Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Пcихологиядағы дарындылық мәселесі мен М. Мақатаевтың дарынды тұлғасы

Кіріспе

 

Дарынды деп кімді айтамыз және дарындылық құпиясы неде деген сұрақтар адамдарды бұрыннан ойландырған. Осы сұрақтың теориялық, сондай-ақ қолданбалы мәселелеріне деген қызығушылық қазір де толастаған емес. Психологиядағы дарындылық және дарынды тұлға мәселесіндегі пікірталастардың көптігі мен осы мәселе төңірегінде зерттеулердің аз болуы дәл осы зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығын анықтайды. Дарындылардың шығармашылығы мен өмір жолын және дарындылық табиғатын зерттеудің практикалық маңызы қазіргі заманда Қазақ қоғамындағы рухани және адамгершілік дағдарыспен байланысты болып отыр. Көрнекті тұлғалар халық рухының айқын белгісі болып табылады. Одан бөлек, дәл осы дарындылар рухани басымдықты қалыптастыруға, адам мен қоғамның дамуындағы алға басушылықты анықтауға қабілетті. Көне замандарда дарындылықты қандай да бір иррационалды, «жоғарыдан берілетін шабыт» ретінде қарастырды. Өркендеу дәуірі кезеңінен бастап дарындылық культі шығармашылық даралық ретінде кең етек жая бастады, оны кейіннен романтиктер қабылдап алды. «Дауыл мен шабуыл» атты неміс романтиктерінің шығармашылық бірлестігі эстетикасында дарындылық ұғымы басты орында тұрды. Кездейсоқтық, интуиция, қызбалық дарынды тұлғаның індетті атрибуты ретінде қабылдана бастады.

ХІХ ғасырдың соңында Ф. Гальтон «Дарындылықтың тұқымқуалаушылығы:оның заңдары мен салдары» атты еңбегінде талант пен дарындылықтың, психологиялық ерекшеліктердің, жеке қасиеттердің тұқымқуалаушылығын көрсету мақсатында Еуропа мен Англияның көрнекті қайраткерлерінің өмірбаяндық, статистикалық және тарихи зерттеулерінде кең ауқым-  ды мәліметтер келтірген. Оның ойынша, тұқымқуалаушылық пен іріктеу – қоғам мен адам дамуының маңызды факторлары. Ф. Гальтон өз зерттеулерінде таланттың тұқымқуалаушылығы туралы қорытындыға келді. Сондай-ақ ол таланттар мен дарындылардың дамуына қоршаған ортаның ықпалы мен дарындылар мінезінің ерекшеліктері де әсер етпей қоймайды дегенді айтады. Сонымен қатар бірінші орынға ол «табиғи дарындылықты» қояды, оның астарында адамды биік беделге жетелейтін іс-әрекет жасау мүмкіндігі мен қабілетін беретін ақыл-қасиет бар деп ойлайды.  Ең  маңыздысы  осы  қасиеттермен бірге «еңбектегі төзімділік» сәйкес келуі тиіс, яғни ұзақ уақыт бойына қиын жұмысты жасау қабілеті. Солай бола тұра, осы қасиеттердің бәрі әлі де жеткіліксіз, адамның өзі ішкі күш-жігері мен ынтасына сүйеніп, жолындағы кедергілерді жоя отырып, адам ұлылығының шыңына қол жеткізуі тиіс. Сонымен, Гальтонның ойынша, дарындылық энергия мен ауыр еңбекке деген қабілеттілік тұқым қуалайтын қасиеттер. Ол атап көрсеткен кедергілерді дарынды адамдардың өміріндегі дағдарыстық кезең деп қарастыруға болады, дәл осы дағдарыс олардың дарынының көрінуі мен дамуына жағдай жасаған болатын. Оның айтуынша, дарынды адамдар үшін білімді және білімсіз болу маңызды емес. Адамның маңызды жетістігі кезінде маңызды кедергілерден өтіп, оны жеңе білуі адамның дарындылығынан хабар береді.

Осы әдістің ізбасарлары – ресейлік ғалымдар Н.К. Кольцов, Ю.А. Филипченко, П.П. Чулков тағы басқалары Ресей империясының атақты (Толстой, Пушкиндердің) және (Шаляпин, Горький, Есениндердің) ата-тегінің генеалогиясын зерттеп мынадай қорытындыға келді, «дарынды адам құнды тұқымқуалаушылық қабілеттердің өте сирек кездесетін жиынтығының көрінісі» болып табылады [1, 208-209 б.]. Академиялық зиялы қауым өкілдерінің ата-тегін зерттеу, өз кезегінде, оның аса көрнекті өкілдері «жоғары, кейде айрықша дарынды және сонымен қатар жұмысқа деген аса жоғары қабілеттілігімен» ерекшеленетінін көрсетті. Зиялы қауым өкілдері неғұрлым күшті болып, оның ауқымы да кеңейе түсіп, оның өмір сүру жағдайы да қолайлы болған, олардың қатарынан дарындылардың пайда болуы ықтималдығы артады. Зиялы қауымның кедейлігі кезінде таланттардың көптігін күту өте қиын [2, 297 б.].

1927 жылы В.М. Бехтеров КСРО Үкіметіне «Ми пантеонын» құру туралы ұсыныс жасады. Аталған жобаның міндеті Ленинградта Мемлекеттік рефлексологиялық институт жанынан «дарындылық пен данышпандықтың анатомиялық негізін» зерттеу жөніндегі зерттеу базасын ұйымдастыру және осы мақсатта саяси, мәдени және өнер салаларындағы дарынды адамдардың «Ми банкін» құру болатын. Осындай ойлар бұрын да айтылған болатын. 1918 жылы психолог және педолог Н.А. Рыбников «Өмірбаяндық институтты»  ұйымдастыру  жобасын  дайындады, оның міндеті ұлы тұлғалардың «өмірбаянын үлкен бөлігін сақтау» айналысса, 1921 жылы медицина докторы Г.В. Сегалин «Дарынды шығармашылық институтын» құру туралы ұсынысын білдірді. Осылайша, дарындыларға қызығушылық өте жоғары болды.

В.М. Бехтеревтің пайымдауынша ми пантеонының негізгі міндеті – көрнекті адамдардың ми құрылысы мен шығармашылық қызметін ғылыми-зерттеу еді. Жұмыс екі: анатомиялық-патологиялық және психологиялық бағытта жүргізілуі тиіс болды. Психологиялық бағыт «жоғары дарынды тұлғалардың мінез-құлық мәліметтерін жинақтау және ғылыми өңдеуді», зерттеу материалы ретінде» жақын адамдардың естеліктері мен жазбалары, барлық автобиографиялық мәліметтер, зерттелетін тұлғаның барлық шығармалары, әсіресе, оның мамандығы саласындағы еңбектерді» қамтыды. Пантеон жинағына Лениннің, Сталиннің, Бехтеровтің, Луначарскийдің, Богдановтың, Выготскийдің, Багрицкийдің, Белыйдың, Маяковскийдің, Горькийдің, Иполлитов-Ивановтың, Мичуриннің, Павловтың, Сахаровтың және тағы басқалардың милары енгізілді.

Осы жерде айта кететін бір жайт, миды зерттеу дарындылық табиғатын түсінуде Лейбниц маңызды нәтижелер  бере алған  жоқ, дегенмен,«көрнекті тұлғаларды зерттеу сызбасын» әзірлеуге көмегін тигізді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс философы және психологы И.И. Лапшин «Ойлап шығару философиясы және философиядағы ойлап шығару» деген еңбегінде «дарынды философтар» табиғатын зерттей келе ұлы философтар – Платон, Демокрит, Аристотель, Кант, Лейбниц, Конт, Гегель, Спенсер және басқаларының өмірбаяны мен шығармашылығын талдай келе, дарындылар табиғатына және олардың ашқан жаңалықтарына әртүрлі дәуір ғалымдары көзқарастарын қарастырды. Ол мынадай қорытынды жасады, дарындылардың тамаша қабілеттерін ашатын факторлар – тең дәрежеде тұқымқуалаушылық пен әлеуметтік орта  болып табылады.

Лапшиннің айтуы бойынша, ғылым бірте-бірте дамиды, сонымен бірге кейінгілері алдыңғыларымен тікелей байланысты болады. Көрнекті философтар әртүрлі философиялық мектептердің ізбасарлары болды және олардың шығармашылық қызметінің бастапқы кезеңінде еліктеу үлкен рөлге ие болды. Лапшин еліктеуді дарындылық кепілі ретінде қарастырған Канттың пікіріне сүйенеді. Осы жерде атап өту керек, заманауи психологияда осы тезистің дәлелін В.Н. Дружининнің «Қабілеттер психологиясы» еңбегінен табуға болады.

Табиғи дарындылық, өз кезегінде, орасан зор білуге құмарлықпен толыға түседі, мұндай қасиеттер көптеген философтарда  жас  кезінде жинақтаған сан алуан білімдерінен көрінеді. Лапшин өзі зерттеген дарындылардың қасиеттері тек олар таңдаған ғылым саласында ғана емес, сондай-ақ көркем шығармашылықта да көрініс бергендігін тілге тиек етеді. Осы пікірді С.Л. Рубинштейн де қостайды.

Лапшин Гельвецийдің ғылыми жаңалықтар ашудың кездейсоқтығы туралы пікірімен де келіспейді, оның дәлелі ретінде Лагранждың сөзін келтіреді: «Ұлы жаңалықтардың ашылу кезеңіне, әдетте, оған лайық адамдар тап болады».

Лапшин Ломброзо идеяларын жақтаушы ғалымдардың дарындылық табиғатын психикалық патологиядан көретін идеяларымен келіспейтіндігін айтады. Лапшин патологиялық үдерістерді ойшылдың шиеленісті әрекетінің салдары деп түсіндіреді әрі бұл ерекше сезімталдықтың көрінісі ретінде кәрілік кезеңде байқалады деп пайымдайды. Ол әйтеуір философиялық шығармашылықтың қайнар көзі психологиялық патология емес екеніне сенімді.

Жеке бастың қайғысы дарынды адамдардың шығармашылығында аса жоғары сатыға көтерілуге серпін береді, сол жерде ол жеке мүддесін аса жоғары деңгейге апаруға қабілетті болады.

И.И. Лапшин дарындылықтың дамуы факторларына шығармашылық интуицияның, ғалымдардың қиялы мен орасан зор жұмысқа қабілеттілігі рөлін, өз ісіне берілгендіктің үлкен үлгісін жатқызады.

Л.С. Выготский «дарындылық – шығармашылық еңбектің аса жоғары немесе аса төмен біржақты шамадан тыс дамуы» дегенді айтады. Соған орай ол Э.А. Морселлидің мынадай сөздерін мысалға алады, «дарынды адам адам типінің дамитын, алға басатын түрі». Дарындылықтың тұқымқуалаушылық арқылы берілуі туралы мәселе, Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, онша анық емес. Оның ойынша, «аса қолайлы экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туа біткен қасиеттерді дұрыс пайдалануға ықпал етеді. Егер тұқымқуалаушылық дарындылық мүмкіндігін тудырса, онда қоғамдық орта ғана осы мүмкіндікті жүзеге асыра алады және дарындыны тудырады. Дарындық шығармашылықтың қандай да бір ұлы ашылулар мен жаңалықтар, өнертабыстық көріністері дамудың алдыңғы бабына қатысты дайындалады, сол дәуірдің мәдени деңгейіне байланысты болады. Осыдан келіп, Л.С. Выготский мынадай қорытынды жасайды: дарынды адам – өз дәуірінің өнімі, ендеше қоғам оның пайда болуы мен тәрбиесіне мүдделі болуы тиіс.

Кеңес психиатрі П. Зиновьев дарындылық пен психологиялық патология арасындағы тығыз байланысты дәлелдегісі келеді. Мысал ретінде ол Лангенің қорытындысын келтіреді, ол былай, дарынды адамдар, ереже бойынша, өзіне шығармашылық дәрежеде тең ұрпақ қалдырмайды, өйткені олар көбінесе және жиі түрде биологиялық тұрғыдан бедеу болып келеді. Демек, дарынды тұлға «көпшілік жағдайда бионегативті құбылыс». Әрі қарай П. Зиновьев өз ойын былай деп жалғастырады, кейбір психопатиялық ерекшеліктер шындығында барлық адамға тән және ереже бойынша, жеке тұлға қаншалықты күшті болған сайын осы ерекшеліктер айқын көрінсе керек.

А.Ф. Лазурский дарындылықты сапалық жағынан қарапайым адамдардың қабілетінен еш айырмашылығы жоқ қабілеттер жиынтығы, ал айырмашылығы тек саны жағынан деп пайымдайды.

1930 жылдардан кейін педология, психотехника және евгениканың КСРО-да қудалануына байланысты дарындылықты зерттеу бір шетте қалып қойды. Талант пен дарындылықтың тұқымқуалаушылық тезисі осы кезеңде жоққа шығарылды да, дарындылықты дамытудың басты факторы ретінде орта мен дарынды тұлғаны сапалық қасиеттерге тәрбиелеу танылды. Талант пен дарын, ең алдымен, еңбексүйгіштік, асқан қажырлылық және күшті ерік-жігер.

Тек 1970 жылдары ғана психологияда қабілет пен дарындылық табиғатын зерттеуге қызығушылық туындай бастады. Шығармашылық қабілеттілік мәселелерін зерттеумен Б.М. Теплов, Я.А. Пономарев, В.Н. Дружинин және т. б. айналысты. Зерттеулердің басты бағыты талант пен дарындылықты үдеріс ретінде шығармашылық тұрғысынан талдауы болды. Кейінгі жылдары В.А. Кольцова мен Е.Н. Холондовичтің тарихипсихология тұрғысында дарындылықты зерттеген еңбегін ерекше атап өткен жөн [3, 101-103 б.].

 Негізгі бөлім

 Адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтижелерге жету  мүмкіндігін  дарындылық  дейміз.  Ғасыр ақыны атанған М. Мақатаевтың шығармаларынан осындай сипатты көреміз, таным қабілетінің өзқатарластарына қарағанда жоғары болғандығынан оның шығармашылығына үңілген сайын әркім өзін танып жататыны рас. «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін» – дейді. Мұқағали шығармашылығының негізі «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Ол «Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет». Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды (Күнделік, 10. 2. 1976). Мұзбалақ ақын адамдық ардың рухын қадыр тұтты. Ақынның шеберлігі өмірден өзін, өзінен өмірді көре білуінде. «Бүкіл менің жазғаным бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Ұлы адамдардың өлген күні болмайды, туған күні болады «дегендей ақынның екінші өмірінде, мәңгілік ғұмырында жарық көрген еңбектерінде бұрын басылымға шықпаған өлеңдері, әңгімелері, сыни еңбектері, күнделігі, хаттары бар. Төмендегі кестеден Мақатаев шығармашылығын байқауға болады (1-кесте).

1-кесте – М. Мақатаевтың шығармашылығы

 1-кесте – М. Мақатаевтың шығармашылығы

1967-1976 жылдар дарынды ақын шығармашылығының – шың биігі. Ақын бар жоғы 45 жыл ғұмыр кешсе де аз ғана ғұмырының ішінде адамзаттық ғылымға мол мұра қалдырды. Ақынның көзі тірісінде жоғарғы кестеде көрсетілгендей 3 ау­ дарма кітабы – У. Уитмен, «Шөп жапырақтары» (1969); У. Шекспир, «Сонеттер» (1970); Д. Алигерьи, «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімі (1971), 8 жыр жинағы – «Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр»   (1970), «Дариға-жүрек»  (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976) жарық көрді.

М.   Мақатаевтың шығармашылығын  Дж.С. Кауфман мен Р.Дж. Стернбергтің моделімен қарастыруға болады (1-сурет) [4].

  1-сурет – М. Мақатаевтың шығармашылық тұлғасы хақында

 Бұдан біз бүтін Мұқағалидың шығармашылығына қатысты жүйені көре аламыз.

Ақынның мына бір өлеңі дарындыларға қарап айтылғандай: «Сіздер көтергіш крансыздар: Шығарасыздар да, көтересіздер де. Заманның жүгі алақандарыңызда, Алақандырыңызда, жоталарыңызда. Айтсаңыздар болды балапандарыңызға, Лаулаймыз өрттей от аламыз да. Дәуірге – оттық, шырпы да – Сіздер, Тұтанасыздар да, сілкінесіздер. Құпия сандық құлпы да – Сіздер,Құлпының ашар кілті де – Сіздер [5, 92 б.].

Дарындылық ғылыми психологияда көбінесе ақыл-ой қабілеттілігінің және ақыл-ой потенциалының жүйесі ретінде түсініледі.

Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлеңінде тау тұлғалы ақынның психологиялық мінезі  таудайт өрліктің, биіктіктің, тазалықтың, дара тұлғасы «тау», «бұлт», «қыран», «жай оғы», «асқар шың» ұғымдарымен сипатталған. Ақынның қазақы болмысын «Тау – дәу бесік» – деп берілгендей.

«Асқар шыңдар желпиді бесігімді, Бір орамын ағытып сәлдесінің» – деуінен ұлттық нақышты байқаймыз. Ақын тұлғасы «тау» – «асқар  шын» «бұлт» ұғымдар психологиядағы түстерді күн мен түн, ақ пен қара, жарық сәуле мен қараңғы түнек ұғымдарымен  айқындалады.  Осындағы: «киік» пен «қыран» ақынның шығармашылығының ерекшелігін көрсетеді. «Meн – таулықпын – Қыранның балапаны» десе бір өлеңінде «Киіктің сүтін еміп ер жетуі» ақынның ұлттық болмысын көрсетсе шабытының «қыранның қанатынан қуат алуы» деген ойларымен берілген. Мұқағали шығармашылығымен өзіне мінездеме берсек тау тұлғалы, тау мінездес, «бұлт бүркенеді», «жай отын ала туады». Ақынның «мені» өзінің дара тұлғасын көрсетеді: «Күн алғашқы саулесін маған шашып, Маған келіп түнейді қара тұман» – «таудан мен жаратылғам», «Тауға барып, Көкке ұшып кетсем бе екен, Ұстап алып қыранның қанатынан...» десе «Ұлы болып туылғаннан, Ұлы болып өмір сүрмек тым қиын» деп өз тағдырынан сыр шертеді. Қазақ жанының даралығын аша білген ақын. Оған дәлел – Мұқағалидың тау тұлғалы, қыран құстай, жапырақ жүрегі, дара тұлғасы, піл сүйек нар қылықтылығы. Ақынның шығармаларына сүйенсек: «Мінезін бермей түлкінің, Жүрегін бердің қасқырдың». Ақынның поэзиялық шығармашылықта тағы ерекшелігі «...Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып, өзіне қайтарамын...» деуінде. Ақын шығармашылығының өзегі – Отаны «Қайсыбіреу өлкемді жамандаса, Шоқ түскендей жаныма күйіп кетем», десе ерлік пен батырлық туралы: «Салттары мүлде ірі екен Азаматтары да ірі екен. Махамбет пенен Мұқиттар, Тірі екен, әлі тірі екен!!!», достық пен ынтымақтық, жақсылық, жауыздық пен зұлымдық «Жамандарды іздемен, өзі-ақ табар, Жақсыларды табуың қиын екен...», «Жауыздық бiткен менiмен ғана бiрге өлсе», «Көрінгенге иілме, майыспа!», «Арымыз тұтып атадан қалған әдетті, Пайдаға біздер асырушы едік әдепті», ақыл-ой «Құрдымға құлап кетсек өкінбейік, Жігіт пе үйде туып, құзда өлмеген», «Бәрін де түйсін, білсін тылсым кеуде», ерік-қайрат жайлы: «Кемсіне берме, Керенау тартса, тағдырға», «Сүрініп кетсең, қарғып тұр қайта, даярлан Кедергілерден екінші рет қарғуға» деген сияқты іргелі мәселелерімен қатар қазіргі психология ғылымында кездесетін ұғымдардың да үлкен тізбегі ақын шығармашылығында арман: «Көңіліңе алған, түсіне енсін шаттығың. Ақ бояу әлде арың ба?! Арманың ба, әлде, бағың ба?», «Қорлық үшін келген жоқсың мына өмірге, Жалғанға Болмысты да, болмасты да, Болады деп арманда! Үмітпенен қарағайсың, жүрегіңде жан барда», «бақыт «Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты боп сорлап жүрсең, масқара!», қиял, ес, сенім ықылас, ынтық, нет, ашу, қайғы, т.б. сан қырынан сөз болған. Мысалы: Сенемін өлеңінде «әлем», «адамзат»,  «адам»  құндылықтарының  мәні берілген:

«Сенемін! Сенемін мен! Сенемін мен! (Сенбесең оқып қара өлеңімнен). Мына жер, ана аспанның тереңінен Сенделіп, сенімді іздеп келемін мен. Сенемін, Мейлі аңсарым табылмасын, Сенімім тек сертінен жанылмасын, Сенімсіз тұңғиыққа табынбасын. Тынымсыз қозғалыстың барлығын да, Тынысым сенімменен қабылдасын:Сенемін, сенемін деп дамылдасын, Сенімнің ақ көрпесін жамылғасын... Сұрама. Неге сенем, кімге сенем, Мүмкін мен мына жарық Күнге сенем, Жанамын, жанамын да бірге сөнем. Күннен де өткен жарықты білмесем мен, Бір минут өмір сүріпжүрмес ем мен. Сенемін... Сенем Жердің Серігіне, Бұған және сендірем сені міне. Ей, дүние! Тағзым ет, басыңды иіп, Адамның құдіретті сеніміне [5, 47 б.]!

Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктердің философиялық астары туралы келелі ой тастаған. Бұл өлең туралы Ж. Нәжімеденов: «Ақын сенімді іздеп те, сеніп те білген екен. Іздегенін – тапқан, тапқанын ұстай құлдана да алған, от-ауызды, орақ-тісті ақын батыл сөйлейді, жамандыққа, жаман мінезге төзімсіз-ақ», – деп өз ойын білдірген екен [6].

Мінез мәселесі ақын шығармашылығындағы мәнді тақырып. «Қарыз деп айтпас, қайырымды мынау өмірге», «Өз айнаңнан өзіңді таны»,«Жүгің өзің ақылыңа, арыңа», – деп осы мәселеге көбірек көңіл бөлінген. Осы тұрғыдан келгенде мінездің түрлі бітіс-бейнелері әр қырынан сөз болады. Мәселен, «Жоқ еді бізде  біреуін-бірі жатбұру, Қалғанды кекеп, озғанға қарап аптығу», «Сабыр да түбі – сары алтын», «Төзгісіз қылығыңды қырқып тастап, Төзімді мінезіңмен қалар ма едің», «Адамдықтарын алтынмен, Өлшегендерге ашынам! Жалданып өскен жасынан, Жағымпаздарға ашынам! Өзіңе ғана бас ұрам, Сенесің бе, Отан, осыған! Айырылған адал досынан, Алаяқтарға ашынам! Ашынам-дағы тасынам, Тасынып барып, басылам...».

Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау бел алғанына жүрегің ауырады, сондай жағдайда Мұқағалидың жігерлендіретін өлеңі: «Тек өмірден жеріп кетпе. Жеріп кетпе! Танып қал. Береріңді беріп кет те, Аларыңды алып қал» дегені есіңе келеді.

Ақынның биік парасаты мен психологиялық бейнені суреттеуде дүниеге көзқарастың ырғағын, үйлесімін және тынысын сезе алуы тұлғаластарынан ілгерілігі көрінеді: «Мүлде бөлек  бір жан бар осы маңда, Опық жеген қасынан, досынан да. Айтыңдаршы, құзғындар, нелерің бар, Қарапайым тек жүрген осы жанда?». Философия ғылымының докторы, академик Ғарифолла Есімнің: «Бұл – Мұқағали Мақатаевтың өткен ғасырдың 70-жылдары жазған өлеңінің алғашқы жолы. Ол заманда атеизм (дінсіздіктің идеологиясы) мемлекеттің саяси қызметін атқарғаны көпшілікке белгілі. Дінді ғайбаттап сөз сөйлеу кеңестік мәдениеттің бір өлшемі болатын. Қоғамдағы саяси ағымға сай, ақындар да дінді сынап  жазуды  дәстүрге  айналдыра  бастаған. Сол «Құдайсыз заманға» тап болған ұрпақтың өкілдерінің бірі ақын Мұқағали Мақатаев еді, бірақ оның сөзі өзгеше болды. Жоғарғы жақтағыларға дінді қаралап жазса ұнайтынын, марапаттарға ие болатынын ақын білді. Алайда Мұқағали ол жолға түспеді. Жаны жаралы болып, дүйім жұрттың ішінде жалғызсырап, сергелдеңде жүргенде тұла бойына табиғи болмысымен енген мұсылмандық нұрын шашпай-төкпей сақтап, ешкімге ұқсамайтын дін туралы өзінің формуласын ұсынды, оның дінді ғылымның анасы дегені даналықтың үлгісі еді» – деуі де біздің жұмысымыздың негізгі түйінін көрсетеді [7, 7 б].

 Қорытынды

 Мақатаев шығармашылығы «махаббатпен басталып, парасатқа ұласып» ешкімге ұқсамай-тын мазмұн-сипатымен тым ерекше, адам мен заман, туған халқының тағдыры мен психологиясын зерделей зерттеп, туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтап өмірде өз кодын қалдырған дана ақын. «Жылап келіп, келмейді жылап кеткім, Ол ғұмырды келеді бір-ақ тепкім. Жамандықты жақсартып, жақсылықты, Онан сайын келеді қуатты еткім», – деген ақынның даналық сөзі тауып айтылған-ақ сөздер [5, 25 б.]. Ақын шығармаларындағы өмір мен өлім, жарық пен қараңғы, бақи мен жалған туралы ойлардың көріністері психологиялық параллельдер өзегінде көрсетеді. Мұқағалидың әр сөзі сондай анық әрі жүрекке жақын. Мақатаевтың шеберлігі өзі өмірден көрген-білгенін дарындылығынан, көңіл елегінен өткізе терең жеткізуінде.

Қайран ақын ғұмырының қысқа болатының да шығармашылығы мәңгі жасайтынында сезген болар: «Ғұмыр бердің шоп-шолақ шара бар ма...» [8, 7]. Ақын шығармашылығы – елімен тілеулес, мұңдас, сырлас, жүректес, тағдырлас, сондықтан да ұлы тұлға мәртебесіне ие болған оның даралығы мен даналығы алтын әріппен жазылады. Бүгінгі күнде күллі қазақтың маңдайына біткен ақиық ақынның даралығын, дарыны мен парасатын мойындамайтын  жан жоқ.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Кольцов Н. К. О потомстве великих людей // Родословная гениальности: из истории отечественной науки 20-х гг.
  2. М. :Старая Басманная, 2008. – С. 203-211
  3. Филипченко Ю. А. Интеллигенция и таланты годов // Родословная гениальности: из истории отечественной науки 20-х гг. – М. :Старая Басманная, 2008. – С. 295-303
  4. Кольцова В. А., Холондович Е. Н. Гениальность: психолого-историческое исследование// Психологический журнал, 2012, том 33. – № 2. – С. 101-118
  5. Sternberg, J., Kaufman, J. C., & Pretz, J. E. (2001). The propulsion model of creative contributions applied to the arts and letters. Journal of Creative Behavior, 35, 75-101
  6. Мақатаев М. Шығармаларының толық жинағы: Төрт томдық. Қүраст. Орақазын Асқар. – Алматы: Жалын баспасы, 2001. – 448 б. Мысалдар ақын шығармаларының осы басылымы бойынша беріліп аталды.
  7. Нәжімеденов Ж. Мұқағали Мақатаевтың қолжазба мұрасы хақындаhttp://adebiportal. kz/mukagali-maкataevtynkolzhazba-murasy-khaynda.
  8. Есім Ғ. Дін – ғылымның анасы. Мұқағали. – №1. – 2007. – 5-10 бб.
  9. Мұқағали Күнделік. – Алматы, 2009. – 49 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.