиканы дамыту жоспары жалпы электрлік қуаттылығы 20 МВт асатын 23 ядролық энергоблоктың құрылысын қарастырды. Ядролық технологияның басты негізгі жабдықтаушылары ретінде ГФР, Франция және АҚШ болуы керек еді. Жоспарды жүзеге асыру мақсатында 1974 жылы Иранның атомдық энергиясы жөніндегі Ұйым құрылған болатын. Бұл ядролық бағдарламаны жүзеге асырудағы ең алғашқы маңызды қадам болды.

Ұйымның  басты  атқаратын қызметтері:

  • ядролық энергияны елдің энергетикалық талаптарын қанағаттандыру  үшін пайдалану;
  • атомдық реакторларды өз бетінше салу үшін қажетті технологияларды  сатып алу;
  • жабық ядролық  жанармай  циклін  құру  үшін  қажетті  технологияларды  сатып алу;
  • ядролық технологияларды өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және медициналық мақсаттарда пайдалану;
  • радиацияның әсерінен  адамдар  мен  қоршаған  ортаны қорғау.

Бағдарлама 25 жылдық мерзімге арналады. Атом электр станциясын (АЭС) салу үшін алғашқы алаңдар ретінде Парсы шығанағының жағасында орналасқан Бушер және Иранның оңтүстікбатысындағы Корун  өзенінің  жағасында  орналасқан  Ахваз  жерлері  таңдалынды. Сол жылы Иран  4 атомдық реактор сатып алады, соның ішінде екеуі Франциядан, ал қалған екеуі ГФР-дың Siemens KWU компаниясынан алынады. 1974-1977 жылдар аралығында Иран мен жоғарыда аталған Батыс елдері арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл келісімдер шарттарының бағытталған басты салалары төмендегідей болды:

  • АЭС пен басқа ядролық объектілердің біріккен құрылысының жүзеге асуына қатысу;
  • Ирандық ғылыми мамандарды дайындау;
  • ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • радиоизотоптарды шығару мен қолдану.

1994 жылға дейін энергетикалық базаларды әртараптандыру жоспарын жүзеге  асыру  белгіленген еді. Соның ішінде 1980 жылы және 1981 жылы неміс мамандарының қатысуымен Бушердегі екі энергоблокты іске қосу жоспарланды. Ал 1983 және 1984 жылдары француз инженерлерінің көмегімен  Ахваздағы   тағы   екі  энергоблокты  іске  қосу  жоспарланған болатын.

Сонымен бірге сол кездері Иран ядролық энергетика саласында бірқатар Африка мемлекеттерімен де (Нигер, Габон, Замбия) көптеген келіссөздер жүргізген болатын. Көптеген ирандық сарапшылар АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде (Бельгия, Ұлыбритания, Батыс Германия, Италия, Швейцария және Франция) ядролық физика саласында білім мен дайындық тәжірибелер алған болатын. Ирандық инженерлер мен ғалымдар шетел мамандарының ядролық құрал-жабдықтарын жасау жұмыстарында белсенді түрде қатысып  отырды.  Осылайша,  Бушерде  АЭС салу  жобасына 9,5 мың ирандық және 3,5 мың неміс мамандары қатысты. Иран ғалымдары мен инженерлерін дайындау үшін 1974 жылы Исфаханда француз мамандарының қатысуымен Ядролық зерттеу орталығының  құрылысы басталды.

Сол кездің өзінде шахтық үкімет өз мемлекетінің ядролық қаруды иеленуге еш мүддесі жоқ  деген ресми ұстанымды ұстанған болатын. Бұл жөнінде ол «New York Times» газетіне берген сұхбатында: «Шын мәнінде, мен ядролық қару-жарақ туралы ойламаймын. Бірақ, егер 20 немесе 30 шақты елеусіз кішкентай мемлекет ядролық қаруды шығарайын деп жатса, онда, мүмкін маған өз саясатымды қайта қарастыру қажет болар. Тіпті, Либияның өзі де ядролық қару шығару мүмкіндігі туралы айтуда. Қандай мақсатта екенін бір Алла біледі», деген еді.

Шахтық билік кезінде ядролық қаруды таратпау саласында Иранның жалпы сипаты жағымды болғанына  қарамастан,   шамамен   1970 жылдардың  ортасында  АҚШ  Иранның  ядролық  саладағы алғаш жарияланбаған қызметін анықтады. Бұл қызмет плутонийді шығару және уранды лазермен байытумен байланысты болды. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Иранның атом энергиясын  әскери салада қолдану мүмкіндігін зерттеудегі қызығушылығына Үндістанның ядролық сынағы әсер еткен болуы керек. 1974 жылғы Үндістанның «бейбіт» ядролық сынағынан кейін жағдай өзгерді. КСРО мен АҚШ ядролық қаруды таратуды тоқтатуға бағытталған ядролық экспорттың жалпы шарттарын жасау жөнінде келіссөздер бастайды. Нәтижесінде, ядролық жабдықтаушылар тобын  құру  шешімі  қабылданады  және  ядролық  экспорттың басқарушы  қағидалары жасалынады.

1976 жылы желтоқсанда Франция үкіметі ядролық экспорт бақылауын күшейтуге шешім қабылдады. Яғни, нақты шешім қабылданбағанша, үшінші елдерге жанармай өңдеуге арналған құралжабдықтарды жеткізу туралы екіжақты келісімдерге қол қоюға тиым салынды. Ядролық экспортқа қатысты бақылау саласындағы өзгерістер Иран үшін өзінің атом энергетикасын дамытуға арналған ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруды недәуір қиындатып жіберді. Дегенмен, 1977 жылы Тегеранға ГФР-дан 4 реактор жеткізілсе, ал 1978 жылы Иранға 5 МВт қуаттылықты америкалық зерттеулік реакторы жеткізілді. Сонымен қатар Батыс Германия Бушерде АЭС-тың екі блогының құрылысын бастады.

1979 жылғы исламдық көтеріліске халықтың Мохаммед Реза Пехлеви  шахтың  батыстық  үлгідегі радикалды саясатына наразылығы басты себеп болып, көтеріліс нәтижесінде Иран Исламдық Республикасы жарияланады. Иранның жаңа басшылығы алғашында ядролық технологияларға үлкен қызығушылық білдірмеген болатын. Көтерілістен кейінгі ғалымдар жаппай шетелге кете бастады. Ядролық ғылыми-зерттеу орталығы орналасқан Тегеран Университетінің химиялық және физикалық департаменттерінің 120 қызметшісінен елде тек 8 ғана қалды. Атом энергетикасы саласын қаржыландыру 1980  жылдың  22  қыркүйегінде  Иранға  ирактық  әскердің  басып  кіруінен басталған ИранИрак соғысынан кейін тіпті қысқартылды [2].

Алайда көп ұзамай жоғарыда аталған бірқатар себептерге байланысты тоқтатылып қалған ядролық бағдарламаның дамуын одан әрі жалғастыру үшін, бұрынғы батыстық серіктестердің орындарына Иранға жаңа жабдықтаушылар келеді.

1992 жылы қыркүйекте Пекинде Иран мен ҚХР арасында атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылады. Бұл құжат шеңберінде Қытай Исфахандағы  Ядролық зерттеу орталығына кешендік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әр түрлі құрал-жабдықтар мен қондырғылар жеткізді. Алайда осы саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ең елеулі нәтижесі ретінде әрқайсысы 300 МВт қуаттылыққа ие екі жеңіл су реакторларының құрылысы жөніндегі келісімді атауға болады. Дегенмен, бұл құрылыс соңында мүлдем басталған да жоқ, себебі, АҚШ аталған келісімге байланысты Қытайға қатты қысым көрсеткен болатын.

1990 жылдардың басына дейін Аргентина да ирандық АЭС-қа құрал-жабдықтар мен жанармай жеткізуге мүдделі болды. 1980 жылдардың аяғында Аргентина бірқатар жеткізулерді жүзеге асырған болатын. Бірақ, нәтижесінде, АҚШ-тың қысымымен Аргентина да жасалып қойған келісім-шарттарға қарамастан, әрі қарай жабдықтауды жалғастырудан бас тартуға мәжбүр болды.

1990 жылдардың басынан бастап ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуын жалғастыруға тырысқан Иран, Ресеймен белсенді келіссөздер жүргізе бастады. 1992 жылы тамыз айында «Ядролық энергияны бейбіт мақсаттарда қолдану» туралы екіжақты келісімге қол қойылады. Бұл келісім бірден Батыс тарапынан қатаң сынға ұшырады. Алайда соған қарамастан, ядролық бағдарламаны дамыту саласындағы Иран-Ресей ынтымақтастық бүгінгі күнге дейін қарқынды дамып, жалғасуда және Ресей 1995 жылы жасалған екіжақты келісім бойынша 2009 жылдың басында Бушердегі АЭС-тың құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсырды. Аталған құрылыс 1998 жылы басталған болатын. Енді Ресей мен Иран ресейлік жанармайды ирандық АЭС-қа жеткізу жөнінде келіскен болатын.

Ядролық қаруды жасап шығарудағы Иранның деректі мүмкіндіктерін оның қазіргі уақыттағы иелігіндегі инфрақұрылымның сараптамасы негізінде бағалауға болады. Ирандағы урандық  кен  орындары Йезд, Исфахан, Әзірбайжан, Хорасан, Систан және Белуджистан секілді аудандарында табылған. Кен орындарын игеруге әр түрлі кезеңдерде Германиядан, Чехословакиядан, Қытай мен Ресейден арнайы мамандар тартылған болса да, олардың өндірістік эксплуатациясына 2000 жылдың басына дейін ешкім кіріскен жоқ болатын. 1992-1993 жылдары кен ошақтарында Халықаралық Атом Энергиясы жөніндегі Агенттік (МАГАТЭ) арнайы инспекцияларын жүргізіп отырды,  нәтижесінде Иранның өз ядролық бағдарламасын дамытудағы жарияланбаған қызметінің іздері анықталған жоқ. Кейін де Агенттікпен жүйелі түрде жүргізіліп отырған инспекциялар жарияланбаған қызметті тапқан жоқ.

2001 жылы 17 қыркүйекте АҚШ Үкіметі «Ұлттық қауіпсіздік саласындағы  Стратегия» атты жаңа   құжат   қабылдайды.   Бұл   құжат  Вашингтонның  жақын   болашаққа деген  сыртқы саяси стратегиясын анықтайды. Соның негізінде өзінің жыл сайынғы «Мемлекеттегі жағдай туралы Жолдауында» сыртқы саяси мақсаттарды атағанда, Дж.Буш-кіші халықаралық лаңкестікпен күрес одан әрі қарай жалғасатынын айта келіп, Иран лаңкестікті қолдаушы ел деп тағы да айыптайды. Дж.Буш-кішінің айтуынша Иран әлі күнге дейін лаңкестіктің әлемдегі ең ірі демеушісі болып қала беруде, ядролық қаруды иемденуге талпынып отырған ел.

Иранға қатысты Америка саясатының қатаңдауы еуропалық мемлекеттер тарапынан да алаңдаушылық туғызған болатын. Себебі, еуропалықтар ирандық саяси билікті ядролық қаруды  жасап шығарудан бас тартуға көндіруге тырысты. Президенттіктің екінші кезеңінің басынан бастапақ Дж.Буш-кіші әкімшілігі Иран мәселесінде көп жылдар бойы қол жеткізе алмай жүрген мақсатына жетеді: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің, соның ішінде бұрында Иранға қарсы санкцияларды қолдамаған Ресей мен Қытайдың да Иранға қатысты саясатының қатаңдауына қол жеткізеді. Яғни, Дж.Буш-кіші оларды Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беру керектігінде сендіреді. Иран БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мен Халықаралық Атом Энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) алдындағы өзіне келісім бойынша жүктелген міндеттерін орындамауында тағы да Дж.Буш-кіші әкімшілігі тарапынан айыпталып отырды. Әкімшілік мүшелері, соның ішінде, әсіресе, Мемлекеттік Хатшы Кондолиза Райс Иранның уранды байыту технологиясының дамуының өз бетімен, сыртқы бақылаусыз жүргізілуіне жол бермеу  керектігін  айтқан болатын. 2005 жылы 9 қыркүйекте республикалық әкімшілік мүшелерінің айтуы бойынша Иранның өз ядролық бағдарламасын дамытуын тоқтатудан бас тартуына жол бермеу керек болды. Осыған байланысты, АҚШ Үкіметі Тегеранға қарсы санкция жариялау үшін Ресейге, Қытайға және Үндістанға БҰҰ-да біріккен арыз жасауды ұсынды. Осылайша, 2006 жылы 2 маусымда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесінен және Германиядан құралатын Халықаралық Комитет Иранды өз ядролық зерттеулерін тоқтатуға көндіру жоспарымен алға шықты. Алайда Иран халықаралық қауымдастық тарапынан жасалған осындай қадамға қарамастан, өзінің уранды байыту бағдарламасын қайта жандандырды.

Америкалық көзқарас бойынша, Иран урандық концентрат қорын ядролық қаруға плутонийді жасайтын өзінің ауыр су реакторы үшін құрғысы келеді. Ал ресейлік көзқарас бойынша, импорттық материалдардың әскери бағдарламада пайдалануы мүмкін емес.

Бүгінде Иранның ядролық саладағы ғылыми-техникалық базасы аймақтағы елдер арасындағы ең мықтысы болып келеді (Израильді санамағанда). Елде үш ірі ядролық орталық бар:

  • Тегеран университеті жанындағы Тегеран ядролық ғылыми-зерттеу орталығы;
  • Исфахан ядролық зерттеу орталығы;
  • Карадждағы ауыл шаруашылығы мен медицина ядролық зерттеу орталығы.

Халықаралық қауымдастықтың ең үлкен қауіптері Иранның уранды байыту саласындағы мүмкіндіктерімен байланысты. Кейбір батыстық сарапшылардың айтуы бойынша, уранды байыту бойынша тәжірибелер Тегерандағы Шарифтің технология Университетінде жүргізілген болатын.

Қазіргі таңда уранды байытудың лазерлік технологиясын пайдалану мүмкіндігі туындап отырса да, әлі күнге дейін уранды байытудың өндірістік технологиясының атаулы тәсілмен Иранда жүзеге асырылуы дәлелденген жоқ болатын.

Иран үшін уранның байытуын іске асырыуына тағы бір мүмкіндік ретінде кейбір мамандар Карадждағы ауыл шаруашылығы мен медицина ядролық зерттеу орталығында орналасқан миллиамперлік калютронның қолданылуын қарастырады. АҚШ тарапынан Иран миллиамперлік калютронды уранды байыту үшін пайдалынады деген күдіктер туындаған уақытта, ирандық өкілдер калютрон тек тұрақты элементтерді алу үшін қолданылады деп айтқан болатын. Тексеру жүргізу барысында МАГАТЭ мамандары осы деректі дәлелдеді.

2003 жылдың аяғында Иранның уранды байытудағы әлеуетті мүмкіндіктеріне халықаралық қауымдастықтың түбегейлі көзі жетті. Бұл жағдай МАГАТЭ-мен жүргізілген тексеруден кейін белгілі болды, егер дәлірек айтатын болсақ, Натанзада уранды байыту өндірісінің құрылысы анықталған болатын. Сарапшылардың бағалауы бойынша бұл құрылымның қуаттылығы жыл сайын үш әскери оқ жасап шығару үшін қаруға арналған уранды өндіруге жеткілікті болып табылады. Ирандық ресми тұлғалардың айтуынша бұл зауыт болашақ АЭС-тарын ядролық жанармаймен қамтамасыз ету мақсатында салынған. Алайда халықаралық сарапшылар өз күдіктерінен бас тартпауда.

Ал Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімнің бірқатар ядролық емес мүше-мемлекеттері (Жапония, Германия, Нидерланды, Аргентина, Бразилия) уранды байыту мен плутонийді бөліп шығару кешендеріне ие болса да, әлемдік қауымдастық тарапынан еш күмән келтірмейді және халықаралық қысымға да тап болмауда. Себебі, басты мәселе ядролық технологияларда емес, халықаралық   сенімділік   тудырмайтын  саяси  жүйеде.  Тегерандағы   саяси   тәртіп   өзгерсе немесе Вашингтондағы атқарушы билі өзгерсе немесе басқа бір себептермен Америка-Иран қарымқатынастары жақсарса, дәл сол технологиялар Батыс тарапынан соншалықты алаңдаушылыққа ие болмас еді.

Билік басына Барак Обаманың келуінен кейін Дж.Буш-кішінің тек қана Таяу Шығыс аймағына қатысты сыртқы саясаты емес, сонымен қатар Иранға деген сыртқы саясатынан толығымен бас тартылмаса да, көп бөлігі қайта қарастырылып, өзгертілген болатын. Өзінің президенттік қызметіне кірісуіне бір аптадай уақыт қалғанда, америкалық жаңа Президент Иранның ядролық бағдарламасын дамыту мәселесін бейбіт түрде шешуді ұсынған болатын. Ең басты таңғалдырған нәрсе, Барак Обама өзінің Иранға қатысты америкалық саясатын өзгертіп, Иранмен тікелей сұхбатты бастауға дайын екендігін айтты. Ал АҚШ-тың жаңа Мемлекеттік Хатшысы Хиллари Клинтонның айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың 31 тамызында Нидерландыда өткізілуі жоспарланған Ауғанстан мәселесі бойынша ұйымдастырылатын халықаралық конференцияға Иран міндетті түрде шақырылуы керек.

Сонымен бірге Барак Обама әкімшілігі БҰҰ мен Еуропалық Одақтың Тегеранның ядролық бағдарламасы жөніндегі Иранмен тікелей келіссөздерге өздерінің қатысуға дайын екендіктерін де айтқан болатын. Наурыз айында АҚШ Президенті Иран халқына тележолдау жіберді. Бұл жолдауында Обама екіжақты қарым-қатынастарды қалпына келтіруге және осы қарым-қатынастардағы «жаңа бастамаларға» шақырды.

Алайда жоғарыда аталған жағымды «уәделерге» қарамастан, 2009 жылы 1 мамырда АҚШ-тың Мемлекеттік Департаментінің жыл сайынғы баяндамасында Иранның лаңкестіктің ең белсенді демеушісі болып қала беретіндігі аталды [3].

Соған орай, жаңа саяси жағдайларға қатысты АҚШ-тың Иранға қатысты саясатының енді әрі қарай қалай дамуы мүмкін деген ой көпшілікті мазаландыратындығы айқын.

 

Әдебиеттер

  1. Угрозы режиму нераспространения ядерного оружия на БСВ. –М., 2005. – С.
  2. 2 . Хлопков А. Ядерная программа Ирана – незаконченная история. М., 2007. – С. 39.
  3. http://palm.newsru.com/world/12nov2008/iran.html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.