Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Этнопсихологиядағы кросс- мәдени ерекшеліктерді эксперименттік тұрғыдан зерттеудің маңыздылығы

Қазіргі таңда мемлекет құраушы қазақ ұлтының менталитетінде терең тамыр жайған толеранттылық қасиеті Қазақстанда ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Бұл қасиет бір күнде қалыптасқан жоқ. Ұлт мінезін, дүниеге көзқарасын, рухани ұстанымдарын сипаттайтын белгілер ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бойы орнығу үдерісінен өтеді.

Қазіргі таңда кросс-мәдени психология бағыты қарқынды дамуда. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, бұл жерде көптеген, түрлі этнос өкілдері тұрады.

Этнос өзіндік сананың бірлігінің құрамында туындайды, өз қауымдастығының мүшелерімен  ұқсастығын  және  бас-  қа ұйымдардың өзгешелігін, сонымен қатар, территория, тіл және мәдениет бірлігін мойындайды. Этнос және ұлтаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеуде С.А. Арутюновтың, Э.А.  Баграмовтың,  Ю.В.  Бромлейдің,  Л.Н.  Гумилевтің  А.В. Авксентьев, Т.Ю. Бурмистрова, Н.Н. Гасанов және т.б. көптеген ғалымдардың этнологиялық теориялары этносаралық қатынас мәнін терең түсініп және аталмыш үрдістің ерекшеліктерін анықтауда маңызды орын алады. Сонымен қатар, этнос ұғымы мәдениет ұғымымен өте тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан да, этномәдениеттік қауымдастықтың психологиясы түсінігі «мәдениет» және «этнос» түсініктерімен байланысты.

«Мәдениет» түсінігі көп аспектілі феномен болғандықтан, қиын анықталатын ғылымның бірі. Мәдениеттің маңызды бағыты адамардың өмірінің мәнімен ұштастырылады, белгіленген қауымдастыққа бағынышты. Бағалылық жүйесі мақсаттармен және олардың жетістіктерімен байланысты, өмірге мән-мағыналық береді. Мәдениет қоршаған әлемде болып жатқан идеялар мен заттардың категоризацияларының мағыналық алаңы. Әлем адамдардың санасымен, идеяларымен, заттарымен мағынасын тауып құрылады. Сонымен қатар мәдениет түсінігін Т.Г. Стефаненко, Л. Леви-Брюль (L.Levy-Bruhl, 1857-1939), Ф. Боас (F. Boas, 1858-1942), Р. Линтон (R. Linton, 1893-1953), Р. Бенедикт (R. Benedict, 1887-1948), К. Леви-Стросс (C. Levi-Strauss, 19082009), П.А. Сорокин (1889-1968), А. Кребер (A. Kroeber, 18761960), Т. Парсонс (T. Parsons, 1902-1978) және т.б/1.,2.,3.,4.,5/.

Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблея еліміз үшін үлкен мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше. Осындай жайттарды еске алғанда еліміздегі қалыптасқан толерантты қоғамның мәні мен мазмұнын жете түсіне бастайсың.

Толеранттылықтың  жекелеген   аспектілері  қазақстандық  ғалымдардың  зерттеулеріне де арқау болды: Г.К. Искакова, М.А. Кучерова, П.И. Мамедова, Б.А. Тұрғынбаева, Ж. Наурызбай, К. Сүюнова, Қ. Қожахметова, Қ. Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, А.С. Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А. Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды [5,6.].

Көрнекті  тарихшы-этнограф  Лев  Гумилев:«этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтың бірлігінде жатқан, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы» – деген анықтама береді [7,12].

«Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір-қасиет» еңбегінде ғалым Т. Сарсенбаев: «ұлттық сана-сезім – адамның рухани өмірінің басты белгілерінің бірі»  деген анықтама бере отырып,«адамның санасы мен іс-әрекеті, оның ішінде интернационалдық қасиеттері де, қоғамның жалпы материалдық және идеологиялық қатынастарының ықпалымен қалыптасып қана қоймайды, олар едәуір дәрежеде тікелей қоршаған ортаның, нақтылы жағдайдың, белгілі бір ұжымдағы дәстүрлер мен ережелердің, жақын адамдардың күнделікті қарым-қатынастарының әсерімен де қалыптасатыны мәлім. Сондықтан әрбір адамға қатысты микро-әлеуметтік ортаны, сол адам еңбек ететін ұжымның жайын, оның жоғарыдағы аталған процесте атқаратын рөлін жете білудің маңызы зор» – дейді [8].

Жалпы алғанда, «кроссмәдени» және «дәстүр» ұғымдары синонимдес болып келеді. Ал этнос дәстүрді жүзеге асырушы да, дәстүр – бірбіріне қайнаса-бітіскен, тұрақты тұтастықтағы мәдени парадигмалардың кешені ретінде қабылдануы тиіс. Кроссмәдениет адамның барша ісәрекеті мен процестерінің айырылмас бөлшегі болған жағдайда ғана өміршең болады. Мысалы, өзін-өзі ұстай білуі, киім кию мәдениеті, сөйлеу  мәдениеті,  қарым-қатынас  мәдениеті және т.б. Дәстүр – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін білімдер мен мінез-құлық формалары [9,32]. Кроссмәдени заңдылықтарды меңгеру арқылы этностық әлеуметтену барысында тұлға белгілі-бір этностық ортаның мәдени, адамгершіліктік өлшемдерін, құндылықтық бағдарларын игереді. Сол себептен, тұлғаның өз этностық мәдениетін қабылдау дәрежесі оның өз этносына тиістілігін қаншалықты толық сезінуінен, оның этномәдени сәйкестілігінің қалыптасуынан көрінеді. Қазіргі таңда кроссмәдени сәйкестілік толыққанды қалыптастырылмай, өз этносының ерекшеліктеріне немқұрайдылық сезімі жоғары болған жағдайда, сонымен қатар, этностық менталитет (әр этностың өзіндік түсініктемелері мен таптаурындары, өмір сүру салты мен фольклор, мәдениет, дін, тіл, миф, рухани мұраларының жиынтығы) және этникалық стереотиптер (әртүрлі этникалық қауымдастық өкілдеріне тән адамгершілік, ақыл-ой, физикалық ерекшеліктер жиынтығы) жиынтықтарының индивид бойында сіңбеуінен маргиналдар қалыптасуда.

Кросс-мәдениеттің екі маңызды мақсатын Эллиот Аронсон (E. Aronson) нақты қалыптастырған. Бірінші мақсат психикалық құбылыстың және процестің қаншалықты жалпы ортақ екенін және сол себепті ғаламшарымыздағы бүкіл адамзат психикасының функциялануының тәртібі мен түсіндірілуі. Бұл зерттеудің типі барлық адамдарға олардың мәдениетіне, тәлім алғанына, қоғамдағы әлеуметік жағдайына, географиялық орналасу жағдайына қарамастан ортақ нәрселерді іздеуге бағытталған.

Зерттеудің екінші мақсаты әртүрлі мәдениетке жататын адамдар арасындағы өзгешелікті іздеуден және мәдениетке негізгі психикалық құбылыс пен процесі ретінде қалайша әсер етуін тексеруден тұрады [9,71-72].

Бір уақыттағы ізденіс пен сәйкестіктен және де өзгешеліктен тұратын бұл зерттеу мақсатының екіге ажырауы екі концептуалды ғылыми тәсілдеме методологиялық көрініс тапты. Бұл тәсілдемені ең алғаш 1954 ж. американдық лингвист К.Л. Пайк (K.L. Pike) ұсынып, оларды eticжәне emicтәсілдемесі деп белгілеген болатын [10, 253-254]. Eticпен emicәдістерінің айырмашылықтарын атақты канадалық кросс-мәдени психолог Джон Берри қалыптастырған. Адамзат тәртібінің еticанализі адам психикасының универсалды ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Ал emic-анализі адамдардың психикалық ерекшеліктерін салыстыру мен кросс-мәдени айырмашылықтарын табуға бағытталған. Дж. Берри кросс-мәдени зерттеудегі қажетті шындыққа жету үшін стратегия ұйымдастырған. Оның ойынша, бірегей бағдарлама жасап еtic-зерттеу аясында жалпылау жүргізу керек [10,3].

Атақты американдық психолог Д. Мацумото eticжәне emicидеясы адамзат тәртібінің қарама-қарсы полюстерін көрсетеді дейді: бір полюсте универсалдылық және  екіншісінде – мәдени ортақтық. Адам тәртібін бақылай, түсіндіре оны eticнемесе emicкатегорияларына жатқызуға тырысады. Автор төмендегідей мысал келтіреді: «Сізді басқа мәдениет иесімен әңгіме жүргізіп жатырсыз деп ойлайық. Әңгіме барысында оның өзі сөйлегенде көзбе-көз қатынастан қашатынын және сіз сөйлегенде де сізге қарамайтынын байқайсыз. Анда-санда ол сіздің көзіңізге қараған шақта, ол сіздің де қарап қалғаныңызды байқап, бірден көзін басқа жаққа аударады. Сіз өз мәдени бағытыңыз бойынша, ол адамның сізге деген жағымды сезімнің жоқтығын немесе сізбен әңгімелесуді онша қалап тұрмағанын ойлайсыз. Сіз өзіңізді ыңғайсыз сезініп ол кісімен әрі қарай әңгімелесуден бас тартуыңыз мүмкін. Бірақ бұл көрсеткіш олардың мәдениетіндегі көзбе-көз тіке қарау құпталмайтын, тәкаппарлық пен сыйламаудың белгісі болуы мүмкін. Ол кісінің көзбе-көз тіке қарауы сізге деген сыпайылық пен құрметтеудің белгісі болуы  мүмкін» [11,41].

Психологиялық ерекшеліктерді зерттеу мәселелері, адамдардың тәжірибелік қажеттіліктерінің және олардың саяси экономикалық, мәдени байланыс жасайтын мемлекет халқының дәстүрлері мен мінез-құлық ерекшеліктерін білуге талпынудың нәтижесі ретінде пайда болды.

Г. Триандис адамзат танымының әмбебаптығын 3 негізгі облыста қарастырады: адамдар барлық әлеуметтік тәлімнің (қолдау, құптау, мадақтау) ассоциативті формалардың сәйкестіктерін және диссоциативтіден айырмашылығын бірдей түсінеді (қашу, агрессия); барлық мәдениетке жататын адамдар тәртіпті қызметі жағынан жоғарыларды (сын, бұйрықтар, тағайындау) бағынушылардан айыра алады (бұйрықтарды орындау, консорциум); адамдар жақындық (өз-өзін әшкерелеу) мен формалдылықты (әдептіліктің талаптарын орындау) айыра алады [12,23].

Р. Рохнер (R. Rohner, 1986) балаларды тек ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеуді дұрыс деп есептемей, басқа үлкендердің (достары немесе туыстары) де көмек көрсетуін барлық мәдениетке тән екенін байқаған [12,46].

Кросс-мәдени және этникалық психология ерекше мәселелердің жиналуымен, талаптар мен зерттеу бағыттарымен анықталады. Д. Мацумото зерттеу бағыттарының 2 түрін анықтайды.

Бірінші бағыт – ұзақ уақыттар бойы бір мәдениеттің тереңірек танып білуін қажет ететін этнографиялық зерттеу. Этнографиялық зерттеуді негізі басқа мәдениет өкілдерінің арасында өмір сүретін антропологтар жүргізеді. Бұл зерттеулер басқа мәдениет өкілдерінің салтын, дәстүрін, дінін және өмір сүру әдісін, тұрмысын зерттейді. Басқа мәдениеттермен салыстыру өзінің білімі мен зерттеушілер жинаған тәжірибесі негізінде жасалады. Бұл әдіс белгілі бір жағдайды зерттеуді еске түсіреді де, бірақ анализ бірлігі ретінде мәдениет алынады [13,10]. Этникалық психология этнографиялық әдіспен тығыз байланысты. Өйткені бір мәдениетке ортақ адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуді негізгі алады.

Екінші бағыт – талдау бен тәртіпті жалғастыратын және екі немесе одан да көп мәдени топтардан индивидтерді психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдайтын кросс-мәдени салыстыру. Мацумотоның пікірінше, кросс-мәдени зерттеу үш түрлі болады. Біріншіден, бұл зерттеулер ғалымды қызықтырған мәдени детерминация жайлы болжамды тексеру мақсатында жүргізіледі.

Эксперимент үшін екі таңдау тобы алынды. Кросс-мәдени зерттеу болғандықтан таңдау тобы ретінде қазақ және кәріс халқының адамдары алынды. Әр топ 30 адамнан, яғни эксперимент толық 60 адамға жүргізілді.

Этносаралық толераттырық пен қарым-қатынастың кросс-мәдени ерекшеліктерін психодиагностикалық зерттеу жүргізу үшін 4 әдістеме алынды, олар: «Мәдени-құндылық бағдарлану тесті Л.Г. Почебут Флоренс Клохан және Фред Стродберг ториясына негізделген., Экспресссауалнама «Толеранттылық индексі», «Индивидуалдылық пен ұжымдықтың көрсеткіштерін анықтайтын әдістеме» Г. Триадис синдромына негізделген Л.Г. Почебудттың әдістемесі, «Толеранттылық пен Интолеранттылықтың компоненттері мен түрлері» әдістемесі. Г.Л. Бардиер (ВИКТИ).

Біріншісі, Л.Г. Почебуттің Флоренс Клохан және   Фред   Стродберг   ториясына негізделген «Мәдени-құндылық бағдарлану тесті. Мәдени құндылықты бағдарлау тесті зерттелетін, мәдениеттің қалыптасуының басты үрдісін анықтауға арнылған. Әдістеме 5 пайымдаудан тұрады. Әр пайымдау 3 нұсқадан тұрады. Клохан және Стродбек тұлғаны құндылық бағдарлау жиынтығы ретінде қарастырды. Бұл құндылықтар баланың қандайда бір мәдени ортада әлеуметтену кезеңінде қалыптасады. Мәдениеттің құндылық детерминанттары және тұлғаның құндылық детерминанттары олардың зерттеулері бойынша бірдей қарастырылды [14,176].

Арнайы берілген кілт бойынша әдістеме респондеттердің берген жауаптарын проценттік арақатынас арқылы саналады. Бұл тест бойынша Л.Г.  Почебут  мәдениеттің 3 типін қарастырады.

  1. Дәстүрлі мәдениет (ДМ) – адамдардың өткенге деген бағдарлауымен, дәстүр ұстанымымен, өз ұлтының тарихына деген қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Бұл мәдениеттің адамдары табиғатты мәңгілік құпия болмыс ретінде қарастырады. Адам әлеуметтік ортадан тәуелді. Туыстық байланысқа, отбасы ішіндегі мәдениетке, діни мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Ондай мәдениетте адамның ішкі бостандығына жол берілмейді. Ол іс-әрекеті, сондай ақ ойлары қоршаған қоғамның қадағалауында болады. Шешім қабылдау көбінесе ұжымдық түрде болады, ал шешімнің толық, соңғы шешім шығару жасы үлкен адамдардың арқасында. 2. Қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) – адамдардың қазіргі ортаға, қазіргі заман мәдениетіне бағдарлануымен ерекшелінеді. Олар табиғатпен гармонияда тұрып, оны бағалауға және табиғи мәселелермен қызығуға тырысады. Адами болмыс қарама-қайшы құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл мәдениеттің құндылықтары адамға шоғырланған, яғни оның құқығына, оның мүмкіншіліктерінің дамуына, өзіндік дамуына. Адамдар арасындағы қарым-қатынас формалды түрде, әрқайсысының мәртебесі мен ортадағы рөлі тағайындалған. Өзінің жасаған іс-әрекетінің нәтижесі үшін материалдық емес, моральдық сыйақы (даңқ, мәртебе, абырой) алуға ұмтылады. 3. Динамикалық дамудығы мәдениет (ДДМ) адамдардың келешекке деген, елеулі нәтижелерге тез арада жетуге ұмтылысымен ерекшеленеді. Олар өз алдына қысқа мерзімді жоспар жасай отыра, оны тез және айтарлықтай жігермен орындағысы келеді. Бұл мәдениеттің адамдары үшін «уақыт бұл – ақша». Табиғат еш құпия болып саналмайды. Өмір тез арада шешімін талап ететін мәселе болғандықтан, табиғат адамға бағынышты болу керек. Адамның басты болмысы табиғатты басқару болып табылады. Индивидуалды қызығушылыққа және құндылыққа көп көңіл бөлінеді.

Екінші әдістеме болып «Толеранттылық индексі» деген экспресс-сауалнама алынды.  Бұл сауалнама Г.У. Солдатова, О.А. Кравцова, О.Е. Хухлаева және Л.А. Шайгеровамен құрастырылған.  Сауалнама  толеранттылықтың ортақ деңгейін анықтау мақсатында пайда болды. Ол толеранттылыққа байланысты жүргізілген шетел және орыс зерттеушілердің практикалық зерттеулеріне негізделген. Сұрақтар адамдардың тек қоршаған ортаға немесе өзге адамдарға деген қатынасын ғана емес, сонымен қатар толеранттылық немесе интолеранттылық анық байқалатын әлеумет арасындағы өзара әрекеттесу айналасында жасалған. Тесттің пайымдауларына адамдардың түрлі әлеуметтік топтарға қатынасын, коммуникативті нұсқауларға, яғни конфликттерді конструктивті түрде шешуге байланысты сұрақтар жатады. Этникалық толеранттылық пен интолеранттылыққа ерекше көңіл бөлінді. Сауалнама үш шкаладан тұрады:

  1. Төмен көрсеткіш: 22-60 балл арасы. Көрсеткіш адамның интолеранттылығының жоғары екенін бейнелейді. 2. Орташа көрсеткіш: 61-99 балл арасы. Мұндай көрсеткіш респондеттің бойында толеранттылық және интолеранттылықтың ерекшеліктердің бірдей болуын көрсетеді. 3. Жоғары көрсеткіштер: 100-132 балл арасы. Бұл топ өкілдерінің бойында толеранттылықтың басым болуы көрінеді.

Үшінші әдістеме ретінде Г. Триадис синдромына  негізделген  Л.Г.Почебуттың әдістемесі «Индивидуалдылық пен ұжымдықтың көрсеткіштерін анықтайтын әдістеме» алынды. Бұл әдістеме тұлғаның индивидуалдылық немесе ұжымдық ерекшеліктерін анықтауға арналған. Ол 30 сұрақтан тұрады. Әр сұрақ екі пайымдаудан тұрады. Математикалық өңдеу арнайы кілт арқылы жүргізіледі. Кілтпен сәйкес келген жауапқа 1 балл беріледі. Төртінші әдістеме «Толеранттылық пен Интолеранттылықтың компоненттері мен түрлері» әдістемесі. Г.Л. Бардиермен құрастырылған әдістеме болып табылады. Әдістеме адамның бойындағы толеранттылық пен интолеранттылықтың деңгейі анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелері бойынша: 1. Толеранттылықтың көрсеткіші жоғары 50 балл мен 70 балл арасы; 2. Интолеранттылықтың көрсеткіші жоғары:30 баллдан 10 баллға дейін ең төмен көрсеткіш; 3. Орташа көрсеткиш: 30-50 балл арасы. Әдістеменің толық нұсқасы қосымшада көрсетілген.

Кросс-мәдени зерттеулер (cross-cultural studies) зерттеу пәні мен объектісі ретінде мәдениет болатын, зертеудің салыстырмалы түрі. Ең алғаш болып ондай зерттеулерді әлеуметтік және мәдени антропологияның өкілдері жүргізе бастады. Оларды бір мәдени жасандының түрлі халықтардың ішінде қандай қымет атқаратындығы қызықтырды. Сонымен қатар бір мәдениетте дұрыс әрекетке жататын қылықтар, басқа мемлекетте дұрыс емес әрекетке жататындығы да қызығушылық тудырды [15,265].

Кросс-мәдениеттік психологияда алғаш эмпирикалық зерттеулер жүргізген Вильгельм Вунд болып табылады. Ол 1900-1920 жылдар арасында 10-томдық «Халықтар психологиясы» кітабын жазады.

Кросс-мәдени зерттеудің мәні топтарды салыстыру жеке оқиғасымен сәйкес келеді [16,5]. Екі ұлттың «мәдени құндылықты бағдарлау» тесті бойынша шыққан нәтижелердің графиктік нұсқасы берілген. Бұл нұсқа бойынша қазақ халқының 74 пайызы. Дәстүрлі мәдениетке жататындығын көре аламыз. Яғни дәстүрлі мәдениет типі – адамдардың өткенге деген бағдарлануымен, дәстүр ұстанымымен, өз ұлтының тарихына деген қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Бұл мәдениеттің адамдары табиғатты мәңгілік құпия болмыс ретінде қарастырады. Адам әлеуметтік ортадан тәуелді. Туыстық байланысқа, отбасы ішіндегі мәдениетке, діни мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Ондай мәдениетте адамның ішкі бостандығына жол берілмейді. Ол іс-әрекеті, сондай ақ, ойлары қоршаған қоғамның қадағалауында болады. Шешім қабылдау көбінесе ұжымдық түрде болады, ал шешімнің толық, соңғы шешім шығару жасы үлкен адамдардың арқасында. Яғни, қазақ халқының әлі күнге дейін өз мәдениетін, салт-дәстүрін ұстанып, құрметтеуін байқауға болады. Нәтижелер бойынша, 19 көрсеткіші, қазіргі заманғы мәдениетке жататынын, ал қалған 7 пайызы динамикалық дамудағы мәдениет типіне жататынын көруге болады.

Әдістеме бойнша кәріс ұлтының көрсеткіштері зерттеудің нәтижесінен  байқағанымыздай ең үлкен көрсеткіш 53 пайыз, яғни бұл екін-  ші типтің көрсеткіші Қазіргі заманғы мәдениет типі. Әдістеменің нәтижесі бойынша кәріс халқына тән мәдени тип ол қазіргі заманғы мәдениет типі. Қазіргі заман мәдениеті (ҚЗМ) адамдардың қазіргі ортаға, қазіргі заман мәдениетіне бағдарлануымен ерекшелінеді. Олар табиғатпен гармонияда тұрып, оны бағалауға және табиғи мәселелермен қызығуға тырысады. Өзінің жасаған іс-әрекетінің нәтижесі үшін материалдық емес, моральдық сыйақы (даңқ, мәртебе, абырой) алуға ұмтылады. Қалған 30 пайызы дәстүрлі мәдениет тобына жатса, қалған 17 динамикалық дамудағы мәдениет тобына жатады. Яғни екі топтан да алынған нәтиже бойынша өзгешеліктер көруге болады. Шыққан нәтижелерге сүйенсек, қазақ халқының дәстүрлі  мәдениет типіне, ал корей ұлтын қазіргі заманғы мәдениет типіне жатқыза аламыз.

Критерийді қолданудың бірнеше тәсілі бар, және осы тәсілдерге сәйкес келетін бірнеше шектік мәндердің кестелері бар. Бұл әдіс екі қатар мәндер арасындағы қиылысатын зоналар жеткілікті дәрежеде аз ба екендігін анықтайды. Қиылысатын мәндер аз болған сайын, айырмашылықтар рас екендігі жоғарлай түседі. Кейде бұл өзгешеліктер екі таңдаманың орналасуындағы өзгешеліктер деп аталады. U критерийдің эмпирикалық мәні қатарлар арасындағы сәйкестік зонасы қаншалықты үлкен екендігін бейнелейді. Uэмп, аз болған сайын, айырмашылықтар рас екендігі соншалықты жоғары ықтималды болады.

 U критерийдің эмпирикалық мәні

мұнда n1 -1 таңдамадағы  сыналушылардың  саны; n2 – 2 таңдамадағы сыналушалар саны; Тх – екі рангтық қосындылардың ішіндегі үлкені; nх – рангтар қосындысы үлкенірек топтағы сыналушылардың саны.

Гипотеза H0 таңдау топтары арасындағы мәнсіз айырмашылықтар болады, егер Uкр < uэмп. Басқа жағдайда H0 қабылданбайды, таңдау топтары арасындағы айырмашылықтар мәңді деп саналады. Көрсетілген кестені рангілейміз. Соның арқасында екі таңдау тобындағы бар ұқсастықтарды анықтай аламыз. Рангтарды берілген өлшемдердің өсу ретімен береміз. Ең кіші бал ең кіші ранкке тең болады. Егер де балдар көрсеткіші екі зерттеушіде бірдей болса, олардың ранг бойынша тұру ретінің қосындысын екіге бөлеміз. n = 60 рангтардың құрылуы кест. Ранттар кестесі.

  1-кесте – Кросс-мәдени ерекшеліктерді эксперименттік зерттеу нәтижелері

 Қорытынды. Қазіргі таңда кросс-мәдени психология бағыты қарқынды дамуда. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, бұл жерде  көптеген,  түрлі  этнос  өкілдері  тұрады.

Яғни, этнос – бұл адамдардың ұрпақтардан, халықтардан, ұлттардан құралған тұрақты тарихи туындаған әлеуметтік қауымдастық. Зерттеуімізде қарым-қатынастың этносаралық толеранттылықтың кроссмәдени ерекшеліктерін анықтау тақырыбында жазылған. Зерттеу объектісі болып қазақ және корей ұлттары алынды.

Зерттеуіміздің басты мақсаты ұлт ұйымдарындағы этносаралық толераттылық пен қарым-қатынастың кросс-мәдени ерекшеліктерін анықтау, этностық қарым-қатынастың психологиялық маңыздылығын, құрылымын нақтылау және ерекшелігін анықтау болды. Жұмыстың болжамы бойынша егер әрбір ұлттың этностық қарым-қатынасты психологиялық маңыздылығы әдіснамалық тұрғыда негізделінсе, онда әрбір этностың кросс-мәдени ерекшеліктерін  толық  анықтауға  мүмкіндік алуға болады. Эксперимент барысында 5 әдістеме жүргізілді. Әдістемелер толеранттылық пен интолеранттылықты, ұжымдылық пен индивидуалдылықты, коммуникативтілікті, мәдениет типтерін анықтайтын тесттер мен әдістемелер болып табылады. Ұжымдылық пен индивидуалдылыққа сәйкес әдістемелер көрсеткіштері бойынша, қазақ ұлтында ұжымдылық көрсеткіші басым болса, кәріс ұлтының индивидуалдылық қасиеті басым екені анықталды.

Мәдениет түрлеріне сәйкес әдістеме бойынша шыққан нәтижелер қазақ ұлтының «дәстүрлі мәдениет» типіне, ал кәріс ұлтының «қазіргі заман мәдениет» типіне жататындығы анықталды. Басқа да жүргізілген әдістемелердің нәтижелері бойынша, қойылған болжам расталды деуге болады.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Гасанов Н.Н. О культуре межнационального общения //Социально-политический журнал. – №3. – С. 233.
  2. Стефаненко Т. Г. Этнопсихология. – М.: Аспект Пресс,
  3. Кон И. С. В поисках себя: личность и ее самосознание. М.: Политиздат,
  4. Лурье С.В. Историческая этнология. – М.: Аспект Пресс, 2007, 55 б.
  5. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М.: Наука, 1983, с.
  6. Аймаганбетова А.Б. История становления и развития кросс-культурных исследований в психологии. // Вестник университета «Кайнар» №3/2.2010 – 72 б.
  7. Гумилев Л. «Как возникают и исчезают народы?». – Л., 1984. – 13-б.
  8. Қартбаева Ж.Ж. Толеранттылық мәселесінің зерттелуі// Қазақстан орта мектебі 2009 ж – №9 – 16 б.
  9. Досжан Р.Қ. Толеранттылық-ұларалық қарым-қатынас факторы ретінде // Зерттеуші 2012. – №6 (74). – 32 б.
  10. Берри Дж. Как мы будем жить все вместе? Альтернативное видение межкультурных отношений / Кросс-культурная психология: актуальные проблемы // Под ред. Л. Г. Почебут, И. А. Шмелевой. – СПб.: Изд-во СПбГУ, 6-25.
  11. Мацумото Д. Человек, культура, психология. Удивительные загадки, исследования и открытия. СПб.: Прайм-Еврознак, 2008, 41 б.
  12. Триандис Г. Культура и социальное поведение. – М.: Форум, 2007. – 23,46 б.
  13. МацумотоД. Психология и культура: Современные исследования. – СПб.: ПраймЕврознак, 2002. – 104 с.
  14. Почебут Л.Г. Кросс-культурная и этническая психология.: учебное пособие. Питер 2012 – 14-13 с.
  15. Сидоренко.Е.В. Методы математической обработки в психологий,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.