Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастардың өзіндік бағалауын теориялық және эмпирикалық зерттеу

Тұлғаның өзіндік бағалауын түсіндіруші келесі бағыттардың бірі гуманистік психология. Осы бағыт өкілдерінің пікірінше, өзіндік бағалау тұлғаның мәнін бейнелейді. Яғни, тұлғаның өзіне эмоциялық-құндылық қатынастарды білдіреді. Бұл бағыт өкілі К. Роджерс пікірінше, «Мен» құрамдастарының арасындағы мән неғұрлым жақындасқан сайын, соғұрлым өзіндік бағалау жоғары болады [1,58 б.]. Ол өзіндік сана мен өзіндік бағалауды тұлға құрылымында орталық буынға жатқызды. Яғни, өзіндік бағалау тұлғаның әлеуметтік ортада бағдарлануын және ішкі талаптар мен сыртқы жағдайлардың келісімділігін қамтамасыз етеді. Тұлғаның психикалық тұтастығының маңызды жағдайларының бірі өзіндік бағалаудағы тәжірибе күшімен бұрын қалыптасқан құндылықтар  жүйесін өзгертуге бейімділігі деп қарастырды. Бірақ К. Роджерс идеалды және шынайы «Мендерді» арақатынасын жасайтын жалғыз фактор деп есептей отырып, тұлға ортасын және тұлғааралық қарым-қатынас рөлін асыра бағалайды. Осы орайда, автор өз зерттеулерінде тұлғаның өзіндік санасы қалыптасуындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың рөлін ескермеді.

Өзіндік бағалау – өзіндік сана сезімдерінің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, жағымсыз) сияқты сипаттамалар тән болады. Өмірлік тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды [2, 201 б.].

К. Роджерс өзіндік бағалау теориясын және өзіндік бағалауға психотерапиялы әсер ету курсын ұйымдастырды. Оның ойынша өмірлік жағдайларға ең оңай бейімделу өзіндік бағалаудың икемділігін дамыту болып табылады, яғни өзіне деген адекватты қатынасты дамыту, бұл басқа адамдармен қарым қатынасты дұрыс қалыптастыруға, өзін-өзі сыйлаудың жоғарылауына әкеледі. Адам үшін «Меннің» саналы компоненттері адамның мінез-құлқын реттеудің негізгі құралы болып табылады [1, 62 б.]. Кеңес психологиясында өзін-өзі бағалау мәселесі теориялық деңгейде терең зерттелінген. (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, И. В. Чеснокова, В. А. Ядов және т.б).

Өзіндік бағалауды түсіндіруде К. Левин мотивтер, қызығушылықтар, талаптану деңгейі және олардың динамикалық арақатынасын қарастырды. Осы орайда, түрлі тапсырмаларды орындаудағы жетістіктер мен сәтсіздіктерге, талаптану деңгейіне, шағын топтардағы статусқа өзін-өзі бағалаудың тәуелділігі туралы фактілер анықтала бастады.

Өзіндік бағалау компоненттері болып табылатын өзіндік сана-сезімдердің онтогенетикалық даму ерекшеліктері Б.Г. Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің, Л.С. Выготскийдің жұмыстарында қарастырылады [3, 132; 5.6.].

Сондай-ақ, кеңес психологтары өзіндік бағалаудың әлеуметтік детерминациясына мән береді. Белгілі ғалымдар Л. И. Божович, А. А. Бодалев еңбектерінде тұлғаның өз қасиеттері мен құрылымдарын ұғыну және өзіндік бағалаудың белгілі бір деңгейі – өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарты, осы  процестің  маңызды  факторы деп есептеді. Авторлар пікірінше, өзіндік бағалау деңгейі мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге тәуелділігі өзіндік реттелуде қарқындылықты қамтамасыз етеді.

Я.П. Коломинский зерттеулері бойынша өзі қатарлас құрбылар тарапынан қолдау таппаған жағдайда жоғары сынып оқушысы өзінің топтан өзге жерлерде дәрежесін шектен тыс жоғары бағалауға бейім келеді [7, 32 б].

Тұлғаның жастық позициясы өзіндік бағалау ерекшеліктерін детерминациялайды. Оның дамуы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуде тұлға бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда өзін-өзі реттеу процесінің мәні мен өзін-өзі бағалау дамуы – өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады [8].

Өзіндік бағалау – еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі өнімі. Мұның негізінде тұлға өз мінез-құлығы мен әрекетін, сондай-ақ айналасындағылармен мақсатқа бағытты қатынасын ұйымдастырады.

Тұрақты өзіндік бағалаудың қалыптасуын, оның талаптану деңгейімен  байланысын  жә-  не мінез-құлық мотиві ретіндегі рөлін Е.И. Савонько, Е.А. Серебрякова, Л.С. Славина 1 және т.б. ғалымдар еңбектерінде кездестіреміз. Өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы өзіне қатынастың қалыптаспауының салдары болып табылмайды [9.10]. Өзіндік бағалаудың қалыптасуында тұрақсыз болып келетін екі кезең бар: Оның құрылу кезеңі; Жаңа жағдайларға байланысты оның «тербелісі», «сынуы». Екінші кезеңдегі өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығы жаңа және ескі өзінөзі  бағалау  арасындағы  күрестен   туындайды.

Өзін-өзі бағалау сипатындағы ерекшелік ақиқат өмірлік әрекеттер арқылы анықталады. Бұл жерде негізгі фактор бағалау қатынасында бейнеленетін адамның іс-әрекеті және айналасындағылармен қарым-қатынасы болып табылады.

Кеңестік ғалымдар Л.И.  Божович  және  Л.В. Благонадежина еңбектерінде: «Тұрақты өзін-өзі бағалау баланың психикалық дамуында маңызды рөлге ие. Тұрақты өзін-өзі бағалаудың және талаптану деңгейінің қалыптасуы психикалық даму фактор ретінде ішкі қарама-қайшылықтар туындауына алып келуі мүмкін», – деп көрсетті [11,39 б.].

Өзіндік бағалау тұлға өмірлік іс-әрекеті процесінде қалыптаса отырып, оның дамуында маңызды қызмет атқарады және мінез-құлығы мен іс-әрекетін реттеуші ретінде алға шығады. Көптеген зерттеулерде өзін-өзі бағалауды психика дамуында белгілі қызметті орындаушы тұлға құрылымы ретінде қарастырды (лисина, серебрякова).

Кейбір зерттеулерде мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың өз әрекетін басқаруы ерекше «ішкі механизмді» иеленеді деп көрсетті (Д.Б. Эльконин) [12, 304 б].

Кез келген психологиялық зерттеуге жүйелі түрде талдау жасап қарастыратын болсақ, тұлға өмірінде өзіндік бағалаудың маңыздылығы айқын көрінеді. Себебі, өмірлік мақсаттар қою, оған жету жолдарын қарастыру әрбір тұлға-  ның өзіне деген қатынасы арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, өзіндік бағалау тұлғада өзін құрметтеу, өзін қабылдау, яғни «Мен» аумағы енетін өзіне деген қандай да бір позитивті қатынастың туындауы болып табылады [13,14].

Өзіндік бағалау тұлға дамуы барысында құрылады. Біртіндеп әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесінде қайта құрылып, тұлғаның өзіндік санасын қалыптастыра отырып, оның құрамына кіреді. Өзін-өзі бағалау өзіндік санада көрінеді. Тұлғаның өзіндік санасы негізінде қоғамдық сана қалыптасады.

Тұлғаның өзіндік бағалауы өзіндік сана бөлігі ретінде функционалданады. Өзіндік бағалау өзіне қатынасты, индивидтің сыни тұрғыда қаралатын өзіндік сананың арнайы функциясы. Өзіндік бағалау тұлғаның жайлылық немесе жайсыздық жағдайын детерминанттайтын өзіндік сананың тірек бөлшегі болып табылады. Яғни, өзіндік бағалау тұлғаның өзі туралы білімдерінің қайнар көзі. Белгілі ғалымдар В.В. Столин, С.Р. Пантилеев өзін-өзі бағалауды өзіндік қатынас құрылымында қарастырды [15, 284 б.], [116, 108].

Р.С. Пантилеевтің пікірінше, өзіндік бағалау тұлға дамуында әлеуметтенудің алғашқы тәжірибесінің әсерінен дамиды. Осыған орай, өзіндік бағалау – даму барысында биологиялықтың, психологиялықтың және психоәлеуметтіктің өзара әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады. (Пантилеев). Өзін-өзі бағалау тұлға мінезқұлқының дамуында қоғамдағы өз орнын қабылдау үшін ерекше маңызға ие. Тұлға есейген сайын өзіндік бағалау шынайы сипатта көріне бастайды [16, 18 б.].

Сондай-ақ, өзіндік бағалау әлеуметтік ортада өзара әрекеттесу негізінде қалыптасатындығын тұжырымдайтын зерттеулер де белгілі. Яғни, тұлға өзін қоршаған адамдармен өзара әрекеттесе отырып, өз орнын анықтайды да, соның негізінде өзіндік бағалау қалыптасады

Тақырыпқа байланысты жоғарыда айтылған мәселелер бойынша біз зерттеудің келесі кезеңінде алдымызға төмендегідей мақсат қойдық. Зерттеуімізге мынандй  әдістемелер  алынды; AС.А. Буддасидің тұлғаның өзіндік бағалауы әдістемесі; B Дембо-Рубинштейн  әдістемесі; FО.И. Мотковтың тұлғаның өзіндік бағалауы әдістемесі; G-Жастардың достарымен қарымқатынасын бағалау анкетасы алынды.

Қазіргі жастардың өзіндік бағалауын достарымен қарым-қатынас арқылы дамытса, онда оның интеллектуалдық қабілеттілігі, қарым-қатынаста өзін-өзі бақылау деңгейі, ата-аналар мен құрбыларымен тіл табысқыштық қабілеттілігі қалыптасады – деген болжам құрылды.

Мұнда, «корреляциялық зерттеу – адамдардың индивидуалды айырмашылықтары мен олардың мінез-құлқын сипаттайтын екі өзгергіштіктің арақатынасын зерттеу» болып табылады.

Корреляциялық байланыстардың жеке классификациясы төмендегідей сипатта: жоғары мәнді корреляция r р≤0,01 статистикалық мәнділік деңгейіне сәйкес; мәнді корреляция r р≤0,05 статистикалық мәнділік деңгейіне сәйкес; сенімді байланыс тенденциясы r р≤0,10 статистикалық мәнділік деңгейіне сәйкес; мәнсіз корреляция r статистикалық мәнділік деңгейіне жетпейді.

Статистикалық-математикалық талдау әдістемелерінің бірі – Спирменнің корреляция коэффициентін рангілеу. Әдістеме жеке немесе топ зерттелушілерінің әрқайсысының рангтік көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді. Осыған орай, ғылыми жұмысымыздың зерттеу әдістемелерінің ақиқаттылығы, дұрыстығы және статистикалық мәнділігі Спирменнің коэффициентті рангілерінің арасындағы байланысты салыстыру арқылы тексерілді.

Осы орайда   жастардың өзіндік бағалауын құрбыларымен қарым-қатынас арқылы анықтау мақсатында С.А. Будассидің әдістемесі тұлғаның өзіндік бағалауына сандық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Рангілеу негізінде жүзеге асырылады. Нұсқау. Сізге тұлға қасиеттерін сипаттайтын 48 сөзден тұратын тізім беріледі. Оның ішінен сіздің қиялыңыздағы тұлға эталонын сипаттайтын («менің идеалым» деп атайық) 20 қасиетті таңдауыңыз керек. Ұсынылған сөздер қатарында жағымсыз қасиеттер де берілген. Таңдап алынған 20 қасиетті d1 қатарына орналастыру керек. Бірінші бағанада маңызды, жағымды тұлға қасиеттері, ал соңғы бағаналарда жағымсыз тұлға қасиеттері жазылуы тиіс (мысалы, 20-шы ранг жағымды қасиет болып саналса, 19-шы рангке маңыздылығы одан төмен тұлға қасиеті жазылады. Осылай 1-ші рангке дейін жалғаса береді). Біреуіне берілген баға екіншісінде қайталанбауы тиіс.

Таңдап алынған тұлға қасиеттерінің  ішінен өз бойыңыздан көрініс табатын қасиеттерді айқын басымдылығына байланысты d2 қатарына орналастырыңыз. (мысалы, 20-шы рангке сізге тән қасиетті жазыңыз, 19-шы рангке маңыздылығы одан төмен тұлға қасиетін жазыңыз және т.с.с.). Нәтижені зерттеу хаттамасына енгізілді.

Бірінші эксперимент бойынша зерттеуге алынған жастармен салыстырмалы топқа алынғандардың экспериментке дейінгі тұлғаның өзіндік бағалау деңгейлерін анықтауға жүргізген эксперименттік жұмыс көрсеткіштері статистикалық мәнділігі талданды. Оны статистикалық көрсеткіштер өлшемінен көруге болады. Мұнда көрсеткіштердің дамытатын экспериментке дейінгі және дамыту экспериментінен кейінгі зерттеу нәтижелерін салыстыру арнайы төмендегі салытырмалы белгіледік. Негізгі мақсат, өзіндік бағалау деңгейіне сәйкес қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау. Аталмыш зерттеу жұмысынан кейін эксперименттік зерттеуге алынған топтар мен бақылаушы топтардың арасындағы жоғары мәнділікті көруге болады. Бірінші және алтыншы топтарда экспериментке қатысушылардың саны өзара тең, барлығы 46 сыналушы. 23 бірліктегі 2 қатар бір-бірімен ранглеу корреляциясының аралығы r-0,18-ден r-0,62 деңгейлі статистикалық мәнді болды. Ал екінші бойынша сыналушылар саны 21 бірлікте екінші ранглеу қатары бойынша r-0,49-дан r-0,76, сонымен қатар үшінші бойынша сыналушылар саны 16 бірлікте r-0,52-ден r-0,78 болса корреляциялық көрсеткішті берді.

Қарым-қатынасқа  қабілеттілік  өзінің мінез-құлқын әлеуметтік өлшемдермен келісімді түрде құру шеберлігі, талаппен, келісіммен және күтумен сәйкес келетін мінез-құлқын, адамның басқалармен қабылдануы және түсіну мүмкіндігін болжайды. Осы тұжырымға сүйене отырып зерттеудің келесі «Дембо-Рубинштейн әдістемесі бойынша өзіндік бағалауды зерттеу» әдістемесі алынды.

Әдістеме өте қарапайым. Қағаз бетінде белгілі бір қасиетті білдіретін вертикальді түрде арнайы сызық беріледі. Мысалы, бақыт, денсаулық, ақыл және т.б. Жоғарғы шегі сіздің ойыңызша ең бақытты адамның күйіне сәйкес келеді. Ал, төменгі шегі бақытсыз адамды сипаттайды. Яғни, төменгі бөлігінде адам қашқақтайтын жағымсыз қасиеттер, ал жоғарғы бөлігінде керісінше адам ұмтылатын жағымды қасиеттер орналасады.

Сыналушы «бақыт» шкаласындағы өзінің қазіргі күйін сипаттайтын деңгейді сызықшамен (-) белгілеуі тиіс. Қанағаттанатын деңгейін дөңгелекпен (0) белгілеуі керек. Өз мүмкіндіктерін объективті бағалай отырып, мұғалімнің көзқарасы бойынша қай деңгейде екендігін (х) белгілеуі керек.

Сыналушыларға 6 шкала беріледі: Шыдамдылық, эмоциялық орнықтылық, өзбеттілік, бақыт, ақыл-ой, жауапкершілік.

Нұсқау: осы шкалада адамдардың барлық әлемі көрсетілген: бақыттыдан-бақытсызға дейін (қолмен шкаладан жоғарыдан төменге түседі), шыдамсыздардан-шыдамдыларға дейін (қолмен шкаладан төменнен жоғарыға көтеріледі). Ең төбесінде әлемдегі ең шыдамды адамдар орналасады, ал ең төменде ең шыдамсыздар, ортасында орташалар орналасады. Сен осылардың қай жерінен орын аласың, соны белгіле.

Сыналушы барлық 6 шкала бойынша өзінің болашақтағы орнын көрсеткеннен кейін «Мен» басқалардың көзімен деген барлық шкала бойынша таныстарын бағалайды, содан кейін оңан қосымша бақыт, сәттілік, сәтсіздік деген не? Сенің өзіндік бағалау деңгейің қандай және өзіндік бағалау құрбыларыңа, өзіңе, мектебіңе, отбасыңа әсер ете ме? Деген сұрақтар беріледі. Сондайақ зерттеу мақсатына орай әдістемеге мынадай өзгерістер енгіздік – сыналушылар өз шкаласында 3 позицияны көрсетулері керек: Нақты жағдай; Тілейтін жағдайы: Сыныптастарының көзқарастары бойынша нақты жағдайы.

Мәліметтерді өңдеп, жастардың өзі туралы құнды пікірлерін табуға болады. Интерпретацияда реалды және қажетті тілейтін нүктелерінің арасындағы арақашықтық ескеріледі, содан соң  әрбір  фаза  және  өзіндік  бағалау  деңгейін анықтайтын параметрлер талданады. Өзіндік бағалаудың биіктігін табу үшін барлық шкалалардың санын қосып, оны 6-ға бөлу керек: +6-дан 2,5-ке дейін жоғарғы өзіндік бағалау +2,5-нан – 2,5-ке дейін орташа бағалау -2,5-нан – 6-ға дейін төменгі бағалауды көрсетеді.

Адам  адамзат жинақтаған  тәжірибені тек «Субъектсубъект» қатынасы белгіленетін ісәрекеттүрлеріндеғанаемес, соныменқатар«субъект-субъект» өзара қарым-қатынастар жүйесінде қалыптасатын және дамитын қарым-қатынас процесінде де игереді. Профессор С.М. Жақыповтың пайымдауынша, субъект – белсенділіктің, тұтастықтың (жүйеліктің) жоғарғы деңгейіндегі адам. Субъект – жоғары жүйелік тұтастық. Субъект ұғымы өте кең мағынаға ие, табиғи, әлеуметтік, қоғамдық, индивидуалдылықтың бір-лігінде үздіксіз дамиды. Біз болмысты (адамдар, заттар әлемі) танимыз, оларға әсер етеміз, оны іс-әрекет процесінде өзгертеміз [17,8 б.]. Субъективті іс-әрекет ықпалы теория, практика және эксперименттің органикалық бірлігін бекітеді. Субьект – өз іс-әрекетінің, руханилығының және тағы басқалардың: творчествоның, жасампаздықтың, инновацияның субъектісі. Сондықтан «Тұлғаның өзіндік бағалауы» әдістемесі негізгі орынды алады. НҰСҚАУ. Төмендегі берілген тізім ішінен сіздің бойыңызда кездесетін тұлға қасиеттерін бағалаңыз. Өміріңіздің соңғы кезеңі бойынша саралаңыз. Шкала бойынша берілген бес жауаптың біреуін таңдайсыз, бағаланып отырған қасиеттің жанындағы жолға берілген жауабыңызға сәйкес келетін санды жазасыз. Барынша шынайы жауап беруге тырысыңыз. Алынған жауаптар құпия сақталады.

Мүмкін  болатын  жауаптар   шкаласы:– 1-өте әлсіз қасиеттің көрінуі,  2-әлсіз  қасиет-  тің көрінуі, 3-орташа қасиеттің көрінуі,4-жоғары қасиеттің көрінуі, 5-өте жоғары қасиеттің көрінуі.

Нәтижені өңдеу. Сыналушылар бірінші кезеңде зерттеу көрсеткішіндегі сипаттама бойынша жинақталған ұпай саны төмен пайызды көрсетсе, екінші кезеңде ол көрсеткіш жоғары пайызды анықтады. 0-3 өзіндік бағалауының жоғарылығымен түсіндірілсе, 4-5 ұпай тұлғаның өзіндік бағалауын жоғары деңгейде қобалжуының бар екендігін куәландырады. Қарым-қатынас процесінде тұлғаның өзіндік бағалауын ерекшеліктерін, Алынған мәліметтер пайыздық есептеумен, гистограмма арқылы берілді. Ал соңғы әдістеме «Жасөспірімнің сыныппен қарым-қатынасын бағалау анкетасы» Қажетті жабдықтар: әрбір сыналушыға арнайы жауапқа арналған бланктар беріледі.

Сыналушыларға нұсқау: «Біз оқу процесін ұйымдастыруды күшейту мақсатында арнайы зерттеулер жүргіземіз. Анкета сұрақтарына сіздің берген жауабыңыз бізге осы тұрғыда көмектеседі. Анкетаның әр пунктында А, Б, В әріптерімен белгіленген 3 жауап нұсқалары берілген. Әр пункттегі жауаптар ішінен сіздің көзқарасыңызға толықтай сәйкес келетін жауапты таңдаңыз. Берілген анкетада «жаман» немесе «жақсы» деген жауап жоқ. Әр сұраққа бір жауап қана таңдалады».

Сыналушылар жауабының негізінде «кілт» көмегімен индивидтің топты қабылдау типіне байланысты ұпай саналады. Таңдалған әр жауапқа бір ұпай беріледі. Анкетаның барлық 14 пункті бойынша жиналған ұпайлар жүйесі әр қабылдау типі үшін жеке-жеке саналады. Қабылдаудың үш типі бойынша алынған жалпы ұпайлар суммасы әр сыналушы үшін 14-ке тең болуы тиіс.

Ұсынылып отырған әдістеме индивидтің топты қабылдауының үш түрлі типін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қабылдау типінің көрсеткіші ретінде индивидуалды іс-әрекеттегі топ орны алғашқы орынға ие болады.

Бірінші тип. Индивид топқа өз іс-әрекетіне кедергі ретінде қарайды, ол үшін топ мүшелері үлкен құндылыққа ие емес. Өз бетінше жұмыс істегенді қалайды, қарым-қатынаста шектеулер байқалады. Индивидтің топты бұлай қабылдауы «индивидуалды» типке жатқызылады.

Екінші тип. Индивид топты белгілі бір индивидуалды мақсаттарға жету құралы ретінде қабылдайды. Яғни, топ индивид үшін «пайдалы» жағынан сипатталады, бағаланады және қабылданады. Көмек көрсетуге бейім, күрделі мәселелерді шешуге қабілетті, компетентті топ мүшелерін жоғары бағалайды. Индивидтің топты бұлай қабылдауы «прагматикалық» типке жатқызылады.

Үшінші тип. Индивид топты жеке құндылық ретінде қарастырады. Индивид үшін алғашқы орында топтың және топ мүшелерінің мәселелері тұрады. Топ өміріне, топ мүшелеріне деген қызығушылық байқалады, топ жұмысына өзіндік үлес қосуға ұмтылады. Ұжымдық жұмыстарға белсене араласады. Индивидтің топты бұлай қабылдауы «ұжымдық» типке жатқызылады.

Жоғарыда сипатталған топты индивидтің қабылдау типтері негізінде зерттелініп отырған индивидте қай тип басым екендігін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы анкеталар ұсынылды. Бесінші эксперимент «Жасөспірімнің сыныппен қарым-қатынасын бағалау анкетасы» әдістемесі бойынша зерттеу жұмысынан кейін эксперименттікк зерттеуге алынған топтар мен бақылаушы топтардың арасында жоғары мәнділікті көрсетті. Бірінші және екінші топтардың ранглеу корреляциясының аралығы r-0,25–тен r-0,59 деңгейдегі статистикалық мәнділікке ие болса, ал үшінші және төртінші топтар бойынша r-0,34-тен r-0,71, сонымен қатар бесінші және   алтыншы топтардың көрсеткіші   r-0,32-ден 0,68 бірлікті құрады.

Зерттеу жұмысыздың төртінші эксперименттінде зерттеуге алынған топтар мен бақылаушы топтардың арасындағы мәнділікті анықтауда жоғарыдағы (бірініші блок) жиілік сақталды. AБірінші және екінші топтардың ранглеу корреляциясының аралығы r-0,34– ден r-0,59 деңгейлі статистикалық мәнді болды. Ал B екінші және алтыншы топтар бойынша r-0,42 –ден r-0,77, сонымен F-G қатар үшінші және жетінші топтар r-0,32-ден r-0,75 болса, осы нәтижелерді төмендегі кестеде белгіледік:

 Кесте – Жастардың  өзіндік бағалауын эмпирикалық зерттеу нәтижесі

Біздің эксперименттік топқа алған жастарға сегіз ай бойында тренингтер және психологиялық жаттығулар мен кеңес беру жүргізілді. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әртүрі – сензитивті, оқытып-жаттықтырушы, өнерби, арт, ертегітерапия және т.б. түрлері – тұлғаның дамуына тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле зерттелмеген. Ал қазақ тілінде жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осындай жағдайларды ескере отырып біздің зерттеу жұмысымыз практик-психолог тұлғаның өзіндік бағалауына тренингтік әдістермен жетілдіру жолдарын қамтыдық.

Қорытынды. Қорыта айтқанда, зерттеуіміздің негізгі мақсаты – тұлғаның өзіндік бағалауын түзету және қарым-қатынас жағдайын дамыту (өзара түсіністікке жету, топтағы ақжарқын қарым-қатынас); ұмтылысты дамыту, өзін-өзі тану қабілетін, өзін-өзі дамыту жолында мақсат қойып, оны орындау мен жеке тұлға ретінде өсуін дамыту; жастардың өзіндік бағалауына жеке  жұмысын ұйымдастыра білу (ой  жинақылау машығы, есте сақтау, өзін-өзі бақылау), кез келген істің табыстылығына бастау (оқу, кәсіби, коммуникативтік); тұлғаның өзіндік бағалауындағы психоэмоция өрісінде дамып жетілу (эмоцияны дамыту, рухани қалыптылыққа қол жеткізу және т.б. ); өзіндік бағалауындағы коммуникациялық дағдыны дамыту, қарым-қатынастың әртүрлі әдіс, тәсілдерін меңгеру; тұлғаның өзіндік бағалауына қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту болған. Бұл зерттеудегі қойылған мақсат пен болжамымыз нақты дәлелденді.

Бұл жұмыста тренингтің мазмұны мен әдістемелік қамтуы ашылған. Жұмыста алдыңғы қатарлы психологиялық жаттығулар, ойындар мен әдістемелерді негізге алып жасалынған.

Қазақ практик-психологтарымен жүргізіліп, бейімделген бұл бағдарлама «практик-психолог тұлғаның өзіндік бағалауына» әрекеттік тәжірибесін дамыта отырып, болашақта «қазақ практик-психологтардың жұмыс орындары мен әлеуметтік-психологиялық орталықтардың бірлескен әрекеттік бағдарламасын» жобалауға мүмкіндік береді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Роджерс К. Несколько важных открытий // Вестн. Моск.ун-та. Сер.14, Психология. – М., 1990. №2. – С. 58-65.
  2. (Роджерс К. К науке о личности // История зарубежной психологии. Тексты.М., – С. 200-230).
  3. Левин. К. Определение понятия «поле в данный момент» / Хрест. по историй психологии: Период открытого кризиса. Начало 10-х – середина – 30-х годов ХХ в. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 1980. – С. 131-145.
  4. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания. – М.: «Наука», 1977. – C
  5. Рубинштейн С. Л. Человек и Мир / Проблемы общей психологии. – М.: Педагогика, 1973. – С.
  6. Выготский С. Л. Развитие высших психических функций. – М.: Изд-во АПН РСФСР, – С 500.
  7. Абеуова И. А., Тащиева И. С. Самооценка и ее влияние на трудности в общении. Международная научно-практическая конференция. – Алматы, 2003. – 423 с. [23, 423б]).
  8. Кон И. С. Психология юношеского возраста. – М., 1982. – 207 с. 9.Серебрякова Е. А. Уверенность в себе и условия ее формирования у школьников // Вестн. Ленинг. ун-та. – Л., 1981. – №3 – С. 15-24. [9, 15-24 б.
  9. Славина Л. С. Дети с аффективным поведением. – М.: Изд-во «Просвещение», 1966. – C. 150 [10, 150 б].
  10. Божович Л. И., Благонадежина Л. В. Изучение мотивации поведения детей и подростков. – М., – С. 39. [11, 39 б].
  11. Эльконин Д. Б. Психология игры. – М., «Педагогика», 1978 – C.
  12. Фромм Э. Анатомия человеческой деструктивности: пер.с.нем. Э. Телятниковой. – М.: Аст, – С. 635.
  13. Роджерс К. Несколько важных открытий // Вестн. Моск.ун-та. Сер.14, Психология. – М., 1990. №2. – С. 58-65.
  14. Столин В. В. Самосознание личности. – М.: МГУ, – С. 284. 16.Пантилеев С. Р. Самоотношение как эмоционально-ценностная система. – М.: МГУ, 1991. – C. 108.
  15. 17  Сарджвеладзе. Н. И. Личность и ее взаимодействие с социальной средой. – Тблиси, 1989. – C. 475.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.