Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Педагог имиджі мәселесін зерттеудің теориялық негіздері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында көрсетілген және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажет [1].

Қазіргі жағдайда әрбір отбасына мектептен жүйелі және білікті көмек керектігін ұстаздар қауымы жақсы түсінеді. Бұл мәселені ұстаздар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі үрдісінде ғана табысты шешуге болады. Қоғамдағы жаңа бетбұрыстар білім беру жүйесінен үнемі өзгеріп отыруды талап етеді. Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі жансыз жаттанды білім түрінде емес, педагогтың жеке тұлға ретінде танымға, ойлауға қатысын, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұтымды түрде түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.

Имидж  ағылшынның  «image»  сөзінен  алынған,  «образ», «түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату [2].

«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф. Ромашкина, Е.И. Манякина, Е.В. Гришунина, П.С. Гуревич, Ф.А. Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді.

Имидж – тұлғаның өзін-өзі әрекеттеуімен ерекшеленеді. Ол, оқытушыға өткен кезеңдегі жоғары статусты қайтып алуына көмектеседі. Имидж адамды танымдылық пен бағалық қатынастар ретінде көрсетеді. Адамның бүтін келбетін сипаттайтын сыртқы және ішкі аспектілерді атап кету қажет. Сыртқы аспект көптеген элементтерден құралады, аяқ киіммен бастап бас киімге дейін. Ол, адамның бет-әлпеті, киімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, дауысы. Осы тұста стилистің, визажистің көмектері қажет. Имидждің ішкі аспектісі ерекше маңызға ие, оның менталитеті, зерделілігі, қызығушылықтары, талаптары, мән-мазмұны шеберлігі. Ежелгі  Қытай ойшылы  Конфуцийдің  айтуынша,  адам аяғынан басына дейін өлшенбейді, басынан көкке дейін. Осы ерекшеліктерді тартымды образды құру процесінде есепке алу қажет. Сонымен қатар, адамның энерго ақпараттық өрісі бар, оның құрылымы мен әрекеттесуі зерттеледі. Приборлардың көмегімен зерттеу жұмыстарының нәтижелері сыртқы шарттардың, жағдайлардың түрлі өзгерулеріне байланысты адамның энергетикалық өрісінің өзгеруі көрсетілген, жеке тұлғалық ерекшеліктердің адамдар арасындағы әсер ету күштері мен шамалары өлшенеді. Имиджге жұмыс барысында қоршаған ортамен сөзсіз позитивті бағаланатын құндылық ерекшеліктері таңдап алынды. В.М. Шепельдің айтуынша адамның имиджі оның бойындағы өткен тәжірибелерден жинақтала отырып, күрделі жүйелі білімі болып табылады. Ол бүтін сипаттамаға иеленіп барлық қырлары келісілген.

Имидж – белгілі бір адамда нақты қалыптасқан болса, пікір де сондай айқын болуы мүмкін: имидж адамның тек сыртқы түріне қарап қалыптаспайды, сонымен бірге психикасына да тәуелді. Пікір бағалау негізінде, темперамент, мінез қасиеттерімен және алғашқы әсерден пайда  болуы  мүмкін.  Сондықтан бұл терминдер«имидж», «пікір» мазмұны жағынан мағыналас. Бұлардың айырмашылығын келесіден көруге болады: «имидж» сөз тіркесінде дұрыс қолдану типі «адам имиджі» (педагог-психолог, адвокат имиджі) деп қолданылады, ал пікір сөз тіркесінде«адам пікірі» деп пайдалану керек. Сонда өзінің имиджін қалыптастыру немесе өзі туралы пікір қалыптастыру болып шығады. Басқаша айтқанда, имидж – бұл сізден, ал пікір – басқалардан. Имидж табиғаты, типтері, мазмұны мен түрлері, құрылымына тоқталсақ назарымызды мына нәрселерге аударуымыз қажет. Біздің әрқайсысымыз белгілі бір бейнені жасаймыз. Бұл имидж – адам туралы қалыптасқан ұғым-түсінік. Мұғалім имиджі олардың: сыртқы бейнесінен, әдетінен, сөйлеу мәнерінен, ұлттық және өзіндік санасынан, ұлттық менталитетінен, іс-әрекетінен, мінез-құлқынан жасалған оны қоршаған әлеуметтік ортаның ой пікірінен құралады [3].

Әлеуметтік шындықты өзгертуге бағытталған ақпараттық қоғамның табиғаты өзгеруде, оның адамға деген талаптары және адамның қоғамға деген талаптары жоғарылауда. Өкінішке орай, депутаттарды сайлау имидж мамандарының қолына жиі түсуде. Елдің бірқатар, аймақтарында стереотипті манипуляциялау, жасанды имидж қоғамның сұранысына жауап бере алмай жатады. Имиджді құрушы имиджмейкерге оның кәсіби  шеберліктеріне  үкіметтің  имиджі, өнеркәсіп ұжымының имиджді, жекелей тұлғаның имиджіне байланысты. Үкіметтің имиджі елді тиімді басқаруға көмектеседі. Педагогикалық ұжымның имиджі жекелей тиімді білім алуға көмектеседі. Жекелей тұлғаның имиджіне ұжымның имиджі байқалады. Тұлғалардың шетелдерге саяхаттау, жұмыстар атқару, қызмет істеу барысында сөзсіз жайлы ұғым пайда болады

Қазіргі кездегі соңғы басылымдарда, әдебиеттерде педагогтың кәсіби имиджі  жайлы  өте көп айтылып жүр, имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Педагог бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек. Педагог имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек. Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әртүрлі әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Педагогтың жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі педагог имиджі болып саналады. Егерде оқушы педагогтың жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен педагогтың ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Педагог оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары.

Қазіргі кезде тартымды қалыптасқан педагог имиджі педогогикалық іс-әрекеттің негізгі табысты бірден-бір жағдайы.

Педагог өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Оқушылар мен ата-аналардың алдында педагог тартымды, сымбатты, әдемі, мейірімді болуы керек. Ал бұл имиджге байланысты мәселе.

Имидж құрылымы:

  • сыртқы бейне;
  • вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
  • ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.

Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады.

Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі.

Имиджді құраушылар туралы қарастырсақ: біріншден, адамның өзі, оның әлеуметтік ортада өзі туралы қандай мәліметтерді жеткізу мақсатында әрекеті, айналсындағыларға қандай қырынан көрінетіндігі.

Имидж түрлері

 С.И. Ожеговтың түсіндірме  сөздігінде: «Имидж дегеніміз – ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген [4].

«Имидж» мағынасын түсіну әртүрлі құрамды бөліктерден құралады. Бұл бөліктерінің ең маңызды төртеуін қарастырайық:

  1. Кәсібилік және әділдік. Педагог талантты тұлға болуы қажет. Бірақ тәжірибе көрсеткендей 100 адамның 99-ы өз талантын көрсетуге мүмкіндігі жоқ және өмір бойы басқа іспен айналысады.
  2. Педагогтың адалдығы. Адамзат тәжірибесінен шыққан моральді ережелер бойынша өмір сүру керектігін ұғынады, ал әдепсіз болса өз нәтижесінің тұтқынында болады және оның идеялы –барлығы рұқсат етілгендік. Біздің қоғамға өзін-өзі жетілдіре алатын, ең алдымен рухани тұрғыдан жетілдіре алатын әдепті, тәрбиелі, адал педагог өте қажет. Ол назарын барлық адамзат мәдениетінің байлығын алу керек, яғни оның кең гуманитарлық білім алуы міндетті.
  1. Педагогтың гуманитарлық білімі. Ф. Достаевскийдің ойынша, гуманитарлық дамығандық адамның кез келген мамандықты игеруін жеңілдетеді. Осы атақты жазушының адалдығынан атақты адамдардың өмірінен көптеген мысалдар дәлел болады. Гуманитарлық мәдениет арқасында адам сезімдік немесе рационалдық өңдей отырып, өзіне әртүрлі мәлімет таңдау мүмкіндігіне ие болады.
  2. Педагог психотехнолог болуға міндетті. Психотехнология – бұл адамдарды басқаруда психологияның техниканы практикада қолдану жөніндегі ғылым. «Психотехнология» терминін өз құрамында  3  құрамдас  бөлігі  бар: «психо»,«техно», «логия» оны талдағанда «психотехнологияның» мәнін түсінуге мүмкіндік береді. Грек тілінен аударғанда «психо» – жанды, «техно» – өнер, шеберлік дегенді тура білдіреді, ал «логос» – сөз, оқуды білдіреді [5].

Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке имиджіне байланысты. Жалпы имидждің құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады:

– Қызметтік қарым-қатынас этикеті (корпоративтік ережелерді ұстану) – визуальді белгілер – бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі. 

–  Өзіне  сәйкес  стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар – тіл табыса білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі.

Сонымен, педагогтың имиджі мынандай құрамнан тұрады: жеке және тұлғалық қасиеттер, коммуникативтік қасиеттер, кәсіби іс-әрекеттің және мінез-құлықтың ерекшеліктері. Жаңа қоғам педагогтың имиджіне жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар: балаларды жақсы көру – мейірімділік – шынайылық – тілдесе алу икемділігі.

Қорытындылай келе педагог имиджін қалыптастыру – өмір талабы. Рухани мәдениеті биік, кәсіби іскерлігі, қабілеті мен ақыл-парасаты жоғары, істің негізгі көзін білетін, жан-жақты жетілген мұғалімдерді жетілдіру бүгінгі күнде өте маңызды мәселелердің бірі екені жоғарыда айтылып өтті.

 

 Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» халыққа жолдауы, 2011 жылғы 11 қараша.
  2. Калюжный А.А. Формирование имиджа учетеля. – М: Владос, 2005, – 177 б.
  3. Калюжный А.А. Психология формирования имиджа учителя. – М: Владос, 2004, – 222 б.
  4. Имиджелогия. Как нравиться людям / Сост. В.М. Шепель. – М.,
  5. Жайтапова А.А. Профессиональный рост учителя в системе повышения квалификации. – Алматы,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.