Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүмкіншілігі шектеулі жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

Кіріспе

 Қазіргі дағдарыс жағдайында жастардың көзқарасының, дүниетанымының өзгеруі, идеалдарының бұзылуы, нигилизмнің шиеленісуі, жастар апатиясы ұлттың адамгершілік және рухани құндылықтарының жоғалып кетуіне әкеледі. Жастарға көмек көрсету үшін жастар мәдениетінің негізгі даму тенденцияларын, психологиялық ерекшеліктерін және т.б. білу қажет. Жастар әлеуметтануы жастарды әлеуметтік қауымдастық ретінде олардың әлеуметтену және тәрбиелену ерекшеліктерін, жастардың аға ұрпақтың өмір сүру үлгісі мен тәжірибесін қабылдауын, жастардың өмір сүру ерекшеліктерін, өмірлік жоспарларын қалыптастыруын, адамгершіліктік-қүндылықтық бағыттарын, әлеуметтік рөлдерді орындауы мен әлеуметтік процестерді қабылдауын зерттейді. Бұл білімдер әлеуметтік жұмыскер үшін өз қызметін тиімді атқаруы үшін қажет.

Жастар – бұл ересектер әлеміне  және  болашақ  өзгерістерге бейімделетін, әлеуметтік есеюдің қалыптасу кезеңін басынан өткізетін әлеуметтік-демографиялық топ. Жастардың жас ерекшеліктерінің қозғалмалы шегі бар, олар қоғамның әлеуметтікэкономикалық дамуына, мәдениет деңгейіне, өмірлік жағдайға тәуелді. Төменгі жас деңгейі 14 жастан бастап анықталады, бұл кезеңде адам физикалық тұрғыдан есейеді және еңбек әрекетімен айналыса алады (оқуды немесе жұмысты таңдау кезеңі). Жоғары деңгейі экономикалық жетістікке, кәсіби және жеке өмірінде тұрақтылыққа жетуімен анықталады (отбасын кұру, балалардың дүниеге келуі). Бұл кезеңде адам отбасылық және отбасыдан тыс әлеуметтенудің маңызды кезеңдерін басынан өткізеді [1].

Әлеуметтену – бұл қоғамдағы қабылданған мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруы, нормаларды, құндылықтарды меңгеруі, оқуы және жеке тұлғасының қалыптасуы процесі. Жастарды өзіндік әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттайтын қасиеттері бар.

 Негізгі бөлім

 Жастар кез келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде көрсетілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар  мен  бойжеткендерді,  жастарды  қорғау бойынша жастарды қызметте және өнеркәсіптік орындарда кемсіту проблемалары және т.б. белгілі олып отыр.

Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде біраз мәселелерді шешуді, заңгер, дәрігер, психолог сияқты мамандармен ақпарат алмасуды талап етеді. Әлеуметтік жұмыстарды мақұлдау мен алмастыру қоғамдық тұрғыдан мойындау көбінесе кеңес берушілер ретіндегі әлеуметтік қызметкерлердің атқаратын рөлімен анықталады. Кеңес беру әлеуметтік жұмыскердің маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады. Мүгедек жандардың оқуға түсерде кедергілерге кездессе, жұмысқа орналасарда да кездесетін қиындықтары бастан асады. Бүгінде олардың проблемалары – жоғары білім алу мен жұмыссыздық.

Жас мүгедектер үшін әлеуметтік-еңбек реабилитациясының ерекше маңызды бағытына оларды оқыту, білім беру жатады. Жас мүгедектерге жалпы білім беру мен кәсіптік дайындау жүйесінің әлемдік даму үрдісі олардың жалпы білім беру жүйесіндегі құқықтарын жүзеге асыруға құқықтық және ұйымдастырылған кепілдіктерінің кеңеюімен, сондай-ақ, арнаулы білім беру жүйесінің жетілдіруімен сипатталады. Қазақстан Республикасында жас мүгедектердің әлеуметтік еңбек реабилитациясының осы білім беру және оқыту кезеңдерінің мақсаттары оқу орындарының жүйесі арқылы жүзеге асырылады, оларға мыналар жатады [2]:

  • мүгедек балалардың мектеп жасына дейінгі тәрбиесін ұйымдастыру: жалпы типтегі мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде; арнаулы мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде; стационарлық мекемелерінде;
  • жалпы типтегі оқу орындары;
  • мүгедектерге арналған арнаулы оқу орындары: ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы оқу орындары; Қазақстанның зағиптар қоғамының жүйесінде оқыту; Қазақстандық саңыраулар қоғамының жүйесінде оқыту;
  • өндірісте оқыту: еңбекке қабілетті азаматтармен бірге ешқандай арнайы жағдайлар жасамау; мүгедектерді арнайы жасалған жағдайлар негізінде оқыту.

Жас мүгедектерді оқытуда маңызды рөл жалпы типтегі оқу орындарына беріледі. Бұл мәселелер ең алдымен ҚР-ның конституциясында,«Білім туралы», «Жоғары білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы заңдарында қаралған. Жоғарыда аталғандардың соңғысына сәйкес бірінші және  екінші  топ  мүгедектері  мен  жас кезінен мүгедек болғандарға медико-әлеуметтік эксперттік комиссияның шешімі бойынша жоғарғы және орта арнайы оқу орындарында білім алуға рұқсат берсе, олар байқаудан тыс қабылданады.

Әлеуметтік жұмыстың мазмұнына мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау, олардың өздерінің адамдық құқықтарын саналы түрде сезініп, оны жүзеге асыруға көмектесуі жатады. Мүгедек – әлеуметтік жұмыстың объектісі ғана емес, қоғамдық өмірдің белсенді субъектісі және өз тағдырын жасаушы. Бұны мүгедек балалармен және олардың отбасымен, жас мүгедектермен жұмыс жасайтын әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар есте сақтауы керек, себебі дәл осы жаста олардың жеке басының психологиялық және әлеуметтік бағыттары, олардың өздеріне және қоршаған әлемге деген қарым-қатынасы қалыптасады. Жас мүгедектерге арналған дербес интернат үйлер басқа бағдарламалардан мынадай бағыттарына қарай ерекшеленетін реабилитациялық бағдарламаларды жүзеге асыруы тиіс: мүгедектің жеке басының белсенділігін сақтау; жас мүгедектердің дағдылары мен іскерліктерін дамытуға талпындыру және оны материалдық жағынан бағалану үшін пайдалану; жас мүгедектерді қорғау және емдеу режимі, дұрыс дәрі-дәрмектік емдеу арқылы физиологиялық белсенділігін қорғау мен қолдау, сақтау.

Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – қоғамдағы мүмкіншілігі шектеулі жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту; олардың өмір тіршілігі мен белсенділігінің кедергісіз жүзеге асуын қамтамасыз ету; мүгедектердің интеллектуалдық және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай тудыру; көпшіліктің мүгедектерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларын қолдауы; лайықты да қол жетерлік медициналық көмек көрсету; медициналық, кәсіби және әлеуметтік сауықтыру шараларын өткізу; құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету, мүгедектердің туабітті тұлғалық қабілеттерін дамытуы, тәуелсіз, белсенді өмір сүруі үшін басқа адамдармен кең жағдай және мүмкіндіктерге деген құқықтарын заңнамалық тұрғыда бекіту; мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсететін инфрақұрылымдарды дамыту; халықты қорғау орындарын мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.

Балаға карағанда ол бұл дүниені үйлесімді және бағалы деп қарамайды, қоғамнан өз орнын табуға ұмтылады. Бірақ оның өмірі сол қалпы мектепте өтетіндіктен және ол шындығында әлі де болса қоғамдық әрекетке кіріктірмегендіктен, жасөспірім өзінің әрекет күшін және өмірін өзгерту үшін қиялына ерік береді, сол арқылы жүзеге асырады. Бұл жағдайы жасөспірімнің өмірге «қосыла алмайтынға қосылуы» деп атауға болады, яғни қиялында елестету арқылы өмір сүру. Жасөспірімдік шақтың тағы бір маңызды әлеуметтік-психологиялық ерекшелігіне белгілі психологтар Т. Драгунова мен Д. Эльконин атап өткендей, жасөспірімдер арасындағы ерекше жеке бастық қарым-қатынастардың пайда болуы және дамуы, оның басқаша қарым-қатынас әрекеті немесе әрекетті қарым-қатынас деп те атап кеткен қасиет жатады. Мұндай қарым-қатынастың процесінде «тексеру», «байқау» сияқты адамдар қарым-қатынасының нормасындағы терең бағдар немесе оны игеру жатыр [1].

Жасөспірімдік шақтық әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын аяқтай отырып, жыныстық жетілу сияқты психофизиологиялық факторды атап өту керек. Бұрынғы уақыттары жыныстық жетілу балалық шақтың аяқталып, жасөспірімнің ересектер өміріне жолдама алуын білдірген. Ертедегі адамдар үшін жыныстық жетілу адамды ересектер қатарына қосып, оны әскери өмірге араластыруға, отбасылық өмір сүруге, біртіндеп әлеуметтік институттарға қатыстыра бастауға негіз болған. Оны әртүрлі инициация сияқты дәстүрлі сынақтардан өткізген, ол өзінің әлеуметтік және азаматтық міндеттерін орындауға мүмкіндік ала алған.

Бұл жастағы ең басты әлеуметтік міндет – мамандық таңдау. Оқуды жалғастыра отырып, бозбалалар мен бойжеткендер жауапты таңдау жасайды – әрі қарай мектептегі оқуын жалғастыру немесе оқуын жұмыспен біріктіру. Орта мектепті бітіргеннен кейін таңдау ауқымы кеңейеді, өмірлік жолдары өзіндік әлеуметтік-психологиялық салдарынан жетіле түседі. Қоғамдық-саяси рөлдердің де ауқымы және оған деген қызығушылықтар мен жауапкершіліктер кеңейеді: 16 жаста – паспорт, жеке куәлік алу, 18 жаста – белсенді сайлауға қатысу құқығы, заңды түрде некеге отыру мезгілі және т.б. мүмкіндік туады.

Бозбаланың жасөспірімге қарағанда өзін-өзі анықтауы – бозбаланың жасөспірім шақта құрған мақсатын жүзеге асыра бастауы және өзінің өмір салтын анықтап, белгілі  бір  мамандық-  ты игере бастауымен ерекшеленеді. Сондықтан оның әрбір қадамы үшін жауапкершілігі арта түседі, ал әрбір қателігінің драмалық тұрғыдағы салдары болуы мүмкін. Бозбалалық шақтың осы ерекшелігіне жастар проблемасын зерттеуші белгілі социолог В. Шубкин: «15-25 жас аралығы – адам өміріндегі шешуші кезең, онда жіберілген қателіктердің бағасы «екілік» емес, кейде бос өткен өмірімен тең болуы мүмкін» [4] – деген баға береді.

Сонымен қатар, бозбалалық шақтың ерте кезеңдерінде ересек жасқа тән кейбір таптаурын мен нұсқамалар өз әсерлерін жалғастыра береді. Бұл осы жасты адамның аралық жасы деп сипаттауға негіз болады, себебі осы жаста жасөспірім, ересектену, бозбалалық және ересек шақтың санасының бөлшектерін көруге болады. Олар «механикалық» тұрғыда өмір сүріп қана қоймай, өзара бір-біріне әсер етеді, үйлеседі, өзара байланысады, сөйтіп, жастар санасына қажетті жаңа сапалы бөлшектерді тудырады.

Бозбалалық шақтың өзіне тән белгісі – максимализм, ол қоршаған өмірді кемеліне жетпегені үшін сынаудан, бозбалаға тән «керемет» жоспарлар құрудан, шынайы мүмкіндіктерін пайдалану мүмкіндігінің дамуынан көрінеді. Осыдан жастардың дүниені шынайы және алдамшылығына қарсы әртүрлі қалыпқа қарсылық көрсетуі туындайды.

Білім алудың, қарым-қатынас жасау шеңберінің кеңеюіне байланысты интеллектуалдық ой-өрісінің даму процесі жүреді. Белгілі психолог П.П. Блонскийдің ойынша бозбалалық шақта қызығушылықтар әртүрлілігі барынша толық болып: «Білім осы қызығушылықтарды кеңейтеді, ал кәсіби әрекет оны әлі де болса тарылтқан жоқ» [5].

Осы кезеңде сыни тұрғыда ойлау, құбылысқа өзіндік баға беру, негізгі себепті атап түсіндіруді талап ету, сенімділіктен бас тарту, күрделі проблемаларды шешуге қызығушылық, ерек-  ше шешім қабылдауға ұмтылу дамиды. Жастар арасында әртүрлі пікірталастар болып отырады, олар қысқа мәнді мәселелерді қарастырып қана қоймай, өмірдің мәні бостандық және жауапкершілік, бақыт пен жақсылық туралы да болып келеді. П.П. Блонский бұл кезеңді «айтысу жасы, айтысты спортқа айналдыру жасы» деп атаған. Сонымен қатар, сенімдердің тұрақсыздығы, қарама-қайшы ақпараттарды қолдану, өмірлік тәжірибесінің аздығы негативизмнің пайда болуының негізіне, беделділікке немқұрайды қарауға, басқалардың ойларына төзімсіздікке және жоғарылап қоюшылыққа әкеп соғады.

Осындай әлеуметтік-психологиялық тұрақсыздық, динамикалық, қарама-қайшылық бозбалалық шақтың көптеген мінез-құлқына әсер етеді. Мұндай әсерлерді мінез-құлыққа тіркелетін сипат деп қарастырудың қажеті жоқ, себебі осы қарама-қайшылықтарда оны шешудің әрекеттер нысанына деген қызығушылық жатыр. Барлығы оны жеке басқа және қоғамға қажетті арнаға сала білуге байланысты: ол оқу, еңбек, спорт, әуестенушілігі саласындағы әрекет болуы мүмкін, болмаса қоғамға жат мінез-құлық, алкогольді, есірткіні және т.б. қолдану болуы мүмкін.

Бозбалалық шақтағы негізгі әлеуметтік-психологиялық жаңашылдық жеке басында және өмір салтында өзін-өзі анықтауға қабілеттілігі немесе белгілі американ психологы Э. Эриксон енгізген түсінік – сәйкестікті жүре қабылданатын сезім, адекваттық және өзінің менін басқара алу. Эриксон бозбалалық шақты сәйкестіктің дағдарысы болатын кезеңмен  байланыстырады: «бұл жас адамның балалық шағының элементтері мен жасөспірім кездегі үміттерінің арасынан өзінің ең негізгі басты болашағы мен жолдарын таңдап алатын өмірлік цикл, яғни ол өзін болашақта қалай көргісі келетіні мен өзгелердің одан нені күтетіні арасындағы ұқсастықты анықтауы керек» [6];

Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» Заңына сәйкес еңбекпен қамту қызметтеріне (еңбекпен қамту мәселелерін шешуге өкілетті органдар) жұмыссыз ретінде жас адамның тіркеуге тұруы олармен құқықтық қатынасқа байланысты заң жүзінде тіркелген жұмыссыздың құқықтарын қорғауға міндеттеме алатынын білдіреді, бұл құқықтарға жұмысқа орналасуға көмектесу, мамандандырылған кеңес беру, мамандыққа даярлау немесе қайта даярлау, жұмыс орындары туралы ақпараттар алу, ал кейбір жағдайларда – қоғамдық жұмыстарға жұмылдыру және адрестік көмек көрсету жатады [7]. Заң бойынша 21 жасқа дейінгі жастар мемлекет жұмыспен қамтуға байланысты шаралар қолданатын халықтың мақсатты топтарына жатады. Жас жұмыссыз үшін еңбекпен қамту қызметтерінің оған «сәйкес келетін» жұмысты тауып беруі туралы заң нормаларының  жүзеге  асуы да маңызды, қолайлы жұмыстарға: жұмысшының кәсіби жарамдылығына сай келетін, оның кәсіптік дайындығын, бұрынғы жұмысын, денсаулық жағдайын, жұмыс орнына көліктің ыңғайын есепке ала отырып ұсынылған жұмыстар жатады. Жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі ережелерінде кәсіби этика кәсіпқой қызметтің функционалдық негіздерінің бірі ретінде көрсетіледі. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіби этикасы қызметтің мазмұнынан туындайтын, кәсіби мораль, жүріс-тұрыс нормаларының жиынтығы, ізгі мұраттар, құндылықтар, пациентпен арадағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін және әлеуметтік жұмыскердің мамандығының мән-мазмұнын ашатын ғылым.

 Қорытынды

 Мақаланы тұжырымдай келе, әлсіз жандармен жұмыста әлеуметтік жұмыскер қайырымдылық пен мейірімділік, адалдық пен әділеттілік, адамға деген ізгілік көзқарастарының жеткізушісі бола отырып, әлеуметтік жұмыс құндылығын қоғамда қалыптастыруға ықпал етеді және өзінің мамандығы алдында борышын өтейді. Әлеуметтік жұмыскерлердің әріптестеріне қатысты этикалық және мүмкіншілігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыстағы жауапкершілігі – бұл әлеуметтік жұмыскердің өзі қызмет барысында істейтін ұжымға, әріптестеріне қатысты кәсіби борышты өзінің іс-әрекеттері мен жүріс-тұрысын ұжымның ортақ мақсатына бағындыру, оған жету үшін әріптестеріне көмектесу, өз іс-әрекеттерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде жеке адамдардың, отбасының және басқада қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, жеке мекемелердің ұйымдық мамандары мен белсенділердің қоғамдық және кәсіби іс-әрекеттерін зерттейді. Барлық ғылымдар: табиғи, қоғамдық және техникалық ғылым болып бөлінеді. Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде басқа ғылымдармен тығыз байланыста. Ол медицина, психология, социология, педагогика сонымен қатар, қоғамдық және табиғи ғылымдармен тығыз байланыста.

Әрбір ғылымның теориялық және практикалық аспектілері бар. Әлеуметтік жұмыстың ерекшелігі – ол білім мен іскерліктің бірлігінде. Бірліксіз әлеуметтік қызметкер болуы мүмкін емес. Сонымен бірге, бірінші орында әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі тұрады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Әбдірайымова Г.С., Әбдікерова Г.О., Дуйсенова С.М. Жастармен әлеуметтік жұмыс. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті,
  2. Социальная работа с молодежью: учебное пособие / Под ред. Н.Ф. Басова. – 2-ое издание. – М.: Издательскоторговая корпорация «Дашков и К»,
  3. Агафонов А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар: Оқу құралы. – Астана: Парасат әлемі, 2005.
  4. Шубкин В.Н. Начало пути. – М.: «Молодая гвардия»,
  5. Блонский П.П. Избранные психологические произведения. – М.: Акад. пед. наук РСФСР,
  6. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. – М.: Издательская группа “Прогресс”,
  7. Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы (2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.