Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Иранның қиыр шығыс елдерімен экономикалық-сауда қатынастары

Қиыр Шығыс дәстүрлі түрде Иранның экономикалық дипломатиясында басым сипаттағы бағыттың бірі болып табылады. Негізгі сауда әріптестері ретінде – Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері болып саналады. Иранның осы елдермен сауда айналымы соңғы кезде тек тұрақты даму тенденциясында ғана емес, оның сандық көрсеткіштерінде де байқалады. 2007 ж. сауда айналымының жалпы көлемі 42 млрд долл. АҚШ белгісінен артты. Оның ішінен 20 млрд долл. – Қытаймен, 14 млрд долл. – Жапониямен, 8 млрд долл. – Оңтүстік Кореямен. Осы жағдайда сауда айналымының тірегін ирандық экспорт құраса, оның негізгі бабы – мұнай болып есептеледі [1].

Иранның Қиыр Шығыстағы ең басты сауда әріптесі әрі тұтынушысы – Қытай. Мәселен, екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1971 ж. орнатылғанмен, тек 1979 ж. Ирандағы ислам революциясынан, яғни америкалық тәртіптің жойылуынан кейін ғана арақатынастар жыли бастады. Көп ұзамай, 1984 ж. ҚХР Сыртқы істер министрі сапарының нәтижесі ретінде сауда–экономикалық ынтымақтастық комиссиясы жөніндегі келісімге қол қойылған еді (1985 ж. бастап министрлер деңгейінде жүзеге асуда).

Алғашқы кезеңдегі Иран мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстары саяси сипатта болды. 1980 ж. ортасынан – 1990 ж. ортасына дейін Қытай Иранның ядролық бағдарламасына қатысты бірнеше жобаларды іске асырған болатын. Тек кейінгі кезде, бір жағынан, АҚШ–тың  қыспағынан соң, екінші жағынан, қызығушылық таныттыратын экономикалық ұсыныстардан соң,  Қытай Иранның ядролық бағдарламасына бағыт алған ынтымақтастықты ықшамдауға бет бұрды. Бірақ осы мәселе бойынша Иран сол тұста Ресеймен ынтымақтастықты жөнге салды, ал Қытай Иранмен қарым- қатынасын пайдалана отырып, АҚШ–пен тиімді шарттағы келісімдерге қол жеткізді [2].

Нақты экономикалық сипаттағы қарым–қатынастардың басталуы 1995 ж. ИИР-дің вице- президенті Х. Мирзаденің ҚХР-ге ресми сапары кезіндегі 2 млрд долл. сомасына тең сауда, мұнай, банк және т.б. салаларындағы келісімдер тізіміне қол жеткізгендігімен анықталады [3].

2000 ж. шілде айында ИИР президенті С.М. Хатамидің Пекинге ресми сапары Иран-Қытай қатынастарының жаңа кезеңін ашты. Екі елдің ресми өкілдері С.М. Хатамидің Қытайда болу мерзімі мен географиялық сипатын (Пекин, Гонконг, Шанхай және т.б.) атап өтті. Сапар барысында экономикалық маңызы зор бес құжатқа қол қойылды. Онда, негізінен, ирандық мұнайды өндіру, өңдеу және Қытайға экспорттау, тау–кен орындарын игеру, капитал салымдарын өзара қорғау, туризм, мәдениет, ғылым жөніндегі ынтымақтастықтарды қамтыды.

2002 ж. 18-22 сәуірде ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьнің жауап ретіндегі ресми сапары, 1979 ж. кейінгі Қытайдың ең жоғарғы ресми өкіл деңгейіндегі екінші сапары болып саналады. Қытай көшбасшысының Иран мемлекетінде болуы маңызды нәтижелерге қол жеткізуімен анықталды. Оның қорытындысы ретінде – мұнай мен газ, пошта, телекоммуникациялық және ақпаратты технологиялар салаларындағы, сонымен қатар екіжақты салық салудан құтылу, теңіз тасымалдары, 2003-2005 жж. жоспарланған екіжақты мәдени байланыстар мен сауда мәселесі бойынша бірыңғай кеңес құру жөніндегі алты келісімге қол қойылғандығы қарастырылды. Осы екі ресми сапар кезіндегі келісімдер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нормативті-құқықтық базасын құрады. Иранда бай мұнай мен газ қорының болуы, қытайлық бизнесмендердің ойынша, тамаша капитал салымдарын жасауға мүмкіндік береді [4].

Жоғарыда аталып кеткендей, екіжақты тауар айналымның ең негізгі құраушысы – мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық. Мәселен,  2002  ж.  Иран  мен  Қытай  арасындағы  сауда  айналымы  4,5 млрд долл. құраса, оның ішіндегі Иран экспортының 98% үлесіне өңделмеген мұнай жатады. Бұл өз кезегінде Қытайдың бүкіл аталмыш шикізат импортының 18%-ын құрайды. 2003 ж. Қытайдың мұнай саласындағы ірі «Zhuhai Zhenrong» корпорациясы Ираннан 12,4 млн тонна мұнай импорттады. Бұл Қытайдың аталмыш саладағы импортының 14%-ын құрайды. 2005 ж. Қытайдың «Тианбао Енерджи» компаниясы Иранның Ұлттық Мұнай компаниясымен (ИҰМК) ай сайын 80 мың тонна мұнай өнімдерін сатып алу туралы келісті. Ал 2007 ж. Иран Қытайдың шикі мұнай қажеттілігінің 15%-ын қанағаттандырды, яғни тәулігіне 567 мың баррельді құрайды [5]. Сонымен қатар ҚХР Иранның мұнай саласын инвестициялауға айтарлықтай мән береді. Мысалы, Қытайдың ең ірі «SINOPEC Engineering Inc.» мұнай және газ компаниясы ИҰМК–пен «Заварех–каншане» мұнай кен орнын бірлесіп қолданатыны жөнінде келіскен болатын. Екі компания арасында 150 млн долл. көлемінде Тебриз  және   Исфахан   мұнай   өңдеу   зауыттарын   құрал–жабдықтармен   қамтамасыз   ететіні   жөніндегі келісімдерге қол жеткізілді. Ал қазіргі уақытта Қытай «Азадеган» мұнай кен орнына көп көңіл бөлуде. 2008 ж. Қытай аталмыш кен орнына 1,4 млрд. долл. көлемінде инвестиция құйды.

Газ саласында да айтарлықтай жетістіктер бар. 2004 ж. наурыз айында «Zhuhai Zhenrong» корпорациясы Иранмен 25 жыл мерзімінде 20 млрд долл. көлемінде сұйық газ сатып алу туралы келіскен болатын. Келісім бойынша 2008 ж. бастап жыл сайын 2,5 млн т. сатып алу, ал кейін 5 млн т- ға  көтеру  қарастырылды.  2006  ж.  соңында  қытайлық  «China  National  Offshore   Oil»  компаниясы «Солтүстік Парс» атты газ кен орнын игеру жөніндегі келісімдерге қол жеткізді. Осы жобаға инвестицияның көлемі 16 млрд долл-ға тең, оның ішіндегі 5 млрд долл. кен орнын игеруге арналса,  11 млрд долл. өндіріс бойынша зауыт салуға бағытталды. 2007 ж. ірі жетістіктің бірі – «Ядаваран» газ кен орнын игеру жөнінде келісімшартқа қол жеткізді. Ал тек 2008 ж. көрсеткіш бойынша, екі ел арасындағы мұнай мен газ сауда көлемі 20 млрд долл. бағаланды [6].

Автокөлік саласындағы ынтымақтастығы да Қытай капиталының кең түрдегі қатысуымен айқындалады. Автокөлік өндіріс зауытын салудағы 25 млн. долл-ға бағаланған Иран мен Қытайдың бірлескен жобасы 2004 жылдан бастап іске асты. Алғашқы кезеңде шығару қуаттылығы 10 мың бірлікке тең болса, 2006 жылдан бастап 30 мың көлікке жеткізілген. Осы Иран мен Қытайдың компаниялары, сәйкесінше, «Ходро» мен «Чери» 2007 ж. бірлескен өндіріске 200 млн долл. құрайтын келісімге қол қойды. 2007-2009 жж. аралығында жалпы көлемі 370 млн долл. болатын инвестиция құюды қарастырды. Осы жағдай жылына 200  мың автокөлік шығаруға мүмкіндік береді [7].

Қытай мен Иран арасындағы ынтымақтастық экономиканың көптеген басқа салаларында да айқын көрінеді. Мәселен, байланыс жолдар саласында, Ирандағы метро салу жобалары да іске асырылған. Айтарлық, 100 млн долл. көлеміндегі Тегеран (орталық) – Әуежай және Хаштгерд – Мехшах  жерасты  жолдарын  салу  жөніндегі  келісім  жүзеге  асты.  Мазандаран  провинциясында 32 метрлік туннель салу жобасы 300 млн долл. бағаланды. Ал Иранның танкерлік компаниясы Қытайдан 170 млн. долл. көлемінде 5 ірі танкер сатып алу жөнінде келіскен.

Жылу энергетика саласындағы Иран-Қытай ынтымақтастығы 10 жылдық бағдарлама бойынша Иранда ЖЭС салу және оны қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шарт негізінде қарастырылды. Қытай тарапынан салымдар көлемі 1 млрд долл. шамасына жетеді. Құрылыс саласы бойынша Қытайдың «CSCEL» құрылыс компаниясы Тебриз қаласындағы инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған 20 мың ғимаратты салу жөнінде келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру жөнінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуда. Кей мәліметтерге сай, ИИР–де Қытай компанияларының қатысуымен 200–ге жуық жобалар іске асырылуда. Олардың үштен екі бөлігі мемлекетаралық деңгейде жүзеге асырылып жатыр. Сондықтан қалыптасқан жағдайда жеке меншік капиталының қатысуын арттыруға арналған шаралар көзделуде [8].

Қытай мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қатынастар стратегиялық маңызы бар. Екі ел арасындағы байланыстардың кең түрде нығаюы «Солтүстік-Оңтүстік дәліз» атты жаңа сауда жолының орнатылуына импульс беруі мүмкін. Аталмыш дәліз Қытай-Үндістан-Ресей-Иран арасындағы сауда маршруттарын қосып, Суэц каналына бәсекелестік тудыруды көздейді. Ал Қытайдың қатысуы осы жобаның өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді [9].

Иранның Қиыр Шығыстағы мемлекеттердің ішінен Жапониямен ынтымақтастығындағы үлесі зор. АҚШ-тың ең жақын одақтасы Жапония мен америкалық бағытты ұстанған Иран арасындағы дипломатиялық қатынастар 1953 ж. қалпына келтірілген болатын. Жапония ұзақ жылдар бойы Иранның «бірінші» сауда әріптесі ретінде саналды. Қазіргі кезеңде Жапонияның Иранмен сауда- экономикалық қатынастарындағы белсенділіктің біршама баяу болуымен ерекшеленеді. Оған себеп ретінде, сыртқы саяси мәселелерінде Токионың Вашингтонға тәуелділігімен  анықталады.  Бірақ  1979 ж. Ирандағы ислам революциясы одақтастар арасындағы қатынастардың бір бағытты емес екендігін көрсетті. Бұл жағдай кей мәселелер жөнінде қазірдің өзінде де байқалады Айтарлық жайт, 1979 ж. қараша-желтоқсан айларындағы Вашингтонның АҚШ-Иран шиеленісін интернационализациялау шаралары Жапония тарапынан қолдау таппады. Бұл дегеніміз Таяу Шығыстағы реттеу мәселелері жапон-америкалық қарым-қатынастарының қарама-қайшылығын көрсетті. Мәселен, 1978 ж. өзінде бүкіл мұнай импортының 77,8%-ы Таяу Шығыстан болса, 16,8%-ын Иранның үлесі құраған болатын [10].

Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі 2000 ж. ИИР президенті С.М. Хатамидің ресми сапармен Жапонияға келуімен белгіленді. Кездесу барысында стратегиялық маңызы бар жобаға қол жеткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – «Азадеган» атты мұнай кен орнын игеру және инвестициялау, осы мәселе жөнінде келіссөздер болды. Аталмыш кен орны 1999 ж. Иранның оңтүстік-батысында табылған, оның қоры 26 млн баррель мұнайды құрайды. Осы жағдай бір күндік игеру көлемін 300- 400 мың баррельге жеткізу мүмкіншілігі бар. Келісім бойынша аталмыш кен орнын игеруде Жапония компаниялары ерекше құқықтармен иемденді. Осы жоба алғашқы кезеңде 2-2,8 млрд долл. қаражат шамасында бағаланды. Консорциумге Жапонияның «Томен», «Инпекс», «Джапан Петролиум эксплорейшн» компаниялары енген болатын. 2003 ж. Иранның ядролық бағдарламасына байланысты АҚШ-тың Жапонияға қыспақ көрсету нәтижесінде консорциумнан «Томен», ал кейін «Джапан Петролеум эксплорейшн» компаниялары шығып кетті. Бұл оқиға Жапонияның Ирандағы орнын әлсіретті.

Оған қарамастан, 2004 ж. ақпан айында жапондықтар Тегеранмен жоба бойынша жаңа  келісімдер   жасауға   бет  алды.   Осы   жолы   айтарлықтай   жетістіктерге   қол   жеткізілді. Мәселен,«Азадеган» мұнай кен орнын игеру бойынша бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Консорциумге Жапония жағынан 75% акциясы бар жалғыз қалған «Инпекс» компаниясы мен акциясы 25%-ға тең Иранның Ұлттық мұнай компаниялары кірді. Келісімдерге сай, алғашқы кезеңде тәулігіне 150 мың баррель игерілетін болса, кейінгі кезеңде 260 мыңға жеткізілуі қарас- тырылды [11]. Бірақ АҚШ–тың істерге араласуы, осы келісімдердің ұзақты болуына мүмкіншілік бермеді. 2006 ж. басында жапондықтар осы мәселе бойынша жағдайды жақсартуға бірнеше қадамдар жасағанымен, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмады. Тегеран, өз кезегінде, өзінің ядролық бағдарламасына қатысты пейілділікті талап ете отырып, Жапонияға «Азадеганды» байланыстырып отырған. Шешімге келе алмағандықтың нәтижесінде, 2006 ж. соңында «Инпекс» компаниясының жобадағы  үлесі  75%-дан  10%-ға  төмендеді.  Ал  2007  ж.  Иранның  ресми  өкілінің  мәлімдеуінше,«Азадеган» бойынша Иран тарапынан бүкіл келісімдер толығымен күшін жойды. Нәтижесінде Жапония Иранның «нөмірі бірінші» сауда әріптесі орнынан айырылды [12].

Экономиканың басқа салаларында Жапонияның ынтымақтастығы зор. Көлік салу, тау кенін игеру, болат құю өндірістерінде және электр станцияларды салу салаларында белсенділігінен айырылмады. Сонымен қатар Иран экономикасының сұйық отыннан газ түріне өтудегі жобаларда көшбасшы орынға ие. 2000-2005 жж. аралығында аталған жобаларға 10 млрд долл. көлемінде қаражат салынды.

Қазіргі қалыптасқан жағдайға қарамастан, Жапония әлі де Иран мұнайының негізгі тұтынушысы. Иран Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінен кейінгі Жапонияның үшінші  ірі мұнайды экспорттаушы мемлекеті болып табылады. Мәселен, 2007 ж. саяси жағдайға қарамастан Жапония уақытша, Ираннан әкелінетін мұнайдың көлемін 46,1%-ға арттырды. Бұл жағдай, өз кезегінде аталмыш шикізатындағы жапондық импорттың 99%-ын құрады.

Иранның ресми көрсеткіштері бойынша, соңғы кездегі екі ел  арасындағы  сауда  айналымы  2007 ж. – 14,3 млрд долл. құраса, 2008 ж. – 20 млрд. долл. шамасына жетті. Иран мен Жапония арасындағы саяси сипаттағы қайшылықтарға қарамастан, экономикалық ынтымақтастықтағы өсу тенденциясы байқалуда. Осыған қосымша ретінде ИИР президенті Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, мұнайды АҚШ долларымен сату толығымен тоқтатылды, енді тек евро мен йенге экспортталатын болды. Бұл өз кезегінде Жапония мен Иран үшін кезекті қаржы санкцияларынан зардап шегу факторларын әлсіретеді [13].

Иранмен сауда–экономикалық қатынастарына Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері де белсенді қызығушылық білдіруде. Екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастарды реттеу және дамыту үшін құрылған сауда–экономикалық және ғылыми–техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы құрылды. Атап өткен жөн, ынтымақтастықтың негізгі компоненті – Иранның экспорты, оның ішінде өңделмеген мұнай. Ал Иран Оңтүстік Корея үшін аталмыш шикізатты экспорттау бойынша Сауд Арабиясы, БАӘ, Оман және Кувейттен кейігі бесінші орынды иемденеді. Бұл жағдай екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты айқындайды.

Оңтүстік Кореяға Иран тарапынан өзге тауарлар да сатылады, мысалы, жеміс–жидек, шырындар, мұнайхимия өнімдері, әсіресе метанол және кілемдер. Ал Иранға Оңтүстік Кореядан автобөлшектер, жиһаздар, кинескоптар және өзге де техникалар әкелінеді [14].

Сауда-экономикалық және ғылыми–техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының қызметі негізінде Тегеран мен Сеул мұнайхимия өнеркәсібінде, энергетика мен су шаруашылығы, ауыл шаруашылық салаларындағы ынтымақтастықтың нығаю жөнінде келісімдерге қол жеткізді. Осыдан басқа, тау–кен өнеркәсібі мен ақпаратты технологиялар жөніндегі жұмыс комитеттерін құру жүзеге асырылды. Корея тарапынан ерекше қызығушылықты автокөлік, электроника және темір жол салу салаларындағы ынтымақтастық танытады. 2006 ж. экономикалық қатынастардың дамуына бағыт беретін екі маңызды келісімдерге қол жеткізілді, мәселен, екіжақты салық салудан босату жөніндегі және өнеркәсіп, экономика және сауда салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі келісімдерді атап өту қажет [15].

Ресми көрсеткіштерге жүгінсек, екі ел арасындағы сауда айналымның өсуін байқауға болады. Айтарлық, 2003 ж. сауда айналымы – 3,5 млрд долл. болса, 2004 ж. – 4 млрд долл. құрады, ал 2007 ж. – 9 млрд долл-ға өсті. Бұл тенденция болашақта да сақталуы қарастырылуда. Оны Оңтүстік Корея жағынан ресми өкілдерінің мәлімдемелерінен байқауға болады [16].

Иранның Қиыр Шығыс елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығындағы өзге маңызды аспектісі ретінде арнайы экономикалық кеңістік қарастырылады. Соңғы кезде Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея тарапынан Иранның Каспий теңізіндегі арнайы экономикалық кеңістіктерге (АЭК) зор көңіл бөлінуде.

2003 ж. бастап Каспий теңізіндегі Энзели порты арнайы экономикалық кеңістік (АЭК) мәртебесіне ие болып, онда каспийлік сауда–көрмелік кешен ашылған. Энзели портының АЭК режимі транзит шарты бойынша баж салығынсыз тауар кіргізуге рұқсат етеді. Аталмыш АЭК болашақта еркін сауда кеңістігіне (ЕСК) өзгерілуі мүмкін. Иранның Мәжілісімен тағы екі порт ЕСК– ке айналуы қарастырылған. Ал Қытай тарапынан қосымша ретінде «Арас» АЭК–ке және Чабахар және Бендере Хомейни порттарының дамуына қаражат құйылған болатын [17]. Әрине, Иранның  Қиыр Шығыс елдерімен қарым–қатынастарындағы келеңсіз жағдайды тудыратын фактор – Иранның ядролық бағдарламасы (ИЯБ) және АҚШ-тың осы істерге араласуы.

Осы қалыптасқан жағдайда, шексіз зардап шегетін бірден-бір мемлекет – Жапония. Атап айтқанда, 2003 ж. бастап АҚШ-тың ИЯБ-қа қарсы ұстанған бағыты Жапонияны, оның стратегиялық әріптесі ретінде, өзімен бірге еліктіруді көздеген. Осының нәтижесінде Жапония өзінің  энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біршама артқа шегінуге мәжбүр еді. Ал АҚШ-тың кейінгі қыспақтары нәтижесінде, Жапония Ирандағы көшбасшы орнынан айырылып қана қоймай, оның ізімен еруге мәжбүр болды [18]. Мәселен, 2008 ж. сәуірде Жапонияның Министрлер кабинеті ИЯБ-қа қарсы бағытталған санкциялар енгізген болатын. Санкция шеңберінде 35 ирандық ұйымдар мен 40 жеке меншіктің ақша қаражаттары қамауға алынды. Токио әлі күнге дейін Иранды БҰҰ ҚК қарарына бағынуды талап етеді. Себебі, ИЯБ Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт режиміне және Таяу мен Орта Шығыстағы қауіпсіздігінде қауіп–қатер тудыруда. Бұл, өз кезегінде, энергетикалық қауіпсіздікке үлкен әсерін тигізеді [19].

Қытай мен Оңтүстік Кореяға ИЯБ салыстырмалы түрде кері әсерін тигізеді. Осы мемлекеттердің ірі компаниялары мен қаржы институттары АҚШ және Еуропамен тығыз байланыстар жүргіз- гендіктен, ИЯБ кесірінен сенімді әрі берік еуропалық және американдық әріптестерімен қарым- қатынастарын әлсіреткісі келмейді. Сол себептен, Қытай мен Оңтүстік Корея Иранның іскерлік топтарымен белсенділікті арттыруға асықпайды. Тіпті 2007 ж. Қытай Үкіметі ИЯБ-қа қарсы санкция- ларды қолдады, ал кейбір ірі банктері ИИР-мен жұмыс істеуден бас тартты [20]. Бірақ болашақта сенімділік беретін бір жайт – жақындағы Иранның энергетика министрі Парвиз Фатахтың мәлімдемесі. Ол бойынша Иранның ядролық энергия өндірісі толығымен ашық және МАГАТЭ-нің бақылауында жүріп жатқанын айқындады [21].

Кейбір ирандық сарапшылардың айтуынша, 2025 жылы әлемдік энергетикалық аштық өзінің шарықтау шегіне жетеді. Сол жағдай көптеген мемлекеттерді келісімпаз етеді. Оған дейін Иранға қазіргі халықаралық жүйедегі энергетикалық қауіпсіздіктің маңызды торабы болуға қол жеткізу қажет. Сарапшылардың ойынша, Иранның энергетикалық дипломатиясында Қиыр Шығысқа ерекше орын берілетін болады, себебі қаншалықты осы мемлекеттер энергоүнемдегіш технологияларды белсенді түрде қолданғанмен де, ирандық мұнай мен газға қызығушылық сақталады.

 

Әдебиеттер

  1. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей) //http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  2. Никки Кеддие Современный Иран: Причины и Результаты Революции — Нью-Хейвен: Yale University Press,— С. 233-234.
  1. China and Proliferation of Weapons of Mass Destruction and Missiles: Policy Issues, p.7 /CRS report RL31555//http://www.iimes.ru/rus/stat/2006/21-02-06b.htm
  2. Мамедова Н.М., Ульченко Н.Ю. Особенности экономического развития современных мусульманских государств (на примере Турции и Ирана). - М.: Городец, 2006. - С. 288
  3. Тульев М. Состояние и перспективы развития ирано-китайских отношений //ttp://forum.iranatom.ru/index.
  4. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей) //http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  5. Колкунова К. «Эксперт» №31 (572) Chery завоевывает новые рынки. /27 августа 2007// www.expert. ru/printissues/expert/2007/27
  6. Мамедова Н.М. , Ульченко Н.Ю. Особенности экономического развития современных мусульманских государств (на примере Турции и Ирана). - М.: Городец, 2006.
  7. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  8. Никки Кеддие Современный Иран: Причины и Результаты Революции — Нью-Хейвен: Yale University Press, 2003. — С.
  9. Вартанян А.М.    Главный     проект     ирано-японского     экономического     сотрудничества//      http://www.ngv. ru/article.aspx?articleID=23045
  10. Японская компания Inpex смирилась с фактической потерей прав на иранское нефтяное месторождение Азадеган, ее доля будет урезана с 75 до 10 процентов 06.10.2006// www.prime-tass/news/show.aspid=870901&ct=news
  11. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  12. Иран и Южная Корея будут сотрудничать в нефтехимической области// //finance.rol.ru/news/page 0002F/default.asp
  13. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  14. Южная Корея в 2007 г увеличила импорт нефти //www.prime-tass.ru/main_new
  15. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  16. Al J. Venter Iran's Nuclear Option: Tehran's Quest for the Atom Bomb Havertown, Pa.: Casemate, 2004. - P
  17. Япония ввела дополнительные санкции в отношении Ирана 22.04.2008// http://www.rian.ru/world/20080408/html
  18. Кожанов Н.А. Торгово-экономические отношения Ирана со странами Дальнего Востока (Китаем, Японией и Южной Кореей)//http://www.noravank.am/file/article/134_ru.pdf
  19. Все работы Ирана в рамках производства ядерной энергии полностью прозрачны и ведутся под контролем МАГАТЭ - министр энергетики 03.2009 // http://www.prime-tass.ru/news/show.asp?id=876290&ct=news

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.