Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жастардың кейбір еңбек құндылықтарының құрылымы мен мазмұнына социологиялық талдау

Қоғамның құндылықтар жүйесіне тұрақты социологиялық зерттеулер жүргізу қоғам да муының динамикасына, жағдайына, мәселелері мен перспективасына, адамдардың ұстаным дарына, әрекет стратегиясына талдау жасауға мүмкіншілік береді. Осы құндылықтардың ішін де еңбек құндылықтарының орны бөлек. Себебі, еңбек құндылықтары қоғамдағы жұмысбасты лық, кәсіпкерлік, еңбек өнімділігі, еңбек сапа сы, адамның өмір жағдайы мен экономикалық өркендеудің негізі деп айтуға болады. Қазіргі уақытта жұмыссыздық мәселесімен қатар ең бектің сапасын көтеру мәселесіне де көңіл бөлу маңызды. Адамға жұмыс тауып беруге болады. Бірақ, сол жұмысын сапалы атқару жолындағы мәселелер жұмыссыздық мәселесінен де ма ңызды. Себебі, сапасыз жұмыс (еңбек) мекеме нің жаңа жұмыс орындарын ашуына, сондайақ оның дамуына кедергі болып, мемлекетке үлкен көлемдегі салық төлеу қабілеттілігінен айыра ды. Яғни, жұмыссыздық пен әлеуметтік ауырт пашылықтар шешімін тапты дегенімізбен, бұл мәселені сапасыз реттеу (шешу) қоғамда басқа да мәселелердің туындауына алып келуі мүмкін. Мәселен, күндіз жұмыс уақытында жүз мыңда ған қазақстандық әлеуметтік желілерде отыра ды. Идеалды жағдайда жұмыс уақытында адам дар жұмысын жасап, өзінің жұмыс берушісінің жұмысын қалай дамытамыз деген ой үстінде болуы керек. Егер адамдар жұмыс уақытында әлеуметтік желілерде отыратын болса жұмыс тың тиімділігі қандай болмақ?! Қоғамда ықпал ды, белсенді адамдардың өзі уақытын осы әлеу меттік желілерге сарп етіп, нағыз жұмыс қызып жатуы тиіс уақытта олар ғаламторда өзгелерге пікір жазып отырғандығын көреміз. Егер, қо ғамның тынысын түсінетін осындай белсенді азаматтар уақытын тиімді қолданбаса,  жастар не істемек?!

Қазіргі жағдайда болашақта Алматының (өз ге де аймақтардың) орта және шағын кәсіпкерлік негізін жоғары білімі барлар емес, арнайы кәсі би оқу орындарын аяқтаған, орта білімі барлар құрайтын болуы әбден мүмкін. Себебі, жоғары білім алудағы стратегия дұрыс емес. Көптеген жастардың, атааналардың  санасында  жоға  ры білім алған адам бір жерде жақсы жалақыға жұмыс істеуі керек деген түсінік бар («Халық аралық экономикалық сауаттылық орталағы» қоғамдық қорының мәліметінше ҚР азаматта рының 63% жалақыдан жалақыға дейін өмір сү реді [1]). Яғни, жоғары білімі барлар мемлекет тік мекемелерде, ірі және орта компанияларда жұмыс істеуге тырысады. Ал бұл топтан басқа лары, керісінше, шағын кәсіпкерліктің айнала сында жүреді, тынымсыз еңбектеніп, жақсы та быс табуға ұмтылады. Бұл мәселе дилемма. Бір жағынан жастар арасында кәсіпкерлікке ұмтылу бар. Екінші жағынан, жоғары білім алушылар оқуды бітіргеннен кейін кәсіпкерлікке бірден келгісі келмейді. Бұл жағдай жастардың уақыт өте келе кәсіпкерлікке баруға деген қорқыныш пен сенімсіздігін күшейтеді. Сәйкесінше орта және кіші кәсіпкерліктің интеллектуалданбауы инновация мен модернизацияның жүруін қиын датады. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Аталған мәселелердің барлығы бүгінгі қоғамдағы еңбек құндылықтарының  жүйесі  не байланысты деп ойлаймыз. Яғни, құндылық болмаса, адамдық та болмайтыны секілді, сапа лы еңбек құндылығы болмай, мәнді, сапалы ең бек те болмайды деуге болады.

Құндылықты қолданбалы тұрғыдан қарас тырмас бұрын кейбір теориялық мәселелерге тоқталып өтсек.

В. Виндельбанд құндылық өлшемін адамның алдына қойған мақсатымен байланыстырады. Яғни, мақсат мағына мен мәнге ие болғанда ол адам үшін құндылыққа айналады. В. Виндель банд адам әлеуметтік нормалармен қаншалық ты тығыз байланыста болса да құндылықтың аналогы жоқ және болмауы керек деп жазады. Құндылыққа балама «норма», «абсолютті ба ға», «жалпыға ортақ заң» секілді категориялар ды қолданып, барлық категориялар бір мағына беретіндігін және Виндельбанд үшін құндылық арман, мұрат екендігін ұғуға болады [2, 14 б.]. В. Виндельбандтың құндылықты түсіну тура лы пікірін еңбек құндылықтарына трансформа цияласақ, еңбектегі арман мен мұрат, қалау мен мәнді еңбек құндылықтары деп атауға болады. Яғни, еңбек құндылығы адамның еңбек жолын дағы ұстанымдары, сенімдері мен идеалдары.

Э. Дюркгейм концепциясында құндылықты нормативті жүйелердің тұлға мен қоғамға ық палы талданады. Яғни, оның зерттеуінің негіз гі бағыты қоғамдық ынтымақтастық пен еңбек бөлінісі. Еңбек бөлінісі қоғамдық ынтымақтас тықты тудырады. Ынтымақтастық адамның эко номикалық немесе әлеуметтік жүйедегі рөліне емес, адамның ұжымдық, ортақ санаға жататын дығынан туындайды [3]. Дюркгеймнің пікірін ше, жеке адамдар құндылықтарының жиынты ғы қоғамның құндылықтар жүйесін құрайды. Адамдар қоғамдағы ұрпақтан ұрпаққа транфор мацияланып келе жатқан құндылықтар жүйесіне икемделеді [4]. Дюркгейм айтқан пікір бүгінгі әлемде өте өзекті мәселе. Себебі, әлемдегі тың өзгерістер ұжымдық еңбектің еңбек бөлінісімен алмасуынан кейін іске асқандығы белгілі. Әр адамның өз функциясын білуі топтық жауапкер шілікке қарағанда тиімділігі өте жоғары екендігі белгілі.

Зерттеу әдісі. Еңбек құндылықтарын зерт теудегі мақсат жастардың еңбек құндылықта ры мен еңбек құндылықтары бағдарларының мазмұнын айқындау болды. Зерттеу мақсатына жету үшін зерттеудің сандық әдісі қолданылды. Сандық зерттеу зерттелетін параметрлердің та ралуы мен көлемін бағалауға мүмкіндік береді. Сандық зерттеудің деректерін жинау әдісі: жеке стандартталған сұхбат. Социологиялық зерттеу 2014 жылдың қаңтарсәуір айларында жүргізіл ді. Зерттеу объектісі – 16 жастан 29 жасқа дейін гі Алматы қаласының жастары. Іріктеу көлемі - 500 респондент. Іріктеу көрсетілген жастық категорияда Алматы қаласының 7 ауданының жастары репрезентациялайды. Статистикалық қателік 95% сенімді интервал болғанда, ± 3,1% аспайды. Зерттеу мәліметтері SPSS0. ком пьютерлік бағдарламасы арқылы талданды.

Қазіргі мемлекетіміздің жастар саясаты ту ралы заңында жастар 14 пен 29 жас аралығын дағы ҚР азаматы деп көрсетіледі [5]. Бұл жас аралығы әлемнің көптеген елдерінде бекітілген. Дегенмен, біз өзіміздің зерттеуімізде жастарды 1629 аралығындағы жастарды алдық. Оның не гізгі себебі – ҚР «Еңбек кодексінің» [6] 30ба бының 1тармағына сәйкес 16 жасқа толған адам еңбек шартын жасай алады. Яғни, кейбір жағдайларды есептемегенде еңбек етуге рұқсат 16 жастан басталады. Екінші себеп, 16 жас мек теп бітіруші түлектерінің мамандық таңдайтын және колледж студенттерінің өзінің таңдаған мамандығын зерттеп оқи бастайтын уақыты. Жалпы экономикалық активті жас 16 жастан басталатындығын да ескердік.

Зерттеу нәтижелері. Зерттеуіміздің негізгі бөлімі жастардың еңбек құндылықтарының ие рархиясын анықтауға бағытталды. Респондент терге «Кәсіби еңбек жолында (жұмыста) сіз үшін не маңызды, бағалаңыз?» сұрағы қойыл ды. Сұраққа алынған жауаптар нәтижесі 1кес теде берілген.

Кестеде берілген ақпаратқа сәйкес, жастар үшін еңбек құндылықтарының ішінде жоғары жалақы (9,8%) бірінші орынға ие. Жастар үшін екінші маңызды құндылық – жұмыстың қызық ты болуы (9,3%). Біздің зерттеуіміздің өмірлік құндылықтарға бағытталған бөлімінде қызық ты және табысы жоғары жұмысқа ұмтылу құндылығының ең маңызды құндылықтардың қатарына жататындығы анықталған еді. Жас тардың еңбек құндылықтарының иерархиясын анықтауға арналған сұрақтардың нәтижесі атал ған екі құндылықтың басқа еңбек құндылық тарынан жоғары тұрғандығын көрсетіп отыр. Жастар үшін жұмыс орнының сақталу кепілдігі (7,7%) үшінші негізгі құндылық болып табы лады. Көптеген сараптамаларға назар аударар болсақ, құндылықтар мұқтаждықтан туындауы мүмкін екендігін көрсетеді. Мәселен, бүгінгі жастар үшін еңбек құндылықтарының арасында жоғары жалақының алға шығуы бірнеше фак тормен байланыстыруға болады. Біріншіден, жастардың басым көпшілігі жалақыға тәуелді. Екіншіден, өмірлік стартында жастардың ма териалдық қиыншылықтармен кездестіретінін көрсетеді. Үшіншіден, Алматы қаласының жас тары тек тұрғылықты жастардан емес, сонымен қатар, осында оқуға келіп, оқудан кейін осында қалған, аймақтардан жұмыс іздеп келген жас тардан да тұрады. Демек, жастардың құрылымы күрделі, сұраныстары әртүрлі. Жастар үшін жұ мыстың қызықты болуы – бүгінгі күннің тала бы. Бұл тенденциядан жастардың өз жұмысын қызығып істесе, жұмыстың да өнімділігі жақсы болатынын күтуге болады. Респонденттер үшін еңбектің нәтижесіне (7,6%) қол жеткізу де өте құнды болып табылады. Жұмыстың қызықты болуы және еңбек нәтижесіне қол жеткізу бү гінгі еңбек нарығына қажетті ең үлкен талаптар. Жастардың еңбек құндылықтары тізімінің ең төменгі сатысында жұмыстың жеңіл және табыс ты болуы, әлеуметтік көмектердің қарастыры луы, демалыс күндерінің көптігі, қызмет бабын пайдалануға мүмкіншіліктің болуы, пара алуға мүмкіншіліктің болуы секілді құндылықтар ор наласқан. Зерттеу нәтижелеріне назар аударсақ, бүгінгі жастар жақсы табыс жеңіл келмейтінді гін түсінеді деуге болады. Жеңіл жұмыс жақсы табыстың кілті бола алмайды. Әлеуметтік кө мектердің қарастырылуы жауабын таңдағандар 1,5%. Бұл көрсеткішті екі себеппен байланысты руға болады деп есептейміз. Біріншіден, жастар бойында патерналистік құндылықтардың төмен деуі. Екіншіден, жастар бүгінгі әлеуметтік көмек тердің аздығы (жеткіліксіздігі). Әлеуметтік кө мек (әлеуметтік пакеттер) көп адамдар үшін өте маңызды. Бірақ, әлеуметтік көмек өте төмен бол ғанда адамдар оның орнын жоғары жалақының есебінен өтегісі келеді. Қазіргі уақытта елімізде демалыс күндер көп, біздің халық көп демалған ды жақсы көреді деген пікірлерді кездестіруге болады. Біздегі бар демалыс күндер басқа мем лекеттермен  салыстырғанда  орта  дейгейде  деп айтуға болады. Ал жастар үшін демалыс күндер дің көп болуы маңызды емес. Көптеген жастар демалыс күндері де жұмыс істеуге дайын екенде рін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр.

 1кесте – Кәсіби еңбек жолында (жұмыста) сіз үшін не маңызды, бағалаңыз? N=500 (2416)   

«Сізде таңдау құқығы болғанда қандай шартты таңдар едіңіз?» сұрағы арқылы жас тардың   тәукелге   бару   көрсеткішін   анықтау ды мақсат еттік. Нәтиже бойынша, «жұмыстың қауіпіздігі мен тұрақтылығының болуы, бірақ, мансаптық, шығармашылық өсу  мүмкіншілігі нің аздығы» жауабын 39,4% респондент таңдаса, шығармашылық және кәсіби  өсуге  мүмкіндік  тің жоғарылығы, бірақ, жұмыстың тұрақсызды ғы мен қауіптілігін 31,6% таңдаған. Жастардың көпшілігі салыстырмалы түрде жұмыстың қауіп сіздігі мен тұрақтылығының болуын қалайды. Яғ ни,  жоғарыда  аталған  «жұмыс  орнының сақталу кепілдігі» құндылығының маңызды екенін бұл нәтижелер де дәйектейді. Жастардың 31,6% шы ғармашылық және кәсіби өсу үшін тәуекелге бара алуы төмен көрсеткіш деуге келмейді. Бұл көр сеткіш қоғамда тәуекелге бара алатын жастар бар екендігін көрсетеді. Тәуекелге баратын жастардың бола алуы қоғамда тың өзгерістердің болу ықти малдылығын күшейтеді. Барлық респонденттер дің 29,0% жауап беруге қиналғандардың қатарына кіреді. Бұл жастар жұмыстың қауіпіздігі, тұрақты лығы мен мансаптық, шығармашылық өсу мүм кіншілігінің арасында. Бұл топтағы жастар жұ мыстың  қауіпіздігі  мен  тұрақтылығының болуы, бірақ, мансаптық, шығармашылық өсу мүмкінші лігінің аздығы құндылығына жақын деп айтуға ке леді. Себебі, алғашқы сұрақтарда жастар арасын да жұмыс орнының сақталу кепілдігін қалайтын жастардың көп екендігін жаздық. Адамның өмі рінде қиын жағдай болса тәуекелге баруы қиын екені белгілі. Сондықтан, бұл жастар арасында жұмыстың қауіпіздігі мен тұрақтылығын қалай тындар көп болуы мүмкін. Бұл топтың тәуекел  ге баруы үшін мемлекеттегі және адам өміріндегі әлеуметтікэкономикалық жағдайдың тұрақты бо луы шарт.

 1диаграмма – Сізде таңдау құқығы болғанда қандай шартты таңдар едіңіз? N=500

 Бүгінде адамдардың мотивациялаудың көп теген жолдары айтылып жатады. Барлығына ор тақ мотиваторлар материалдық ынталандыру, бі лімін көтеруге жағдай жасау, қызметін бағалау. Зерттеуімізде жастарды еңбекке ынталандыру шы мотиваторлар ретінде жалақыны жоғары лату, басшылық тарапынан қызметін бағалау, қызметін көтеру шықты. Алматы қаласының жастары үшін баспаналы болуға көмек ынталандыру әдісі де маңызды орынға ие. Ынталанды рудың өте аз бөлігін әлеуметтік жеңілдіктер дің болуы (4,6%) қамтиды. Бүгінде жастар үшін әлеуметтік жеңілдіктердің болуы жастар сана сында аса басымдыққа ие емес екенін байқауға болады. Себебі, әлеуметтік көмектер (әлеумет тік пакеттер) бүгінгі күні аса жоғары болмауы нан деп болжауға болады. Кез келген жастар арасында әлеуметтік жоғары жағдайға көмек арқылы емес, жоғарғы жалақы, жақсы қызмет ар қылы жетуге болады деген ұстаным бар деп ой лаймыз. Зерттеу нәтижесі оқуға мүмкіншіліктің болуы жастарды аса жоғары деңгейде ынталан дырмайтынын көрсетіп отыр. Мұны әлі де біздің қоғамның ақылды экономикаға көшуіне кедергі болуы мүмкін факт ретінде қарастыруға бола ды. Мәселе тек жастарда емес, жастарды моти вациялау жүйесінде. Мәселен, қазіргі уақытта көптеген мекемелерде адамның айлығы жақсы жұмыс жасауына байланысты емес. Жақсы іс тейтін қызметкер де, жаман істейтін қызметкер бірдей жалақы алады. Сәйкесінше, адамдар тек жалақының жоғары болуын қалайды. Ал, жала қы сенің жұмысыңның нәтижесіне, қызметкер дің мекемені дамытуға қосқан үлесіне байла нысты болса, онда адамдар арасында жұмыстың нәтижесі, кәсібилік, білім секілді құндылықтар алға шығар еді.

Респонденттерге «Өмірлік жетістікке тек еңбек арқылы ғана жетуге болады, аталған көз қарастармен қаншалықты келісесіз?» (N=500) сауалын қойдық. Аталған сұраққа жастардың басым бөлігі өмірлік жетістікке тек еңбек арқы лы (69,6%) жетуге болады деп жауап берген. Екі ойлымын (17,0%), келіспеймін (10,2%), жауап беруге қиналамын нұсқасы (3,2%) құрады. Бұл сандардан бүгінгі жастардың капитализм (пост материализм) құндылықтарын сіңіргендігін және еңбектің өмірдегі орнын түсінетіндігін көрсетеді. Жастар арасында «Тұрақты орта жалақы, тұрақсыз жоғары жалақыдан жақсы» (N=500) деген сауалға келісетін (келіспейтіндігін) анық тадық. Зерттеу нәтижесі жастар арасында тұ рақсыз жоғары жалақыға қарағанда тұрақ ты орта жалақыға деген басымдық берілетіні анықталды. Яғни, 50,6% орта жалақыға басым дық берген. Ал, екі ойлымын деп жауап берген респонденттер 24,6% болса, келіспеймін деп жа уап бергендер 22,2%. Жауап беруге қиналғандар 2,6%. Бүгінгі жастардың тең жартысы орта жа лақы тұрақсыз жоғары жалақыдан дұрыс деп есептейді.  Аталған  тенденцияны  бірнеше фактормен байланыстыруға болады:

  • Жастар арасындағы тұрақты орта жалақы ға басымдық беру жұмыстың тұрақсыздығымен байланысты.
  • Мемлекеттік мекемелерге жастардың ұм тылуы мемлекеттік жалақының тұрақты бо луымен байланысты.
  • Жастар арасында «жұмыссыз қалсам жа ңа жұмыс таба аламын ба?» деген көзқарастың болуы.
  • Жастар арасындағы тәуекелділік пен өзіне деген сенім деңгейінің төмендігі.

Респонденттерден «Егер мен қазір жұмыс іздесем оңай табар едім» (N=500) деген тұжы рымға қатысты көзқарасын сұрадық. Жауап нә тижелері:

  • келісімен 30,0%;
  • екі ойлымын 27,0%;
  • келіспеймін 37,0%;
  • жауап беруге қиналамын 6,0%.

Ресонденттердің жауаптарынан «Егер мен қазір жұмыс іздесем оңай табар едім» сауалы на берген жауаптарынан 30,0% «жұмыс іздесе оңай табар едім» деп жауап бергендіктерін кө руге болады. Жастардың үштен бірі екі ойлы. Яғни, жұмыс таба ала ма, әлде таба алмай ма белгісіз. Респонденттердің 37,0% қазір жұмыс іздесе таба алмайтындықтарын жеткізген. Біз дің ойымызша, аталған көрсеткіштерге бірнеше тұжырым жасауға болады:

  • Бұл факт қазіргі жастардың бір бөлігін де жұмыс табу мен таба алмау проблемасы бар екендігін көрсетеді. Яғни, жастарда кәсіби мо бильділік деңгейі төмен. Кәсіби мобильділік деңгейінің төмендігі жастардың жұмыс табуға, жұмысты ауыстыруға деген қорқыныш пен се німсіздігін қалыптастырады.
  • Жұмыс таба алмаймын деп жауап берген дердің ішінде оқушы, студент жастардың да бар екенін де ескеру маңызды деп есептейміз.

«Егер мен қазір жұмыс іздесем оңай табар едім» тұжырымы «тұрақты орта жалақы, тұ рақсыз жоғары жалақыдан жақсы» сауалын толықтырып, дәйектеп отыр деп есептейміз.

Респонденттерге «Егер мен бай болсам, жұ мыс істемес едім» (N=500) атты сауал нәтиже лері келесі ретте шықты:

  • келісемін – 18,4%;
  • екі ойлымын – 16,0%;
  • келіспеймін – 64,0%;
  • жауап беруге қиналамын – 1,6%.

Кез келген қоғамда прогресс байлар мен ға лымдардың болуымен байланысты екендігі бел гілі. Сұрақта бүгінгі жас бай болса, жұмыс істей ме, әлде істемей ме деген ойды анықтау мақса тында жүргізілді. Егер бай болса жұмыс істе меймін деп жауап берген респонденттердің саны 18,4% болды. Яғни, бұл топ бай болғанда, байлы ғын одан әрі арттыру, жұмысын одан әрі көтеру мақсатында жұмысы баяулауы мүмкін. Себебі, бұл топтың негізгі мақсаты жұмысын көтеру ар қылы баю емес, баю үшін жұмысын көтеру. Бай болғанда   жұмысы   материалдық қажеттіліктерге мұқтаж болған уақыттағы секілді аса маңыз ды болмауы да мүмкін. Осы топ пен бай болсам да жұмыс істеймін тобының арасындағы топтың (екі ойлымын) үлесі 16,0%. Бұл топтың ойлау ше карасы осы екі ойдың арасында. Қай жаққа бұры латыны мемлекеттегі саяси және экономикалық жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бай бол сам да жұмыс істеймін деп жауап бергендер дің үлесі 64,0%. Бұл топтың мақсаты жұмысын көтеру үшін баю. Яғни, болашақта бай болғанда кәсібін одан әрі дамыту, жеткен жерден де биік терге жету мақсатын қоятындар деуге негіз бар. Қоғамның одан әрі дамуы үшін бізде материал дық жағдайдың жақсы болуына қарамастан жұ мыс істейтін адамдардың көп болуы өте маңыз ды. Мәселен, Оңтүстік Корея мемлекетінің 1960 жылдардан кейін экономикалық еркіндікке бет бұрып дами бастағаны белгілі. 1985 жылы Ким Кионг Донг (Kim KyongDong) есімді ғалым Оңтүстік Корея жұмысшыларынан «Егер Сізде жақсы өмір сүру үшін барлық қаражат жет кілікті болса Сіз жұмыс істер ме едіңіз?» деген сұраққа байланысты өзінің зерттеуін жүргізген. Нәтижесінде 96% жауап берушілер жұмыс іс теуді жалғастырамыз деген. Бұл тұста Корея халқы үшін еңбек тек өмір сүру үшін емес, өзін өзі көрсету мен биік мақсаттарға жету үшін істе луі керек қызмет екендігін байқауға болады [7]. Әрине, аталған факт Оңтүстік Корея мемлекеті нің жалпы жұмысшыларынан жүргізілген ста тистика. Біз аталған мысал арқылы қоғамда ең бек тек ақша табудың жолы болмаған жағдайда аталған мемлекет секілді дамуға мүмкіншіліктің бар екендігін көрсеткіміз келді.

Кез келген қоғамның негізгі қозғаушы күш терінің бірі кәсіпкерлер екені белгілі. Қоғамның кәсіпкерлікке бағытталуы да қоғамның дамуына серпіліс беретін фактор. Осыған орай, респон денттердің кәсіпкерлікке қатысты ұстанымда рын, көзқарастарын, құндылықтарын білу мақ сатында жастардан бірнеше сауалға жауап ал дық. Респонденттердің «Сіз кәсіпкерлерге қалай қарайсыз?» сауалына берген жауап нәтижелері 3кестеде берілген.

 3кесте – Сіз кәсіпкерлерге қалай қарайсыз? N=491

 «Сіз кәсіпкерлерге қалай қарайсыз?» сұ рағына респонденттердің  39,9%  кәсіпкерлер ді экономиканың қозғаушы күші деп санады. 30,3% олар жұмыс орнымен қамтамасыз етеді десе, 25,5% олар тек өз пайдаларын ойлайды, олар қоғамға пайда әкелмейді деп жауап бер ген. Кестеде көрсетілген ақпаратқа сәйкес жас тардың 3/1 кәсіпкерлерге негативті көзқараста болып табылады. Біз өзіміздің ғылыми сарап тамаларымызда дамушы қоғамда мемлекеттік қызметкерлерге емес, кәсіпкерлерге симпатия көп болатындығын жаздық. Біздің қоғам үшін қазіргі уақытта идеал болатын жандар нағыз істің адамдары болуы қажет деп есептейміз. Себебі, кәсіпкерлер – қоғамға пайдасы бар, өз ісін нақты білетін, мемлекетке салығын төлеп, пайда алып келетін, адамдарға жұмыс беруші азаматтар. Кәсіпкерлік – инновация мен  модернизацияның бастауы. Кез келген қоғам азамат тарының 80 пайызы орта және шағын кәсіп керлікпен айналысқан жағдайда ғана мемлекет белгілі бір деңгейде алға жылжитыны белгілі. Сондықтан, қазіргі уақытта елімізде адал ең бектің, кәсіпкерлікті насихаттау, адал кәсіп керлердің өмірін көрсету өте маңызды мәселе деп білеміз.

Респонденттерге қойылған келесі сауал жас тардың «Өз кәсібімді ашып жұмыс істеуді» (N=500) қалайтындықтарын анықтау мақсатын да қойылды. Сауалнама нәтижелері келесі ретте:

  • қолдаймын 70,0%;
  • қолдамаймын 8,4%;
  • ондай мүмкіншілікті пайдаланар едім 18,6%;
  • жауап беруге қиналамын 3,0%.

Жастар арасынан өз кәсібін ашып жұмыс іс тегісі келетін жастардың өте көп екенін көруге болады. Жастардың 5/1 бөлігі кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіншілігі болса пайдаланатынын жеткізді. Ал, жастардың 10/1 бөлігі кәсіпкер лікпен айналысуды қаламайды. Бұл зерттеуден жастардың кәсіпкерлікпен айналысқысы келетінін, мүмкіншілік болса кәсіп ашатынын көрсе теді. Осы ақпаратты терең білу үшін жастардан өздерінің кәсібін ашуға не кедергі болып отыр ғанын сұрадық. Зерттеу нәтижесі 4кестеде бе рілген.

 4кесте – Өз кәсібіңізді ашуға не кедергі? N=487 (827)

«Өз кәсібіңізді ашуға не кедергі?» деген сұ раққа респонденттердің басым бөлігі қаржының тапшылығы мәселесі деп атады. Респондент тердің жауабына сәйкес екінші және үшінші негізгі проблема қорқыныштың болуы мен қа білеттің жетіспеушілігі болып табылады. Жас тар өз кәсібін ашудағы негізгі проблемалардың бірі ретінде жемқорлық пен құжат жинаудың көптігін атады. Кейбір жастар таныстамыр дың болмауы өздерінің кәсіп ашуына кедергі деп есептейді. 7,3% респонденттер кәсіпкерлік пен айналысқысы келмейтінін жеткізсе, респон денттердің 3,1% жеке кәсібі бар. Зерттеу қоры тындыларынан жастардың өз кәсіптерін ашуға кедергі болатын себептерді екі топқа бөлуге бо латын секілді.

Бірінші топ:

  • қаржының тапшылығы;
  • қорқыныштың болуы;
  • қабілеттің жетіспеушілігі.

Екінші топ:

  • жемқорлық;
  • құжаттардың көптігі;
  • таныстамырдың болмауы

Екінші топ мәселесі жалпы алғанда жастар дың кәсіп ашуына абсолютті кедергі жасап отыр - деп айтуға келмейді. Бұл себептер бар кәсіптің дамуына кедергі болуы мүмкін себептер деп ой лаймыз. Бірақ, кәсіп ашудың негізгі себебі бола алмайды деп ойлаймыз. Қазіргі уақытта еліміз де кез келген ынтасы, шын ықыласы бар адамға таныстамыр да, құжаттар да, жемқорлық та ке дергі бола алмайды.

Бірінші топтың себептері өте күрделі әрі тұлғалық сапа мәселесімен де байланысты. Қар жының тапшылығы кез келген адамда, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерде кездесетін мәселе. Бұл мәселені мемлекет тарапынан кәсіпкердің мүм кіншілігін ескеретін несиелік жобалар арқылы жоюға болады. Яғни, мемлекет пен кәсіпкердің іскерлік ортақтығы арқылы шешуге болатын жүйелік мәселе.

Кез келген кәсіпкерлікке кел ген адамды ұстайтын, оны тежейтін іс бастауға деген қорқыныш пен сенімсіздігі (қабілеттің жетіспеушілігі). Бұл мәселені реттеу бүгінгі балаларға берілетін тәрбиеден, еңбекке баулу дан, балаларға үйретілетін, сіңірілетін құнды лықтан бастау алады. Ал қазіргі жастардың бұл сенімсіздігі еңбек тәжірибесінің аздығы, кәсіби мобильділіктің төмендігі мен кәсіби дайынды ғының жеткіліксіздігінен туындаған мәселе деп ойлаймыз.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. «Капитал» – центр деловой информации. Финансы. 63% казахстанцев живут от зарплаты до зарплаты. http://kapital. kz/nance/28979/63kazahstancevzhivutotzarplatydozarplaty.html
  2. Абдирайымова Г.С. Ценностные ориентации современной молодежи (социологический анализ): монография. – Ал маты: БАУР, 2005. – 302 с.
  3. История социологии в Западной Европе и США. – М.: Норма, 2001. – 576 с.
  4. Дюркгейм Э. О разделении общественного труда; Метод социологии (перевод с французкого). – М.: Наука, 1991. – 572 с.
  5. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шіл дедегі N 581 Заңы. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z040000581_
  6. Трудовой кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 15 мая 2007 года. N https://www.enbek. kz/ru/normativnopravovyeaktyvsferezanjatosti/trudovojkodeksrespublikikazahstan
  7. Kim, KyongDong. Man and Society in Korea’s Economic Growth (Seoul: Seoul National University Press, 1985).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.