Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің білім беру мекемелерінде кәсіптік таңдауын нақтылауына мүмкіндік беру

Кәсіптік бағдар беру сабағының ерекше мәні бар, себебі сабақ мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі формасы болып табылады. Кәсіптік бағдар беру сабақтарында болашақ мамандықты таңдаудағы теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады. Жетім балалалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар жеке өмірге қадам басқанда ақыл-кеңес, бағыт-бағдар көрсетуші ешкім жоқ, сондықтан, оларға кәсіптік бағдар беру сабағын өту өте маңызды. Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі – уақытша болатын жер, оқу аяқталғаннан соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Тәрбиеленушілердің өмір жолдарының ойдағыдай болуы оларды балалар үйінің дербес өмірде, мамандық таңдауларында қаншалықты дайындағанына байланысты. Жеткілікті өмірлік тәжірибесі жоқ, әдеттегі қамқорлық пен өмір салтынан айырылған балалар үйіндегі тәрбиеленушілер дербес өмірге кірісуге дайын емес болып шығады. Балалардың есеюі олардың ересектермен белсенді өзара әрекеттестігі жағдайында мүмкін болады. Сондықтан жетімдік өмір салтының ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың  әлеуметтенуі  мен дербестену процесіне жағымсыз  ықпал етуі, сондай-ақ ересектердің балаларға қатысты позицияларының қалыптасуына ықпал еткен қоғамдағы елеулі өзгерістер, міне бұлардың бәрі әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың тәрбиелік ықпалдарын оңтайландырудың мүмкіндіктері мен өмірде мамандық иелену қажеттілігіне әкеледі.

Қазақстандағы жетім балалар мен атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемалары ғылым мен іс-тәжірибесінің әртүрлі салаларындағы көптеген зерттеушілердің: дәрігерлердің, психологтардың, педагогтардың, философтардың, социологтардың назарын аударып келді және аударуда. Олар жетім баланың әсіресе, интернаттық мекемелердің көмегі арқылы өмірге бейімделетін әлеуметтік-эмоциялық саладағы дамуының өзіндік тетіктерінің қалыптасуын атап көрсетеді. Мұнымен бірге балалар үйлерінде тәрбиеленушілердің ересектік өмірге, балалар үйі қабырғаларынан тыс өмірге бейімделуіне байланысты көптеген зерттеулер жүргізілуде. Балаға мамандықты қалыптастыру проблемасының  көп қырлы және  кешенді зерттеуді талап етеді. Жетім балалар мен атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаларды күтудің, қадағалаудың, бағудың, тәрбиелеудің, оқыту мен дамытудың ортақ міндеттері бар. Балалар үйі балаға отбасын қандай да бір мөлшерде алмастыруды көздейтін мемлекеттік әлеуметтік құрылым болып табылады.

Отбасын алмастыратын әлеуметтік құрылым ретіндегі балалар үйі орындауы тиіс қызметтерді анықтау үшін отбасы орындайтын қызметтерді қарастырайық.

Социолог А.Г. Харчев отбасының мынадай әлеуметтік қызметтерін бөліп көрсетеді:

  • қалпына келтірушілік – жеке тұлғалық тұрғыда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, биологиялық қалпына келтіру;
  • тәрбиелік – жас ұрпақты тәрбиелеп, әлеуметтендіру;
  • шаруашылық-тұрмыстық – қоғам мүшелерінің тән саулығын қолдау, отбасындағы балалар мен қартаң мүшелерді күту;
  • экономикалық-кәмелет жасына толмағандар мен отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне қаржылық қолдау жасау;
  • бастапқы әлеуметтік бақылау – өмірлік қызметтің әртүрлі салаларында отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын моральдық жағынан реттеу, сондай-ақ жұбайлардың, ата-аналар  мен балалардың арасындағы қатынастағы жауапкершіліктер мен міндеттемелерді реттеу рухани қарым-қатынас – отбасы мүшелері жеке тұлғаларының дамуы, рухани жағынан өзара байытылу;
  • әлеуметтік-мәртебелік – отбасы мүшелеріне белгілі бір әлеуметтік мәртебе беру; қоғамның әлеуметтік құрылымын қабылдау;
  • бос уақыттық – бос уақытты ұтымды ұйымдастыру, қызығушылықтардың өзара байытылуы;
  • эмоциялық-психологиялық қорғанысқа, эмоциялық қолдауға ие болу [1].

Егер отбасының бұл функцияларын балалар үйіне түсіретін болсақ, онда балалар үйі баланың әлеуметтік өмірге араласуының аса маңызды функциясын орындауы тиіс. Бұл функцияның басымдығына балалар үйінде тәрбиеленетін жетім балаларда аса маңызды әлеуметтік құрылым – отбасының ықпалы жоқтығы жағдай жасайды.Тәрбиеленушілер үшін балалар үйі уақытша болатын жер, оқу аяқталған соң балалар өздігінен өмір сүру үшін ашық әлеуметтік ортаға шығарылады. Балалар үйінің тәрбиеленушілерді бұл  дербес  өмірге  қаншалықты дайындағаны олардың мамандықты дұрыс таңдап меңгеруіне жағдай жасайды. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың қолданыстағы формаларын төрт санатқа бөлуге болады:

  • отбасылық (қорғаншылдық, қамқорлық, асырап алу);
  • мемлекеттік (сәбилер үйлері, балалар үйлері, әртүрлі үлгідегі мектеп-интернаттар);
  • мемлекетте қорғаншылық міндеттердің бір бөлігін сақтай отырып, отбасылық тәрбиенің элементтерін үйлестіретін мемлекеттік-қоғамдық санат (балалар қабылдайтын отбасылар – отбасылық балалар үйі, патронаттық отбасылар, балалар баспанасы);
  • мемлекеттік емес (жекеменшіктегі балалар үйлер, баспаналар және басқалар) [2].

Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің қамқорлықсыз қалуы, балалар үйіне қабылдану себептері келесідей: жетім балалар, бағудан бас тартылған балалар, соттың шешімі бойынша ата-аналарынан ажыратылған балалар, атааналық құқықтарынан айырылған, сотталған, іс-әрекеттілікке қабілетсіз деп танылған, ұзақ уақыт емделіп жатқан (оның ішінде психикалық аурулар да бар) ата-аналардың балалары, сондайақ ата-аналарының тұратын жері анықталмаған балалар мен күн көрісі төмен отбасылардың балалары қабылданады. Жетім балалар мен атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың бәріндегі мақсаттық бағыт – бұл балаларды әлеуметтік қорғау, оларға қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын беру, олар үшін оңтайлы мамандықты анықтау, психикалық және тәндік денсаулықты қалпына келтіру.

Республикамызда әлеуметтік қызметтерді қолдау    бағдарламаларының  ішінде балалар үйінде тәрбиеленушілерге білім алып, кәсіп меңгерулеріне арналған бағдарламалар да бар. Олардың ішінде ерекше кәсіптік бейімделуді үйрететін «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар  үйі»  Мемлекеттік емес  мекемесі, Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан. Аталмыш ұйым 2014 жылы арнайы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып құрылған. Ұйымның жобасының атауы: «Жас агрономдар мен фермерлер стансасы» кәсіптік  бейімделуді үйрететін үйірмені ұйымдастыру» [3].

Мақсаты: Алматы облысы Талғар қаласының екі балалар үйінде тұратын 12-18 жас аралығындағы 50 тәрбиеленушінің кәсіби және өмірлік дағдыларын дамыту. Грант алушы фермерлік және ауылшаруашылығы дағдыларын үйретеді. Грант алушы агробизнестің негіздерінен, экономикалық және қаржылық сауаттылықтан семинар-тренинг, тиімді коммуникация дағдыларын дамытудан, көшбасшылық қабілетін қалыптастырудан психологиялық тренингтер өткізеді. Жобаның соңында тәжірибелік жұмыстарды таныстыру арқылы ашық есік күнін ұйымдастырады. Жобаны іске асыру барысында Талғар  қаласының  №5,  6,  49  мектептерімен,«Кеме» балалар үйімен, «Салауат» ҚБ-мен, Алматы мемлекеттік табиғи қорымен, Талғар қаласының әкімдігімен серіктестік орнатты.

Қорытынды бойынша 50 тәрбиеленуші агротехнология, агробизнес саласындағы кәсіби дағдыларды үйреніп, таныстыру және қарымқатынастық дағдыларын жетілдіреді [4].

«Бай-Бол» Жетім балалардың бейімделуін дамыту орталығы» Қоғамдық қоры, Алматы қаласында орналасқан жобаның атауы: «Барлық жұмыс жақсы! Талғамыңа қарай таңда!». Жобаның мақсаты: жетім балалар мен атаананың қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік оқыту және кәсіптік бағдарлау үлгілерін құру мен енгізу.

Жоба Алматы қаласындағы «Жанұя» атаананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мамандандырылған мекеменің және sos балалар ауылының базасында жүзеге асырылды. Кәсіптік бағдарлау бойынша екі нұсқаушы тренинг, білім беру, психологиялық және құқық сабақтары өткізілді. Серіктес ұйымның базасында ұйымдастырылған кәсіптік курстарда 50 бала білім алды. «Мамандықты қорғау» және «Бос орындар жәрмеңкесі» бойынша екі іс-шара ұйымдастырылды, оған  екі мекемеде оқитын балалар мен Алматы қаласындағы ЖОО-да оқитын жастар қатысты. Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығымен бірге грант алушы Алматы қаласындағы әлеуетті жұмыс беруші ұйымдар мен мекемелердің базасын құрды, оқу орындарының басшыларымен келіссөздер жүргізді, Алмалы және Түрксіб ауданы бойынша Жұмыспен қамту орталығымен бірге екі рет бос орындар жәрмеңкесін  өт-  кізді. Жобаның нәтижесінде мамандардың басшылығымен, қабілеттерімен мүмкіндіктерін, психологиялық бейімдіктерін  ескере  отырып 50 жасөспірім мамандық таңдады. Тренингтерде жасөспірімдер жұмыс іздеуге және еңбек нарығында өзін дұрыс таныстыруға қажетті білімдермен дағдылар қалыптастырды, «Жанұя» және sos балалар ауылының 11 бітірушісі жобаның серіктестері болып табылатын Алматы қаласындағы арнайы орта оқу орындарына түсті (№ 3 кәсіптік мектебі, № 8 кәсіптік мектебі) [5]. Сонымен  қатар мемлекетіміздің  білім туралы заңында «Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен атаанасының қамқорлығынсыз қалған  балалардың басым құқығы бар» деп көрсетілген [6].

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатта тұрып, оқиды.

Бұл жағдайда мынадай түр өзгерістер кездеседі:

  • Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектеп-интернаттан тыс орналасқан қосымша білім беру мекемелерінің жұмысына белсенді қосу. Бұл олардың эмоциялық және қатынас-байланыстық тәжірибесін молайтады. Әртүрлі шағын әлеуметтік орталарда өз «Мені» позициясын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге егер бала бір емес, балалардың әртүрлі топтарымен өзара әрекеттестік болатын бірнеше үйірмеге (студияға, өнер мектептеріне) қатысса, онда өте жақсы.
  • Мектеп-интернат көбінесе ықшам ауданның, шағын ауылдың, кенттің балалары үшін мәдениет құрушы балалар орталығына айналды. Мектеп-интернатқа отбасылардағы балалар да келеді. Мұндай жағдаят жетім балалар үшін қарым-қатынас – байланыстар тұрғысынан емес, сондай-ақ олардың эмоциялық даму тұрғысынан да неғұрлым қолайлы. Оларда «қонақтың» емес,«қожайынның» сезімі; өз абыройын сезіну мен өзін және өзінің мектеп-интернатын жақсы жағынан көрсету ниеті қалыптасады.
  • Балалардың жексенбі, мереке күндерінде, демалыс күндерінде қамқоршы және қорғаншы отбасыларда; өз туысқандарында болуы. Баланың әлеуметтенуі мен оның әлеуметтікэмоциялық даму проблемаларын шешудің бұл жолы бәрінен бұрын, баланың отбасындағы өмірлік жағдайларға тап болып, отбасылық қатынастардың әлеуметтік-тұрмыстық дағдылардың тәжірибесіне ие болатындығымен маңызды.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар балалар үйінде тұрады, өздерінің білім деңгейіне сәйкес келетін шағын аудандағы мектепке барады. Қазіргі уақытта   балалар   үйлерінің  тәрбиеленушілері баратын мектептерде сыныптарды толымдаудың мынадай формалары орын алуда:

  • Мектепте тек балалар үйінің балаларымен толымдалған «жетімдер сыныптары» құрылады. Оларды жеке сыныпқа жасанды жолмен бөлу көбінесебұлбалаларда«отбасылықбалалардың» ғана емес, сондай-ақ педагогтардың да көзқарасына байланысты ашу-ыза туындатады.
  • Жетім бала үшін сыныпта отбасында тәрбиеленетін құрдастарымен бірге оқитын жағдаят неғұрлым қолайлы болып шығады. Бұл кезде бала сыныптағы құрдастарының ұжымы мен балалар үйінде әртүрлі жағдаятта болады. Бұл жағдаяттардың әрқайсысы әртүрлі эмоциялық көріністерге: ашу-ызалы, жалған, бейімделгіш мінез-құлықтан «отбасылық» балалармен жақсы достық қатынастарға дейін әкеледі [7].

Қазақстандағы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметіне толығырақ тоқталайық. Алматыда (№2 балалар үйі және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мамандандырылған «Жанұя» кешені),  Тараз-  да («Ұлан» балалық шақ үйі, Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі), Қостанайда (Қостанай облыстық балалар үйі, Қостанай қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспана), Семейде (№8 балалар үйі, «Подросток» балалар баспанасы), Атырауда (Облыстық №1 мектеп-интернат, «Ақбота» балалар үйі) [8]. Қазіргі уақытта бұл ұйымдарда балаларды кәсіптік бейімдеу төңірегінде сапалы жұмыстар атқарылуда. Аталған мекемелер жұмыстың әртүрлі бағыттары бойынша бағдарламалар мен үлгілер көрсетті.

Үлгілердің, бағдарламалар мен жобалардың мазмұндары мекеменің тұрпатына қарай ерекшеленеді. Бірақ тұтастай алғанда ұйым әрбір кезең үшін нақты шарттарға жауап беретін жұмыстың перспективалық жоспарын таңдай алады. Көкейкесті міндеттер шеңбері айқындалады. Оларды іске асыру жолында бағдарламалар әзірленеді, инновациялық үлгілер енгізіледі. Бағдарламалардың ішінде жобалар  да ұсынылады. Бағдарламалардың, үлгілер мен жобалардың тиімділігі айқындалады.

Мұның жарқын мысалы ретінде Тараз қаласындағы «Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұсынуға болады. 2007-2008 оқу жылында балалар үйі дамуының перспективалық жоспарымен мекеме жұмысының    «Дербес    өмірде  өзін-өзі  тану мен өзін-өзі жетілдіруге қабілетті әлеуметтік бейімделген бала жеке тұлғасының дамуы, балаларды оңалту» тақырыбы анықталған, екі эксперименттік бағдарлама: «Табысқа апарар жол» және «Рухани-өнегелілік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделу» әзірленіп, сынақтан өткізілуде. «Рухани-өнегелік тәрбие: жалпыадамзаттық құндылықтарға бейімделу» бағдарламасы тиімді енгізілуде. Ол бойынша балалар үйі жағдайларында балалар және жасөспірімдермен рухани-өнегелік жұмыс жүйесінің негізгі позицияларын жаңартудың, тәрбиеленушілерді жалпыадамзаттық құндылықтар туралы біліммен қаруландырудың, өнегелік категориялары аясында адамзаттың рухани мәдениетіне қатыстырудың, балаларда өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеу қызметі мақсатымен зерттеу қажеттілігін қалыптастырудың сәті түсуде.

«Табысқа апарар жол» бағдарламасы тәрбиеленушілерді  әлеуметтік  қорғауға,  олардың әлеуметтену процесіне көмек беру мен қолдау жасауға бағытталған. Бұл бағдарлама тәрбиеленушілерде оңды бағытталған өмірлік жоспарларды, кәсіптік ниет-пиғылдарды, әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыру; жасөспірімдерде өмірдегі табыстарға ұмтылушылықты дамыту міндеттерін көздейді. Бағдарлама маңызды жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға жағдай жасайды, балалар үйінен шыққаннан кейін проблемалық жағдаяттарға қарсы тұра білу икемділігін дамытады [9].

Бағдарлама «Сенің өмірлік таңдауың»  және «Іскер адамның іс-тәжірибесі» жобаларымен толықтырылған. Бұл жобалар жасөспірімдердің кәсіптік таңдауын нақтылауға, олардың болашақ кәсібіне қызығушылығын белсендіруге және балалар үйін бітірушілер өмірдің қаржыақшалық нормативтерімен танысуға тура келетін экономика мен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған. Мысалы, тәрбиеленушілер күнкөрістің ең төменгі деңгейінің қандай екендігі, ақшаны қалай жұмсау керектігі, олардың балалар үйін бітіргеннен кейінгі ақша табудың перспективалары қандай екендігі туралы интерактивтік ақпарат алады. Перспективалармен неғұрлым нақты және көрнекті танысу үшін қаланың барлық оқу орындарына экскурсиялар жасалды. Жоғары сынып оқушылары кәсіп таңдау жөнінде байсалды ойлана бастады, оқуға ынталану артты. Көптеген түлектер оқуларын тек  кәсіптік  мектептер  мен  лицейлерде  ғана емес, ЖОО-да, колледждерде жалғастыруға ұмтылады.

Бітірушілерде өзінің жеке басының табыстылығына көзқарастары өзгерді, өзін-өзі бағалау артты, өз болашағын жобалау шеберлігі қалыптасты, балалар әлеуметтік-тұрмыстық дағдылар мен икемділіктерге ие болды. Бұл жерде сондай-ақ белгілі бір дағдыларға жаттығу үшін рөлдік ойындар өткізіледі. Іскерлік сапаларды дамыту үшін ойында жағдаяттардың үлгілеріне бірнеше күн бойы жаттығулар өткізіледі. Отбасылық өмір үшін және балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің айналасында әлі кездесе қоймаған басқа жағдаяттар үшін қажетті дағдыларды қалыптастыратын тренингтер өткізіледі. Қ. Сарымолдаев атындағы балалар үйінде әрбір топ  отбасы  деп  атала-  ды және әрбір отбасының өз аты бар. Өмірдің мұндай салты ересектер мен балалардың арасындағы қазыналық таптаурынды өшіреді және жаңа педагогикалық шешімдерді іске асыруға жол ашады. Жаңа технологияларды сапалы  енгізудің  үлгісін  Алматы қаласындағы

«Жанұя» мамандандырылған кешені де көрсетті. Бұл  жерде  негізгі  мақсат  анықталған: бұл түзетімдік мекемеде тәрбиеленуші әлеуметтік ортадағы  мінез-құлық  үлгілері мен нормаларын, әлеуметтік тәжірибені меңгере алатын білім беру ортасын жасау. «Жанұя» кешені қызметкерлерінің   негізгі   міндеті   – тәрбиеленушілерде  адамдардың арасына орнығуға ұмтылушылық, өзін өмірде таныта білушілік дағдыларына үйрету. Бұл мекемедегі бағдарламалар мен жобалардың негізгі дүниежүзілік және отандық педагогиканың, мәдениеттің, психологияның және де басқа ғылымдардың бай дәстүрлеріне сүйенетін тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы, жүйелілігі, табиғаты бірдейлігінің негізінде ноосфералық білім беру тұжырымдамасы болып табылады. Ноосфералық білім беру мен тәрбиелеу біртұтас ойлауды тәрбиелеуді, мұғалімнің, оқушының шығармашылық   әлеуетінің   босауын,   жеке тұлғаның оқуға ынталануын тәрбиелеуді, оқушы мен мұғалімнің денсаулық және уақыт ресурстарын босатуын, қоғамның қаржылық және техникалық ресурстарын үнемдеуді және қоғамдағы техникалық, медициналық, әлеуметтік,   қылмыстық   шиеленістердің   өзгеруін береді.

Ноосфералық білім беру дүние заңдарын, адамзат қоғамын тануда, тәрбиесі қиын  балалар   және   сыныптарымен,   тәлімі   нашар отбасылардың бағдарламаларын жасау кезінде тиімді құрал ретінде әрекет етеді. Өздігінен өмір сүруге дайындықтың «Болашаққа қадам» бағдарламасы – бұл баланың шығармашылық әлеуетінің дамуы, оның еңбекке деген оңды көзқарасының қалыптасуы, өмірлік перспективалардың орнығуы, әлеуметтік қарымқатынастардың өнімділігін қамтамасыз ету. Жобаныңмаңыздыбөлігінпедагогикалықұжымның жаңа жағдайлардағы жұмысқа дайындығы құрайды. Тәрбиешілердің 70%-ына жуығы ноосфералық білім беру жөніндегі курстардан өтті, оқыту мен тәрбиелеудің биобарабарлық технологиялары бойынша семинарларға қатысқан.

Бағдарламаның тиімді іске асырылуы үшін қажетті жағдайлар ескеріліп, орталық ұйымдастырылды. Бұл – жасын есепке ала отырып ұтымды режим жасау, дербестігін таныту үшін табиғи оқыту ортасы мен жағдайлардың болуы, тәрбиеленушіні психологиялық жағынан демеу. Бітірушілердің режимі мен тамақтануын ұйымдастыру өзгерді. Олар өз бетінше азық-түлік сатып алып, ас әзірлей бастады. Бітірушілермен жұмыс істеу үшін мамандар арнайы іріктеп алынды. Оларға ерекше талаптар қойылды: жұмыс тәжірибесі мен біліктілігінің болуы, жасөспірімнің жас ерекшеліктері мен ақылойының дамуы артта қалған жетім баланың жеке тұлғалық өзгешелігін білуі. Бағдарламаға істе сыналған тәжірибе есепке алына отырып, үнемі ішінара түзетулер енгізіледі, бірақ жасөспірімдердің мінез-құлқы мен психикалық денсаулығына мониторинг жүргізудің нәтижелері көңілге сенім ұялататынын атап өткіміз келеді. Тәрбиеленушілерде тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешуде неғұрлым құзіретті бола түсті. Олар басқа балалардан анағұрлым ерекшеленеді. Оларда бастамашылдық, дербестік, қарым-қатынастағы ашықтық сияқты жеке тұлғалық  қасиеттер  пайда  болды.   Балалардың  өз сөздерімен айтсақ, олардың өмірі неғұр-  лым мазмұнды бола түсті, оларда жаңа қызығушылықтар, жауапкершілік пайда болды.

Ноосфералық   білім   беру  технологиялары «Өзін-өзі тану» рухани-өнегелік даму бағдарламасымен тығыз  байланысып  кеткен,  олар бір-бірін толықтырып, байыта түседі. Өнегелік-рухани  білім  беру  мен  тәрбиелеудің

«Өзін-өзі тану» жобасы баланың да өзімен, қоғаммен, отбасымен және қоршаған дүниемен үйлесімділікте өмір сүре білуді қалыптастыруға көмектеседі. Бұл  жеке  тұлғаның  барлық құрылымдарының:зерденің,сезімдердің,еріктің, қабілеттіліктер мен мінез-құлықтың дамуын білдіреді, жеке тұлғаны тәндік және рухани деңгейде сақтай отырып, өзіне және адамдарға деген сенімді дамытады. Дербес ересектік өмірге дайындық шеңберінде кәсіптік бағдар мен оқыту бағдарламасы енгізілген, маманданушылық бейіндерінің тізбесі кеңейтілген. «Қолөнер фабрикасы» бағдарламасы бойынша дайындық ерекше тармақ болып табылады. Бұл жерде ұлттық қолданбалы өнерге оқытылады, этникалық стильдегі әшекейлер  жасалады. Қыш құмырашылық ісіне мамандану жолға қойылған, осының негізінде қыш бұйымдар жасайтын шағын зауыт жасау ойластырылуда. Бұйымдар конкурстарға қатысады, мекеменің ішінде, қалалық және республикалық дәрежеде жәрмеңкелер ұйымдастырылады [10].

Атырау облыстық С.Қазыбаев атындағы 1  мектеп-интернат  2004  жылдан бастап «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттік алаң, ал 2009 жылдың қыркүйек айынан  бастап «Өзін-өзі тану» бойынша  тіректік  мектеп болып табылады. Эксперименттің мақсаты тәрбиеленушілердің мінез-құлқындағы сапалық өзгерістерге ықпал  ететін  өнегелік,  рухани құндылықтарды қайта жаңғырту болып табылады. Бүкіл оқу-тәрбие процесі өзін-өзі танытуы мен өзін-өзі білдіруі үшін баланың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған. Мектеп-интернатта балалар абырой мен беделді бағалауға, сүйіспеншілік пен төзгіштікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, жылы ықыластылыққа үйренетін: тренингтер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары өткізіледі. Отаншылдық, құқықтық тәрбиелеу, салауаттыөмірсалтынқалыптастыру, эстетикалық, экологиялық, еңбек тәрбиесі бойынша тәрбиелік шаралар өткізіледі.

Атырау қаласындағы «Ақбота» облыстық балалар үйінің тәрбие жұмысы балалардың әртүрлі шараларды өткізуге көбірек қатысуы мүмкін болатын мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға негізделеді. Бұл үшін балалар үйінде қызығушылықтар бойынша үйірмелер, бейнелеу студиясы, шахмат мектебі, ағылшын тілінің үйірмесі, домбыра, баян, қобыз сыныптары бойынша облыстық музыкалық мектептің филиалы жұмыс істейді. Мұнымен қатар балалар  үйінде  балаларды  өздігінен  өмір сүруге дайындайтын мақсатты жұмыс жүргізіледі: балаларға ас әзірлеудің қарапайым білімі, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық орындарда болған кездегі мінез-құлық мәдениеті үйретілетін    «Қане,    құпиямызды   бөлісейік», Жасаспаз» үйірмелері жұмыс істейді.

Тараз қаласындағы «Ұлан» балалық шақ үйі республикалық маңызы бар бірден бір ұлттық үй болып есептеледі. Оқу-тәрбие процесі «Жамбыл облысы білім беру мекемелері үшін 2009-2014 жылдарға арналған тәрбие процесінің кешенді бағдарламасына» сүйене отырып, халықтық педагогиканың ең жаңа технологияларына негізделеді. Мекеменің мақсаты жаңа үлгідегі балалық шақ үлгісін құру болып табылады. Балалар үйінде сегіз: бейнелеу өнері, аспаздық, қолданбалыөнер, ағылшынтілі, ұлттықаспаптар, ән, хореография, сахналық өнер үйірмелері жұмыс істейді, бұл тәрбиеленушілердің жанжақты дамуы мен жеке қабілеттіліктерін ашуға мүмкіндік береді. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында лекциялар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен   кездесулер жүйелі   өткізіледі. Осындай мақсатқа лайықталып өткізілген жұмыстардың нәтижесінде тәрбиеленушілердің арасында қалалық ІІБ есебінде тұратындар жоқ. Алматы қаласындағы   №2 балалар   үйі тәрбие процесінің негізгі тақырыптары «Жетім балаларда  өзіндік  сананың  қалыптасуы мен   дамуы»,  «Дербес   өмірге   дайындау мен бейімделу, әлеуметтендіру» болып табылады.

Тәрбие процесі мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. Қазақстандық отаншылдық пен азаматтылық.
  2. Рухани-өнегелік тәрбие.
  3. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
  4. Эстетикалық, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
  5. Экономикалық мәдениет пен кәсіптік бағдарды қалыптастыру.
  6. Саяси және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу.
  7. Қыздарды «Қыз – елдің көркі» бағдарлама бойынша өнегелілікке тәрбиелеу.

Еріктілер    мен    қоғамдық    ұйымдардың қолдауымен   қосымша  білім  алу  бойынша ағылшын тілінің курстары, би үйірмесі, имиджмеккинг, интерьер дизайны, оригами өнері, колледжге  түскісі  келетін бітірушілерге математика мен басқа да пәндерден қосымша сабақтар өткізу жұмысы өткізіледі. Балалар үйінде: жеке ән салу, би, спорт (дзюдо, волейбол, баскетбол, акробатика), тігін, қол іскерлігі, қазақ халқының мұрасын (салттарын, дәстүрлерін, халықтық өнерін) зерделеу үйірмелері жұмыс істейді.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші түлектерге ЖОО рына мемлекеттік гранттар табысталды. Ұлттық бірыңғай тестілеуде 50 баллдан артық жинаған жетім балаларға облыс әкімдігі мен өңірдегі ЖОО-ларының басшылары арнайы жолдамаларды тапсырды.

Мемлекеттік грантты Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институты, сондай-ақ, Қазақ-Түрік университеті бөлді. 16 жасөспірім еліміздің солтүстік облыстарында білім алатын болды [11].

Қорыта айтқанда, аталмыш ұйымдардың жобаларының арқасында елімізде балаларды кәсіби бағдарлау елеулі дәрежеде жолға қойылып келе жатыр. Ұйымдардың түрлі бағдарламалары және кәсібилікке бағыт беретін іс-әрекеттерінің арқасында ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың біразы кәсіп меңгеріп, жеке өмірге қадам басқандағы өмірінің тірегі болатын өз мамандықтарынтаңдады. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің қоғамдық сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды таңдауына бағыт беру – қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі.

Келешекте елімізге жоғары кәсіби және өз кәсібін шын ниеттен жақсы көретін маман әкелуүшін мынадай нәрселер қажет:

  • оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
  • түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
  • кәсіпті өз бетінше, саналы түрде таңдай білу. Сонымен, ХХІ ғасырды          білімділер      ғасыры десек, ғылым мен білім  саласында  еңбек ететін жастарымыздың алдында үлкен жауапкершіліктер тұр. Демек, сол жастарға кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына бағдар беру – басты мақсатымызға айналуы тиіс.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Харчев А.Г. Воспитание и жизнедеятельность личность. – М.: Наука, – с. 51.
  2. Войтенко Т.П. Дети-сироты как объект социально-психологической работы. – Благовещенск, – 10 с.
  3. Есхожина Т. Қазақстанның жетімі жоқ елге айналуға барлық мүмкіндігі бар. // http://www.inform.kz/kaz/article/2600550
  4. Қожамжарова Д. Жетімдердің кәсіби маман болуына кепілдік // http://enu.kz/repository/repository2013/5458.pdf
  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы //http://nkaoko. kz/kz/documents/law_of_education/
  6. Ақжанова А.Т., Ельшибаева К.Г. Психологическая служба в закрытых учреждениях: учебное пособие. – Алматы: Нұрпринт, – 112 с.
  7. Абдрахманов Б.Б. Ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балалар мекемелері // http://edubko.gov.kz/index. php?option=com_content&view=article&id=130&itemid=25&lang=kz
  8. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПб.: Питер, 2007. – 713 с.
  9. Стрельченко Д.С. Оптимизация процесса развития познавательных способностей государственных служащих. – М., 2003. – 192 с.
  10. Қазақстандағы білім гранттары // http://www.inform.kz/kaz/article/2489638

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.